Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі
Тікелей эфирде көрерменнің көріп отырған жайларын қайталауға болмайды. «Сіздер көріп отырғандай, Петров өзінің қарсыласынан допты тартып алды да, қақпаға қарай бет алды.» Ия, көрермен көріп отыр. Оны қайталаудың керегі жоқ болатын. Одан да басқа бір мәліметті жеткізген жөн. Алайда. Осыдан он жыл бұрын Петровтың қалай доп соққаны, немесе оның әжесі туралы әңгімеге зейін қойып кетіп, доптың соғылғанын аңғармай қалсаңыз, немесе ерегесті сәттерді жіберіп алсаңыз, көрермендер тарапынан кешірілмейтін жайға душар боласыз.
Кадрден тыс комментарийде екі дауыстың қатысқаны жақсы. Әрине, мәселенің байыбына баратын маман болғаны дұрыс.
Тікелей репортаж көрермендерді өзіне көп тартатын жанр түрі. Оқиғаның тікелей куәгері болу, оқиғаны алдын – ала болжау, жанкүйер болу көрермендерге ерекше сезім сыйлайды. Тікелей репортаждың құрылымы өзгеріп отырады. Мысалы, Медеуге конькимен жарысушылардың сап түзеуі, жарыстың ашылу салтанаты. Сонао соң көрермендерді ескертеді, кейбір хабарлар көрсетіледі, ал тікелей репортаж кез келген сәтте қосылады де. Ал, көрермен болса әшейінде көрмейтін хабарлардың бәрін көруге мәжбүр болады. Арасында аса толқулы сәттерді көрсетіп қояды да, тағы басқа хабарларға орын береді. Аздан кейін жарыстың соңғы сәттері, қорытындылар, сұқбаттар көрсетіледі.
Тікелей репортажда станционарлык камераларға қосымша иыққа ілетін қабылдағыш қондырғылар қолданылады. Бұл жарыстан тыс көріністер – аққан беттер, қобалжып қорытындыларды күтіп отырған туыстары, толқып отырған жаттықтырушы, орамалды, ауыздарына салып жатқан апельсин түйірлері т.б. адами сәттерді түсінуге арналған. Бұндай кадрлер жарысқа қосымша рең береді, аса тартыспен өтіп жатқанынан хабардар етеді.
Қабылдағышты жылжымалы камера көбінесе дельтопланға, тікұшаққа, автораллиге орналастырылады. Қашықтыққа арналған жарыстарды түсіруде таптырмайтын құрал. Әрине, күні бойы сол жарысты трансляциялап қоймай, әдеткі хабарларды көрсете отырып, арасында жарыс, күнделігінен ақпарат беріп отырған жөн.
Тікелей репортаждар бізде көп беріледі, алайда тек республика көлемінде ғана. Еуропаға, Америкаға, дүниежүзіне репортаждар беру жолға қойылмаған. Ал, рекордтар дүниежүзілік деңгейде талап етеді. Сондықтан, тамаша жанр – репортажды жандандырумен қатар, оларды тікелей әрі ғаламдық дәрежеге көтеру отандық журналистердің міндеті. [ «Телевизия: Бизнес әлде Билік?» М.Барманқұлов. Алматы: «Қазақ университеті», 2007. - 175 бет.]
Теледидарда «тікелей» эфирде көбіне жиі кездесетін репортаждар-оқиғаның өзі. Осы жердегі репортердің рөлі сөзсіз жоққа шықпайды. Ол оқиғалар жинағынан сол немесе өзге жағдайлардың ықпалында, қоғамдық ұстанымнан, берілу ерекшелігінен көрініс табады. Кейде оқиғаның бөлшегі толық суреттеледі. Газетте бұл болған оқиға жайындағы әңгіме ретінде саналады. Оқиғадан оқырман қаншалықты әсер алса, репортердің сол жердегі рөлі соншалықты болғаны. Теледидарда тек репортер ғана емес, көрерменнің өзі де оқиғаға тікелей куә болады. Репортер ол кезде көрермен ретінде оқиғаның қыр-сырына қанығады. Газетте оқырман репортердің басшылығымен жазылған жағдаймен танысады. Онда дыбыстық та, көріністік те құрылғылар кездеспейді. [ «Телевизия: Бизнес әлде Билік?» М.Барманқұлов. Алматы: «Қазақ университеті», 2007. - 163 бет.]
Жаһанданудың бір сипаты осы идеялардың еркін ағымында жатыр. Ал идеяның басты элементы не? Әрине, ақпарат. Ақпарат таратудың тегеурінді тетігі не? Әрине, телевизия! Оның өзі бас-аяғы 60-70 жылда әлемнің адам танымастай өзгеруіне тұтқа болады. Бүгінгі жаһандану үрдісіне телевизиясының рөлі орасан, ол соның қуатты тетіктерінің бірі.[«Қазақ журналистикасы». Н.О.Омашев. Алматы: «Таймас»,2008.- 31 бет.]
Қазақ телевизиясының жарты ғасырлық тарихының өң бойында талай майталман дикторлар проза мен поэзия немесе шағын телесюжет пен көлемді телеочерк оқығанда да алуан мағыналы сөзді бейнекөрініске айналдыра әрі кадрдан тыс оқылатын мәтінді де көрерменнің көкейіне қондыра жеткізіп, телеэкран туындысының сөзі мен кадрдағы бейненің мағынасын ажырамастай тұтастырып, жылдар бедерінде осы үрдісті сақтап, айтып келеді. Осы қасиет дикторлардың өзіндік үлгісі, хабар жүргізудегі төл мектебі болады. Теледидардағы жүргізушілік не оқу мектебінің талабы бойынша сөзді тістенбей айту, әңгімелегенде қоңыр дауыспен баяндау, ресми хабарларды оқығанда әуелете көтере сөйлеу, көмейден күмбірлетіп үн шығару, жезтаңдайда тақылдатып термелеу, міне, осының бәрі хабар жүргізушілік техниканың арсеналдары болатын. Бірақ, қалай айтқанда да, диктор мәтіннің сөзіне мықтап көңіл бөліп, кадрдағы образды сөзбен, тіл құдіретінің бар мүмкіншілігімен жеткізе білетін.
Қазақ тілі өзінің дыбыс құрамы жағынан әлемдегі ең әуезді, үнді, құлаққа жағымды естілетін тілдердің бірі. Біздің тіліміздің бұл қасиеті біріншіжен – оның жалғамалылық (аглютинативті) сипатына негізделсе, екіншіден– фонемалық құрамында дауысты дыбыстардың молдығына, дауыссыз дыбыстардың үнді яғни сонор, ұяң дыбыстардың қолданыс жиілігіне, сондай–ақ буын үндестігі тәрізді ассимиляциялық заңдардың әсері мен дыбыстардың өзара гармониялы болып келуіне байланысты. Осы жайында тіл маманы әрі институтта оқып жүріп радиода диктор болып төселген Л. Қалиұлы өзі тәрбиелеген шәкірттеріне осы істің қыр – сырын әрқашан тәптіштеп, түсіндіруден жалықпайтын. «Тіпті, тікелей эфирге шығу кезінде кеткен сөз сөйлеуде, сөзге екпін түсіруде, дауыс ырғағындағы кейбір кемшіліктерді жұмыс үстінде талқылап жататынбаз, – дейді. – Бүгінде жоғары оқу орындарында қазақ тілінің фонетикалық жүйесі арнайы курс ретінде оқытылмайды. Диктордың дауысын қою, сөйлеушілік шеберлікке баулу жұмысы орыс тілінің бес дауысты формасы негізінде жүргізіледі. Содан барып қазақ тіліндегі қысаң дауысты дыбыстарды сөзге қосып дағдыланбаған жас дикторлар «сүйген сәулем» секілді фразаларды айтқанда, «ү», «ә» фонемаларды дәл бере алмайды. Сөйтіп, мәтіннің нықышы бұзылады. Басқаша айтқанда, бұндай жүргізушілер орыс–қазақ тіліне ортақ а, е, и, о, у дыбыстарын әуенге салып еркін сөйлей алады да, тек қазақ тіліне ғана тән ә, і, ы, ү, ұ дыбыстарын, әсіресе жоғары регистрге келгенде, өзіне таныс басқа дыбыстармен ауыстыруға мәжбүр болады. Бұл, әрине, оқу техникасын үйретуші мамандардың кемшілігі», – деп, бүгінгі кадр даярлау мәселесіне көңілі толмайтындығын білдіреді. Мұны біз эккімге ранда ширек ғасырдан астам ана тілінің қаймағын қалқып ішкен, сөйлеу мәнері көркем, дауыс ырғағы құбылмалы кәнігі диктордың бүгінгі экран төріндегі көрікті келбетке, көркемдеп оқудың жете алмай, өзектестік таппай жатқанына деген назы деп ұқтық. [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 183 бет.]
