Жел энергетикасы
Жәңгір хан атындағы Батыс
Қазастан аграрлық –
университеті.
« Құрылыс және құрылыс материалдары »
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жел энергетикасы.
Орындаған: МСТРҒ – 11 топ магистранты
Изгалиев Е.Д
Шакешов Б. Т
Орал, 2013
Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық,
жылу немесе электр энергиясын
Жел энергиясының басқа энергия
көздерінен экологилық және экономикалық
артықшылықтары көп. Жел энергетикасы
қондырғыларының технологиясын
жетілдіру арқылы оның тиімділігін
арттыруға болады. Жел энергиясын
тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы
қондырғыларын басқа энергия
көздерімен кешенді түрде ұштастыру
қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс,
оңтүстік аймақтарында су электр станциялары
мен жел электр станцияларын біріктіріп
электр энергиясын өндіру өте тиімді.
Қыс айларында жел күші көбейсе,
жаз айларында азаяды, ал су керісінше,
қыс айларында азайса, жаз айларында
көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға
болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас
аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі
орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын
Орталық Азиядағы “жел полюсі” деп аталатын
Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол.
Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 —
12 км, ұзындығы 80 км) табиғи “аэродинамикалық
құбыр” болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш — Алакөл о
Жел энергиясы
негізінен Күн энергиясының
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи да және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге танымал. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық, Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әр қилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әр түрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Дания елінің климаттық жағдайын ескерер болсақ, фотоэлектрлік жүйемен қамтамасыз етілген энергия қыста - 18% , ал жазда - 100% берсе , ал жел станциясынан алынатын энергия қыста – 100%, жазда – 55% береді екен. Осындай үйлесімділікпен қарастырылған желқондырғысы мен фотоэлектрлік жүйеден тұратын желқондырғысын біріктіріп пайдаланған, әрине тиімдірек болады, жеке пайдаланғаннан гөрі. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады. Ендеше, осыларға жеке-жеке тоқталайық.
1.2. Ауа тығыздығы.
Желқондырғылардың қалақшалары ауа массасының қозғалысының әрекетінен айналады. Ауа қабатының массасы үлкен болса, соғұрлым жел двигателінің қалақшалары жылдам қозғалып, электр энергиясын көп өндіреді. Физика курсынан мынаны білеміз, қозғалатын дененің кинетикалық энергиясы оның массасына тура пропорционал, ендеше жел энергиясы ауа қабатының тығыздығына тура пропорционал. Тығыздық бірлік көлемге келетін молекулалар санына тәуелді. Қалыпты атмосфералық қысымды температура 150С болған кезде, ауаның тығыздығы 1,225кг/м3. Ылғалдылық өскен сайын ауаның тығыздығы азаяды. Қыс мезгілінде тығыздық жоғары болғандықтан, желдің бірдей жылдамдығына қарамастан, жазбен салыстырғанда жел генераторы көп эенргия береді.
Желтурбинасының қозғалатын бөлігін ротор деп атаймыз. Ротор жел ағының энергиясын көп қамтыса, соғұрлым көп электро энергия өндіреді. Ротордың ауданы ротордың диаметрінің ауданының квадратына тура пропорционал, жел- қондырғысының өлшемдерін екі есе арттырып, төрт есе энергия өндіріп алуға болады. Желқондырғысының өлшемдерін өзгерте отырып, энергияны қалағанымызша өндіреміз деп айтуға жеңіл, практикада басқаша. Айналдыру барысындағы қамтитын қалақшаларының ауданын біртіндеп үлкейту арқылы, біз істейтін жүйеге артық күш, салмақ түсіреміз. Осындай асқын салмақты көтеру үшін жүйенің кейбір механикалық құрамдас бөліктеріне зақым келмеуін ескеру өте маңызды.
Жел жылдамдығы – желқондырғысының энергия өндіруіне әсер ететін маңызды өлшемі болып табылады. Желдің үлкен жылдамдығы ауа массасының ағынының көлемін үлкейтеді. Жел энергиясы жел жылдамдығының кубына тура пропорционал өзгереді. Ендеше, ротордың кенетикалық энергиясы жел жылдамдығын екі есе үлкейткенде 8 есе артады. Мына төмендегі кестеде жел жылдамдығының жел энергиясына тәуелділігі көрсетілген. (құрғақ ауаның ты- ғыздығы – 1.225 кг/м³, атмосфералық қысымның шамасы 760 мм.сын. бағанасы кезіндегі қалыпты жағдай).
м/с Вт/м²
1 1
3 17
5 77
9 477
11 815
15 2067
18 3572
21 5672
23 7452
Энергия мөлшері мына формуламен есептеледі:
υ-желдің жылдамдығы ,
ρ-ауаның тығыздығы
Энергия өлшем бірлігі ретінде (В/м²) алып отырмыз. Табиғи жағдайларға байланысты, желдің жылдамдығы да өзгеріп отырады. Желқондырғылардың конструкциялары жел жылдамдығының 3-30 м/с диапазон аралықтарында жұмыс істейтіндей етіп жабдықталған. Үлкен дауылдар желқондырғасын бүлдірмеу мақсатында, үлкен желқондырғысын тежеуіш механизммен жабдықтайды. Кішкентай желқондырғысы жел жылдамдығы 3 м/с кем болған жағдайда жұмыс істей береді.
Жел жылдамдығы, м\с. Жел түрлері 0-1.8 Жел жоқ кезде 1.8-5.8 Әлсіз 5.8-8.5 Қоңырсалқын 8.5-11 Әдеттегі 11-17 Күшті 17-25 Өте күшті 25-43 Теңіз дауылы 43 – тен жоғары Құйын дауыл
1.5. Жер пішінінің кедір-бұдырлығы.
Жердің кедір – бұдыр құрылымы мен ондағы өсімдіктер жел жылдамдығы- ның төмендеуіне ықпалын тигізеді. 1 км. жоғары қабатта кедір – бұдыр желдің жылдамдығына әсерін де тигізбейді. Жел жылдамдығының кемуі, атмосфераның төменгі қабаттарында жел ағынының жер бетінің кедір – бұдырының үйкелеуінен туындайды. Жел жылдамдығы орман –тоғайлы аудандарда, үлкен қалалы жерлер- де кемісе, ал сулы аудандарда, аэропорт территориясында жел жылдамдығы баяуламайды. Үй, ғимараттар, орман – тоғайлар және басқа объектілер жер жыл- дамдығын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар турбулентті ағыстар туғызады. Желқондырғысын орналастыру үшін, мамандар сол аймақтың жарамды- лығын бағалай отырып, жер бетінен кедір – бұдырын классификациялау үшін жел потенциалын енгізді. Мысалы, жер бетінің кедір – бұдырын жоғары класс ретінде теңіз беті есептелінеді. Жер бетінің кедір – бұдыр классификациаларын төмендегідей бағалаймыз.
1. 0 – су беті ; 2. 0,5 – аэропорт ашық алаңы ; 3. 1 – ашық ауыл шаруашылық алқабы ; 4. 1,5 – алыс ораласқан үйлерден тұратын ауыл ; 5. 2-2,5 – үйлері бар, аздаған ағаштары бар ауыл ; 6. 3 – поселок, үлкен ауыл ; 7. 4 – үлкен қалалар.
Жел ығысуы деген түсінік бар, ол жер бетіне жақындағанда, жел жылдамдығының өзгерісін (төмендеуін) сипаттайды. Жел турбинасының диаметрі үлкен болып, мұнараның биіктігі онша үлкен болмаса, жел ығысуы кезінде жоғары позицияда тұрған қалақшаның жылдамдығы жоғары болып, төменгі позициядағы қалақшаның жылдамдығы төмендеп, желқондырғысының бүлінуіне әкеп соғады.
2.1. Желэнергетикасының
Бірнеше мыңдаған жылдар
бойы адамдар желді
– энергия көзі ретінде
1854 жылы АҚШ-та жел энергиясымен жұмыс істейтін су тарту насосы іске қосылды. Су тарту насосының моделі жел диірменінен қалақшалар санының көптігімен және жел бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап флюгердің болуымен ерекшеленеді. 1940 жылдары осындай жел күшімен қозғалатын диірменнің саны 6 миллиондай еді, оларды су тарту және электроэнергия алу мақсатында қолданды. Осындай жел диірмендер мал шаруашылық фермасын сумен қамтамасыз етіп тұрды. 20 ғасырдың ортасында жел энергиясын қазіргі заман энергия қоры – мұнай орнын басты. Дүние жүзінің бірнеше рет мұнай дағдарысынан соң, қайтадан жел энергетикасына көпшіліктің қызығушылығы оянды. 70 жылдары мұнай бағасының өсуіне байланысты, энергетика сарапшылары жел энргиясын пайдалану шараларын ұсынды. Мемлекет қаржыландыру қолдауымен өткізілген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелері, жел энергиясын пайдаланудың жаңа технологиясының дамуына жол ашылды. 1981-1984 жылдары Калифорнияның өзінде 6870 жел турбинасы іске қосылды. Бірақ 31 желтоқсан 1985 жылы мұнайдың бағасы баррельге шыққанда 10 долларға түсті, осыған байланысты желқондырғысын шығаратын көптеген шағын компаниялар жойыла бастады. Ал 1998 жылы АҚШ-та желэнергетикасы дамуы қайтадан даму сатысына көтерілді.
2.2.Қазіргі кездегі жел
Желэнергетикасының күннен-күнге дамуы қарқындап өсуде. 31 желтоқсан 2005 жылы бүкілдүниежүзілік желэнергетикасының өндірілетін қуаты 58 982 МВт болды. Осындай қарқынды өсу сатысында Бүкіләлемдік желэнергетика ассоциациясы 2010 жылы жел энергиясын қуатын 120 000 МВт-қа өсіруді жоспарлап отыр. Желэнергетика ассоциация -сының мәліметтерін негіздей отырып, алдыңғы қатарлы 10 елдің жел энергия даму қуатының көрсеткіштеріне назар аударайық.
Кесте 1
Мемлекет 2005 жылы ғана іске қосылған желагрегат өндірілген қуат, МВт
2005 ж өсуі, % 2005 жылғы барлық өндірілген қуат, МВт Германия 1798.8 10.8 18427.5 Испания 1764.0 21.3 10027.0 АҚШ 2424.0 36.0 9149.0 Индия 1430.0 47.7 4430.0 Дания 4.0 0.1 3128.0 Италия 452.4 35.8 1717.4 Біріккен король ұйымындағы мемлекет 465.0 52.4 1353.0 Қытай 496.0 64.9 1260.0 Нидерланды 141.0 13.1 1219.0 Жапония 143.8 16.0 1040.0 Европа бойынша 6174.0 18.0 40932.0 Барлығы 11310.0 24.0 58982.0
Кесте 2
Жыл Бүкіл әлемдегі өндірілетін қуат, МВт Европадағы өндірілетін қуат, МВт 1980 10 - 1995 4821 2515 1999 13 594 9307 2001 23 857 17 241 2004 47 671 34 758 2005 58 982 40 932
Жел қондырғылардың жетілдіруі мен көп жылғы тәжірибе, жұмсалатын шығын мөлшерінің төмендеуіне мүмкіндік туғызды, ал бұл АҚШ-та электроэнергия құнының 1986 ж 1кВт. сағ – 14 центке, 1999 ж - 5 центке төмендегенінен көрінеді. Ал Европа елдері желэнергиясын дамытуда жетекші, алдыңғы шептегі жаңа технология өндірісінің орталығы десек те артық айтпаған болар едік.
3. Желқондырғысының электр
энергиясын өндіру
Жел қондырғыларда жел ағынының кинетикалық энергиясы генератор роторларының айналу процесі кезінде электр энергиясына айналады. Конструкциясы жағынан желқондырғылардың генераторлары электростанция -дағы отын жаққанда ток өндіретін генераторларға ұқсайды. XX ғасырдың басында Н.Е. Жуковский жел двигателі теориясының негізін қалады, осы теорияны негіздей отырып әлсіз желдің ырғағынан жұмыс істелетін жоғары өнімді жетілдірілген желагрегаттардың конструкциялары жасалынды, барлық елдің ғалымдары мен самолет жасаушы конструктор мамандары өз үлестерін қосты.
Барлық жел двигателінің жұмыс
істеу принципі біреу-ақ,онда
желдің әсерінен қозғалатын
Желдоңғалағының диематрі
1) тік осьпен айналатын
жел двигателі,оларға карусель
типтес,қалақшалы,
Қалақшалы жел двигателінің айналу жылдамдығы олардың қалақшалар санына кері пропорционал, сондықтан агрегаттың қалақшаларын үштен артық жасамайды.
Горизонталь айналдыру осі бар екі немесе үш қалақшадан тұратын мұнараның басына бекітілген қондырғылар – желқондырғылардың ең көп тараған түрі болып табылады. Горизонталь айналдыру осі бар турбинаның роторының басқарушы білігі де көлденең орналасқан. Ал көп қалақшалардан тұратын горизонталь осі бар моделін монолиттік деп атайды. Бұл қондырғылар төменгі жылдамдықта жұмыс істейтіндіктен, су тарту насосында пайдаланады. Тік осьпен айналатын жел двигателінің (Н - типтес) роторының жетекші білігі вертикаль орналасқан. Турбиналарының қалақшалары өте ұзын, пішіні доға тәрізді, мұнараның үстіңгі және астыңғы жағына берік орнатылған. Осындай жел қондырғыларын әлемнің бірнеше компаниясы ғана жасайды.
H – типтес
турбинасы роторының
Француз инженері Дарриус тік осьпен айналатын жел двигателінің теория негізін қалай отырып , конструкциясын жасады. Сыртқы түрлерінің айырмашылығына қарамастан горизонталь және вертикаль айналу осі бар желқондырғылардың жұмыс істеу принциптері бірдей.
3.1. Желқондырғылардың негізгі бөліктері
Желқондырғылары мынандай негізгі бөліктерден тұрады :
- қалақшалардан, 2. ротордан , 3. трансмиссия ( двигательдің механикалық энергиясын машинаға беруге арналған механизмдер жиыны ) , 4. генератордан , 5. бақылау жүйелері .
Турбинаның қалақшалары арқылы соққан
желдің үлкен ағысын қамтиды. Қалақшалар
шыны талшығынан, полистролдан немесе
көмірпластиктен жасалынады. Турбинанаың
қалақшалары жұмыс істегенде сол маңайдағы
телевизияға кері әсерін тигізеді, өзі
қуатты дыбыс тербелістерін тудырады.
Сондықтан қалақшаларын берік сынбайтын
және иілгіш шыны пластика дан жасайды
(радиотолқындарды шағылдырмайды, жұтпайды).
Қалақшалардың диаметрінің ұзындығы 15
пен 25 метрдің аралығында болса, салмағы
1000 кг болады.
тормоздық жүйе
транмиссия
генератор
Ротор орталық білікпен жалғанған қалақшалардан
тұрады. Орталық білік басқарушы білікке
трансмиссия арқылы жалғанған. Трансмиссия
– белдік арқылы кинетикалық энергияны
генератордың басқарушы білігіне беріп,
электр энергиясын өндіретін механизмдер
жиыны. Желқондырғының бақылау жүйелері
алыстан компьютер арқылы басқарып және
бақылап отырады. Бақылау жүйелері қандай
да бір бұрышпен көлбеу орнаатылған және
айнымалы, әр бағытта қозғалып тұрады.
Сонымен қатар электрондық бақылау жүйелері
жел жылдамдығы өзгерген кезде, өндірілген
кернеу шамасының шамадан асып кетпеуін
реттеп отырады. Желқондырғысының басты
сипаттамаларының бірі болып оның қуаты
болып саналады. Жеке үйге немесе коттеджге
орналған кіші желқондырғы -лардың қуаты
–100 кВт, ал диаметрі 15 – 40 метрге баратын,
2–3 қалақшалары желқондырғысы 1 МВт ток
өндіреді. Қазіргі заманғы желқондырғылары
690 В кернеу береді, ол трансформатордың
көмегімен 10 – 30 кВ-қа түрленеді. Мысалы,
500 кВт–тың желқондырғысы 1 сағатта 15 м/с
жел жылдамдығы кезінде 500 кВт энергия
өндірсе, 600 кВт-тың қондырғы бір жылда
жел жыл- дамдығы 4,5 м/с болған кезде 500000
кВт энергия өндіреді. Желдің механикалық
энергиясын электр энергиясына айналдыратын
машинаның тиімділігін сипаттайтын шама
желқондырғысының пайдалы әрекет коэффиценті
(ПӘК-і) дейміз. ПӘК-ті есептеу үшін жел
қондырғысының 1 жылға өндірілген қуаты
1 жылдағы 8760 сағаттағы максимал қуатқа
бөлуіміз керек. Мысалы, 600 кВт–тың турбаны
1 жылда 2 млн. кВт энергия өндірсе оның
ПӘК-і:
ŋ = (2000000 : 365,25) •24600 • 100 % = (2000000 : 525600 ) • 100 % =38 %
Қазіргі желқондырғылардың ПӘК-і 25-30 % аспайды.
4. Желқондырғысын пайдалану.
Үлкен желқондырғылардың өндіретін энергиясы мәнінің үлкендігі сонша, жергілікті берілетін энергия беру желілері қуатынан асып түседі. Үлкен желқондырғысы жұмыс жасау үшін, көптеген қаражат жұмсауға тура келеді. Осындай артық шығын жұмсау жалғыз қондырғы бар жерде өте тиімсіз, сондықтан келеңсіз мәселені шешу мақсатында, белгілі аймақта желқондырғысын топтастыр -ып салады. Осылай көп өндірілген энергия, контракт бойынша коммунальді компанияға сатылады. Ең алғаш рет осындай топтастырылған үлкен желқондырғылары Калифорнияда іске асты.
400-600 кВт 16 мың үлкен
желқондырғылары Сан-Франциско
4.2.Теңіз базасының
Теңізде қатты жел соғатыны әркімге белгілі, теңіздегі желдің энергиясын пайдалану халық саны көп, тығыз орналасқан Солтүстік Европа мемлекеттері үшін үлкен жетістік деуге болады, себебі бұл мемлекеттердің жерлерінде желқондырғысын орнататын ашық, жазық алаңдар жетіспейді. Таяз өзендерде орнатылған желқондырғылары Европа мемлекеттерінің назарын өздеріне аударуда. Себебі Солтүстік Европа мемлекеттерінде таяз өзенді, сулы аймақтар көп еді. Біріншіден, теңізде жел жылдамдығы 10% есе, өндірілетін энергия 30 % өседі, екіншіден, 30 м тереңдікте, жағалаудан 30 км орналасқан желқондырғысын пайдалану экономикалық тиімді екен.
Европада
«атомдық энергиясыз» атты
жоба бойынша өткізілген
4.3. Кіші желқондырғыларын
Алдында
айтып кеткендей, дизельді
1) Су тарту және сығылған ауа алу үшін ; 2) Электр энергиясын алу үшін; 3) Кейбір механизмдерді қозғалысқа келтіру үшін.
Қазіргі кезде 100 000 астам су тарту насосы жұмыс істейді көбісі электрленбеген ауылдық жерлерде орналасқан. Көбінсе фермерлер ауыз сумен ауыл тұрғындарын қамтамасыз ету үшін және мал, егін суару үшін қолданады. Қазір су тарту қондырғылары рынокта сатылады. Мысалы, 3 метрлік ротор 2000 л суды 1 сағатта 10 метрден 3м/с жел жылдамдығында көтерсе, ал 7метрлік желқондырғысы 8000 л суды осындай жылдамдықта 1сағаттта көтереді екен. Мұндай желқондырғыларды орнату оңай және қолдану өте қарапайым.
Осындай су
тарту насосын Индонезияда жер
суландыру үшін пайдаланады,
бұл аймақтарда жаңбыр аз
1 секундта 3 л суды тартады. Индонезияда 1992 жылы 15 осындай жүйелерден тұратын насос орнатылды.
Телекоммуникациялық
обьектілер үшін жел энергиясы
өте тамаша энергия көзі болып
табылады, себебі антенналардың
орналасқан ауданына
Кіші жел турбиналардың
энергиясын аккумуляторларды
Жел энергиясын, суды ысыту арқылы пайдалана аламыз, термостатқа суды толтырып қайнату арқылы 1 кВт энергия пайдаланатын болсақ, термостаттың қуаты 1 кВт болып жасалуы тиіс.
Күн мен жел бір-бірін толықтырып тұрады, қыста қатты жел соқса, жазда күн ысиды. Қыста күн жел энергиясымен үйді жылытсақ, жазда күн энергиясын пайдаланып суды жылытуға болады. Осындай комбинацияла- нып жасалған «күн-жел» жүйесі автономдық энергиямен қамтамасыз ету үшін өте қолайлы.
5. Желэнергетикасының экологияға әсері
Желэнергетикасы
дамуы, энергия жетіспейтін
40 децибелдан асатын дыбыс
толқындары, адам организміне зиянды
әрекетін тигізеді. Мысалы шу
деңгейінің жоғары болуы дыбыс
құлақтың дыбыс қабылдауын
Құстар жоғары
кернеу жиліктері мен
Желқондырғысының
металл бөліктері айналғанда
қуатты дыбыс тербелістерін
6. Жел энергиясын қалай пайдалану туралы кейбір ұсыныстар.
Желқондырғысын орнату керек деген шешім қабылдадық. Біріншіден бізге тұтынатын энергиямыздың мөлшерін есептеп алу керек және өз жерімізге орташа соғатын желдің жылдамдығын білуіміз керек, екіншіден, жел- қондырғысын орнататын жерді таңдау.
Ашық ландшафтағы төбе және тау жотасына жерқондырғысын орнату тамаша орын болып есептеледі. Төбеде жел жылдамдығы жазық тегіс жерге қарағанда ылғида жоғары. Егер 2 немесе бірнеше қондырғылар орнататын болсақ, онда олардың арасы мұнараның биіктігімен кем дегенде 5 есе артық болу керек, олай болмағанда жұмыс істегенде бір-біріне кедергі жасайды.
Жылдамдық артқан сайын, ауа ағысының сипаты өзгере түседі. Ауа қабаттары бірімен-бірі ретсіз араласып кетеді, үйірім пайда болады. Мұндай ағысты турбулентті деп атайды. Турбулентті ағыс жел энергиясын тиімді пайдалану мүмкіндігін азайтады, сонымен қатар машинаның тозуын тездетеді. Сондықтан турбина мұнарасының биіктігін барынша биік етіп қалайды, біріншіден жер бетіндегі пайда болатын турбулентті ағысты болдырмау үшін, екіншіден жел жылдамдығын арттыру үшін. Жел қуаты оның жылдамдығының кубына тура пропроционал. Мысалы, жерден 30 м биіктікте орнатылған желтурбинасы мен жерден 10 м биіктікте орнатылған турбинаның жылдамтықтарының айырмашылықтары 100% болады.
10м биіктікте орнатылған екі жел генераторы мен 30м биіктікте орнатылған бір генератордың өндірілген ток қуаты бірдей. Басында айтып кеткендей, желқондырғының орнын тағайындаған соң, сол аймақтағы орташа жылдамдық мәнін білуіміз керек. Ол үшін айлар бойы зерттеулер жүргізіп немесе метостанцияның көмегіне жүгінуіне болады.
Жел жылдамдығын өлшеу
үшін үш шыныдан жасалған, вертикаль
оське бекітілген анемометр
Жуырда Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі
С.Ахметовтің төрағалығымен селекторлық
режимде кеңес өтіп, оған облыс
әкімі Б.Ізмұхамбетов пен оның орынбасарлары,
қала әкімі және басқарма басшылары
қатысты.
Кеңесте ҚР Премьер-министрінің орынбасары
– Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Әсет Исекешевтің мәлімдегеніндей,
Қазақстанда электр энергетикасы және
энергия тиімділігі институты құрылады.
Қазақстанның экологиялық проблемаларды
шешуге және энергетиканы дамытуға қатысты
басты бағыттардың бірі — қайта жаңарған
энергия көздерін пайдалану ресурсы болып
табылады. Еліміз бүгінде айтарлықтай
қайта жаңарған энергия ресурстарына
ие: Олардың ішінде жел энергетикасы; кіші
гидроэлектро станциялары; жылу және электр
энергия өндірісі үшін күн көзінің қондырғылары
бар. Республикада электр энергиясының
жалпы көлемдегі өндірісінде қайта жаңарған
энергия көздерінің үлесі 0,5 %-ды құрайды.
Қазақстанда 2013-2020 жылдарға арналған баламалы
және жаңартылатын энергетиканы дамыту
бойынша шаралардың жоспарын Үкімет қабылдағанын
ескеріп өткен Ә.Исекешев, оның аясында
жаңаратын энергия көздерін қолдауға
бағытталған шараларды қабылдау, аталған
салада зерттеулер мен мамандарға көмек
жасау, жаңаратын энергетика мен энергия
үнемдеу саясатын насихаттау және басқа
да маңызды қадамдар ескерілгенін жеткізді.
«Қабылданған жоспарға сәйкес 2020 жылға
қарай біз жаңаратын энергия көздері 1040
МВт қуат көлемінде болады деп күтудеміз.
Оның ішінде 13 жел стансасы (793 МВт), 14 ГЭС
(170 МВт), сондай-ақ, төрт күн электр стансасы
(77МВт) жасақталады», — деді министр.
Премьер-министр С.Ахметов жаңаратын энергия
көздері туралы заңға өзгерістер енгізуді
бірінші жартыжылдықта аяқтау қажеттігін
айтып, Индустрия және жаңа технологиялар
мен Қоршаған ортаны қорғау министрліктеріне
осындай тапсырма берді. Сонымен қатар,
Үкімет басшысы «EXPO-2017» көрмесін жаңаратын
энергия көздері есебінен энергиямен
қамтамасыз етуді баса тапсырды.
«EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дайындық
кезінде көрме нысандарын қайта қалпына
келетін қуат көздері есебінен қамтамасыз
ету мәселесін қарастыру қажет. Бұған
қадам басталғанын көріп отырмыз, 2017 жылға
қарай бізде Астана төңірегінде ғана емес,
Астананың өзінде көптеген қызықты жобалар
болады деп ойлаймын», — деді Үкімет басшысы.
- Америкада миллиондаған, Германияда
жүз мыңдаған күн шатыры бар, Астанада
осы секілді жоба құру мәселесін қарастыру
қажет. Аймақтарға да тиісті аймақтық
бағдарламалар қабылдауға тыйым салынбайды,
мұның маңызы зор, — деді Премьер-министр.
2013 жылдан бастап, жергілікті
атқарушы органдарға энергия
үнемдеу саясатын іске асыру
бойынша баға берілетін болады.
Бұл туралы Индустрия және
жаңа технологиялар
Ветреный генератор с вертикальной турбиной.
Появилась ещё одна незаменимая
вещь для "Умного дома", это ветреный
генератор с вертикальной турбиной.
Его можно устанавливать на крышу
или в саду, занимает мало места.
Главное его превосходство от
традиционных моделей, то что он работает
при любом направление ветра,
что отлично подходит для нашего
переменного климата. Почти без
шумный и выдерживает ветреную нагрузку
до 160 км\ч, вырабатывание электричества
начинается уже при скорости ветра
2,5 м\с. Турбина сделана из нержавеющей
стали с по-жизненной
Работает при температурах от -40 до +80 С, уровень шума не превышает 10 дБ. Можно подключить к электрическому котлу, что избавит вас от использования газа. Согласитесь "Умный дом" должен быть автономен и вот решение этой проблемы.
Пайдаланған әдиебеттер тізімі.
- журнал «Технологии строительства», 2010, №4.

- Жел энергиясының пайдаланылуы
- Жел эрозиясының егіншілікке келтірктін зияны
- Жемис шаруашылыгы
- Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп
- Жеміс-жидекті айран өндіру технологиясы
- Жемчужниковы дворянские роды
- Женевская и Брюссельская конвенции по вопросам смежных прав
- Желчнокаменная болезнь
- Желчнокаменная болезнь
- Желчнокаменная болезнь
- Желчнокаменная болезнь
- Желчнокаменная болезнь и ЛФК при ней
- Жел энергетикасы
- Жел энергетикасы