Жарнаманың қоғамдағы рөлі, мақсаты мен міндеттері

1. Жарнаманың қоғамдағы  рөлі, мақсаты мен міндеттері 

 

 

Жарнама мен тұтынушының  мінез – құлқының арасындағы арақатынасты түсіну үшін біріншіден, адам мінез  – құлқының көп жақтылығы, оған әсер ететін факторларды, екіншіден, маркетингпен айналысатындар мінез – құлық тенденцияларына қарай қалай топтастырады, әсер ететін факторлерден қалай капитал жинайды деген сұраныстарды нақтылау керек[4, 26б].

Жалпы алғанда жарнама ол ақпараттар емес, әуелде солай көрінгенімен ол адамдарды психологиялық бағдарламалау. Бұл жағдай өте қауіпті, ерте ме, кеш пе ол бізді экономикалық ғана емес, өнеге сферасында да басқарады, нәтижесінде тауардың бар екенін біліп қана қоймай, оны сатып алуымыз керек. Жарнаманы зерттеу арқылы, қоғам күйін де анықтауға болады. Жарнама іс-әрекеті – қоғамдық сананың бір формасы. Тұтынушының психологиясын білу жарнама маманына нақты өз аудиториясын дұрыс табу, психологиялық әсер ету факторларында бағдарлануға мүмкіндік береді.

Батыста жарнама өндірісі ғылыми негізделген. Тауар әлі жоқ, дайындалып жатыр, ал жарнамашылар психологтар мен социологтардың көмегімен тауар рынокке қалай шығарылады, тұтынушының қызығуы туындай ма, осы мәселелердің бәрі есептелінеді. Соңғы уақытта Қазақстанда жарнама іс- әрекеті қызу өрістеуде. Жарнаманы өндіруде, зерттеуде әлеуметтік, психологиялық, қабылдаудың ұлттық этникалық (әдет – ғұрып, өнеге және діни салттар) ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларды ескеру қажет. Бізде пайдаланып жүрген жарнамалар Ресей мамандарының жұмысына сүйенеді. Жарнама өнімдері қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескермей жасалғандықтан, тиімділігі төмен болып жатады.

Коммерциялық құрылымдар қала көшелерінде жақсы орындарға, радио – теле эфирлерде жақсы  уақыттарды иемденуге байланысты  бәсекелесулерді туғызады.

Жарнама әсерінің психологиялық тиімділігін дұрыс түсінбеу, осы бағыттың әдіснамалық дамуына зиянын тигізеді. Тиімділікті жарнама мен тауар сатудың арасындағы тура байланыс деп түсінеді, яғни жарнаманың тұтынушының тілегіне әсер ете алатын қабілетін ғана бағалайды. Ең негізгісі – жарнама тұтынушыға түсінікті болу керек, зейінді аудартатындай, жеңіл есте қалатындай, жағымды эмоция туғызатындай жасалуы тиіс.

Осы бағыттағы психологиялық теория мәселелеріне жарнаманы қабылдаудың  психологиялық құрылымы және соған  сәйкес жарнамалық әсерлердің психологиялық аспектілері жатады. Осыған байланысты жарнама психологиясы, жарнаманың эксперименталды психологиясы, жарнамадағы психологиялық әдістер, саяси жарнамалар, жарнама бизнесі үшін кадрлар даярлау, жарнама әрекетін сараптау, жарнамада түстерді этномәдени топтардың қабылдауы секілді жаңа бағыттар дамуда. Бірақ олар әлі көптеген жаңа ғылыми зерттеулерді талап етеді. Жарнама феноменін психологиялық зерттеу үшін адамның индивидуалдылығының табиғатын толық ашу керек.

Теледидардағы жарнамалар көрермендердің психологиясын ескермейді, моральдық тұрғыдан ұнамсыз, өнегесі аз сюжеттерді толассыз бере береді.

Жарнама мәселесінде жарнамалық коммуникациялардың психологиялық модельдері жасалған (жарнаманың негізгі көзі – коммуникатор – хабарламалар комплексі- реципиент (аудитория)). Бірақ бұл модельдерде кері байланыс жоқ. Реципиент коммуникатормен диалогқа түсе алмайды[4, 32б].

Жарнаманы кәсіби сараптау (экспертиза) мәселелері де көп зерттелінбеген, психо – семантикалық ықпалды  қажет етеді.

Жарнамалық агентікте істейтін психологтар үшін көптеген практикалық – қолданбалы зерттеулер жүргізу, шығармашылық ізденіс қажет. Тапсырыс берушінің де, тұтынушының да талаптарын ескерген жарнама тиімді болып табылады. Психологтар осы екі жақтың арасындағы диалогты қамтамасыз етуге ұмтылу керек. Жарнама – обьективті, кәсіби, абайлы болу керек. Жарнама тек технологиялық ғана емес психологиялық факторлар аймағында да жүзеге асырылу қажет[6, 55-57бб.].

Жарнама бүгінгі таңда адам өміріне  араласуды оны саналы және санасыз  деңгейде басқаруды жиілетті. Жарнамалық мәліметтер көптеген мақсаттарға қызмет етеді, жарнама бір мақсатты үнемі көздейтін сияқты болғанымен, негізінде ол мүлдем олай емес.

Жарнаманың негізгі мақсаттары келесілерден тұрады:

  • потенциалды сатып алушының зейінің аудару;
  • өнімдердің өсуіне немесе сатылуына барлық жағдайлар жасау;
  • өнімдердің өтуін сақтау;
  • тұтынушылар алдында, фирманың атын, беделін немесе өнімдерін тануға, сол тауарларға қалыптасқан пікірлерді нығайту;
  • сатып алушыға тауарды игергеннен кейін алатын тиімділігін көрсету (қызметтері);
  • сатып алушыға тауарды қосымша зерттеу үшін мүмкіндіктерді ұсыну;
  • тұтынушыға тауар немесе қызмет туралы белгілі бір деңгейде білімді қалыптастыру;
  • фирманың жағымды бейнесін құру – оған өндірушінің немесе сатушының, сонымен қатар, тұтынушылардағы және іс серіктестерінің саудалық немесе өндірістік маркаларын құру жатады;
  • фирмаға жағымды қатынасты қалыптастыру;
  • потенциалды сатып алушыға басқа бәсекелестерден емес көрсетілген тауарды, көрсетілген фирмадан сатып алуға көндіру;
  • тауар өнімін, қызметін стимулдау;
  • тауар айналымын қысқартуға мүмкіндік беру;
  • алдағы тұтынушыны тауарды күнделікті сатып алушыға айналдыру, берілген фирманың тұрақты тұтынушысына айналдыру;
  • басқа фирмалардан сенімді серіктес бейнесін қалыптастыру;
  • тұтынушыға фирма және оның тауарлары жайлы еске салып отыру.

Жарнама функциясы оның мақсаттары мен міндеттері бойынша анықталады. Солардың ішінен ерекше келесілерді  атап өтуге болады:

  • тауар және оның өндірушісі мен сатушының идентификациясы;
  • тауар, қызмет немесе пікір қозғалысы;
  • сатып алушылардың ақпараттануы (танысуы);
  • сұраныстың қалыптасуы және т.б. [5, 2-3бб.].

Жарнама түрлері.

Мелиялық жарнама –  тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды  сайт беттерінде орналастыру. Көптеген белгілері бойынша бұқаралық  ақпарат құралдарындағы (БАҚ) жарнамаға ұқсас. Бірақ баннердің гиперсілтемесінің бар болуы жіне анимацияланған бейненің мүмкіндігі медиялық жарнаманың әсер ету мүмкіндігін аса кеңейтеді. Әдетте, медиялық жарнама баннерлік жарнаманың формасына ие болады.

Контексттік жарнама - тесттік-графикалық жарнамалық материалдарды тұтынушыларға іздеу функциясын ұсынатын сайт беттерінде орналастыру. Бұл жарнама түрі іздеу нәтижелерінің жанында орналасады, ал белгілі бір жарнаманың көрсетілуі тұтынушының іздеу сұрауына байланысты болып келеді. Әдетте, контексттік жарнама тексттік жарнама формасына ие болады.

Өзінің негізгі алғышартын орындау  үшін, жарнама зейінді аудару тәсілін  іздеуге ұмтылады. Ол потенциалды сатып алушыны жаулар алып, содан кейін оны қызықтырып, соңында нәрсені сатып алуға көндіреді. Осындай жолды іздеу жарты ғасырға созылды және қазіргі таңдағы формаға әкелді. Барлық әртүрлі тәсілдер сатып алушының мүддесі мен күтіміне жауап беретін бейнені қалыптастыруға шоғырланған.

Жарнаманың психикалық әсеріне  – зейінді тарту, қызығу туғызу, тілектерді ояту, интеллект пен эмоцияға жағымды әсер ету сияқты жағдайлар жатқызылады. Адамға жарнаманың әсерін - әлеуметтік – психологиялық ішкі дайындықтың жиынтығы ретінде түсіндіретін негізгі компоненттерге когнитивті, мінез – құлықтық және эмоционалды компонеттерді жатқызуға болады.

 

 

1.1. БАҚ және жарнама 

 

 

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін  біз жарнама туралы ойлаған да емеспіз. Басты себеп – тауар  нарығының, тауардың жоқтығы. Әрине, жарнама  болмады деп айта алмаймыз, жарнама  сол кездің жоспарлы-экономикалық өндірісінің өнімі болған еді.

Нарықтың пайда болуымен жарнама  қоғамдық институтқа айналды. Ең алғаш  жарнама хабарландыру түрінде болды. Жарнамалық хабарландыру мәтінінің  сауатты жазылуы оның жұмыс істеуіне себепші болды. Кейіннен теледидарда роликтер, радиода джинглдар, ал баспа беттерінде модульдер пайда бола бастады.

Қазақстандағы жарнама нарығының  пайда болуының келесі кезеңін жарнама  агенттіктері мен сейлс-хаустардың пайда болу кезеңі десе болады. Бүгінде Қазақстанда барлық world-wide жарнама желілері ұсынылды. Сейлс-хаустар жөнінде айтар болсақ, қазіргі уақытта Қазақстанның ТВ буынында үш сейлс-хаус қызмет етеді: TV MEDIA Advertising Agency, ВидеоИнтернешэнел және жақында құрылған Арна Медиа құрылымы. Сейлс-хаустардың мақсаты – медиа-ресурстар тобының жарнамалық мүмкіндіктерін сату.

Жарнаманың басқа түрлері медиялық және және контексттік жарнамалардың  белгілерін біріктіреді.

Электрондық пошта (e-mail) – тұтынушыларға  өзара ақпараттармен алмасуға мүмкіндік  беретін желілік қызмет, жарнамалық хабарламалаларды жіберудегі электрондық поштаның артықшылықтары:

§ Электрондық пошта желіні қолданушы тұтынушылардың барлығында бар.

§ E-mail хабарламаның push-технологиясын білдіреді.

§ Жеке тұтынушыға үндеу мүмкіндігін береді.

§ Тұтынушыға қызықты болып көрінген хат оның достарына жіберілуі мүмкін.

e-mail көмегімен алға басу үшін  мынадай әдістер қолданылады: 

§ Жазылушыларға жіберілетін хаттар.

Интернетте әр түрлі тақырыптарға арналаған жіберілім тізімдері  көп. Бұл жіберілімді қабылдаушы тұтынушылар сол жіберілімге өздері жазылған және олар кез-келген уақытта сол жазылымды тоқтатуға құқығы бар. Жіберілімдердің мынадай түрлері бар:

§ Ашық (барлық қалаушыларға)

§ Жабық (адамдардың белгілі бір тобына)

§ Тегін (жобалаушылардың қалауына байланысты)

§ Тегін емес

Тақырып бойынша хаттардың жіберілуі  адамдардың белгілі бір тобына арналғандықтан жіне де оның мыңдаған жазылушылары бар  болғандықтан ол тиімді марктинг құралы болып табылады. Кейбір компаниялар  өздерінің ресми сайттарында тұтынушыларға жіберілімге жазылуды ұсынады. Бұл жіберілімдер тұтынушыға сайт жаңартулары, компания жаңалықтары жайлы ақпараттар беріп, сол сайтқа тұтынушылардың келесі рет кіруіне жағдай жасайды.

Жаңалық жіберілімдерінде жарнама  орналастыру – көптеген жіберілімдер БАҚ-ның рөлін атқарады.

Елімізде жарнамалық технологиялардың дамуы барысында, өзіміздің мамандарымыз, өзіміздің ноу-хау пайда болды. Жарнамалық қызметтерді ұсынушы компания мамандары жарнаманың сұранысты ұстап тұратын экономикалық құрал ғана емес, тұтынушыларды, құндылықтарды қалыптастыруға әсер ететін идеологиялық құрал екенін де түсіне бастады. Басқа сөзбен айтқанда, жарнамашылар тапсырыскерге ұсынылатын өнімнің нәтижесі үшін үлкен жауапкершілікті алып жүретін болды.

Баспаны алғашқы көшіріп шығармай тұрып, жақсылап тексеріп алған дұрыс. Алғашқы кезеңде редакция салығы жеңіл болғандықтан, есеп-қисапты кейінге қалдырған дұрыс, Ресей Федерациясы заңының 19 бабына сәйкес Бұқаралық ақпарат құралдары жарнама газет жарыққа шыққан соң 2 жыл өткеннен кейін жүзеге асады[6, 209-213бб.].

Баспа құрамы мыналардан тұрады: бет  өлшемі (4,8,16,32 беттен), газет тиражы (10,25,50,100,200,300 мың дана), бір дананың  бағасы. Газетті шығару үшін қағаздың қанша тұратынын анықтап алу  қажет. Мәселен , 1 мың тиражға 3 кг қағаз қажет. Алдымен қағаздың сапасын анықтап алған дұрыс. Ол үшін кез-келген баспаның шығарған қағазын жылдық тиражға бөлу керек. Сонда белгілі бір сан шығады.

Газеттегі жарнаманың үлес салмағы 10,20,30 және 39 пайыздан  құралса, жарнама  баспасында 40,50,75 және 90 пайыздан тұрады. 2004 жылдың жаңа газет редакциясы орташа 1 кв. см. Беттің көлемі 1000 кв.см-ге жуық. Ал газеттегі жылдық көлемі 4/5 болатыны белгілі.

Алғашында редакция тираж бен жарнама  жасаудан түскен табысты алады. Баспа  тұрғызудың басқа да жолдары болуы мүмкін: жол сату, жеке және іскерлік баспа, редакция қорында банктік есептің сақталуы.

Ол үшін алдымен баспа шығынын  есептен аламыз: қағаз,типография құны, газеттің шығуы, қаламақы. Оған ақпарат  жалақысы да енеді. Ал баспа базасының  қаржылық жағдайын анықтау үшін есеп нұсқасын пайдаланамыз.   Газет, журнал шығару үшін, алдымен экономикалық база болу керек. Баспасөзді ашу, шығындарды көтеру үшін бастапқы қаржы көзі табылуы тиіс. Мәселен, қаржылық, техникалық мүмкіндік жасақталмай, қандай БАҚ түрі болса да, ешбір жұмысын бастай алмайды. Мысалы: редакция үйі, жабдықтар, байланыс каналдарын арендаға алу, транспорт т.б.

Жарнаманы тарату құралы ретінде БАҚ  – бұқаралық ақпарат құралдары  дәстүрлі түрде пайдаланып келеді. БАҚ-тағы жарнама түрлеріне баспасөздегі (газеттер мен журналдардағы), радиодағы, теледидардағы, сыртқы жарнаманың стандартты қалқандарындағы және кинодағы жарнамалық хабарламалар жатады.

Көпшілікпен жұмыс істеудің, қоғам  пікірін қалыптастырудың тәжірибеде сыналған тәсілі ретінде жарнама қызметтерді тұтынушылар тілегіне орайластыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда фирма мен жұртшылықты жалғайтын құралдардың ішіндегі ең тиімдісі әрі бірегейі – бұқаралық ақпарат құралдары. Республикада 2007 жылы автордың зерттеу дерегі бойынша БАҚ саны төмендегідей болады[11, 45-49 бб.].

Жарнама және БАҚ, оның ішінде коммерциялық БАҚ бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Олар өзара тығыз байланысты, сондықтан  да бизнестің осы екі саласындағы  өтіп жатқан процестердің барлығы осылардың  қай-қайсысы үшін де принципті маңызға ие болады. Жарнама коммуникациясының элементі ретінде БАҚ рөліне баға бере отырып, мына екі қырды атап көрсеткен орынды: 1) мазмұндық – жарнама және медиа-нарықтағы процестердің барлығы осы ауқымда өрбиді; 2) технологиялық, ол тарату арнасымен, жарнама жеткізуші ретіндегі оның артықшылықтарымен және кемшіліктерімен байланысты. Осылардың негізгі сипаттамаларына тоқталып өтелік.

Қазіргі заманғы БАҚ – газеттер мен журналдар, теледидар мен  радио жарнама үшін алуан түрлі  мүмкіндіктер ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жарнамаға қойылатын  талаптар

 

Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар:

  1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс.
  2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.

Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.

Бұл ретте теледидар мен радио  арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн  жарнама күн сайынғы эфирге шығатын  барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс.

2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.

Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн  қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.
  2. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
  3. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
  4. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен белгiленедi[1, 29-32бб.].

Бірінші бетке жарнама  берілмейді. Өйткені, жарнама газеттің бетін тұтастай алып, негізгі материалға орын қалмауы да мүмкін. Газеттердің сапалы шығуына секретариат бөлімі қызметінің сіңірер еңбегі орасан зор.

Нағыз жарнама – тауар, қызмет немесе идея ұсыну арқылы тұтынушыны рахат  тұрмысқа қызықтыруды көздейді. Мамандар жарнаманың өзін «пиар құрылысы» деп есептейді. Жарнаманың өзіндік ерекшеліктері:

- жарнама бірден көзге  ұрып тұрады. Мұнда адамға әсер  етудің жасырын әдістерін қолданамыз.

- жарнама бәріне түсінікті  болуы тиіс, яғни талдау жасай  білетіндер оны қабылдамайды.

Жарнама нарықтық қоғамда өзекті түрде кеңінен пайдаланылады. Тапсырыс пен сұраныс экономикада шешуші рөл атқарады. Тауар жөніндегі ақпарат тұтынушылар үшін үзбей дайындалып, жарнама арқылы  жұртшылыққа үзбей жарияланып отырады.

БАҚ-та жарық көрген жарнамалар әрқилы зерттеу жұмысының, стратегиялық жоспарының, шешімдер мен нақты іс-қимылдың ақтық көрінісі болып табылады.  Көптеген шаралар  жиынтық түрде жарнама процесін білдіреді.

Жарнама қызметінің өрісіне  жататындар:

  • игерілуге тиісті мәселенің ерекшелігін зерттеу;
  • мақсаттарды белгілеу, айқындау, мағыналық көзқарасты қалыптастырады;
  • жарнама хабарларын, мәтінін, макетін жасау, көркемдеу, редакциялау.

Жарнама қаржыны шашуға немесе керісінше жинақтауға мұрындық бола алады.

Жарнама орасан зор пайда  әкеле алатын немесе орны толмас шығынға ұшырататын құрал.

Газеттегі жарнама тақырыптық, идеялық, мәтіндік, көріністік элементтерді құрады. Мұндағы жарнама бірден көзге  түсетіндей болу керек. Сондықтан жарнама  мәтіні қысқа да нұсқа, анық, ұғымды шатастырмайтындай етіп берілуі  тиіс. Сенімді де, дәлелді болу керек. Тіпті қандай да тауарының суретін де қоса беріп жіберсе жақсы. Сондай-ақ жарнама тақырыбы ірі әріптермен терілсе бірден көзге түседі.

Жарнама берушілерге  байланысты бірнеше ережелер бар:

  • эксцентрикалық жарнамаларды қабылдамау;
  • жарнама берушімен  алдын -ала келіскен шарттардан бас тартпау.

Жарнама негізінен көңіл  көтеру бағытындағы телебағдарламалармен қатар, «прайм тайм» уақытындағы  хабарларды жағалайды. 1990 жылдары АҚШ-тағы кешкі уақытта берілетін жарнама  көлемі – сағатына 15 минут 44 секундқа жетті. Америкалық компаниялардың ішінде жарнаманы ұзақ беру жағынан бірінші орынды «ABC» иемденеді, олар «прайм тайм» уақытында 16 минут 27 секунд жарнама береді. Журналистиканың, соның ішінде телевидениенің коммерциялануы нәтижесінде қоғамдық маңызды бағдарламаларды жарнамадан қолдау тауып жүрген көңіл көтеру мақсатындағы бағдарламалар ығыстырып шығаруда. Білім беру, оқу-ағарту бағдарламалары мен тележаңалықтар соңғы жылдары қағажу көріп келеді.

2.1. Жарнаманың тілі, берілуі,  безендірілуі (телевидение, газет)

 

 

Ал, енді жарнамаға қойылатын жалпы  талаптар қандай? БАҚ редакциясы өзінің күнделікті шығармашылығында басшылыққа алатын бұл қағидалар тұжырып  айтқанда, мынадай:

БАҚ арқылы жұртшылық назарына ұсынылатын жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тікелей ұсынылу сәтінде арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай нақты дерек беретіндей дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс. Бұған қосарымыз – жарнаманың өзіндік тілі, стилі болады екен. Олардың экраннан көрінгендегі немесе басылым бетіндегі кейпі эститикалық жағынан сыйымды, тартымды, көрерменнің немесе оқырманның көңіліне қаяу салмайтын, адамгершілік жағынан тәрбиелі болуға тиіс.

Ескеретін бір нәрсе, электронды БАҚ  арқылы және мерзімді баспасөз басылымдары беттерінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылу заңға қайшы келмейді.

Басылымдарда жарнамалық қызмет журналистикадан ерекше бөлінеді. Бұл – жарнама  берушінің басылымның ақпараттық қызметіне ықпал етуі үшін жасалған шара. Көптеген елдерде жаңалықтар мен редакциялық хабарларда байқатпай, білдіртпей берілетін жарнамаларға тыйым салынған. Англияда мұндай жағдайларда заңмен жауапқа тартылады. Редакция қызметкерлері тапсырыс бойынша материал дайындамас үшін әкімшілік тарапынан қатаң талаптар қойылады. Бұл талапты әрбір редакция қызметкері орындауы тиіс.

Әрбір дамып келе жатқан газеттің өз ұстанымы, философиясы  болады. Тұтас саяси теориясы немес тілі мен стиліне қатысты концепциясынан бастап, басылымның қоршаған ортаны қорғау, әділетсіздіктерді шешу сияқты ұстанымдары – газеттің философиясына жатады. Газет стилінен, авторлардың тақырыптарды таңдауынан, дизайнынан, шрифтінен, фотосуреттерді беруінен газет философиясы көрініс береді. Әрбір газеттің алғашқы шыққан күнінен ұстанатын философиясы болуы қажет, әйтпесе, ол жабылып қалуы мүмкін.

Басылымның жоспары  дайын болғаннан кейін, басылым  макеті де жасалынып, хабарландыруларға  орын белгіленеді. Дәл осы мезетте редакция мүшелерінің арасында жарнама мен редакторлық материал беру жөнінде кикілжің тууы да мүмкін. Мұндай жағдайларға килікпес үшін газет ұжымы редакциялық және жарнамалық материалдардың жалпы үлесін анықтап алу қажет.

Америкалық газеттердің көпшілігі редакторлық материалдың 40%, жарнамалық материалдың 60% болғанын құптайды. Дегенмен, редакциялық материал мен жарнаманың таразыны тең басып, тепе-тең ( 50/50) болғаны дұрыс. Ресейде керісінше жағдай байқалуда, газет көлемінің 60% редакторлық материал құраса, 40% жарнамаға арналады.

Сонымен, жарыққа шығатын  газеттің бөлімдері анықталғаннан  кейін ғана, редакторлық және жарнамалық материалдардың арақатынасы жөнінде  шешім қабылданады.

Бірінші бетке жарнама  берілмейді. Өйткені, жарнама газеттің бетін тұтастай алып, негізгі материалға орын қалмауы да мүмкін.

Жарнама берушілерге  байланысты бірнеше ережелер бар:

  • эксцентрикалық жарнамаларды қабылдамау;
  • жарнама берушімен  алдын -ала келіскен шарттардан бас тартпау.

Жарнама негізінен көңіл  көтеру бағытындағы телебағдарламалармен қатар, «прайм тайм» уақытындағы хабарларды жағалайды. 1990 жылдары АҚШ-тағы кешкі уақытта берілетін жарнама көлемі – сағатына 15 минут 44 секундқа жетті. Америкалық компаниялардың ішінде жарнаманы ұзақ беру жағынан бірінші орынды «ABC» иемденеді, олар «прайм тайм» уақытында 16 минут 27 секунд жарнама береді. Журналистиканың, соның ішінде телевидениенің коммерциялануы нәтижесінде қоғамдық маңызды бағдарламаларды жарнамадан қолдау тауып жүрген көңіл көтеру мақсатындағы бағдарламалар ығыстырып шығаруда. Білім беру, оқу-ағарту бағдарламалары мен тележаңалықтар соңғы жылдары қағажу көріп келеді.

Жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аударылғанда оның негізгі  мағынасын бұрмаланбауы тиіс деген  Заң талабы, әрине, редакцияның күнделікті қадағалап отыратын шаруасы. Және бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттік тілде берілетін жарнама күн сайынғы эфирде шығатын барлық уақыт бойы біркелкі таратылуға тиіс екендігі туралы талап кейде сақтала бермейді. Сондықтан, бұл тәртіп заңда әдейі ашып көрсетілген.

Қазақстан Республикасының  заңдарына, оның ішінде БАҚ туралы Заң  талаптарына сәйкес жасалынуына  және сатылуына тыйым салынған тауарларды жарнамалауға жол берілмейтіні жөніндегі  қағида осы Заңның 6-бабының 4-тармағында көрсетілген. Бұған қоса егер жарнама беруші оның хабарлап отырған жүзеге асыратын қызметі лицензиялануға тиіс болса, онда тиісті тауарды жарнамалау кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмірі және лицензия берген органның атауын көрсетуі қажет.

Есте болатын нәрсе – Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен  діни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады[3, 78 б].

Баспасөздегі жарнама. Бүгінгі демократиялық елімізде баспаның қоғамдағы рөлі елеулі өзгерістерге ұшырады. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ой-сананың сараптаушысы және қоғамдық ой- пікірді қалыптастырушы болып отыр.

Қоғамдық баспана елдердегі  қоғамдық-саяси өзгеріс нәтижесінде  қоғамда  болып жатқан оқиғалардың барлығына атсалысып, өзекті проблемаларды дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікір туғыза отырып, сол проблеманың дұрыс шешілуіне мұрындық болып отырғаны белгілі.

Газеттің көлемі тек редакцияның  қажеттілігіне байланысты емес, берілетін жарнама мөлшерімен анықталады. Жарнама берушілерді қызықтырмайтын, алайда оқырмандардың сұранысына ие бөлімдер басқа бөлімдер арқылы кеңейтілуі мүмкін.

Жалпы, қазір нарықтық жарнамаға көштік деп жүрміз, ендеше соған бейімделуіміз керек. Басылым  оқырманы неғұрлым көбейген сайын, оның беделі арта түседі. Сондықтан таралым мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек. Газет таралымы көбейген сайын, оның тиімділігі мен пәрменділігі жоғары болады. Мәселен, жарнама берушілер тарихы көп газетке үйір келеді. Алайда таралым жағынан әлі де болса қол жетпей отыратын асуларымыз бар.

Қазіргі қоғамдық баспана мемлекеттің  тәуелсіздігінің нығаюы мен көркеюі  жолында үлкен рөл атқаруда, әсіресе  ұлттық тіл мен жер мәселесін, елдің тәуелсіздік идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданында бітпес күрес жүргізу ісінде атқарылып отырған қызметтерді ерекше айтуға болады[4, 4б].

Газеттердің өн бойына қан жүгіртетін, тақырыбынан бастап, беттің суреті, айдары, мақсатының аннотациясы мен  түйін сөзіне дейін оқырманын  тартатындай дәрежеде орналастыру – беттеушінің міндеті.

Беттеушіде суреткерлік қабілет  болу керек. Айталық, зергер алтын мен  күмістен көздің жауын алардай әшекей бұйымды асқан нәзіктікпен жасай  білсе, беттеуші де сондай әдемілікті, сұлулықты оқырманына сыйлай білуі  керек.

Қазіргі күні қазақ баспасөздері газет  не журнал болсын өздерін жарнамалау ісіне аса мән беріп отыр. Себебі оқырман қажеттілігін қанағаттандыратындай БАҚ-тың түрлері өте көп. Бір  сөзбен айтқанда бәсекеге қабілетті  бұқаралық ақпарат құралдарының дәуірлеп тұрған заманы. Осы жолда қазақ тіліндегі баспасөздердің бірін-бірі демеп, өз беттеріде басқа газеттер мен журналдарды жарнамалау кең етек алып отыр.

Нарық экономика кезінде БАҚ-ты қаржыландырудың бір көзі – жарнама. Сондықтан жарнаманың рөлі орасан зор. Осы тұрғыдан келгенде электронды ақпарат құралына қарағанда қазақ басылымда жарнама жағы жеткіліксіз. Себебі кәсіп атаулының тілі шұбарланып кеткен. Ал жарнама иелері кәсіпкерлер екені белгілі.

Тiкелей саяси жарнама дегенiмiз  – нақты  сайлау науқаны кезiнде жарық көрген материал. Ол заң бойынша рұқсат етiлген, әрi белгiлi нормаларға сүйенiп жазылады. Сайлауға түсiп отырған үмiткер саяси жарнаманың жариялану ақысын өз қалтасынан, не болмаса мемлекеттiк бюджет есебiнен төлейдi.

Жарнаманың қоғамдағы рөлі, мақсаты мен міндеттері