Ветеринариялық офтольмология
Жоспар.
- Ветеринариялық офтольмологияда
қолданылатын дәрілердің түрлері мен
қолданылу тәсілдері.....................
...........................2 – 4 - Ветеринариялық офтольмологияда
қолданылатын жалпы және жергілікті ауырсындырмайтын,
нейролептик, наркотик дәрілер және олардың әсер ету механизмі.....................
.........................5 – 7 - Ветеринариялық офтольмологияда қолданылатын қарашықты кеңейтетін, тарылтатын, антисептикалық және тарқататын (бойға сіңіретін ) дәрілер және олардың әсер ету механизмі..............8 – 9
- Көз ауруларын емдеуге новокайн блокадасын
және басқада патогенетикалық тәсілдерді
қолдану.......................
..............10 – 12 - Көз ауруларын емдеуге витаминдерді,
антибиотиктерді және физикалық тәсілдерді
қолдану.......................
.........................13 – 15 - Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
.............................. .16
- Ветеринариялық офтольмологияда қолданылатын дәрілердің түрлері мен қолданылу тәсілдері.
Көзі ауыратын жануарлардың күтімі мен емі оның жалпы жағдайы мен ауруының дамуына және оның жергілікті патологиялық жағдайына байланысты ұйымдастырылуы тиіс. Кей жағдайларда дәрігер – практикант қайтымсыз көз ауруларын емдеуден бас тартуына тура келеді.басқа сөзбен айтқанда, алдымен ауруды толық анықтап алып барым ем – шараны ұйымдастыру қажет. Емдеу әдісі мен емдік препараттарды таңдау барысында, олардың бәрі жалпы организмнің қызметтерінің бұзылуымен сипатталатынын ескеру қажет. Көз ауруларына үй жануарларының ішінде ең жиі шалдығатыны ірі қара малы. Көздің мүйізді қабығының қабынуы сиақты ауруларда негізгі анық байқалатын белгі: температураның көтерілуі, тежелу немесе қозу байқалады, жалпы арықтау, сүт қайтады, салмағы төмендеп, жеп шөптен қалады, төл өспейді.
Көз ауруларын емдегенде ең бірінші ауырсындырмау жасау керек, орталық жүйке – жүйесінің шамадан тыс қозуына жол бермеу керек.
Жергілікті көз ауруын емдеу үшін жалпы әсер ететін дәрәлік заттарды қолданған да дұрыс, олар ауру жануардың қайта қалпына тез келуі үшін өте маңызды. Жергілікті емдеу оперативті немесе медикаментті болуы мүмкін.
Оперативті емдеу әдісі көбіне іріңді панофтальмитте қолданылады, яғни іріңді алып тастау. Сонымен қатар көздің ішкі қатерлі ісіктерінде, көз орбитасының ісігінде, қабақ пен көздің басқа да бөліктерінің ауруларында тіпті көзді де алып тастауға туру келеді. Оперативті емдеу сонымен қатар қабақтың айналуында да қолданылады.
Көп жағдайда оперативтік емнің орнына аурсындырмау арқылы емдеу қолданылады, антисептикалық және қабынуға қарсы препараттар, регенеративті жылдамдататын дәрілік заттар қолданылады. Мысалы, анестетикті жергілікті қолданып ауырсындырмау жасайды. Қазіргі кезде кең қолданылатын ауырсындырмау препараты ретінде 3-5% новокайн ерітіндісі болып табылады. Оны көбіне тамшы ретінде қолданады. Көрсетілген мөлшерде қолданылған новокайнның әсері 10-15 минуттан кейін қайталап еккенде басталады.
Бір уақытта микрофлораға да әсер ету үшін ерітіндіге химиялық антисептик немесе антибиотик қосуға болады. новокайнның күшін ұзарту үшін оны жақпа май немесе паста ретінде қолдануға болады.
Ірі қараның терең кератитті ісігін емдеуде Г.С. Мастыко мына қоспадағы жақпа майды қолданып жақсы нәтиже алды: новокаин 5,0, биомицин 5,0 және вазелин 90,0. Бұл жақпа майды қолдану арқылы мүйізді қабықтың құрылымды өзгерісінің, абсцесстің және ісіктің алдын алуға болады.
