Төлем балансы және оның құрылымы.

ДӘРІС 13.   ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТА БАҒАМЫ.

1.    Төлем  балансы және оның құрылымы.

2.  Еркін және тағайындалатын валюта бағамдары.

3.  Атаулы  және нақты бағам,оған әсер ететін факторлар.

4. Ашық экономикадағы  макроэкономикалық саясат.

1. Төлем балансы  және оның құрылымы. Төлем балансы  – елдің резиденттері мен шетел  арасындағы белгілі бір уақытта  жүргізілетін экономикалық мәмілелер нәтижесін жүйелі түрде жазу.Төлем балансының макроэкономикалық мағынасы мынада: төлем балансы елдің шетелдік серіктестерімен халықаралық экономикалық қатынастарының  жай – күйін  көрсетеді және монетарлық, валюталық, фискалдық, сыртқы сауда саясатын таңдау мен мемлекеттік қарыздарды басқарудың индикаторы болып табылады.

Экономикалық  мәміле – кез-келген құн айырбасы, яғни бір ел резиденттерінің 2-ел резидентіне тауарларға, түрлі активтерге деген меншік құқығын беріп, экономикалық қызмет көрсетуі. Кез-келген мәміленің 2 жақты болғандықтан төлем балансын екі жақты жазу принципімен жүзеге асырылады.

Төлем балансының  негізгі баптары: дебет және кредит. Кредитте елден, кететін құндылықтар көрсетіледі, кеткен құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасымен төлем алады. Дебетте сырттан келген құндылықтар көрсетіледі, яғни алған құндылықтар үшін ел резиденттері шетел  валютасын жұмсайды (шығындайды ). Кредиттің жалпы сомасы дебеттің жалпы сомасына тең болуы тиіс.

Төлем балансының элементтері:

·  ағымдағы операциялар  есебі

·  капитал  қозғалысы мен қаржылық операциялар  есебі

·  ресми  резервтер  өзгерісі

Төлем балансының жалпылама құрылымы

І  Ағымдық  операциялар есебі

1.  Тауар экспорты

2. Тауар  импорты

Сауда  балансы

3.  Қызметтер   экспорты (шетелдік туризмнен түсетін  табыс  т. б. несиелік қызметтен  басқа )

4.  Қызметтер   импорты (шетелдегі туризмнің  төлем т.б. , несиелік қызметтен  басқа )

Шетелден келетін  таза факторлық табыс.

Таза ағымдық  трансферттер

ІІ.  Капитал  қозғалысы және қаржылық операциялар  есебі

7. Капиталдың  келуі

8. Капиталдың  кетуі

Капитал  қозғалысы  және қаржылық операциялар  балансының сальдосы

Ағымдық, капиталдық, қаржылық операциялар бойынша баланс.

ІІІ. Ресми резервтер  өзгерісі.

І Ағымдық операциялар  есебіне  1,2,3,4,5,6 бөлімдер кіреді. Тауарлық экспорт және экспорттық қызмет “+”  таңбамен және кредит бөлімінде жазылады, себебі  ҰБ – те шетел валютасының  запасын қалыптастырады.

Тауарлық импорт және импорттық қызмет “-” таңбасымен және дебет бөлімінде жазылады, өйткені  шетел валюталық қорын азайтады. Шетелден келетін таза факторлық  табыс уақытша қызметкерлер еңбек  ақысы  мен несиелік қызмет көрсетуден түсетін табыс . Егер ұлттық капитал (шетелге салынған) елге салынған шетел  инвестициясына қарағанда жоғары пайыз  дивидент  әкелетін болса, 5 бөлім  “ +”, кері жағдайда « - » таңбамен жазылады.Таза ағымдық трансферттер - жеке және мемлекеттік  қаржының шетелге аударылуы (зейнет ақы, сыйлық,  ақшалай аударым, қайтарымсыз  гуманитарлық  көмек ). Біржақты трансферттерді есептеу қиын. Бұл  дебет бөлігінде  « - » таңбамен «біржақты трансферттер»  деп жазылады, өйткені бұл елдегі шетел валютасының қорын азайтады. Ағымдық операциялар бойынша  баланс сальдасы:

Х – ІМ = Хп  =  У – (С +  І + G)

Абсорбция -  отандық үй шаруашылығына, фирмаларға, үкіметке сатылатын ЖІӨ бөлігі. Егер импорт > экспорт бойынша, ағымдық  операциялар бойынша баланс  тапшылығы  болады. Қаржыландыру көзі: шетелден қарыз  алу немесе шетелге актив бөлігін  сату. Бұл капитал қозғалысы есебінде көрсетеді. Бұл мәміле таза шетел  активтерін азайтады.

Таза шетел  активтері = осы ел резидентінің қолындағы  шетел активтері – шетелдіктер  қолындағы ұлттық активтер.

Макроэкономикалық түзету – экспорттық табысты арттыру  немесе импорттық шығындарды азайту .

Оң сальдо болған кезде, яғни импорт  экспорттан кіші болады, ел шетелге несие береді немесе шетелдік активтерді қорландырады.

Капитал қозғалысы  және қаржылық операциялар есебінде активтермен болатын халықаралық  мәмілелер: акция, облигация, қозғалмайтын мүлік сатудан түскен табыс және сатып алу шығындары.

Капитал қозғалысы  балансы = активтерді сатудан түскен түсім - шетелден актив сатып алуға  кеткен шығындар

Егер капитал  қозғалысы сальдосы “+” болса, таза капитал келуі  болды, “-” болса, таза капитал кетуі болады.

Түсім мен шығындар балансы болу үшін ағымдық операциялар  есебі тапшылығы қаржылық есеп артықшылығына  сәйкес келуі керек немесе, керісінше. Есептердің бұлайша өзгеруі Орталық  Банктің валюталық интервенция  және ресми валюта резервіне өзгеріс  енгізгенге дейін болады.

Бірақ ОБ ресми  валюта резервінен шетел валютасын  сатып алып сата отырып валюта курсының еркін ауытқуының алдын алады. Валюта резервіне: алтын, шетел валютасы, елдің  халықаралық валюта қорындағы үлесі, қарыз алудың арнайы құқығы кіреді.

Төлем балансының тапшылығы және ресми валюта резервін азайту арқылы қаржыландырылады. (Бұл  “+” таңбамен  кредитте жазылады)

Төлем балансының активті сальдосы және ресми валюта резервінің өсуімен сәйкес келеді. (Бұл “-” таңбамен дебетте жазылады)

2.        Валюта бағамы деп – бір  елдің валютасын екінші елдің  валютасына айырбастағандағы валюталардың  қатынасы. 127 теңге=1$ .

Валюта бағамын  енггізуде екі әдіс бар. Валютаның  еркін айналымындағы бағамы сұраныс  пен ұсыныс әсерінен қалыптасады.

1)    Рубльге  сұраныс төмендейді, содан рубль  арзандап Ресей тауарлары да  арзандайды.

2)    Рубль  ұсынысы азаяды.  Қазақстандық  тауарлар арзан болып, оған  сұраныс жоғарылап және теңгеге  де сұраныс жоғарылайды.

Валютаның еркін  айналымдағы бағамына көптеген факторлар  әсер етеді.

1)        Тұтынушы тағамының өзгеруі

2)        Табыстың салыстырмалы азаюы

3)        Бағаның салыстырмалы өзгеруі

4)        Салыстырмалы нақты пайыздың  мөлшерлемесінің  өзгеруі

5)        Алыпсатарлық.

Егер теңге  өзгереді деген қауіп болса, тұрақты  валюта алады, ол теңгенің құнын жояды. 

Тағайындалатын  валюта бағамы әдісі: бұл тәсіл еркін  айналымдағы бағамды белгілеу тәсіліне қарама-қарсы. Валютаны тағайындау кезінде  тапшылықты мемлекет жою күрделі  мәселе, оны төмендегідей әдістермен реттейді.

