Ауданның геологиялық құрылысы

КІРІСПЕ

 

 

ХХІ ғасыр мұнай ғасыры деп аталатыны белгілі. Мұнай мен газ – энергияның негізгі көзі және химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. Дүние жүзінің экономикасында мұнай-газ саласы негізгі рөл атқарады. Осы шикізаттан түскен табыстардың арқасында еліміздің экономикасы жақсаруда.

Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ҰҒЗ) жұмыстары қолданбалы геофизиканың саласы болып табылады, мұнда заманауи физикалық әдістер ұңғымадан алынған қималарды геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың қорларының көздерін табу және бағалау, кенорындарын өңдеу барысы және ұңғымалардың техникалық жағдайы  туралы ақпараттарды алу үшін пайдаланылады.

      Геофизикалық әдістерді  мұнай газ ұңғымаларын бұрғылау  кезінде кеңінен   қолданылады

Геофизикалық бакылаудың мақсаты – өнімді қабаттардан мәлімет алу,  қабаттардан көмірсутектерінің ығысып шығу процесін, шоғырларды ғылыми негізгі жүйе негізінде таңдауда; мұнай мен газды жер қойнауынан максималды етіп алғанда, флюид алуда қарқынды реттелуі. 

            Құмкөл мұнайгаз кен орны Арысқұм ойысының шегінде Торғай шөгінді алабында, Қызылорда қаласынан Солтүстік шығысқа қарай  150 км жерде орналасқан

Құмкөл кен орынында жинаудың қандайда бір жүйесін қолданудың техникалық – экономикалық тиімділігі көп жағдайда жер бедеріне кәсіпшіліктің географиялық орналасуына, яғни ауданның күрделі ауа – райы жағдайларының барлығына, Құмкөл мұнайының структуралық  ерекшеліктеріне, мұнай, газ және су өндірудің гидродинамикалық және термодинамикалық жағдайларына, оның физика-химиялық қасиеттеріне, ұңғы дебитіне, оның сулануына байланысты.

 Кен орнының құрамы және оған жақын жатқан территория аймақтар майда тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100 метр терендікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста -40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады. Негізінен соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0,6-0,9 г/дм3. 50-70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.

Құмкөл мұнай кен орнының игерілуі 1990 жылы мамыр  айынан басталды. 1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ  қосылып шыға бастады.

Құмкөл  кен орнында 1988 жылғы тексерудің технологиялық  сызбасында кен орнында барлау және сынақ-өнеркәсіптік  пайдалану кезінде алынған мұнайды зерттеудің барлық нәтижелері жинақталған. Мұнайларда жоғарғы молекулалық парафинді көмір қышқылдың құрамының көптігіне байланысты мұнайдың парафинмен қанығу температурасын анықтау үшін зерттеулер жүргізілді. Жалпы алғанда мұнайдың 17 сынағы зерттелген. Құмкөл кен орнының ілеспе газының өзіне тән ерекшелігі салыстырмалы түрде көмірсутегі емес қоспалардың- күкіртті сутегі, азот, гелий құрамының жоғарғы болып табылады.

Құмкөл кен орнының АҚ «Торғай Петролеум» компаниясының аумағында қазіргі уақытқа дейін 303 ұңғыма бұрғыланды. Оның 238 ұңғымасы пайдалану қорында, 44 ұңғымасы айдау қорында, 3 ұңғыма байқау жағдайында болып табылады. 11 ұңғыма техникалық мақсаттарға қолданылатын су алушы ұңғымалар. 3 ұңғы консервацияланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 АУДАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

 

 

1.1 Жалпы мәлімет

 

Құмкөл мұнайгаз кен орны Арысқұм ойысының шегінде Торғай шөгінді алабында, Қызылорда қаласынан Солтүстік шығысқа қарай  150 км жерде орналасқан (1сурет)

 Әкімшілік жағынан  Қарағанды облысының Жезді ауданына  қарайды. 1984-1985 жылдары геологиялық  барлау жұмыстары нәтижесінде  Құмкөл кен орнында  төменгі, жоғарғы  және орта юра қабатында мұнай кені  анықталған.

 Қызылорда-Жезқазған электр жүйесі кенорнынан 24 км аралықта өтеді. Кен орнынан 230 км шығысқа қарай Омск-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстарға және ауыз су үшін тереңдігі 80-100 м қабатта алып пайдаланылады. Кенорнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасымалданады

Кенорнының құрамы жөне оған жақын жатқан территория аймағы ұсақ тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100 метр терендікте орналасқан. Кен ауданының климаты – континенталды, тез өзгереді. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста -40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін, негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады. Негізінен соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында, қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0,6-0,9 г/дм3. 50-70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.

   Құмкөл кен орны теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан, негізінен бұл жер қырлы болып келеді. Алаңнан оңтүстікке қарай құмды Арысқұм массиві орналасқан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Сейсмикалық жағынан аудан қауіпсіз.

   Құмкөл құрылымы неоком түзілімлдерінде 50 м және юра түзілімдерінде  150 м  амплитудамен күрделі пішінді брахиантиклиналь қатпарды білдіреді.

   Кен орын алты шоғырдан тұрады. Оларың екеуі төменгі неоком түзілімдеріне, қалғаны юра түзілімдеріне байланысты. Бор түзіліміндегі шоғырлар мұнайлы, юра түзілімдеріндегі газ мұнайлы және мұнайлы болып табылады. Қойма типі бойынша олар дөңестенген,                                                     тектоникалық және литологиялық шектелген.

 

 

 

 

 

1-cурет   Ауданның шолу картасы

 

Өнімді гаризонттардың жатыс тереңдігі 1063м – 1270 м дейін өзгереді.  Бор шоғырларындағы су – мұнай жапсары 983 м және 999 м белгілерде анықталған. Юра шоғырларының екі беткейіндегі мұнай бөліктерінің биіктігі ең жоғарғысы, 89,5-91,5 м жетеді, үшінші беткейа 18,5 м аспайды. Екі бор шоғырларында мұнай бөліктерінің биіктігі 51,7 м және 17,4 м құрайды. Газ шапкасының биіктігі 9,1-31,9 м дейін өзгереді (юра шоғырлары). Өнімді қима құмтастармен, құмайттастардан түзілген, беткей бойынша тиімді қабаты 0,6-12,4 м дейін. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 19,3-23,7%, өтімділігі 0,172-1,133 мкм2 мұнай қанығу коэффициенті  0,58-0,71, газ қанығу - 0,57-0,72.

Арысқұм мен Жыланшы мұнай газ аудандарында жасалған сейсмопрофильді бірнеше зерттеулердің нәтижесінде мұнай газ кеніші триас, грабен – синклинальдарымен мезозой қабаттарына жататыны болашағы бар екендігі анықталды. 1973-1975 жылдары бөлшекті сейсмозерттеу жұмыстары Жыланшы мұнай газ ауданында үлкен кен орны бар екендігі анықталды.

1982 жылы «Актюбенефтегаз геология» бекіткен жоба бойынша алдынала есептеліп дайындалған профильдік структуралық бұрғылау басталды. Бұрғылаудың алдына қойған мақсаты 2000 метр тереңдікке дейін бұрғылау арқылы кен орнының регионалды геологиялық құрылысын анықтау болды.

1983 жылы жоғарыда айтылған жоспарды іске асыру нәтижесінде 1п-Арысқұм ұңғысы бұрғылана бастады. Аймақты сейсмопрофильдеуден кейін 2п-Арысқұм ұңғысы бұрғыланды. Сонымен қатар Арысқұм мұнай аймағындағы профиль структуралық бұрғылау жалғастырылды.

1984-1985 жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Құмкөл кен орнында төменгі неоком мен жоғарғы және ортаңғы юра қабаттарында мұнай кеніштері бар екенігі анықталды.

1985 жылы Тұрлан геологиялық  барлау экспедициясы мен Құмкөл  кен орнының солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін солтүстік Құмкөл сатысы деп атады.

1986 жылы Құмкөл кен  орнының орталық бөлігінің барлау  жұмыстары негізінен аяқталды. Сол  себептерден геологиялық барлау  жұмыстар кен орнының солтүстік  бөлігіне ауысты.

1987 жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы жақтыланып, кен орнына шекаралас жатқан бөліктерінің өнімділігі анықталды.

Қазіргі кезде Құмкөл кен орнын «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» және АҚ «Торғай-Петролеум» компанияларымен игерілуде.

 

 

1.2 Қиманың литологиялық - стратиграфиялық сипаттамасы

 

Құмкөл кенорнында іздеу және барлау жұмыстары жүргізілу барысында мезо - кайнозойлық қабаттардың қимасы анықталды, қалыңдығы 1647м ге дейін. Олар төменгі палеозой, протерозой  дәуіріндегі желдетілген фундаменттің бетіне жалғасқан. Игеру ұңғымаларда стратиграфиялық шекаралар, ертеден барлау процесінде  қондырылған каротаждық реперлермен жүргізіледі.Осы уақытқа дейін бұрғыланған игеру ұңғымалар бойынша  алынған деректер әр стратиграфиялық бөлімшелердің қалыңдығы жайлы мәліметтерді толықтырды. Қиманың бөліну схемасы және литологиясы еш өзгертпестен анықталған.

Төменгі палеозой- протерозой Pzr-PR

 

Фундамент таужыныстарының стратиграфиялық құрамын анықтау қиыншылық туғызады, сондықтан олар бөлінбейтін төменгі палеозой -протерозойға жатады. Қатпарлы фундаменттің пайда болуы барлау ұңғымалары арқылы ашылып, анықталды. Максималды қалыңдық 245м , оның жоғарғы бөлігі (120м) сұр жасыл түсті - массивті гидрослюдалы-каолинитті  сазбен қосылған, кейін кварц-биотит-плагиоклаз құрамды желдетілген гнейске ауысады.

 

Мезозой-кайнозой Mz-Kz

 

Ашылған бұрыштық және стратиграфиялық үйлесімсіздікпен берілген мезозой- кайнозой  шөгінділері қатпарлы фундаменттің пайда болуына кедергі келтіреді: қимадан палеозой жүйесінің шөгінді және шөгінді метаморфтық формациялары, триас және юра жүйесінің төменгі бөлігі жоғалады. Құмкөл кенорнындағы мезозой шөгінділері екі құрылымдық қабатқа бөлінеді: юра және бор палеогенді қабатқа, аймақтық стратиграфиялық үйлесімсіздікке бөлінген.

 

Юра жүйесі J

 

Кенорнында юра жүйесінің қимасында  тек екі бөлік қатысады(ритмокомлексті сұр түсті терригенді шөгінділер):орташа, дощан свитасымен берілген және жоғарғы (құмкөлді және акшабұлақ свитасымен берілген).

 

Дощан свитасы J2d сұр құмтастардың, алевролит және қара сұр аргилиттердің қабаттасуымен қосылған. Свитаның жабыны бөлігінде  құмтастармен аргилиттердің кезекпен орналасуы көп байқалады, ал бұл мұнай беретін бөлік(беткей Ю-IV)

Дощан свитасының оңтүстік батыс бөлігінің  құрылымдық шөгінділері 17,19,2074,2083,3032 ұңғыма аудандарында толығымен қиғашталған, ал 5 ұңғыма ауданында  оның қалыңдығы 263 м ге дейін жетеді. Свита жасы сален байосс   болып анықталған.

Жоғарғы юра шөгінділері шайып өту арқылы дощан свитасының үстінде жиналған және құмкөлді және сазды таужыныстары бар акшабұлақ свитасы жіктеледі

 

Құмкөл свитасы J3Km ол жанама свитадан тұрады, төменгі (J3Km), ортаңғы (J3Km2), жоғарғы ( J3Km3), бірақ Құмкөл кен орнында төменгі жанама свита кездеспейді.

 

Ортаңғы құмкөл жанама свитасы J3Km2 құмтас-алевролиттік таужыныстармен берілген, арасында сазды түрлері бар. Подсвитаның жабынында  құмтастар мен алевролиттер ерекшеленеді, ол өнімді қабат болып саналады. Жанама свита қалыңдығы 6 дан 61 м ге дейін өзгереді.

 

Жоғарғы құмкөл жанама свитасы J3Km3 әдетте алевролитті құмтас таужыныстарымен беріледі және онымен өнімді беткейлер Ю-I Ю-II байланысты болады. Беткейлер барлық аудан бойынша саз және сазды алевролиттер қабаттарымен бөлінген. Подсвита қалыңдығы 21ден 28 ге дейін өзгереді.Свита жасы келловей оксфорд шамасында анықталған.

 

Ақшабулақ свитасы J3a  құмкөл свитасына жанасқан, онымен бірге анық шекарамен бөлінеді.Құмтас таужыныстары саздыға кенет ауысады. Свитаның жабын бөлігінде  стратиграфиялық үйлесімсіздік байқалады.

Ақшабулақ свитасы екі бөлімге жіктеледі: төменгі,сұр, жасыл сұр және қара сұр сазбен, сазды  алевролитпен жұқа қабатты, битуминозды және бөлшекті карбонатты сұр құмтастармен, кейде мергелдер және әктастармен қосылған. Свита жасы кимлеридж титон шамасында анықталған. Свита қалыңдығы 28 ден  106 м ге дейін өзгереді.

 

         Бор жүйесі К

 

Бор шөгінділері екі бөлімге жіктеледі.Төменгі даул (неоком үстіңгі ярус) карачетау (жоғарғы апт- төменгі- ортаңғы альб ) және қызылқиын (жоғарғы альб сеноман)свиталарымен берілген. Жоғары бөлімі төменгі туронның  балапан свитасынан және жоғары турон сенонның бөлінбеген шөгінділерінен тұрады

Даул свитасы K1nc1dl литологиялық құрамы бойынша арысқұм беткейінен тұратын төменгі және жоғарғы жанама свитаға жіктеледі. Бұл свита аудандық шаюмен және бұрыштық үйлесімсіздікпен ақшабұлақ свитасына жалғасқан.

Арысқұм K1nc1ar беткейі үш литологиялық қабатқа бөлінеді: төменгі және жоғарғы құмтас алевролитті, қабатшаларында сазды карбонатты алевролиттер және саздар; ортаңғы сазды. Жыныс генезисі аллювиалды және

 

деллювиалды. Жоғарғы құмтас байламы және төменгі жабын бөлігі өнімді қабаттар болып табылады.(М-I,M-II беткейі).Арысқұм беткейінің қалыңдығы 50-128 м.

Төменгі даул подсвитасының жоғарғы бөлігі сазды және карбонатты алевролитпен, сазбен қосылған. Бұлар өнімді арысқұм беткейінің астында  флюидотірек болады. Шөгінділердің генезисі  көлдердің фациясымен өзен арнасымен байланысты. Төменгі даул жанама свитасының қалыңдығы шамамен 113-163м аралығында өзгереді.

Жоғарғы даул жанама свитасы K1nc1dl2 төменгі және ортаңғы бөліктерінде құмтастық және сазды қызыл түсті жыныс байламдарының қабатшалануымен берілген, ал жоғарғы бөлігінде сазбен. Таужыныстардың қалыңдығы 170 тен 241 м ге дейін өзгереді.Даул свитасының жасы неоком ретінде анықталған. Апт-алб шөгінділері K1a-al2 даул свитасына шаюмен жалғасқан және қарачетау свитасына біріккен. Ол сұр түсті гравелит қабатшаларымен әлсіз цементтелген құмтаспен берілген, ал жоғарғы бөлігінде жалпы қалыңдығы 250-350м болатын саздармен берілген. Таужыныстар көміртектелген өсімдік қалдықтарымен күшті қаныққан. Шөгінділер теңіз жағалау жағдайларында, гумидті климат жағдайларында түзілген.Свита жасы апт-ортаңғы алб фораминефер анықтаулары негізінде жатады.

Қызылқиын свитасы K1-2alb3-s альб-сеноман шөгінділерін біріктіруші ретінде қарачетау свитасына шөгеді және сазды алевролитпен және қалыңдығы 87-185 болатын құм және құмтас қабатшалары бар сазбен қосылған.Жыныс генезисі аллювиалды деллювиалды.

Жоғарғы бордың шөгінділері сенон жоғары ярусымен, тұран ярусымен берілген. Тұран ярусының төменгі бөлігі қызылқиын свитасына балапан свитасы k2t-v шөгеді, ол сұр жасыл құм және жұқа беткейлі қабатшалармен қосылған. Бұл гумидті климат жағдайына тән генезис. Свита қалыңдығы шамамен 82-150м аралығында өзгереді. Жоғары жатқан сенон - тұран  шөгінділері  шайыа өту арқылы балапан свитасына шөгеді және құм және саздардың  кезек қабаттасуымен берілген. Көптеген ұңғымаларда  палеоген уақытынан бұрынғы  жоғарғы сенонның шайылып кеткендігі байқалады. Жоғарғы бор шөгінділердің жалпы қалыңдығы шамамен 229-378 м аралығында өзгереді. Дәуірі теңіз фаунасы, микрофаундар негізінде анықталған.

 

Палеогендік жүйе Pg

Палеоген жүйесінің шөгінділері  палеоцен-төменгі эоценом ретінде берілген және шайып өту арқылы жоғарғы бордың әртүрлі беткейіна шөгеді және теңіз генезисінің кварц-глауконитті құмдар қабатшаларымен және қара - сұр саздармен қосылған.Қалыңдығы 15 тен 56 м ге дейін өзгереді.

 

 

Неоген төрттік шөгінділер N-Q

Плиоцен, төрттік шөгінділер шайылу арқылы палеоген жүйесіне шөгеді және құммен, саздақ және құмайттармен қосылған, қалыңдығы 10м ден аспайтын, аридті климат жағдайында шөккен.

 

 

1.3 Тектоника

 

Құмкөл кенорны  Ащысай жүйесінің орталық бөлігінде , Тұран тақтасының  солтүстік шығыс бөлігінің оңтүстік торғай ойысында орналасқан. Соңғы жылдарда жүргізілген III1 және II ar беткейлері бойынша 3D сейсмобарлаудан алынған мәліметтерге кешенді интерпретация жұмыстар нәтижесінде және кенорынның солтүстік бөлігін бұрғылау арқылы, ауданның геологиялық құрылымы нақтыланды, негізінен құрылымның аз зерттелгені - шет бөлігі.

Қазіргі уақытта бұрғылау және 3D-сейсмотүсірілімнің интерпретация нәтижелері арқылы кенорынның өнімді беткейінің геологиялық құрылымын білуге, жатыстардың  геометриясын  және мұнай- газ қорын жоғары категориялары бойынша  бағалауға мүмкіндік береді.

Ю-I өнімді беткейдің жабыны бізге бранхиантиклиналды қатпарды береді. Ол солтүстік батыс жіңішке және оңтүстік шығыс кең аумағы бар солтүстік батысқа қарай созылған  құрылымда екі жарылымдық бұзылыстар байқалады.Өзі сияқты солтүстік батыс созылым анықталған.

Ғ1 бұзылысы аралығы 7 км, амплитудасы 10м, солтүстік батыс шеті көтерілімін қиындатады және оңтүстік батысқа күрт төмен түседі.

Ғ2 бұзылысы аралығы 9 км, құрылымды шығыстан шектейді және шығысқа қарай күрт түсу сипаттамасы бар. Бұзылыстың максималды амплитудасы 20 м оңтүстік жағынан солтүстікке қарай біртіндеп азаяды. Құрылымның оңтүстік шет бөлігінде 3028,3020,247,2003,2008 ұңғымалар ауданында  сейсмотүсірулер арқасында  бірнеше аз амплитудалы локальді бұзылыстар карталанды, олар Ғ1 бұзылысы сияқты құрылымдық бейнесіне, мұнай және газдық дөңестерге және түзілу процесіне әсер етпейді.

М-I беткейі жабыны бойынша тұйықталған 990 изогипсінің көтерлімінің өлшемі 14,5x4,0 км  және амплитудасы 50м дей. Құрылым юра көтерілімі сияқты созылымнан тұрады.

Мұнда II ar  беткейі бойынша салынған карта бұрғылау мәліметтері бойынша  тұрғызылған құрылымдық картамен сәйкес келеді.Ғ1 бұзылысы бор таужыныстар кешенінде де байқалады, ал құрылымның шығыс қанаты флексурамен күрделенген, F2 бұзылысының тектоникалық сәйкестілігінде. Құрылымдық түзілімдерді қатар қою арқылы байқайтынымыз, тереңдеген сайын нақтылығы, өлшемі және көтерілім амплитудасы ұлғаяды.

 

 

3- сурет.  Тектоникалық сұлба

 

 

1.4 Мұнайгаздылығы

 

Құмкөл кенорнынының  қимасында алты өнімді беткей анықталған: оның екеуі М-I және  М-II бор шөгінділеріне саналады, (даул свитасы,неоком үстіңгі қабаты, арысқұм беткейі ), үшеуі - Ю-I, Ю-II және Ю-III жоғарғы юра шөгінділерінде табылған (кумкөл свитасы) және бір өнімді беткей Ю-IV ортаңғы юра шөгінділеріне тән.

Игерімді ұңғымалар қимасында өнімді беткейлерді ерекшелеу үшін және қабаттық  нақты корреляцияның әр беткей шегінде өнімді қалыңдықтардың  шамасында бөліну үлгісі қолданылды. 1987 жылы  дайындалған  барлау  және қор есептеу бойынша.

Игерімділік ұңғымалар бойынша геолого - геофизикалық материалдарының  шығуы, қабат коллекторлардың бірігуі және жайылу сипатының зерттелуімен болды

Барлық өнімді беткейлер өте жоғары жайылу коэффициентіне ие екені белгілі болды. Ал М-I және М-I беткейлері кеңінен жайылған.

Мына бөлімде анықталған көміртектердің шөгу жатысы сипаттамасы келтірілген, газмұнайлық және сумұнайлық контакттардың орналасуы негізделген. Себебі бұл жұмыста  мұнай және газдың бастапқы қорлары есептеліп жатыр, ГНК мен ВНК ны негізге алғанда таңдау  тәжірибеге және барлау ұңғымаларындағы ҰГЗ ға берілетін. Сонымен қатар, игерімділік ұңғымаларға да.

Кенорнында мұнай барлау, (оңтүстік аудан) 05.1990 жылдан бастап, және бір   жылдан кейін 05.1991 жылдары әрбір өңделетін үш  обьектіде мұнай алу (добыча) сәйкесінше  20,18,15  ұңғымаларында табиғи режимде жүрді. Мұнай қорын серпімді суқысым режимінда  активті түрде таңдау және контур шекарасынан тыс  активті болуы ВНК ның контур зонасында көтерілуіне әкеліп соғады.  Ұңғымалар қатарында ҰГЗ кешені мәліметтеріне қарап, суға қаныққан  коллекторлары шығарылды. Ол кенорындағы барлауға  ВНК дан жоғарыны енгізгеннен кейін,бір жыл немесе бір жарым жылдан кейін бұрғыланған ұңғымалар. Оны көтерілім нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Үлгі ретінде коллектордың ҰГЗ мәліметтері бойынша қанығу сипатын, ауданның оңтүстік және солтүстік бөлігіндегі  М беткейінің ұңғымаларынан қарауға болады

132, 133, 3, 134, 1019, 1018, 3010, 1017, 12  ұңғымалары орналасқан ауданда  ВНК  -983 м белгісінде болатын, су-мұнай зонасында орналасқан 12ші  іздеу ұңғыма бойынша жүргізілген  ҰГЗ нәтижесі мынадай шешімге  келген: – 981,5 м белгісіне дейін  коллектор мұнайға қаныққан, ал -984,5 м ден бастап суғақаныққан болып бағаланған. Мұнайға қаныққан  зонада орналасқан 132, 133, 134ші өнім беретін ұңғымалары 05.1990жылы іске қосылды, ал 3ші ұңғыма  05.1991 жылы іске қосылған. 05.1991 жылғы жағдайына қарағанда, бұл ұңғымалардан алынатын өнім 75684 т тең болатын және де су кездеспейтін. Бұрғылау уақыты бойынша коллектордың қанығу өзгерістері келтірілген.  

Mұнай беретін контурдың  ішкі жағында орналасқан 1019  ұңғыманың  ВНК сы -983 м, ал сол уақытта бұрғыланған, бірақ контурдың сырт жағына қарай орналасқан 3010 ұңғыманың ВНК сы -981 м болды. Бұдан да жоғары ВНК 1017 ұңғымада байқалды. ( -980 м ге дейін). 12 ұңғымаға қарағанда  1017 ұңғыманың мұнай беру қарқындылығы жоғары.

1078, 1079, 1085-1089 ші барлау ұңғымалары 2001 - 2002 жылдары эксплуатацияға жіберілді.  Бұл ұңғымаларда мұнайға қаныққан коллекторлар  -986-988 м белгісіне дейін жайғасқан. 2003 жылдың соңы мен  2004 жылдың басында 1074 и 1059 ші ұңғымалар бұрғыланды,олар мұнай беретін контурға жақын орналасқан.1-1,5 жылда барланатын ұңғымаларда ВНК мәні жоғарылады, осы ұңғымалардың суға қаныққан коллекторларында жағдай бұрынғысына қарағанда жоғары. 1074 те  -984,3 м, ал  1059 ұңғымада  -982,2 м.Бұл келтірілген мысалдар бізге соңғы жылдарда ВНК ның көтерілімін көрсетеді.

М-I Беткейі. Саз байламының және сазды карбонатты алевролиттердің қалыңдығы  170 м  болатын сенімді флюидо тірек болады. Ол М-I өнімді беткейінің үстіне жатады. Беткейдің орташа жалпы қалыңдығы 17,6 м ге тең. Беткейта орташа 4 қабат коллекторға дейін  кездеседі. (бөліну коэффициенті   4,2 ге тең).  Негізінен көп ұңғымаларда беткейдің әр бөлігіне тиесілі бір бір коллектордан кездеседі. Ерекшеленген максималды қабат коллектор саны 11 болды. Ол 1087, 1089, 1098 ұңғымаларда кездескен. Аудан бойынша қабат коллекторлар повсеместно орналасқан, (жайылу коэффициенті  1 ге тең). Құмтастық коэффициенті 0,65. М-I Беткейі бойынша, нәтижелі мұнайқанықтылық қабат  қалыңдығы – 8,1 м, ал минималды мәнде 0,6 ( 2051 ұңғыма), максималдыда 18,6 м ( 2116 ұңғыма)

М-I Беткейінде мұнай жатуын жеті ұңғыма бойынша  тәжірибе жүргізу арқылы анықталған: 3, 7, 9, 23, 24, 32, 40.

Құрылымның солтүстік бөлігінде мұнай алу белгілері  төмен, 32, 40, 1125 ұңғымаларда  -989,5, -985,2, -985,3 м.

Бұл нәтижелер ҰГЗ материалдары бойынша бағаланған коллекторлардың қанығу сипатымен сәйкес келеді. Сонымен, 32 ұңғымасында ВНК -990,3 м белгісінде, ал суға қаныққан 1125  ұңғымасындағы коллектор -991,0 м белгісінен басталады. Құрылымның солтүстік бөлігінде ВНК -986-991 м белгісі аралығында өзгеріп отырады.

Құрылымның оңтүстік бөлігінде ВНК мәні ең жоғарғы мұнай сынамалары бойынша -982,8, -981,7, -980,9, -980,8 м белгілерінде 1011, 7, 1004, 1009 ұңғымаларында алынды.

Су алынған болса да ең жоғарғы белгілер 986,6, -986,7 м де 1001 және  1011 ұңғымаларда алынды. Су мұнай контакті (ВНК) -983-984 м аралықта қабылданды, себебі ҰГЗ бойынша да суға қаныққан коллекторлар -982,7, -983,1, -984,5 м аралықта 1004, 7, 12 ұңғымаларда көрсетті.

Құрылымның батыс бөлігінде мұнай алу белгілері төмен көрсеткішке ие: -981,6, -986,8, -980,2 м аралықта 3018, 1076, 1046 шы ұңғымаларда.  ҰГЗ бойынша, суға қаныққан коллекторлар -982,8, -986,1 м де 3018 және 1060 ұңғымада болады. Бірақ, ұңғымада ҰГЗ бойынша коллектордың қанығу сипаты  мынадай: солтүстікке қарай ауысқан сайын, ВНК төмендейді осы бағыт бойынша. Келтірілген мына мәліметтер  батыс бөлігі үшін  ВНК ны -983-992 м  аралықта қабылдауға мүмкіндік береді.

Құрылымның шығыс бағытында мұнай -983,9 м белгісіне дейін 1008 ұңғымада алынды. Осы ұңғымаларда және 23 ұңғымада су алынды, сәйкесінше -985,3 и -984,4 м аралықтан бастап, ҰГЗ 1008, 2103, 23 ұңғыма мәліметіне ұқсайды, мұндағы суға қаныққан коллекторлардың жабыны 984,5, -986,0, -986,0 м белгісінен басталады.

Орта бөлік үшін ВНК -983-985 м аралық бөлігінде қабылдайды.

Сонымен, жалпы алғанда М-I беткейінде ВНК -983 до -992 м аралықта ауысып тұрады.

Мұнай жатысы резервуар типі бойынша қабаттық сводовая. Оның өлшемі 14 х 5 км. Жатыс тереңдігі 48,7 м.

М-II Беткейі алдыңғысынан саздық байламының 20 м ге дейін жетуімен  ерекшеленеді. Беткей қалыңдығы максималды 94,7.м ге жетеді, орташа 70 м ге тең.

Беткей көп бөлінумен (расчленение) сипатталады. (бөліну коэффициенті 7). 1035 ұңғымада ерекшекленген қабат коллектор максималды бөлінуі 15 ке тең. Құмтастың коэффициенті 0,756 ке тең. Шашырау коэффициенті 1 ге тең.

Нәтижелі мұнайқанықтылық қалыңдығы 0,6 дан 16,2 м ге дейін өзгереді, орташа 7,2 м.

М-II беткейіне, ВНК мәні сынау және ҰГЗ нәтижелеріне сүйеніп негізделеді.

Ең төмен мұнай алу  белгілері 6 (шығыс) және  1040 (батыс) ұңғымаларда -998,9 және  -997,8 м белгісімен тіркелген. 3 (оңтүстік) және 23 (солтүстік) ұңғымасынан абсолюттік белгісі -999,0 және  999,4 м болатын қабаттық су алынды. 3033 (батыс), 302 (оңтүстік), 6 и 10 (шығыс) ұңғымаларында ҰГЗ өңдеу нәтижелері бойынша ВНК  -997,1 м, -999,3 м аралықта тіркелді. 136 (оңт батыс), 233 (оңтүстік), 2102 (солтүстік-батыс), 3061 (солт-батыс), 3064 (солт-шығыс)  ұңғымаларында су қанықтылық қабаттар -993,7 м, -993,6 м, -995,1 м, -993,9 м, -995,1 м абсолюттік белгілерімен ерекшеленеді.

Келтірілген сынамалау және ҰГЗ мәліметтер негізінде ВНК -993,0 -999,0 м абсолюттік белгілерде қабылданды.

Мұнай жатысы табиғи резервуар типі бойынша массивті. Өлшемдері 5,3 х 2,9 км, биіктік– 24,9 м.

Ю-I  Беткейі М-II беткейінен саздық байлам қалыңдығының 100 м ге дейін жетуімен ерекшеленеді. Беткейдің орташа жалпы қалыңдығы 14 м, 2126 ұңғымасында 27,6 м максималды сәнге дейін барады.  Оның шегінде орташа төрт қабат коллектор бөлінеді. Көптеген ұңғымаларда бір бір қабат коллектордан бөлінеді, ал 2114 ұңғымада бөлінген қабат коллектор саны  16ға жетеді. Бөліну коэффициенті 3,9 ға тең, шашырау коэффициенті  0,99, құмтастық  коэффициенті 0,552 ке тең. Беткеймен мұнай газ жатысы байланысты. Ол кенорнында ең үлкен мұнайгаздылық алаңын алып жатыр.

Нәтижелі газға қаныққан қалыңдық 0,6 м ден  14,7 м аралығында өзгеріп тұр және орташа 6,8 м ге тең. Нәтижелі мұнай қаныққан қалыңдық орташа 6,6 м ге тең. Жатыстың газдық бөлігі 103 ұңғымамен ашылған.

ГНК алдыңғы есептеулерде жабын  бойынша қабылданған болатын. Сынамалау кезінде 9 ұңғымада  қабаттың мұнай ағымы -1111,5 м  белгісінде алынды. Бұл ГНК жағдайы барланатын  2077, 2080 ұңғымаларында сынамалау бойынша бекітілген. Сынамалау нәтижелері анализі және ұңғыма нәтижелері  ГНК ның баяғы -1111,5 м белгісінде қалуын жөн көрді.

Алдыңғы зеттеулермен салыстырғанда, ВНК жағдайы бөлек аумақтарда нақтыланды. Ең аз мұнай батыста 2119 және  2209 ұңғымаларында  -1198,9 и -1201,6 м белгісінде алынды, ал ең жоғарғы су коллекторды өзіндік сынамалауда 32 (солтүстік ) ұңғымада -1197,7 м белгісінде алынды. ҰГЗ өңдеулері бойынша 2005 және 2029 (оңт), 2119 (батыс), 40 (солт-шығыс) ұңғымаларында қабаттар өнімді -1197,1, -1198,5, -1198,9, -1197,0 м белгілерінде сипатталады.

Ауданның геологиялық құрылысы