Соңғы кезде осы кемшіліктерге қоса, дикторлардың сөйлеушілік шеберлігіне тағы бір ақау қосылғаны байқалады. Ана тілін жете меңгерген, жатық сөйлейтін жүргізушілердің өзі де сценарий мәтінінің қағазға түскен қалпын, яғни орфографиялануынбұзбай айтамын деп « қара көз, қара кесек, меңді қыз» тәрізді сөз тіркестеріндегі ішкі үндестікті ескермейді, яғни жазылу нормасына қарсы айтылу нормасын бұзады.
Сонау артта қол бұлғап қалған бұл жастық шақ, есейген кездердегі екінші үйіндей болған Қазақ телевизиясы осында істеген кім – кімге де қашанда ыстық. Өзіміз шыққан биіктен, біз алған асудан бүгінгі талапкер жас асып түссе, одан да биікке көз салса дейді. Іздегенін таба алмаса қашаннан беймаза Ләскер аға маған телефон шалып: – Құдайберген, байқадың ба, кешегі дикторлық мамандықтың орнын басқан бүгінгі жүргізушілер эфирден қалай болса, солай сөйлеп, қоғамды, ұрпақты бұзатын болды. Олар мектепте оқитын жастардың дикторларға қарап бойларын ғана емес, ойларын да түзейтіндерін білмей ме, әлде соған өрелері жетпей ме, мен осыларға таң қаламын. Мектепте сонда бұлар орфоэпия ережелерін оқымаған ба? Ал жұмыс орнындағы бақылау жасайтын осы топтың жетекшісі жұлдыз санап отыр ма? «Бұрын телевидениеде істеген, қазір құрметті демалыстағы режиссер – Сәлима Естемесова, Сапарғали Шәріпов сынды апа – ағаларымыз алдын ала дикторлармен репетиция жасайтындығын жиі еске аламын. Тіпті Сәлима апай көңілінен шықпаса, бірнеше рет қайталайтын. Хабар беріледі дегеннен–ақ алдын ала материалды қалай оқу керектігін ойланумен болатынбыз.Сәлима апайдан сөз естімеуге тырысатынбыз. Сөйтсек, бұл үлкен жауапкершілік екен, –дейді. – Шындығында, режиссер мен диктор арасындағы осындай қарым–қатынас ауадай қажет. Режиссер–сирек талант, ол бөлек творчествалық тұлға, жан–жақты қабілет иесі болуы керек. Сонда ғана олар басқаларды да үйрете алады. Бірақ қазір мұндай шығармашылық одақтар кемшін соғуда.
