Теория понятие качество
Сапа және оның теориясы
Кіріспе
1.Cапа туралы түсінік
- Өнім сапасы
- Сапаға қойылатын талаптар
2. Өнім сапасының көрсеткіштері
2.1 Өнім сапасының көрсеткіштеріне қолдану
2.2 Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сапа адам өмірінің деңгейін негізін
қалаушы басты критерий болып
табылады.Өнім сапасы – бұл басты
мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен
себепші болатын өнімнің
Адамзат жаңа даму фазасында –
экономикалық байланыстың жаңаруына,ғылыми
идеялардың экономикалық қозғалтқышы
негізінде айқындалады.
Өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілік мәселелері қазіргі кезде әмбебеп сипатқа ие.Әрбір мемлекеттің экономика және әлеуметтік дамуы, кез-келген тұтынушының өміріне тікелей әсер ететін тауар сапасы мәселесінің қаншалықты сәтті шешілуіне байланысты.
1.1 Сапа туралы түсінік
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге
сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).
Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілікжән
Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығынсақтау, білім беру сапасын және басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.
Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.
Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.
Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік . Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э.Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».
Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және санд
1.2. Өнім сапасы
Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс. Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т.б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.
Өнім сапасын жақсарту – өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т.б.
1.3. Сапаға қойылатын талаптар
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар:
қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологи
- Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.
- Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз жұмыс істеуі).Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.
- Өнім сапасының көрсеткіштері
Өнім қасиеттері сандық және сапалық түрде сипатталады.
Сапалық сипаттамалары – бұл
мысалға бұйымның қазіргі сән
бағытына, дизайнға, түске және т.б.
сәйкестігі.
- Өнімді пайдаланудың орны мен шарттары;
- Тұтынушы талаптарын сұрыптау;
- Өнім сапасын басқару мәселелері;
- Сипатталатын қасиеттерінің құрамы мен құрылымы;
- Сапа көрсеткіштеріне негізгі талаптар;
Сапа көрсеткіштерінің жіктелу сипаттамалары:
- Сипатталатын қасиеттері бойынша: бірлік және кешенді;
- Өлшеу амалы бойынша: натуралды (метр, сағат, кг), құндылық
- Сапа деңгейін бағалау бойынша: негіздік (базалық), қатысты;
- Сатысы бойынша: болжамдық, жобалық, өндірістік, пайдаланушы.
Егер де өнімнің бір қасиеті
сипатталса, онда ол бірлік деп аталады.
Егер де өнімнің бірнеше қасиеттері
сипатталса, онда ол кешенді деп аталады.Кешенді
бағалау кезінде мынаны ескеру қажет,
көптеген тауарларға мынадай сапа көрсеткіштері
тән: мысалы, төменгі мәні басқа көрсеткіштердің
жоғары мәндерімен айырбасталады.
- Тауардың негізгі берілуін көрсететін басты көрсеткіш;
- Тауар сапасының интегралды көрсеткіші;
- Сапаның орта өлшемінің көрсеткіші.
2.1 Өнім сапасының көрсеткіштеріне қолдану бойынша келесілер жатады:
- Тағайындалуы;
- Беріктігі (жұмыс жасауы,жөндеуге жарамдылығы, сақталынуы, ұзақ қызмет етуі);
- Экологиялық;
- Технологиялық:
- Эстетикалық;
- Стандартизация және унификация;
- Патентті-құқықтық;
- Қауіпсіздік:
Тағайындалу көрсеткіштері өнімді қолданудан пайдалы әсерді сипаттайды және өнімнің пайдаланылу саласын айқындайды. Өндірісті-техникалық арналымдағы өнім үшін өнімділік көрсеткіші негізгі қызмет атқаруы мүмкін.Аталған көрсеткіш бағаланып отырған өнім көмегімен қанша өнім көлемі шығарылатын немесе белгілі уақыт аралығында өндірістік қызметтің қанша мөлшері көрсетілген анықтауға мүмкіндік береді.
Тауардың беріктігі – тауардың
жұмыс жасау, жөндеуге жарамдылық, сақталу
сияқты ерекшеліктеріне байланысты
сапаның күрделі қасиеті.
Қызмет ету ұзақтығы – объектінің, белгілі уақыт аралығында жұмыс жасау қабілеттілігін үзіліссіз сақтау қасиеті.Қызмет ету ұзақтығы объектіге кез келген жұмыс жасау режимінде тән қасиет.Осы ерекшелік беріктік ұғымының басты мәнін құрайды.
Жөндеуге жарамдылық – объектінің ақаулардың пайда болу себептерін алдын-ала ескертуге және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу арқылы жұмысқа жарамдылықты қалпына келтіруге бағытталған қасиеті.
Объект сапасының сақталынуы тауарды пайдалануға байланысты тағайындалу, беріктік, эргономикалық, экологиялық, эстетикалық (дизайн), патенттік, қабілеттілік сияқты маңызды көрсеткіштердің азаю деңгейін сипаттайды.
Тауарды пайдаланудың бастапқы уақытында оның сапа көрсеткіштері азаймайды.Содан соң сапа көрсеткіштерінің жыл сайынғы азаюы (нашарлауы) басталады және тауардың қызмет ету мерзімі ұлғайған сайын ол көрсеткіштердің төмендеу үлесі артады.
Тауардың қызмет ету мерзімінің
ұзақтығы – объектінің бекітілген
техникалық қызмет көрсету және жөндеу
жүйесінде шекті қалыпқа
Қызмет ету мерзімінің ұзақтығы, беріктік қасиетін, жұмыстағы үзілістерді ескере отырып объектінің жұмысқа жарамдылығын сақтаудың шекті ұзақтығы тұрғысынан сипаттайды.Объектінің қызмет ету мерзімі шегінде немесе күрделі жөндеуге дейінгі жұмысқа жарамдылық сипатын сақтауы, тек қызмет ету режимі мен осы кезде жүргізілетін жұмыстың ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларды қалпына келтіру сипатындағы шаралырынан ғана емес, сол қасиеттерді белгілі бір уақыт аралығында сақтай алу қасиетінен де тәуелді.
Объектінің қызмет ету мерзімінің ұзақтығы көрсеткіштеріне нормативті қызмет ету мерзімі (сақталу мерзімі), бірнеше күрделі жөндеуге дейінгі қызмет ету мерзімі жатады.
Технологиялық көрсеткіштер – конструкциялық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды, жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін өнім жасау және жөндеуге технологиялық қасиетінің көмегімен өнім шығарудың көптігі, өндіріске технологиялық дайындық, тауар жасап шығару және пайдалануда материалдар, еңбек құралдары және уақыт, шығындарының рационалды бөлінуі қамтамасыз етіледі.
Экологиялық көрсеткіштер – өнімді пайдалану және тұтыну кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер ету деңгейі.Тауардың экологиялық көрсеткіштері – оның сапа деңгейін айқындайтын маңызды қасиеттерінің бірі.Тауардың экологиялылығының нақты көрсеткіштеріне жатады:
- Әр түрлі машиналар, құрылғылар, агрегаттар, кешендер двигательдердің жану өнімдерінде зиянды қоспалардың болуы (элементтер,қышқылдар, металдар);
- Химиялық, мұнай-химиялық, тау-кен өндіру, металлургиялық, энергетикалық, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және т.б. ауа бассейні, су, топыраққа (жер қойнауын қоса алғанда) зиянды заттарды бөліп шығару;
- Атом энергиясын зерттеу, «үйрету» және пайдаланумен байланысты объектілер қызметінінің радиоактивтілігі;
- Әр түрлі арналымдағы көлік құралдары және басқа да машиналар мен агрегаттардың шу, вибрация және энергетикалық әсер ету деңгейі.
Аталған көрсеткіштердің барлығы әр түрлі объектілер бойынша сәйкес нормативті актілер мен құжаттарда (заңдар, стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелерінде) регламенттеледі.
Эстетикалық талаптар негізінде өнімнің рационалды композициясының шарттары жатыр, олардың ішінде маңыздылар болып жобаланып отырған конструкция пішіндерінің, оның қызметтік тағайындалуы мен оның болашақта пайдаланылу шарттарына сәйкестігі, өнім пішіні мен атқаратын жұмысының технологиялық құрамының үйлесімділігі, өнімге тән негізгі ерекшеліктердің бейнеленуі ( салмағының ауырлығы, қуаттылығы, жеңілдігі, динамикалығы, жылдамдығы), үйлесімділік, өлшем пропорцияларының сақталуы.
Стандарттау және унификация көрсеткіштері – бұл өнімнің стандартты, унификацияланған және түпнұсқалық құрамдас бөліктерімен толықтығы, сонымен қатар басқа бұйымдармен салыстырғында өнімнің унификация деңгейі.Өнімнің барлық бөлшектері стандартты, унификацияланған және түпнұсқалық болып бөлінеді.Стандартты және унификацияланған бөлшектер үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өндірушіге де, тұтынушыға да пайдалы.
Патентті-құқықтық көрсеткіштер – өнімнің патенттік қорғанысы, патенттік тазалығы және бәсекеге қабілеттігін анықтауда маңызды фактор болып табылады.Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтауда бұйымдарда жаңа техникалық шешімдер, сонымен қатар елде патенттермен қорғалған шешімдердің болуы,өндіруші ел мен ықтимал экспорт елдерінде өнеркәсіп үлгісі және тауар белгісі тіркелімінің болуын ескеру қажет.
Қауіпсіздік көрсеткіші – сатып алушы және қызмет көрсетуші персонал үшін өнімді монтаждау, қызмет көрсету, жинау, сақтау, тасымалдау және пайдаланудағы қауіпсіздік тұрғысынан өнімді пайдалану ерекшеліктерін сипаттайды.
- . Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Қазіргі нарықтық экономика негізінде
шығарылган өнімнің сапасына басқалай
талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде
кез келген кәсіпорынның өміршендігі,
оның тауарлар нарығындағы және қызмет
көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге
жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі
көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне
және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші
фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады.
Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық
түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей
орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты
қанағаттандыруға үлкен себепші болатын
өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.
Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар
тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды
экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық
санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз
байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл
жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса,
ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы
нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі
көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері
жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді
анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің
сандық маңызын білу және ұқсастық өнім
көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық
маңызын өзін өзі түсіну болып табылады.
Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне
байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:
өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың
көмегімен);
тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге
негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен,
атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық
стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы
мүмкін;
есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі
көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық
үлгілерді қолдануға негізделеді;
органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру,
есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды.
Табылған маңыздылықтың дәлдігі және
растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына
және қабілеттілігіне байланысты;
социологиялық әдіс — өнім, оны нақты
немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы
пікірлерді талдау және жинау негізінде
жүзеге асырылады;
сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы
іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм
айырушылар.
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау
үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады.
Онда өзіне қорытындылау және өнімнің
сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері
жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім
сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке
жататындар:
•
сұрыптылығы;
• маркасы;
• жүктелімі;
• пайдалы заттың мазмұны;
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай
үлесі, т.б.
жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.
Қорытынды
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге
сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402).
Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілікжән
Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін.
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар:
қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологи
Өнім қасиеттері сандық және сапалық түрде сипатталады.
Сапалық сипаттамалары –
бұл мысалға бұйымның қазіргі
сән бағытына, дизайнға, түске және
т.б. сәйкестігі.

- Теория Портера – Лоулера
- Теория портфеля Г. Марковица
- Теория постиндустриального общества
- Теория постиндустриального общества
- Теория постиндустриального общества
- Теория постиндустриального развития Д. Белла
- Теория потребительского выбора
- Теория поля в практике гештальт-терапии
- Теория "поля" Курта Левина
- Теория "поля" Курта Левина
- Теория поля Курта Левина
- Теория поля Курта Левина
- Теория"поля" Курта Левина
- Теория поляризованного развития и концепция центров роста и концепция центров роста