Төлем жуйесі

ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ                                              ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

ҚР ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН: Сержанқызы Д.С.

                                                           ТЕКСЕРГЕН: Керімбекова Н.Н.

аға оқытушы

 

 

 

 

Алматы

2012

КІРІСПЕ

 

 

Қазақстан егемендігін жариялау, елдің экономикасы мен банк жүйесін  реформалау сенімділігі, қауіпсіздігі мен тиімділігімен ерекшеленетін, жедел жəне көп тəуекелсіз төлемдер жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  төлем жүйелерін құру қажеттілігін тудырды.

Республиканың тəуелсіздігі жылдары ішінде Ұлттық Банк төлем  жүйелерін дамыту жəне жетілдіру  бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді. Жүргізілген жұмыстар нəтижелері бойынша  қазіргі таңда Қазақстан Республикасының  аумағында келесі ұлттық төлем жүйелері жұмыс істейді – операторы  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу  орталығы» РМК болып табылатын  Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) жəне Банкаралық клиринг жүйесі. Халықаралық  қаржы ұйымдарының сарапшылары (Халықаралық  валюта қоры, Дүниежүзілік Банк) ел аумағында  уақтылы төлем жүргізу жəне ақша аударуды қамтамасыз ететін Қазақстанның төлем жүйелерінің жоғары тиімділігі мен сенімділігін атап өткен болатын. Осылайша, Халықаралық валюта қоры кеңесшілерінің бағасы бойынша төлем  жүйелері жүйелік тұрғыдан маңызды  төлем жүйелері үшін Халықаралық  Есептер Банкі бекіткен барлық Негізгі  қағидаттарға толық сəйкес келеді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ел аумағында қауіпсіз жəне үздіксіз төлем жүргізу жəне ақша аударуға бағытталған негізгі функцияларының бірі төлем жүйелерін қадағалау(оверсайт) болып табылады.

Төлем жүйелерін қадағалауға  нақты уақыт режимінде төлем  жүйелерінің мониторингі, банктерден жəне банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан ақша аудару жəне төлемдер бойынша  статистикалық ақпаратты жинау  жəне талдау, төлем жүйелерінің жұмыс  істеу тиімділігін бағалау кіреді. Оверсайт шеңберінде Қазақстанның Ұлттық Банкі төлем жүйелерінің операторын жəне қатысушыларын тексеруді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, қадағалау  барысында төлемдер жүзеге асырудың қолма-қол ақшасыз тəсілдерін, оның ішінде инновациялық бөлшек төлем құралдарын дамытуға, тауарлар мен қызметтер  үшін есеп айырысу барысында оларды кеңінен қолдануға қажетті жағдайлар  жасауға айырықша көңіл бөлінеді.

Әдетте мұндай міндеттемелер  ақша аударылымы есебінен, не қолма-қол  қаржы түрінде немесе коммерциялық банктер иелігіндегі депозиттер негізінде жойылады.

Қолма-қол  ақшалар еліміздегі әрбір орталық банктер шығаратын  бакнноттар мен (заңды төлем құралы) тиындардан тұрады. Депозиттік ақшалар  ұғымы әдетте коммерциялық банктердің клиенттері үшін сақталатын (әдетте тек  қана ағымдағы), сондай- ақ, орталық  банктердегі өзге банктердің сақтаулы ақшалары мен банкаралық есептемелер  үшін пайдаланылатын заңды қалдықтармен түсіндіріледі.

Сонымен қатар, экономикалық көзқараспен қарайтын болсақ, егер де әрбір шаруашылық белсенділіктегі  тұлға үй көлеміндегі төлем қарыздарына  мүмкіндігінше төлей алатын болса, онда бұл тиімсіз деп табылады.

 

Осы себепке байланысты материалдық  өндіріс саласындағы экономикалық агенттер әдетте түсімдер  арасындағы шығындар мен уақытша өзгерістер кезінде ақшамен төленетін тұтынысты  өтеу үшін несие беретін банктер  сияқты  несиелік мекемелері ұсынатын төлем қызметін пайдаланады. Банктер  өз кезегінде талап еткен функцияларды орындау үшін, олар банкаралық нарық  қызметін, ал жекелеген жағдайларда  уақытша өзгерістер кезіндегі төлем  мен ақша түсірілімдерін есептік  операцияларды, олардың өтем ақысын жабу үшін орталық банктердің қысқа  мерзімге берілетін қаржысын пайдаланады.

Төлем жүйесінің өзі және оның құралдары шаруашылық субъектілердің  маңызды бөлігі болып табылуы  керек, ал бұл дегеніміз өз кезегінде  төлем жүйесіне деген  маңызды  принциптік сенімді білдіреді. Төлем  жүйесіндегі иеленуші белгілерінің осы немесе өзге де жағымдылығы жүйеге қатысушылар белсенділігінің қаржылық және техникалық аспектілеріне қатысты  қандай да бір деңгейдегі сенімі болып  табылады.

Өзге де маңызды сәттерге жүйенің табиғатына және оның жұмысына деген келісімпаздық жағынан  алғанда пайдаланушының тұтынысын  көрсетеді. Төлем жүйесі экономикалық нарыққа қатысатындарға жұмыс тәжірибесімен  қоса тәуекелділік факторының құрылысын  қамтып көрсете алуы керек.

Нарықтық экономика адамдар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер  арасыедағы әртүрлі операциялармен соған сәйкес олардың келісімдерінің күрделі байланысымен сипатталады. Сенімділік пен өз уақытында төлемді  өтеу және оны есепке алу “уақыттық  бағаға” тән сипаттарға ие бола алатын ақша құндылығымен үлкен маңызға  ие бола алады, оған қоса, мақсатсыз  немесе күтпеген жерде төлемді анықталмаған деңгейге дейін көтеріліп кетуі  соған қатысты кідірістің негізінде  төлем өтеле ме жоқ  па осы жүйеге қатысушыларды ұстап тұра ала  ма, олардың жалпы тәуекелділігін арттыра алуымен байланысты.

Соңғы жылдары төлем жүйесіндегі  белсенділікті жобалау, басқару  мен бақылауға қатысты мәселелері Еуропа мен Солтүстік Американың, сондай- ақ экономикасы қарқында дамыған  елдерінде қызу саяси пікір таласқа  айналды. Ерте жоспарлы орталықтандыруды жаңартуға қатысты мәселеге, сонымен  бірге социалистік нарықтық экономикадағы  Орталық және Шығыс Еуропамен  бұрынғы Кеңестер Одағы елдері де көңіл бөлуде. Нарықтық реформаны  жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, жекелеген  тұлғалар мен фирмалардың қаржысын қауіпсіз және тиімді аударуға деген  олардың тұтынысын қанағаттандыратын  қолма-қол төлем жүйесі нарықтық экономика даңғылына сәтті өтуге  қажетті инфрақұрылыстың маңызды  бөлшегі болып табылады.

 

Ұлттық төлем  жүйелері

 

 

Төлем жүйесі елдің қаржы  жүйесінің негізгі компоненті болып  табылады. Осыған байланысты Қазақстан  Республикасы өтпелі кезең басталған  сәттен бері төлем жүйесінің дамуына  баса назар аударуда.

 

Төлем жүйесін жетілдіру  жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде  қазіргі уақытта Қазақстанда  екі негізгі төлем жүйесі жұмыс  істейді. Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ).

 

БААЖ - нақты уақыт режимінде  жалпы есеп айрысу жүйесі (бұдан  әрі – RTGS) Қазақстанның Ұлттық Банкінде БААЖ пайдаланушыларының шоттарында ақша аударымдарын жүзеге асырады. БААЖ арқылы ірі және жоғары артықшылықты төлемдер жүзеге асырылады. Жүйе операциялық  күн ішінде үлттық валютада (теңгеде) пайдаланушыларға түпкіліктілікті  қамтамасыз етеді.

 

БТЖ - ұсақ төлемдерге арналған клиринг жүйесі. Бұл - төлемдер жеке өнделетін, таза негіздегі есеп айырысудың көп жақты жүйесі, бұл ретте  таза позициялар да есептеледі. Операциялық  күннің соңында кіріс және шығыс  төлемдерді ескере отырып, әрбір пайдаланушының таза позицияларын есептеу жүзеге асырылады, одан кейін есептеу қорытындылары  бойынша ААБЖ-не ақша аударымдары  жүзеге асырылады.

 

Ұлттық Банк (ҚҰБ) 1994 жылы төлем жүйесі реформасын жүргізуді  бастады. Оның негізгі мақсаты банктер  мен оның клиенттерінің арасында төлемдер жүргізуді тездету болып  табылды.Сенімді және қауіпсіз төлем  жүйелері мемлекеттің қаржы жүйесінің  тұрақтылығының артуына ықпал етеді, тұтастай алғанда, қаржы ресурстарын  тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді  және қаржы нарықтарының өтімділігін  жақсартады, сондай-ақ сатушылар мен  сатып алушылардың арасындағы уақытылы есеп айырысуға кепілдік береді.

 

Бұрынғы орталықтандырылған жоспарлау жүйесінен мұра болып  қалған және бұрынғы Кеңес Одағының Мемлекеттік банкі қолдау көрсететін Қазақстанның қолма-қол ақшамен  жасалмайтын есеп айырысу жүйесі нарық экономикасының жаңа талаптарына  сай келмеді. Соған байланысты, Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі 1991 жылы төлем жүйесіне реформа жүргізуді  бастады.

 

Бастапқы қалыптасу сатысында  Қазақстан Республикасы төлем жүйелері реформасының негізгі мақсаттары банктер  мен олардың клиенттері арасында төлемдердің жүргізілуін (90-шы жылдардың  басында бір төлемің өткізілуі 3-12 күнді құрайтын) жылдамдату, сондай-ақ айналысқа әр түрлі төлем құралдарын (тапсырмаларды, чектерді, төлем талаптарын) мейлінше кең ендіру болып табылды.

 

Төлем жүйесін реформалаудың  алғашқы қадамы 1991 жылы коммерциялық банктердің филиаларалық айналымдар (ФАА) шоттарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында ашылған  корреспонденттік шоттарға көшуі болып  табылды, мұның өзі ФАА-ны жабуға, банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруды  реттеуге және коммерциялық банктерге  кассалық қызмет көрсетуді орындауды  қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Банкаралық есеп айырысуды  қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк 1992 жылы барлық аудандарда, қалаларда, облыстық орталықтардың қалалық  аудандарында және Алматы қаласында  есеп айырысу-касса орталықтарын құрды. 1992 жылдың ортасына таман Ұлттық Банктің 19 облыстық ЕКО және 274 аудандық ЕКО-лары жұмыс істеп тұрды.

 

1993 жылы техникалық құралдардың  дайын болуына қарай, төлемдерді  жылдамдату, сондай-ақ жалған авизоны  пайдалануға жол бермеу мақсатында  Қазақстан облыстарының арасындағы  есеп айырысуларда электрондық  төлемдерді ендіру басталды.

 

1995 жылы Ұлттық Банктің  негізінде Қазақстандағы тұңғыш  Алматы клиринг палатасы (АКП)  ұйымдастырылды, ол көпжақты өзара  есептесу әдісі бойынша жұмыс  істеді. Түпкілікті есеп айырысулар  әрбір қатысушының таза позициясы  бойынша операциялық күннің аяғында  бір рет жүргізілді. Осы жүйенің  негізгі кемшілігі қатысушы банктерге  осы күннің аяғында қағаз тасымалдауыштардағы  төлем тапсырмаларымен алмасу  жүргізуге тура келетін еді.  Бұған «электрондық төлем тапсырмасы»  деген нормативтік бекітілген  ұғымның және төлемдерді электрондық  тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндіктің  болмауы себепші болды.

 

Қазақстан Республикасының  төлем жүйесін дамыту және жетілдіру  мақсатында Ұлттық Банктің облыстық филиалдарының жанында аймақтық клиринг палаталары құрылды, олар аймақішілік  төлемдердің банкаралық клирингін  жүзеге асырды. Осы кезеңде барлығы 19 клиринг палатасы болды.