Клиникалық зерттеулер бойынша новокаинды жергілікті қолдану, онымен бірге және одан кейінгі қолданылған дірілердің кері әсер беруіне жол бермейді. Новокаинды тек жергілікті ауырсындырмау ретін де ғана емес сонымен қатар жалпы терапия үшін де қолдануға болады. Новокаин пенициллиннің қанда ұзақ сақталуын және бактериостатикалық әсерін күшейтеді.
Көптеген көз ауруларында ұлпа терапиясы жақсы нәтиже береді. Оның негізін қалаған академик В.П. Филатовтың мектебі. Құрамында жануарлар және өсімдіктер тектес консервациясы бар «биогенді стимулятор», биокатализаторлы ауыр белоктық негіздегі препарат, енгізген кезде ауру жануардың жүйке және эндокринді жүйесіне әсер етеді.
Ұлпа терапиясын қолдану жағдайлары: созылмалы катаральды коньюнктивит, нейротрофикалық ісік, инфильтраттар және пролифераттар, мүйізді қабықтың созылмалы эрозиясы, сонымен қатар көру жүйкесінің атрофиялық процестерінің бастамасында қолданылады. Ұлпа терапиясы көру қаблетін арттырады.
Ұлпа препаратын организмге консервіленген бөлікшелер ретінде тері асты клетчаткаға немесе эмульсия түрінде иньекция ретінде енгізеді. Жануар тектес сұйық препараттардан қолданылатыны консервіленген қан мен шыны тәрізді дене. Өсімдік тектестерінен «ФИБС»,алое және тағы басқалары.
Коньюнктивиттің іріңді формасында, кератитте, панофталмитте жылылықты компресс түрінде қолдану кері әсерлі деп саналады, қатты қажет болған жағдайда аса сақтықпен қолданған жөн. Жылулықты дұрыстап пайдаланбаудың нәтижесінде каньюнктива қалташасындағы микрофлораларға қолайлы жағдай тууы мүмкін.
Тәжірибе жүзінде көп жағдайда күрделі дәрілердің қоспалары пайдаланады. Ол әсіресе дәрілік заттардың күшін жоғарылату үшін қолданылады. Бірақ бұндай қоспа дәрілерді пайдаланар алдында аса сақ болу қажает, себебі кейбір дәрілік заттар бір – бірінің күшін жойуы мүмкін. Мысалы, иод пен риванол ерітінділері бір – біріне мүлдем сәйкес келмейді. Сондықтан қоспа дәріні қолданар алдында ескеретін жайттар: біріншіден дәрілік заттардың химиялық сәйкестігі, екіншіден дәрәлердің фармакодинамикасын, үшіншіден егер дәрілер қоспа емес тек бірінен соң бірін пайдалану керек болса тек солай қолдану қажет. Көздің терең қабынуларында дәрілік заттарды каньюнктива қалташасына құю тез әсер етпеуі мүмкін, себебі дәрілік зат ұзақ уақыт бойы мүйізді қабықтың немесе каньюнктива бетінде тұрады. Бірақ тез әсер беретін дәрілер де бар. Мысалы, 5% кокаин ерітіндісінің бірнеше тамшысын немесе басқа анестетикті еңгізу жеткілікті, онда мүйізді қабық бірден сезімділігін жоғалтады, ал 1% атропин ерітіндісі көздің қарашығын үлкейтеді, ал пилокарпин тарылады.
Көз қарашығын үлкейтетін бірден – бір зат ретінде атропин қолданылады, оны 1% дистилденген судағы ерітінді түрінде қолданады. Ал көз қарашығын тарылту үшін пилокарпинді физстигминмен немесе салицилқышқылды эзеринмен алмастыруға болады. Концентрацияларын 0,25 – 0,5 % асырмау керек. Егер пилокарпиннің әсерін жою немесе азайту керек болса оның антогонисті ретінде атропинді қолдануға болады.
- Ветеринариялық офтольмологияда қолданылатын жалпы және жергілікті ауырсындырмайтын, нейролептик, наркотик дәрілер және олардың әсер ету механизмі.
Ветеринариялық офтальмологияда да басқа салаларда қолданылатын ауырсындырмау препараттары қолданылады. Олар наркотикалық және нейролептикалық дәрілер. Ауырсындырмау жануарларға жарақаттық шок алмауы үшін және жалпы организмінің ауруға төзімділігн сақтау үшін жасалынады. Ауырсындырмау жасау наркоз арқылы жасалынады. Наркоз – дегеніміз арнаулы дәрәлік заттардың әсерінен орталық жүйке жүйесіндегі нейронаралық синапстарда болатын қозудың өткізгіштік құбылысының әлсіреуі. Қазіргі мал дәрігерлік практикада наркоз дегеніміз ауырсыну сезімдігінің жалпы әлсіреуі, осының әсерінен болатын сезімділіктің жойылуы, қаңқа еттерінің босаңсып, толық қозғалыссыз күйге енуі болып табылыды. Наркоз ерте заманнан медицинада да ветеринарияда да жасалынатын сезімділікті әлсірету әдісі. Бұл ғылымда өте үлкен жаңалық ретінде қаралып, 1847 жылы бүкіл әлемде мереке ретінде аталып өтті. Алғашқы кездегі наркоздық заттар қолданылу тәсілін білмегендіктен өте улы болды. Соңғы кездері наркоздық заттарды пайдалану тәсілдері жетілдіріліп, олардың организмге зияндылыға азая түсті.
Наркоздық заттардың орталық жүйке жүйесіне алғашқы әсері ауырсыну сезімділігінің әлсіреуімен қатар жүретін естен айырылуды нмесе есеңгірепестен танып қалуды еске түсіреді. Осы сатыда орталық жүйке жүйесі едәуір әлсірегенісен, ми қыртысының ауырсыну сезгіш орталықтарының әлсіреуі басым болып анальгезия құбылысы ацқындала бастайды.
Наркоздың әртүрлі сатысы болуымен қатар практикада оның төрт даму дәрежесі қарастырылады:
Наркоздың бірінші дәрежесін базистік немесе беткейлік дейді. Наркоздың бұл дәрежесінде организмнің ауырсыну сезгіштігі толығымен жойылады, көлденең жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден төмендейді, ал тыныс алу, тамыр соғу, қан қысымы өзгеріссіз қалады.
Екінші дәрежелі наркозды – айқын наркоз деп атайды. Наркоздың бұл дәрежесіне организмнің ауырсыну сезгіштігі толығымен жойылып, көлденең жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден төмендегенімен, тыныс алу жүйесі мен жүректің қызметі өзгермейді.
Үшінші дәрежелі наркозды – терең наркоз деп атайды. Наркоздың бұл дәрежесінде рефлекстер толығымен жойылады, тыныс алу әлсірейді, қан қысымы әлсірейді, тамыр соғуы жылдам болғанымен, әлсіз болады.
Төртінші дәрежелі наркозды – аса терең наркоз немесе шектен тыс асып кетуі деп те атайды. Наркоздың бұл дәрежесінде ең маңызды орталықтардың қызметі бұзылады: қан қысымы бірден төмендейді, тамыр соғуы әлсірейді, тыныс алу сиреп, бірқалыпсызданады. Наркоздық заттар ингаляциялық және ингаляциялық емес деп бөлінеді. Ингаляциялық наркозға жататын дәрілік заттар хлороформ, эфир, фторотан. Ал ингаляциялық емес дәрілік заттарға тиопентал – натрий, тиопентал тағы басқалары. Наркоз көбнесе жануарға операция жасау үшін қолданылады. Наркоз арқылы жануарларға оңай әрі организмнің резистенттілігін сақтай отырып операция жасауға толық мүмкіншілігіміз бар.
Ветеринарияда сонымен қатар сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қарсы орталық жүйке жүйесінің реакциясын төмендететін препараттар қолданылады, олар нейролептикалық заттар.
