Статистикалык бакылау

СТАТИСТИКАНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ, ДАМУ

ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

1.1. Статистиканың негізгі ұғымдары.

1.2. Статистика ғылымының салалары.

1.3. Қазақстан аумағындағы статистикалық қызмет

дамуының тарихы.

1.4. Қазақстан Республикасында статистиканың

ұйымдастырылуы.

1.1. Статистиканың негізгі ұғымдары

Статистика - қоғамдық ғылым, ол сапа жағынан анық

болатын бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен

үрдістердің санды жағын танып біледі. Статистика нақты орыны

бар және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық

құбылыстар мен процестердің құрылымын және бөлінуін,

кеңістікте орналасуын, мезгілдегі қозғалысын анықтайды; оның

негізгі мақсатына іс жүзіндегі санды тәуелділіктер,

тенденциялар және заңдылықтарды зерттеу жатады.

Статистика пәні - көптеген әлеуметтік-экономикалық

құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлері және санды ара

қатынастары, олардың байланысы мен дамуының

заңдылықтары.

«Статистика» үғымын (латын сөзі) орта ғасырларда

мемлекеттің саяси жағдайы деп түсіндірген. Оны айналымға 18

ғасырда Готфрид Ахенваль енгізді.

Қазіргі уақытта «статистика» ұғымы келесі үш мағынада

қолданылады.

1. Статистика - бұл іс жүзіндегі қызмет саласы, оның

мақсаты болып түрлі құбылыстар туралы бұқара

деректер жинау, өңдеу, талдау және жариялау болып

табылады. Синоним ретінде осы жағдайда

«статистика» сөзіне «статистикалық есеп» сөз тіркесі

қолданылады.

2. Статистика - қоғамдық құбылыстардың белгілі бір

жағын немесе белгілі бір көрсеткіштің аумақтық

бөлінуін сипаттау үшін қолданылатын сандық

деректер.

3. Статистика - бұл білім саласы, ерекше ғылыми пән

және сәйкес орта және жоғары оқу мекемелерінде

оқытылатын оқу пәні.

Статистикалық ғылым мен іс-тәжірибесінде келесі

негізгі ұғымдар орын алады.

Статистикалық жиынтық - бұл белгілі бір сапалы

негіз, жалпы байланыс арқылы біріктірілген, бірақ, бірінен бірі

белгілі бір белгілермен ажыратылатын әлеуметтік-

экономикалық зерзаттар немесе құбылыстар жиынтығы.

Мысалы: үй шаруашылықтары жиынтығы, отбасылар

жиынтығы, кәсіпорындар жиынтығы және т.б. Жиынтықтар

біркелкі және әр түрлі болуы мүмкін, олардың мазмұнын

анықтау мақсатында сапалы талдау жүргізу қажет.

Жиынтық бірлігі - статистикалық жиынтықтың

тіркелуге жататын белгілері бар бастапқы, бөлек алынған

элементі. Жиынтық бірлігі - бұл зерттеу жүргізгенде жасалатын

есептеудің негізі.

Белгі - жиынтық бірлігінің сапалық ерекшелігі.

Зерттелетін жиынтықтың бірлік қасиеттерін бейнелеу сипаты

бойынша белгілер екі негізгі топқа бөлінеді:

1. Тікелей санды көрініс табатын белгілер (адамның

жасы, табыс мөлшері). Олар дискретті және үздіксіз болады.

2. Тікелей санды көрінісі жоқ белгілер (жынысы,

мамандығы). Бұл сапалық белгілер, әдетте, атрибутты деп

аталады.

Сонымен қатар, егерде сипаттамалардың мәндері

қарамаайшылы болса, белгілер баламалы (альтернативті)

болады (жарамды-жарамсыз, жұмыс жасайтындар-жұмыс

жасамайтындар және т.б.).

Статистикалық зерттеудің ерекшелігі сол, онда тек қана

өзгермелі белгілер зерттеледі. Ондай белгілер түрлі мәндерге ие

болады немесе олар жиынтықтың жекелеген бірліктерінде әр

түрлі сандық деңгейлерге ие болады.

Өзгерме - бұл бір зерзаттан немесе топ зерзаттарынан

басқаларға, жиынтықтың бір бірлігінен басқасына өткенде

олардың шамаларының немесе белгі мәндерінің өзгеруі

(құбылуы). Егерде зерттелетін құбылыстың өзгерулері әр түрлі

уақыт мерзімдерінде болса, сонымен қатар, олар заңдылық

сипатына ие болса, онда белгілер өзгермесі емес, олардың

серпіні туралы айтылады.

Статистикалық көрсеткіш - ұғым (категория); ол

белгілер, құбылыстардың сандық сипаттамаларын

(мөлшерлерін), олардың ара қатынастарын бейнелейді.

Статистикалық көрсеткіштер үшін келесі міндеттер

маңызды болып есептеледі:

а) осы көрсеткіштердің мазмұнын дұрыс анықтау (ЖІӨ,

ұлттық табыс және т.б.);

ә) статистикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін,

есептеуін әзірлеу.

Статистика үшін осы міндеттер оны басқа пәндерден

ажыратуға негіз болады.

Статистикалық деректер - бұл статистикалық

көрсеткіштердің нақты сандық мәндері. Мысалы, Қазақстан

Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері

бойынша, шағын кәсіпкерлікпен жуық шамамен 1,8 миллион

Статистикалык бакылау