 

1996 жылы АКП Қазақстан  Банкаралық Есеп айырысу Орталығы (ҚБЕО) болып қайта құрылды, оған  қазіргі заманғы жабдық қойылды  және электрондық төлем тапсырмаларымен  жұмыс істеуге мүмкіндік беретін,  қағаз тасымалдауыштардағы растауды  талап етпейтін бағдарламалық  қамтамасыз ету әзірленді. Бұл  Қазақстан Республикасының заңнамасында  төлемдерді электрондық тәсілмен  жүзеге асыру мүмкіндігі көзделіп, «электрондық төлем тапсырмасы»  ұғымы бекітілгеннен кейін мүмкін  болды.

 

Республиканың төлем жүйесін  дамытудағы маңызды сәттердің бірі 1996 жылдың тамызында ҚБЕО негізінде  электрондық төлем тапсырмаларын  өңдейтін, жалпы негізде есеп айырысуларды жүзеге асыратын және болашағы бар RTGS (нақты уақыт режиміндегі жалпы  есеп айырысулар жүйесі) сипатындағы Iрі төлемдер жүйесінің құрылуы болды.

 

1998 жылдың қазаны мен  қарашасы аралығындағы кезеңде  жүргізілген Ұлттық Банктің орталық  аппаратында екінші деңгейдегі  банктердің корреспонденттік шоттарын  орталықтандыру төлем жүйелерін  жетілдіруге ықпал еткен маңызды  іс-шара болып табылды. Корреспонденттік  шоттарды орталықтандыру Ұлттық  Банкке есеп айырысу банкінің  және банктер банкінің функцияларын  жедел жүзеге асыруға, төлем  жүйесін және тұтастай алғанда,  банк жүйесін бақылау функцияларының  тиімділігін арттыруға мүмкіндік  берді.

 

Бөлшек төлемдер нарығын  дамыту және банк қызметіндегі осы  салада көрсетілетін қызметтің сапасын  жақсарту мақсатында Ұлттық Банк 1999 жылы Ұлттық Банктің облыстық филиалдары жанындағы клиринг палаталарын  жауып тастады. Қазіргі уақытта  бөлшек төлемдер клирингін ҚБЕО-ның  клиринг жүйесі жүзеге асырады.  

 

2000 жылдың аяғында ҚБЕО  Ірі төлемдер жүйесі пайдаланушылардың  шотындағы қол жететін қаражаттар  шегінде нақты уақыт режимінде  есеп айырысуларды (RTGS) жүзеге асыратын  және халықаралық қаржы ұйымдарының  жалпы негізде төлем жүйелеріне  қоятын барлық негізгі талаптарына  жауап беретін Банкаралық ақша  аударымдары жүйесі  (БААЖ) болып  қайта құрылды. БААЖ-ды ендіру  Қазақстанның төлем жүйелері  дамуының келесі кезеңі болды,  бұл жүйе мониторингінің және  жүйеге қатысушы  банктердің өтімділік  тәуекелдерін басқару тетіктерін  жетілдіруге мүмкіндік берді.

 

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасының аумағында екі  ұлттық жүйе жұмыс істейді:  Банкаралық ақша аударымдары жүйесі  (БААЖ) және  Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ).

 

 

 

KZM электронды  төлем жүйесі

 

KZM (ағылш. «Қазақстандық  ақша») — Қазақстан Республикасында  әзірленген дебеттік электронды төлем жүйесі. Жүйені іске қосу 2011 жылдың шілде айында жүргізілген. Қазіргі кезде жүйеде 300 000 аса тіркелген пайдаланушылар бар. Сарапшылардың пікірінше, KZM «электронды ақша» атқарымдығына ие, бірінші қазақстандық төлем жүйесі болып табылады. Сыншылар жүйеде пайдаланушыларды тіркеу шаралары қиын екендігін баса айтып отыр.

Төлемдер мынадай  қызмет көрсетулер пайдасына іске асырылады:

ЖКХ (ИВЦ Алексо, Казатомпром, және т.б.)

Теледидар;

Телефония мен нтернет;

Сауда-саттықтар (allegro және басқа  да);

Интернет дүкендер (flip.kz және басқа да);

Дисконт сервистер (мысалы, chocolife.me);

Шетелдік төлем жүйелері (ЯндексДеньги және басқа да);

Басқадай қызметтер (мысалы, әлеуметтік желілер, kolesa.kz, компьютерлік ойындар).

Төлемдерді іске асыру  үшін KZM қорғалған қосылыстарды және көп факторлы түпнұсқаландыру механизмін пайдаланады. KZM пайдаланушылары ақшаны бір-біріне аудара алады, жүйеден ақшаны шығара алады.

 

KZM құру идеясы

«Альянс Банкі» АҚ (бұдан  әрі - Банк) қызметкерлерінің пікірінше, 2009 жылы Банк басшылығы мен мамандары, пайдаланушыларға үйден шықпай-ақ, өзін барлық қажеттілермен қамтамасыз етуге, КАЗНЕТ-те қауіпсіз төлемдер жүргізуге  мүмкіндік беретін жүйе тұжырымдамасын құрды. Банк қызметкерлерінің айтуымен, осы идеяны «Innovation Process Group» ЖШС  мамандары жүзеге асырды.

 

Банк пен IPG рөлі

Жүйенің веб-сайтына ұсынылған  ақпаратқа сәйкес, KZM төлем жүргізетін пайдаланушылар мен қызмет көрсетуді  жеткізушілер арасындағы делдал болып  табылады. Төлемдер процессингі «Альянс  Банкі» АҚ ИТ жүйесінде арқарылады. Банк қызметкерлері, осы деректің нәтижесінде  жүйенің қауіпсіздігі жоғары дәрежеде екенін атап көрсетті. Алайда, сыншылардың  пайымдауынша, пайдаланушылар Банкіге  байланып қалады.

 

KZM артықшылығы  мен қауіпсіздігі

Жүйені құрушылардың пікіріне сай, KZM пайдалану кезінде пайлданушылар  үшін қаржылық тәуекелдіктер едәуір төмендейді.

Ақша, қандай да бір жеке тасымалдауышқа беркітілмей, қауіпсіз тасымалдауышта сақталады.

Процессинг, Банкінің ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі - АҚ) шараларына сәйкес қызмет атқаратын, Банкінің ИТ жүйесінде іске асырылады.

KZM көп факторлы түпнұсқаландыру  механизмді және АҚ басқа да  шаралары пайдаланады.

 

KZM әмияндарының  түрлері

Базалық әмиян Премиум-әмиян

Коммерсанттар мен сервис-провайдерлердің  қызметтерін төлеу мүмкіндігі Коммерсанттар мен сервис-провайдерлердің қызметтерін төлеу мүмкіндігі

Банкімен шарттар жасасу қажет емес Банкіде есеп айырысу шоты болуы керек

Базалық әмиянды қайталап толықтыру мүмкіндігі жоқ Премиум-әмиянды түрлі тәсілдермен толықтыру мүмкіндігі бар

Базалық әмияннан ақшаны тікелей  шешіп алу мүмкіндігі жоқ Премиум-әмияннан ақшаны түрлі тәсілдермен шешіп алу мүмкіндігі бар

Басқа Базалық әмияндарға ақша аудару мүмкіндігі жоқ Басқа премиум-әмияндарға ақша аудару мүмкіндігі бар

 

KZM толықтыру тәсілдері

Жүйеде әмияндарды толықтырудың екі мүмкіндігі қарастырылған:

Банкінің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері арқылы.

Онлайн.

Жүйені құрушылардың мәлімдеулеріне сәйкес, жуық арада төлемді мынадай  арналар арқылы іске асыру жоспарланып  отыр:

Мобильді телефон арқылы (Handypay).

Төлем терминалдары.

Банкоматтар.

 

Интернет дүкендер үшін мүмкіндіктер

Қазақстандық кәсіпкерлердің пікірінше KZM-мен ынтымақтасатын Интернет дүкендер мынадай үш артықшылыққа ие:

KZM бүкіл Қазақстан бойынша  сату арналарын ұсынады. Мысалы, KZM елдің Банк бөлімшелері орналасқан, барлық елді мекендерінде пайдаланылады.

Интернет дүкендермен  өзара есеп айырысу 24 сағат бойы іске асырылады.

KZM-мен ынтымақтасатын  Интернет дүкендер, пайдаланушылардың  көз алдында қызмет көрсетудің  сыналған және сенімді жеткізушілері  ретінде орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  төлем жүйелерін

қадағалауды жүзеге асыру

 

Соңғы он жылдықта дамыған  төлем жүйелері бар елдер төлем    жүйелерін  белсенді түрде реформалауда,  бұл    елдің қаржы жүйесі мен тұтастай алғанда  экономикасында    төлем жүйелерінің басты рөл атқаратынын түсінуге жəне    тануға байланысты. Төлем жəне есеп айырысу жүйелерін реформалау  жаңа технологиялардың  дамуына,   ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізудің тиімділігі жəне    қауіпсіздігі  мəселелері маңыздылығының күшеюіне тікелей байланысты.  Осы үрдістер  Қазақстанға да қатысты.

Төлем жүйелері -  қаржы  секторының    асы маңызды  саласы.  Ұлттық жəне халықаралық деңгейлерде жылдам технологиялық өзгерістермен,  сондай-ақ осы саладағы бəсекелестікпен    бірге      Ұлттық Банктің саясаты    екі деңгейдегі төлем жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қолдауға тұрақты түрде назар аударуға тиіс. 

Шетел сарапшылары   Қазақстанның төлем жүйелері бұрынғы кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі алдыңғы қатарлы төлем жүйесі болып табылатынын бірнеше рет атап айтты.  Мысалы,  Банкаралық ақша аудару жүйесі  (БААЖ)  Халықаралық есеп айырысу банкінің    төлем жəне есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитет əзірлеген жүйелік мəні бар төлем жүйелеріне  қойылатын Басты қағидаттарға сəйкес келеді.

Төлем жүйелері жұмыс істеген  жылдары    Ұлттық Банк    төлем жүйелерінің тиімді жəне тұрақты жұмысын қамтамасыз етті,  алайда    оларды одан əрі жетілдіру жөніндегі Ұлттық Банктің стратегиясын қалыптастыру,  сондай-ақ    əлемдік практикадағы соңғы жетістіктерге сəйкес    тиісті ақпарат технологиялары мен техникалық жабдықтарды    қамтамасыз ету      мақсатында    төлем жүйелерін дамыту жұмысын жалғастыру қажет.

Дамудың осы кезеңінде  Ұлттық Банктен төлем жүйелері қызметінің операторларын,   төлем жүйелерін техникалық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету провайдерлерін,  сондай-ақ төлем жүйелерін    пайдаланушылардың өздерін бақылау жəне мұқият қадағалау жүргізу жүйесін ұйымдастыру талап етіледі.

Қазіргі заманғы кезеңді  бағалау жəне    төлем жүйелерін  қадағалауды

ұйымдастыру  қажеттілігінің  негіздемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»   Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес   Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттердің бірі төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан басқа,  Қазақстан Ұлттық Банкі    Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру    тəртібін,  жүйесін жəне нысанын айқындайды,  банктер,  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында қазақстандық    теңгемен      ақша аударымдарын уақтылы жəне үздіксіз   жүргізуді қамтамасыз   ететін   төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды ұйымдастырады, сондай-ақ  оны жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда  төлем жүйелерін қадағалау    дамудың бастапқы кезеңінде тұр.   Төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асыру мақсатында    Қазақстан Ұлттық Банкі    төлем жүйесі пайдаланушыларының    жұмыс орнының қауіпсіздігін тексеруді жүзеге асырады.  Бұл ретте    нормативтік құқықтық база,  техникалық жəне ақпараттық  қауіпсіздік мəселелері, сондай-ақ оны төлем жүйелеріне кіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдық іс-шаралар тексеріледі.

Халықаралық терминологияға сəйкес    қадағалау –  қолданылып жүрген жəне  жоспарланатын тетіктер мониторингі арқылы жəне өзгерістерді енгізу қажеттілігі кезінде төлем жəне есеп айырысу жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі мақсаттарына жету жөніндегі Орталық Банктің функциясы.  Қазақстан Республикасының заңнамасынан басқа Ұлттық Банкке    төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін жасау үшін Халықаралық есеп айырысу банкінің  төлем жəне  есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитет əзірлеген жүйелік мəні бар төлем жүйелеріне   қойылатын Басты   қағидаттарға  (бұдан əрі – Басты қағидаттар),  халықаралық қаржы институттарының ұсынымдарына жəне шет елдің орталық банктерінің тəжірибесіне  негізделуі қажет.

Басты қағидаттар    барлық елдерде,  олардың экономикасы    дамыған,  өтпелі немесе дамушы екендігіне қарамастан    ақылға қонымды уақытша мерзімде    ендіруге арналған.

Басты қағидаттарды тиімді қолдану Ұлттық Банк төлем жүйелері саясатының мақсаттарын орындауға ұмтылған жағдайда маңызды болып табылады.  Соңғы жылдары дамыған төлем жүйелері бар елдерде,  оның ішінде Еуропалық Одаққа қатысушы елдерде,   төлем жүйелерінің жұмыс істеуі жəне оны қадағалау барысында, əсіресе, орталық банктердің маңызды рөл атқаратыны  айдан анық болды. Төлем жүйесінің жүйелік мəнін бағалау кезіндегі басты фактор жүйе қатысушыларының ресурстарына қатысты жəне тұтастай алғанда барлық қаржы жүйесінің контексінде   жиынтық   немесе жеке көрсетуде    төлем жүйесімен өңделетін сома болып табылады.

Жүйенің      жүйелік  мəнін айқындау кезіндегі тағы бір  фактор    өңделетін төлемдер сипаты болып табылады.  Өзге де төлем жүйелері бойынша есеп айырысуға арналған    жүйе  (мысалы,  егер онда    көп жақты    неттингтік есеп айырысу жүйесі қатысушыларының таза ұстанымының    есеп айырысуы жүзеге асырылса)   немесе  қаржы нарығының транзакциялары бойынша есеп айырысу үшін    төлемдерді өңдеуге арналған жүйе  (мысалы,   ақша нарықтарындағы немесе    валюта нарықтарындағы  немесе бағалы қағаздар нарығындағы операциялар үшін ақша аударымдары бойынша транзакция)  əдетте жүйелік мəні бар төлем жүйесі ретінде қарастырылады.

Егер біз жүйелік мəні бар жүйемен жұмыс істемесек,   əсіресе,  жүйе кеңінен пайдаланылған жағдайда оған кейбір немесе тіпті барлық Басты қағидаттарды қолдануға болады жəне пайдаланушылардың    осы сəтте    осындай төлемдерді жүргізудің балама тəсілдері жоқ.

Бағалы қағаздар бойынша  есеп айырысу жүйесі көбіне    басқа жеке төлем жүйесіне қосылу арқылы немесе  бағалы қағаздардың меншікті есеп айырысу жүйесінің шегінде    төлем тетіктерін ұсыну арқылы қатысушылар арасында    төлемдерді аудару тетіктерін ұсынады. Кейбір жағдайларда неттингке ұқсас   жəне кейінге қалдырылған есеп айырысуы бар   неттингтік төлем жүйесі сияқты     тəуекелдері болуы мүмкін ақша қаражаттарын аудару бойынша    клирингтік қызметтерді ұсынады.   Бұл жерде əңгіме көбінесе ірі сомалар туралы болады,  сондықтан мұндай жүйелердің    жүйелік мəні болуы мүмкін.

Осыған байланысты    Қазақстандағы жүйелік мəні бар  төлем жүйесі ретінде БААЖ -сін, сондай-ақ  бағалы қағаздармен жəне шетел валютасымен (болған жағдайда) операциялар бойынша есеп айырысу жүйесін тануға болады. Орталық банк ретіндегі Қазақстан Ұлттық Банкінің      төлем жүйелері саласындағы негізгі рөлі төлем жүйелері қауіпсіздігі мен тиімділігінің міндеттерін іске асыру,  мұны Халықаралық есеп айырысу банкінің жанындағы    төлем жəне есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитет те ұсынды. Жүйелік мəні бар    Төлем жүйелері үшін    Басты қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыру   жөніндегі орталық банктің төрт міндеті  орталық  банк  атқаратын рөлден туындайды:

А   міндеті – Орталық  банк   төлем жүйелеріне қатысты  өз мақсаттарын нақты айқындауға міндетті жəне өзінің рөлі мен жүйелік мəні бар төлем жүйелеріне қолданылатын  саясаттың негізгі түрлерін жариялауға тиіс.

В міндеті –  Орталық  банк    өзі оператор болып  табылатын жүйенің Басты қағидаттарға  сəйкес келуін қамтамасыз етуге тиіс.

С міндеті –  Орталық  банк өзі оператор болып табылмайтын   жүйелердің Басты қағидаттарға    сəйкес келуін қадағалауды жүзеге асыруы тиіс жəне осындай қадағалауды тиісті түрде жүзеге асыру үшін мүмкіндіктері болуы тиіс.

D  міндеті –   Басты  қағидаттар арқылы төлем жүйелерінің  қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін Орталық банк    басқа орталық банктермен жəне кез келген басқа қатысты ішкі жəне шетелдік органдармен  ынтымақтаса қызмет істеуі тиіс.

Бұл ретте  орталық банктің  өзі оператор болып табылатын  жəне оператор болып табылмайтын   жүйелік мəні бар төлем жүйелеріндегі орталық банкке тəн міндеттер  (В жəне С)  арасында айырма жүргізіледі.  Орталық банктің    осы екі   жағдайда əр түрлі міндеттері болады,  алайда екі жағдайда да    орталық банктің мақсаттары    төлем жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі болып табылады,  сондықтан Басты қағидаттарды қолдану қажетті элемент болып табылады.

Орталық банктер қай кезде  де      төлем жүйелері үшін есеп айырысу шоттарын ұсынатын ұйымдардың рөлін атқарды,  ал олардың көпшілігі операторлар    да болды. Халықаралық тəжірибе   дамыған төлем жүйелері бар   елдердің   барлық дерлік орталық банктерінің    операторы орталық банктің өзі болып табылатын    орталық банктің шоттарында есеп айырысуларды   жүзеге асыратын кем дегенде бір жүйесі болатынын көрсетіп отыр. Жақында ғана қауіпсіздік пен тиімділіктің басты рөлі ресми танылды жəне осыған байланысты    төлем жүйесін қадағалау сияқты    осындай дербес функция  таныла жəне айқындала бастады.  Мысалы,   Швейцарияның Ұлттық Банкі  «Ұлттық Банк туралы»  Заңда    функция ретінде    мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын    төлем жүйелеріне қадағалау жүргізуді атап көрсетеді.  Қазіргі уақытта    көптеген орталық банктер    орындалуы қаржылық тұрақтылыққа ықпал ететін жəне ақша-кредит саясатын іске асыру жөніндегі шараларды толықтыратын    маңызды функция ретінде    жүйелік мəні бар төлем жүйелерін   қадағалауды мойындайды. Бұл   тиімді ақша-кредит саясатын   жүзеге асыру жəне қаржы жүйесінің тұрақтылығы кезінде    төлем жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігінің маңызды рөлін көрсетеді. Қадағалау органы ретінде орталық банктің рөлі əр түрлі   құқықтық жəне ұйымдық шеңберлерде   орындалуы мүмкін. Осы функцияның салыстырмалы түрдегі жаңалығы    оның айқындамасын жəне    А,  В жəне С міндеттерінде    көрсетілген    жұртшылыққа ақпарат беру    арқылы аса маңызды    етіп көрсетеді.

Төлем жуйесі