Антимонополия
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050»
стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығында
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басқару жүйесінің
тиімділігін арттыру мақсатында
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
басқару жүйесін одан әрі жетілдіру
жөніндегі шаралар туралы»
2012 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жұмысы ел басшылықтарының тапсырмаларын орындау, Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны, Агенттіктің 2011 – 2015 жылдарға арналған стартегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде жүргізілді. Бұл стратегиялық құжаттар бәсекелестік саясатты іске асыру үшін негіз болып табылады, оның басымдықтары мен негізгі бағыттарын айқындайды, монополияға қарсы ден қою шараларын, өзге де қорғау шараларын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтетін және ынталандыратын бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды енгізеді.
Тұтастай алғанда, бәсекелестіктің
жай-күйі барлық тауар нарықтарында
әртүрлі. Қазақстанда жекелеген
тауар нарықтары ішінара немесе
толығымен монополияландырылған болып
табылады. Монополиялану дәрежесі жоғары
нарықтарды қалыптастырудың себептері
мен талаптарын анықтау монополияға
қарсы органнан жекелеген нарықтың
негізгі қатысушыларын, тауар нарығына
кірудің қазіргі кездегі
Монополияға қарсы органның
ерекше назары атап айтқанда: отын-энергетикалық
кешені, көлік және байланыс, қаржы
секторы, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс
индустриясы нарықтарындағы бәсекелестік
әлеуетті дамытуға аударылған. Бұдан
басқа, есепте бәсекелестікті дамыту жөнінде
ұсыныстар мен ұсынымдар
Дипломдық жұмыс «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабын іске асыру үшін дайындалды, оған сәйкес Агенттік жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді, жүргізбейінше мүмкін емес. Әлемдік экономикалық даму үрдістеріне қосылған Қазақстан үшін ішкі бәсекені дамыту, әлемдік бәсекелестікке кабілетті болу, шағын және орта бизнесті дамыту экономикадағы басымдылықтардың бірі. Осы мақсатты жүзеге асыруда Қазақстандағы монополияға қарсы реттеудің ролі күшті, мемлекеттің билік органдары арқылы оның нәтижелігін арттыру өзекті міндет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
ТМД елдерінде, әсіресе Ресей
ғалымдарының осы мәселеге байланысты
жарық көрген еңбектері бар. Ресей
ғалымдарының монополия мәселесіне
назар аударуын осы тақырыпта
арналған еңбектер санының өсуінен
көруге болады. Соның ішінде И.Авдашева,
К.Балацский, С.Б.Бутыркин, И.В.Князева,
Н.М.Розанова, Ашаститко еңбектері
Ресейде қазіргі кездегі
Біздің елімізде экономика
және заң салаларының ғалымдары
монополияға қарсы саясаттың
теориялық және құқықтық базаларына
талдау жасады. Отандық зерттеушілер
Қазақстан Республикасында
Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеу саясатын қалыптастыру ерекшеліктеріне саяси талдау жасау диплом жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар осы саясатты жүзеге асырушы саяси институттарының қоғамда алатын ролін анықтауды да мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді анықтайды:
- Монополияға қарсы реттеудің
жалпы теориялық негізін
- Экономикасы дамыған елдер мен ТМД елдеріндегі монополияға қарсы саясатының тарихы мен даму барысын саралау;
- Қазақстан Республикасындағы
монополияға қарсы реттеу пен
бәсеке саясатының қалыптасу
тарихы мен ерекшеліктерін
- Монополияға қарсы бағытталған саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік билік институттарының ролін анықтау;
- Монополияға қарсы саясаттың
саяси-құқықтық негіздерін
- Мемлекеттің монополияға
қарсы реттеудің жаһандану
Зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі қызметі.
Зерттеу пәні үкіметтің монополияға
қарсы қызметі, монополияға қарсы
саясатты жүзеге атқарушы мемлекеттік
институттар мен нарық
Зерттеудің әдіснамасы Қазақстан
Республикасьшың монополияға
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МОНОПОЛИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ
1.1 Монополия және монополиялық билік, монополияның түрлері
Нарықтық экономиканың негізгі сипаттамаларының бірі бәсекелестік болып табылатындығы белгілі. Нарықтық шаруашылықты дамытудың маңызды тәсілі ретінде, қоғамдық өндірісті реттеудің негізгі тетігі ретінде бәсекелестік нарықтық экономиканың тиімділігіне ықпал ететін күшті экономикалық артықшылыққа ие.
Бәсекелестік – шаруашылық субъектілер арасындағы тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізудің неғұрлым ұтымды шарттарына экономикалық бақталастықтың антагонситік нысаны. Бәсекелестік нарықтық тепезтеңдікке қол жеткізу, белгілі бір қоғамдық пропорцияларды орнату тәсілі ретінде болады.
Сурет 1. Бәсекелестіктің негізгі түрлері
Е с к е р т у – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.
Шаруашылық жүйеде бәсекелестіктің болуы блып жатқан барлық экономикалық процестерге оң әсер етеді.
- Бәсекелестік күрес арқылы қоғам тұрғысынан шектеулі ресурстарды тиімді бөлу орын алады, себебі сұранысқа ие ғана өндіріледі, яғни не және қанша өндіру сұрағы шешіледі.
- Бәсекелестік кәсіпкерді өз өндірісін үнемі ойлауға, өнім бірлігіне шығындарды оның сапасына залал келтірмейтіндей, бірақ неғұрлым төмен бағаны ұстап тұруға болатындай төмендетуге мәжбүрлейді.
- Шығындарды төмендетудің жаңа тәсілдерін іздеу шекарасын кеңйетіп, кәсіпкерлер жаңа жоғары өнімділіктегі техника мен жаңа технологияны, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалануға, өз нарық сегментін күшейтуге талпынады.
- қоғам үшін бәсекелстіктің өте маңызды нәтижесі тұтынушыларға күресте кәсіпкерлер өз фирмасының имиджі, өзінің шыншыл және әділ бизнесмен беделі туралы қамданатындығы болып табылады.
Бәсекелестіктің осы экономикалық артықшылықтары нарықтық экономиканы қоғамды экономикалық ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда неғұрлым тиімді етеді[1].
Монополия бәсекелестік формаларының
жіктелу классификациясы
Сурет 2. Бәсекелестіктің формалары.
Е с к е р т у – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.
Бірақ, бәсекелестік қоғам үшін жағымсыз салдарға да ие. Бәсекелестік Парето бойынша ресурстарды тиімді бөліп, әлеуметтік әділеттілікке кері әсер етеді. Қоғам – бұл тек табысты бизнесмендер емес, онда түрлі табысқа ие халықтың түрлі таптары, аурулар, қарттар, балалар, жұмыссыздар өмір сүреді. Қоғамның бұл бөлігінің үлес салмағы үлкен болған сайын, парето бойынша тиімділіктің маңыздылығы әлеуметтілік әділеттілікті қамтамасыз ету қажеттілігімен салыстырғанда төмен болады. Мұнда әлеуметтілік шиеленісті төмендету үшін ресурстар мен табыстарды бөлуді түзету қажеттілігі туындайды, ал мұны бәсекелестік нарық өзі жеңе алмайды. Сонымен бірге, бәсекелестік нәтижесінде экономиканың тепе-теңдік жағдайының, сала мен өндіріс арасындағы белгілі бір пропорцияның орнауына және тиімді арақатыстың пайда болуына ресурстардың стихиялық, өзінен өзі бөлінуі, нарықтық процестердің . дамуы ықпал етеді. Бұл осы тепе-теңдік, осы тиімділік қоғамдық еңбекті едәуір жұмсау, көп өндіру, өндірушілер дифференциациясы, біреулерді шығынға ұшырату, басқаларын жұту нәтижесінде орнайды, және неғұрлым үлкен шаруашылық субъектілердің пайда болуына ықпал ететіндігін білдіреді. Осы процесті жүйелі қайта жаңғырту монополияның пайда болуына объективті әсер етеді.
Аталмыш кемшіліктер өте әсерлі
болып табылады және мемлекетті бәсекелестік
ортаны қадағалауға және қажетті
жағдайда монополияға экономикалық
шараларды қолдануға
Нарықтағы монополиялық биліктің орнауы – жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады.
Буржуазиялық қоғам екi сатылы шаруашылық:
а) Еркiн бәсеке капитализмi, бұл ХҮІІ– ХІХ ғасырлар арасы.
б) Монополистiк капитализм, бұл ХХ ғасырдың басынан осы уақытқа дейін.
Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезеңiнен, түрiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген фабрика.
Жай, қарапайым кооперациялықшаруашылық. Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.
Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІ ғасырдың ортасынан ХҮІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн жасайды (машинаның тек дөңгелектерiн, моторын, тағы басқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардың тиiмдiлiгiн жоғарлатады.
Машиналандырылған өндiрiс. ХҮІІІ ғасырдың соңында, ХІХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада, Америка құрама Штатында өнеркәсiптiк революция болып, соның нәтижесiнде қолөнерлiк техниканың және қол еңбектiң орнына әр түрлi машиналар келедi.
Кәсiпорындарда ендi. қарапайым болмаса, қиын машиналар адамның бақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны фабрика деп атайтын болды.
Машиналандырылған өндiрiс-техникалық төңкерiстiң негiзi болды. ХІХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында электротехникада (будың орнына электрқуаты), машина жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш мотор – автомобиль, самолет), химиялық өнеркәiпте төңкерiс болды.
Сонымен, ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында буржуазиялық қоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай сол кездегi ғылыми ойлардың назарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардың бiрi В.И.Лениннiң «Империализм – капитализмнiң жоғары сатысы» атты кiтабы (1917ж). Онда монополизмге (империализмге) жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалық талдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.
Монополизм – жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.
Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының нәтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Олар iрiсте және нарықта үстемдiгiн, билiгiн жүргiзе бастады, өздерiнiң үстемдi билiгiн жүргiзе бастады, өйткенi iрi кәсiпорындары өнiм өндiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына жинақтайды, яғни белгiлi бiр өнiмдi -тауардың денiн, көбiн өндiретiн, оны сататын тек бiр, болмаса 2-3 ғана кәсiпорындар. Ал өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпорындарының құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi себеп болған және бәскелiк. Бәсекелiктi кiм жеңедi, кiмнiң шаруашылығы күштi, мықты болса, ал күштi болатындар – iрi кәсiпорындары. Олардың пайда болуы жаңа технология мен өндiрiстiк қондырғыларға байланысты, яғни солар себеп болған[3].
Монополия «грек» тілінен аударғанда «моно бір», «полио» сатамын дегенді білдіреді. Монополия өнім бір ғана фирмамен құрылатынын білдіреді. Басқалардың бәсекенің төтеп бере алмайтын мөлшерінен рынокқа енуі мүмкін емес (шикізат көздеріне, көлік құралдарына, кредитке монополия).
Монополияның мақсаты – монополиялық пайда табу.
Мақсатқа жету құралдары – қалыптыдан жоғары мөлшердегі пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға.
Монополияның негізгі түрлерге жіктелуі 3-суретте келтірілген.
Сурет 3. Монополияның түрлері.
Е с к е р т у – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.
Монополияның пайда болуының басты себебі – өндіріс пен капитал концентрациясы (шоғырлануы). Яғни олардың түрлі себептер негізінде бірігуі немесе бір мақсаттарда шоғырланулары нәтижелерінде монополия пайда болады (4-сурет).
Сурет 4. Өндіріс пен капитал концентрациясы (шоғырлануы).
Е с к е р т у – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.
Монополияның түрлерi. Тарихи кезеңде әр елдiң экономикасына монополияның әр түрлерi құрылды:
а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар[4].
Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.
б) жасанды монополия –
бiреулердiң қолында
Кездейсоқ монополия сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады ұсыныс пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi өндiрiп сату үшiн өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болса (озық технология, техника, жұмыс күшi). Бiрақ, бәсеклестiң салдарынан бұл экономикалық тиiмдiлік артықшылық тұрақты болмайды.
Тұрақты монополия болатындар – iрi кәсiпорындар, өндiрiстi, тауарларды өткiзу нарқын өздерiне қаратқан. Мысалы, ағылшынның «Ост-Инд», Германияның «Ганза» компаниялары.
ХIХ ғасырдың аяғында тұрақты монополияның кеңiнен дамыған түрлерi: картельдер, синдикаттар, трестер, концерндер, конгломераттар.
Картель – бұл өнеркәсiптiң
бұл саласындағы бiрнеше
Синдикат – бұл бiр түрлi өнiм шығаратын бiрнеше кәсiпорындардың бiрлестiгi. Мұнда шаруашылыққа кезектi материалдық жағдайлар, ресурстар әр қайсысының өз меншiгiнде қалады, ал дайын өнiмдi өткiзетiн жалпы ортақ сауда кәсiпорны ұйымдастырылып, тауарды сол сатады.
Трест – бұл монополияда құрал–жабдық, дайын өнiм, осыған қатынасушылардың бiрiктiрiлген, ортақ меншiгi болып саналады
Концерн – бұл сөз жүзiнде бiр-бiріне тәуелсiз кәсiпорындардың және банктердiң одағы (өнеркәсiп, сауда, көлiк). Мұнда бас фирма басқаларына қаржылық бақылау жүргiзедi.
Конгломерат – бiрнеше шағын жәнеорташа, бiр бiрiмен өндiрiстiк байланысы жоқ кәсiпорындардың бiрлестiгi.
Жалпыға бiрдей монополия формасы ХХ ғасырдың екiншi жартысында пайда болды. Мұнда халықшаруашылығы барлық жағынан да кәсiпкерлердiң бiрлестiгiне бағындыру (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң өзi iрi монополия болады (әскери-өнеркәсiп кешенi).
Қалыптасқан, әдеттен шаруашылықта, қоғамда кездеседi – монополия – жеке өзi сатып алушының нарқы. Кейбiр экономиканың маңызды секторын қолдау саясатында, мысалы, ауылшаруашылық өнiмiн мемлекет өзi сатып алады.
Екi жақты монополия – белгiлi бiр нарықта тауарды әкелiп сатушы мен бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.
Капиталистiк экономиканы
монополияндыру өндiрiстiк ғылыми –
техникалық прогресстiң ықпалымен
шоғырландырудың нәтижесiнде. Бiрақ,
кейiнгi уақытта ғылыми- тхникалық
революция басқа да үрдiс (тенденция)
туындырды – ол шағын және орташа
техникалық жоғарғы класстық кәсiпорындардың
ролiн жоғарлату. Дамыған елдерде
шаруашылықтың 70-80% шағын және орташа
кәсiпорындар құрайды. Америка Құрама
Штатында «Шағын бизнесті» ұлттық өнiмнiң
жартысына жақынын өндiредi. Жаңа
технология мұнда өндiрiсте тез
және көп енгiзiледi, қолданылады. Қазақстан
Республикасында да қазiргi уақытта
шағын және орташа кәсiпорын құруға
молынан мүмкiншiлiк берiлiп
Монополия бәсекелiктi жоймайды, тек тәсiлдерiн өзгертедi. Жетiлмеген бәсекелiк болады, егер тек бiрнеше iрi кәсiпорындар белгiлi бiр арнайлы тауарларды сол қалыптасқан бағамен ұсынады, сатады. Жетiлмеген бәсекелiктiң үш түрi болады; а) монополия; б) олигополия; в) өнiмдi дифференциялау.
Өнiмдi дифференциялау дегенiмiз – әрбiр тауардың орнын басарлық, оның бәсекелігiнде болатын басқа тауар – субститут барлығы.
Жалпы бұрынғы бытыраңқы, еркiн бәсекенiң орнына жекелеген салалардың, ұлттық шаруашылықтың шеңберiнде және бүкiл дүниежүзiлiк шаруашылық көлемiнде монополиялардың арасындағы бәсекелiк орналасады. Оның негiзгi мақсаты – басқаларға қарағанда пайданы көбiрек табу.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушыны қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді.
Берілген тауарды өндіретін
тек бір ғана жеке фирма
бар және осы тауарды
1.2 Монополияға қарсы реттеу экономиканы мемлекеттік реттеу бағыты ретінде
Монополияның дамуы
Монополияға қарсы реттеудің
басты міндеті бөлек
Мемлекет тиімді нарықтық ортаның қалыптасуына мүдделі. Ол экономиканы мемлекеттік реттеу бағыттарының бірін құрайтын монополияға қарсы саясат жүргізеді және қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көрсетеді.
Бәсекені мемлекеттік реттеу барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең мүмкіндік пен жағдайды және әскерлік белсенділікті көтермелеуді қамтамасыз етеді. Осы міндеттер экономикалақ және заңнамалық іс-шаралардың көмегімен шешіледі. Экономикалық шараларға бюджет-салық (салық жеңілдіктері, мемлекеттік сатып алу) және несие-ақша саясатының құралдары кіреді. Әкімшілік реттеуде «ойын ережесі» белгіленіп, адал емес бәсекелестік пен монополияның бой көтеруіне жол бермейтін құқықтық шаралыр қолданылады. Экономикалық іс-шаралар фирмалардың қызмтіметіне құқықтық режимін әзірлеумен, бір-бірінің қызметіне араласпау қағидасымен, тауарлық белгіні пайдалану құқығымен,өзара да, сондай-ақ тұтынушылардың алдындағы жауапкершілікпен, сату мен жарнаманың рұқсат етілмеген тәсілдерін пайдаланбаумен байланысты. Заңнамалық іс-шаралар монполияға қарсы заңнаманы әзірлеу, монополияға қарсы саясат әзірлеу кіреді. Мұның өзінде моноплияға қарсы саясат монополияның өзіне тыйым салуға бағытталмауға, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға себеп болатын келісімдерге кедергі жасауға тиіс емес. Саясат бәсекелестерді емес бәсекені қорғауы тиіс.
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік нарығында «ойын ережесін» белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы заңдар жиынтығын жүзеге асырады. Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады.
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты тиімді нарық экономикасы мен бәсекелестікті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шараларының жүйесі.
Монополияға қарсы саясат
шеңберінде екі негізгі бағытты
бөліп алуға болады: монополиясыздандыру
және кәсіпкерлік монополияны
Бірінші бағытқа төмендегілер жатады:
- жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдету;
- бірігу тәртібіне және фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылауды енгізу, кейбір жағдайда, бірігу мен жұтылудың мемлекеттің рұқсатымен болған кезінде, тәртіп орнату;
- ерекше күрделі жағдайда баға мен еңбекақыға тікелей мемлекеттік бақылау;
- бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау;
- кішірейту жүргізу.
Баға кемсітушілігі - бір және сол рынокта бір тектес тауарларды түрлі бағалармен әр түрлі сатып алушылар.
Табиғи монополия - белгілі бір қызмет түрлеріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелесті жағдай жасау мүмкін емес және қызметтің осы түрін көрсету және өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты экономикалық мақсатқа лайықты емес қызметтер.
Демпинг - фирма сатушыға пайда алуды қамтамасыз етпейтін тауарларды жасанды төмендетілген бағамен сату, ал кейде шығынның кей бөлігін жабу. Демпингтің пайдалылығы сонда, ол рыноктан бәсекелестерді ығыстырып шығаруға мүмкіндік береді.
Табиғи монополия нарықтың бүкіл сұранысын бір өндіруші ресурстардың тиімді пайдаланып қанағаттандыратын жағдайда туындайды (өндірісте барынша аз орташа шығын жұмсалады). Табиғи монополия нарықтың сұранысының мөлшері мен кәсіпорынның тиімді көлемінің арасындағы қатал түзетілімнің салдарынан туындайтындықтан, монополияның осы түрі өнімнің бағасын реттеп және көрсетілетін қызметтер пакетін анықтап олардың қызметін басаратын мемлекттің қамқоршылығында болады[6].
Табиғи монополияға көлік, байланыс, газ сумен қамтамасыз ету, электр тораптары және әуе тасымалдауы кәсіпорындары жатады.
Монополистік бәсекеде өнімнің сапасын арттырудың, сатып алушыларға кепілдіктер беріп, қызмет көрсетудің маңызы арта түсуде. Бұл ғылымиө техникалық прогреспен обьетивті түрде байланысты. Оның іс-қарқыны олардың бәсекелік қабілетінің шешуші шарты.
Бәсекелестіктің түрлері.
1.Сала ішіндегі бәсекеге шетел монополиялары да қатысып, ерекше шиеленіседі.
2.Салааралық бәсеке күрес жойылмайды, өршеленеді. Мысалы, «тұтынушылардың доллары үшін» және капиталды пайда аз беретін саладан, оны көп жоғары беретін салада пайдалану үшін.
3.Монополиялар «бөгде – аутсайдер» деп аталатын, яғни моноподық бірлестікке кірмеген кәсіпорындармен үнемі күресте болады. Күрестің айлалы, жауыздық әдістерге толы көптеген түрлерін қолдана отырып, «бөгделерді құртып жібереді»

- Антимонопольная политика государства и механизм её реализации
- Антимонопольная политика государства и механизм её реализации
- Антимонопольное регулирование
- Антимонопольное регулирования
- Антитеза живого и неживого в романе К.Кизи "Над кукушкиным гнездом"
- Антитеза при переводе с английского языка на русский
- Антоцианы
- Антикризисные меры правительства Российской Федерации и их результативность
- Антикризисные механизмы управления предприятием
- Антикризисный PR в процедурах банкротства
- Антикризисный менеджмент на строительной фирме
- Антикризнисное управление
- Антикризове управління підприємством (на матеріалах ПП БТУ-Центр)
- Антикризове управління підприємством при загрозі банкрутства