Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары
Тақырыбы: Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау
І.І. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің
сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік
(Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей
елдеріндегі) тенденциялар..................
1.2. Қазақстан Республикасының ауыл
мектептерінде оқу үдерісінің сапасын
жетілдіру тәжірибелері..................
II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары
2.1. Ауыл мектебі жағдайында қолданылатын
педагогикалық технологияларды іріктеу.......................
2.2. Ауыл мектептерінде технологияларды
қолданудың ғылыми-әдістемелік шарттарын
анықтау.......................
2.3 Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды
мектеп практикасына ендіру тәжірибесі....................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымша-1. Сауалнама үлгілері......................
Қосымша-2. Ақпараттық технологияны
мектеп тәжірибесіне ендіру
нәтижелері....................
К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Кез келген мемлекеттің өркениеттілігі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен бағаланады. Ал өркениеттіліктің негізі мектепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Сондықтан мектеп - өзін өркениеттіміз деп санайтын елдің айналып өтпейтін үрдісі. Осы тұрғыдан қарағанда, еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын жандандыру, ондағы оқыту процесінің сапасын жетілдіру, оқушыларға мемлекеттік стандарт деңгейіне сай білім беру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: "Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте дүрыс. Мектеп -әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі" деген пікірді айта келе, әсіресе, ауыл мектебін өркендетуге, ауыл мектебінің жағдайын жақсартуға көңіл бөлу қажет екеніне баса мән берді.
Алайда, ауыл мектептерінің шешілмеген проблемалары жеткілікті. Бұл мәселелердің ішіндегі ең бастысы оқыту процесінің сапасын қазіргі заман талабына сай жетілдіру болып отыр. Өйткені бірнеше сыныпты бір мезгілде қосып оқытқан жағдайда ауыл балаларының білім сапасын мемлекеттік талап көрсеткішіне жеткізу қиын да күрделі жұмыс екені анық. Бұл істе жай мектептерден тәжірибе көшіре салу дұрыс болмас еді. Мұндай мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіруді оның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген орынды деп білеміз.
Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі - олардың
шағын жинақталғандығы. Шағын жинақталған
мектептерге сыныптағы оқушылар
саны аз (5-10
оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе
кейбір жеке сыныптары түгел емес мектептер, сондай-ақ оқушы санының аздығына байланысты сыныптары біріктірілген мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті - бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.
Қазақстанда шағын жинақталған мектептер желісінің даму динамикасы кейінгі жылдарда олардың санының елеулі артқанын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002-2003 оқу жылының басында алынған статистикалық мәліметтері бойынша 8095 жалпы білім беретін мектептердің 4219-ы (барлық мектептің 52,1%-і) шағын жинақталған мектептерді құрайды. Ауылдық жерлерде 6182 жалпы білім беретін мектеп орналасқан, оның 4072-сі, яғни барлық ауылдық мектеп санының 65,9 %-і шағын жинақталған мектеп болып табылады. 1913 мектеп - қалалық, оның 147-сі шағын жинақталған мектеп. Еліміздегі шағын жинақталған мектептердің 1145-і бастауыш, 1007-сі негізгі, 2067-сі жоғарғы сатылар.
Нақтырақ айтқанда, соңғы он жылда негізгі сатылы шағын жинақталған мектептердің саны 2 есе, жоғарғы сатылы шағын жинақталған мектептердің саны 2-2,5 есе өскен. Оларға сыныптардың толымсыздығы, бірнеше сыныптың біріктірілуі, мұғалімдердің жұмысындағы көппәнділік, яғни бір мұғалімнің бірнеше пәнді қатар алып жүруі сияқты белгілер тән. Еліміздің шағын жинақталған мектептерінде соңғы 3 жылда біріккен сынып-кешендердің саны 4126-ға жеткен. Республика бойынша 719 ауылдық жерде мектеп мүлдем жоқ, онда мектеп жасындағы 15209 бала оқуға тартылмай отыр. Бұл мәселелер ауыл балаларының білім сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Кейінгі уақытта баспасөз беттерінде ауыл түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу, "Алтын белгі" мен айрықша үлгідегі аттестат алу, пән олимпиадаларына қатысу үлестері өте төмендеп кеткені туралы жиі айтылып жүр. Мұндай көрсеткіштер ауыл мектептеріндегі оқыту процесінің сапасын көтеру үшін нақты шаралар қолданудың өзектілігін көрсетеді, ондағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру технологиясын жетілдіруді талап етеді.
Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін 2003-2005 жылдарда «Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары» тақырыбы таңдалып зерттеулер жүргізілді.
Зерттеу нысаны: ауыл мектептеріндегі оқыту процесіне бейімделетін педагогикалық технологиялар.
Зерттеу жумысыныц мақсаты: Қоғам дамуына сәйкес оның сұранысы мен талаптарын қанағаттандыру барысында ауыл мектептерінің тәжірибесіне жаңалықтарды енгізу және оларды қолдануға деген қажеттіліктің туындауы арасындағы қайшылықты ауыл мектептерінде оқыту процесін технологияландырудың ғылыми - әдістемелік негіздерін анықтау арқылы шешу болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ауыл мектептерінде оқыту процесінің сапасын жетілдіру бойынша әлемдік тенденцияларды айқындау;
2. Ауыл мектептерінде оқыту технологияларын іріктеудің көрсеткіштерін жасау;
3. Ауыл мектептерінде осы технологияларды қолданудың ғылыми- әдістемелік шарттарымен жұмыс түрлері анықтау.
Зерттеу әдістері: ауыл мектептерінде оқытуды технологияландыру көпқырлы мәселе болғандықтан, оны зерттеу әдістерін кешенді түрде қарастырамыз, яғни теориялық әдісі: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау және оның негізінде теоретикалық тұжырымдар қорыту; тәжірибелік әдісі: оқушылар үшін сауалнамалар жүргізу, педагогикалық тәжірибені сынақтан өткізу.
I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау
1.1. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар
Дүние жүзінде қоғамның қазіргі даму қалпына
және адамзат санасының
коммуникациялық технологиялардың пайда болуы әлем елдеріндегі шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие процесінің дамуына қозғаушы ықпал етуде. Әлемдегі мүндай қарқынды үрдіс барысында шағын жинақталған мектептер жағдайындағы арнаулы жоғары деңгейдегі шығармашылық мүмкіндіктері бар, әртүрлі міндеттерді жүйелі белгілеп шеше алатын мамандарға мүқтаждық артуда.
Білім беру ісіне әлеуметтік тапсырыстың өзгеруіне орай шағын жинақталған мектептер жүйесінде педагогикалық процесті қүрудың жаңа тенденциялары әлемдік тәжірибеде қалыптасуда. Оқыту процесінің сапасын жетілдіру оқушының әлеуметтік дамуы, әлеуметтік құралдардың барлық аспектілерімен оның өзара әрекеттестігі болып түсіндіріледі. Сондықтан мектеп тәжірибесінің алдында оқушылардың білімдік дайындығының сапасының негізделген бағалау жүйесін іздестіру жаңа міндеттері туындайды. Шағын жинақталған типтес мектептер тәжірибесі әлем елдерінде (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдері т.б.) қалыптасқан. Канадада шағын жинақталған мектеп мәселелері мемлекеттік бақылауда үсталынады. Ал Үндістанда мемлекеттік қамқорлыққа ілінуге дейін шағын жинақталған мектептер өз беттерінше дамып, қалыптасып, белгілі бір әлеуметтік бағаға ие болу кезеңін бастан кешіреді. Шағын жинақталған мектептердің оқу процесінің сапасын жетілдіру мәселелерін шешудің басты себептерін ғалымдардың шкіршше, әлеуметтік-экономикалық жағдаиы, демографиялық, мәдени, құқықтық және оқу-тәрбие теңсіздіктері құрайды [1], [2].
Жекелеген мемлекеттерде
мектеп жүйесі мен білім беру сапасын жетілдіру тенденциялары
түрліше дамуда, шағын жинақталған мектеп
мәселелерінің Канада, Үндістан, Латын
Америкасы, Ресей елдеріндегі тәжірибесі
назар аударарлық қүбылыс. Латын Америкасының
12 елінде ауылдық жерлердегі балаларды
оқыту - күрделі проблема. Ондағы оқу процесінің
үйымдастыру өзекті мәселе болып табылады.
Ауылдық мектептің білім сапасының қала
мектебінен төмендігі: Аргентинада - 27,4%,
Колумбияда - 26,2%, Чилиде - 9,4% болып отыр.
14-15 жастағы жас өспірімдердің ауылдық
жердегі білім сапасы Колумбияда - 34,7%,
Венесуэлада - 26,5%, Бразилияда - 32,2%, Гондураста
-22,8%; Үндістанда - 21% (Керала, Марахараштра,
Тамил-Наду штаттарынан басқа); ал Канадада
- 73%. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда
Канадада оқу процесінің сапасын жетілдіру
жоғарғы орында. Бүл елде білім беру жүйесіне
Оқыту процесін ұйымдастырудағы шетел мектептерінің ерекшеліктері: Латын Америкасы бойынша:
1. Латын Америкасы елдерінде шағын жйнақталған мектептерде білім беру мәселесіне көп көңіл бөлуге мәжбүрлік байқалады.
2. Олар ақысыз мемлекеттік және ақылы жекеменшік болып бөлінеді.
3. Шағын жинақталған
(топтар арқылы басқарылады).
4. Латын Америкасында щағын жинақталған мектептер білім берудің
негізгі сатылары бастауыш және орта
мектепті қамтиды; орта мектептің өзі
бірінші кезең (орта сыныптар) мен екінші
кезеңнен (жоғарғы сыныптар)
Канада бойынша:
1. Канадада шағын жинақталған мектептер бойынша білім беру жүйесіне көбірек қаржы бөлінеді.
2. Канада мектептері мемлекеттік және католиктік болып бөлінеді.
3. Канадада да шағын жинақталған мектептер білім берудің негізгі сатылары бастауыш және орта мектепті (1-5 сыныптар) қамтиды; орта мектептің өзі бірінші кезеңнен (6-9 сыныптар) және екінші кезеңнен (10-12 сыныптар) тұрады.
Үндістан бойынша:
1. Көпшілік жеке мектептер, соның ішінде шағын жинақталған мектептер діни қауымдастықтар (топтар) арқылы басқарылады.
2. Үндістанда шағын жинақталған мектептер білім берудің негізгі сатылары бастауыш және орта мектепті; орта мектептің өзі бірінші кезеңді және екінші кезеңді (жоғарғы сыныптар) қамтиды.
3. Үндістанның көптеген штаттарында шағын жинақталған мектептердің көбейгені байқалады, олар бірыңғай бағдарламамен оқытылады.
Ғалым Мишраның пікірінше, Үндістанда шағын жинақталған мектептер экономикалық жағдайы төмен штаттарда орналасқан және білім сапасының үрдісін жетілдіруге кері әсерін тигізеді [1].
Ресей елінде:
Ресейдің педагогикалық іс-тәжірибелершде айқындалып отырған
тенденциядан білім берудегі: гуманизация, демократизация, жеке тұлғаға бағытталушылық, индустриализация (компьютерлендіру, программаланған оқу т.б.), вариативтілік, интегративтілік, психологияландыру (білім, білік, дағдылар орнына түлғаның психикалық әрекеттерінің даму деңгейінің бірте-бірте келуі), дерек мәліметтік оқудан белсенді оқу әдісіне көшу, жеке түлғаның белсенді танымдық әрекеті, оқытудың нысаны білімнен гөрі ақыл-ой әрекетінің дамуы т.б. мәселелері шағын жинақталған мектептерде де кең көрініс тапқан [3]. Бүны Ресейдің ғалым-әдіскерлері Г.Ф.Суворова, В.П.Стрезикозин, А.Е.Кондратенковтың шағын жинақталған мектептің өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу еңбектерінен көруге болады. Бүл ғалымдардың пікірінше, шағын жинақталған мектептердің жүмыс тәжірибелеріне сүйене отырып, бір пән бойынша бірнеше сыныппен бір мезгілде, яғни бір пәндік, бір тақырыптық барлық бөлімдермен мазмұны жағынан жақын және бір тектес пәндер оқытылса, шағын жинақталған мектепте сабақ жүргізу жеңілдейді. Оқытудың бүлай үйымдастырылуы оқушының өздік жүмыс жасауына және әр бөлімде әртүрлі пәннің білім мазмүнының бөліктерін сақтауға қолайлы екенін атап көрсетеді [4; 5; 6].
Дүние жүзілік білім беруді үйымдастырудың ең озық тәжірибелеріне бағдарлап қарайтын болсақ, шағын жинақталған мектептер үшін мейлінше қолайлысы саралап оқыту екенін көреміз. Ол білім беру жүйесіндегі оқытуды үйымдастырудың басты принципі ретінде 1950-60 жылдардан бастап, өркениетті елдерде қалыптасқан. Саралап оқыту - баланың туа біткен ақыл-ой қабілетіне, жеке даму шапшаңдығына негізделген білім беру жүйесі. Ресей елдерінде шағын жинақталған мектеп жағдайында оқушыны саралай оқыту негізінде оқыту әдістерін бейімдеп қолдану арқылы білім сапасын жетілдіру бағыты басым қолданылады [7].
