Жарнама туралы түсінік
I бөлім. Жарнама туралы түсінік
Қазіргі жарнама «әкесі» аталған Альберт Ласкер оған мынандай түсініктеме береді. «Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда». Осындай анықтама радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді. Жарнама жайлы әртүрлі анықтамалар бар. Ол қатынас өтім ұйымдастыру, эканомикалық және әлеуметтік процесстер – қоғаммен байланыс жасаудың бірден-бір көзі болып анықталуы мүмкін. Сонымен, жарнама – бұл ақпарат беру, әдетте төленетін және сенім пікірін тудыратын құрал. Ол көбіне өнім мен жарнама таратушының ойын іске асырумен айналысады.
Жарнама түрлі топтағы адамдарға көзделіп жасалған, яғни барлығын хабармен қамтуды мақсат етеді. Түрлі топтағыларға: рок-музыканы ұнататын жасөспірімдер мен классикалық, баяу әндерді таңдайтын қарт адамдар. Бұл кезде жарнама осындай топтағыларға арнайы жасалған қимыл болып саналады.Қызмет атқарудың басым бөлімі – жарнама, мазмұны мен мақсаты жағынан сендіру, өзіне идея, тауар, қызмет көрсетуге жаңа пайдаланушыларды қаратуды нысан етеді. Алайда, белгілі жарнама таратушылар, мысалға құқық және заң жұмыстарын шешіп беру мақсатында жасалған хабарлама тек ақпарат беру орнында жүреді және ол ешқандай сендіру мақсатын көздемейді.Материалдық тауарды жарнамалаудан қатар банк қызметтері, сұлулық салондары, машина сатумен айналысатын дүкендермен жарнамалық байланыс жүргізу өте маңызды. Барлық өсу дәрежесінде жарнама ой насихат шеңберінде қолданылады: эканомикалық, политикалық, экологиялық, діни және әлеуметтік.
Хабарландыру жарнама болу үшін, жарнама беруші өзін таныстыру шарт. Әрине, жарнама беруші өзінің атын аталғанын қалайды. Ондай жағдай болмағанда жарнаманың мән-мағынасы болмағанмен тең. Дәстүрлі БАҚ-тың (телевидение, радио, газет, журнал, маңдайшалар) – дан басқа жарнаманы тарату: пошта, метро, трамвай, адамдар көп жүретін жерлерде кездеседі. Және де бұл жарнамалаудың тиімді түрінің бірі.
Жарнама барлық жерде қолданылады. Онымен ұйым «бейнесін» қалыптастыру үшін қолданылады (абыройлы жарнама), маркалы тауарды ерекшелендіру мақсатында (марка жарнамасы), сату жайлы ақпарат тарату, қызмет көрсету (рубрикалық жарнама) төмен бағамен сату жайлы хабарландыру (төмен баға жарнамалары).
Таралу масштабына қарай: глобальді (бүкіл әлемдік), мульти – ұлттық, бүкіл ұлттық, аймақтық, қалалық, жергілікті.
Сезім мүшелеріне қарай сұрыпталу: визуальді, есту (ауызша), иіс сезу, дәм сезу, түйсік сезу және т.б.
Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).
Жарнама құралдарын 5 үлкен топқа бөлуге болады: баспасөз, телевидение, радио, жарнама, кино.
Жарнама тағы да көркемділік безендіру
жағынан: қара – ақ,
біртүсті, екі түсті,
түрлі – түсті, мәтінді,
суретті, фото, пайдаланылған
және де затты жарнамалар:
брелок, оттық, қалам,
кәдесый, т.б. Сонымен
қатар «тірі» жарнамалар
да бар. Бұған модельдердің
дүкендерде жүріп, атақты
фирма киім үлгілерін
көрсету жатады.
1.2. Жарнаманың негізгі функциялары:
-эканомикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру.
-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру.
-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады.
-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады.
-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі.
-мәдениетті
– эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады.
1.3. Жарнама мақсаты:
-сауда нарығын кеңейту
-бұқараға тауар жайлы хабарлау
-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру
-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау
-қарсыластарға
тойтарыс бере алу
1.4. Жарнама талаптары
Негізгі талаптар:
ҚР аумағындағы жарнаманың негізгі талаптары «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508-ІІ заңға сәйкес жасалады:
- Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс
- Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады
- Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс
- Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында таралып, өнідірілуге тыйым салынған тауарларды (қызмет, жұмыс) жарнамалауға жол берілмейді
- Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен рухани оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады
- Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс
- Түсініксіз жасалған жарнама құрылымы байбалам туғызбауы тиіс, себебі ол әр адамда түрліше болады.
Жарнама тіліне қойылатын талаптар.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-І «Тілдер туралы» Заңында жарнамаға қойылатын тіл талаптары қарастырылған.
Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған тиіссіз жарнама
Жарнама күнделікті өмірде быржақты, креативті,
күлкілі болып көрінгенмен, негізгі жарнаманың
табиғаты өзгеше. Кейде этикаға сай
келмейтін, сенімсіз және басқа атақты
маркаларды көшіруге дейін баратын жарнама
түрлері кездеседі. Осындай креативтердің
авторларынан: «Мұны жасай отырып, не туралы
ойладыңыз?» деп сұрағың келеді.
Мұндай
жарнамаға ҚР Заңнамасы
«Жарнама туралы» заңның 7
бабында айрықша назар
аударған.
Тиіссіз жарнама келесі
жарнама түрлерін біріктіреді: қиянатшыл,
дәйексіз, әдепсіз.
- Қиянатшыл жарнама тұтынушыларды адастырады, себебі жарнамаланатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) арасында дөрекі салыстыруларға толы болып келеді
- Дәйексіз жарнама дегеніміз ҚР «Жарнама туралы» заңының «Қиянатшыл жарнама» 7 бабы, 2 тармағына сәйкес келмейтін мәліметтерді қамтитын жарнамалар болып табылады
- Әдепсіз жарнама - жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни, саяси және өзге де нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бiрдей қабылданған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын жарнама.
Ол бұзылған жағдайда айыппұл салынады:
- жеке тұлғаларға оннан жиырма АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
- жеке кәсіпкерлікке, қызметтік тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі АЕК аралығында;
- орта және шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық ұйымдардың субъектілері саналатын заңды тұлғаларға, жүзден екі жүзге дейін;
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін, — екі жүзден төрт жүз АЕК мөлшерінде.
1.5. Жарнама қызметтері
- Клиенттерді
тарту — оларды жаңа
тауарлар, қызметтер,
жаңа сатылымдар жайлы ақпараттандыру.
Жарнамалық хабарламаларда, асылында
жарнамалаушы компанияның клиенттері
тартатын бәсекелестік артықшылықтары,
жетістіктері жазылады.
- Сатуды
арттыру — жарнама маркетингтің құралы
іспеттес, сатылым көлемінің артуына әсер
етеді. Алайда клиент жарнамадағы дүкеннің
(компания, банк, сервис
және т.б.) үлесіне таңдау жасау үшін
бір ғана жарнама азшылық етеді. Егер клиент
жарнамалаушы компанияға келсе немесе
қоңырау шалса , оған жарнамадағы жазулармен
бірге, ондағы уәделердің шынайылығы маңыздырақ
болуы мүмкін. Клиетті қалай қарсы алады,
ол сөрелерден қандай тауарлар көре алады,
қандай бағаны қалтасы көтереді – міне
осы сияқты көптеген факторлар сатылымның
көтерілуі немесе түсуіне әсер етеді.
Жарнама тек бағыттап, есте сақтауға көмекші
құрал сияқты.
- Тауар өтімін реттеу — егер жарнаманың бұл қызметін ұмытар болсақ, кері имидж қалыптастыруымыз ғажап емес. Тауар санының жарнама кампаниясы (сіздің және клиентіңіз) күткендей сәйкес болуын есте сақтау керек. Егер (мысалы) күзгі киімдердің жиынтығы сатылып кеткен болса, жарнаманы назардан алып, БАҚ-қа жариялауды тоқтату керек
1.6. Жарнама түрлері
Жарнама түрі оның мақсатымен тығыз байланысты, ал мақсат өз кезегінде тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушыларына бағытталады.жарнаманың түрін таңдамас бұрын, мақсатты анықтап алу қажет:
- тұтынушыдан аталмыш тауар, қызмет туралы белгілі бір дәрежеде білім деңгейін қалыптастыру;
- тұтынушы ойында нақты фирма образын қалыптастыру;
- тауар, қызмет түріне деген қажеттілікті қалыптастыру;
- фирмаға дұрыс көзқарас қалыптастыру;
- аталмыш фирмаға тұтынушының келуін қамтамасыз ету;
- дәл сол тауарды сол фирмадан алуға тұтынушыны бұру;
- тауар өтімін немесе қызметті қолданысқа енгізуді ынталандыру;
- тауарайналымды жеделдету;
- аталмыш тұтынушыны сол тауардың тұрақты сатып алушысы, фирманың тұрақты клиенті етуге тырысу;
- басқа фирмалармен сенімді серіктес ретінде байланыс орнату.
Осы мақсатта
жарнамалар атамлыш жарнама бағытталған
шешімге мақсаты бойынша бір топқа біріктіру
қажет:
- ИМИДЖ-ЖАРНАМА - мақсаттар 2,3,4,10
- ЫНТАЛАНДЫРУШЫ ЖАРНАМА - мақсаттар 1,5,6,7,8
- ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАРНАМАСЫ - мақсаттар 5,9,10
1.7. Фирмалық стильді анықтау
- Фирмалық стиль – бұл барлық фирма бұйымдары мен шаралары бойынша бірлестігін қамтамасыз ететін тәсілдер (графикалық, түстік, пластикалық, акустикалық, бейне) жиынтығы, сатып алушылар, серіктестер, тәуелсіз бақылаушылардың тек фирма тауарларын есте сақтауы мен қабылдауын жақсартады, сонымен бірге өз тауарларын қарсы қойып, тауар қызметіне және бәсекелестікке баруына мүмкіндік береді.
- Егер нақты тілмен айтатын болсақ, фирмалық стиль – бұл компанияның жағымды имиджін қалыптастыруға атсалысатын және олардың тұтынушымен жарнамалық байланыстарының тиімділігін арттыратын, серіктестердің сенімділігін арттыратын және компанияның нарықтағы беделін жоғарылататын визуалды идентификацияның кешендік жүйесі.
Фирмалық стиль не үшін қажет және оны қалай пайдалану керек?
Біреулер «Фирмалық стильдің болуы –
сәнді және заманауи» деген принцип бойынша
фирмалық стильді жасайды. Басқалары «Мен
де...» принципі бойынша әрекет етеді. Қайсыбіреулерге
фирмалық стиль инвесторлардың талаптары
бойынша саудаға дайындық үшін қажет болуы
мүмкін. Алайда фирмалық стильді әзірлеудің
нағыз қажеттілігі оны пайдаланудағы
тиімділіктің жоғары екенін аңғарғанда
ғана байқалады.
Фирмалық стиль мыналар
үшін қажет:
- Графикалық және өзге константтардың даралығы мен бірлігі арқылы бәсекелестер арасында дара танылған және есте жақсы сақталатындай ерекшелену. Егер сізді тез танитын болса, сізбен жылдамырақ серіктес болуға асығады. Тез танылудың арқасында кампания жарнамасына шығындалатын қаражаттың мөлшері азаяды. Фирмалық стильдің болуы жарнаманың да тиімділігін арттырады.
- Бизнес бойынша тұтынушылардың, серіктестердің сеніміне кіру үшін. Егер сіздің фирмалық стиліңіз үйлесімді, сауатты, әдемі болса, міндетті түрде сенім тудырады, ал бұл бизнестегі серіктесуді жүзеге асырудың басты факторы болып табылады. Серіктеспесеңіз түсім де болмайды. Ал сәтсіз серіктестік – «сәтсіз» түсім. Киімге қарап қарсы алады.
Фирмалық
стиль қандай болуы
шарт?
Дара, есте қаларлықтай болу – жарнама
тиімділігін арттырады.
- Эстетикалық, үйлесімді, әдемі болу – сенім тудырады
- Қызметке,позициялануға сабақтастықты паш ету – жарнама тиімділігін арттырады
- Жарнамада фирмалық стильді пайдалану кезінде технологиялық талаптарға сай келу (жарнама тасымалдаушыларда элементтерін пайдалану – идентификацияны (танылуды) сақтайды
II
бөлім. Ақпарат беру
құралдары бойынша жарнаманы
жіктеу
2.1.
Сыртқы жарнама
Сыртқы жарнама (визуалды) – «ашық аспан астында» орналасқан арнайы уақытша немесе стационарлы құрылымдарда бекітілетін мәтін, графикалық түріндегі жарнама, сонымен қатар ғимараттардың, үйлердің жоғары бөлігінде, көше жабдықтары элементтерінде, көшесің жүретін бөлігі немесе жол бойларында орналасқан түрлері.
Билбордтар мен тақталардағы жарнама.
Биллбордтардың мәлімділігінің өсуі, ең алдымен олардың орналасуына жеңіп алған орындарына әсер етеді. Ең маңызды трассалар мен магитральдарда орналасқан биллбордтар, ереже бойынша жүргізушілер мен жолаушылардың назарындағы қолжетімді құралға айналады.
- Өлшемі
Бүгінгі күні Қазақстанда жарнамалардың 3 м. Х 6 м. өлшемді сериялық тақталар көп тараған.
Плакаттардың салдарлы өлшемдері - 9 ш. м.-ден 36 ш. м. – ге дейін – суретке күш және айбат береді. Көлемі ұлғайтылған жарнама бейнесі (сүт пакеті, шоколад бөліктері және т.б.) назар аударып қана қоймай, таң қалдырары сөзсіз. Жарнаманың шығар бөлігі кеңістігін ұлғайту тақтаның ауқымын ғана үлкейтіп қоймай, тың шығармашылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. - Жарықтандыру
Жарықтандыру жарнама плакатының әсерін еш жоғалтпайды. Қоғамдық биллбордтардағы жарнама күні-түні, жұмыс күндері де, мереке күндері де жұмыс істейді. Жарнама берушіге прайм-тайм немесе қарбалас кезең үшін қосымша қаражат төлеудің қажеті жоқ: биллбордтарға арналған прайм-тайм тәулігіне 24 сағат қызмет етеді. Қуаты күшті лампылармен жарықтандырылған биллборд кешқұрым сағаттарда және қараңғы түнде жолдың көңілсіздігін жасырып, көздердің шаршауына жол бермейді және жүргізушіге өзіндік маяктармен қызмет етіп отырады. - Орналастыру
Оқшау тұрған тақталар, ереже бойынша қозғалыс көп трассалар мен магистральдарға, көлік ағындарының көп болатын қиылыстарына, жекелеген жолақтар бойында орналастырылады. Тақталардың маңызды бөлігінің екі жағы болады. Бөлінген жол жолақтарында орналасөан тақталарға жақтарды таңдау маңызды роль атқармайды. Көлік ағынына көлденең орналастырылған тақталардың беткі жағына байланысты құны артқы бетінінің құнынан 30 пайызға артық.
«Призмавижен» құрылғысында орналасқан жарнама.
Жедел және қайталанып ауысып отыратын
тақтадағы үш бейне – бұл жаңа идея емес.
Адамның көзі кеңістіктегі аздаған өзгерістерді
тез байқайды. Американ ғалымдарының зерттеуінше,
2000 –нан астам адамның 91 пайызы өзгеріп
тұратын бейнелерді байқаса, жүргіншілердің
19 пайызы ғана аналогтық статистикалық
суреттерді байқайды екен.
Призмаларды қолдану
техникалық және жарнамалық мақсаттар
үшін өте таптырмас әрі сәтті шешім болды.
«Prismavision» құрылғысының үсті тығыз орналасқан
үшжақты призмадан тұрады, өз осінің айналасында
осы призмалар айналып тұратындықтан
бейне өзгеріп отырады. Үш суреттің тез
өзгеруі (бір секунд ішінде) және «болжамсыз
фактор» мен кезекті сюжеттің айқындылығы
адамның назарын аударып қана қоймай,
оны эмоционалды жағдайда ұстайтынын
атап өту керек.
- Өлшемі
Заманауи техникалық әлеует кез келген өлшем құрылымын жинауға мүмкіндік береді – үштен жүзге дейін призма қолданылатын үлкендеуінен бастап (0,6 м. х 0,6 м) көлемділеріне дейін (24 м. х 8 м), - және бірнеше жарнама орналасатын бірөлшемділері де кездеседі. - Жарықтандыру
«Prismavision» үшін галогенді жарықтандырғыштармен немесе күндізгі жарық лампалы сыртқы жарықтандырғыштар пайдаланылады. - Орналастыру
Сыртқы жарнамада «Prismavision» құрылғысын орналастырудың төрт тәсілі қабылданған – оқшау тұратын, қабырғаларға ілінетін, шатырлық және ілінетін. Оқшау тұрған «Prismavision» құрылғылары көпшілік жағдайда жарнаманың сериялық орналасуына қолданылады. Олар стандартты формада, өлшемдегі биллбордтарда - 3 м. х 6 м беріледі. Мұндай құрылғылар кең даңғылдар мен қозғалыс көп қиылыстарда орнатылады.
Қабырғада тұратын «Prismavision» құрылғысы қабырғаға бекітіледі немесе қабырғаға перпендикуляр орнатылады. Олардың формасы мен өлшемі үлкен қашықтықта өзгеріп отырады.
«Prismavision» төбе құрылғысы имидждік жарнамаға арналған. Элита ауданында орналасқан үй шатырларын пайдалану жарнама орнын іздеуде мәселені шешіп қана қоймайды, әрине мұндай жарнаманың беделін арттырады. - «Prismavision» төбе құрылғысының көлемдірек болуы және тиімді орналасуы жаяу жүргіншілерді ғана емес, көлік кептілісіндегі жүргізушілердің де назарынан тыс қалмайтыны анық.
Аялдамалардағы және лайтпостерлердегі жарнама.
Көлікті күте отырып жолаушылар түрлі бояулы плакаттарға қарайды. Көбінесе мұндай байланыс ұзақтығы аздаған секундтардан тұрмайды, көлік күтудің бар кезеңінде 10 минутқа дейін болуы мүмкін.
- Өлшемі
Жарнама өрісінің стандартты өлшемі - 1,2 м. х 1,8 м. Жарнама ілінетін тақтаның биіктігі - 2 м.-ден 2,3 м., құрылымның түріне байланысты; мұндай биіктік суреттің жаяу жүргіншінің және жүргізушілер мен жолаушылардың көз деңгейіне мөлшерлес болады.
Барлық павильондар мен лайтпостерлер екі жарнамалық жақ пен ішкі жарықтанғыштан тұрады. Павильондардағы жарықтандырылған жарнама тақталары кешке және түнгі мезгілдерде ерекше көзге түседі, жарнама плакаттары тәулік бойы қызмет етеді және жоғары дәрежеде жарнамаға тиімдірек. Сонымен бірге, олар жарнама бейнелерінің тартымдылығын күшейте түскен сайын қауіпсіздікті сезінуге әсер етеді. - Орналастыру
Павильондардың функционалдығы мен лайтпостерлердің аздаған өлшемдері оларды қаланың орталық аудандарына – көлік көп шоғырланған магистарлдар, қиылыстарда, сонымен қатар жіңішке тротуарлар мен жүргіншілер өткелдері тұсына орналастыруға мүмкіндік береді.
Ұстамды дизайн мен пайдалылығының арқасында павильондар жеңіл әрі тиімді түрде кез келген қала ортасына кіреді. Жеңіл, тұнық, олар ескі көшелердің үйлесімді бейнесін бұзбайды, тіпті қаланың өзге де беделді аудандарындағы тарихи бөліктеріне де орнатуға болады.
Ғимарат шатырына орнатылатын жарнама құрылғылары.
Бағалы, бірақ сыртқы жарнаманың өте беделді және элитарлы түріне жататын түрі жарық шатыр құрылғылары болып табылады. Шатыр құрылғыларындағы имидждік жарнама фирманың өркендеуін, тұрақтылығын және қаржылық жетістігін айқындайды. Бірнеше шақырымнан көрінетін, орталық және басты магистарльдарда орналасқан жарнамалық құрылғылар кез келген фирманың қаладағы сәтті қызметін білдіретін визит карточкасы болып табылады.
- Өлшемі
Құрылғы габариттері нақты тапсырыстың талаптарымен анықталады. Құрылғы биіктігі, ереже бойынша, 1 метрден кем болмауы тиіс, алайда тым желбіреп кетпес үшін 5 метрден аспауы тиіс. Шатыр құрылғысының ұзындығы жарнама мазмұны мен төбе өлшеміне байланысты анықталады. - Орналастыру
Жарық үй шатыры жарнамасын орнату үшін маңызды көшелер, магистральдар мен орталық даңғылдар қолайлы. Көзге көрнекілеу болуын қамтамасыз ету үшін көбінесе алыстан көрінетін бұрышта орналасқан ғимараттар таңдалып алынады.
Ғимарат қабырғаларындағы жарнамалық винилді панно.
Кез келген өлшемдегі түрлі бейнелерді
басып шағыруға және оларды винилді қағазға
басуға мүмкіндік беретіндей компьтерлік
технологияның пайда болуымен бірге сыртқы
жарнамаға жаңа дәуір туды. Тіпті кішкентай
клиенттердің өзіне өзін Ұлы сезінердей
қайталанбас мүмкіндік пайдал болды. Жарнама
өлшемі тек қабырғаға арнайы сурет керіліп
қойылатын кәсектің көмегімен ілінетін
баспа өлшемінен ғана шектеледі. Суретшілердің,
фотографтардың, әрлендірушілердің үлкен
өлшемді паннодағы таптырмас қиялдарын
іске асыру және оларды қажет жағдайда
тираждау айтарлықтай проблема емес.
Мұндай жарнаманың
ұзақтығы, ауа-райының қолайсыздығына
төзімділігі, үлкен өлшемі мен түрлі бояулары
оның даңқын асқақтатуды қамтамасыз етті.
Олардың қызмет ететін кезеңі полиграфиялық
плакаттармен салыстырғанда, аймен емес
жылдармен есептеледі. Флекс жаңбырға,
қарға және желге төзімді болып келеді.
Флекстің сақталу ұзақтығы – 5 жыл. Бояулардың
төзімділігі мен айқындығы сурет бейнелеген
технологияға байланысты. Ереже бойынша,
толыққанды бейнеленген суреттер үш жылға
дейін өңін жоғалтпайды. ММТ технологиясы
бойынша дайындалған винилдік панно өзіндегі
бояулар мен сурет ақындығын 7 жылға дейін
жоғалтпайды.
- Өлшемі
Винилдік панно 1 ш.м-ден 250 ш.м дейін, қажет жағдайда одан да үлкен өлшемде болуы мүмкін
Дисплейдегі жарнама
Көлемді электрондық дисплейлер сыртқы
жарнаманың тиімді түріне айналғалы біршама
уақыт болған. Көз тартар суреттер мен
түрлі-түсті бояулардың қанықтығы еріксіз
бас бұруға және келесі сюжеттің ауысуын
күтіп бақылауға мәжбүрлейді.
Үлкен экрнаннан
көрсетілетін мәтіндік ақпарат,
компьютерлік графика,
бейнероликтер жадыда ұзақ уақыт қалардай
әсер етеді. Үлкен бейнеэкрандар электрондық
динамикалық жарнама мен сыртқы жарнама
беруде өзіне бар жақсыны қамтыған.
Толықтүсті
газоразрядты панель негізіндегі электрондық
экрандар кез келген мәтіндік, графикалық
және бейнеақпаратты беруге қабілетті.
Түстік гамма шексіз (4096 түс), сондықтан
сансыз түрлі нюанстарды шығаруға мүмкіндігіміз
бар.
Электрондық
дисплейлер үздіксіз әсерімен сыртқы
жарнаманың сенгісіз құндылықтарының
бірі болып отыр. Жарнама роликтерін көрсету
бір минутқа да тоқтамайды. Ақпараттық
және жарнамалық сюжеттер бір бірін алмастырып,
әр 5-10 минут сайын қайталанып отырады.
5 минуттық цикл кезінде бір ролик тәулігіне
320 рет айналады. Осындай жағдайда 15 секундтық
бір роликті таныстырудың жинақты уақыты
күні бойы – бір жарым сағат.
- Өлшемі
Дисплей өлшемі оның орналасқан орны мен шолу мүмкіндігіне байланысты. Бейнеэкрандан көлемі 2,5 ден 200 ш. м.-ге дейін, бірақ өлшемі шектелмеген, себебі бейнеэкрандар стандартты модульдерден жинақталады. - Орналастыру
Экрандарды дайындайтын жаңа технологиялар және оларды компьютердің көмегімен меңгеру оларды кез келген орынға – ғимарат шатырына және жеке тұрған құрылымдарға орнатуга мүмкіндік береді.
ҚР заңнамасына сәйкес сыртқы жарнаманы орнату талаптары:
Елді
мекенде сыртқы жарнаманың (визуалды)
объектісін орнатпас бұрын сізге мыналар
қажет:
Біріншіден. Жергілікті атқарушы органға
қағаз жүзінде келесі тармақтарды көрсете
отырып өтініш беру:
- Өтініш берушінің аты-жөні, тегі, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы (болса - телефон, факс), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке идентификациялық номер (ЖИН) – жеке тұлғалар үшін;
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, ұйым атауы, жетекшінің аты, тегі, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы (болған жағдайда - телефон, факс), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-идентификациялық нөмір (БИН) – заңды тұлға үшін;
- Сыртқы жарнама (визуалды) нысанын бекіту және басты параметрлері;
- Өтініш берушінің таңдаған орнату орнын негізге ала отырып, сыртқы жарнама нысанының болжалды орнының мекен-жайы.
Рұқсат алуға арналған өтінішке мыналар қоса беріледі:
- Сыртқы (визуалды) жарнама нысанын орналастыруға ұсынылып отырған объект немесе жер теліміне құқықбекітетін құжаттың немесе объект иесімен бекітілген, мазмұнында кондоминиум нысаны басқармасы органымен немесе өзге де құқыққа ие тұлғалармен сыртқы жарнама (визуалды) нысанын орналастыру ұсынылып отырған, сыртқы (визуалды) жарнама нысанын орнату турады келісім-шарттың нотариуспен заңдастырылған көшірмесі.
- Сыртқы (визуалды) жарнаманың түнгі және күндізгі нысанының, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыруға ұсынылған нысанның кескін эскизі, сыртқы (визуалды) жарнама нысанын функциялауды инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі шешім.
- Егер құрылыс-монтажды жұмыстардың өткізілуімен сыртқы (визуалды) жарнаманы орнату немесе орналастыру байланысты болған жағдайда, ол объектіге жаңа объектілер салуға және ескі объектілерді жаңартуға рұқсат беру шараларын өткізу ережелері сай келеді.
- Сыртқы (визуалды) жарнама объектісін орнатуға және жер телімін пайдалануға берілетін рұқсат құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісіне берілетін құқықпен алмастырылмайды.
- Жергілікті атқарушы орган сыртқы (визуалды) жарнама объектісінің ұсынылған мекен-жайларын, орналастыратын жерін, түрін (формасы, типі) көрсету арқылы, оның жұмыс режимін, берілген рұқсаттың басталу және аяқталу мерзімдерін, сыртқы (визуалды) жарнама объектісіне қойылатын талаптар мен оның техникалық қолдануының берілгені туралы шешімнің жобасын дайындайды.
Екіншіден. Сыртқы (визуалды)
жарнама объектісін орналастыру жергілікті
атқарушы органмен берілген рұқсат арқылы
ғана жүзеге асырылады, рұқсат осы ереже
қосымшасына сәйкес формада рәсімделеді.
Рұқсат тек біржылға ғана беріледі.
Жергілікті атқарушы
орган өтінішті алған күннен бастап он
күн ішінде сыртқы (визуалды) жарнама
объектісін орналастыруға рұқсат немесе
хат түрінде дәйекті бас тарту жауабын
беруі тиіс.
ҚР салық кодексіне сәйкес сыртқы жарнамаға салынатын салықтар.
Республикалық маңызды жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары жиегіндегі жарнама объектісінің екі жақты жер алаңы үш шаршы метрге дейінгі сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыруға төленетін жыл сайынғы салықтар (ҚР салық кодексінің 530 бабы) тең бекітіледі.
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

- Жаропрочность тугоплавких металлов и механические свойства
- Жароустойчивость растений
- Жарочное оборудование для предприятий общественного питания
- Жарочные тепловые аппараты
- Жар таңдау
- Жартылай автоматты бұғаттау кезіндегі поездар қозғалысы
- Жартылай өткізгіштер.Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі
- Жарнама қызметін жоспарлау
- Жарнама мәні, рөлі мен мағынасы және түрлері
- Жарнаманың атқаратын қызметтері
- Жарнаманың қоғамдағы рөлі, мақсаты мен міндеттері
- Жарнаманың мәні, нарықтық экономика жағдайындағы атқаратын рөлі
- Жарнама психологиясы
- Жарнама туралы зағ