1)        Резервтерді қолдану – бұл  валюта бағамын тұрақтандырудың  ең жақсы тәсілі. Ол нарықта  мемлекеттің өзінің валюта қорын  пайдалану.

2)        Сауда саясаты. Бұл бағамды  қалыпты ұстау мақсатында импортты  шектеуі. Квота, қосымша салық  арқылы, бірақ ол экономиканың  дамуына кедергі келтіреді.

3)        Валюталық бағалау;

4)        Ішкі макроэкономикалық реттеулер.  Салық және ақша саясатын жүргізу  көмегімен шетел валютасына деген  сұраныс азаяды.

Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы

- ұсынысы

Мұнда: Р-баға;

Q-көлем;

V(і)-ақша айналымының  жылдамдығы; пайыз    мөлшерлемесі (і)-ге тәуелді.

М-ақша ұсынысы

Сатып алу мүмкіндік  формуласы :

Мұнда:  Р-ішкі баға;

Е-бағам

- сыртқы нарықтағы шетел валютасымен  көрсетілген баға

Пайыздық төрелік  жүргізушінің (арбитраждың) қарапайым  формуласы:

Мұнда: - елдегі (шетелдегі) пайыздық мөлшерлеме;

  • - келесі кезеңдегі бағам.

Мына формуланы  табамыз:

Бағамды Орталық  банк белгілеген жағдайда Е экзогенді  айнымалы шама болып Орталық банктің  тағайындауымен анықталады, ал М болсаэкономикадағы жағдайдан құралып, эндогендік шама болады. Баға еркін тағайындалатын жағдайда керісінше екеуі орындарын ауыстырады.

Тағайындалатын  бағам кезінде Е-ні Орталық банк тағайындап, оның арзандауына кедергі  жасауға тырысады. Сол мақсатта ол өзінің валюта қорын сата бастайды. Ол бұл әрекетті М-нің бастапқы қалпына  келгенге дейін жасауы керек. Ең соңында  Орталық банк алғашқы М-нан ауытқу көлеміне тең мөлшерде валюта сатуға мәжбүр болады.

Мұнда: - валюта қорының мөлшері;

- Орталық банктегі мемлекеттік  облигациялар мөлшері

3.      Валютаның бағамы екі түрге  бөлінеді: атаулы және нақты бағам

Атаулы бағам. Ол екі елдің валюталарының айырбас  бағасы. Мысалы, 1 доллар-150 теңге атаулы бағамы бойынша халықаралық нарықта 1 долларды 150 теңгеге айырбастаймыз, ал доллар алғымыз келсе, онда әр долларға 150 теңге төлейміз.

Нақты бағам. Ол екі елдегі тауар бағасының қатысы. Басқаша айтқанда, ол бізге елдің  ішінде шығарылған тауардың бағасын  басқа елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді.

Нақты бағам=атаулы бағам ((өз елінде өндірілгентауар құны)/(шетелде  өндірілген өнім құны))

Оны мына формуламен нақтылап көрсетуге болады.

Формуладан көріп  отырғанымыздай атаулы бағам елдің  тауарларының басқа елдің бағасымен  салыстырғандағы құнын білдіреді. Егерде атаулы бағам арзан болса  елдің тауарларын алу тиімді болады және таза экспорт көлемі өседі, оның формуласы:

Мұнда: NX – таза экспорт

Нақты баға көлемі таза экспорт көлеміне кері пропорционал. Елдегі бюджет-салық саясаты. Егер мемлекет ұлттық қордың көлемін G арқылы қысқартатын  болса, S-І көлемін қысқартады, ал ол NX  көлеміне әсер етеді.

Қордың азаюы  ұлттық валютаның ұсынысын төмендетеді, ол нақты бағамды жоғарылатады. Бұның  нәтижесінде елдің тауарлары  қымбаттап таза экспорт көлемі төмендейді, яғни  S-І қисығы солға жылжиды.

