Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі

 

 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

Сагиева Н.А.

 

Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

мамандық: 5В060800 – «экология»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

 

Жаратылыстану ғылымдары факультетi

 

Қоршаған ортаны қорғауды басқару және халықаралық басқару кафедрасы

 

«Қорғауға жiберiлсiн»

Кафедра менгерушiсi

_________Р.Р. Бейсенова

«______»_______2014 ж

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

тақырыбы: «Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі»

 

 

 

 

 

 

 

Мамандық: 5В060800- экология

 

Орындаған: Эг-41 тоб. студенті                                                Сагиева Н.

Ғылыми жетекшi: б.ғ.к. доцент                                                 Бейсенова Р.Р.

Нормоконтролер:                                                                        Бектурова А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2014

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ...........................................................................................5

1.1 Ауыр металдарға жалпы сипаттама.................................................................5

1.2 Жекелеген ауыр металдар.................................................................................6

1.3 Ауыр металдардың таралуы...........................................................................12

1.4 Ауыр металдардың қолданылу аймағы.........................................................15

1.5 Металдардың организмге түсуі......................................................................17

1.6 Ауыр металлдардың ағзадағы айналымы мен жиналуы және бөлінуі.......21

1.7 Ауыр металдардың экологиялық сипаттамасы............................................22

1.8 Лимфа жүйесі...................................................................................................30

1.8.1 Лимфа жүйесінің анатомиясы мен дамуы..................................................30

1.8.2 Лимфаның физиологиясы............................................................................36

2 МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ  ТӘСІЛДЕРІ…………………………....43

2.1 Тамырлардың жиырылғыштық белсенділіктерін зерттеу тәсілдері……...43

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН  ТАЛДАУ………………………………………..45

3.1 Ванадийдің әсер ету кезіндегі кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділігінің өзгеруін бақылау нәтижелерін талдау………………………..45

3.2 Адреналиннің әсер етуіне байланысты жануарлардың кеуде жолдарындағы кездейсоқ ырғақты жиырылулар……………………..…….…47

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….......55

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………...56

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

   Соңғы жылдары қоршаған ортаға түсетін антропогендік әсер жоғарылағаннан кейін, ауыр металдардың адам денсаулығына жағымсыз әсері мәселесі қауіпті деңгейге жетіп отыр.

  Ауыр металдармен ластанған жерлерде мекендейтін барлық ағзалар, олардың популяциялары мен бірлестіктері ауыр металдардың зиянды ықпалына душар болады. Бұл зиянды заттар көптеген стресті жағдайларды туындатады. Сонымен қатар молекулярлы деңгейден бастап экожүйе тарапына дейінгі биологиялық жүйелерге өз әсерін тигізе алады [1].

   Топырақтағы микроэлементтерді адам күделікті шаң-тозаң көтерілгенде тыныс алу жолдары, тері жамылғысы мен басқа да жолдар арқылы сырттан қабылдай алғандықтан, ауыр металдармен ластану аса қатерлі проблемаға айналып отыр. Сыртқы ортадан ластағыштар көліктердің токсикалық ластағыш көздері ретінде, химиялық өнеркәсіптің қалдықтары, көмірдің және қатты тұрмыстық қалдықтардың жануы кезінде, атмосферада шаңмен басқа да қосылыстардың жиналуы нәтижесінде пайда болады [2]. Cu, Pb және Zn концентрациялары негізінен автокөліктер нәтижесінде пайда болатын газдар деп есептелінеді [3-5]. Сонымен қатар Cd қоршаған ортаға өндірістік орындардан бөлінеді [6]. Осындай қалдықтар ауыр металдар есебінде топырақ жамылғысында жинақталып, ластаушы көз жойылған жағдайда да көп жылдар бойы зиянды әсерін жоймауы мүмкін [7,8].

   Адамдар және жануарлар үшін ауыр металдардың жоғары мөлшерінің жалпы уытты әсері ағзаның маңызды жүйелерінің орталық және перифериялык жүйке жүйесі, қан айналымы, ішкі секрецияның іс-әрекетінің өзгеруіне немесе бұзылуына әкеледі. Химиялық ластағыш заттар адам және жануарлардың әртүрлі мүшелеріне және ұлпаларында іріктеле жинақталады. Әдетте олар қарқынды биохимиялық үрдістер жүретін мүшелерде - бүйрек, бауыр, эндокринді безде шоғырланады.

   Өнеркәсіпті аудандарда атмосфералық ауаның ластануы нәтижесінде өлім-жітім және аурулардың артуы; орташа өмір сүру ұзақтығының төмендеуі; иммундық жүйенің, қанның морфологиялық құрамының, балалардың физикалық дамуының бұзылуы түрінде спецификалық емес биореакциялар байқалады. Мыс балқыту зауыттарының зонасында өмір сүретін адамдарда тыныс алу мүшесінің ісік ауыруынан өлім-жітімнің жоғарылауы, алюминий, болат құятын және суперфосфат өндірісінің маңында тері аурулары байқалған [9].

Мақсаты: Ванадий иондары әсер еткенде лимфа жүйесінің функционалдық ауытқуларын зерттеу.

Міндеттері:

  1. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының  өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
  2. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
  3. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының  биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
  4. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының  биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу

 

 

 

 

 

 

 

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

    1. Ауыр металдарға жалпы сипаттама

 

    Ауыр металдар  – бұл периодты жүйе элементтерінің салыстырмалы молекулалық массасы 40-тан асатын элементтер тобы болып табылады. Қазіргі таңда «ауыр металдар» мен «улы металдар» терминдері синонимдес мағына беретін болды [10].

    Бүгінгі күнде  улағыштық ауыр металдар қатарына  кадмий, сынап, қорғасын, сурьма сияқты  металдар жатады. Кейбір металл  иондары витамин, гормондар құрамына  кіреді, көп жағдайда ферменттердің белсенділіктерін реттейді [11].

     Ауыр металдар  қатарына (1977) А.Т.Пилипенко редакциясында  жарық көрген «Қарапайым химия  бойынша анықтама» деген еңбекте  көрсетілген мәліметтерге сүйенсек  тығыздығы 5 г/см кубтен астам  болатын элементтер жатады. Егер  олардың бұл көрсеткіштері дұрыс болып шықса, ауыр металдарға жататын элементтер периодты жүйенің 84 металдарының ішінен 43 сол қатарға жатқызуға болады. Бұл 43 металдың арасында 10 (Периодты жүйенің ҮІ, Ү, ІҮ, ІІІ топтарына жататын, топтың белгісі «Р» әрпімен белгіленетін өкілдері де бар) олар өз алдына металдар қатарына жатқанымен бейметалдық қасиет те таныта алатын элементтер. Оларды шартты түрде ауыр металдар қатарына жатқызып, келесі шолуларда аталмыш терминмен атайтын боламыз.

     Негізінен, ауыр  металдарға салыстырмалы атомдық массасы неғұрлым  үлкен тығыздықта танытатын 40 химиялық элементті жатқызуға болады. Егер улағыштық, табандылық және сыртқы ортада жинақталуға қабілеттілік есепке алынса, қауіпті ластағыштардың саны, соынмен бірге көрсетілген металдардың таралуының масштабтары едәуір аз болар еді.

Ең алдымен өте кең көлемдерде өндірістік орындарда қолданылатын және сыртқы орта жағдайларында жинақталу қасиеті жоғары болатын, оның үстіне олардың биологиялық белсенділігі мен улылық қасиеттері жоғары металдарды аса жоғары қауіп төндіруші металдар деп есептеуге болады.  Оларға қорғасын, сынап, кадмий, мырыш, висмут, кобальт, никель, мыс, қалайы, сурьма, ванадий, хром, молибден және мышьяк жатады.

     Ірі индустриялды  қалалардың өндіріс орындарының  өсу қарқынына байланысты ауыр металдардың концентрациясының ұдайы өсуіне әкеліп соғады [12].

    «Ауыр метал»  термині аталмыш металдардың  салыстырмалы атомдық массасының  жоғары болуынан пайда болған.

 

 

    1. Жекелеген ауыр металдар

 

       Ауыр металдар ішінде біршама қауіпті болып табылатын бірнеше металдарға қысқаша тоқталып өтсем.

    Мырыш табиғатта  көптеген минералды қосылыстардың  құрамында (галмей, мырышты алдамшы  қосылыс және т.б.) кездеседі. Түсті  металдардың қоспаларын (латунь, томпак, нейзильбер және т.б.)алу үшін және галванды элементтерді жасау өндірістерінде , аккумуляторлар мен болатты бұйымдарды тотығудан сақтайтын өнеркәсіп салаларында жиі қолданылады.

   Мырышты қосылыстың  ұсақ бөлшектерімен тыныс алған  жағдайда тез арада өтетін  тыныс жолдарының инфекциялары іспеттес «литейнді лихорадка» ауруы туындайды. Мырыш қосылысының түтіні тыныс жолдарында 41-ден 94 %-ға дейін бөгелуі байқалады. Лихорадканың дамуына байланысты қалқанша безінің қызметінің өзгеруі байқалады. Мырыштың токсикалық қасиетін оның каталитикалық қасиетімен де байланыстырады.

     Мырыштық улану  эритроцит мембраналарындағы қоректік  заттардың адсорбты – транспорттық  қасиетінің жоғарылауы арқылы  қышқылды – сілтілі баланстың  алкалозаға қарай ығысуын стресс  жағдайларындағы қорғаныс механизмі  ретінде қарастырылады [13].

     Мырыштық улану  кезінде сүйек кемігінің жасушаларының  зақымдалуы мен ядролық материалдардың  қалыпты болуы және ядрошықтық  аппараттың белсенділігінің арасында  тікелей байланыс бар екендігі  дәлелденген. Мырыш ацетатының әсерінен үдеулі күйде жүретін ядроның бүлінуі ядрошықтардың қалыптан тыс санының артуы түйіршікті және фибрилярлы компоненттерінің қатынасының өзгеруімен , транслокациялық белсенділігінің төмендеуімен сипатталады, яғни жасушаның ядролық аппараты істен шығады. Ксенобиотиктердің әсерін анықтаудағы ядролық заттың және ядрошықтың өзгерістерін тіркеу аса сезімтал сараптама болып табылады [14].

          Мыс – орны толтырылмайтын аса қажетті микроэлементке жатады. Темір элементімен бірге мыс ағзада қан жасау процестеріне жауап береді. Ол биологиялық тотығу және тотықсыздану процестеріне қатысып, ағзаны энергиямен қамтамасыз ете алады.  Сондай-ақ мыс ағзадағы металл айналымының қалыпты үрдісіне қатысады, әсіресе оның мүшелер мен ұлпалар арасындағы темір айналымына, бүйректің бойындағы темір қорының алмасуына қатысады. Жүйке жүйесі мен буындардың қалыпты жұмысы үшін де мыс иондарының аз мөлшердегі концентрациясы ағзаға өте қажетті болып табылады [15].

   Басқа да токсикалық  қасиет танытатын металдар мыс  клетка радикалдарымен, компоненттермен ақуыздармен, аминқышқылдарымен кешен түзу қасиетіне ие.

  Ол сульфигидрадтар  топтарымен берік байланыс құрып (сілтілі фосфотаза, сілекей амилазасы, липаза), ферменттерін белсендіреді (адреналин) гормонымен байланысқа  түседі, (А, Б, С) витаминдерінің ағзадағы концентрациясына жауап береді. Мыс қосылыстары ақуыздармен байланысқа түсіп, күйдіруші әрекетін байқатады [16].

   Медицинада мыс  сульфаттарын антисептик ретінде  конъюнктивит болса көзге тамызатын  тамшылар жасау үшін және трахоманы емдеу үшін көзге арналған қарындаш құрамына қосады. Мыс нитратынан жасалатын мазьдерді конъюнктивит пен көз трахомаларына қолданады [17].

   Допамингилроксилаза  ферментінің және урактоксидаза  мен дисмутаза қостотығының құрамына  мыс кіреді. Мыстың тәуліктік қажеттілігі 40 мкг/кг мөлшерінде болады. Мыс ағзада органикалық қосылыстар кешені ретінде кездеседі және ағзадағы қан жасалу үрдістеріне жауап береді.

     Мыспен және  оның тұздарымен ұзақ мерзімді  улану кезінде адам ағзасында  жүйке жүйесінің зақымдалуы , бауыр мен бүйректің функцияларының бұзылуы мен мұрын қуысының зақымдалуы және сиапатикалық жүйке жүйесіне әсері байқалған. Мыс өндірісінде жұмыс істейтін адамдарда церебральды ангионевроздар, лейкоциттердің фагоцитарлы активтілігінің, лизоцизм титратының, қан сарысуының бактериоцидті реакіиясының төмендеуі және шаш құрамында мыс концентрациясының жоғарылауы байқалған [18].

   Мыс өндірісінде  жұмыс істейтін жұмыскерлерде  иммунды жүйенің төмендеуі жиі  байқалатын құбылыс. Сондықтан уақыт  өте келе жұмыскерлерде қаттерлі ісіктен пайда болатын туындылар пайда болуы мүмкін. Витаминдерді кешенді қолдану жұмыскерлердің иммунды жүйесінің қалпына келуіне ықпал етеді. Яғни олардың денсаулығының нығаюына және соған байланысты ағзаның сыртқы орта факторларына жауабы ретінде сатылы қорғаныс әрекетіне ықпал ретінде жұмыскерлерге биологиялық белсенді қосылыстар ретінде қолдану пайдалы екендігі дәлелденген [12].

   Улы заттар адам  организміне біртіндеп жүйелі  түрде жинала берсе, онда созылмалы  улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір мүшелерінің созылмалы қабынуына, жүйке-жүйесінің өзгеруіне, нәрестенің ауру болып тууына әсер етеді.

   Мыспен улану кезінде  мыс тұздары көп мөлшерде бауырда, бүйректе, лимфа түйіндерінде, ішекте, өкпеде жиналады. Бүйрек ұлпасында  мыс көп жинақталмайды, олар бүйректің лимфа бездеріне өтеді. Созылмалы улану кезінде мыс тұздары көп мөлшерде бауырда,  бауыр және бүйрек лимфа бездерінде, ішекте, өкпеде, мида, жүректе, мойынның лимфа бездерінде көп жинақталады. Мырыш және мыс тұздарымен созылмалы улану кезінде әр түрлі мүшелердің эпителий ұлпасында айтарлықтай бұзылыстар байқалған, ал жедел улану кезінде лейкоцитоз, эритроциттер санының азаюы, гемоглобинның төмендеуі тіркелген.

      Жез- мыстың  мырышпен және басқа да қосымша  элементтермен қорытпасы. Құрамында  50 пайызға дейін мырыш және басқа да элеиенттер араласқан мыстың қорыптасы. Оның құрамында аллюминий, қалайы, никель т.б. элементтер кіреді. Жез таза мыс сияқты иілгіштігі жоғары, бірақ одан берік болып келеді. Құрамында 20 пайызға дейін мырыш бар жез атмосфералық жегідесіне төзімді. Күрделі жездің беріктігі және эрозияға төзімділігі эте жоғары болады.

    Мышьяк табиғатта  сульфат түрінде кездеседі. Оның  қорғасынды – мырыштық концентраттарда  кездесуі шамамен 1 пайызды құрайды. Ұшқыштық қасиетіне байланысты оның ауа ағындарына түсуі оңай жүзеге асады. Бұл металдардың қоршаған ортаға түсуінің негізгі көзі ретінде гербицидтерді (арамшөптерді жоюға арналған химиялық заттарды), фунгицидтерді (өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруларын емдеуге арналған заттарды), инсектицидтерді (зиянды жәндіктермен күресуге арналған заттарды) атап өтуге болады.

    Мышьяк токсикалық  қасиеттері бойынша жинақталу  қасиетіне ие улы затқа жатады. Токсикалық қасиеттер бойынша  элементарлы және мышьякты қосылыстарды  ажыратып қарастыруға болады. Элементарлы мышьяктың улылық дәредесі аз, бірақ ағзада тератогенді қасиеттер танытады. Тұқымқуалаушылық аппаратқа әсер ету механизмі туралы мәліметтер толық зерттелмеген және көп зерттеушілер арасында дау туындатады.

   Мышьяк қосылыстары  тері жамылғысы арқылы баяу сіңе бастайды, өкпе және асқорыту жолдары арқылы тез сіңеді. Өлімге апаратын дозасы адам үшін – 0,15-0,3 г құрайды. Ұзақ мерзімді улану кезінде адам ағзасына жүйке жүйесінің зақымдалуына, әлсіздік пен буындарының ұйып қалуына әкеліп соғады. Сонымен қатар тері жамылғысының бөртуі мен қараюы, сүйек кемігінің бұзылуы мен бүйректің өзгерістерге ұшырауына әкеліп соғады.

   Мышьяктың қосылыстары  адам ағзасы үшін канцерогенді  болып табылады. Мышьяк қосылыстары  ІІ классқа жататын қосылыстар [18].  Арсенизм  немесе мышьякпен улану орта ғасырларда өте жиі кездесетін құбылыс болғанымен, қазіргі таңда онымен улану сирек кездеседі. Тұздар, оксидтер мен мышьяк буы өте қауіпті. Мышьяк негізінде жасалған көптеген гербицидтерді көкөністерді өңдеуге қолданады, инсектицидтер мен дератация уы ретінде және өндіріс салаларының басқа да түрлерінде қолданады.  Мышьякпен улануды формасына қарай шұғыл улану мен созылмалы улану деп бөледі.

     Адам ағзасы  мен жасушасына әсері әлі анық  емес. Дегенмен мышьяк сульфгидрилды топтармен байланысқа түсетіндігі белгілі. Мышьякпен созылмалы интоксикацияланғанда шашта, тырнақтарда, қабақ пен қаста дақ пен күлгін түс шоғырланады. Арсенизм ауруы әсер ету дозаларына тәуелді болады. Мышьяктың триоксидінің 30 мг дозасынан артық концентрациясы өлімге әкеліп соғады. Бұл ең күшті удың түбегелі дозаларының әдетте бейнеленетін шеткі вазодиллятация құбылысын, яғни қан циркуляциясындағы айналатын қанның көлемінің қатты азаюы және соның салдарынан естен тану ен 1-2 сағат ішінде көмек  көрсетілмеген жағдайда өлімге апарады. Мышьяк орталық жүйке жүйесінің депрессоры жұмыс атқаратын және вазомоторлық орталықтарына зиянды әсер ететіндігі туралы көзқарастар бар. Егер улану кезіндегі у концентрациясы едәуір кем болса, онда асқорыту жолдары мен тері жамылғысы арқылы бірнеше тәуліктен кейін уланудың жалпы белгілері көрініс береді.

     Мышьяк теріге  және капиллярлардың негізгі  жамылғылары мен қабаттарына  деструкциялық қасиетімен әсер  етіп көптеген тері қанталауларына  жауап береді, ішкі органдардың  сілемейлі қабаттарындағы өзгерістерге әкеліп соғады. Егер ауруы екі немесе үш күн болса, асқазан және ішектерде толық қандылық, ісік, коагуляциялық өлі еттенудің ошақтары байқалады. Мида диффузиялық геморрагиялық инфильтациялар , капияллярлардың қабырғаларының мерзімсіз фибриноидты некроздары, ісіктер пайда болады. Мидың қантамырларында микроциркуляторлық инфаркттердің себепші бола алатын қан ұйықтарының қалыптасуы байқалған. Егер ауру 4-5 күнге созылса, нәзік ұлпаларда, бүйрек, бауыр және жүрек майының ыдырауы мен дистрофиясы байқалады.  Мұндай сипаттамалары бар ауруларда кардиоваскулярлы аппаратының талуы, жоғарғы жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады.

   Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады. 
             Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде  шығарылады. 
             Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық. 
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы,  уақытынан бұрын  босану, түсік  тастау. 
Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады.

    Қорғасын өндірістік  улануларда қазіргі таңда бірінші  орынды алып отыр. Ол өндіріс  орындарының әр түрлі салаларында  қорғасынды көп мөлшерде қолданумен  тікелей байланысты. Қорғасынның  әсеріне қорғасын рудасын алушы  жұмыскерлер, қорғасынды балқытушы  зауыттардың жұмыскерлері, типографиялардағы балқытып бекіту кезіндегі жұмыстарда, хрустальды шыны мен керамикалық өндірістерде, этилденген бензин мен қорғасынды бояу жасау өнеркәсіптерінде жұмыскерлер жиі душар болады.

    Сынап. Қоршаған  ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың тоннадан астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия  өнеркәсібінде  қолданылады. 
Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза  үшін  өте  улы және қауіпті.

     Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі. Қала және адамның денсаулығы 
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта.

     Қалада техногенді  қуаттың орасан зор концентрациясы  жиналады. 
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн-нан астам  халқы бар 48 қала болған. Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында  шиеленісе түседі. 
      Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек  барлық  жағынан  қолайлы  орта  емес. 
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.

Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады.

 

 

    1. Ауыр металдардың таралуы

 

   Ауыр металдар  атмосфералық ауада органикалық  және органикалық емес қосылыстар  түрінде, шаң-тозаңдармен аралас  ауа ағындарында , сонымен бірге  сұйық күйде (сынап), газ күйлерінде  кездеседі. Қорғасын, кадмий, мыс қосылыстары  және мырыш сияқты металл иондары көлемі 0,5-1 мкм диаметріндей болатын шаң-тозаңдары ауадағы аэрозольдер күйінде кездессе, никель және кобальттің тозаңдары –негізінде дизель отынының өртеуінде пайда болатын ірі бөлшектер (1мкм-нен астам) күйінде кездеседі.

   Металдар су ортасында коллоидты бөлшектер және ерітілген қосылыстар формаларында кездеседі.  Соңғысы ( гумин қышқылы мен фульвоқышқыл) органикалық және ( галогенидтер, сульфаттар, фосфаттар, карбонаттар ) органикалық емес лигандалармен еркін иондар және еритін кешенді қосылыстар түрінде кездеседі. Бұл элементтердің көбі судағы гидролиз нәтижесінде су құрамында кездесуін маңызды шарт деп тануға болады.

   Ауыр металдардың  едәуір бөлігі өзіне тән оймақ  тәрізді формада шалғай жерлерге  ағын сулармен тасымалданады.

   Су қоймаларының шөгінділерінің ауыр металдарды сіңіре алуы соңғылардың биологиялық шығу тегі мен органикалық қалдықтардың құрамына тікелей байланысты.  Су экожүйелеріндегі ауыр металдар су қоймаларының шөгінділерінде биосолдарды шоғырландырады.

   Ауыр металдар топырақ құрамында, су ерітіндісінде немесе еріген күйде, ион алмасуы процестерінде және берік емес адсорбцияланған формаларда болады. Хлоридтермен, нитраттармен, сульфаттармен және органикалық кешенді қосылыстармен суда еритін формаларда кездеседі. Бұдан басқа да жағдайларда , табиғатта ауыр металдардың иондары кристалды тор түзіп, өз алдына жеке минералдармен байланыса алады.

   Кен орындары мен  түсті металлургияның өңдеу орындары  ауыр металдармен қоршаған ортаны  ластау көзі болғанымен қауіптілік  дәрежесі бойынша ең басты болып табылмайды.  Кәсіпорындарда ауыр металдарды өңдеуге қажетті отын түрлерін жаққанда атмосфераға көп көлемде ауыр металдар бөлініп шығады. Металлургиялық емес өндіріс орындары, мәселен көмірді байыту кен орындары мен отынды көп көлемде өртейтін өндірістерде металдардың биосфераға түсуінің басты көзі болып табылады. Көмір және мұнай отын ретінде барлық металдарды өңдеу өнеркәсіптерінде қолданылады. Ауыр металдардың қосылыстары , электр станцияларының қалдық күлінде улағыштық химиялық элементтер шоғыры ретінде топыраққа түседі.

   Атмосфераны ластаушылар  қатарында отын және жанармай  жағу нәтижесінде пайда болатын  қалдықтар  ерекше орын алады. Мысалы, олардың құрамында: сынап, кадмий, кобальт, мышьяктың саны өндіріс  орындарынан бөлініп шығатын металдардың санынан 3-8 есе асады. Көмірмен жұмыс істейтін қазіргі ЖЭС-ның бір ғана котлоагрегаты жылына орташа есеппен 1-1,5 т сынаптың буларын атмосфераға бөліп отыратындығы туралы мәліметтер бар. Ауыр металдар минералды тыңайтқыштардың құрамында да болады [19].

   Металдардың атмосфера  мен жалпы қоршаған ортаға  таралу жолдары көбіне техногенді  шашыратулармен қатар минералды  отынды қртеуімен атмосфераға  олардың көп көлемде бөлініп  шығуы ( түсті металлургияда, цемент  шикізатын күйдіру және тағы  басқалар) жүзеге асады, оның ішінде жоғары температуралы технологиялық үрдістерде кен байыту өнеркәсіптерінде кеннің тасымалдануы кезінде , кенді өндіру және іріктеуі шараларын жасағанда болады. Қоршаған ортаға ауыр металдар газдар, метладардың тозаңдары тәрізді бөлшектерді айдау кезінде тозаң түрінде және сарқынды  суларды құрамда түсіп, ластаушы көздің бірі болып табылады.

     Металдардың  қалдықтары топырақ құрамында  салыстырмалы жылдам жинақталады  және өте баяу ыдырайды: мәселен, мырыштың жартылай ыдырау мерзімі – 500 жылға дейін созылады, кадмийдің жартылай ыдырау кезеңі – 1100 жылға дейін созылады, медиолардың жартылай ыдырау кезеңі – 1500 жылға дейін созылса, қорғасын бірнеше жылдарға дейін баратын болып отыр.

    Металдардың топырақты  ластауының негізгі көзі- өнеркәсіптік және құрылыс қалдықтарынан, канализациялық тазарту шламдарынан тыңайтқыш жасап , соны қолдануы.

   Ауыр металдар металлургиялық өндірістердің қалдықтарында негізінде ерімейтін күйде болады. Өте ірі бөлшектер ластаушы көзден алшақтаған сайын тұнады, металдардың еритін бөлігі бара - бара көлемі ұлғайып, жинақтала бастайды, соңыра еритін және ерімейтін формалары арасында арақатынасы құрылады.

   Атмосфераға түсетін  тозаң түріндегі ластағыштар  табиғи жолмен өздігінен тазартылады. Олардың тазалануында жауын-шашындар өте маңызды рөл атқарады. Атмосфераға металл өңдеу кәсіпорындарының қалдықтары, сарқынды сулардың құрамында жинақталып, сыртқа шығуы кейін келе топыраққа, жер асты суларында және ашық суаттарда, өсімдіктер мен жануарлардың бойына жиналуының алғышарты болып табылады.

   Металл қалдықтарының  таралуының қашықтығы мен мөлшері  және атмосфераны ластауының  деңгейлері ластаушы көздің қуаттылығына, ластанудың жалпы формасы мен  метеорологиялық жағдайларға тәуелді  болады. Металл қалдықтарының таралуының параметрлері қазіргі өнеркәсіптік кешендердің қарқындылығы аясында және қалалық құрылыс ошақтары мен агломерациялардың даму үрдісінде ауада таралу қарқындылығының мөлшерін болжауды қиындатады. Металл тозаңдарының атмосфералық ауаны ластаушы көзінен алыстаған сайын оның ластағыштық дәрежесі эспонента бойынша кішірейіп отырады. Соған сәйкес ластағыш көздердің алшақ территориялардың металл қалдықтарымен ластануының ШМК дәрежесі салыстырмалы аз көрсеткіштерді көрсетіп, металдардың қарқынды әсерінің аймағы салыстырмалы түрде азаяды.

Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі