А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

САҚТАҒАН БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АУ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

           Мамандығы: Дене тәрбиесі және спорт

 

 

 

 

А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі

(Курстық жұмыс)

 

 

 

 

 

                                                                                   Орындаған:

                                                                                    Ғылыми жетекшісі:

                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2014 жыл

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3-5

 

I тарау.А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КӨЗҚАРАСЫ МЕН ҮЛЕСІ.....................................................................................................................6-14


1.1. Қаламгердің көземсөзі.............................................................................................8


1.2. «Оқу  құралы» еңбегінің тілдік және  педагогикалық қырлары...................................................................................................................9-12

1.3. А.Байтұрсыновтың  мұғалім кадрларын даярлауға  қосқан үлесі.......................................................................................................................13-14

ІІ тарау. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ РЕТІНДЕ..............................................................................................................15-30

2.1. Тіл біліміне қосқан үлесі..................................................................................15-21

2.2 . А.Байтұрсыновтың жазуы мен емле ережелерінің тарихы..........................................………………………………………………..22-27

2.3 . А.Байтұрсыновтың әліпбиі............………………………………………......28-30

 

Қорытынды.......................................................................................................31-32

Қолданылған әдебиеттер ТІЗІМІ..............................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен.  Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды .

Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері — әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі — қазіргі жаңа заманға өте керек.

Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.

Курстық жұмыстың мақсаты. А.Байтұрсыновтың педагогикалық  қырлары мен көзқарасын  зерттей отырып, қазақ тіл білімінің негізін қалауға қосқан үлесімен танысу.

Курстық жұмыс нысаны. Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру, талдау болып табылады.

Курстық жұмыс міндеттері: 

  • «Оқу құрал» еңбегінің тілдік және педогогикалық қырларын талдау;
  • А.Байтұрсыновтың жазуы мен емле ережелерін саралау;
  • Жазуға үйрету, хат таныту мәселелеріне қосқан үлесін қарастыру;

Тақырыптың зерттеу деңгейі. А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі жайында әдебиеттерде, көптеген ғылым салаларында жан-жақты зерттелуде.

Курстық жұмыстың деректік көзін мерзімді баспасөз бен ғылыми мәліметтер, интернет желісінен алынған ақпараттар құрады.

Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Р.Дүйсенбаев, Шахзаман Зиятов, Н.Әміржанова, Әбілова З, Ильина Т, т.б. зерттеулерi курстық жұмысында кең пайдаланылды.

Курстық жұмыс құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 29 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау.А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КӨЗҚАРАСЫ МЕН ҮЛЕСІ


1.1. Қаламгердің көземсөзі


 

Ахмет Байтұрсынов бай педогогикалық мол мұра қалдырды. 
Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі  кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады.Олардың заңдылықтарын анықтайды. 
Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді. 
Педогогика ғылымы философиялық білімді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады. 
Ахметтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық және ғылымды игеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп түзете білуге шақырады, бар білмнің түп төркіні ақыл деп қорытындылайды.

Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін «фонетика», қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі педогогикаға қосқан үлесі екенін көруімізге болады. 
        «Ахметтің    Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол ... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам -  Ахмет. Ахметтің бұл тарихы еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды»,-  деп жазды Сәбит Мұқанов.  Ғаббас Тоғжанов пікірі де осымен сабақтас: «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілеріде қадірлей біледі, сөзін оқып  сүйсінеді». 
Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары Қ. т. б-нің грамматика саласының қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізуге тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика саласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды. Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды.

Оқулық жазу ісімен бірге осы ғылым салалары бойынша атауларды қалыптастыру қатар жүрді. Мәселен, Байтұрсынов тілге қатысты зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, есімше, көсемше, т.б. атауларды қазақ тілінің өз байлығын пайдалана отырып ойластырды. Сол сиқты жаратылыстану және гуманитарлық сала бойынша оқулықтар жазған ғалымдар салалық атауларды қалыптастырып, бір атаудың бірнеше баламасы болуына байланысты оларды бір жүйеге түсіруге, тұрақтандыруға ерекше мән берді. Бүл кезеңдегі сөздіктердің дені уақыт талабына сәйкес атаулық сөздіктер болғанымен, түсіндірме сөздіктің де, фразеол. сөздіктің де, диалектол. сөздіктің де жүгін арқалады. Тіл тарихы және диалектология жеке ғылым ретінде қалыптаса қоймаса да, жекелеген мақалаларда тіл тарихы, диалектология мәселелері сөз болды. Мыс., Аймауытовтың “Тіл туралы” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 9 наурыз), “Әдебиет тілі мен емле” (“Еңбекші қазақ”, 1929, 12 мамыр), Кемеңгеровтың “Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 24 қараша), “Дұрыс па? Бұрыс па?” (“Еңбекші қазақ” 1926‚ 10 қараша), т.б. мақалаларында жергілікті тіл ерекшеліктері, кейбір сөздердің этимологиясы сөз болды. Сонымен қатар Қ. т. б-нің өзекті мәселелеріне қатысты съезд, конференциялар ұйымдастырылды. Мысалы, 1924 ж. 12 — 18 маусымда Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінің күн тәртібінде жазу ережелері, әліппе, қазақша пән атаулары мәселелері сөз болса, 1927 ж. 28 — 29 сәуірде Ташкентте өткен бас қосуда жазу‚ әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал 1929 ж. 2 — 4 маусымда Қызылордада өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда емле, атау мәселесі қаралды. 1934 ж. Қазақтың ұлт мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының құрылуына байланысты қазақ тілін зерттеу мәселесі жүйелі жүргізіле бастады. 1936 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы бөлімшесі құрылып, шағын сөздіктер, лингвистикалық жинақтар шығарылып, ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді, орфография‚ терминология мәселелері сөз болды. Осы жылдары орта мектеп пен педучилищелерге арналған грамматикалық ғылыми еңбектер, сөздіктер басылып шықты. 1946 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы, оның құрамында Тіл мен әдебиет институтының ұйымдастырылуы, 1961 ж-дан Тіл білімі ин-тының бөлініп шығуы — Қ. т. б-нің көптеген мәселелерін шешуге, ғыл.-зерттеу жұмыстарының жан-жақты жүргізілуіне, мамандардың көптеп даярлануына жағдай туғызды. 1960 — 70 жылдар аралығында. Қ. т. б-нің кенжелеп қалған салалары бойынша көптеген монографиялар жазылды. Фонетика мәселелерін салыстырмалы түрде зерттеу, ғыл., көркем әдебиет, мерзімді баспасөз тілдерінің, әдеби тіл тарихының, тіл мәдениеті, орыс тілі мен қазақ тілін салыстыра қарастыру мәселелері, т.б. қолға алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. «Оқу құралы» еңбегінің  тілдік және педагогикалық қырлары

 

Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды . Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

1929 жылы 5-мамырда  Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген «Газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми -методикалық еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған. «Тіл – жұмсар» деген еңбегінде оқушыларға практикалық граматиканы үйретеді.Сонымен қатар жастарға арналған  «Әліппе»,  «Сауат ашқыш» (ересектер әліппесі), «Әліппе-астар»(әліппеге методикалық нұсқау), «Қырық  мысал»  (Крылов мысалдары аудармасының жинағы), «Маса» ( төлтума және аударма өлеңдер жинағы),«Оқу құрал»хрестоматия   (нұсқалық)- Шонановпен             бірлесіп жазылған.  Бұлар ерекше мәні бар материалдар деп білеміз.  Кезінде          М. Әуезов ауызға алған, қазір кейбір зерттеушілер айтып жүрген «Мәдениет тарихы» деген дүние көрсетілмеген, яғни өкінішке орай, ондай жұмыс жарық көрмесе керек.

Өз қолымен жазған «Өмірбаянында» ( 1929, 8-наурыз ) Ахмет Байтұрсынов былай дейді : «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифін емес ), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен;  
Ақыры, ен соңында, төртіншіден, проза ( іс қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл)  тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздеріне термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы іске асты». Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған.

Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі зор жауапкершілігі бар іс. Көп жылғы көзжұмбаудан, қиянаттан арылатын кез келді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, атүсті  қарағанның өзінде, толып жатқан мына шындық алдыңнан шығады. Бірер мысалдарға жүгінелік. «Тіл құрал» Дыбыс жүйесі мен түрлері.І-тіл танытқыш құрал». « Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып,сөйлеуден қалса,қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып,жаза алмайтын күйге ұшырыса,ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз –жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...». 
        Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады.Қазақ мектептеріндегі оқыту жайын,олардың қиындықтарын тартып айта келіп, автор өзінің әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтап отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп,ой жүгіртіп көрелік: 
        -Дүниедегі жұрттардын тілі үшке бөлінеді:  
           1.  Түбіршек тіл.       
           2.  Жалғамалы тіл. 
           3   Қопармалы тіл.

 
    1) Түбіршек тіл -    түбкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады,мәселен қытай , жапон тілдері. 
   2).Жалғамалы тіл-   сөздің аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен түрік ,финн тілдері. 
  3) Қопармалы тіл -  сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен  орыс тілі, араб тілі. 
    Ал « Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан сон басқаша оқытуымыз тиіспіз.Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерінде үйрету керек» деген пікірлер ешқашан өз маңызын жоймақ емес.   « Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін айтады  мәселен, жер, тау, су,ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қар, жаңбыр, жел, бу, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, біркей, құрт, құмырсқа, қала, ай, төсек -орын, аяқ- табақ, киім, қазан- ошақ, арба, шана, жеміс, бақан, сойыл, құрық, таяқ, табақ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, киіз, қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ, Осындай нәрсенің өзін айтатын сөздерді зат есім дейміз. Зат есім туралы «Кім?» «Не?» деп сұраймыз. «Кім?» деп адам туралы сураймыз. «Не?» деп басқа заттар туралы сураймыз».  
      Осындай тілдік ұғымдар берілген анықтамалардың дәлдігі, ғылыми тереңдігі түрлі категорияларды сұрыптаған, жіктеген кезде, оларға қазақша термин, атау берген кездерде, тіпті айқын көрінеді. Қазіргі қазақ тілі   ғылымының түп қазық ойлары тіпті әріде жатқанын, оларды бірінші болып Ахмет Байтұрсынов тұжырымдағанын көреміз. Табиғаттың санадан тыс тәуелсіз өмір сүруді өмір ақиқатын түйсік пен қабылдануын адамдар жаратылысының бірдей еместігін түсіндіреді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. А.Байтұрсыновтың мұғалім  кадрларын даярлауға қосқан үлесі

 

А.Байтұрсынов туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. А. Б айтұрсынов “Қазақ”газетінің 1914 жылғы 62 – санында “Мектеп керектері” деген мақаласында

Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім. 

Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы болуы. 

Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама. 

А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауатты алдымен орыс тілінде ашатын. 1912 жылы А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы әліппені жазды.

А.Байтұрсынов 1926 жылы “Әліпбидің ” жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабын жазды. 1912 жылы мектеп балаларына сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1- ші бөлімі “Тіл құралы” деген атпен 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2 – ші бөлімі 1914 жылы, синтаксиске арналған 3 – ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді. “Тіл құралы” қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс.

Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттеу т.б. деп саралап тұңғыш ғылыми жол салуында болып отыр. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Осы салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп “Оқу құралды” жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы “Тіл құралын” ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп “Тіл жұмсарын”, 4 – ші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесі “Баяншыны” жаздs.

“Әдебиет танытқышының” өзінде ғана психологияға қатысты ой – пікірлер баршылық. Мұндағы “Көрнек өнері”, “Сөз толғау”, “Лұғат әуезділігі”, “Жан жақтау”, “Жан қоштау”, “Көріктеу”, “Ес ұғымы”, “Іс ұғымы”, “Зейіндеме”, атаулар мен ұғым – түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жарамазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиялық көзқарастары мол. 

А.Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған пікірлері “Әліппе – таңбалар жұмбағы” – дейтін еңбегінде елеулі орын алған. 
А.Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолын да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ РЕТІНДЕ

2.1. Тіл біліміне қосқан  үлесі

 

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. 
Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы — ағартушылық идеясы болды.

Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл плдтформаны мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын ойлаған қам- қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты». 
Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәллдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап- түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны — халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп — қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан ққтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе!» деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. 
«Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша.

Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі — ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен тұратын екі кітапты «Тіл жұмсар» деген еңбегі белгілі. 
Ол методика саласында 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын «Әліп-би астары» атты методикалық еңбегінде тағы көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі методикасына арналған бірнеше мақала жариялайды. 
Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды:ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші-сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл үшін «Тіл құралды» жазған.

Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды»-, деп жазды Сәбит Мұқанов, 1929 жылы 5 мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық, еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған. 
Ғалым бұрын айтқан пікірін тағы келтіріп, үдетіп беру машығынан таймайды. Ахмет Байтұрсыновтың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен ХХ ғасырдың о жақ, бұ жағындағы қоғам дамуы мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол уақыттағы қазақ халқының тағдыры жөнінде ой қорытудан бастады. 
Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. “Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет.

Өз қолымен жазған “Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай дейді: “Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған “Қазақ” газеті арқылы іске асты”.

А.Байтұрсыновтың дидактикаға қосқан үлесі