Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері. 2
ТІЛДІК ҚАТЫНАС НЕГІЗІ - СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІ
СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ
«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.
Әдіскер болса, ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды, жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл саладағы ғалымдар кімді оқытатынын; оларды неге үйрету керектігін; не үшін, не мақсатпен және қалай оқытатынын; оларды неге және қалай оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші-әдіскерлердің ең бірінші мақсаты - сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға жауап іздеу. Соны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық түрғыдан жүйелеп көрсету.
Сөйлесім әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, информацияны баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен пікір алмасуы деген пікірді айтады. Рас, адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі -ойды, хабарды жеткізу.
Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай тіліне келгенін айта салмайды, ол ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы объективтік шындық санаға, ойға әсер етіп, пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау процесі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.
Бұл - тек адамның ойлау жүйесіне ғана тән күрделі процесс.
Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, яғни сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол - табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сөйлеуді жетілдіріп, дамытады, оның заңдылықтарын қарастырады, бірақ сөйлеу тілін өзі жасай алмайды. Осыдан сөйлеудің, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипаты аңғарылады. Хабардың қай түрі болса да шындыққа құралу керек, сонда ғана тілдік қатысым өз бетінше дамиды және сөйлеу /информацияны қабылдау, оған жауап қайтару, қайта жауап алу/ қатысымдық қүбылыстың қоғамдық мәнін ашады, адамдар арасындағы әлеуметтік көпір бола алады. Демек, адамдар бірінің айтқан сөзін екіншісі жай білу үшін ғана емес, олар бір-бірімен өзара түсінісу үшін, өзара қарым-қатынаста болу үшін қарым-қатынастық бірлікке үмтылады. Осыдан келіп тілдік қатынастың қоғамдық-әлеуметтік мазмұны, мәні шығады.
Линвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар:
- Сөйлеу /говорение/
- Оқу /чтение/
- Жазу/письмо/
- Түсіну /аудирование/
Біз жан-жақты тәжірибелерге сүйене келіп, сөйлесім әрекетін бес түрге бөліп қарастырамыз. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім. Бұлардың барлығы -әдістемелік ізденіс жолындағы' жаңаша терминдер. Қазақ. тілінде бұл мәселе бұрын-соңды арнайы сөз болмагандықтан, сөйлесім әрекетінің түрлері де бір жүйемен аталып, өзіндік терминдер әлі қалыптаспаған. Шетел және орыс тілдерінде қолданылған жоғарыда атап өтілген терминдер: «говорение» - «сөйлеу», «аудирование» - «аудиолық», «чтение» - «оқу», «письмо» -«жазу» деген сияқты әр түрлі сөздермен айтылып жүр.
Біз бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңгай оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санаймыз. Өйткені олар, біріншіден, тілдік қатынастың басты ерекшеліктеріне сәйкес келеді; екіншіден, олар - қазақ тілінің сөздік қорына тән, қолданыста өзіндік орындары бар түбір сөздер. Үшіншіден, олар зерттеу мәселемізге сай теориялық жәнё здістемелік ғылыми ұғымдарды білдіреді; төртіншіден, әрқайсысы әр түрлі емес, қазақ тілінің сезжасам жүйесіне сәйкес бірізбен жасала келіп, біртұтас қатысымдық қызмет атқарады.
Сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш: ол - түсіну. Бір адам екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу де жүзеге аспайды. Біздің ойымызша, сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді. Сондықтан «аудирование» дегеиді біз түсіну емес, «тындалым» деп атаймыз да, түсіну процесін осы әрекеттердің бәріне ортақ ұстаным ретінде танимыз.
