Төлем карточкалары бойынша статистика
ANB 2211 АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР
3 кредит
1. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.
2. ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: э.ғ.д., доцент Мақыш С.Б. - Қ. Сатпаев атындағы Қазак ұлттық техникалық университеті; э.ғ.д., профессор Д. Абленов - Қазақ қатынас жолдары университеті.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 30 желтоқсан 2009 жылғы № 611 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.
4. Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «050509 - Қаржы» мамандығы бойынша ӘЗІРЛЕНГЕН.
5. Ресиубликалық Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында ҚАРАЛДЫ 2009 жыл 25 маусым № 1 хаттама
Бұл типтік бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды
ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа талаптары оқу бағдарламасының жаңа кұрылымы мен оның мазмұнын сипаттайды.
«Ақша, несие, банктер» курсы - кең профильді маман ретінде банкирлер дайындауға негіз бола алатын теориялық курс, Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент және тағы да басқа оқу пәндерімен қосыла отырып, ақша-несиелік қатынастар, банктік қызмет теориясы және оны ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастыра отырып, олардың экономикадағы маңызы мен қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
«Ақша, несие, банктер» оқу
пәні келесідей мақсаттарды
- студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінің қызмет істеу негіздері бойынша, халықаралық несиелік есеп айырысу және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша біртүтас білім жүйесін қалыптастыру;
- пәннің мәні мен мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;
- барлық ұғымдардың өзара байланысы мен олардың ішкі логикасын ашу.
«Ақша, несие, банктер» оқу пәнінің міндеттері:
- студенттерге ақша, несие, банктердің теориясы бойынша қажетті теориялық білімнің белгілі-бір минимумын беру;
- оларға банк сферасында қызмет істеу үшін қажетті практикалық машықтарды дарыту;
- банк қызметінің болашақ профессионалдарына алдағы уақытта болуы мүмкін, ықтимал банктік жаңашьш қызметтер, интернет-технологиялар және тағы басқа өзгерістерге бағыт беріп қою.
«Ақша, несие, банктер» курсының бағдарламасы мемлекеттік стандарттарға және мазмұндау логикасына сәйкес бес дербес бөлімге, сонымен бірге, оқу пәнінің негіздік проблемаларын қарастыратын өзара байланысты бірсыпыра бөлімшелерге бөлінген.
«Ақша, несие, банктер» курсының
сызбасы меңгеру процессін
ПӘНШҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
1 бөлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі түсініктер
- тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері.
- тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі.
- тақырьш Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері.
2 бөлім. Несие және несие жүйесі
- тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие.
- тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері.
- тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері.
3 бөлім. Банктер және банк жүйесі.
- тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы.
- тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары.
- тақырьш Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру.
- тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық-делдалдық операциялары.
4 бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, құрылымы мен құралдары
- тақырып Бағалы қағаздар нарығы.
- тақырып Қор биржалары.
5 бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар.
5.1. тақырып Валюта жүйесі және валюталық қатынастар.
- тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар.
- тақырып ҚР-дағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
«Ақша, несие, банктер» курсының мәні, оның басқа оқу пәндерінің арасында алатын орны. Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Осы пәннің объектілері мен зерттеу әдістерін сипаттау. Қарастырылатын тақырыптарға қысқаша тоқталу. Пәндердің өзара байланысы. Оку әдістері мен жүргізілетін сабақтардың түрлері. Студенттердің білімін, олардың өзіндік және зерттеу жұмыстарын бағалау, қадағалау формалары. Қажетгі әдебиеттер тізімін ұсыну.
Негізгі бөлім
1 бөлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі түсініктер
1.1. тақырып.
Ақшаның мәні және оның атқарат
Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажетгілігі. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша формалары. Ақшаның атқаратын қызметгері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның жүзеге асуы.
Акша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс заңы. Шаруашылык айналымының ақшаға деген қажеттілігін бағалау Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. Ақша қор жинау және қазына жасау құралы ретінде. Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.
Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Әлемдік ақшаның құрылымдық формаларының эволюциясы.
Әлемдік ақшаның құн өлшемі, айырбас құралы және жалпы байлықтың қоғамдық заттануы ретіндегі атқаратын қызметтері. Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік ақшалар ретінде қолдану. Алтынның демонетизациялану процесі. Қазіргі тандагы алтынның ролі.
1.2. тақырып. Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі
Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет етуші акшаның формалары: толық құнды, толық құнсыз - қағаз және несиелік ақшалар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналысы. Акшалай және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз ақшалар айналысы. Электронды төлем күралдары. Ақша базасы, акша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары. Инфляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалык салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.
1.3. тақырып. Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері
Ақшалай дағдарыстар. Ақша реформаларының тарихи маңызы. КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезендері. КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы акша реформасы, оның қажеттілігі мен жүргізілу ерекшеліктері.
2 бөлім. Несие және несие жүйесі
2.1. тақырып. Қарыз капиталы, пайыз және несие
Несиелік қатынастардың пайда болуы және дамуы. Тауар өндірісі және қоғамдык ұдайы өндіріс - несиелік қатынастардың даму негізі. Несиеге деген қажеттілікті тудыратын негізгі және айналым қорларының (капиталдың) айналу зандылықгары, Несиелік капиталдың құрылу көздері. Біздің елімізде несие қорларын күрудағы ерекшелікгер. Несиенің мәні және оның өзіндік экономикалық категория ретіндегі сипаттамасы.
Несиелік капитал мен несие корларынын (несиелік ресурстардың) сипаттамалары, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер. Несиелік капитал мен несиелік ресурстар нарығы.
Несиелік проценттің экономикалық мәні. Тауар өндірісі мен несиелік қатынастар - несиелік проценттің даму негізі. Несиелік процент бойынша қарым-қатынастар субъектілері. Процент мөлшерін анықтаушы факторлар. Проценттік қойылымдар, түрлері және олардың ерекшелікгері. Қарыз алушылар мен қарыз берушілеріне байланысты проценттөлеу көздері.
Несиенің атқаратын қызметтері. Несиенің қайта бөлу қызметі. Уақытша бос ақша құралдарын қайта болу механизмі. Нағыз ақшаларды несиелік ақшалар және операциялармен алмастыру, айналыс шығындарын үнемдеу қызметі.
Несиелік капиталды орталықтандыру және шоғырландыруды жылдамдатудағы қызметі.
Несие формалары. Банкгік несие - несиенің неғұрлым кеңірек дамыған формасы. Банктік несиенің түрлері, оның біздің еліміз-дегі және шетелдегі даму ерекшеліктері. Коммерциялық несие және оның ерекшеліктері. Тұтыну несиесі, оның түрлері және оның әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие. Халықаралық несие.
2.2. тақырып. Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері
Несие жүйесі туралы үғым, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық элементгері. Несиелік мекемелердің түрлері: банктік және банктік емес қаржылық-несиелік институттар.
Банктік мекемелердің түрлері. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықгық формалары. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.
Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оньщ құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері. Банк жүйесінің түрлері.
Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі. Бірінші және екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесін құру және даму ерекшеліктері.
Экономикасы дамыған елдердің банк жүйесі және қызмет ету ерекшеліктері.
2.3. тақырып. Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері
Маманданған несиелік-қаржылық институттар, олардың типтері мен қызмет ету спецификасы. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері. Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.
3 белім. Банктер және банк жүйесі
3.1. тақырып.
Мемлекеттің Орталық банкі,
Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы, түрлері және мемлекет экономикасындағы оның рөлі.
«Қазақстан Республикасының Ұлт
Қазақстан Республикасының Орталық банкі - Ұлттық банк. ҚР Ұлттық Банкі, оның құрылымы, занды статусы және есеп беруі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасында баға тұрақгылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және оны жүргізу. Валюталық ретгеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру. Қаржы жүйесінің тұрақгылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.
Ұлттық банктің капиталы, резервтері мен табысы. Ұлттық банкпен басқаруды ұйымдастыру. Ұлттық банктің жоғары басқару органдарын құру тәртібі және олардың өкілеттілігі.
3.2. тақырып. Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары
Ақша-несие саясатының түрлері: рестрикциялық, экспансиондық, дефляциялық және селективтік. Ақша айналысын басқару. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекіту. Ақша-несие саясатының жүзеге асыратын операцияларының түрлері. Минималды резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу.
Бағалы қағаздарды сату және сатып алу. Ақша-несие саясаты-ның негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу.
Банктердің алған қарыздарының жалпы көлемін реттеу. Валюталық интервенциялар жүргізу. Депозиттік саясат. Ұлттық банк - «банктердің банкі». Ұлттық банк - Үкіметтің басты банкирі, қаржылық кеңесшісі және агенті.
3.3. тақырып. Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оньг тоқгату тәртібі. Банктік лицензия түсінігі.
3.4. тақырып.
Коммерциялық банктердің
Банктердің активті және пассивті операцияларынын сипаттамасы. Пассивті операциялар. Банктердің өз қаражатын құру әдістері. Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражаттарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.
Банктердің активті операциялары. Несиелік операциялар. «Несиелік желі» түсінігі, қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке ала отырып; берілетін ссудалар. Вексель және басқа бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. Инвестициялық, факторингтік, лизингтік, консорциялдық операциялар. Банктердің комиссиондық-делдалдық және сенім (траст) операциялары.
Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.
4 бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, құрылымы мен құралдары
4.1. тақырып. Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдесіндегі Заңы.
4.2. тақырып. Қор биржалары
Қор биржасының пайда болуы және дамуы. Қор биржасын ұйымдастыру ерекшеліктері және экономикасы дамыған елдерде кор биржасымен басқару. Қазақстан Республикасының қор биржасы, мақсаттары мен қызмет түрлері. Қор биржасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.
ҚР-да бағалы қағаздар нарығының кэсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеуші ұйымдары, кәсіби қызметтері. Брокерлік және диллерлік қызмет. Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.
5 бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар.
5.1. тақырып. Валюта жүйесі және валюталық қатынастар
Валюта жүйесін ұйымдастыру формалары: ұлттық және халықаралық, дүниежүзілік. Валюта жүйесінің элементтері.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму сатылары: 1867 ж. Париж конференциясы, 1922 ж. Генуя, 1944 ж. Бреттон-Вудс, 1976 ж. Ямайка конференциялары.
Төлем балансы және оның құрылымы. Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы. Төлем балансына әсер етуші факторлар: инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер.
Валюта курсының экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Шетел валютасымен несиелеу және есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі.
Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару.
2005 жыл 13 маусымдағы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
5.2. тақырып. Халықаралық валюталық-несиелік институттар
Халықаралық валюталык қор (ХВҚ-МВФ), оның атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Әлемдік Банк Тобы, оның құрылымдық бөлімдері: халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК-МФК), халықаралық даму ассоциациясы (ХДА-МАР), инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жакты агенттік (КЖКА-МАГИ), халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚКДБ-МБРР).
Әлемдік банктің (ХҚКДБ) міндеттері мен мақсаттары, оның ұйымдастырылу құрылымы мен басқарылуы.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚКДБ-ЕБРР) мақсаттары мен қызметгері.
5.3. тақырып. ҚР-дағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі
Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қызметтері.
Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.
Қазақстан Республикасындағы халықаралық каржылық институттардың қызметі.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
- Ақшаның мәні және оның атқаратын кызметтері
- Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі
- Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері
- Қарыз капиталы, пайыз және несие
- Несие жүйесі, несиелік мекемелердің түрлері
- Банкгік емес несиелік мекемелердің мәні және оның түрлері
- Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары
- Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру
- Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық-делдалдық операциялары
- Бағалы қағаздар нарығы
- Қор биржалары
- Валюта жүйесі және валюталық қатынастар
- Халықаралық валюталық-несиелік институттар
- ҚР-дағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі
«АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР» ПӘНІ БОЙЫНША
КУРС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
- Ақша теориялары
- Ақшаның мәні және атқаратын қызметгері: олардың ерекшеліктері мен модификациясы
- Ақша жүйесі: түсінігі және элементтері
- Ақша жүйесі түсінігі және оның негізгі типтері
- Ақшаның түрлері және оның даму эволюциясы
- Металл ақша айналысы, олардың даму тарихы мен қагаз ақшаларға көшу себептері
- Қағаз ақшалар және олардың айналу заңдылықтары
- Несиелік ақшалардың сипаттамасы
- Ақшаның атқаратын қызметтерін сипаттау
- Электрондык ақшалардың сипатг амасы
- Вексель және оның айналысы
- Коммерциялық банктердің вексельдік операцияларының түрлері
- Чек: түсінігі, атқаратын қызметтері, түрлері және олардың Қазақстан банктерінде қолданылуы
- Несиелік ақшалар: түсінігі, түрлері және оларды банк жүйесінде қолдану
- Несие жүйесі, оның тетіктерін сипаттау
- Несие жүйесі несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер жиынтығы ретінде
- Несие жүйесі және оны мемлекетгік реттеу
- Несие жүйесінің қазіргі тандағы проблемалары
- Ақша реформалары ұлттық валютаны тұрақгандырудың әдісі ретінде
- 1922-1924жылдардағы ақша реформалары
- 1993 жылғы Қазақстандағы ақша реформасы
- Ақша айналысының сипаттамасы және оның даму эволюциясы
- Несиенің мәні, қажеттілігі және оның формалары
- Несиелік ресурстар және оның құрылу көздері
- 1930-1932 жылдардағы несиелік реформа
- Нарықтың даму шарттарындагы несиенің ролі
- Несиелік процент және оның экономикалық мазмұны
- ҚР коммерциялық банктері, олардың атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары
- Ақшаның мәні мен қажеттілігінің қазіргі таңцағы анықтамасы
- Нарықтық экономикадағы ақшаның қажеттілігі
- Несие теориялары
- ҚР банк жүйесінің дамуы
- ҚР несие жүйесінің дамуы
- 1987-1988 жылдардағы банк жүйесіндегі реформалар және банктер қызметін нарықтық негізге көшіру қажеттілігі
- Қазақстан Респубикасы Ұлттық Банкі және оның атқаратын қызметтері
- Қазақстанда вексель айналысының дамуындағы коммерциялык банктердің ролі
- Арнайы банктер: түсінігі, олардың түрлерін сипатгау
- Орталық банктер, олардың түрлері мен атқаратын қызмеітері
- Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- Проценттің экономикалық мәні және Қазақстан пайыз саясаты
- Қазақстан Респубикасы Ұлттық Банкінің жүргізетін операциялары
- Коммерциялық банктер: мәні, түрлерінің сынынтамасы мен қызметтері
- Инфляция: мәні, көріну формалары, түрлері
- Инфляция және ақша
- Инфляция және банктік процент
- Батыс елдерінің Орталық банктері және ақша-несиелік саясатының әдістері
- Қазіргі тандағы ҚР-ң ақша-несиелік сферасындағы ағымдық тенденциялар
- Банктердегі кассалық айналымды болжамдау ақша айналысын ретгеу ретінде
- Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы банк жүйесі
- ҚР банк жүйесіне әлемдік дагдарыстың әсері
- Банк жүйесі: түсінігі, түрлері және құрылымы
- Қазақстан Республикасында несиелік мекемелердің дамуы
- Несиелік бюро: мәні және оны Қазақстанда құрудың қажетгілігі
- АҚШ банк жүйесі
- Жапонияның банк жүйесі
- Анлияның банк жүйесі
- Бреттон-Вуд жүйесінің дағдарысы, қазіргі әлемдік ақшалар
- Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының жаңа бағытттары
- Несиелік серіктестіктер және оның несие жүйесінің дамуындағы ролі
- ҚР-да несиелік институттардың дамуы
- ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары
- Ломбардтар, олардың мәні және маңызы
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары
- Банк жүйесінің даму перспективалары
- Қазіргі тандағы зейнетақы қорлары
- Қазақтан Республикасының зейнетақы реформасы
- «Қазақтан ипотекалық компаниясы» АҚ
- ҚР сақтандыру нарыгынын даму перспективасы
- Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдеу (сақтандыру) жүйесінің дамуы
- Несиелік капитал: мәні, көздері және ерекшеліктері
- Коммерциялық банктің активті операциялары
- Коммерциялық банктің пассивті операциялары
- Коммерциялық банктің операциялары
- Экономикасы дамыған елдердің қазіргі таңдағы ақша жүйесінің даму ерекшеліктері
- ҚР-дағы қолма-қолсыз есеп айырысу формалары
- Банктік карталар: түсінігі, атқаратын қызметтері, түрлері
- Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операциялары
- Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
- Мемлекеттікбағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер
- Ресей Федерациясының банк жүйесі
- Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің да-муы
- Төлем тапсырмалары және чектермен есеп айырысу
- Нарық шартгарындағы несие ролінің жоғарылауы
- Ипотекалық несиелеу (шетелдік тәжірибе)
- Төлем карточкаларының дамуы және қазіргі проблемалары
- Қазақстанда ақша айналымын тұрақтандыру проблемалары
- Жаңа евровалюта, оның даму перспективалары
- Ақша массасы және ақша агрегаттары: қазақтандық тәжірибе, проблемалары мен перспективалары
- ҚР банк жүйесінің сенімділігін жоғарылату және тұрақтандыру проблемалары
- Ақша нарығының дамуындағы банктердің ролі
- Коммерциялық банктердің қазіргі таңдағы сипаттамасы
- Қазақстан банктерінің эмиссиялық қызметі
- Банктік тәуекелдер және олардың түрлері
- Жаңа Евровалюта және халықаралық төлем жүйесі
- Ақша айналымын реттеудегі Орталық Банктің ролі
- Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттары
- Коммерциялық банктердің трасталық операциялары
- Қазақстан несиелік саясатының ағымдық жағдайы
- Аккредитивпен есеп айрысу формасы
- Әлемдік валюталық жүйе: түсінігі, элементтері, эволюциясы
- Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары
- Қазақстанаралық қор биржасы
103. Коммерңиялық банктердің лизингтік операциялары
Ю4.Халықаралық есеп айырысу формалары: түсінігі, негізгі формалары
105.ҚР банк жүйесін реттеудегі Қаржы нарыгы және қаржы ұйымдарын қадагалау және реттеу Агенттігінің ролі
106.Халықаралық Валюталык Қор және Әлемдік Даму және Кайта Құру Банкі
- Тұтыну несиесі және оның ҚР-да дамуы
- Инфляция, пайда болу себептері мен салдары
- ҚР ҰБ-нің ақша-несиелік саясаты
- Жеке тұлғаларды несиелеу
ҰСЫНЫЛЫТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
- Ақша, несие, банктер. Оқулық Г.С. Сейткасымовтың басшылыгымен. - Алматы, Экономика 2000, 2006, 2009;
- Акша, несие, банктер. Оқулық О.И. Лаврушиннің басшылыгымен. - Москва, Финансы и статистика, 2005; 2009;
- Валютные отношения. Ю.Ф. Сименовтың оқу құралы, - М.: Финансы и статистика, 2002;
- Грязнова А. Реструктурирование кредитных организаңий в зарубежных странах. - М.: Юнити, 2000;
- Дены и, кредит, банки. О.И. Лаврушинның жетекшілігімен. -М.,2002;
- Деньги, кредит, банки. В. Коллесникованың жетекшілігімен. - СПБ, Питер, 2001;
- Деньги, кредш; банки. Г.С. Сейткасымовтың жетекшілігімен. - Алматы, Экономика, 1996;
- Дэвид С. Кидуэлл, Ричард Л.Петерсон., Дэвид У.Блэкуэлл. Финансовые институты, рынки и деньги. - СПБ.: Питер, 2000;
- Деньги. Кредит. Банки. Ценные бумаги. Практикум. /Е. Жуковтың жетекшілігімен. - М.: ЮНИТИ, 2001;
10. Долан Э.Дж., Кэмпбелл Колин Д., Кэмпбэл Розмари Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. - М.: 1991;
- Диана Мак-Нотон. Банки на развивающих рынках. 2-том. - Әлемдік банк институты. 1998;
- Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы. / Алматы: Экономика, 1999. - 234 б.;
- Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы категорияларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. - / Алматы: ҚазМБА, 1999;
- Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2000. - 328 б.;
15. Кураков Л.П., Тимирясов В.Г., Кураков В.Л. Современные банковские системы. Оқу құралы. - М. Гемос, 2000;
16. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Красавина Л.Н. жетекшілігімен оқу құралы. - М. Финансы и статистика, 2002;
17. Мишкин Ф. Экономическая
теория денег, банковского
Қосымша әдебиеттер:
- Абдильманова Ш.Р. Банковский маркетинг на рынке услуг населения. - Алматы, Жібек-Жолы, 2000ж.
- Саниев М.С. - Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. Алматы қаржы және статистика институты.
- Афонина С. Электронные деньги. Оқу құралы. - СПб.: Питер, 2001;
- Ауриемма Майк Дж., Роберт С. Коли. Индустрия банковских пластиковых карточек. Ағылшын тілінен аударма. - М.: Инфра, 1997;
- Банковские системы развитых стран. /Щербакова Г.Н. жетекшілігімен. - М.: Экзамен, 2001;
- Балабанов И.Т., Гончарук О.В., Савицкая Н.А. - Деньги и финансовые институты. - Оқу құралы. - СПБ.: Питер, 2000;
Нормативтік-құқықтық база:
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»3аң
- «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заң
- «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заң
- «Төлемдер мен ақша аудару туралы» Заң
- «ҚР-ғы вексель айналысы туралы» Заң
13. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң
14.«Валюталық реттеу
және валюталық қадағалау
15. «ҚР-ның ХВҚ-ға, ХҚҚДБ-ғаэ ХҚК-ға, ХДА-ға, ИККА-ға, ЕҚҚДБ-ға, АзДБ-не, ИТРКО-на мүшелігі туралы ҚР-ның 2001 ж. 6 желтоқсандағы №264 Заңы.
16. ҚР Үкіметінің 2 шілде 2002 ж. №713 «Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы.
Басылымдар:
- ҚР Ұлтгық Банкінің хабаршысы - арнайы басылым
- ҚР ¥лттық Банкінің статистикалық бюллетені - орыс және ағылшын тілдеріндегі арнайы басылым
- Банки Казахстана - ҚР Банктер Ассоциаіщясының журналы
- Мерзім басылымдар: «Деловая неделя», «Панорама», «Деловой Казахстан» және т.б.
Интернет-көздері:
http://ipoteka.kz/- БТА Ипотека http://www.hsbc.kz/kz/ - HSBC http://www. demirbank.kz/ru/ - Демирбанк http://www.centercredit.kz/ - БанкЦентркредит http:// www.hcsbk.kz/ - Жилстройсбербанк http://www.atfbank.kz/- АТФ банк http://www.kib.kz/- Казинвестбанк http://www.nurbank.kz/- Нурбанк http://bta.kz/- БанкТуранАлем http://www.kkb.kz/- Казкоммерцбанк
http://4vwvv.bankcaspian.kz/- Банк Каспийский http://www.eurasian-bank.kz/ -Евразийский банк https://epay.kkb.kz/jsp/about/
http://www.Iariba.kz/- Ларибабанк http://www.halykbank.kz/- Народный банк http://www.alb.kz/- Альянсбанк
АВТОРЫ
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Қаржы нарығы және банктік бизнес» кафедрасының доценті И.И. Исаев

- Төменгі сатыдағы өсімдіктер
- Төмен температурада жұмыс істеуге арналған металдар
- Төртполюстілер
- Төтенше жағдай
- Төтенше жағдай
- Төтенше жағдай
- Төтенше жағдай
- То, что мы о Земле, наверняка, знаем и не знаем
- Тошиба
- Төлеген Айберген
- Төлем балансы және оның құрылымы.
- Төлем балансы және оның мәні
- Төлем балансы және оның мәні
- Төлем жуйесі