Тілдесу мәдениеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Тілдесу мәдениеті.
Орындаған: Бақытқанова А.Б.
Тексерген:Батымбаева Ш.Ч.
Өскемен,2014ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім: Тіл мәдениетінің
ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар
2. Қазақ тілі сабағында
2.1 Оқушыларды тіл мәдениетіне
тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік
ұстанымдар
2.2 Қазақ тілі пәнінен орта буын оқушыларын
тіл мәдениетіне тәрбиелеу
2.3 Қазақ тілі сабақтарында жоғары сынып
оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеудің
әдіс-тәсілдері
Қорытынды
КІРІСПЕ
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды: тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.
1.ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген халықтар Академияларындағы ғылым атаулы тілді зерттеуден бастаған.
Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық
мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің
деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық
қызметі арқылы көрінеді.
Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы,
ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар
білген құбылыстардың алуан түрін түгел
қамтиды.
«Тіл - қоғамдық құбылыс» деген тезисті
ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы,
қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен
ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе
туған лннгвистикалық мектептердің тілдің
әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне
түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да
ерекше мән берді.
Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан[1, 141-142 б.].
Ал, «Мәдениет» деген түсінікке тоқталатын
болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын
жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының
қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі
барлық ұғым енеді, - деп М.И.Калинин атап
көрсетеді.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани
өмір табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым
М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті»
атты еңбегінде [2, 10 б.].
Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Ендігі жерде тіл мәдениеті сөз болмақ.
Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту
міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін
көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар
оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби
тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі
сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері
жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды.
Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын,
сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан
байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын
қальштастыруға тиіс.
Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде
ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз
не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың
жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын
ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ
ол өз ойын былайша көрсетеді: «Тіл мәдениеті
дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау,
жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл
жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана
емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық,
орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық,
синтаксистік, стильдік құбылыстарды
ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [2, 17 б.].
«Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі,
жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес,
сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл
айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық»,
- деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің
«Сөз мәдениеті» атты еңбегінде.
«Тіл мәдениеті» негізінен
«Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды
қолдану» деген ұғымды
Сондықтан сөйлеу мәдениетіне байланысты
өтілетін практикалық сабақтарда ауызша
сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне көп көңіл
бөлініп, қателерді тіл фактілері негізінде
талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы
зор.
Тіл байлығы
- сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның
лексикасындағы қолданылатын сөздердің
санымен байланысты болғанымен, негізгі
байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып,
әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде.
Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды,
ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не
пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр
сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын
дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның
шығармашылық сипатымен ұштасып жатады.
Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының
кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын
баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған
жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір
сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін
жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр
көзбен қадағалап отыру керек.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі
шаралардың бірі - тіл тазалығы. Тіл тазалығы
дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен,
бөгде элементтермен шұбарланбауын талап
етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай,
таза ана тілі материалының негізінде
ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды.
Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан
ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді
қоспай, сірестіріп, «таза әдеби» тілде
де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз
шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі
көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың
дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру
мақсатын көздейді.
1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар
«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев
И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын
кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне
жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер
етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт
тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген
мұғалімнің әсері;
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» - деп көрсетеді.
Тіл мәдениетін қалыптастыру тілді оқыту негізінде жүреді. Тілді оқыту - тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, оқытуда сөйлеу тілін дамыту тіл білімінің толық саласынан оқушыға білім беру арқылы жүргізіледі. Тіл материалдарын игеру дегеніміз, оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын игере білу деген сөз. Олай болса тіл мәдениетін қалыптастыру, тіл дамыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары осыны ескере отырып белгіленуі керек.
Жалпы тәрбие үрдісінің дұрыс бағытта жүруінің кепілі - педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы. Сондықтан тәрбие үрдісінің басым бөлігін ата-аналармен, балалармен бірлесе ұйымдастыру керек. Бұл тіл мәдениетіне де қатысты. Тіл мәдениеті шыңына жету жолы ұзақ әрі қиын. Ол отбасынан, балалар бақшасынан басталады, мектепте ана тілі жүйелі оқытылып, тіл дамыту, сауатты жазу үйретіледі. Оқушының мектептен алатын тіл сабақтары отбасы мен айналаның «тіл сабақтарымен» ұштасып жатуы керек. Мектеп ұжымы жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады.
2. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ
2.1 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар
Тіл мәдениетіне тәрбиеленудің жолға
қойылуы — бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік
сұраным талабынан туындап отырған мәселе.
Мемлекеттік мәртебеге ие болған казақ
тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама
жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен
табиғи арналарынан ажырап қалған ана
тілімізді өрістетуге деген талаптың
күшеюі республикамыздағы білім беру
жүйесінің негізгі буыны болып саналатын
жалпы білім беретін мектептерде қазақ
тілі пәнінің рөлінің, маңызының арттырылуына
қажетті алғышарттарды қалыптастыруды
керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар
— қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта
отырып, оқушыға терең білім беру, олардың
коммуникативтік біліктілігін арттыру
ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай
деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін
жетілдіру.
Қазақ тілінің мемлекеттік жалпыға міндетті
білім стандартында белгіленген талаптарға:
жаңартылған білім мазмұнына, оқушы мең-геруге
тиіс міндетті білім деңгейлеріне табан
тірей отырып, тіл мәдениетін оқытуға
катысты міндеттер мен нәтиже межелері
белгіленеді.
Қазіргі таңда тіл мәдениетін оқытуда оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі. Бұл орайда, оқушының өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауына мән беріледі. Яғни білім мен білік оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі тілдік жағдаяттарды тіл жұмсауға төселуіне және оның лингвистикалық дүниетанымының кеңеюіне жол ашатындай тілді әр қырынан өздік әрекеті арқылы тану жолымен меңгертіледі.
Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу төмендегідей дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді:
1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту,
яғни тілдік білік пен коммуникативтік
біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды
көздей отырып оқыту.
2. Білім мазмұны
мен білікті қалыптастыру жүйесіндегі
сатылы-сабақтастықты сақтау, яғни тіл
білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла
берілуін қамтамасыз ете отырып оқытумен
қатар, сол білімді тілдік білікпен сабақтастыруға
басымдылық беру.
3. Білім мазмұнының қоғамдык-әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкестігі, яғни тіл мәдениетініңң оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторларының бірі екендігіне жол аша отырып оқыту.
4. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл мәдениетінің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.
5. Тіл мәдениетін лингвомәдени, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика мәселелерімен байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу әдебі, сөз мәдениеті талаптарына ерекше мән бере отырып оқыту.
2.2 Қазақ тілі пәнінен орта
буын оқушыларын тіл
Тіл мәдениетіне
тәрбиелеу – қазақ тілін
Бүгін алдымызда
тұрған келелі мәселе - өзіндік пікірі
бай, ойлы, сезімді, мейірбан ұрпақ тәрбиелеу
десек, бұл тікелей сөз өнерімен байланысты.
Әр адамға ауадай қажет осы ғажайып өнерге
тәрбиелеу – тіл мен әдебиет мұғалімінің
қиын да құрметті міндеті.
Оқушының шығармашылық
қабілетінің жоғары дәрежеде
дамитын кезеңі орта буында
екені белгілі. Осы орта буында
қазақ тілі сабақтарында
5 сыныпта осы тарауда ауызекі
сөйлеу тілі мен жазба тілдің
ерекшеліктерін қамтитын
Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда мынандай
міндеттер қойылады:
- ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін
мұғалімнің және оқушылардың өзара сөйлесуіне
көңіл бөлгізіп талдату;
- ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру;
- оқушылардың айналасындағы адамдардың,
үй-ішінің ауызекі
сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби
тілде сөйлеудің үлгісін келтіру;
- ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде
орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп
сөйлеумен де байланысты екендігін білгізу
мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік
сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа жағымды
етіп айтқызу;
- дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру;
- күйтабақ немесе үнтаспадан әртістер оқыған үзінділерді тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату;
- сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің
емле ережесіне сай
жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған
жазба жұмыстарын жүргізу;
- жазба жұмыстарында сөздердің бірге
және бөлек жазылатын
түрлеріне, терминдердің жазылуына, аң-құс,
жан-жануар, өсімдік атаулары, шаруашылық,
тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты
құрал-жабдық, ұғым атаулары, мамандық,
кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде
бірге жазылуына көңіл бөлгізу;
-жыл бойы өтілген тілдік
материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын
сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп,
әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу,
талқылау бағытындағы мәтіндер құрату.
Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы
мен қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар
ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат,
ауыл, қала тұрмысы, тіршілігі, шаруашылығы.
Өнер, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, т.б.
Тіл мәдениеті бойынша 5 сынып оқушыларының
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Міндетті деңгей:
-сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға
сай орынды қолдана алу;
-орфография, орфоэпия нормаларын сақтай
білу;
-ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;
-мәтіндерге өтілген тақырыптар бойынша талдау жасай алу;
- оқыған ертегі-әңгімелерге ұқсатып ертегі, әңгіме жаза білу.
Мүмкіндік деңгейі:
- ауызекі сөйлеу тілі мен жазба
тілдің ерекшеліктерін
- ауызекі сөйлеудегі қателерді тауып,
әдеби тілде сөйлеудің үлгісін таныту;
- ауызша сөйлеу мәдениетіне жататын қағидаларды
іс жүзінде қолданыпкөрсету;
- сөз қолдану мәдениетіне бағытталған
жазба жұмыстарын жүргізу, дағдыларын
игеру;
- әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу,
талқылау бағытындағы
Ал, 6 сыныпта тіл мәдениеті тарауында оқушыларды жұрт алдында сөйлеу мәдениетіне тәрбиелейді. Мұнда жұрт алдында сөйлеудің түрлері, мұғалімдердің, оқушылардың, баяндамашылардың, дикторлардың сөйлеу
ерекшеліктері, ауызша тілдің жазба тілден айырмашылыктары айқындалады.
Оқушыларға ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары (ым-ишара, дауыс ырғағы, күші, қимыл-қозғалысы) тақырыптың мазмұнымен астарласып беріліп, соның мақсатын ашатындай қызмет атқаруын талдатады.
Жұрт алдында айтылатын ауызша сөздің
жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан
ықшам келетіндігі, қаратпа, қыстырма,
одағай сөздердің жиі қолданылатындығы,
жазба тілде қойылатын тыныс белгілері
жайлы мағлұмат беріліп, соған орай жаттығулар
жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ой айту,
дауыс ырғағы дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін
байқатады.
Бұл тарауда сонымен қатар, жазудың маңызы,
сөзді дұрыс жазу мәдениеті, орфографиялық
нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны
сақтаудың міндеттілігі түсіндіріледі.
Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар
мен өзгерістер тіл фактілері негізінде
талқыланып, олардың дағдыға айналуы қадағаланады.
Оқушылар
жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты, толық
жеткізуге мүмкіндік жасайтындығын ұсынылған
тақырыптарға құрылған ауызша және жазбаша
мәтін үлгілерін салыстыра көз жеткізеді.
Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда сөз
таптарының әрқайсысының тіл мәдениетімен
қатысы, сөз таптарының ойды анық, дәл,
нақты білдірудегі мәні, сөз таптарының
ауызша және жазбаша тіл мәдениетімен
байланыстары, орфографиялық, орфоэпиялық
нормалар және оқшау сөздердің ауызша
және жазбаша тілдегі қолданылу ерекшеліктері
қарастырылады.
Ұсынылатын
тақырыптар: Қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрпы,
өнері; ауыл-қала тұрмысындағы айырмашылық;
табиғаттағы өзгерістер; от басындағы
қызығушылық, береке; сынып мүддесі, ұлттың
мақтанышы, көрнекті адамдардың өмірі
жайлы сыр, т.б.
2.3Қазақ тілі сабақтарында
Жалпы білім
беретін мектептер бағдарлы
10, 11-сыныптағы қазақ тілі пәнін
оқыту тілдік қатынастың жеке
тұлға мәдениетімен бірлігіне
негізделіп жүйеленді. «Сөз мәдениеті»
деп аталатын бұл курста 9-сыныпқа
дейін қазақ тіл білімінің
ғылыми негіздерімен жан-жақты
таныс болып келген
Біріншіден, бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті алғышарт жасауға мән берілуі тиіс. Олай болса, білімнің мәні — өткеннің тәжірибесін танытып, пәндік іскерліктерді қалыптастыруында ғана емес, ең бастысы, оқушының өзіндік әрекетіне бағыт беруде, оны әрдайым дұрыс шешім қабылдай білуге үйретуінде.
Мектеп бітіруші жас ұрпақ болашақтағы
өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білу
үшін оларға берілетін білім өзегінде,
біріншіден, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным
мен сенім қалыптастыратын, екіншіден,
қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа
ақпараттарды тез түсіну, қабылдау қабілегтілігін,
іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер
қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім
әлеуметтік күштен оқушы әрекетін дамытудың
тетігіне, яғни практикалық қажеттілікті
ақтайтын тегеурінді күшке айналады. Сондықтан
жоғары сатыда жеткіншекке тілдің танымдық
сипаты мен коммуникативтік қызметіне
сай өмір тіршілік-жағдайларын ескере
отырып, жан-жақты меңгерудің тиімді жолдарын
үйрету көзделді. Бұл сөз мәдениетін қарым-қатынастың
нақты түрлері бойынша жүйелі дамыту,
жетілдіру арқылы шешілмек. Тілдік мәдениеті,
білігі бар адам ғана қай ортада да өзіне
сенімді бола алады және айналасындағылармен
өзара тіл табыса білуге қабілетті болады.
Ал, тіл табыса білу — еңбек нәтижелігінің
ең қажетті шарты.
Екіншіден,
тіл адам санасында шындықты бейнелеу
мен жинақтау құралы болғандықтан, ол
адамдардың интеллектуалдық әрекетінің
де ерекше түрі болып саналады. Яғни тіл
мен сөйлеу — сол адам болмысының, оның
жалпы табиғатының көрсеткіші. Бұл тұжырым
оқушының коммуникативтік дағдыларын
жеке тұлға мәдениеті тұрғысынан қарастыруды
қажет етеді. Олай болса, бүгінгі білім
жүйесінде кең өріс ала бастаған мәдениеттану
бағытының білім мазмұнымен анық та айқын
кіріктірілуі қазақ тілі пәнінде оқушының
сөз мәдениетін жетілдірудің қаншалықты
деңгейде шешілуімен қамтамасыз етілетіні
даусыз.
Сондықтан 10, 11-сынып бағдарламасы мынадай жүйемен беріледі: Сөз мәдениеті және қарым-қатынас, «Шешендік және сөз мәдениеті», «Пікірталас мәдениеті».
Үшіншіден, бүгінгі білім мазмұнындағы түбегейлі бетбұрыстар оқушыға теориялық терең мағлұмат берумен қатар баланың өзіндік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыруға қарай бейімделіп құрылуы тиіс деген қағиданы берік ұстауды қажет етеді. Бұл орайда оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерсек, нақты практикалық маңызы бар тілдік іскерліктерді жүйелі қалыптастырудың орны бөлек. Мұндағы басты талап ой-пікір алмасудың, сөз мәдениетіне жетік болудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Сондықтан тілді оқытудың әдістемелік жүйесінде естігенін тез қорытып, өз ой-түйіндерін дұрыс та мәнді, тиімді етіп айта білуге төселдіретін оқыту құралдары мен тәсілдері, жолдары анықталуы керек. Жеткіншек сөз әлемінің өзіне әлі де беймәлім ықпыл-жықпылдары бар екенін, одан әркім өзінше жол тауып шығуы қажет екенін мойындататын схоластикалық тұрғыдағы идеалды малданып отырмай, өзі сол сөйлеу талап-тарымен бетпе-бет келгенде не істей алар едім деген сауалға жауап табуына қажетті білім-біліктерді меңгертуге икемделген оқыту жүйесі қажет. Міне, сол себепті де ой тереңдігімен, сөз сиқырымен танылған таңғажайып дарынды шешендердің не дегенін ежіктеп баяндаудан гөрі, өзін әрбір жағдаятқа қоя отырып, толқу, толғану сезімдерін бастан кешіруге, нақты тапсырмалар арқылы сынға түсуіне орайласқан оқу процесінде ғана баланың ойы да, тілі де дамитыны ескерілуі мәнді. Бұл, оқыту жүйесіндегі шешендік өнерден бас тарту емес, сол шешендік сөздерді өз деңгейінде, өз орнында пайдалана отырып, оны сөз мазмұнын, ой түйінін жеткізетін құрал ретінде түсіну қажет деген сөз. Сөз мазмұнын түсіну ғана баланың логикалық ойын дамытады, одан әрі қарай берілетін жаттығулар арқылы тілі ширайды. Сондықтан тарихта болып өткен шешендердің сәздерінің теориялық негіздерін танытатын ережелерден гөрі, сол шешендердің сөз үлгілеріне еліктетіп, ой айтуға үйрету әлдекайда тиімді. Әрі мұндай әдістер оқушының жас ерекшеліктерімен де іштей қабысып жатыр. Себебі жоғары сатыдағы мектеп оқушысы үшін темірдей теорияларды қабылдаудан гөрі, өз тәжірибесіне сүйене отырып ой түйіндеулерін жасау, жеке ой қорытындыларын жүйелеу қызықты да маңызды болады. Өйткені олар қандай жағдаятта да өз бетімен жол табуға құштар. Оның үстіне XXI ғасырдың табалдырығын аттағалы отырған жас буынды білімнің сипаты немесе тиістілігі емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні көбірек алаңдатады. Бұл әрине, өте табиғи талап. Егер тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтудің бір шарты — тіл табысу, өз көзқарасын айқын дәлелдей білу болса, онда соған қажетті тілдік талғамды, сөйлеу қабілетін тек практика арқылы дамытуға болатыны ақиқат шындық. Сондықтан да шешендікке баулу, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету теория түрінде емес, жүйелі түрдегі эмпирикалық ережелерге, заңдарға сәйкес берілетін білім мен біліктің бірлігіне негізделеді.
Төртіншіден, жаңа білім мазмұнында ұлттық
дәстүр мен жалпы адамзаттық құндылықтардың
бір-бірімен түйісіп, өзара сабақтасып
берілуі де маңызды талаптардың бірінен
саналады. Олай болса, тілді оқытуды баланың
қарым-қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен,
жазба тіл мәдениетімен, шешендікпен,
пікірталас мәдениетімен орайластырудың
негізінде де жас ұрпақтың бойына халықтық
салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени
талаптарды қатар сіңіру; олардың тілдік
талғамын қалыптастыруды уақыттың бүгінгі
талаптарымен үндестіру, ізгілендіру,
демократияландыру тенденцияларымен
тамырластығын түсіндіру арқылы да қазақ
тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына
көз жеткізіледі. Соның нәтижесінде оқушының
өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту
мақсат етіледі.
Бесіншіден, ана тілін оқытудың мәні мен
әлеуметтік қызметі — тілдің табиғи қызметі
қарым-қатынас құралы екендігін таныту.
Бұл сөйлеу әрекетін дамыту арқылы жүзеге
асатыны белгілі. Психологияда сөйлеудің
әрекет деп танылуы туралы қағида тілді
оқыту әдістемесінің методологиялық негізі
ретінде алынды. Сөйлеу, яғни, практикалық
әрекет, тілдік білімнің адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынасында нақты жүзеге асуы болып
табылады. Яғни сөйлеу — тілдің әрекетке
ұласуы, білімнің адам қажеттіне айналуы.
Сол себепті бағдарламада оқу материалдары
логикалық-семантикалық ұстаным негізінде
сөз мәдениетінің ауқымында беріліп отырады[12,53-65
б.].
Міне, осы қағидаларды топтастыра отырып, 10, 11-сыныптардағы қазақ тілін оқытудың мақсаты — ана тілінің тарихымен бүгіні шешендік өнердің алуан сипаттары туралы мағлұмат негізінде оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру болып айқындалды. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың тіл мәдениетін дамытуға интерактивті әдістер арқылы қол жеткізуге болады.
Интрактивті әдістерге: миға шабуыл, дебат, пікірталас, диалог т.б. жатады. Соның ішінде диалогқа тоқталайық. Диалогтік сөйлеуде оқушылар өз ойын тез жинақтап, екінші бір адамдармен пікір алмасып, ой қорыту жылдамдығын арттыруға үйретіледі. Бір-бірлеріне сұрақ қоя білуге төселеді. Сол арқылы адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан ғана емес, қай нәрсеге сұрақты қалай қоя білуіне де байланысты танылатынын пайымдайды. Адамның белгілі бір нәрсеге, мәселе жөнінде сұрақ қоя алуы – ойлаудың алғашқы баспалдағы, сұрақ қоя білу - сол мәселені шешудің «кілті». Сұрақ - қиялдаудың ең жоғарғы қасиеті.
Диалогтік сөйлеудің тағы бір артықшылығы - оған бүкіл топ оқушылар куә болғандықтан, бала өзінің әр сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады, қандай мәселе төңірегінде болмасын, бұл жарыс (ой, сөз жарысы десе де сыйымды) оның есінде ерекше сақталады. Оқушылардың бірі басым түсуі, екіншісі жеңілуі де мүмкін. Жеңілген оқушы қатесін түсініп, оны толықтыруға үйренеді, әрі өзін-өзі сынай білуге дағдыланады. Қазақ тілінің негізгі өзекті мәселелерінің бірі - оқушының өзіндік көзқарасына негізделген сөйлеу тілін дамыту болғандықтан, олардың тіл мәдениетін арттырудың бір тиісті жолы - белгілі бір тақырып төңірегіндегі өзара сынға арналған пікір алысуды ұйымдастыру.

- Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері
- Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері
- Тілдің қоғамдағы рөлі мен орны
- Тілдің шығуы туралы
- Тілді сақтап қалу мәселесі
- Тіл – жалпы азаматтық құндылық.
- Тіл және мораль
- Тікелей салықтардың салық жүйесіндегі рөлі
- Тікелей салықтар және жанама салықтар
- Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы
- Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі
- Тікентерілер типі
- Тілге құрмет-елге құрмет
- Тіл дамыту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу