Вакцина – арнайы қорғаныспен қамтамасыз етуші препарат



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

«Эпизоотология, паразитология

және ВСС» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Вакцина – арнайы қорғаныспен қамтамасыз етуші препарат»

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Кажгереева А.Б.

БТ-41 тобының студенті

                                                              Тексерген: Абирова И.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы

2010

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1.           Кіріспе

2.           Антигендерді алу технологиясы.

Белсенді иммунитетті жаратуға арналған препараттар – вакциналар.

Ақуызды антигендерге сәйкес антиденелері бар сарысуларды алу. Әдістің ұстанымы.

Жұмыстың әдістемесі: жануарларды дайындап, қандарынан сарысу алу.

3.           Жұқпалы аурулар.

3.1     Емдеу және алдын алу шаралары.

3.2     Жұқпалы аурулардың алдын алудағы вакцина ролі.

4.       Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

     Әрбір адам баласын көптеген микробтар мен бактериялар қоршап, миллиондаған өмір формалары біздің сыртымызда да, ішімізде де, өмір сүріп жатыр соның ішінде вирустарда бар. Вирустар өте қарапайым болады. Ол генетикалык компьютерлік бағдарлама сияқты. Біздің ағзамызға түсе салысымен көбею және шабуыл жасаумен айналысады. Әуелі клетка ядросының ішіне кіріп, оны өзі өліп, вирус көбейтетіндей қылып бағдарламалайды. Бұл – кез-келген адам баласы ауырған кезде болатын құбылыс. Жаратқанның бізге нәсіп еткен табиғи иммундық қорғанысы болмаса, біз мынадай шабуылдардан аман қалмас едік. Адам ағзасының ең маңызды да және ең қуатты вирустарға қарсы қаруы ол – лимфоциттер.
     Бүгінгі медицина вирустармен күресте біздің иммундық жүйемен салыстырарлық оң нәтижелі және пайдалы бір де бір препарат ойлап тапқан жоқ. Адамзат тарихында көптеген вирустық эпидемиялар болып тұрған, соның бірі – біздің эрамыздың ІІІ ғасырында болған Қытайдағы табиғи оспа эпидемиясы. Және сол жерде осы дерттің алдын алу шарасы ізделіне бастаған, олар табиғи оспа іріңін адам ағзасына прафилактикалық жұқтыру жасаған. Себебі, бұл өз кезегінде аурудың жеңіл өтуіне себеп болған деседі. Европаға табиғи оспа Таяу Шығысқа жасалған “Крес жорығынан” келген әскерлермен жеткен екен. Сол кезде халыққа күшпен табиғи оспа егу басталған болатын, артынша егілген жердің бәрінде оспа эпидемиясы басталып отырған. Бұл бұқара халықтың наразылығын туғызып, оспаға қарсы көтерілістер болып тұрған. XVIII ғасырдың соңына таман табиғи оспаны егу түбімен жоғалды десе де болады, өйткені бұл егілген адамдарға және солармен қарым- қатынаста болған адамдарға өте қауіпті екені айдай анық болды. Кейбір жерлерде оспаға қарсы егулер сәтті өтті деген күннің өзінде, уақыт өте олар оспаның ең ауыр түрлерімен ауырып қайғыға душар болған. Бұл табиғи вакциналар болған еді. Ал 1796 жылдан бастап вакцина егу басталды. Бұл бұрынғыдай аурудың өзін егу емес, тек оның препаратын егу еді. Вакцина егудің негізін қалаушы болып ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер есептеледі, ол ең бірінші болып табиғи оспаға қарсы вацинаны екті. Негізі вакцина сөзі «Вакка» – сиыр, сиыр оспасы деген сөзден бастау алады, яғни бұл препараттың құрамында адам оспасы емес, сиыр оспасы еді, ол сиырдың ағзасынан өтіп, әлсіреген хәлде адам ағзасына егілген болатын. Осылай адам баласын оспадан қорғауға болады деген теріс түсінік қалыптасып, вакцина егу мемлекет тарапынан қолдау тапқан еді. Алайда, 1885 жылы наурыз айында Аңглияның Листер қалашығының тұрғындары міндетті түрдегі вакцина егуге қарсылық көрсетіп, қала алаңына жүз мыңдай адам шығып, қолдарында «Ұрпағымызды қорғайық», «Өзіміздің егемендігімізді сақтайық» деген ұрандармен наразылық білдірген. Сөйтіп, одан бас тартумен тарихқа кіріп, бұл қала оспадан мәңгі тазарды. Вакцина егу жалғасып жатқан жерлерде оспа эпидемиясы әлсірегеннің орнына одан арман күшейіп мыңдаған адамдардың өліміне әкеп соқты. Осыдан кейін Аңглияда 1906 жылы «Ар бостандығы туралы акт» қабылданды және бұл сол елдің азаматтарына вакцина егуден бас тартуға құқық беретін еді. Бұл сияқты жайларға қарамастан жүздеген ақылы асқан ғалымдар әртүрлі «қауіпсіз» вакциналар мен вацина егу технологияларын табу үшін күн-түн демей еңбек етіп жатты және вакцина егу өте маңызды деп есептеліп, қауіпті ауруларға қарсы басты шипа ретінде қарастырылды.
Доктор Александр Коток өзінің «Безпощадная Иммунизация» деген кітабында: «Кейбір қауіпті аурулармен күресте дәл осы вакцина егу көмектесті дейтін нақты дәлелдер жоқ», – дейді. Өйткені нақты фактілерге сүйенсек, түбіркүлез, дифтерия, корь және коклюш деген аурулар онсыз да вакцина екпестен бұрын азайып жатқан болатын. Бұған ең әуелі тазалық сақтау, оспадан өлген малды өртеу, өмір сүру деңгейін жақсарту, суды хлорлау яғни жалпы, тазалық жағдайының жақсаруы себеп болған.
Бүгінгі таңда вакцина егу халықтың денсаулығын жақсарту мен аурудың алдың алу шараларының ішінде бірінші орынды алады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенге сүйеніп, мемлекет ауырмайтын жол осы деп, миллиондаған қаржы жұмсап, вакцина алып, неше түрлі ауруларға қарсы вакциналарды балаларымызға міндетті түрде егу, жүргізіліп жатыр. Ол төменде келтірілген вакциналар.

     Жалпы ғалымдардың айтуы бойынша баланың иммундық жүйесі 3-5 жас аралығында толық қалыптасып бітеді екен. Бұл құбылыс анасының сүтімен балаға көптеген аурулардың антителалары берілу арқылы жүзеге асады. Дана аналарымыз балаларын атам заманнан 2 жылсыз омырауынан ажыратпауының себебі осы сырды білген болса керек. Неге біз осы анасының ақ сүтімен, яғни табиғи жолмен иммундық жүйені нығайтуды насихаттағанның орнына елді вакцина егуге мәжбүрлейміз? Бұлай айтуымның себебі, егер балаға вакцина егілмесе, ол баланы заң бойынша не балабақшаға, не мектепке алынбайды. Біз үшін келешек ұрпақтың денсаулығы «Ұлттық Қауіпсіздік» мәселесі! Онысыз да аз қазақты арақ, темекі, наша беріп қырып жатса, енді тікелей вакцина егу арқылы оның геніне шабуыл жасалып жатыр. Бұл қалай дейсіз ғой? Әуелі осы вакцина егілетін аурулардың негізгілеріне жеке-жеке тоқталып көрелік. Қазір қоғамда ең көп талқыланып, тіпті егіліп аяқталып та қалған вакцина – полиомиелит турасында айта кетемін.

     Полиомиелит – жүйке жүйесіне зақым келтіретін вирустық ауру. Негізгі кір қол мен ойыншықтар арқылы жұғады. Ананың ақ сүтімен полиомиелитке қарсы иммуниет беріледі. Адамзат баласының 10% пайызы ғана бұл ауруға бейім, осының тек 10% пайызы қатты ауруы мүмкін. Ал қалған 90% пайыз адам баласы ауыра қалса тек іші өтеді де одан кейін ол адамда полиомиелитке қарсы өмірлік иммунитет қалыптасады. Айта кететін бір жай 1950 жылы Америка Құрама Штаттарында полиомиелитке қарсы вакцинаны балаға аузына тамызу арқылы егетін, содан бұл препараттың құрамынан денсаулыққа өте зиян СВ-40 иммундық жүйені бұзатын химиялық зат тапқан. Ол өз кезегінде қатерлі ісіктердің пайда болуына себепкер екендігі дәлелделіп бұл препараттан бас тартқан. Осы препараттың өзі осы аурумен ауруға себеп болғаны анықталған.                  2010 жыл 23 қыркүйек. Астана қаласы.
     Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Қазақстан Республикасын 2002 жылдан бастап полиомиелиттен еркін ел ретінде сертификаттаған. Полиомиелиттің соңғы жағдайы республикада 1995 жылы тіркелген.
Қазақстанға полиомиелитпен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген елдерден осы дерттің әкелінуін және таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылғы қыркүйектің 6-10 аралығында 6 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы қосымша бір реттік иммундау шарасын жүргізді. 6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы вакцинациялау үшін Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен Қазақстан Республикасының Үкіметі 57 876 240 теңгеге вакцинаның 2 миллионнан астам дозасын сатып алды.
     Балаларды полиомиелитке қарсы вакцинациялау үшін ауызға құйылатын үш валентті полиомиелиттік вакцина пайдаланылды. Вакцина Бельгияда өндірілген, оның өндірісі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен сертификатталған.
     Иммундау кампаниясына 5366 егу бригадасы, оның ішінде 1425-і көшпелі егу бригадасы жұмылдырылды. Олар шалғайдағы елді мекендерде және халық саны аз пункттерде 6 жасқа дейінгі балаларға вакцинациялау жүргізді.
     Вакцинация республиканың 6591 егу пунктінде жүргізілді.
Иммундау кампаниясына 16537 медицина қызметкері, оның ішінде 6063 вакцинатор қатысты.
     Полиомиелитке қарсы иммундау кампаниясы барысында 6 жасқа дейінгі 1 675 285 баланы егу жоспарланған. 6-10 қыркүйек аралығында 1 656 253 бала егілді, 6 жасқа дейінгі вакцинациялауға жататын балалар санының 98,9 %-ын құрады (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы кемінде 95% қамтуды ұсынған).
6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы қосымша бір реттік вакцинациялау барысында вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.
     Полиомиелит (Poliomyelitis) – нерв жүйесін зақымдайтын, енжар атрофиялық параличтер, бұлшық еттердің, көбінесе аяқтың және дененің парезін тудыратын жіті инфекциялық ауру.
Инфекция тамақ, су арқылы, қарым-қатынас-тұрмыстық, сондай-ақ ауа-тамшы (сирек) жолымен беріледі. Полиомиелиттің қоздырғышы суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады. Полиомиелитпен барлық жастағы адамдар, бірақ көбінесе 15 жасқа дейінгі балалар ауыруы мүмкін.
Полиомиелиттің өзіндік емі жоқ. Уақтылы вакцинациялау бұл аурудан қорғанудың жалғыз құралы болып табылады.
Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау сәби өмірінің 2, 3, 4 және 12-15 айларында жүргізіледі. Иммундау үшін кепілді сапасы бар ДДҰ сертификаттаған полиомиелитке қарсы вакцина қолданылады.
 

БЕЛСЕНДІ ИММУНИТЕТТІ ЖАРАТУҒА АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТАР ВАКЦИНАЛАР

Вакциналардың келесі түрлері болады:

-      тірі күші азайған микроағзалардан жасалған (аттенуирленген);

-      микроағзаларды өлтіріп жасаған (инактивирленген);

-      бүтін микробтық жасұшалардан жасалған (корпускулярлы);

-      антигендердің бөлшектерінен жасалған (химиялық);

-      анатоксиндер.

 

 

Тірі вакциналар. Құрамында микроағзалар немесе вирустер бар суйықтықты консерванттарсыз әдейленген қоректік орталарда, тауық эмбриондарында немесе ұлпалардың дақылдарында өсіреді. Биофабрикалардан шығарар алдында оларды вируленттікке, белсенділікке, тазалыққа тексереді.

Өлтірілген вакциналар. Штаммдар әдейленген сауыттарда (танкерлерде) қоректік орталарда бір белгіленген құрамға дейін өсіріледі. Осыдан кейін оларды физикалық (жылумен, ультракүлгін сәүлемен) немесе химиялық (формалинмен, фенолмен, спиртпен, мертиолатпен және т.б.) әдістермен инактивирлейді.

Химиялық вакциналар. Антигендерді микробтық жасұшалардан бөліп алып тазалайды. Антигендердің иммуногендік қасиеттерін күшейту үшін, оларға адьюванттарды қосады. Адьюванттар еңгізілген жерде антиген жиналып, иммундық жауап күшейеді. Адьванттар ретінде алюминий гидроксидін, әр түрлі майларды, синтетикалық полимерлерді алады.

Анатоксиндер. Экзотоксиндерді шығаратын микроағзаларды суйық қоректік орталарда токсин жиналу мақсатымен көп уақыт культивирлейді. Кейіннен қоректік ортаны микробық жасұшаларды бөліп алу үшін бактериалдық сүзгіштен өткізеді. Экзотоксині бар фильтратқе 0,4 пайыздық формалинді қосады, ұлы заттардың күшін төмендету үшін бір неше күн термостатта ұстайды (детоксикаттау). Кейіннен адсорбент және консервант қосады. Өлтірілген вакциналарды және анатоксиндерді белсенділікке, қауыпсыздыққа, зарарсыздығына тексереді.

Қоректік орталарға бактериялық тірі вакциналарды сепкенде тек қана вакциндік штамм өсу керек, ал қоректік орталарға тірі вирустік вакцина сепкенде еш қандай өсу болмау керек. Қауыпсыздықты зертханалық жануарларға вакцина еңгізіп тексереді, жануарлар өлмеу керек. Вакциналардың күшін тағы да зертханалық жануарларда тексереді. Вакциналарды ағзаға еңгізгенде жалпы немесе жергілікті реакциялар болады – дененің температурасы 1 градуске көтерілу, тамақтан бас тарту, вакцина еңгізген жерде ісік және аурған пайда болу.

Рекомбинаттық вакциналар. Бірнеше кезеңмен алынады:

-      керекті антигенді синтездейтін гендерді клондау;

-      клондалған гендерді векторға кіргізу (вирустерге, плазмидаларға);

-      векторларды продуцент-жасұшаларға (вирустер, бактериялар, саңырауқұлақтар) кіргізу;

-      in vitro жасұшаларды культивирлеу;

-      антигенді бөліп алып оны тазалау немесе вакцина ретінде продуцент-жасұшалармен қолдану.

ДНҚ-вакциналар инактивирленген вакциналардың қауыпсыздығымен және тірі вакциналардың күшімен сипатталады.

 

 

САРЫ СУЛАР (SERUM)

Сары сулар (Serum) ағзада пассивті иммунитет қалыптастырады, ол 2-3 жұма сақталады. Осы қасиетті ауру ағзаларды емдеуге және ауру қоздырылу қауыптығы бар жерлерде алдын алу шаралармен қолданады. Иммунды сары суларды жануарларды иммундеп немесе жануарлар-реконвалесценттерден (инфекциялық аурулармен ауырған жануарлар) алады.

Сары суларды биофабрикаларда және биокомбинаттарда жылқылардан, бұқалардан, қойлардан, шошқалардан, есектерден, қашырлардан екі кезеңді гипериммунизация өткізіп алады.

Бірінші кезеңде жануарлар-продуценттерге 1-2 рет вакцина кіргізеді.

Екінші кезеңде мөлшерін көтеріп ұзақ уақытта микроағзалардың штаммдарының вирулентті дақылын кіргізеді.

Иммунизация аяқталғаннан кейін продуценттердің қанын алып , сары су дайындайды.

Антитоксикалы сары суларды алғанда жануарлар-продуценттерді алдымен анатоксинмен иммундеп, кейіннен токсин кіргізеді.

Негізінде иммунды сары суларды зертханалық немесе табиғи сезімталды жануарларда антигенмен гипериммунизация өткізіп алады. Мысалы, нейроинфекция қоздыратын вирустерге қарсы қолданатын сары суларды алғанда ең жарамды жануар – теңіз шошқасы. Осы жануарлардың қарын жақтарына 1:100 көлемін арттырып белсенді вирустің суспензиясын 4-6 жұма мерзімінде әр бір 4-5 күнде еңгізіп отырады.

Белсенді вирусті енгізбей отырып алдын ала формалинденген суспензияның екі инъекциясын салады. Теңіз шошқалардың миына құрамында вирусы бар суспензияны екі қатар кіргізгенде антиденелердің титрі тез және деңгейі өте жоғары болып көтеріледі. Және тағы да теңіз шошқаларды белсенді вирусті материалмен келесі кесте бойынша иммундеуге болады: 1) қарын ішіне инъекция; 2) 10 күннен кейін тері астына инъекция; 3) 10 күннен кейін ми ішіне инъекция. Материалдың ақырғы инъекциясынан 10 күн өткеннен кейін жануарлардың қанын толығынан алады. Осы кестемен еңгізілетін вируске теңіз шошқалар сезімталды болмаса қолданады.

Құрамында антиденелердің деңгейі жоғары тұмауға қарсы сары суларды ақ тышқандардың тұмсықтарына 2 мл вирусті суспензияны еңгізіп алады. Осы бағытта теңіз шошқаларды да иммундеп қолдануға болады. Антигендерді еңгізу кестесі әр түрлі болады. Мысалы, қарынның ішіне инфицияланған тауықтардың эмбриондарының аллантоистық суйықтығын кіргізуге болады. Суйықтықты 3-7 күн аралықта 2 мл 6 рет немесе 3 күн қатарынан салып төртінші күнде тағы бір қайталайды.

Вирустік диареяға қарсы ерекше сары суды салмағы 2,5-3 кг шиншилла үй қояндарының немесе 2-4 жасар ешкілердің көмегімен тазаланған вируспен қолданып алады.

Иттердің оба вирусіне қарсы антиденелері бар сары суларды келесі кесте бойынша алуға болады:

-         ит-продуценттердің қандарының сары суларын инфекциялық гепатиттің және парвовирустік энтериттің ВН-антиденелерінің болмауын бақылау;

-         иттердің 2-3 айлық күшіктерін иттердің обасына қарсы культуралды вакцинамен иммундеу;

-         иттердің күшіктерін үш қатар, аралығы 7 күннен 1 кг тірі салмағына 1, 2 және 4 мл мөлшерлерде құрамында иттердің оба вирусі бар материалмен гипериммундеу;

-         алынған сары суды серологиялық белсенділікке бақылау

-         жануарлар-продуценттерден тоталды қан алу және қанның сары сулы фракциясын бөліп алу;

-         алынған препараттарды лиофилиздеп немесе қатырып консервілеу.

Ірі қара малдың оба вирусіне қарсы сары суды бұзаулардың және шошқалардың көмегімен келесі кесте бойынша алады:

-         жануарларға ірі қара малдың оба ауруына қарсы К3770 штаммының вакцинасымен вакцинация өткізу;

-         вакцинациядан кейін 14-21 тәүлік өткізіп инъекция араларында 7 тәүлік аралығын сақтап үш қайтарып ірі қара мал обасынан өлген бұзаулардың лимфа бездерінің және көк бауырларының 20 пайыздық суспензиясымен гипериммунизация;

-         сары суларды белсенділікке және ерекшелікке бақылау, жануарлардың қанын алу және сары суды консервілеу немесе лиофилиздеу.

Сары суларды лиофилиздеген жағдайда рефрижераторда 4 жыл сақтауға болады немесе лиофилиздемей қатырып 1 жыл сақтайды. Осы жағдайларда олардың антиденелерінің титрі төмендемейді.

 

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 

     Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше "миазма" — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. "Іnfесіо" деген латын сөзі "ластану" дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).

     Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.

     Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.

     Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік өмір кешеді, белгілі бір уақытқа дейін қажетті нәрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз—инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны.

     Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жұқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі — тасушы (бацилло — "таратушы"). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл "тасушы" деп аталады.

     Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл — жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы.

     Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады.

     Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға — тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады.

     Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға — бөртпе сүзек, безгек, оба жатады.

     Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары—сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады. Қоздыр-ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына — түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.

     Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады.

     Осы бетте тұмау, А, В, С, Е, Д, G вирусты гепатиттері, кене энцефалитеті жұқпалы аурулары туралы мәліметтер ұсынылған.

Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру.

     Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

     Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

     Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс

Вирустық гепатиттер

     Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, байқалмайды, түрлі вирустардан тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдалуы және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. «Сары ауру» эпидемиясы туралы біздің заманымызға дейін Гиппократ V ғасырда сипаттап жазып қалдырған, бірақ оның қоздырушысы туралы тек өткен ғасырдың ортасында ашылған болатын. Бауырдың қабыну вирусы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша В гепатитімен науқастанғандардың саны 1 миллиардтан асатын болса, С гепатитімен дүние жүзінде млн. шамасы белгілі. Жыл сайын бауыр берішінен (циррозынан) млн. аса адам көз жұмады. Жағдайдың көкейтесті мәселелерінің бірі, ол науқас адамның еңбекке жарамды шағында, аурудың жас кезінде пайда болуы болып отыр, мемлекеттің экономикалық жағынан да зиян келуіне, қаражат және адам шығынына әкеліп соғатыны белгілі. С жіті гепатитімен ауырған науқастың ауруы созылмалы түрге ауысады. Науқас адамның бауыр беріші 3 жылдың ішінде өрбіп, соңында рак ауруына шалдығуына қатер төндіреді. Этиологиялық құрылымы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникасы бойынша және бұл аурулардың соңы өте ұқсас емес. қоздырғышы белгілі бауыр қабынуы ауруының дербес 6 түрін ажыратады. Бауырдың қабынуы вирусы халықаралық классификация бойынша 2 топқа бөлінген:

1. Энтеральды топ –фекальдық жолмен жүретін әдеттегі ішек жұқпасы, оған А вирустық гепатиті және Е вирустық гепатиті жатады.

2. Ас қорыту жолынан тыс тобы – әдеттегі қанталау инфекциясы – жұғу жолдары – қан және де организімнің сұйық ортасы (сілекей,сперма, емшек сүті). Бұл топтың өкілдеріне – В вирустық гепатиті, С вирустық гепатиті, D вирустық гепатиті жатады.

     Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттің А түрінің көп тараған өңірлердің біріне жатады, сырқаттану вирустық гепатитпен ауырудың барлық жағдайының 60 %-нан 90 %- на дейін жетеді.

Бауырдың қабынуының Е вирусымен ауырған жағдай біздің республикада тіркелмеген. Аурудың бұл түрі, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған, көбінесе Азия және Африка елдеріне тән.

     Бауырдың қабыну вирусының В түрі әр түрлі жолдармен таралатын аурулардың қатарына жатады. Аса көп тараған түрі – жыныс жолдарымен және гепатитпен ауырған адамның қанымен араласқан түрі. Бауырдың қабыну вирусының В түрімен тіс емханасында, шаштаразда, пирсинг, татуировка жасау кезінде жұқтырып алуға болады – осыған ұқсас салондарда, операция барысында қан құю кезінде, жұқтырылған егу шприцін пайдаланғанда, сонымен қатар науқас ананың жүкті кезінде балаға жұғуы немесе туу кезінде жұқтырылуы болып табылады.

     Балалар үшін В гепатиті өте қауіпті, себебі сәби кезінде өткен аурудың түрі созылмалы ауруға, кейін рак ауруына ауысатын бауырдың қабынуына әкеліп соғады. Жас кезінде науқастанған болса, солғұрлым созылмалы вирусты тасушы болуы мүмкін. Жаңа туған сәбилердің 90-95% - да аурудың белгісі білінбейді, сары ауру белгісінсіз және 70-90 % созылмалы вирус тасушы, ал 35-50 % созылмалы түрде болады.

     D вирустық гепатит, тек вирустық гепатиттің В түрі болғанда, суперинфекцияны күшейтіп, өрбиді.

     Бауырдың қабыну вирусының ауыр түрі болып С түрі немесе қан құюдан кейінгі бауырдың қабынуы болып саналады.

     Посттрансфузиялық бауырдың қабынуы - бұл аурудың көбінесе қан арқылы – қан құю кезінде немесе зарасыздандырылмаған егу инесі арқылы өтеді. Жыныс жолдары арқылы бауырдың қабыну вирусының С түрі сирек кездеседі немесе тікелей анадан ұрыққа өтеді. Бауырдың қабыну вирусының С түрі вирустың басқа түрлерімен қосылуында науқастың жағдайы күрт нашарлайды, ауру барысы асқынып, өлім халіне әкеліп соғуы мүмкін. Ғалымдардың осы бағытта бар күшін салып отырғанына қарамай, қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының С түрінің тағы бір қауіптілігі, сау адамды науқас адамнан қорғау үшін әсер ететін вакцинаның болмауында.

     Соңында, вирустық гепатиттің G түрі – бауырдың қабыну вирусының соңғы өкілі болып саналады – өзінің белгілерімен ол бауырдың қабыну вирусының С түріне ұқсас болады. Бірақ, ол біршама қауіпсіз, себебі бауыр қабынуының С түріне тән бауыр циррозының өрбуі және бауыр ісігіне әкеліп соғатын инфекциялық үдерісі G түріне жатпайтынында.

     Алайда, бауырдың қабыну вирусының С және G түрінің бірге қосылып өрбуі циррозға әкеліп соғуы мүмкін.

     Қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының барлық түрлеріне жетік диагностика жүргізіліп, анықталады және аурудың енді ғана басталу кезінде емделгенде, көп жағдайда жазылатын ауру деуге болады. Алайда, бауырдың қабыну вирусының өрбуіне жол бермей, өндіріс орындары мен медициналық мекемелерде жүргізілетін алдын алу шаралардың аса күрделі емес талаптарын орындау қажет, тұрғындар мен жеке тұлғаларды дер кезінде вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

 

Вирустың циклдық шығуының типтік схемасы

 

А вирустық гепатиті

1. АВГ-нің берілу жолдары:

1) тұрмыстық – қарым-қатынас (отбасыларында және топтастырылған ұжымдарда);

2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық);

3) парентералдық – сирек.

2. Сарғаюдың түрлері – жас бойынша топтар арасында мыналарды құрайды:

1) 6 жасқа толмаған балаларда – 10%-дан кем;

2) 6-дан 14-ке дейінгі жастағы балалар – 40-50%;

3) 14 жастан асқан адамдар – 70-80%.

3. АВГ-нің клиникалық нәтижелері:

1) жіті А гепатитінің 99%-ы аурудан айығады;

2) ауыр, көбінесе өлім-жітімді түрлері, ересектерге тән, кейбір кезде созылмалы В және С вирусты гепатиттерімен сырқат адамдар А гепатитін жұқтырған жағдайда, микст-жұқпасы бар сырқаттарда тіркеледі;

3) сирек кездесетін асқынулар: фульминанттық, холестатистикалық, рецидивтік гепатит;

4) АВГ кезінде созылмалылық болмайды.

4. Зертханалық диагностика. АВГ-нің серологиялық маркерлері:

1) АВГ-ге IgM класы антиденелері (IgM anti-HAV) жіті АВГ жұқпасын көрсетеді және ауырғаннан кейін 6 ай бойы сақталуы мүмкін; сырқаттардың көбі 3 айдың ішінде жазылып кетеді.

2) АВГ-ге жалпы антиденелер (anti-HAV total) бұрын ауырған жұқпаны немесе АВГ-ге иммунитеттің болуын (бұрын ауырғаннан немесе вакцинациялаудан кейін) көрсетеді; сырқаттардың көбісінде өмір бойы сақталады.

А вирустық гепатиттің алдын алу мен бақылау стратегиясы:

1) елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

2) тұрмыстық-жанасу жолымен берілудің алдын алу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде және басқа оқу орындарында тиесілі санитарлық-гигиеналық жағдайды, ауызсу тәртібі мен жеке бас тазалығын сақтау үшін қарапайым шарттардың жасалуына (сабын, дәретхана қағазы) ерекше назар аудара отырып, қамтамасыз ету;

3) санитарлық-гигиеналық талаптарды және техникалық қызметкерлерге жүргізу жүктелген буфеттерді, асханаларды, сантораптарды, сыныптық бөлмелерді және рекреацияларды күнделікті жуып-жинау дұрыстығын сақтауды қамтамасыз ету;

4) оқушыларды мектептің үй-жайларын жуып-жинау үшін тартуға қатаң тыйым салу;

2. А вирусты гепатитінің (бұдан әрі – АВГ) өзіндік алдын алу - вакцинациялау.

3. Вакцинациялауға жататын контингенттер:

1) 2 жастағы балалар;

2) қарым-қатынаста болған күннен кейінгі алғашқы 2 аптада АВГ ошақтарында 14 жасқа дейінгі және оларды қоса алғанда қарым-қатынаста болған балалар;

3) ремиссия кезеңінде В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалар.

Вакцинациялау 6 ай аралықпен 2 рет жүргізіледі. Вакцинаны енгізуге жанама реакциялар туғызу тән емес. АВГ-ге қарсы вакциналарды бөлек енгізу шартымен, басқа вакциналармен қатар енгізуге болады.

4. Ошақтардағы іс-шаралар:

1) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдар онымен қарым-қатынасты үзгеннен кейін 35 күн бойы апта сайын дәрігердің қарауымен (сауалнама, тері мен шырыштыларды тексеру, термометрия, бауырды қолмен зерттеу) медициналық бақылауға жатады.

2) Бақылау кезеңінде жаңадан балаларды қабылдау және қарым-қатынаста болған балаларды басқа топтарға, палаталарға немесе мекемелерге ауыстыруға тыйым салынады, ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинетте оқыту жүйесі доғарылады. Бұрқ еткен сырқаттанушылық кезінде соңғы жағдай тіркелген күнінен бастап инкубациялық мезгілде мектеп бойынша кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады.

3) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдарды клиникалық айғақтар болған жағдайда қанды биохимиялық анализдерге зертханалық тексеру дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

4) Сырқатты ұжымнан оқшаулағаннан кейін балалар бірге тамақтанған, болған және ұйықтаған қарым-қатынаста болған ұйықтаған жағдайда балабақшалар мен жабық типтегі балалар ұйымдарында қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.

В вирусты гепатиті

     В вирусты гепатиті (бұдан әрі - ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін). Сарғаю түрлері болған 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-дан кемінде клиникалық белгілерімен білінеді. Алайда, бұл ретте аурудың созылмалы түрі жағдайдың 30-90%-нда дамиды. 5 жастан асқан балалар мен ересектерде жіті манифестік жұқпа гепатит В вирусын жұқтырғандардың 30-50%-да, бірақ жұқтырғандардың тек 5-10%-да ғана созылмалы ауру дамиды. В гепатитінің вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.

Вакцина – арнайы қорғаныспен қамтамасыз етуші препарат