Төтенше жағдай. 4
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.
Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Инжинерлік-құрылыс факультеті
Жылу-энергетика
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пән: ӨҚН
Тақырыбы: Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Жазған: Ахметжанов Асылбек
Тексерген:
Салихова Т.С.
Астана
қаласы, 2011 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Халықты қорғаудың негізі принциптері мен қорғау әдістері
2) Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
3) Қоныстандыру және көшіру
ІІІ.
Қорытынды
Төтенше жағдай - мемлекетке
төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы
немесе парламент жариялайтын уақытша
режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік
апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда
жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары саналы түрде
шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін
тоқтатып, төтенше заңдаршығарылады.
Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет
басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер
алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз
қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық
кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып
қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше
жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі
билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі
ел Конституциясындаанықталады.
Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдай-лар.
Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.
Төтенше жағдай аймағы
бұл Төтенше жағдай туындаған
белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік
сипаттағы Төтенше жағдай таралу
аумағына және келтірген нұқсанның
көлеміне қарай, объектілік, жергілікті,
өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.
Төтенше жағдайларды
ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі
Республикалық жүйенің өзіне
жүктелген міндеттерді
Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарпынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқаару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.
Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайды, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы кезқарастарды ескере отырып халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.
Халықты, қоршаған өрта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері
Халықты қорғау принциптері — бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкметі ресми белгілеген ережелер.
Халықты авария, апат, зілзала мен осы заманғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі аға бастық ұйғарымын, ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.
Осы заманғы зақымдау құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:
а) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу. АҚ жоспарлау — Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау женіндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады;
б) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып-үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру;
в) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;
г) көшіру шараларын даярлау;
д) бейбіт және соғыс
уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары
мен объектілері жұмысының
Осы заманғы зақымдау құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстарымен салыстырғанда сапалы жаңа ерекшеліктерімен көріне бастады.
Осы ерекшеліктерінің бірі — қаруды жеткізудің бүгінгі құралдары мен оның зақымдағыш қасиетінің Жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы іс жүзінде жоятын-дығында. Сондықтан да тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа ие болып отыр. Соғыс жағдайында осы заманғы зақымдау құралдары ықпалының аймағына кез келген елді мекеннің тап болуы әбден мүмкін.
Ал осы жәйт халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, объектіде, бүкіл республика аумағында міндетті түрде жүргізілетіндігін көрсетеді.
Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралда-рының түрі мен көлеміне орай туындайды.
Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысының барынша сәйкес келетіндігіне басымдық бере отыра халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана биту қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап іске асыру қажет.
Осы шаралардың мәнің қысқаша қарастырайық.
а) Инженерлік шаралар.
Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады.
Сондықтан АҚ-ны дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған қалалар мен маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және қалған қалалар мен селолық жерлерде радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылады.
б) Көшіру шаралары.
Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда за-қымданудан сақтауға мүмкіндік береді.
в) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.
г) Медициналық шаралар.
Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.
Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері
Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтеніие жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:
♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру;
♦ халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;
♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;
♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;
♦ радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дөзиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
♦ зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;
♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу. Қорғаныс ғимараттарына жасыру — халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.
Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.
Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.
Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, ягни жау шабуылы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.
Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарынын қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.
Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.
Бейбіт және соғыс
уақытында төтенше жағдайлар
осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу
қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер
кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі
мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың
өмірі мен денсаулыгына нақты қауіп төнген
кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін.
Хатықты ішінара көшіру туралы шешімді
жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар
жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен
"Көшіру шараларын ұйымдастыру мен
өткізу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес
жүргізіледі.
Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжым-дық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орын-дары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан — ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады.
Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау — маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Әткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекендерде адамдарды панала-тұта арналған қорғаныс ғимараттарының әртүрлі үлгілерін жасау болып табылады.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.
Қорғаныс ғимарттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп тенген кезде жылдам түрғызылуға тиіс.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Қорғаныс ғимараттары желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолдан бар материалдар және дайын тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып бөлінеді.
Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.
Панаханаға өтетін барлық кіреберістер (тамбур-шлюздері барынан басқалары) панаханаға кіреберіс арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.
Панахананың авариялық шығаберісі тоннель түрінде жасалады ол үйінді баспаған аумаққа алып барады және баулығы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін кіреберіс тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымталған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 метр қашық-тыққа қоршаған ғимараттардан алшақ болуға тиіс. Қақпагы-ның биіктігі 1,2м қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеді. Биіктігі 1,2 м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады.
Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қөзғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.
Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.
РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп- қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.
Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғайтын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.
РҚО-ға бір қатар талаптар қойылады. Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді талай мәрте әлсірету қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам кеп келетін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінен бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада тереңдетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру белменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7м биіктікке тас пен кірпішпен қосымша қалқа немесе топырақ салынған каптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қөзғалысын ескере отьтрып панахананың қарсы жағына орнатылады.
РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.
Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қоршаған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағ-дайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.
Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.
Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.
Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қөзғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін пудр-клөзет немесе резервуар-шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.
Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.
Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.
Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың өртақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.
РҚО-да қарапайым желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жердей кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.
Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.
Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне Зл есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау өртақ су құбырынан жүргізіледі.
Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қөзғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.
Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс.
РҚО құрылысы өте қысқа
мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға
тиіс.
Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау төсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.
Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, ұлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
— көшіру — Төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
— қоныстандыру — бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратыны ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қаласыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты сскере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).
Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.
Қауіпсіз аймақ — бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.
Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыдандырылуға тиіс.
Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:
— көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;
— көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;
— көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;
— көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;
— көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;
— орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;
— көшірілетін және
қоныстандырылатын халықты
— өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.
Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.
Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.
Халықты көшіру сабақтас тәсілмен — халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.
Осы заманғы зақымдау құралдарын қоддану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің лицейлердің, мектеп — интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

- Төтенше жағдай
- Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығын анықтау
- Төтенше жағдайда тұрғындарды қорғау
- Төтенше жағдайда ұйымдары жұмысының тұрақтылығы
- Төтенше жағдай кезінде халықты көшіруді (эвакуация) ұйымдастыру
- Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
- Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
- Төлем жуйесі
- Төлем карточкалары бойынша статистика
- Төменгі сатыдағы өсімдіктер
- Төмен температурада жұмыс істеуге арналған металдар
- Төртполюстілер
- Төтенше жағдай
- Төтенше жағдай