Шағын жинақталған мектептердегі оқушылардың білім сапасының төмендігіне оқу процесі барысындағы олардың психологиялық күйін біріктірілген сыныптар жағдайында ескеру қиындық туғызатыны негізгі фактор ретінде аталады [8]. Ресей мектептері бала саны аз біріктірілген сыныптардағы көңіл-күй деңгейінің төмендігі, балалар бойында аритмия ауруының жиі сипат алуы сияқты себептерді болдырмауды қолға алуда. Ресей шағын жинақталған мектептерінде қосарланған сыныптардағы оқыту процесін үйымдастырудағы кейбір қолайлы жағдайлардың бар екені де анықталынған [9].
1. Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшеліктерін зерттеп білу тәжірибеге айналған.
2. Оқу материалын толық меңгеру - оқушылар
үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім
беру кезеңінде оқушының жеке басының
ерекшеліктерін ескеру оқу процесін жақсартуға
мүмкіндігі.
3. Шағын жинақталған
мектепте оқушылар өздігінен жүмыс істейді. Бұл үрдістің
ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың
өздігінен бақылау жұмысын жүргізуіне,
қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыруға,
өз жұмыстарын өздері бағалауына мән беріледі.
5. Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жүмыстар мен факультативтік сабақтарды жүргізуге жағдай жасалады.
6. Сыныптағы оқушылардың аздығы лабораториялық, сарамандық
сабақтар жүргізуде олардың түгелдей қамтылуына қолайлы жағдай туғызады.
7. Шағын жинақталған мектеп оқушыларының бойында табиғатты қорғауға, аялауға, эстетикалық қанағат алуына, қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын жетілдіруде кездесетін мынадай қиындықтарды да байқауға болады:
- оқытуды үйымдастыруда (қосарланған сыныптарда сабақ кестесін, білім мазмүны мен жас ерекшеліктерін үйлестіруде);
- оқыту процесін
қосарланған сыныптар
- оқу
табыстарын бағалау және
- оқу процесінің
жақсы нәтижелері үшін
Шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесіне байланысты ресейлік тәжірибені сараптау төмендегідей жинақтаулар жасауға мүмкіндік береді:
- оқытушылар тақырыптық жоспарлауды қолданады;іктер туғызуда.
- сабақтарды жоспарлауда оқушылардың өз бетінше жүмыстарына, әрекетіне басымдық беріледі;
- біріккен сыныптарда бір мезгілде өтетін сабақтар әртүрлі типтерде қүрылады.
Шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдірудегі Латын Америка, Индия, Канада елдеріндегі тәжірибелер бойынша келесі тенденциялар анықталынды:
- әр деңгейдегі білім субъектілерінің жеке шығармашылық жүмыс атқаруына және белсенділік танытуына жол берілуі;
- білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;
- білім алуға мектепке тарту коэфицентінің төмендігі;
- оқушылардың дайындығы міндетті деңгейде бағытталған;
- ауыл (провинция) мектептерінде оқу сапасын жетілдіруге оқушының өз таңдаулары бойынша білім алуына, денсаулығына және қабілеттілігіне қарай оқу жоспарының жылжымалы бөлігінің негізінде нормативтік база қүрылған.
Көптеген әлем елдерінде шағын жинақталған мектептер жүйесінің даму тенденцияларында (мысалы Үндістан т.б.) оған мемлекеттік баға беріліп отырады және ол шағын жинақталған мектептің өз ішінде жасалған бағалауларға негізделеді. А.Н.Джуринскийдің еңбегінде көрсетілгендей, шағын жинақталған мектептердің дамуында олардың әлеуметтік және өзінің ішкі экспертінде баға алуы негізгі қозғаушы ынталандырушы көз ретінде барған сайын әлем тәжірибесінде өріс алуда (Канада) [10].
Сонымен, шағын жинақталған мектептерді модернизациялау, оның даму түжырымдамасы мен бағдарламаларын жасау, үлгі үлттық моделін үсыну отандық тәжірибеге сүйенумен бірге әлемдегі шағын жинақталған мектеп жүйесіндегі оң тенденцияларға бағдарлану қажет болады.
1.2. Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері
Шағын жинақталған мектептердің тарихы XIX ғасырдың орта түсынан бастау алатыны белгілі. Бірқатар ғалымдардың (Т.Тәжібаев [11; 12], Ә.І.Сембаев ПЗ], Г.М.Храпченков [14; 15], П.А.Жильцов [16; 17], Г.Ф.Суворова [18], А.Ө.Мүханбетжанова [19]) зерттеулеріне қарағанда, сол кездерде Қазақстан топырағында пайда бола бастаған орыс-қазақ мектептерінің басым көпшілігі бірнеше бөлімді (сыныпты) бір мезгілде бір мүғалім оқытатын шағын жинақталған бастауыш мектептер болған. Осы үлгідегі мектептердің ашылуы, негізінен, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.Ф.Бунаков, Ы.Алтынсариндердің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Бүл үстаз-ғалымдардың, әсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін үйымдастыруға, яғни ауыл балаларына лайықтап оқулықтар мен оқу қүралдарын жазуға, оларға берілетін білім көлемі мен мазмүнын, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауға сіңірген еңбектері зор болды. Содан бері мүндай мектептердегі оқу-тәрбие процесін жақсарту, жолға қою мәселесі қолға алына бастады.
Шағын жинақталған мектептердегі
оқыту процесін үйымдастыру мәселесі
туралы қазақ тілінде жазылған ең
алғашқы қүралдардың бірі - Ж.Аймауытовтың
"Комплекспен оқыту жолдары" [20] атты кітабы. Мүнда ол кешенді оқытудың
қажеттігін, кешенді бағдарламалар, жүмыс
жоспарлары, бір мүғалімнің әр түрлі жастағы
балаларды бір мезгілде қосып оқыту жолдары,
күнделікті сабақ жоспарларын жасау әдістері,
сабақ кестелері сияқты мәселелерді таратып
айтып, көрсетіп береді. Автор үсынып отырған
кешенді бағдарламалар оқытуды пәндік
жүйеде қүруды емес, кешенді, яғни әрбір
саладағы білім мазмүнын түтастай
Шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесін үйымдастыру жолдарын мүғалімдер қауымына таныту мәселесін көздеген ғалым-әдіскер - Ғ.Бегалиев. Ол өзінің "Бірнеше класты қатарынан оқыту туралы" атты көлемді мақаласында алдымен мүндай мектептерге тән өзіндік ерекшеліктерді ашып көрсетеді: "Бірнеше класты бір мүғалім оқытқанда оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жолы, әдістері өзгешерек. Бұл өзгешеліктер оқу материалының мазмүны я көлемі жөнінде емес. Бірнеше класты қатарынан оқытқанда да программа бойынша өтілетін материалдардың тәртібін бұзбай, қысқартпай, оқушыларға толық білім беру керек болады. Бірнеше класты қатарынан оқытудың айырмашылығы — сабақты уйымдастыруда. ... Мұғалім оқушылардың өз бетімен орындайтын жүмыстарын, оның мөлшері мен түрін, оған кететін уақытты және басқа класта мүғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарды дәлдеп, анықтап алу керек" [21]. Сөйтіп, ол мүғалімдердің назарын мынадай маңызды нәрселерге аударып отыр: біріншіден, қосарланған сыныптар оқушылары бағдарламалық материалды толық игеріп, алған білімдері бағдарламалық талапқа сай болу жағын көздесе, екіншіден, мүндай мектептердегі сабақтың өзіне тән ерекшеліктері де бар екенін ескертеді, үшіншіден, бүл ерекшелік - шағын жинақталған мектептердегі сабақ оқушылардың өз бетімен орындайтын жүмысы мен мүғалімнің басшылығы арқылы орындалатын жүмыстардан түратындығын түсіндіреді. Ғалымның бүл пікірі күні бүгінге дейін мәнін жоймаған десек артық емес. Өйткені шағын жинақталған мектептердегі сабақ қазіргі күн түрғысынан да мемлекеттік стандартқа сай әрі оның спецификалық ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

- Ауыл шаруашылығы, даму
- Ауылшаруашылығын электрлендіру
- Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру
- Ауыр металдардың астық тұқымдас өсімдіктердің өніп-өсуіне әсері
- Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі
- Ауыр метал иондарының кейбір өсімдіктердің жекеленген мүшелерінде таралу ерекшеліктері
- Аффективное поведение детей и приемы его коррекции
- Аудит финансовых результатов деятельности торговой организации
- Аудит финансовых результатов предприятия на примере ИП Курбацкая З.А
- Аудит фінансових результатів діяльності підприємства
- Аутентичные тексты как средство обучения поисково-просмотровому чтению на уроках английского языка в 9 классе
- Аутентичные фильмы как средство развития лексических умений аудирования студентов неязыковых вузов
- Аутсорсинг
- Аутсорсинг в системе маркетинга предприятия