Трансұлттық корпорациялар және олардың рөлі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Тұрар рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
тАҚЫРЫБЫ: ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РӨЛІ
алматы, 2012ж.
Жоспар
Кіріспе
- Трансұлттық корпорациялар және олардың пайда болу себептері
- Трансұлттық компаниялардың даму кезеңдері
- Трансұлттық корпорациялар қызметінің ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Алғашқы трансұлттық компаниялардың пайда болуын XVII ғасырға жатқызады, алайда зерттеушілердің көпшілігі бүл кезең XIX ғасырдың аяғы деп есептейді. Алғаш пайда болған ТҰК-дың қызметі көп жағдайда бұрынғы отарларының шикізат ресурстарын өңдеуімен байланьтсты еді, ал бұл өз кезегінде оларды отаршылық-шикізаттық ТҰК деп анықтауға негіз береді. Қалыптасқан күндерінен бастап трансұлттық компаниялар халықаралық еңбек бөлінісі эволюциясы, сонымен қатар өндіріс факторларының эволюциясы, интенсификациясы мен интеграциясының нәтижесінде көптеген өзгерістерге ұшырады.
Трансұлттық компаниялар капиталдардың бірігуіне негізделетін диверсификацияланған монополиялар түрінде өндірістік қатынастардың халықаралық деңгейге бейімделуінің нәтижесі болып табылады, бүл ұлттық шекаралар шегінде ендігі уақытта адекватты түрде дами алмайтын өндіріс факторларының дамуына кеңістік қалыптастырады.
ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Біріккен Ұлттар Ұйымы
эксперттерінің пікірі бойынша трансұлттық корпорациялар
дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы
күші болып есептеледі. 90-жылдардың ортасында
дүниежүзінде 40 мыңнан астам корпорациялар
қызмет атқарған. Олар бақылауындағы шетелдік еншілес
кәсіпорындардың саны 250 мыңдай болды.
Бұл санның соңғы екі онжылдықта
өсу қарқыны 5 есеге жетті. Ең ірі 100 халықаралық
компаниялардың жалпы мүлігі құнының 40% шетелдерде
орналасқан .
Трансұлттық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген, Трансұлттық корпорациялардв дүниежүзілік өнеркәсіп өнімдерін өндірудің 40%, халықаралық сауданың 5 0 процентін өз бақылауында ұстайды
Трансұлттық корпорациялардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн. доллардан асады. Бұл корпорацияларда 7 3 млн. адам жұмыс істейді. Мүның өзі дүниежүзілік шаруашылықта қамтылған жұмысшы күшінің (ауыл шаруашылығын қоспағанда) әрбір
оныншысы деген сөз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша жылдық айналымы 100 млн. доллардан асатын және кем дегенде 6 елде филиалы бар фирмалар корпорация деп аталады.
Сонымен, трансұлттық корпорациялар дегеніміз - шетелде активтері (қүнды заттары) бар үлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда өткізу қызметтері ұлттық шекарадан тыс елдерде ұйымдастырылады.
Трансұлттык, корпорациялардың шаруашылық жүргізу құқықтары шетелдерде филиалдар, еншілес компаниялар ұйымдастыру және іскерлік белсенділікті күшейту арқылы жүзеге асады. Еншілес компаниялар (дочерние компании) өндірістік және дай-ын өнімді өткізу, ғылыми зертгеу жұмытстары, тұтынушыларға қызмет көрсету мәселелерінде дербес шешімдер қабылдайды. Тұтас алғанда олар біріктірілген ірі өндірістік өткізу кешендері. Оларда бар акционерлік капиталға меншік күқығын құрылтайшы елдің өкілдеріне ғана тарайды. Сонымен бірге филиалдар мен сыбағалас компаниялар жергілікті капиталдың басым қатысуымен аралас кәсіпорындар кұруы да мүмкін.
Көп ұлтты корпорациялар дегеніміз - өндірістік жэне ғылы-ми-техникалық негізде бірқатар мемлекеттердің үлттык, ком-панияларын біріктіруші халықаралық корпорациялар. Мүндай компаниялардың катарына, мысалы, ағылшын-голланд концерні «РОЯЛ-ДАТЧ ШЕЛЛ», машина жасау мен электрондык, инженерлікке маманданған Швейцария-Швед компаниясы «АВВ» т. с. с. жатады. Еуропадағы көп ұлттық корпорациялар қатарына агылшын-голланд концерн «Юнилевер» де кіреді.
Халықаралык, құқык, бойынша көпұлттык, корпорациялардың айрыкша белгілеріне: 1) көпұлттық акционерлік капиталдың бар болуы; 2) көпұлттық басқару орталығының жұмыс істеуі; 3) шетел филиалдары әкімшілігіне жергілікті мамандардың тартылуы жатады.
Трансұлттык, және көпұлтгық корпорацияларға әлемдік корпорацияларды да қосуға болады.
Әлемдік корпорациялар қазіргі дүниежузілік қаржы капиталының бірегей қуатын көрсетеді. Олар 80-жылдары пайда болып, үнемі өсу жолында. Әлемдік деңгейге барынша серпінді үмтыла-тын салаларға химиялық, электротехникалық, электрондык, мұнай өндіру, автокөлік, ақпараттық, банк жэне т. б. салалар жатады.
Трансұлттық корпорациялардың пайда болуының басты себептерін атайық. Ең маңызды және жалпыға ортақ себеп өндіргіш күштердің дамуы негізінде ұлттық шекарадан шығуы мүмкін болған өндіріс пен капиталдың интернационалдануы.
Өндіріс пен капиталдың интернационалдануы шетелдерде бөлімшелері бар аса ірі компаниялардың құрылуы, ұлттық корпорациялардың трансұлттық корпорацияларға айналуы, олардың шаруашылық байланыстарының нығаюы негізінде жүзеге асады. Капиталды шетке шығару халықаралық корпорацияларды қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторына жатады. Трансұлттық корпорациялардың жедел дамуының негізгі себебі жоғары артық пайда табу үшін ұмтылыс деп айтар едік. Өз кезегінде қатаң бәсекелік күреске төтеп беру үшін өндіріс пен капиталды халықаралық көлемде шоғырландыру да трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жеделдетті.
- Трансұлттық компаниялардың даму кезеңдері
Трансұлттық компаниялардың дамуын тарихи деректер негізінде стратегиялық басымдалықтары мен атқарушы міндеттері негізінде дамудың бірнеше кезеңіне бөліп қарастырған. Алғашқы ТҰК-дың қызметі, жоғарыда көрсетілгендей, метрополияларды отарлардан ауылшаруашылық және минералдық шикізаттармен камтамасыз етуге бағытталды [1]. Сонымен қатар олар шетелдік филиалдары арқылы өздерінің өнімдеріыің өткізу нарығын кеңейтуге ұмтылды. XX ғ. бірінші жартысында әлемнің барлық елдері өздерінің ішкі нарықтарын сыртқы тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қиын соққан жоғары кедендік барьерлермен қорғады. Белгілі бір елде филиалын ашу экспортер-компанияларға тиімдірек болды. Қорғалған нарықтың ішінде бола отырып, бұндай филиал компания өнімін еш кедендік кедергісіз өткізе алды.
Ал ұлттық компанияның трансұлттық компанияға трансформациясы бірнеше кезеңнен өтеді [2] :
• бірінші кезеңде шетелдік шаруашылық қызмет компанияның жалпы жағдайына аз эсер етеді. Ол сыртқы экономикалык қызметін экспорт түрінде өрістете бастайды. Бүл этапта компания заңдық-құқықтық түрғысынан бір мемлекетке ғана тәуелді.
- екінші кезеңде шетелдік шаруашылық кызмет қатысты дербестікке ие бола бастайды. Компанияның шет елдегі қызметі компанияның кызметінің өзге жақтарымен өзара байланысқан күрделі жүйеге бірігеді, компанияның қызметіне жалпы сапалы өзгерістер енгізуге итермелейді. Халықаралық қызмет орталығы экспорттан шетелдің өндіріске алмасады. Шетелдік қызметтің ішкі нарықтағы қызметтен алмастыру орын алады. Бұл компанияның ұйымдастырушылық қүрылымында көрініс табады, ол халықаралық сипатқа ие бола бастайды.
- үшінші кезеңде компанияның шетелдік қызметінің рөлі артады. Ішкі нарық өз приоритетін жоғалтып, көптеген сыртқы нарыктардың қатарында тұрады. Нақ осы кезеңде компания барлық сипаттарға ие шынайы халықаралық болады.
Пайда болған сәтінен бастап, халықаралық компаниялар негізгі белгілері келесідей болып табылатын іс жүргізудің стратегиялық линиясын қалыптастырады: жеке өндірісін шетелдік шикізатпен қамтамасыз ету; филиалдар жүйесі арқылы шетелдік нарықта бекіну; өндірісті тірек мемлекетке қарағанда өндіріс шығыны аз болатын елде орналастьтру; өндірісті-саудалық және қаржылық қызметтің диверсификациясына бағытталу.
XX ғ. 30-жылдарының аяғынан
бастап халыкаральщ
Әсіресе әлемдік ыарықты жаулап алудың белсенді әрекетерін трансұлттық компаниялар 1950-жылдардың басынан жүзеге асыра бастады, бұған халықаралық экономикалық байланыстарды либерализациялау саясаты, отаршылдықтан босаған жаңа мемлекеттердің пайда болуын, тұтынушы сұраныстың өсуі және өзге де факторлар оңтайлы әсер етті. Трансұлттық компаниялардың саны, масштабы және көлемі жөнінен қарқынды дамуы олардың халықаралық экономикада маңызды рөл ойауына жол ашты.
Осы жылдары халықаралық экономикада жетекші орынға ие болған трансұлттық компанияларды үшінші буын ТҰК қатарына жатқызады. XX ғ. 50-80-жылдарында үшінші буын ТҰК қызметінде ұлттық және шетелдік өндірістің шектелген байланысы жүзеге асып жатты, картельдік типтегі халықаралық бірлестіктер өз шегінде көпсалалы кешендер құрған халыкаралық концерндерге орын берді. Бұлар бірқатар себептермен анықталған еді, олардың ең маңыздылары мыналар: өндіріс пен капитал шоғырлануының күшеюі, өнеркэсіптің алғашқы жаңа салаларын ерекшелеуге ықпал еткен ғылыми-техникалық прогрестің эсері, өндірістің диверсификациясы, басқаруда орталықтандырылмаған құрылымға көшу, бөлек компаниялар мен қаржылық топтар арасында қаржылық байланыстардың күшеюі. Үшінші буын ТҰК ерекшелейтін өзгешелік қызмет көрсету саласындағы қызметінің кеңеюі мен интенсификациясы болып табылады.
1980-жылдардың басында төртінші буын ғаламдық Т¥К өз позицияларын білдіріп, бекіте бастады, олардың ерекше сипаттары:
- нарық пен бәсекелестікті ғаламдық позициядан қарастыру;
- өзінің бәсекелестерін және ғаламдық бәсекелестік күресті жүргізу әдістерін жақсы білу;
- қызметін жалпы әлемдік немесе ірі аймақтық көлемде жүргізу;
- өзінің табыстарының біршама бөлігін ғылыми зерттеулерге, ең алдымен жоғарғы технологиялық өндіріс саласын зерттеуге бағыттау;
- өзінің филиалдарының қызметін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде үйлестіру;
- компанияның әрбір жеке өндірісін икемді ұйымдастыру, оның құрылымдарын халықаралық өндірістің эрдайым өзгеріп отыратын жағдайларына бейімдеу;
- өзінің мекемелері мен өндірістік филиалдарын бірегей халықаралық басқару жүйесіне біріктіру;
- өзге ТҰК-мен интеграциялық келісімдерге келу.
ТҰК дамуының қарастырып отырған кезеңі тікелей инвестициялардың стратегиялық альянс, жаңа қаржылық дериватив қүралдарын қолданумен өндірістік компаниялардың бірігуі секілді формаларьтн кең қолданылуымен сипатталады.
Ғаламдық ТҰК қызметі механизмінде ерекше рөлді банктік жэне қаржылық институттар ойнайды. Әлемдік экономиканың интернационализация жэне ғаламдану үрдістері, қаржылық саладағы үшқыр бэсекелестік трансүлттық банктердің калыптасуы мен өрістеуіне жағдай жасады. Халықаралық деңгейде компаниялардың бірігуі, лизинг, несиелеу жэне инвестиция құю операцияларын жүргізетін күшті қаржылық институттардың ТҰК-дың негізгі элементіне айналуы қалыпты жағдай санала бастады.
Ғаламдық ТҰК біртіндеп өндірістік, сауда жэне қаржылық компанияларды біріктіретін ірі топтарды қүру стратегиясын жүргізуде. Алайда ірі және аса ірі ТҰК өзара экономикалық альянстарымен катар, трансұлттық ғаламдық компаниялар негізгі мемлекетте де, шет елдік серіктестерімен де кіші және орта бизнестегі өзара байланыстарын күшейтуде [3]. Атап айтсақ, ТҰК-дың жаңалықтарды ашу мен зерттеу, сонымен қатар жаңа өнім мен техниканы дербес шығару қызметін өте жетік жүзеге асырушы кішігірім фирмалармен жүйесі кеңеюде. Бүл тармақталған жүйенің дамуы ТҰК-ға олар үшін көптеген тиімсіз операциялар мен функциялардан қүтылып, қызметінің барынша пайдалы және перспективті салаларына көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
- Трансұлттық корпорациялар қызметінің ерекшеліктері
Дүниежүзілік шаруашылықта жүріп жатқан объективті экономикалық процестердің нәтижесінде пайда болған трансұлттық корпорациялардың өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысушы ретінде оның дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Трансұлттық корпорациялар капиталдарының қозғалысы, әдетте, сол корпорациялар орналасқан елдегі жүріп жатқан процестерден дербес, тәуелсіз. Трансұлттық корпорациялар халықаралық өндірістер жүйесін қальштастырады. Олар дүние жүзінің көптеген елдерінде филиалдар, сыбағалас компаниялар, бөлім-шелер ашуға негізделген.
Трансұлттық корпорациялар орасан зор инвестициялар мен жоғары дәрежелі маман кадрларды қажет ететін жоғары технологиялық және гылыми сыйымды өндіріс салаларына сыналай кіріп, оларды өзіне бағындыра бастайды. Осы кезде трансүлттық корпорациялардың жекелеген салаларды монополизациялауға ұмтылысы тенденциясы байқалады.
80-жылдардың орта тұсында
капиталистік елдердің өнеркә-
Бұл трансұлттық корпорациялар негізінен өндірістік және иновациялық (жаңалықтар) ауыртпалықтарды да көтереді.
Дүние жүзіндегі қуатты 500 трансүлттық корпорациялардың 85-і шетелдік инвестициялардың 70% өз қарауында ұстайды. Осы орасан зор компаниялар электроника мен химия өндірісі өнімдерінің 80% , фармацевтиканың 95% , машина жасау өнімінің 76% өндіріп, өткізеді.
Батыс экономистерінің болжамы бойынша 2000 жылға дейін дүниежүзілік шаруашылықта 600-ге жуық трансүлттық корпора-циялардың үстемдігі орнайды. Сонымен бірге 300 корпорация дүниежүзілік жиынтық өнімнің 75 процентіне иелік етіп, өз өндірісі мен қызмет корсету түрлерін едэуір диверсификациялауды жүзеге асырады. Диверсификация- шаруашылық қызметін жаңа әрекет өрісіне тарату. Мысалы, Швециялық«Вольво» автомобиль концерні қазірдің өзінде тек қана автомобиль жасап отырған жоқ. Бүл трансұлттық корпорацияның Швецияның өзінде 30-дан ас-гам эр түрлі пішіндегі еншілес компаниялары жүмыс істейді. Ал шетелдерде бүл корпорацияның катерлер үшін мотор, авиақозға-ғыштар т. б. жасайтын ондаған филиалдары бар.
Өз кезегінде АҚШ-тағы
500 ең ірі трансүлттық корпора-
Қуатты өндірістік базасы
бар трансүлттық
Трансүлттық корпорациялар халықаралық аренада күрделі қаржы мен ғылыми-зерттеу жүмыстарына байланысты икемді динамикалық саясатты жүзеге асырады. Халықаралық корпо-рациялардың пайда болуын жэне дамуын көрсететін мысал ре-тінде өз қарауында тұрмыстық электротехника мен өнеркэсіптік жабдықтардың дүниежүзілік рыногының 25 процентін қамтитын «Электролюкс» трансулттық корпорациясының эрекетін келтіру-ге болады.
1912 жылы екі швед компаниясының бірігуінен пайда болған «Электролюкс» 20-жылдардың аяғында-ақ өзінің өндірісін Австралия мен Жаңа Зеландияда ұйымдастырып үлгерді. Соңғы он жылдықта «Электролюкс» АҚШ-тың - «Уайт Консолидейтед», Италиядағы ең ірі электр тауарларын өндіруші - «Занусси» және Алманиядағы негізгі электр тауарларын ендіруші - «АЭГ» компанияларын иемденді.
Аталған үш фирманы қосып алғаннан соң «Электро-люкс» өз саласында дүние жүзіндегі жетекші трансұлттық корпорацияға айналды. Қазіргі кезде оның 75 елде тұрмыстық электротехниканы өндіретін, өткізетін және қызмет көрсететін дамыған жүйесі ырғакты жүмыс істеп тұр. 90 - жылдардың ортасында аталған трансұлттық корпорацияның кәсіпорындарында 110 мыңнан астам адам еңбек етіп, жылдық айналымы 10 млрд, долларға жетті.
Трансүлпық корпорациялардың дүниежүзілік рыноктағы әрекетінің бірнеше нысаны бар. Бұл нысандар келісім-шарт қатынастарына негізделеді. Олардың қатарына:
1)лицензиялау;
2) франчайзинг;
3) басқару келісім-шарттары;
4) техникалық және маркетингтік қызмет көрсету:
5) кәсіпорындарды толық іске қосып беру;
6) бірлескен кәсіпорындар құру және жекелеген операцияларды жүзеге асыру жатады.
Практика жүзінде трансұлттық корпорациялардың қызметтері нысандарының ара жігін ашьга көрсету қиын, себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл нысандардың ерекшелігі - олар трансұлттық корпорациялардың өзара қатынастарьшда да жиі қолданылады, демек, орталыққа ұмтылар тенденцияларының күшеюін көрсетеді.
Ляцензия дегеніміз - белгілі уақытқа лицензия алушы лицензия берушіге өзара кслісілген ақысын төлегі пайдаланатын күқық, заңды келісім-шарт. Лицензия беру трансұлпық корпорацияның құрамындағы фирмалар арасында да, технологияны сыртқы арналар арқылы беру де колданылады.
Лицензиялық келісімнің ерекше түріне франчайзинг жатады.
Франччайзинг дегеніміз - ұзақ мерзімді лицензиялық келісім. Мұнда франчайзер клиентке алдын ала келісілген құқық береді. Ондай қүқыктарға фирманың атын, сауда маркасын пайдалану теникалық көмек көрсету, жұмысшы күшінің мамандыгын көтеру және т.б.жатады.
Соңғы жылдары транұүлттық корпорациялардың
әрекетінде басқару мен
маркетингтік қызмет көрсету түрі кеңінен
тарап келеді.
Келісім бойынша басқарушылардың атқаратын қызметте-ріне өндірісті басқару, соның ішінде кәсіпорынның техникалық және инженерлік деңгейі үшін жауапкершілік, кадрларды басқару, атап айтқанда, шетелдік жұмысшыларды қабылдау мен жұмыстан шығару, жергілікті жұмысшы күнгін оқыту, техника мен шикізатты сатып алу т. б, қызметтер жатады.
Техникалық көмек керету келісімдеріне сәйкес трансұлттык корпорациялар фирма қызметінің жекелеген саласы үшін техни-калық жәрдем көрсетеді. Мүндай келісімдер көбінесе машиналар мен жабдықтарды жөндеу, «ноу-хауды» тиімді пайдалану жөніндегі кеңес, апаттардың алдын алу сияқты қызметтерді қамтиды.
Зауыттарды толық іске қосу келісімдері де кең қолданыс табуда. Бұл жағдайда трансұлттық корпорациялар қызметтің барлық түрін атқару жауапкершілігін өз мойнына алады.
Трансұлттық корпорациялардың халыкаралык. рынокты жаулап алуының ең жаңа нысандарының бірі шетелдерде арнайы инвестициялық компаниялар қүру нысаны. Бұл қурылымдардың басты міндеті еншілес және серіктес кәсіпорындарды инвестициялау арқылы трансұлттық корпорациялардың өнімдерін аймақтык, рыноктарға жеткізіп, өткізуді ынталандыру. Бұл әдісті, мысалы алкогольсіз сусындарды сататын «Пепси-кола» және Кока-кола» сияқты халықаралық компаниялар кеңінен қолданады.
Қорытынды
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы трансүлттық корпорациялардың ролі күшейіп отыр. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі олардың алатын орны, ұлттық экономикаларды дамытуға ықпалы ерекше маңызды.
Өнеркәсібі дамыған елдердің сыртқы экономикалық байланыстарының мән-магынасын солардың трансүлттық корпора-цияларының шетелдердегі шаруашылық қызметтері көрсетеді.
Трансүлттық корпорациялардың шетелдегі жиынтық инвестииялары қазірдің өзінде сыртқы сауда айналымын басып олардың қарқыны уақыт өткен сайын жеделдеп келеді
Трансұлттық корпорациялар халықаралық экономикалық бай-ланыстарда қандай бір елдің болмасын экономикалық тағдыры-на эсер ere алатын негізгі күшке айналып отыр. Олардың бел-сенді өндірістік, инвестициялық жэне сауда саясатының өндіріс пен бөлуді реттейтін ықпалды халықаралық фактор екендігінде ешкімнің күмэні болмаса керек. Біріккен Үлттар Үйымы сарап-шыларының талдауы бойынша, трансүлттық корпорациялар дү-ниежүзілік экономикалық интеграция қозғалысына өзінің игі әсе-рін тигізеді. Олар мемлекет меншігіндегі салаларға да сүқтанып, оган кірігу мүмкіндіктерін қарастырады. Трансұлттық корпорация лардың мүндай умтылыстары дүниежүзілік экономика-ның толық жэне түгел интеграшіялануын қадағалауға қызығушылық емес, осы процестің шеңбері мен шектерінде мейлінше мол пай-даға кенелуге деген үмтылыс. Медальдың екі жағы бар деген-дей, трансүлттық корпорациялардың дүниежүзілік шаруашылык, жүйесіне тигізетін игі эсерімен қатар халықаралық экономика-лык қатынастарға теріс ықпалы да баршылық.
Қолданылған әдебиеттер:
Халықаралық экономика және халықаралық коммерциялық іс Ә.К. Нурпеисова, С.Н. Сабитова Алматы-2011ж.
Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург: 2000. -
Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. Учебное пособие. - М: 1999
Берлин С.И. Теория финансов.
Учебное пособие. — М.:
Приор
Дюсембаев К.Ш. Ананлиз финансового положения предприятия.

- Трансфер технологий
- Трансфер технологий
- Трансфер технологий
- Трансфер технологий из университетов Швеции
- Трансфертное образование
- Трансфертное ценообразование
- Трансфертное ценообразование
- Транспорт Украины
- Транссибирская магистраль
- Транссибирская магистраль и её роль в развитии Сибири
- Трансұлттық капитал
- Трансұлттық компаниялар
- Трансұлттық коорпорациялар
- Трансұлттық корпорация