Сөйлесім әрекетінің барлық түрлері сөйлеу үшін қажет. Оның әр түрі сөйлей білуді әр жақтан іске асырады: «говорение» - айта білу арқылы, «чтение» - оқи білу арқылы, «письмо» -жаза білу арқылы, «аудирование» - тындай білу арқылы. Демек, «говорение» - «сөйлеу» дегеннен гөрі «айтуга» жақын ұгым. Бұл әрекеттердің бәрі бір процестің (речевая деятельность) ортақ
түрлері болғандықтан, бірыңғай жұрнақтар арқылы жасалғаны тиімді.
Сонымен, тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрге бөлінеді.
- Оқылым.
- Жазылым.
- Тыңдалым.
- Айтылым.
- Тілдесім.
1. ОҚЫЛЫМ
Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің магынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сүрыптап алу.
Көптеген әдістемелік әдебиеттерде бұл процесс «Оқу» деп аталынып жүр. Қарастырып отырған мәселеге сай біздің айтар ойымызға «оқу» сөзінің мағынасынан гөрі «оқылым» сөзінің мағынасы мен мәні қай жағынан болсын сәйкес келеді. Сондықтан басқа тілдерде кездесетін «чтение» сөзінің ұғымын біз тілдік қатынаста «оқылым» деп алып, сөз етеміз.
Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мүнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпаратгар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.
Тіл үйрету сапалы болу үшін, оқылым процесі мен дауыстап оқуды ажырата білген жөн. Оқылым - берілген материалды түсініп, үғу гана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық түлгалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу.
Ал дауыстап оқу - ішкі мазмүнды толық ескере бермей, графикалық таңбаларды танудың нәтижесінде оны дыбыстау аппаратының қимыл-қозғалысына салу, сөйтіп, сөйлеу мүшелерінің көмегімен оқып шығу. Мұндай дауыстап оқу кезінде кейде мәтіннің мазмүны түсініксіз болып кала беруі де мүмкін. Ой мен ми жұмыстарын толық атқармай, адамға қажет хабар алынбауы ықтимал.
Мұндай оқудың акустикалық қасиеті басым болады.
Дауыстап
оқу акустикалық мақсаттың
Сөйлесім әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның манызы мынада:
1 / Тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады.
2/ Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.
3/ Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. Мүның өзі уақыт өте келе сарапқа түсіп, өмірде, ғылым мен техникада жаңа ізденістердің шығуына жол ашады. Адамның қоғамдағы рөлі артады, коммуникация процесі дамиды.
Оқылым процесінде төрт негізгі компонент үздіксіз қатысып отырады: І.Көру мүшелері. 2.0йлау мүшелері.
- Тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі.
- Қатысымдық тұлғалардың мағыналық тізбегі.
Сонымен қатар бірнеше қосымша компоненттер қатар жұмыс істейді:
- Дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысы.
- Дауыстап оқу.
- Есту мүшелерінің жұмысы.
- Тілдік материалдар жиынтығы.
Тілді үйрену барысында жүргізілетін оқуды әдіскерлер бірнеше түрге бөледі: аналитикалык оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу т.б.
Бұлардан
басқа соңғы жылдары тіл
Танымдық оқылым. Зерделік оқылым. Ізденімдік оқылым. Көрсетімдік оқылым.
Ал кейбір әдіскер тілшілер /Е.И.Пассов, С.К.Фоломкина/ оқуға үйрету дегеннің өзі оқылымға тән барлық қасиеттерді жете білу, жан-жақты меңгеру деген сөз, сондықтан оқуды жіктеп, ажыратып түрлерге бөлу тиімді емес, қазіргі өлшемдер бойынша оны ана түр, мына түр десек, әркім оның елеусіз ерекшелігіне қарап жіктей береді деген пікір білдіреді. Олар белгілі бір тілде оқудың бір ғана түрі болуға тиіс екендігін дәлелдейді.
Оқылымның түрлері методикалық еңбектерде түрақты орын алып, бекітіліп қана қойған жоқ, сонымен қатар әлі де ізденіс үстінде болғандықтан, олардың әрқайсысына қысқаша шолу жасаған дұрыс.
Жоғарыда атап өтілген оқылымның бұл түрлері көбінесе қолданылу мақсаты мен тапсырмалық көрсеткішке қарай бөлінген.
Танымдық оқылым дегеніміз - тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал
т.б. материалды оқып-түсінуі. Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалды зерттейін деген мақсат бірде болса, бірде болмауы мүмкін.
Мұндай оқылым белгілі бір информацияны зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.
Танымдық окылымда шыгарманың, текстің барлық мазмүны түтас есте қалмайды, соның ішінен автор өзінің қабілеті мен қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып пайдаланады.
Әдіскерлердің айтуынша, Мұндай жағдайда текст мазмұнының 70 проценті есте сақталып, негізгі айтылар дәйекті ой соның құрамына енуі тиіс.
Танымдық оқылым кезінде оқушы бір минутта 90-105 сөз оқып шығуы керек.
Зерделік оқылым бойынша оқушы берілген материалды, не тексті басынан аяғына дейін толық түсініп оқу керек. Текстің барлық мазмұнын тәптіштеп біліп, ондағы информацияның бірде бірін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сонымен бірге үйренуші шығармаға, яғни текске анализ жасай отырып, ондағы әрбір единицаны талдайды. Сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді.
Кей ретте зерделік оқылым арнайы жасалган схема, таблица, сурет, жоспар, көрнекіліктермен қатар жүргізіледі.
Қажетіне қарай текстің /шығарманың/ кейбір тұстары қайта оқытылып, сөйлемдерге айрықша назар аударылады немесе олар арнайы белгілермен ажыратылып, дауыстап айтылады.
Зерделік оқылым асықпай, ойлы қалыппен өткізіліп, оқушының бар көңілін баулып алуды қажет етеді. Бұл оқу бойынша минутына 50-60 сөз оқылуы тиіс.
Ізденімдік оқылым - берілген материалдың /текст, шығарма, кітап т.б./ ішінен автор өзіне керекті фактіні, хабарды, сілтемені, көрсеткішті т.б. іздеп тауып, пайдалана білу. Біріншіден, мұндай оқу жылдамдықты қалайды, екіншіден, көлемді текстен әркім өз қажетін тандап алуға мүмкін болатын тапқырлықты қажетсінеді.
Ізденімдік оқылымда
оқушы кітап пен түтас
Ізденімдік оқылым оқушының көру қабілетін ұштайды, қажет материалға бірден назар аудара білуге баулиды. Бу_л оқу тапсырма мен жаттығу арқылы да жүзеге аса береді. Мысалы: текстен қажет анықтаманы тауып оқу, берілген ережеге сай мысалдарды табу, шығармадан Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін, қара сездерін іздеу, абзацтың қалай аяқталатынын іздеп табу т.б. деп іске қосыла береді.
Көрсетімдік оқылым - берілген материалды жүйеліп қарап шығып, оның не туралы екенін қысқаша анықтап беру, оның тақырыбын айқындау, ең басты мәнін, ерекшелігін танып көрсету.
Мүнда оқушы барлық материалды ежіктеп оқымаса да, оның тарауларын, абзацтарын, ережелерін, тұжырымдарын жеке-жеке қарап шығып, оларға қатысты негізгі ойды көрсетеді, тақырып қояды.
Автор мұндай оқу арқылы текспен қалай жұмыс істеу керек, оның мазмұнын қалай ашу қажет, түсініктеме, қорытынды, ескертпе, сөз тізбектеріндегі қандай мәселелерге ден қою керек т.б. деген сияқты сауалдарды шешуге үйренеді, ең негізгі проблеманы көрсете біледі.
Оқушы әр тарауды тақырыпқа бөліп көрсету арқылы қайсысына айрықша назар аудару керектігін, қандай ақпарат маңызды роль атқаратындығын тануға мүмкіндік алады. Сол үшін әр текст ішкі-сыртқы қүрылысына қарай дайындалып беріледі. Көрсетімдік оқылымда оқушы тексті қалай оқып, қандай форманы таңдап алады, оны өз еркіне жіберген тиімді.
Аналитикалық оқылым - шығарманың мазмұнымен қоса лингвистикалық ерекшелігіне талдау жасап оқу; тілдік единицалар мен формаларды оқыту, салыстыру, талдау. Бұл оқылым сөйлеуге үйретуден гөрі тілдін лингвистикалық базасын жасауға, оқушының филологиялық білімін тереңдетуге көп септігін тигізеді.
Таңбалық және мағыналық
ерекшеліктеріне қарай
Оқылымның мазмүндық ерекшелігі оның басты белгісін танытады. Барлық оқылған текстер, материалдар тек белгілі бір мағынаны білдіріп, ол түсінікті болғанда ғана осы басты қасиетке ие болады.
Оқылымның техникалық жағын құрайтындар -дыбыстардың таңбалық комплексін мағынасыз, жаттанды қайталау. Оларға сана мен ойдың қатысы болмай, дыбыстардың өздері әр түрлі единицалардың жиынтығын құрастырса, онда олар техникалық қасиетке ие болады.
Оқылым екі түрлі формада жүзеге асады. Бірі - іштей оқу, екіншісі - дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдыгына қарай тез оқу және баяу оқу деп те бөлінеді.
Іштей оқу - берілген материалды не тексті үн шығармай, сөйлеу мүшелерін қимылдатпай, не сәл ғана қозғалту арқылы көзбен оқу.
Іштей оқу оқылымның негізгі формасы, қалпы болып саналады. Ол, біріншіден, монологтық сипатта болып, көбінесе бір адамға қатысты болады. Екіншіден, іштей оқығанда, адам текстен информацияны өзі үшін алады. Үшіншіден, ол информация алудың ең тиімді де төте жолы болып табылады. Төртіншіден, бұл оқушыға түсінетін жүктеменің көлемін кемітеді.
Дауыстап оқу - материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу.
Мәтінді дауыстап оқу арнайы мақсаттарға сай жүргізіледі. Дауыстап оқу белгілі бір хабарды адам өзі үшін ғана емес, екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. Дауыстап оқу қашанда диалогтық сипатқа ие, өйткені бір адам оқиды, екінші адам оны тыңдайды, процесс екі адамның арасында жүреді.
Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды есте сақтауға негіз бола келіп, іштей оқуға үйрететін алғашқы қадам болып табылады.
Сөйлеуге үйретуде, тілді меңгеруде дауыстап оқу бірінші кезең деп есептелсе, іштей оқып, түсіну одан кейінгі кезең деп танылады.
Тілді үйрену кезінде оқылым процесі жете меңгерілу үшін төмендегідей дағдыларды игеру керек.
- Адамның көру қабілетін жетілдіру. Сол үшін көздің жазба единицалармен тікелей байланысын қамтамасыз ету.
- Оқылған материалды кедергісіз есту, тыңдау қабілетін жетілдіру.
- Оқудың техникасын жан-жақты меңгерту мен қызметін дәл танып білу және жете меңгеру.
Жалпы оқылымға қатысты қалыптар да, дағдылар да мұнымен шектеліп қоймайды, оның ерекшеліктері тіл үйренудің барысында толыса береді.
Сонымен қатар оның мәтінді толық түсініп оқу, жартылай түсініп оқу, интенсивті және әкстенсивті оқу, сөздікпен және сөздіксіз оқу, күрделі және жеңіл оқу т.б. деген сияқты түрлері де бар. Мүның өзі оқылымның күрделі сөйлесім әрекеті екендігін көрсете келіп, әлі де уақыт елегінен өтіп, жан-жақты қарастырылуға тиіс мәселе екенін дәлелдейді.
2. ЖАЗЫЛЫМ
«Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойынды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Жазылым - тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмүны мен формасын бірдей
қамтитын, адамдардың үзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық касиетке ие болады; үшіншіден, жазылым қүбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмүн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады, бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазылым графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазылым арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат түтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді.
Ғалымдардың қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш бөліктен қүралуы тиіс. Олар: Себеп-салдарлық. Аналитикалық-синтетикалық. Орыңдалымдық.
Яғни жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға жеткізудің нәтижесінде ойға келеді, алдымен оның себебі пайда болады.
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем қүрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін /текст/ қүрастырылып, жазу орындалады.
Біздің пікірімізше, тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше қүрылымдық кезеңнен түрады да, көпсалалы болады:
- Қажеттіліктен пайда болатын себеп.
2.Себептің ойда, санада бейнеленуі.
- Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.
- Сөздің графикалық әріптермен таңбалануы.
- Жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды білдіруі.
Себептік кезеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі бір себеп-салдарлар пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы келеді. Адам өмірінде кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды қалайды, сол арқылы адамдар арасындағы карым-қатынастың алғы шарттары іске аса бастайды.
Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни белгілі бір хабар миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді, ой туғызады.
Үшінші кезенде адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйренуші тиімді сөздерді іздейді, айтқысы келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізуді қалап, сөздердің мағынасын ойластырады.
Төртінші кезенде ойда жинақталған создер графикалық таңбалар арқылы тізбектеліп, белгілі бір ережелер заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға айналады. Ол жазудың үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмүндық сипатымен де ерекшеленеді.
Бесінші кезеңце қағазға түскен сөйлемдер түтас жүйесімен бірлесіп, белгілі бір хабардың толық мазмұнын оқушыға жеткізеді.
Жазуды оқыған екінші адам ондағы берілген деректі қабылдайды, соған қарап жауап қайтарады.
Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі - ол әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:
- Графика.
- Орфография.
- Жазып алу.
4. Жазбаша сөйлеу.
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе - жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары - жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және жазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін күрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі - әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден енген дифтонг /қосарланған/ дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір дыбысты корсетеді.
Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін келесі мәселе - орфография. Ол - белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай түрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес.
Тілді үйретуде орфографияға қатысты кездесетін қиындықтар да баршылық. Олар:
- Фонетикалық, морфологиялық, тарихи принциптердін озгешеліктері мен ерекшеліктерін жан-жақты ескеру.
- Екпін тусіп айтылған буындардың дұрыс жазылуын қадағалау.
- Қазақ тіліндегі еріндік, езулік дауыстылардың жазылуына ерекше мән беру.
- Жуан, жіңішке дыбыстардың фонемалық қасиетін есте сақтау.
- Дауыссыз дыбыстардың айрықша белгілерін дұрыс меңгерту т.б.
Жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды: 1/ жеке лексикалық единицаларды, сөздерді дұрыс жаза білу ережесі;
2/ грамматикалық зандылықтарды білу арқылы тіркесті, сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жаза білу.
Жазып алу немесе қысқаша жазу - жеке сөздерді, сөз тіркесін, бір-бірімен мағыналық байланысы жоқ сездер мен.
сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол сияқты қысқаша тезистер, жоспарлар, қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алу да осыған жатады. Айтайын деген ойын тіл үйренуші өзінің қалауына қарай қысқаша жазып алады немесе біреудің айтқанын қағазға түсіріп алады да, қажетіне жаратады. Тілді меңгеруде бұндай амалды қолдана білу жазуда да, сөйлеуде де тиімді. Бұл жазу әсіресе, тілдік тұлғаларды жетік үйрету үшін қажет.
Жазбаша сөйлесім - лингвистикалық ерекшеліктерді толық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік қүбылыс. Жазбаша сөйлесім дегеніміз - оқушының айтар ойын тілдік-қатысымдық тұлғаларды қолданып, басынан аяғына дейін толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізуі. Мәселен, тілді үйренуге қатысты жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат т.б. жазу жатады. Мүнда сөздер мен сөз тіркесі, сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады. Сол себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен көзге түсіп, басқа адамдарға түсінікті болады.
Жазылымның психологиялық ерекшелігі - жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті үштау. Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесіне тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс. Мәселен, сөздер мен тіркестерді аударып жазу, әңгіменің жоспарын қүрап жазу, сүраққа қысқаша жауап жазу, сөздермен сөйлем қүрастырып жазу т.б. Ең бастысы, берілген тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста үтымды болу керек.
Жазылымның әдістемелік ерекшелігі - графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу, оқыту. Жазылым процесін тез әрі сауатты үйренудің үтымды тәсілдерін пайдалану.
Жазылымның физиологиялық ерекшелігі - жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрыс игеруді үйрету. Қолдың, саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы,
отырыстың пішіні т.б. - барлық адамның физиологиялық түр-түрпатының жазылымда алатын орны мен маңызы, қызметі ескеріп отыруды қажет етеді. •
Жазуды үйретудің басты алғышарттары:
- Қазақ алфавитіндегі әріптердің таңбасын дұрыс жазуға үйрету, яғни каллиграфияны жете меңгерту.
- Әріптік таңба мен фонеманың қазақ тілі жазуында алатын орнын білу.
- Жеке тілдік единицалардың дұрыс жазылу ережесін білу.
- Қазақ тілі грамматикасына сәйкес сөз тіркестері мен сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен дұрыс жазылу ережелерін игеру.
- Ойды жазбаша жеткізудің ең қарапайым және қысқа түрін меңгеру.
- Шағын мәтін мен сөйлемшелерді /фраза/ қүрастыра білу. .
- Хат жазу үлгісін меңгеру.
- Іс-қағаздарды дұрыс толтыра білу.
Жазуды терең меңгеру оның басты ерекшеліктерін білумен, оған дағдыланумен қатар, материалдың мазмұнын түсінумен, жазба жұмысқа автордың көзқарасын білумен байланысты. Сонымен бірге оның /автордың/ затты, істі, оқиғаны тану үстінде қандай көңіл-күйде болғандығы, оған деген қызығушылығы, ынтасы де ескеріледі.
Жазуды үйретуде әріпті, сөзді, тіркесті, сүрақ-жауапты және автордың ойын жеткізетін қысқаша сөйлемдерді қүрастырып, соларды меңгеру де оңай емес. Сондықтан алғашқы кезеңдегі барлық жұмыстарды осыған бағыттау керек болады.
Қазақ тілінде реферат, мақала, баяндама, ғылыми еңбек т.б. жазу, әрине, бірнеше салаларға тарамдалған оқу бағытын, арнайы оқу бөлімдерін бітіруді қажет етеді. Сондықтан, жазылым, негізінде, тілдік қарым-қатынастағы сөйлесім әрекетін, тілдесудің басты әлементтерін үйрету үшін бағытталады.
Жазылымның өзгешелігі: бір қарағанда мүнда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені тіл үйренуші азды-көпті ойын қағазға түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей тілдесу іске аспайды. Жазылымның қиындығы да осында: жазу үстінде адам ойын тиянақты, жүйелі, бас-аяғын түгендеп; басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік карым-қатынастың жазбаша түріне бейімдеп орындайды. Тұжырымдап айтқанда, жазу оны жазған адамның ыңғайынан гөрі, жазуды оқитын, қабылдайтын басқа, екінші біреудің ыңғайына қарай, екінші адамның талап-тілегін ескеріп, сол үшін де жазылады.

- Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері
- Тілдің қоғамдағы рөлі мен орны
- Тілдің шығуы туралы
- Тілді сақтап қалу мәселесі
- Тіл – жалпы азаматтық құндылық.
- Тіл және мораль
- Тіл және таңба
- Тікелей салықтар және жанама салықтар
- Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы
- Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі
- Тікентерілер типі
- Тілге құрмет-елге құрмет
- Тіл дамыту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
- Тілдесу мәдениеті