4.         Шетелдегі бюджет-салық саясаты.  Егер шетел мемлекеттері мемлекетті  сатып алу арқылы ұлттық қордың  көлемін қысқартса, ол әлемдік  қордың көлемін қысқартады. Бұдан  пайыздық мөлшерлеме көтеріледі, ал ішкі инвестициялық пайыз  төмендейді. Яғни, S-І қисығы оңға  жылжиды

Дамыған елдердің көпшілігінде халқаралық есеп айырысу  және төлем үшін қолданылатын тұрақты  алтын – валюталық стандарттар  орнықты. Халқаралық есеп айырысуда  міндетті түрде пайдаланылатын алтынның белгілі салмақ (паритет – ел- елдің ақшасының алынмен салыстырғандағы  құны.) бірлігі мен тазалығы көрсетілген  алтын стандартты (үлгі, калып) енгізіп, Монеталарды еркі қою және оларды басқа валюталарға айырбастау, толыққанды емес ақшалардың паритетін алтынмен қамтамассыз ету т.б. шаралар алдын  – ала қарастырылды.

30 – жылдары  барлық дамыған елдер алтынның  алтын – девиз стандартынан  бас тарта бастады. 1944 жылы Бретонн-Вудд (АҚШ) конференциясында дамыған  елдер алтын – долларлы жүйеге  өту және валюталардың өзара  айналымы (айырбасталуы) туралы келісімге  қол қойды, доллардың халқаралық  қызметінің мәні артты.

Бұл келісім 70-жылдардың  ортасына дейін қызмет етті. 1970 ж. халқаралық ақша эталоны (бірлігі) болып халқаралық ақша бірлігі (СДР) бекіді бірақта ол өз қызметін атқара алиады. Дүние жүзілік  ақша заңды қызметін девиздер (орынбасарлары) ұлттық немесе ұжымдық валюталар  орындайды. Сыртқы экономикалық байланыстарда  ұжымдық валюталар ақшасының  мәнін көрсететін жаңа формаларға ие болып, кеңінен тарады. Бұған халқаралық валюта қоры (МВФ) 1970 жылы енгізілген СДР (спец – права займствование –  қарыз алудың арнайы құқығы) – шартты ақша бірлігі жатады. Оның материялдық  формасы жоқ, арнаулы есеп айырысу  құрамы ретінде валюталар “қоржынынан  тұрады ” олардың қоржындағы үлесі  мынадай: доллар – 42 %, Батыс Европа валюталары - 45 % (ф. ст. Франк,) цена – 13 % ұжымдық валютаға 1979 жылы ЕЭҚ –  ке (ЕЭамүше елдер қабылдаған ЭКЮ (еуропалық валюта бірлігі) жатды. Оның бағасы ол Еуропалық елдің валюталық  негізінде қамтамассыз етілген  есептегі 2800 т. алтын және доллар сомасымен  жүзеге асады.

1979 ж. – Еуропаның  экономикалық одақ елдерінде  Еуропалық валюта жүйесі құрылып,  мұнда валюталар курстарының  ауытқуы қатаң шектелді.

Әр түрлі елдің  ақша рыногындағы өсімдік ставкалардың өзгеруі сол елдер арасындағы капиталдардың қозғалысына және халқаралық рыноктағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсынысқа тәуелді.

Дүниежүзілік  шаруашылық жүйесіндегі “құбылмалары”  валюта курсына өту экономикалық қатнастарға  қайшылықты сипатта  әсер етеді. 

Біріншіден, валюта курсының төмендеуі дүниежүзілік рынокта  сол ел өкілінің салыстырмалы бәсекеге қаблеттілігін күшейтеді, экспортты  ұлғайтып, импортты шектеуге мүмкіндігін  жасайды, ал мұның өзі елдің төлем  және сауда баланысының жақсаруына жол ашады.

Екіншіден, курстың  төмендеуі экспорттық және импорттық  бағалар арасындағы қатнасты нашарлатады, ал мұның өзі сол елдің сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігіне теріс әсер етеді.

Халқаралық валюта – несие жүйесінің негізін  халқаралық валюта қоры және халқаралық қайта құру және даму банкісі құрайды .

Халқаралық валюта қоры (ХВҚ). 1947 ж. бастап қызмет істейді. Оның негізгі міндеті халқаралық сауданың дамуына, валюталық одақтардың валюта курстарын өзара реттеуге, ХВҚ – ға мүше елдерге (150- ден  аса ел) несие беруге валюталық  паритеттердің өзара тұрақтығын қолдауға жағдай жасау болып табылады. Халқаралық қайта құру және даму банкісі 1945 ж. құрылған. Бұл банк мүше елдердің экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында ұзақ мерзімдік заемдар беретін  үкімет аралық қаржылық ұйым. 1993 ж. бұл  ұйымға Қ.Р. қабылданды.

Ұлттық валюта жүйесінің элементтері:

-            Ұлттық валюиа бірлігі;

-            Валюта курсының режимі;

-            Валюта айналысы шарты;

-            Валюта рыногі және алтын рыногі  жүйесі;

-            Елдің халқаралық есеп тәртібі  ;

-            Елдің алтын валюталық резервтерін  басқару жүйесі мен елдің валюталық  қорларын реттеуші құрылымы;

-            Мемлекеттік мекемелердің стаусы;

Ұлттық валюталық  жүйе ұлттық заңдар негізінде халқаралық құқнормасын есепке алып құрылады. Олардың ерекшеліктері ел экономикасының деңгейі және жағдайымен, оның сырқы  байланыстарымен, әлеументтік даму мақсаттарымен анықталады.Ұлттық валюта жүйесінің негізінде әлемдік  валюта жүйесі - әлемдік рыноктың дамуы  негізінде қалыптасқан және мемлекет аралық қатнастармен бекітілген халық  аралық валюталық қатнастар ұйымының формасы жұмыс істейді. Оның құрамдас элементтері:

-            Негізгі халқаралық төлем құралдары  (ұлттық валюталар, алтын, халқаралық  валюталық бірліктер – СДР,  ЭКЮ) ;

-            Валюта курсын белгілеу және  қолдану механизмі;

-            Халқаралық төлемді баланыстау  тәртібі;

-            Валютаның қайта қалпына келгіштік  шарты;

-            Халық аралық валютаның рынок  және алтын рыноктарының режимі;

-            Валюталық қатнастарды реттеуші  мемлекетаралық институттардың  стаусы;

Сыртқы валюталық  рыноктің басты экономикалық агенттері  экспортерлер, импортерлер, портфльді  актив ұстаушылар. Валюталық рыноктің “алғашқы” субектілері валюталық  базистік сұранысы мен ұсынысын қалыптастырады. “Екішілеріне” – тікелей валюта сатумен - айеалысатын комерциялық  банктер, валюталық банктер және дилерлер жатады. Екіншілердің анықтамасы шартты, өйткені қазіргі кезде  сырқы валюталық рынокте валюталық  кәсіпкерлердің 90% сауда операцияларымен  байланыссыз. Валюта саудасының көлемді  бөлігі – бұл әдеттегі биржалық ойын, пайда табу мақсатында валюта курсы айырбасталады. өте ірі  халқаралық валюталық рынок орталықтары  Лондон, Токио, Нью-Иорк, Франкфурт-На-Майке, Брюссе 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ДӘРІС 14. АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ  ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ  СҰРАНЫС.

Дәріс жоспары:

1. Икемді және  тұрақты валюта курстарының жүйесі.

2. Қысқа, ұзақ  мерзімдік перспективадағы номиналды  және нақты валюта курстарының  ара қатынасы.

3. Макроэкономикалық  саясаттың теңдестік валюта курсының  динамикасына ықпалы.

Дәріс тезистері:

1. Икемді және  тұрақты валюта курстарының жүйесі. Валютамен жасалатын операциялар  ақша-несие саясатының құрамдас  бөлігі болып табылады, олар бюджет  жағдайына, экономикалық өсуге  ықпал етеді. Валюта қатынастары  халықаралық байланыстардың –  тауар айналымы мен капитал  қозғалысының, ғылыми-техникалық және  гуманитарлық ынтымақтастықтың, мәдени  айырбас пен туризмнің мазмұнын  көрсетеді. Бұлардың бәрі валюта  курсының динамикасы мен мемлекеттің  валюта саясатынан тікелей тәуелді  болады. Халықаралық саудада белгілі  бір ара қатынаста валюта нарықтарында  бір-біріне айырбасталатын әр  түрлі ұлттық валюталар қолданылады.  Оларға номиналды, нақты, икемді  валюта курстары жатады.

Номиналды валюта курсы – бұл екі елдің бір  валюталарының салыстырмалы бағасы, яғни бір валютаның басқа валюта бірлігінде көрсетілген бағасы. "Валюталық  айырбас курсы" ұғымы осы номиналды  валюта курсын белгілеу үшін қолданылады.

Елдің тауарлар мен қызметтер экспортының артуы  ұлттық валютаның шетелдегі сұранысын  арттырады және елдегі шетел валютасының  ұсынысын қалыптастырады. Сәйкесінше, елге келетін тауарлар мен қызметтер  импортының артуы елдегі шетел валютасына  деген сұранысты арттырып, шетелдіктер  үшін ұлттық валютаның ұсынысын қалыптастырады. Шетел валютасына деген ішкі сұраныстың артуы елдің ұлттық Банкіндегі экспорттың артуы есебінен қалыптасқан шетел  валютасының қорын азайтады. Осылайша, экспорт елдің импортқа төлеуіне қажетті шетел валютасын жинақтауына  мүмкіндік береді.

Икемді (өзгермелі, қалқымалы) валюта курстары тұсында  айырбас курсы валюта нарығындағы  сұраныс пен ұсыныстың еркін  ауытқуы нәтижесіндегі валютаның  теңдестік бағасы ретінде қалыптасады.

Жоғарыда айтылғандар  түсінікті болуы үшін келесі мысалды  қарастырайық.

Егер теңгенің ұсынысы 250 миллиардтан 300 миллиардқа дейін  артса, айырбас курсы 1 теңге үшін 2,5 доллардан 2 долларға дейін төмендейді. Теңге курсының төмендеуіне байланысты шетелдіктер үшін қазақстандық тауарлар салыстырмалы түрде арзандайды және оларды сатып алу көлемі артады. Қазақстан экспортының өсуі теңгеге  деген сұранысты арттырады. Валюта нарығындағы тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады (1-сурет).

Валюта курсы

1-сурет 

Өте икемді валюта курсы кезінде айырбас курсының ауытқуы шектелмегендіктен импорт пен экспорт көлемдерінің ауытқуының одан әрі сауда балансының, ағымдыө  есептің және жалпы төлем балансының жағдайын болжау қиынға соғады. Ал бұл  экономиканың тұрақтылығының бұзылуына  әкелуі мүмкін.

Тұрақты валюта курсының кезінде ұлттық валюта курсын Орталық Банк белгілейді. Ол кез-келген көлемдегі шетел валютасын белгіленген  курс бойынша сату және сатып алу  міндеттемесін өз мойнына алады. әдетте, орталық Банк макроэкономикалық  тұрақтандыруды көздеу мақсатында ұлттық валюта курсының еркін ауытқу шектерін белгілейді. Егер валюта бағасы осы  шектердің жоғарғы немесе төменгі  шекараларына жақындаса, Орталық банк интервенция жургізеді. Төменгі  шекке жақындау Орталық Банктен  ұлттық валютасы шетел валютасына сатып  алуды талап етеді және, керісінше. Мысалы, Қазақстанның Ұлттық Банкі  тұрақты курсты 1 теңге үшін 2,5 доллар, ал ауытқудың жоғарғы және төменгі  шектерін сәйкесінше, 1 теңге үшін 3 доллар және 2 доллар деп белгіледі  делік. Егер теңгенің курсы 1 теңге үшін 1,5 долларға төмендесе, Ұлттық Банк теңгені  долларға (1 теңге үшін 2,5 доллар төлейді) сатып алады. Ал Алтын стандарт тұсында  ұлттық валютаны алтынға сатып алуға  болады. Алтын стандарт кезінде ресми  органдар алтынның елден елге еркін ауысуына мүмкіндік береді.Экономисттер арасында алтынның құдіреттілігі туралы түсінік осы күнге дейін таралған, олар Алтын Стандартқа қайта оралуды аңсайды. Олардың ойынша, банкнотаны алтынға айырбастау инфляцияны болдырмайды. Алтын – байлықтың көзі және ақша каналдарының алтын ақшамен толтырылуының нәтижесінде олар тезаврация сферасына өтеді, ал экономикалық өсу тұсында айналысқа қайтып оралады. Алайда инфляция мен экономиканың құлдырауы алтын ақша айырбасы кезінде де орын алады. Мысалы, америкалық алтын мен күмістің айналысқа келуінен    кейін Еуропада инфляция болды. ХVI ғасырлардағы тауарлардың бағасы 4-5 есе өскен. Тағы бір мысал: Мексиканы жаулап алғаннан кейін Испанияға көп  алтын келеді, оны Испания үкіметі сыртқа шығаруға тыйым салды. Нәтижесінде әлемдік саудагерлер-ағылшындықтар мен голландықтар Испанияны қажетті және ішкі нарықта өндірілемейтін тауарларды қымбат бағаға сатып алуына мәжбүр етті. Сөйтіп, алтынға ие Испания экономикасы біртіндеп құлдырай бастады. Халықаралық саудада құнсыздану және қымбаттау, ревальвация және девальвация терминдері қолданылады.Икемді валюта курсы кезінде шетел валютасы бағасының өзгеруі валютаның құнсыздануы (арзандауы) немесе валютаның қымбаттауы деп аталады. Икемді валюта курсы тұсында валютаның басқа валютамен берілген бағасы төмендесе, валюта арзандайды. Ал, керісінше, валютаның басқа валютамен берілген бағасы көтерілсе, валюта қымбаттайды. Бұл процестер тұрақты курс жүйесінде сәйкесінше, девальвация және ревальвация деп аталады.Девальвация девальвацияланған валюта үшін шетелдіктердің аз төлейтіндіктерін, ал ел резиденттерінің басқа ел валютасы үшін көп төлейтіндіктерін белдіреді. Девальвацияға қарама-қарсы әрекет ревальвация болып табылады.

Қазіргі валюта жүйесінде валюта курстарының ауытқу шекаралары ұжымдық есептеу валюталарына – SDP (CDP) мен евроға қатысты бекітілді. SDP – бұл қарыз алудың арнайы құқығы. Оны халықаралық валюта қоры (ХВҚ) халықаралық есеп айырысуды жеңілдету  үшін құрған. ХВҚ-өзіне мүше елдерге  қажет жағдайда несие беріп отырады. ХВҚ-ның басты мәселесі кедей  елдердің қарызын қайтармауы болып  табылады.

Нақты валюта курсы  – екі елде өндірілген тауарлардың  салыстармалы бағасы. Номиналды және нақты валюта курстаының арасында байланыс бар. Оны келесі формуламен анықтауға  болады:

ЕR = EN • (Pd / Pf)

Мұндағы,

ЕR – нақты  валюта курсы;

EN – номиналды  валюта курсы;

Pd – ұлттық  валютамен берілген ішкі баға  деңгейі;

Pf – шетел  валютасымен берілген шетелдегі  баға деңгейі.

Шетел валютасының  курсы төмендегі жағдайлар орын алғанда өседі:

·         елдегі ақша ұсынымының ("ішкі" ақша массасы) артуы;

·         шетелдегі ақша ұсынысының азаюы;

·         шетелдегі нақты ЖІӨ-нің төмендеуі;

·         шетелдегі пайыздық ставкасының  өсуі;

·         елдегі пайыздық ставканың төмендеуі;

·         елдегі күтілген инфляцияның көтерілуі;

·         шетелдегі күтілген инфляцияның  төмендеуі;

·         елдегі сауда балансы мен ағымдық  операциялар есебі жағдайының төмендеуі.

3. Нақты валюта  курсының теңдестік деңгейі жинақтар  мен инвестицияның арасындағы  айырманы білдіретін тік сызық  пен теріс көлбеулі таза экспорт  қисығының қилысу нүктесінде  қалыптасады. Бұл нүктеде шетелге  берілетін несие түріндегі ұлттық  валютаның ұсынысы (S – I) мен  бізден таза экспортты алатын  шетелдіктер тарапынан болатын  ұлттық валютамызға деген сұраныс  (Хn) тең болады (2-сурет).

2-сурет 

  

Мұндағы, n –  нақты валюта курсы,

Хn – таза экспорт,

Е – нақты  айырбас курсының теңдестік мәні. Бұл нүктеде капитал мен болатын  операциялар бойынша ұлттық валютаның  ұсынысы мен ағымдық операциялар  үшін қажетті валютаға сұраныс теңеседі.

                      Макроэкономикада шағын ашық  экономика деген ұғым бар. Шағын  ашық экономика жағдайында ішкі  нарықтық пайыздық ставка орташа  дүниежүзілік деңгеймен анықталады, ал капиталдың мобильділігі жоғары  болады. Мұндай экономика тұсында  ішкі фискалдық экспансия нақты  валюта курсының өсуіне әкеледі.  Мемлекеттік шығындар артқан (немесе  салық төмендегенде) кезде ұлттық  жинақ төмендейді, ал S-I сызығы солға  орын ауыстырады (3-сурет). 

 

           3-сурет

Бұл шетелге  салынатын инвестиция үшін ұлттық валюта ұсынысының азаюын білдіреді. Валютаның  аз ұсынылуы оның нақты айырбас курсын арттырады. Нәтижесінде отандық  тауарлар шетелдік тауарларға қарағанда  қымбаттауына, содан соң экспортының  қысқарып, импортының артуына әкеледі. Осының салдарынан ағымдық операциялар  есебінде тапшылық қалыптасады.

Егер ынталандырушы  фискалдық саясат шетелде жүргізілсе, бұл шетелдегі жинақтың азаюына  әкеледі. Нәтижесінде шағын ашық экономикада әлемдік пайыздық ставка өсіп, инвестиция деңгейі төмендейді (4-сурет). Бұл жағдайда ұлттық валютаның  шетелдегі инвестициялау үшін ұсынысы  артып, S-I оңға орын ауыстырады. Нақты  валюта курсының теңдестік мәні қысқарып, отандық тауарлар арзандайды және таза экспорт артады. 

                                                   

4-сурет

Протекционистік саясат (импорттық тарифті немесе квотаны енгізу) таза экспорттың артуына  әкеледі (5-сурет).

5-сурет 

Нақты валюта курсының теңдестік мәні артады, отандық тауарлар қымбаттап, таза экспорт қысқарады. Протекционизм саясатының нәтижесінде  бастапқыда таза экспорт артқанымен, кейіннен сыртқы сауда көлемін қысқартады, таза экспорт пен импорттың жалпы  көлемі А нүктесіндегі қарағанда  аз болады. Үкімет халықаралық байланысты реттеп отыру үшін валюталық саясатты жүргізетіндігі белгілі. Бұл жерде екі елдің бірдей базалық жылдарының баға индекстері алынады.

Нақты тиімді валюта курсы деп аталатын ұғым да бар. Оны  анықтау үшін жоғарыда көрсетілген  нақты валюта курсының формуласына Pf мәнінде орташа баға индексі қолданылады. Нақты немесе нақты тиімді валюта курстарының өсуі (төмендеуі) елдің  өнімдерінің әлемдік нарықта  бәсекеге қабілетсіз екендігін білдіреді. Ұзақ мерзімді перспективада номиналды  курстар тез өзгеріп тұрады, ал нақты валюта курсы өзгермейді. Бұл  сатып алу қабілеттілігінің паритетінің  сақталуын қамтамасыз етеді. Сатып  алу қабілеттілігінің паритеті - әр валютаның сатып алу қабілеттілігін теңдестіретін айырбас курстық  деңгейі. 

Төлем балансы және оның құрылымы.