құқық жүйесі және заң жүйесі
Жоспар
I.Кіріспе
1.Құқық жүйесінің түсінігі және мәні.
1.1.Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктелуі.
1.2.Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатнасы
II.Негізгі бөлім
2.Әлемнің құқықтық жүйелері және Қазақстан
Республикасындағы құқықтық жүйе.
2.1. Әлемнің құқықтық жүйелері
2.2. Қазақстан Республикасының құқықтық
жүйесі
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
I Бөлім
1 ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ҚҰРЬІЛЫМЫ
1.1 Құқық жүйесі мен
құрылымы, олардың мазмұны................5-12
1.2 Құқықтық реттеудін
пәні және адістемелері..................
II Бөлім
2 Құқық жүйесі мен
заң жүйесінің қатынасы......................
2.1 Заң шығару жүйесінің
негізгі салалары......................
2.2 Құқық және заң
жүйелерінің даму бағыттары....................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Заң және құқық жүйелері туралы қазақша реферат
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп-басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан, құқық қогамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі кұқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп-басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші — құқық, қоғамның объективтік — диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субьективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса қоғам дағдарысқа ұшырайды.
Екінші — құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нор-малар.
Құқықтық жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып, сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсатты орындайды.
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұ-нына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымы жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылымы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.
Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құкық құрылымы, жұмысының қалыптасуы, дамуы бірдей — ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан, құқықтық жүйелердіңде қалыптасуы, дамуы әртүрлі болады. Мұны жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы тәжірибелерін алып, пайдаланып өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға болады.
Сонымен, құқықтық жүйе дегеніміз — әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер [7, 48-56 б.].
Құқық құрылымы дегеніміз- құкықтық нормалардың ішкі құрылымы және олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз — құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптыц ең күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құкықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту, нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол қатынастарды реттеу-басқару үшін объективтік жолмен кұқық жүйелері қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім — құқықтық норма. Бұл деңгейде норма бірқатынастың ішкі мазмұнын, оның орындалу жолдарын, субъектілердің екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастардың толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т.б.
Құқықтық институт — бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп-басқару. Мысалы, азаматтық құкығы меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік құқығы, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекетті органдарының кызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.
Құқықтық бөлім — бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы қатынастарды реттеп-басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.
Құқық саласы — қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, еңбек, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
Құқық — салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.
Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық институты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі құқық жұйесінің негізгі салалары:
1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық — бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп-басқарып отырады.
2. Әкімшілік құқық — бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
3. Қаржы (қаражат) құқығы — бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.
4. Жер құқығы — бұл сала жер, су, өнімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.
5. Азаматтық құқық — қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды реттеп отырады.
6. Еңбек құқығы — азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып, реттейді.
7. Жанұялық құқық — осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын реттейді.
8. Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.
9. Қылмыстық құқық- қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.
10. Қылмыстық-процессуалдық құқық- милиция, прокуратура, сот т.б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
11. Еңбекпен түзеу құқығы — қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қаты-настарды қамтиды.
12. Халықаралық құқық-мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар.
Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесімен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап құқық жүйелерін, салаларын жаңартып елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.
Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін құрастырып, дамытады. Сондықтан, бұл салалар құкық жүйесінің діңгегі, ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады.
Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешенді салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқықтың нормалары әкімшілік, азаматтық, жер, процессуалдық жүйелерден тұрады және олармен бірлестігі. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді [8, 244-248 б.].
Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады. Құқықты жүйеге, салаға бөлудің екі себеп-мақсаты бар: біріншісі — жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытта анықтау; екінші — сол жүйелік, салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқыктық жұмыстардың тәсілдері мен әдістерін анықтау.
Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен бірге дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектеріне құқықтық нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен құқыктық норма арқылы қарым-қатынас жасап мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістері құқықтың барлық салаларында бар.
Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға материалдық және процессуалдық құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында маңызы өте зор.
Материалдық құқық — қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық нормалар, әкімшілік құқыктық нормалар т.б.
Процессуалдық құқық — материалдық құқықты қалай, қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдық және азаматтық процессуалдық құқықтарда көрсетілген нормалар.
Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың, бірлестіктердің, ұжымдардағы, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға құқығы калыптасады.
Сонымен, бұқаралық құқық — мемлекет бұқаралық және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы — жеке адамдардың арасындағы қатынастарды реттеп-басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп-басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жекетұлға құқығы адамдардың және заңды тұлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа азаматтық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады. Сонымен, бұқаралық құқық -мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы — жекелік істермен шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста дамиды. Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде Кеңестік дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды
Заң жүйесі және құқық жүйесінің қатынасы
Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып, елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп-басқарып жатады. Сондықтан, мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік карым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқылапып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп-баскару процесіпде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.
Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті дағдарыска ұшыратпай басқару керек. Міне, бұл мәселемен мемлекеттің заңды шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заңжүйесі қалыптасады.
Заң жүйесі дегеніміз — Парламент арқылы құқықты құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.
Заң шығару жүйесінің негізгі салалары;
1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.
2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т.б.
3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы: шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.
4. Қорғаныс – әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.
Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.
Сонымен, заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп дамытып отырады. Құқықтың дамып қалыптасу кезеңдері:
1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.
2. Қатынастарды реттеп-басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.
3. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік шегілердің орындалуын жақсарту.
Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.
Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары — құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары:
- Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құкық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы; 2) Құқық жүйесінің дамуы; 3) Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.
Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады [10, 100-112 б.].
Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп-басқаруды бірте-бірте коғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.
Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.
Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі міндетті түрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп-басқаруға көшуі мүмкін
I Бөлім
1 ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЬІЛЫМЫ
1.1 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны................5-12
1.2 Құқықтық реттеудін
пәні және адістемелері..................
II Бөлім
2 Құқық жүйесі мен
заң жүйесінің қатынасы......................
2.1 Заң шығару жүйесінің
негізгі салалары......................
2.2 Құқық және заң
жүйелерінің даму бағыттары....................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъсктивтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірінен келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және атқаратын функцияларымен құқықтық мақсаттарға сай болады.
Құқық жүйесінің өзі, шын мәніңдегі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Онын тиімді болуынын өзі, қоғамдық дамудын қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан ұлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық жүйесінін жағдайына карау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің тұрақтьшығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру кажет, себебі коғамдык тәжірибе әр уакытта бір орында тұрмайтыны анық.
Құқык жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады - құқық салалары және институттары, олар коғамдык катынастардың жекелеген топтаръш реттейді. Жекелеген құкық нормалары, басқа біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқык институттарына жатады. Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді.
Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамнын кұқық жүйесін құрайтын кұқык саласына айналады.
Құқық жүйесі — құқыктың ішкі құрылымы, барлық кұкык нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың салапарға қосымша салаға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді.
Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдіңтарихи дамуындағы заңдышық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды.
Жүйе, философиялык түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.
Құқық - жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық - жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарыи көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады.
Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол - өз мәнінде жүргізілмеген кұқықтың шығармашылық нәтижесі.
Құқықтық жүйе - біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым қатынастығымен сипатталады. Олардың ретгеу күші, жалпылама алға қойған мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде.
Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік қызмет әрекетіиен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, кұкык жүйесі - көп салалы өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше, кұрамдық бөліктерін косып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, кұкык жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну, кұкык жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық катынастардың жан-жақтығына байланысты.
Құқык нормалары - кейіптік қоғамдык катынастарды реттейді, соған сай, алғашкы құқық жүйесінің бөлігін құрайды, ал әр түрлі құқық нормаларынын жиынтығы оның басқа бөліктерін (элементтерін) кұрайды: кұқық институты, құқықтық сала бәліктері және құқық салалары, одан да қиын қоғамдық қатынастар құрамының бөліктерін реттейді.

- Құқыққатынастар
- Құқық қатынастарының субъектілері
- құқық қорғау органдары
- Құқық қорғау органдары
- Құқық қорғау органдары
- Құқық қорғау органдары
- Құқық қорғау органдары
- Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы
- Құқық
- Құқық бұзушылық
- Құқық бұзушылыққа жол бермеу
- Құқық бұзушылықтың алдын алу басты - міндет
- Құқық және мемлекеттік- құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
- Құқық және мораль