Олардың негізгі әсері – жануарларды тыныштандырып, қорқыныш – үрей тудыратын реакцияларды әлсірету. Кейбір нейролептиктер адренергиялық немесе холинэргиялық жүйкелердің, сонымен қатар серотонин мен гистаминнің белсенділігін бәсеңдетеді.
Нейролептиктерге тән ең негізгі ерекшелік – электрондар мен энергия тасымалының әлсіреуінен болатын, тыныс алу тізбегінің торшалар мембранасындағы кейбір ферметтер белсенділігінің төмендуі болып табылады.
Кең ауқымды әсері бар нейролептиктерге: аминазин, пропазин, левомепромазин, метеразин, этаперазин, френелон, трифтазин, фторфеназин, хлорпротиксен, галоперидол, трифлуперидол, меторин, дроперидол, пимозид және карбидин жатады.
Сонымен қатар ветеринарияда қолданылатын жалпы және жергілікті жансызданыру препараттары бар.
Жергілікті жансыздандыру дәрілері.
Бұл топқа сезімтал нерв үштерінде қозу процессін болдырмайтын және нерв талшықтары арқылы импульстың жүруіне блокада жасайтын дәрілік заттар жатады. Процесс қайтымды. Дәрілік заттардың әсерінен барлық сезімталдық төмендейді, бірінші кезекте ауырсынғандықты сезіну – аналгезия байқалады. Ауырсынғандық орталық нерв жүйесінің қызметіне кері әсерін тигізеді, тіпті естен тандыруға (шок) дейін барады. Сондықтан қатты тітіркендіруді бас ми қабына жеткізбеуге тырысу керек. Міне, осы үшін қолданылатын жергілікті жансыздандыруды тудыратын дәрілік заттар рефлекс доғасының сезімталдықты өткізетін бөлігінің қызметін бұзады, блокадалайды.
Жергілікті жансыздандыратын дәрілік заттарды көбінесе суда жақсы еритін тұздары ретінде қолданады. Организмнің аздаған сілтілік ортасында олар гидролизденеді де, бос негіз бөлініп шығады. Осы негіз нерв тіндеріне әсер етеді. Қышқылдық ортада (қабынған тіндерде, іріңді ісіктерде) жансыздандыруды тудыру қиынға түседі.
1909 жылы Оппель новокаинды белгілі бір қан тамыры қызмет көрсететін аймақты жергілікті жансыздандыру үшін күре тамырға еңгізуді ұсынды. Ал артерияға еңгізілгенде новокаинның өлтіру дозасы күре тамырға еңгізгендегіден 4 – 10 есе аз екендігі дәлелденген. Новокаинды көбінесе құрсақ қуысына, сүйекке және кеңірдекке жіберу арқылы қолданады. Медицина саласында оны асқазанның және ішектердің ойық жарасында, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларында, буын қабынуында және басқа да ауруларда күре тамырға еңгізу арқылы қолданады.
3. Ветеринариялық офтольмологияда қолданылатын қарашықты кеңейтетін, тарылтатын, антисептикалық және тарқататын ( бойға сіңіретін ) дәрілер және олардың әсер ету механизмі.
Ветеринариялық офтальмологияда қолданылатын дәрілік заттардың қатарына қарашықты кеңейтетін және тарылтатын, антисептикалық және тарқататын дәрілік заттар да жатады.
Қарашықты кеңейту үшін 1% атропин ерітіндісінің бірнеше тамшысы да жеткілікті, ал тарылту үшін пилокарпин ерітіндісі қолданылады.
Бірақ бұл препараттардың әсері сау көзде тезрек білінеді. Атропин мен пилокарпиннің әсерінің білінуі үшін оларды мүйізді қабыққа немесе каньнктиваға терең еңгізудің қажеті жоқ, себебі бұл препараттар әсер ететін нерв талшықтарының ұштары бұл қабықтардың беткі эпителий қабатында орналасқан.
Қарашықты кеңейту үшін қолданылатын ең негізгі препарат атропин. Оны 1% сірке қышқылды дистилденген судағы ерітіндісі ретінде қолданады. Атропиннің мидратикалық белсенділігін оған кокаин немесе 1:1000 қатынасындағы адреналин қосқанда арта түседі, 1 тамшы 1 г ерітіндіге. Қарашықты көз түбін толық тексеру үшін, шыны тәрізді дененің мөлдірлігін тексеру үшін және сәулелі қабық пен кірпікті дененің тарылуымен сипатталатын ауруларын анықтау үшін қолдан кеңейтеді. Егер көздің ішін толығымен тексеру үшін көз қарашығын бірнеше минутқа ғана кеңейту керек болса, ал кейбір көз ауруларында бірнеше күнге кеңейту керек болады. атропиннің формакологиялық негізін ескере отырып оны офтальмоскопияда қолдану тиімсіз, себебі қалыпты жағдайдағы көзге атропинді бірден қолдану, оның әсерін 2 – 9 тәулікке дейін созады. Соған орай қарашықты жасанды кеңейту үшін қысқа мерзімді әсер ететтін препараттарды қолданған жөн. Ондай препараттардың бірі дистилденген суда әзірленген гомотропин бромсутегінің 1% ерітіндісі. Гомотропиннің ерітіндісі көз қарашығын тез әрә қысқа мерзімге кеңейтеді (10 сағ 20 сағ дейін).
Пилокарпиннің әсерінен болатын көздің ішкі қысымының төмендеуін көруге болады. сәулелі қабықтың дөңгелек бұлшық еттерінің тартылуынан парасимпатикалық нервтердің қозуының тежелуінен қарашық тарылады. Қаршықпен бірге сәулелі қабық та кішірейеді, жас каналшасының кеңістігі ұлғайып, алдыңғы камерадан каналшаларға баратын, және жас каналшасы кеңістігіне құйылатын сұйықтықтың жақсы сүзілуіне жағдай туады. Көзге сұйықтың аз келуіне байланысты оның ішкі қысымы да төмендейді. Керек жағдайда пилокарпиннің концентрациясы 2 – 6% дейін жеткізіледі.
Сонымен қатар көз қарашығын ұлғайту және көздің ішкі қысымын төмендету үшін пилокрпинді физостигминді немесе салицил қышқылды эзеринмен алмастыруға болады, олардың миотикалық күші жоғары болғандықтан концентрациясын 0,25 – 0,5% асырмау керек.
Көз қарашығын кеңейтетін және тарылтатын препараттардың ішінде негізгі қолданылатын препараттарға көбірек көңіл бөлеміз. Оларды дұрыс пайдалану көздің тамырлы қабығының әртүрлі іріңсіз ауруларында маңызды болуы мүмкін. Мысалы, қатерлі глаукома кезінде пилокарпинді пайдалану көздің ішкі қысымын төмендетіп қана қоймай оның болашақта жақсаруына әсер етеді, басқа сөзбен айтқанда рецидивдтің алдын аламыз.
Егер пилокарпиннің күшін жою немесе қайтару керек болса, онда оның антогонисті – атропинді пайдаланамыз.
4. Көз ауруларын емдеуге
новокайн блокадасын және
Жануарлардың көз ауруларын емдеуде оперативтік араласусыз жүргізілсе, жергілікті жансыздандыру жасау арқылы, қабынуға қарсы және антисептикалық препараттарды, зақымдалған тканьдердің регенерациясын жылдамдататын препараттарды қолдану арқылы жүргізіледі. Мысалы, жергілікті анестетикті пайдалану арқылы ауырсынуды басады. Қазіргі кезде кеңінен қолданыс тапқан ауырсындырмау препараттарының бірі 3 – 5 % новокаинның концентрациясы болып табылады. оны тамшы ретінде пайдаланады. Көрсетілген концентрацияда пайдалану, новокаинды қайталап қолданғаннан соң 10 – 15 минуттан кейін әсер ете бастайды.
Бір мезетте микрофлораларға да әсер ету үшін, новокаин ерітіндісіне химялық немесе антибиотиктердің бірін қосып қолданған дұрыс. Нововкаинның анестезиялық әсерін ұзарту үшін, оны жақпа май немесе паста ретінде пайдаланған дұрыс, оның да құрамына анестетик немесе антибиотик қосады.
Г.С. Мастыко өзінің әріптестерімен бірге сиырдың терең жаралы каратитін емдеуде мына қоспадағы жақпа майын пайдаланып жақсы нәтиже алды: новокаин 5,0, биомицин 5,0 және вазилин 90,0. бұл жақпа майын пайдалану арқылы мүйізді қабықтың лейкоцитарлы инфильтрациялық структурасының терең өзгерісінің, абсцесс пен жараның алдын алуға болады.
Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, новокаинды жергілікті пайдалану дәрілік заттардың кері әсерін тудырмайтындығы анықталды.
Новокаинды жергілікті және тек ауырсындырмау үшін қолданылатын препарат ретінде ғана емес, жалпы терапия ретінде, орталық жүйке жүйесінің қозуын реттеу және тежеу үшін де қолданады.
Новокаин вазоконстриктор жолындағы ауырсыну рефлексінің доғасын гиперемия тудыру арқылы бұзады.
Новокаин блокадасы нейротропты және антипарабиотикті қоздырушы болып табылады, жүйке жүйесінің жағдайын өзгертіп, зақымдалған ұлпалардағы зат алмасуды реттейді.
Новокаин блокадасы арқылы орталық жүйке жүйесіне түсетін патологиялық импульстерді қайтаруға болады, яғнионың трофикалық функциясын оптималды жағдайға түсуін қамтамасыз етеміз.
Новокаин блокадасы организмнің сезімталдығының төмендеуіне қарай реактивтілік қаблетінің өзгеруіне көмектеседі, сондықтан ол аллергиялық реакция кезінде жақсы әсер беретін ең жақсы спецификалық емес десенсибилизациялық заттардың бірі болып табылады.
Мал дәрігерлік тәжірибеде жануарлардың көз ауруларын емдеуде краниальды симпатикалық мойын ганглийлерін блокадалау тиімді әсер береді. Кейінгі кездерде кеңінен қолданылып жүрген әдістердің бірі көзасты жүйкесін блокадалау болып табылады.
Басқа да дәрілік препараттарды пайдалануда новокаин блокадасын жергілікті пайдалану кері әсер етпейтіндігі анықталған. Керісінше, олардың сәйкестігі репаративтік процессті үдетеді. Бұл сәйкестік әсіресе көздің жекелеген ұлпаларындағы қатты ауырсынуларда әсері жоғары, және де оның анатомиялық құрылымында қабынулы процесстердің жалғаспауы үшін жақсы әсер етеді. Мысалы, жылқының көзінің өтпелі қабынуында новокаин ерітіндісін ретробульварлы немесе ішке қолдану жоғары әсер береді.
Новокаин терапиясын қабыну процесстерінің басталу шағында қолдану жақсы әсер береді, қосымша препараттар қолданбаған жағдайда да.
Ветеринариялық офтальмологияда көптеген ғалымдар өздерінің зерттеулеріне орай әртүрлі новокайнмен тежеу әдістерін ұсынған. Мысалы,
- П.П. Гатиннің «Көз асты жүйкесін новокаинмен тежеу» әдісі;
- В.А. Авроровтың «Көз маңайын новокаинмен тежеу» әдісі;
- Г.Л. Бурчеладзенің « Көздің кірпікше денесінің ганглиясын спирт – новокаинмен тежеу» әдістері ветеринариялық офтальмологияда жиі қолданылып жүр.
П.П.Гатинның әдісі бойынша көз және оның маңайындағы тіндердің патологиясында көз асты жүйкесін новокаинмен тежеу.
Ол үшін 0,5 %-ды новокаин ертіндісін көзасты каналы арқылы жібереді. Ол сол маңайдағы дәнекер тінді аймаққа жайылады. Қосымша көз шарасының маңайына терінің астына сол ертіндіні жібереді. Алдымен көз асты тесігін топографиясы бойынша анықтап алады да, одан 1-1,5 см ауыз қуысы жаққа ығысып барып 0,25-0,5 %-ды новокаин ертіндісін ірі малдарға 40-60 мл, бұзаулар мен қойларға 10-12 мл мөлшерінде жібереді. Қосымша терінің астына сол ретпен 30-40 және 10-15 мл ертінді жіберіледі. Тежеуді 3-5 күннен кейін қайталауға болады.
В.А.Авроровтың әдісі бойынша көз маңайын новокаинмен тежеу әдісі.
Бұл әдісті көздің қасаң қабығының қабынуында, оның кілегей қабығымен қабаттаса қабынуында және көз алмасының ойық жарасында қолдануға болады. Новокаинмен тежеуді альбуцидті және тетрациклин тобындағы антибиотиктердің майымен жергілікті түрде қоса қолданғанда әсіресе көздің індетті, асқынған түрдегі ауруларында жақсы нәтиже береді. Ол үшін 1:5000 қатынасындай етіп фурацилин ертіндісін қолдануға болады. Инені үстіңгі қабақ арқылы көз шарасының астыңғы шетімен қарсы жақтағы құлақтың түбіне бағыттап 6-8 см тереңдікке еңгізеді. Екінші рет инені төменгі қабақтың ортасы арқылы сол бағытта еңгізеді. Сол ине арқылы новокаинның 0,5 %-ды ертіндісін ірі малдарға 15 мл, бұзаулар мен қойларға 7-10 мл мөлшерінде жібереді. Осы мөлшердің төрттен бір бөлігін инені шығара отырып жібереді.
Көз кірпікше денесінің ганглиясын спирт-новокаин ертіндісімен тежеу әдісі.
Г.Л.Бурчеладзенің ұсынысы бойынша бұл әдісті керато-конъюнктивиттің жіті түрінде, кератиттің іріңді және жаралы түрлерінде, иридо-цилитте және басқа да көздің қабыну патологияларында қолдануға болады. Тежеу үшін 1-2 %-ды этил спиртінде 0,25-0,5 %-ды новокаинның ертіндісін дайындайды. Инені қабақтың сыртқы бұрышының үстіңгі жағынан 0,5-1 см ішке қарай жылжытып барып 3-6 см тереңдікке еңгізеді.
- Көз ауруларын емдеуге витаминдерді, антибиотиктерді және физикалық тәсілдерді қолдану.
Ветеринариялық офтальмологияда көз ауруларын емдеуде витаминдердің, антибиотиктердің және физикалық әсерлермен емдеудің маңызы өте зор. Соның ішінде антибиотиктермен емдеу жануарлар организміндегі кейбір биохимиылық құбылыстарды қуаттандыратыны, сол арқылы жалпы жағдайын жақсартып, өсуін күшейтіп, өнімділігн арттыратыны және жануарлардың ауруларға қарсы қорғаныс реакциясын күшейтетіндігі анықталды. Сол себепті антибиотиктер қазіргі кезде жануарлардың әртүрлі ауруларын , соның ішінде көз ауруларын емдеуде кеңінен қолданылып жүр.
Антибиотиктер – дегеніміз микробтарға қарсы әсері бар микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдікткрдің өсіп - өнуі кезінде бөлінетін заттар.
Антибиотиктер деген термин 1942 жылы өте көлемді де, күрделі зерттеулердің арқасында қабылданды.
Антибиотиктердің әсер ету нәтижелілігі дәрілік заттың физико – химиялық қасиетіне, мөлшеріне, пішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты әсер береді.
Малдәрігерлігі тәжірибесінде антибиотиктер химиотерапевтік, химиопрофилактикалық, антисептикалық заттар ретінде жиі пайдаланылады. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдер мен макроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.
Антибиотиктердің өте кең турде қолданылатындығы мынандай жағдайларға байланысты:
- өздеріне ғана тән әсер теу механизмі болатындығы;
- микробтарға қарсы әсер ететін ауқымының кеңдігі;
- өте төменгі мөлшерінің өзінде нәтиже көрсететіндігі;
- жануарлар организміне еккеннен кейін де активтілігін жоймайтындығы;
- емдік және профилактикалық әсері айқын әрі жылдам білінетіндігі;
- жануарлар үшін уыттылығының өте төменділігі.
Антибиотиктер басқа препараттарға қарағанда сіңімділігімен, организмнен тез бөлініп шығатындығымен ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта ветеринария мен медицина саласында антибиотктердің өте көп түрі қолданылып жүр. Мысалы, эрмицин, эрициклин, грамицидин, цитрамицин, метациклин гидрохлориді, гентамицин сульфаты, новопенициллин, нитокс, левоэритроциклин, спектиномицин және т.б.
Пенициллин. Пенициллинді жасыл балдырларды өсіру арқылы алады. Пенициллин қышқылдар тәрізді төзімсіз келеді, сол себепті тез бүлініп, қысқа мерзімді әсер етеді.
Пенициллиннің белсенділігі оның сериясына және тазалау жолдарына байланысты болып келеді. Сол себепті оның әсер ету бірлестігі бойынша мөлшерлейді. Оның 1 әсер ету бірлестігі 0,5988 мкг химиялық тұрғыдан таза бензилпенициллиннің натрий тұзына сәйкес келеді. Пенициллиннің ең жақсы еріткіші – дистилденген суда дайындалған хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісі. Бұл ерітінді рН 6 – 6,5 болған жағдайда жақсы сақталады. Пенициллиннің топтары:
- Бензилпенициллиннің натрийлі тұзы;
- Бензилпенициллиннің калийлі тұзы;
- Бензилпенициллиннің новокаинді тұзы;
- Феноксиметилпенициллин;
- Бициллин;
- Алмециллин.
Сонымен қатар ветеринариялық офтальмологияда витаминдердің де маңызы өте жоғары. Көз ауруларының пайда болуына витаминдердің жетіспеуі тікелей әсер етеді. Солардың бірі А витамині – ретинол.
А витамині – ретинол. Ретинол жасушада өтетін алмасудағы тотығу үрдісін, күкіртті белоктар алмасуын, жасушаның көбейіп, өсуін реттеуге қатысады. Сол үрдістер арқылы тері, ас қорыту және тыныстау жолдары, көбею мен зәр шығару жүйелерінің ішкі клегей қабаты эпителиінің өсуін, көз қабыршығының дұрыс пигментациялануын қамтамасыз етеді.
А витамині жетіспеген
жағдайда эпителидің
Көздің кейбі ауруларын емдеуде физикалық әсерлерді қолдану да оң нәтиже береді. Мысалы, ыстық – суықты пайдалану, саз балшықты пайдалану және де әртүрлі сәулелерді пайдалану арқылы көз ауруларын емдеуге болады. Соның ішінде қарастыратын болсақ ыстық – суықты комфресс ретінде немесе әртүрлі қыздыратын дәрілік заттарды пайдаланып әсер етуге болады.
Қолданылған әдетиеттер тізімі.
- Муратбаев Д.М., Ильясов Б.К. «Ірі қара малдың кератоконъюнктивитін кешенді емдеу нәтижесі». – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің хабаршысы. – Семей, 2009.
- Қожанов К.Н. «Ветеринариялық фармакология» – Алматы – 2007 ж
- К.А. Фомин. «Глазные болезни животных» - Москва – 1968 ж
- Интернет мәліметтері.
- Сайдулдин Т.С. «Орысша – қазақша малдәрігерлігі сөздігі» – Алматы. Қайнар баспасы – 1993.

- Ветеринария на Кубани и в Ростовской области
- Ветеринарія
- Ветеринарная биотехнология
- Ветеринарная вирусология
- Ветеринарная вирусология
- Ветеринарная клиника "Здоровый друг"
- Ветеринарная медицина. Значение, образование, организации и перспективы развития
- Ветеринария в период коллективизации животных
- Ветеринария в период коллективизации животных
- Ветеринария в СССР
- Ветеринария в странах Азии и на Ближнем и Среднем Востоке
- Ветеринария в эпохи Средневековья и Возрождения V-XVII века
- Ветеринариялық гигиена пәні, оның орны мен міндеттері
- Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі