Құқық және мемлекеттік- құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
Құқық және мемлекеттік- құқықтық
құбылыстардың негізгі
1.Құқық ұғымы және белгілері.
2.Құқықтың пайда болуы және оның мәні.
3. Құқықтық норма ұғымы және құрылымы.
4. Құқықтың қайнар көздері,
5. ҚР құқықтың әрекет етуі.
6.Құқықтық қатынас ұғымы және түрлері.
7. Құқықтық мәдениет және сана.
8.Құқық бұзушылық.
1. Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық
Сөйтіп құқық туралы сөз
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынығы
ретіндегі құқық, қоғам
2. Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.
Қоғамдық тәртіп (демократиялық
немесе халыққа қарсы
Құқық қоғамның әлеуметтік
Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың
өміріне қалыпты жағдайлар
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
3.Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже. Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық нормалардың
- Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
- Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
- Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
- Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
- Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.
Толық айқын
түрі: мазмұны нормада айқын
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
- Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
- Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
- Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
- Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
- Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.
Заңдар адамның құқықтық
Сөйтіп құқық туралы сөз
Құқықтың алғашқы элементі –
құқық нормасы. Құқық нормасы
дегеніміз – мінез-құлық,
Құқықтық нормалардың жиынығы
ретіндегі құқық, қоғам
4.
Құқықтың қайнар көздері,
Қазақстан
мемлекетінің құқығының объективтік
және субъкетивтік қалыптасу жолдары
осындай. Бұл жолмен әлемдегі, барлық
мемлекеттер де өтті. Құқықтық даму
негіздері де, нысаны да ұқсас деуге
болады. Тек аздеп ерекшеліктері
бар. Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің
құқығының даму процесіндегі діни
нормалардың тәжірибесін және прецеденттік
нормаларды өте аз пайдаланады. Дамыған
елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін
өте кең пайдаланамыз. Қазақстан
Республикасының құқық
-құқықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр;
-құқықтық прецедент;
-нормативтік шарттар;
-нормативтік
құқықтық актілер.қазақстан
Республика Конституциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар және жай жай жарлықтар шығарады. Республикалык Президантінің жарлықтары Конституция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен:
1.Республика
Президентінің актісін
2.Конституцияда
және өкімет органдарының
3.Парламенттің
заңды міндетіне кірмейтін,
4.Республиканың
экономикалық және саяси-
Республикалық парламенттің актілері: парламент Республиканың бүкіл аумағында міндеті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің конститутциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды.
Парламент пен Палаталар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.
Үкімет
актілері – заңдардың және Республика
Президенті актілерінің негізінде
және соларды орындау үшін шығарылатын
үкіметінің нормативтік актілері
және жеке қаулылыры. Үкімет актілері
алқалық отырыстарында дауыс
беру арқылы қабылданады, оған Премер
– министр қол қояды. Премер –
министр өз құзіреті бойынша жеке
өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының
және Премер – министрдің өкімдерінің
Республикасының бүкіл
Жоғары сот актілері – Республика сот билігінің жоғары органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл жоғарғы соттың Президиумы, Пленумдеры мен Төралқасының қаулылары мен өзге де актілері. Сот практикасыныңмәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республиканың жоғары сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.
Министрлік – ведомстволар өз құзіреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. Өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын өздері бақылап отырады.
Жергілікті мемлекеттік
Парламенттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп шыққын саяси партия өкілдерінен Үкімет құрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді. Парламент конституциялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды, бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.
Мемлекеттің
басқа органдарының (презитенттің,
үкіметтің, премер-министрдің, сот органдарының,
жергілікті басқару органдарының т.б.)
нормативтік актілер шығару, қабылдау,
бекіту құзіреттері Президенттік Республикадан
көп айырмашылығы жоқ. Қазақстан
1993 ж. Конституция бойынша
6. Қоғамдық қатынастар – белгілі бірөндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыданқоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас- қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орындары.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары – саяси, құқықтық, моралдық, ұлттық, діни т.б. қатынстар қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланыста реттелген бұлжымас бірізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бірізділік табу, оның ең басты, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым – қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым – қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынас болады. Бұл объективтік прорцесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым- қатынастар да ескіріп, эжаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолман дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түріне шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан, адамдардың және қоғамның мүдде - мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып кейбір қарым – қатынастарға шектеу қойылды.
Қоғамдық қатынастар әртүолі болады: саяси, моралдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастарының көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынастар дегеніміз
– мемлекеттік кепілдіктегі екі
жақты құқықтары мен міндеттері
бар қоғамдық қатынас. Құқықтық
қатынастардың нышан –
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым – қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағынан құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастардың
1.Қоғамдағы
барлық қатынастар және
2.құқықтық
норманың атқаратын ісіне
3.құқықтық
қатынастар мазмұнына қарай екіге
бөлінеді: жалпылық және нақты.
Жалпылық түрде құқықтық
4.Құқықтық
қатынастардың субъектілерінің
жағдайларына қарай екіге
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез – құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субъективті құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.
1.құқықтық
қатынастың субъектісі – жеке
адам мен заңды тұлғалар. Қазақстан
Республикасының және басқа
Әрекеттілік (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру,өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.
Құқықтық субъектіліетің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты імтер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата – аналары, асырапалушылары, не қамқоршылары жасайды.
Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды.
Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеу қойылады:
-кәмелеттік
жасқа толмаса адамдардың
-адамдардың денсаулығының нашар болуы;
-туысқандық-қандас болу;
-егерде азамат сотталған болса;
-діни нормаларға шектеу.
Шет елдің азаматтары толық, құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.

- Құқық және мораль
- құқық жүйесі және заң жүйесі
- Құқыққатынастар
- Құқық қатынастарының субъектілері
- құқық қорғау органдары
- Құқық қорғау органдары
- Құқық қорғау органдары
- Құжаттың функциялары
- Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуі
- Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы
- Құқық
- Құқық бұзушылық
- Құқық бұзушылыққа жол бермеу
- Құқық бұзушылықтың алдын алу басты - міндет