Ата -анасы ажырасқан балалар

Мазмұны Кіріспе..........................................................................................................................7

 1. Психология ғылымындағы ажырасу мәселесіне  арналған әдебиеттерді талдау

1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың  бір шешімі ретінде..............................10                                                       

1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі  себептері мен даму динамикасы.............13

1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің  эмоционалды-тұлғалық сферасына  әсері.............................................................................................................................17

1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына  бейімделудің психологиялық мәселелері...................................................................................................................22

2. Ата-анасы ажырасқан  жасөспірімдердің ажырасу жағдайына  бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін  эмпирикалық зерттеу бөлімі

2.1 Эмпирикалық зерттеудің мақсаты,  обьектісі,  міндеті...................................33 

2 .2  Зерттеу   әдістемелерінің  сипаттамасы..........................................................33

2.3 мәліметтердің сандық өңдеуі  мен сапалық талдауы........................................38

Қорытынды..............................................................................................................49

Қолданған әдебиеттер.............................................................................................51

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Бүгінгі таңдағы еліміздің экономикалық - әлеуметтік жағдайдың аумалы – төкпелі кезеңіндегі қиындықтар, рухани – қажеттіліктердің тапшылығы отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің қайнар көзі оның – отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ бала үшін өмір мектебі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата – ананың еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сол себепті, әрбір ата-ана өз баласының білімді, мәдениетті, жан - жақты дамыған нағыз адам етіп тәрбиелеуге міндетті.

Әртүрлі әлеуметтік факторлардың арасында кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі ол - отбасы. Себебі, отбасы - тәрбиенің негізгі институты. Отбасынан үйренгенін адам өмір бойы санасында сақтайды. Отбасының бұлай маңызды болу себебі адам өмірінің біршама уақытын отбасында өткізеді. Отбасында тұлғаның негіздері қалыптасады. Анасы, әкесі, бауырлары, атасы, апасы және де басқа туыстармен арадағы қарым-қатынас бала дүниеге келе салғаннан басталады. Және осы адамдармен қарым-катынас орнату арқылы балада тұлғалының кұрылымы қалыптаса бастайды.

 Қазіргі кездегі психологияда  адамның қиын, жағымсыз, сыни жағдайлардағы психологиялық ерекшеліктерін зерттеу өте өзекті болып отыр. 

       Сол өзекті мәселелердің бірі- отбасындағы ажырасу жағдайы. Біздің зерттеу жұмысымыз отбасындағы ажырасу жағдайының  жасөспірімге тигізетін әсерінен  болатын психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге арналған.

       Қазіргі кездегі ажырасу санының  көбеюіне байланысты (әлеуметтанушылардың есебі бойынша, әрбір некелескендердің екіншісі ажырасады, осыдан он жыл бұрын  әрбір үшінші жұп ажырасатын болған) ажырасқан адамдардың проблемаларын құрылымдық түрде шешу жолдарын іздеу, дағдарыстық жағдайларды жеңуге психологиялық көмек көрсету тек қана психология ғылымы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғамның алдында тұрған  ең үлкен міндет болып табылады.

Елімізде отбасылық мәселелер жыл өткен сайын ушығып барады.  Әсіресе ажырасуда  шектен шыққан мемлекеттердің  қатарынан ойып тұрып орын алатын жағдайға да жеттік. Сөзіміз дәлелді болу үшін деректерге көз жүгіртейік.   2010 жылы 146 мың 443 неке тіркелсе,  соның 41 мың 617-сі,  2011 жылы 160 мың 494 жұп заңды некеге тұрса, соның 44  мың 862-ы  ажырасып кеткен.  (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстанның демографиялық жылнамалығы.  Астана,  2012 жыл) Демек,  орташа есеппен  әр 3 отбасының біреуінің шаңырағы ортасына түсіп жатыр деген сөз.  Сонда өткен жылы 90 мыңнан астам адамның  өмірі тоқырауға ұшыраған  болып шығады.   Белоруста 1000 отбасының  62  пайызы, Украинада 55 пайызы, Канадада 48 пайызы, АҚШ-та 45,8 пайызы,  Ұлыбританияда 42 пайызы  кейін ажырасып кетеді екен. Өкінішке орай, өз заманында  ажырасуды білмеген  ұлтымыздың бүгінгі ұрпақтарының арасында бұл көрсеткіш шамамен 30 пайыздан асып түскен.  Дабыл қағарлық  деректер емес пе? Себебі, мұның артында бүкіл ұлттың тағдыры жатыр.

       Отбасы мүшелері  үшін, әсіресе, балалар үшін ажырасу  үлкен  психологиялық жарақат болып есептеледі. Ажырасу қандай себептерден пайда болмасын, оның өзінің  адамдардың көбі елемейтін терең психологиялық негізі бар. Ол ажырасушы жұптар мен олардың балаларына және өмірлік іс-әректтерінің барлық жағына өз әсрін тигізе отырып, олардың  физиологиялық және психологиялық денсаулығына да белгілі бір деңгейде кері әсері етеді. Отбасындағы ажырасу  мәселесін кең ауқымда қарастырған авторлардың бірі С.С.Седельников бойынша, ажырасу жағдайында  адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен  қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық  көрсететіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, ажырасқан адамдардан некенің құлауы, сол жағдайға бейімделу мен жаңа өмір стилінің пайда болуы туралы мәліметтерді бір мезгілде шешу талап етіледі.

        Мамандардың  айтуы бойынша, ажырасу кезінде  үлкен эмоционалды күйзелісті  әйелдер мен жасөспірімдер көп  сезінеді. Әйелдер үшін қайғырулардың ауыртпалығы жөнінен  ажырасу бала мен күйеуінің өлімінен кейінгі  үшінші орында тұр. Ажырасудың әсерінен болған күйзелістер оларды белгілі дәрежеде стресске шалдығуларына әкеледі.

Жұмыстың мақсаты: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімнің ажырасу жағдайына бейімделудегі психологиялық ерекшеліктерді зерттеу.

Зерттеу пәні: Жасөспірімнің ата-анасының ажырасу жағдайына бейімделудегі тұлғалық-эмоционалдық өзгерістерінің көріну жағдайлары.

Зерттеу обьектісі: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдер (13-15 жас аралығы).

Өзектілігі: Отбасындағы ажырасу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдай тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды күйзеліске ұшырауын қамтып қоймай, сонымен қатар, олардың балаларына, әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларына өзінше кері әсерін тигізеді. Ажырасу мәселелерімен айналысатын ғалымдардың көбі бұл жағдайдың  әйелдерге әсері қандай және бейімделулері қалай өтетіндігін қарастырған.

Ал отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімдерге әсері мен бейімделулері қандай деңгейде  өтетіндігі туралы зерттелген  жұмыстар аз.

    Сол себепті, біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер ажырасу мәселесімен айналысушы барлық мамандардың табысты жұмыстары үшін (әлеуметтанушылар, психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер т.б.), жалпы ажырасудың алдын-алу мен шешу жолдары кезінде маңызды болады.

Тәжірибелік маңыздылығы: Біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер мен жасалынған қорытындылар арқылы отбасындағы ажырасу кезінде отбасы мүшелеріне, әсіресе, жасөспірім шақтағы балаларға жүйелі көмек көрсету, шиеленістерді болдырмау негізінде әртүрлі тренингтік жаттығулар өңдеп шығаруда пайдасы бар.

Болжамдары: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінде  өзіндік ерекшеліктер болады.

Жеке болжамдар: 1.Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің тұлғалық                        дамуында өзіндік ерекшеліктер кездеседі.

2. Отбасындағы ажырасу жағдайына байланысты жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде өзіндік ерекшеліктер болады.

Зерттеу міндеттері:

1. Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау.

2. Әдістемелер мен таңдауларды жасау.

3. Әдістемелерді эксперименталды топтарға және   бақылау тобына өткізу.                                           

4.Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау жасау.                  

5. Салыстырмалы талдау негізінде талдау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Психология ғылымындағы ажырасу мәселесіне  арналған әдебиеттерді талдау

 

1.1 Ажырасу конфликтілі  жағдайлардың бір шешімі ретінде

 

   Отбасының маңызды функциясы – адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сол себепті, ересек отбасындағы баланың қажеттіліктері қандай және қалай қанағаттанатындыққа толығырақ тоқталу керек. Қажеттілік ол теңдікпен даму үшін бір дененің жетіспеуі немесе жоқ болуынан туындайды. Бұл термин тек биологиялық қажеттілікті ғана білдірмейді. Дәстүрлі түрде қажеттілік түсінігі объективті қажеттілікке жауап беретін субъективті жағдай болып танылады.

Ресей психологтары (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, П.Я. Гальперин, Л.И. Божович, В.С. Мухина және т.б.) тұлға дамуының доминантты жағы ретінде әлеуметтік тәжірибені айтады. Ол материалды және рухани өнім туындамасында бейнеленген және баламен бүкіл балалық шақ кезіңде қабылданады. Баланың тұлғасының дамуына әлеуметтік қарым-қатынас үндестігі аса маңызды.

Осыған орай отбасылық қарым-қатынастағы және тәрбиелеу стиліндегі білімдердің жетіспеушілігінен баланың жалпы дамуы мен қарым-қатынас қабілеттерінің қалыптасуына кері әсер бірнеше факторларды бөліп шығаруға болады:

I. Ата-аналар өз балаларының психикалық және тұлғалық дамуындағы жас ерекшеліктері қиындықтармен күресуде әлсіздік танытады.

Бұл баланың табиғи дамуы   мен   жастық дағдарыс кезеңдеріне байланысты. Мұнда   ата-аналар   тарапынан баланың жасына сай мүмкіндіктеріне   деген   жоғары   талаптылық,   шыдамсыздық,   шектеп      тию табандылық   түбегейшілік    жатады. Бүл  факторлардың   жағымсыз нәтижелердің екі жағдайда шиеленесіп кетуі мүмкін.

     а) Жанұяның қарым-қатынаспен тәрбие стилінің бір жақтылығы, яғни бала тәрбиесімен тек әйел адамдардың айналысуы бұл ер бала үшін өте жағымсыз болып табылады.

б) Ананың бүл тәрбиесінде "әке рөлінде" ойнау бүл балаға қарым-қатынастағы шектен тыс талапшылдық жазалаудағы қаталдық ұштасады.

II. Жанұяның қарым-қатынас пен тәрбие стиліндегі ұстамдылық көзқарасының басым болуы, яғни моральдық ұстанымдар мен талаптардың жоғарылығы. Мұндай формальді қарым-қатынас баланың табиғи дамуына кері әсерін тигізеді.

Мұндай тәрбие орын алған жерде баланың қиялы мен ойлау икемділігі және шығармашылық қабілеттеріне аз көңіл бөлінеді. Бұл балалар құрдастарына қарағанда әлеуметтік ортада өзін қалай ұстау әңгімелесу тақырыбын таңдауда моральдық нормалардан ауытқымау үшін өз жеке басының қызығын ойлауы, сонымен қатар мұнда жанұядағы ұл мен қыз балалар тәрбиесінің орташылығы олардың өзіндік табиғи ерекшелігіне көңіл бөлмеу жатады.

III.   Бала   дамудағы   психикалық   дағдарыстар   табиғатын   жеке түсіну баланың өзіндік табиғатымен ерекшеліктерімен санаспау.

а) Бала мен қарым-қатынастағы қабылдамаушылық. Әдетте бұл бала арақатынастағы қабылдамаушылық. Әдетте бұл бала ата-ана үшін күтпеген келелі мәселе туындатушы және кәсіби өсуге кедергі ретінде саналған жағдайларда кездеседі.

ә) Тәрбиелеу стиліндегі икемсіздік, біркелкі көзқарас.

б ) Бала тәрбиесіндегі қызбалық қатынастың теңсіздігі.

в)   Тәрбие    мен қарым-қатынас  стилінің   тұрақсыздығы мен   жүйесіздігі. Бұл       бала  бойына   өзіндік   "мен"   образы   өзіне   сенімділікті қалыптастыруға кедергі келтіреді.

IV. Ата-ана    тұлғасындағы    жағымсыз    саналардың     басымдылығымен сипатталады.

а) Жанұялық   қарым-қатынастағы   қызбалық   жан күйзелісі, жақтырмау және қанағаттанбаушылық  әдетте   бұл   айқай - ұрыс,   болжау,   қорқыту   болып табылады.

б) Баланың   қарым-қатынастағы басынушылық билікшілдік сапалықлық және пікірдің    нұсқау  беру,  баланы  өзіне   бағындыру  мен   үнемі   тыңдатуға тырысу.

в) Баламен   қарым- қатынаста   өмірдің   мүмкіндігі мен   қабілеттеріне сенбеу дербес әрекеттері мен ойларына күмән келтіру.

       V.  Тәрбиелеу мен қарым-қатынастың негізгі сипатттары жатады.

а) Қайырымдылық.  Мұнда   балаға  ата-ананың   біреуі тарапынан шектен тыс қайырымдылық көрсетіледі.

ә)  Астамшыл қамқорлық. Бұл бала болашағы өміріне қауіп жалғыздықты мойындауға деген мазасыздықтың көрінісі.

б) Балаға  деген  сүйіспеншілік.   Ана  өз  баласының  табиғатын толығымен емес,     оның       идеалды     образдарымен      қылықтарына     деген      ерекше «сүійспеншілігі».

в) Жанұяның    қарым-қатынас  пен   тәрбие   барысындағы   бақылау қадағалау. Бұл   жағдай    баланы    өз    бетінше    ойлап шығармашылық   қабілеттерінің көрінуі  мен  жүзеге  асыруы,   ойлау  икемділігі  жолындағы   басты   кедергі болып  табылады .  Бала  әрекетінің   барлығы   дерлік   ата-ана бақылауынан өтіп  қадағалағандықтан   бала      бойында      дербесшілдікпен      өзінің шығармасын жүзеге асыру мүмкін болмайды.

Әртүрлі әлеуметтік факторлардың арасында кіші мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік қабілетінің дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі ол – отбасы. Себебі, отбасы - тәрбиенің негізгі институты. Отбасынан үйренгенін адам өмір бойы санасында сақтайды. Отбасының бұлай маңызды болу себебі адам өмірінің біршама уақытын жанұяда өткізеді. Отбасында тұлғаның негіздері қалыптасады. Анасы, әкесі, бауырлары, атасы, апасы және де басқа туыстармен арадағы қарым-қатынас бала дүниеге келе салғаннан басталады. Және осы адамдармен қарым-қатынас орнату арқылы балада тұлғаның құрылымы қалыптаса бастайды [11,13].

  Ғылыми әдебиеттерде сәтсіз құрылған отбасы туралы классификациялар әлі жоқ. Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді деп бөліп көрсетуге болады.

Конфликтілі ерлі-зайыптылар жұбы деп арасында болатын қызығушылықтары мен қажеттіліктері үнемі қақтығысқа түсіп, жағымсыз, өте күшті эмоционалды күй тудыратын жұптарды айтады. Дегенмен, ерлі-зайыптылар жұбы некені күшейтіп, ұстап тұратын басқа факторлардың арқасында ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін, сонымен қатар, мұндай жағдай бір-біріне жолбермеушілік пен компромистік шешімдерге келудің көмегі арқылы да болады.

Кризистік ерлі-зайыптылар жұбы деп жұбайлардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің қарама-қайшылығы ерекше сипатта болып, отбасының маңызды деп саналатын өмірлік іс-әрекет сарасын да қамтиды. Мұндай некеде жұбайлар бір-бірімен татуласпайтын, тіпті бір-біріне деген қарым-қатынаста дұшпандық позицияда болуларына дейін барады. Бұл кезде олар бір-біріне жол бермеушілікке және компромистік шешімдерге келуге де келіспейді. Кризистік некелік жұптарға құлдырауға жақын қалған немесе құлдырап кеткен отбасылардың барлығын жатқызуға болады.

   Проблемді ерлі-зайыптылар жұбы деп өмір жолдарындағы ерекше қиындықтағы жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына соққы әкелетін (мысалы, баспананың болмауы, жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың жоқтығы, қылмыс жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге айырылу және тағы басқа сияқты болатын өмірлік жағдайлар) мәселелер.                                                        Некенің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығын жұбайлардың тұлғалық және эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануы арқылы қарастырады. Өйткені, некенің тұрақтылығы тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар, эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға да байланысты болады.

Баланы өз құрбыларының қатарынан қалдырмай, білімге қүштар, өнерге әуес, белсенді шығармашылық қабілетке ие белсенді өмірлік үстаным алдыңғы шепке шығару ата-ананың ұрпақ алдындағы абзал борышы десек, балалардың ата-анамен өзара қарым-қатынасының жақсы болмауы, тәрбие стилінің кемшіліктері - баланың психикалық дамуына кері әсер ететіні белгілі жайт. Баланың өз жанұясының мейірімін сезінбеуі, оның келешектегі тұлғалық калыптасуына теріс ықпал жасайды. Алайда мүның бәрі қалыптасушы дамушы бала психикасына  әсері мол. [26, 27, 37б/

Отбасын құрған жұбайлар көп жағдайда өздерінің ұзақ уақытқа созылған конфликтілерін ажырасу арқылы шешеді [ 13].

    Қазіргі  жағдайда бұл  мәселе өте өзекті болып отыр, себебі көптеген мемлекеттерде  ажырасу саны күн өткен сайын  өсіп келеді. 

    Осының дәлелі ретінде мынандай статистикалық мәліметтерді келтіруге болады: 2002 жылдары Қазақстанда  бір мың адамға 6,3 некелесу және 3,7 ажырасу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 25-40 жас аралығындағы некелесулер соңы ажырасумен аяқталып,осыған қоса бұл отбасылардың көпшілігінде жасөспірім шақтағы  балалары болатыны анықталған. Авторлардың көпшілігі отбасының бұзылуын және ажырасуын жасөспірімдерге  кері  әсер тигізетіндігі  жайлы айтады. Осы ажырасуға негіз болатын және де ажырасқаннан кейін әсер ететін көптеген факторларды есепке алу қажет: ажырасудың себептері баланың отбасынан ата-анасының біреуінің кетуіне  қаншалықты дайын болғандығы, нақты жағдайдағы ата-ананың мінез-құлқы, ажырасу жағдайынан кейінгі жасөспірімдердің бейімделуі және т.б.факторлар. 

    Ең алдымен мына жағдайларды ескеру қажет:

  • жасөспірімдердің ата-анасының ажырасуына  көрсеткен эмоционалды реакциялары;
  • отбасындағы ажырасу жағдайына бейімделу кезінде пайда болған проблемалар;
  • ажырасудың жасөспірімнің болашағына, тұлғалық дамуына тигізетін әсері.

    С.С.Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсетеді. Отбасының құлдырауы моральдық-психологиялық және әлеуметтік ұстанымдарының тек қана ішкі жағдайда субъектінің жекедара өмірінде ғана емес сонымен бірге өзі өмір сүретін микроортада да қалыптасуына алып келеді[46,145-154б].

     Көптеген жұмыстардың  ішінде ең жақсы қорытылған  еңбек – ажырасқан әйелдер мен балаларының проблемалары туралы жазылған Гельмут Фигдордың еңбегі. Г.Фигдордың ойы бойынша, ажырасудан кейінгі дағдарыстың ұлғайып кетуіне екі себеп бар: яғни, біріншіден, ол ажырасудың салдарынан болатын баладағы әртүрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік ала алмауы, екіншісі – баламен қалған әкесінің немесе анасының дағдарысы.

    Ажырасқан әйелдер мен  ер адамдардың көпшілігі біраз  уақыт өткеннен кейін қайтадан  отбасын құруды шешеді (кейбір  мәліметтер бойынша 83% ер адамдар  және 76% әйелдер). Екінші рет отбасын құрғанда олар өз қарым-қатынасын қадірлей біледі, өз міндеттерін жақсы орындайды, барлық нәрсеге салмақпен қарайды[44,49-56б].

 

1.2 Отбасындағы ажырасудың  негізгі себептері мен даму  динамикасы

 

    Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.

     Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі. 

    Психологтар мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе нақты неке жұптарының құлдырауының бірлік фактісі емес, ажырасу жағдайының әлеуметтік мәселелері мен отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауына әкелетін жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып табылады. Мысалы, ажырасу саны 1996- ші жылдармен салыстырғанда 2006 – шы жылдары 4,6 есе өсті, бұл неке-отбасылық қарым-қатынаста маңызды өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты: қоғамдық өндірісте әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы, әйелдердің білім деңгейлерінің күрт көтерілуі, әйелдердің аналық және өндірістік фукцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы [18, 255-268б].

    Ажырасу мәселесінде  оның географиясы да өте маңызды. Біршама жоғары деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде деп көрсетілсе, Орта Азия мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен салыстырғанда 2 – 3 есе төмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер, сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың кейбір элементтерінің болуы және т.б. себеп болады.

    Ажырасу динамикасын  қарастырудағы маңызды тағы бір  нәрсе - ол ауыл тұрғындарының  арасында ажырасу, қала тұрғындарымен  салыстырғанда, 2 – 3 есе төмен болуы. Бұл жерде басқа да статистикалық заңдылықты ескеру керек: тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны қалалардың көлемінің өсуіне байланысты болады [20, 55-67б].

    70-ші жылдардың басында  демографтар мен әлеуметтанушылар  ажырасудың мотивтерін талдауды бастаған болатын. Мұндай зерттеулерді әр түрлі қалалардың зеттеушілері жүргізді (Л.В. Чуйко – Киев, В.Д. Чечот – Ленинград, В.Т. Колокольников – Минск) және т.б Олар ажырасудың мотивтері мен себептерінің түрлі классификацияларын ұсынды, олар өте көп, бірақ ең маңыздыларына тоқталып өткенді жөн санаймыз.

     Ең алғашқы ажырасудың  мотивтері мен себептерінің классификациясын  ұсынған Н.Я. Соловьева болды. Ол  мынандай себептер:

1. ерлі-зайыптылардың біреуінің  ауруы;

2. баланың болмауы;

3. мәжбүрлі айырылысу;

4. өгей балалардың болуы;

5. физикалық күш көрсету;

6. көзге шөп салу, басқа отбасының  болуы;

7. маскүнемдік;

8. мінездердің сай келмеуі;

9. екі жақ ата-аналарының араласуы;

10. басқа біреуді жақсы көріп  қалу;

11. дін, әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б.  

    Көріп тұрғандай, классификация  отбасылық өмірдің сыни жағдайларының  көптеген жақтарын қамтиды. Бұлардың  барлығы шын мәнінде өмірде  бар және некені бұзуға себебін  тигізеді.

    Н.Г. Юркевич ажырасудың  мотивтері мен себептерінің біршама басқаша классификациясын ұсынды:

1. ерлі-зайыптылардың мінездерінің  сәйкессіздігі;

2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы;

3. ата-анаға деген қарым-қатынастың  нашар болуы;

4. маскүнемдік;

5. некеге махаббатсыз түсу немесе  жеңілтектік күйде болу арқылы некеге түсу; 6. жұбайлардың біреуінің бас бостандығынан 3 жыл немесе одан көп ұзақ уақытқа айырылуы.

Сонымен, Н.Г. Юркевич Н.Я. Соловьеваның классификациясын толықтырғанын байқаймыз.

    Ажырасу мотивтерінің  жаңа аспектілері Н.В. Колокольниковтың классификациясында байқалады:

1. маскүнемдік;

2. мінездерінің сәйкессіздігі;

3. басқа адамға көз салу;

4. некеге жеңілтектікпен отыру;

5. ұзақ уақыттық бөлектенушілік (объективті себептерге байланысты);

6. қатыгездік;

7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да көп жылға айырылуы;

8. физикалық және жан ауруларына  шалдығу;

9. ата-аналардың және басқа туысқандардың  араласуы;

11. әйелдің бала көтере алмауы;

12. басқа да себептер [44, 75-88б].

    Көрініп тұрғандай, бұл  классификация алдыңғы екеуін толықтырады. Осыдан келіп, ғылыми тұрғыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері және ажырасу мотивтерінің көлемі кеңейе беретіндігін байқауға болады.

    Ажырасу жағдайы мотивтерінің  әртүрлілігіне байланысты бұл мәселе бойынша мотивтерді объетивті емес, субъективті түрде талқылау қажет етіледі. Ажырасушы жұптардың ажырасуының субъективті мотивтері әрқашан әр түрлі болады. Мұндай мотивтер арқылы некені бұзушылардың шынайы себептерін талдау қиынға түседі. Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен ауысуы мүмкін. Мысалы, күйеуі әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол ажырасудың себебі әйелінің нашар адам, өзінің үй шаруасын дұрыс атқармайтындығымен түсіндіруі мүмкін. Сол үшін шынайы себепті анықтау ажырасу процесінің материалын зерттеу кезінде қиындық туғызады.

   Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің өмірлеріндегі маңызды оқиға. Бұған ұзақ уақыттық мотивация процесінің жүруі кіреді. Бұл - тұлғалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар, көзқарастар, құндылықтық бағдарлары жағынан қалыптасқан көзқарас бойынша жан-жақты қарастырылып қабылданған шешім. Бұл - мінез-құлықтың өте күрделі формасы, оның шартты атауы ажырасу мінез-құлқы. 

    Ажырасу процесі мотивтерінің  ар жағында біз есепке алмайтын  басқа да себептер мен мотивтер  жатуы мүмкін. Мысалы, «мінездеріміз сәйкес келмейді» деген стереотипті ойлау. Егер жұбайлар бірнеше жылдар бойы бірге тұрып, арман-тілектерін сәйкестендірген болса, «мінезіміз сәйкес келмеді» деген себеп туындамауы қажет [27, 138-148].

    Осы мәселемен айналысатындардың  зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, ажырасу жағдайы кезінде ең көп эмоционалды күйзеліске түсетін- бұл әйелдер мен балалары дейді. Бірақ, ата-аналардың көбі болған жағдайдың баласына, оның ішінде, бойында тұлғалық, физиологиялық өзгерістер болып жатқан  жасөспірім шақтағы баласына қалай әсер ететіндігін, оған ата-аналарының арасында таңдау жасау қандай қиын  тиетіндігін мүлдем ескермейтіндер кездеседі.

Жасөспірімдік шақтағы балаларда көптеген өзгерістер болып, қажеттіліктер аясы кеңейе түседі. Соларға шолу жасап өтуді жөн көріп отырмыз. Сондай қажеттіліктердің бірі- өзара қарым-қатынас қажеттілігі.

    Жасөспірімдік кезеңде  балалардың ата-анасымен әңгімелесуі  азайып, керісінше, құрбы-құрдастарымен  сөйлесуі көбейеді. Осыған байланысты  көптеген зерттеулер жүргізіліп, мынандай нәтижелер алынған болатын: анасымен араласқанды қалайтындар тек 31 %, ал әкесімен сырласып-мұңдасатындар- 9,11% (Кон И.С.,1989).

Кон И.С. ата-ана мен баланың арасында пайда болатын бөгетке: ата-ананың баланың ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерісті сезбеу және байқап білуге құлықсыздық, жасөспірімді автономиялық нақтылық деп танымау т.б. себеп болады дейді.

    «Олар мені тыңдағысы  келмейді!»- бұл жасөспірімдік шақта  ең көп кездесетін үлкендерге  наразылық, арыз-шағымдардың бірі. Зерттеулер  нәтижелерінен анықталғандай, жоғарғы сынып оқушыларының ата-анасымен түсінісу, олармен ашық сөйлесу және жақсы араласу жетінші, тоғызыншы сыныптар аралығында күрт төмендейтіндігін көрсетті. Осыдан келіп, ата-аналарға арналған уақыттың басым бөлігі құрдастарға кететіндігі сұрау жүргізу барысында анықталған (Кон И.С.). Сол себепті, ата-аналар осындай өзгерістерді есепке алып,  олардың әртүрлі жағдайларда мінез-құлқын реттей алуына көмек беріп отырулары қажет.

     Отбасына деген қарым-қатынас өсе келе өзгереді. Олардың ата-анасының орнын енді құрдастары басатын болады (Х.Ремшмидтің айтуынша бұл ата-ананың «құнсыздануы»). Жасөспірімдердің басым бөлігі үшін ата-ана, әсіресе, аналары оларға ең эмоционалды жақын адамы болып саналады.

    Неміс психологтары жүргізген  зерттеулер мынандай қорытындыға келген: жасөспірімнің басындағы қиын сәттерінде оның ең жақын және сенімді адамы анасы, ал одан соң жағдайдың қиындығына қарай, келесі кезекте әкесі немесе достары тұратын болып шыққан.

Ата -анасы ажырасқан балалар