Ләскер ағамен жиі кездесе, сырласа жүріп, бірде: – Эфирге шыққанда қандай сезімде боласыз? –деп сұрақ қойғанымда, –Дикторлардың эфирге шығуы біз үшін–бүкіл халқымыздың салт–дәстүрінің, мәдениетінің, мінез құлқының айнасы іспетті сияқты. Сондықтан да киім кию, шаш қою, камера алдында өзіңді ұстайдың мәні ерекше. Дауыс ырғағы, көңіл күй, артикуляция, дикция дегендердің бәріне сақадай сай болуың керек. Әрбір күнгі хабар мен үшін толғаныс, ерекше көңіл күймен әсерлі, даусың ашық та сазды болуы қажет. Үлкен сынға түсетіндей үнемі толқимын. Хабарды өткізген соң ғана көңілім бір сәт жай табады, –деді. Диктор қай кезде де телевидение хабарының хабарының бас дирижеріндей әрі әр хабардағы мақсат–мазмұнына сай көрермен жүрегіне жол тапса дейсің. Бұл да диктор өресінің кеңдігіне, ой тереңдігіне байланысты. Әрбір сөз арқылы айтпақ болған ой–пікірді мейілінше дәл жеткізудің әдіс–тәсілі көрермендердің талап–талғамын зерттеу болып табылады. [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 184 бет.]
Адам пенде болғаннан кейін артына өшпейтін із, соңына жақсы сөз қалдырсам дейді. Бұл табиғаттың бұлжымас заңы. Ләскер аға мен Мәриям апайдың телевидениеде, радиода істеген жылдар ішіндегі еңбек жолдары 65 жылға жуықтайды екен. Бір адамның ғұмыры. Алпыс бес жыл бойына сан миллиондаған көрерменнің көзайымына айналған, домбыраның қос ішегіндей болған «дикторлар отбасы» көрермендер алдында ылғи да байсалды әңгіме қозғап, олардың ішкі жан сарайларын желпінтіп отырды. Жүрек түкпірлеріне жасырынған нұрлары ылғи да жүздерінен байқалып тұратын ерлі – зайыптылар осы мерзім аралығында қазақ теледидарында «дикторлық мектептің» тұтастай «бір дәуірін» жасап, өздеріне болашақ ізбасарлар да даярлап үлгерді. «Мен өзім Рәбиғадан үлкен үміт күтемін. Екі тілге бірде, дикторлық өнердің шеберлігін меңгерген ол аз уақыттың ішінде–ақ өзін жақсы қырынан көрсете білді. Қазақ қыздарына тән ибалығы, рухани жан–жақтылығы сүйсіндіреді. Дикторлық өнерде–ең бастысы талант дер едім. Студияға бала болып келіп, бүгінде өздері әріптеске айналған В.Иванов, В.Орлов, Т.Өтебаев, Ж.Тоқпанова, А.Леанович, Ә.Бөлебаев, Б.Ермановалар «көгілдір экранның» бағына айналды, теледидардың бағын жандырды», –деп тебіренеді Л.Қалиұлы. Адам баласына шәкірт тәрбиелеп, өзің еккен талдың алып бәйтерекке айналғанын көруден асқан бақыт бар ма?!
Өзі елге танымал диктор бола тұра, Ләскер Қалиұлы өмір бойы Қазақ радиосының дикторы Әнуарбек Байжанбаев пен Орталық телевидениенің дикторы Юрий Левитанды құрмет тұтып келді. – Ән–ағаң, жарықтық, радиодан хабар оқығанда кеудеңдегі жүрегің тулап, қос өкпең алқымына тығылып, ерекше бір тебіреніс күй кешетінсің. Ресми хабарларды оқуға республика дикторларының ішінде ол кісінің алдына түсетін адам жоқ еді ғой. Жаратқан ием өзіне де құлаққа жағымды қоңыр дауысты, сыбызғының үніндей сазды үнді, оқуға деген мәнер мен тыңдарман жүрегіне жол табар машықтықты аямай бойына қондыра салған. Жаратылыс та мұншалықты кең болар ма? Эфирсіз жай сөйлегенінің өзі құлаққа майдай жағатын. Көзі тірісінде осы асылдың бойындағы бар қасиет–қарымының ашылуына жағдай жасай алдық па деп әлі күнге дейін ойланамын, –дейді. – Өнер иесі мен сол өнердің киесінің арасындағы тартылыс заңын білмей тұрып, оған баға беру де қиын–ау! Сондықтан болар, бізде өнер жолына бар өмірін арнаған тұлғалардың талантын тұсамай, жарқырай көрінуіне кейде сараңдық танытып жататынымыз да жасырын емес. Болмаса Ә.Байжанбаевтың радио арқылы шартарапқа тараған «қоңыр дауысы» бүгінде бар өмірі халқымен бірге мәңгілікке жасасып келе жатса да, көзі тірісінде Одақтағы жоғары атақтардың бірі әрі бірегейіне қол жеткізе алмады–ау!? [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 185 бет.]
Юрий Левитанның жеке–дара «дарыны» бәрінен де бұрын «таңғажайып» деген ұғыммен астасып әрі астарласып жатыр. Оның дауысы ешкімге де ұқсамайтын әрі қайталанбайтын «айрықша» үндік қасиетке ие. Өз бақыты жолында аянбай тер төгіп, соншалықты биікке көтерілу қандай ауыр болса, ал сол биікті өмір бойы ұстап тұру қиынның қиыны. Бұл аса күрделі және өте ауыр процесс. Кей сәттерде Ю.Левитаннан қолдан келмейтін нәрселердің өзін жүзеге асырудың талап етілгені–ақиқат. Ал сен осындай сәтте сәл ғана әлсіздік танытып, өзіңді бос ұстасаң болды, онда өзің иеленген орынды өзгелерге босатуың керек. Ондай жағдайда табиғат сыйлаған қайталанбас дарынның өзін де жоғалтып алуың ғажап емес. «Ол өзінің бойына біткен қайталанбайтын дауысын оқу кезінде аса үнеммен әрі тіркестерді құруға жұмсап отыратын. Әрі дикторлық өмір жолында ұстанған басты принципі: қай кезде де аудиторияға түсінікті болу. Өнердің кез келген түрінде бәрі де әдемі, алайда ең бастысы – жүйкені тоздыратын басы артық тіркестерден аулақ жүру. Осы талап аясында дикторлық шеберлік те, сөзшеңдік пен ресмилік те қатар келіп қонақтайды. Ал осының бәрі–бәрі бір Ю.Левитанның ғана бойынан табылады», –деп, ол кісімен жолыққан, одан үйренген сәттерін еске алады Л.Қалиұлы.
Өмір көшінің өн бойындағы толассыз ағындар арасынан кейде уақыт тауып, аға мен апаның ақ дастарқанынан дәм тата жүріп, бірде: – Екеуіңіз де жасынан асып, Алланың берген денсаулығының арқасында ел–жұрттың алақанында жүріп жатырсыздар. Кеше өздеріңіз негізін қалаған, қабырғасын қатайтқан шаңырақтың түтінінің түзу шыққаны әсіресе сіздер үшін тым ыстық. Дегенмен бүгінде орындарыңызды басып, эстафетаны қолдарына алған телеэкрандағы жүргізушілерге қандай талап–тілектеріңіз бар, – деген сұрақты қойған едім. – Экранда сөйлеу және хабарды жүргізу кезіндегі шеберлік туралы қояр талаптарымыз мыналар: а) қазақша хабар жүргізетін тележүргізуші, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстарын мүкіссіз айта алатын, яғни артикуляциялық базасы жетілген болуы тиіс; ә) қазақ тілінің ауызекі сөйлеу немесе орфографиялық заңдылықтарын жүргізуші бұлжытпай орындауы керек; б) орфоэпия заңдылықтарын бес саусағындай білуі шарт, –деген болатын олар. [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 186 бет.]
Дәл күні бүгін үш талап
орындалғанның өзінде де біз эфирде
көп нәрсеге қол жеткізер едік.
Дикторлар ертеректе тек «
2. Тікелей эфир ерекшеліктері
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, «Тікелей эфир дегеніміз не?» деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир– тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық–техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым–қатынастың айрықша тісілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс–әрекеттің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Біз кедергі пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесі, кері байланыс, студиядағы хабар, ток–шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды.Тікелей эфир–аудиториямен қарым–қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты.Бұл жөнінде зерттеуші В.Л.Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші–журналистің тікелей эфирдегі табысы–кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің,тамаша тапқырлықтың жемісі»
Ол рас, тек бұл тұжырымдама
тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық
пен ұжымдық үйлесім
«Эфир» - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы «әуе толқыны». Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.
«Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз – теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.
Бүгінде БАҚ-тың ішінде көпшілік
қатынасында маңызды рөлді
БАҚ жүйесіндегі кері байланыс
процесі аудиториямен түсіністік байланыс
орнатудың бірден бір тиімді жол
болып табылады. Кибернетикадан БАҚ-қа
келген «кері байланыс» ұғымы
бүгінде көпшілік-ақпарат
Журналистикада аудиториямен тікелей байланыс аса маңызды. Ол өзінің өмір сүру уақытынан бері өзіне аралық қатынас мүмкіндігін иеленді. Ұзақ мерзім бойына газетегі жарияланым не радиодағы берілім бір жақты қатынас түзілім болып табылып келді., себебі автор оқырман не тыңдарманнан кері байланыс импульсін ала алмады. Бүгінде радио тыңдарманы сол сәтінде студиядағы жүргізушімен бірлікте сұхбатқа араласып, өз пікірін білдіріп, не қойылған сұраққа жауап беріп жататын мүмкіндікке толықтай ие болып отыр. Егер біз шын мәнінде радио не теледидарда сұхбатқа дайындалсақ, онда сыртқы әлеммен байланыстағы коммуникатор рөлін күшейтуге тиіспіз. Кері байланыс процесі кезінде мына мәселелерді әрдайым есте сақтаған жөн.
1. Көрермен әрқашанда
хабардың көңіл-күйге жағымды
әсер етуін қалайды. Олар
2. Көрерменді саясаттан
да гөрі, халықтың әл-ауқатын жақсарту
жолындағы басты тетік
3. Бүгінде әлем
елдерінің көпшілігінде дерлік
алдыңғы кезекке этикалық және
мәдени проблемасы мәселесі
4. Көпшілігінде
эфирден балалар мен жастар, тәрбие
мәселесі сирек беріліп жүр.
Әрі қоғамдағы технологиялық
жаңарулар да қызғылықты
Кері байланыс арқылы тікелей
эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін,
яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз
аңғаруға болады. Егер хабарға қатысып
отырған қонақ қоғамдағы
2.3 Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі.
Тікелей эфирдегі жұмысты жүзеге асыру сипаты өндірістегі жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейді тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық дайындық қажет. Негізінде, тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың іргетасы камера алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде жүзеге асатын нақты әрекеттер мен тынымсыз ізденістер нәтижесінде қаланбақ. Тікелей эфир жүргізетін журналистің негізгі нысанасы-көрермен назары. Адамның назарын аудару - өте күрделі құбылыс. Көрерменнің көңіл-күйін басқару үшін оларды қажетті бағыттағы әрекетке талпындыру қажет. Бұған көрерменнің психологиясын, мұқтажын, ұстанған көзқарасын, талпынған бағыт-бағдары мен әдет-ғұрпын қарқынды түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Журналистің тікелей эфирдегі жұмысы табысты болуы үшін оның өз аудиториясын жақсы білгені жеткіліксіз. Ол сонымен қатар өзін көріп отырған жұрттың бұл хабар туралы, онда сөз болған мәселе жөніндегі көзқарасынан, пікірінен хабардар болу керек. Олардың ойының өз көзқарасымен дәл келетін тұстарын, керісінше, қай мәселе төңірегіндегі олармен дауласып, нақты деректер ұсыну керектігін, қайсібір шақта олардың сезіміне тікелей әсер ету арқылы айтылған ой аясында ойланып-толғануы қажеттігін болжап алғанда барып, көрерменге емін-еркін тіл қатып, телефон желісіндегі әңгімеге етене араласып, тікелей эфирді ұршықша үйіріп әкетеді. Тележурналистің хабары эфирге шықпастан бұрын, оған жұрттың міндетті түрде назар аударатынына сенімді болуының өзі оның белгілі дәрежедегі даярлық деңгейін көрсетсе керек. Әлбетте, көрермен назарын аудару үшін бейнероликтер немесе көтеріліп отырған тақырыпқа сай бейнесюжет әзірлеп, таңғажайып мәліметтерді пайдаланып, студияға халыққа танымал тұлғаны шақыру арқылы журналист жүргізіп отырған хабарын ғана емес, өзін де танымал етеді. Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың тағы бір кілтипаны – көрерменді өз сөзіңе сендіре білу. Бұл тәсіл қалай жүзеге аспақ? Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында сөйлеген сөзін былай деп бастаған екен: «Естігенімді айтсам өтірік болар, көргенімді айтайын». Міне, осы «көргенімді айтайын» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік, батыл да айбарлы сенім жатыр. Демек өзгені өзіне сендіру үшін адам ең әуелі өзіне сенімді болуы керек. Олай болса, журналист өз тақырыбын тым болмаса сол хабар аумағына қажетті көлемде жетік, әрі жан-жақты меңгеруге тікелей міндетті. Табиғаты толық танылып болмаған, әйтсе де тележурналистканың күнделікті жұмыс процесіне айналып кеткен тікелей эфирдің мұндай психологиялық аспектілерін теориялық еңбектерге сүйеніп негіздеп, тәжірибе жүзінде соған мән берген жүргізуші-журналист эфирдің эстетикалық деңгейін арттырып, көрерменді өзіне біртабан жақындата түсері анық. Бірақ бұл процестің бәрі эфирге даярлықты қамтиды. Осының бәрін елеп-ескеріп, екшеп алған жүгізушінің эфирі өз деңгейінде жүзеге асуы шарт. Мұның өзі жүргізуші-журналистің шығармашылық интуициялық қарым-қабілетінің есебінен оң шешімін таппақ. Белгілі тележүргізуші, «Хабар» телеарнасының дикторы Қымбат Досжан тікелей эфирді «мылтықсыз майданға» теңепті. Сөзінің жаны бар. Тікелей эфир жүргізушісі экстремальды жағдайда жұмыс істейді. Бұл туралы белгілі зерттеуші Жидегүл Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты» еңбегінде былай деп жазады:
«Тікелей эфирдегі жүргізушінің
жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды
жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең
алдымен, экстремальды факторларға
талдау жасауымызға тура келеді. Бұл,
біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын
орындағы физикалық жағдай, (өте
күшті электромагнитті сәуленің
шығарылтындығы, қолайсыз температура,
ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты).
Екіншіден шектен тыс аса жоғары
жауапкершілік, үшінші қауіп, қорқыныш,
үрей. Ендігі жерде, айрықша «экстремальды»
қызметтің өзіне тән
а) адамның жүйкесі, психикасы
тарапынан күш-қуаттың
ә) өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы,
б) физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы.
Мұндай ерекшеліктерді ескере
отырып, арнайы жүргізілген зерттеу
жұмыстары нені көрсетті: «Атап айтқанда,
Т. Немчиннің жүйкеге түсетін
ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің
ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша,
М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден
жасалған психологияны қадағалау әдістерінің
нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар,
комментаторлар эфирге шығар алдында
жағымсыз психикалық ахуалды бастан
кешірген екен. Бұл әлдекімдерден
ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса,
кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу
сипатында көрініс табады. Көпшілігіне
алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену
әсері тән. Олардың тән қызуы,
қан қысымы көтеріледі. Жүргізушілер
көңіл-күйіндегі
Журналист – эфир – аудитория тізбегінен келіп, кәсіби этика – кәсіби деңгей – рейтингтік көрсеткіш сабақтастығы туындайды. Себебі, журналист тікелей эфирді жүргізгенде кәсіби этиканың принциптік негіздеріне сүйенеді. Ал тікелей эфирдің дәрежесі, жеткен биігі кәсіби деңгеймен өлшенеді. Шығармашылық шеберлік, технологиялық жүйелілік, техникалық сапа – соның сан-салалы тармақтары болып табылады. Техника дегенде, журналист үшін ең қажет құрал - микрофонға ерекше тоқталуға болады.
Микрофон дегеніміз грек
тілінен аударғанда «микро»-шағын,
«роне»- дыбыс деген сөз. Ал аудиотехника
тілімен айтқанда, ол дыбыстың тербелісті
электрлік тербеліске айналдыратын
бірден-бір құрал. Шығармашылық тұрғыда
микрофонның кілтін табу - әрбір
журналист үшін қиын да, күрделі
іс. Өйткені, шағын дыбыс деген
мағынаны білдіргеніне қарамастан, бұл
құралдың эфирде негізгі тетігі ретінде
атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Әлбетте,
теле, радио саласындағы журналист
өзінің сабақтаған ойын, жұптаған сөзін
көрерменге микрофон арқылы жеткізетіні
белгілі. Сондықтанда, жүргізуші шеберлігінің
бір қыры оның микрофонды қаншалықты
дәрежеде меңгергендігінде болса керек.
Микрофон-өте сезімтал құрал. Ол жүргізушінің
көңіл-күйін, ішкі жан тебіренісін,
тіпті, денсаулығының жағдайын, яғни
тамағының ауырғанын, мұрнының бітіп
қалғанын- соның бәрін әп-сәтте
қағып алып, тіркеп қояды. Одан әлденені
жасыру қиян-ақ. Тегінде «сөйлеуші
үшін микрофон- жүрек, жүйке, ми қызметінің
ахуалына әсерлі із қалдыратын айрықша
толқу әрекетінің қайнар көзі». Мейлі
тікелей эфирде болсын, мейлі алдын-ала
студияда жазылған хабар болсын микрофонмен
бетпе-бет келгенде кім-кімнің де бұл
күйді бастан кешіретіні анық. Олай
болса тікелей эфирде хабар жүргізетін
журналист-жүргізуші эфир басталмас
бұрын психологиялық жағынан
алдын-ала арнайы ахуал қалыптастыруы
қажет екенілігін ескергендігі ләзім.
Демек, жүргізуші өзінің микрофоннан
айтатын сөзінің мән-мағынасын, мазмұнын,
тақырыптық ерекшелігін, соған сәйкес
таңдалып алынған дауыс ырғағын,
тіл қату мәнерін, дыбыс реңкін кәдімгі
сценарийлік жоба тәрізді ой елегінен
өткізіп, іштей әзірленуі тиіс. Сонымен
қатар тікелей эфирде уақыт санаулы.
Әңгіме ауаны бір бағыттан келесі
бір бағытқа ауысуы мүмкін. Сондықтан
да тікелей эфирдегі хабардың даму
желісіне мұқият көңіл бөлген жөн. Басқасын
былай қойғанда, хабар басталған
кезде асығып –аптығып, әрең үлгеріп
келеген жүргізуші ентігін

- Тікентерілер типі
- Тілге құрмет-елге құрмет
- Тіл дамыту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
- Тілдесу мәдениеті
- Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері
- Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері
- Тілдің қоғамдағы рөлі мен орны
- Тициан и его место в эпохе Возрождения
- тических разделов орана собственности царя храмов и населения статусу имущества полученного
- Тігін жабдықтары
- Тікелей қатысу қағидасы
- Тікелей салықтардың салық жүйесіндегі рөлі
- Тікелей салықтар және жанама салықтар
- Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы