Баланың бірінші әрекеті ойын ,сондықтан да ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы

Баланың бірінші әрекеті  ойын ,сондықтан да ойын  адамның  өмірге  қадам  басардағы  алғашқы  қадамы.

Абай атамыздың «Ойын  ойнап ән салмай ,өсер бала болар  ма?» деген өлең шумақтары тегін  айтылмаса керек.

Көптеген жазушылар  бала ойынының психологиялық мәнін  көркем бейнелер арқылы ашқан.Бала ойын арқылы  өзінің қуанышын ,ренішін, арманын бейнелесе,ертеңгі  күні яғни болашақта  сол арманын  жүзеге асыруға  мүмкіндік алады.

Ойын мектеп жасына дейінгі  баланың жеке басының дамуына  игі  ықпал тигізетін  жетекші,басты  құбылыстың бірі деуге болады.Ойын мен еңбектің бір біріне ұқсас  сипаатары көп, сондықтан кейбір педагогтар,жақсы ойын  жақсы жұмыс сияты да, жаман  ойын  жаман жұмыс  сияқты деп қарайды.

Баланың қуанышы да, реніші де ойын кезінде айқын көрінеді. Ойын кезінде  бала ойланады, эмоциялық  әсері ұшқындайды, белсенділігі артады,қиялы , шығармашылық қабілеті дами түседі.

Ойын  тәрбие құралы, ақылды,ойды, тілді дамытады, сөздік қорды , сезімді  кеңейтеді. Баланың мінез құлқын  тәрбиелеп, адамгершілікке  жетелейді.

Ойын  эстетикалық  тәрбие құралы.Балалар негізінен  ойын үстінде  тез тіл табысады. Баланың ойынына  қарап, оның психологиясын білуге болады. Кейбір  балалар ойын кезінде  еркін қозғалып , басқалармен тез тіл табысса, кейбір балалар басқа балалармен  араласа алмай ,көңіліне ұнаған  ойыншықты басқалардан сұрауға батылы жетпей тұрады. Әрине бұндай  кезде балаға  ойынға араласу үшін үлкендердің көмегі қажет.

Ойын кезінде  ойыншықтарды  өзіне  жинап алып, « менікі»  дейтін балалар  көп. Педагогтың міндеті  балаға  ұрыспай  жай ғана «мен»  дегенннің орнына , «біз», «біздікі»  деген ұғымды  айтуға  дағдыландыру.

Бала ойыны үшін қажетті  құрал  ойыншық. Ойыншық  бала ойынын қызықты , әрі  көңілді  өтуі үшін оған көп көмектеседі. Мысалы, машинаны  ойнап отырған  балалар  ойын кезінде  жол жасап,құрылыспен шұғылданып, бір бірімен  тығыз қарымқатынаста  болса,қуыршақ  ойыны кезінде  қыздар өздерін қуыршақпен салыстрып, олармен сөйлесіп ,тілін дамытады. (Мысалы, сенің шашын ұзын, менікі де әдемі; сенде бантик, ал менде әдемі түйреуіштер)

Біздің балабақшамызға  балалармен  ұлттық ойындар көп  ойналады. Ұлттық ойындар ды  меңгеру  барысында балалар мен жасөспірімдер  әртүрлі  жаттығулар жасау арқылы денесін  шынықтырады,ой өрісін дамытады. Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп,балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына  аса зор мән берген . Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойындарды ойластырып,дамытып отырған. Ойындардың  басты тәрбиелік мәні  болашақ ұрпақты келешек кәсіпкерге баулу, яғни  бұл ойындар да дәстүрлі  ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады.

Қазіргі  заман талабына сай қалыптасқан : «Әріп таңдау», «Сымсыз телефон», «Сынарын табу»  сияқты  ойындармен  қатар көптеген  спорттық ойындар да жиі кездеседі.

Әрбір ойын  балларды бір  біріне  жақындастырады, қиыншылықты  жеңіп, табысқа  жетуге баулиды.

Ойын,балалардың жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылуы керек. Мен  өзім  жұмыс жасайтын  сәбилер  тобында  ойын ересек  балаларға  қарағанда кең көлемде емес.Ұлттық ойындардың ішінде  жас сәбилерге  арналған «Қуырмаш» тәрізді ойындар көп.

Жалпы ойынның  қандай түрі болса да атадан балаға , ұрпақтан ұрпаққа  жетіп отырады. Ұлттық ойындардың  негізгі мақсаты бала бойында  өнердің  нұрын себу. Ұлттық  ойындардың  заман талабына сай  өзгертіліп, жанартылып  отырғандары жөн.

Қорыта айтқанда, бала ойнай  да , ойлай да білсін. Балалар  біздің  болашағымыз ,өміріміздің  жалғасы. Олардың ойын арқылы алған тәлім  тәрбиесі болашақта  балаға дұрыс  жол көрсетеді.

                               Бала тәрбиелеудегі қимылды ойындардың  маңызы.орысша дипл.кіріспесі қысқаша.

Ойын  өсіп келе жатқан  бала организмінің қажеті. Ойында  баланың  дене күші артады, қолы  қатайып , денесі шыңдала  түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі,  тапқырлығы , ынтасы артып, жетіле түседі.Ойында  балалардың  ұйымдастырушылық  дағдылары  қалыптасып  шыңдалады.Ұстамдылығы, жағдайлады салыстырып бағдарлау  іскерлігі жетіле түседі.

Мұндай  жағдайда  балалардың түрлі топтағы бұлшық еттері бірдей  қызмет етеді де, соның  нәтижесінде  олар  бірқалыпты жетіледі. Алайда  қимылды  ойындардың  маңызы  тек  мұнымен  ғана шектелмейді, олар  сондай ақ  балалардың жан жақты  өсіп жетілуінде  үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар , ойынның  зор тәрбиелік  білімділік  күші жекелеген  гимнастикалық  жаттығуларға қарағанда  жоғарырақ  тұратын  күрделі әрекет, баланың  жеке басын  тәрбиелеудегі ең жақсы  құрал деп  саналады. Баланың  ойын үстіндегі сергек  де ширақ  болатынын ,сезімтал  келетінін, бар  ынта ықыласымен  ойынға беріліп  кететінін білеміз.

Қимылды ойындар  зеректілікке, байқағыштыққа , зейінділікке , қиялдауға , дұрыс сезімдерін  дамуына  мүмкіндік  жасайды.

Бала өзінің тең құрбылары  арасында  олармен тең  сезінуге тиіс. Ойындағы  белсенді  әрекет  балалардың  күшіне  деген  сенбеушілікті, ұялшақтықты, жасқаншақтықты болдырмайды. Қимылдарды дәлме дәл орындау  батылдық ептілік , тапқырлық, сенімділік сезімін  күшейтеді және  коллективте  өзінің тиісті  орнын алуға  көмектеседі.

Мектепке дейінгі  ересек  жастағы  балалардың допппен , шеңбермен , жіппен  секіру, тас лақтыру және басқада затармен  ойнайтын көптеген  қимылды  ойындарында ержені балалардың өздері белгілейді.Қай жағдайда да  болса да келісім барлық  ойнаушылар үшін заңды ереже болып табылады.

Бұл дәстүрлердің тәрбиелік  мәні үлкен. Балаларды тәртіптілікке  шақырады, өз беттерімен  келісе  білуге,келісіп әрекет жасауға , көпшіліктің  пікірімен санасуға  тәрбиелеуге  көмектеседі.

Жоғарыда айиылғандардың  бәрі қимылды ойындар арқылы алуан  түрлі міндеттерді шешуге болатындығын көрсетеді. Ал ол үшін бұл ойындарды  балалармен күнделікті  жұмыста  кеңінен  қолдану керек.

Қимылды ойындарды  пайдаланған  кезде  дидактикалық принциптерді: қолайлылықты, жүйелікті, бірізділікті, белсенділікті, парасаттылықты сақтау керек.

Бұл ойындар  жинағында  «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» сәйкес 3 жастан 7жасқа дейінгі балаларға арналған  ойындар іріктеліп алынады.

Ойындар, әрбір  жас тобы  үшін балалар қимылының  басымдылық  процесіне  қарай  орналастырылған: жүру, жүгіру , лақтыру,  секіру, өрмелеу.

Мысалы, жас ерекшеліктері  әртүрлі  топтарда  пайдаланылатын, жұртшылыққа  кейіннен белгілі  «Аққуқаздар» деген ойындар балаларға мынадай нәрсені ескеру  керек : қаздар жайылып жүрген кезде шөп жұлып жейді ,су ішеді. Осы қимылдарға  еліктеп бала еңкейеді, мойнын  созады, басын артқа қарай шалқайтады  т.б. сюжетті ойындар ды  мұндай  қимылдар  үшін әртүрлі уақытта себеп табуға болады.

Жаысна қарай бөлінген әр топтың  ішінде  де бұл принцип  сақталған.Мысалы, кішкентай  балалр алғашқыда, негізінен  балалрдың  қимылына  жағдай  жасайтын, жүгіруге , секіруге , ынталандыру міндеті  н атқаратын  ойындар берілген.Ол одан кейін  қимылдың  сапасына  талаптар қоятын  ойындар  орналастырылған.Мысалы, ал,алғашқыда балаларға сәл биіктіктен секіретін ,одан кейін бір орында тұрып , екі аяқпен алға қарай жылжып секіретін ойындар  беріледі.

Ересек  балалар  топтарында  терең   оларға, жоғарыға, жүгіріп  келіп  және бір орнында  ұзындыққа  секіруге  жаттықтыратын  ойындар  іріктеліп  алынған. Айналып тұрған секіргіш жіп арқылы секіреді.

Естияр балалар  мен  ересек  балалар  топтарында «Кеглилер» (ағаш қадаларды ағаш доппен  құлату), «Қар дөңгелектер»  және жүріп бара нысанаға  лақтыруға тапсырма беріледі. Мысалы, «Аңшылар  мен қояндар» ойыны.

Мектепке даярлық тобына  балалар үстел үстінде ойнайтын ойындар ( «ұшқыш қалпақтар») және басқада  дәлдікті ғана арттыратын емес, сондайақ қимылдар  шоғырландыратын , соққыны  белгілі  бір нысанаға бағыттауға үйрететін ойындарды ойнайды.

Қимылды ойындардың  бәрі сайып келгенде  балалар қимылының  жеңіл  де әсем, батыл да  сенімді  болуына бағытталған.

Ойынның мазмұнын, ережесін балаларға  анықайтып  беру, ойындағы  қимылдарды  дәл де айқын орындау  үшін тәрбиеші балалармен жұмыста  пайдаланылатын  қимылды ойындарды  жақсы білуге міндетті.

Қимылды ойындардың әсері  көп жағдайда  ойынның  алдына  қойылған  міндеттердің  ауыр жеңілдігіне  және  дене күшінің дәрежесіне байланысты болады. Ойын көп күш қуат жұмсауд талап етіп, бала организмін қатты жұмыс істеуге мәжбүр  етуіне қарамастан , олар әдетте  қуанышты ,  жақсы көңіл күй тудырады. Алайда бұл қуанышты  көңіл күй баланың дұрыс дамып жетілуіне оның алдына  белгілі бір күш жұмсауды  талап ететін , бірақ орындай алатын, міндет қойылған  жағдайда ғана дұрыс көмектеседі.

Балалардың істеген әрекеті  процестің  өзінен  сондай ақ  оның  нәтижесінен болсын, бірлесіп істеген ісәрекеттің сергек немесе  күйініштерінен болсын, бәрібір оған қуаныш әкелуі керек.

Мұндай  жағдайда  олар тағы да ойнай беруді сұрайды, ал одан ересегірек балалар  топтарында өз беттерімен де ойнайтын болады.

Ойындардың  әрбір топта  тұрақты  ойналып  тұруы  балалардың өздерінің инициативасымен пайда болып жүргізілуі үшін оларды  ұйымдастырудың  жолдарын  жақсы салыстырып, балалардың  ойнауға деген ынтасын шақыратын әр түрлі құралдарды  пайдалану керек.

Ойындар үй ішінде, сондайақ далада өткізілгенде де  тез қимылды  қажет  ететін  ойындармен  алмастырып  отыру керек. Жазда, ыстық күндерде , қимылды  ойындар учаскесінің  көленкелі  салқын  жерінде  немесе  орманның шетінде  өткізіледі.Қыста  серуен кезінде,  ойындарды жүгіру, секіру тәсілдері арқылы ұйымдастырып, қимылға мейлінше жағдай жасау керек: «Поезд», «Торғай және автомобиль», «Пятнышки» (доп ойынының бір түрі), «Қар дөңгелектер»,  «Мұз қалау» және басқа қимылды ойындар қыс кезінде демалумен алмастырылып отырылуы керек, балалардың денесінің артық қызып терлеп кетуіне  жол бермеу керек.

Барлық жас ерекшеліктері  бар топтарда  тәрбиеші  ұйымдастырған  қимылды  ойындар балаларға  қызықты  болып, қызу да шапшаң, сезімді,  емінеркін  өткізілуге тиіс.Тек осы жағдайда ғана олар бала тәрбиелеудің  тиімді  құралы бола алады.

Бұл жұмыстың  әр топта  жүйелі  жүргізілуі  үшін,  бірде  бір баланың  назардан тыс қалмауы  үшін , тәрбие  жұмысының  перспективалы  жоспарында, сондай ақ әр күнге арналған  жұмыс жоспарында , сондайақ әр күнге  арналған  жұмыс жоспарында да қимылды  ойындар белгіленуге тиіс. Тәрбиеші қандай  қимылды ойындарды бүкіл топпен  өткізетінін, қандай ойынды азғана топпен, қандайын  жеке балаларға ұсынатын  белгілеп қояды.

Тәрбие  жұмысы жоспарында көрсетілген әр жас ерекшелігі бар  топтар бойынша белгіленген жаңа міндеттер соларға байланысты шешіледі.

                                 Ойын ойынға жетелейді.

Балалық шақ адам өмірінің  осынау  бастапқы кезеңін біз  алаңсыз тіршілікпен байланыстыра ұғынамыз.

Әйтсе де  балалық шақ  біз түсінгендей  өмірдің  тек  алаңсыз кезеңі ғана ма екен? Ересектерге , біздің тіршілік  жағдайларымыз тұрғысынан  қарағанда, балалар алаңсыз көрінеді. Олар тек киімі бүтін, қарыны тоқ болса ойнап күлуді  ғана білетін сияқты  көрінеді. Барлап қарасақ,  балалар өмірінде де ересектер өміріндегі күрделі , қиын, кейде шешілмейтін мәселелер көп секілді. Олар  балалрды ренжуге , қапалануға  мәжбүр  етеді.

Балалық шақ  баланың жеке  тұлға болып  өзін өзі  сезінуінің алғашқы сатысы ,  демек  адамгершілік,  ақыл ой және  басқа да  қасиеттерінің  қалыптасуының ең маңызды  кезеңі . Мектеп  жасына  дейінгі   баланы дамытатын ,өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс әрекеті  ойын.

Ойын дегеніміз  жас  ерекшелік  қарамайтын ,  адамның  көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.Ойын  төзімділікті , алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділінінің , көп білуді, сондай ақ , басқада толып жатқан  сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан  ойынды әр  уақытта пайдалану үлкен нәтиже  берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен  мәнді де мағыналы  істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің  бастауы деп білеміз. Ойын  тек баланың дене күшін қуатын молайтып,оны шапшаңдыққа, дәлдікке  т.б ғана  тәрбиелеп қана қоймайды, оның  ақыл ойының  толысуына, жан дүниесінің  қалыптасуына, есейуіне де пайдасын тигізеді. Ойын  баланың алдынан өмірдің есігін ашып,  оның шығармашылық , қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

В.А.Сухомлинскийдің  сөзімен  айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл  ойын  қалыпты  дамуы  да жоқ.» және  болуы да мүмкін  емес.Ойын дүниеге қарай  ашылған үлкен жарық  терезе іспетті, ол арқылы баланың  рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз  ұшқын, білімге  құмарлық пен еліктеудің  маздап жанар оты.

Ойынды зерртеу  мәселесіиен  педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар  т.б әсіресе өнер қайраткерлері  түрлі саладағы ғалымдар ерекше  шұғылданған.

Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының  түрлері сан алуан. Солардың қай  қайсысы да адамға , оның игілігіне  қызмет етуге  бағытталған. Осындай  құнды  мәдени игіліктердің бірі ұлт ойындары.

Ойында  халық педагогикасының  құрамды  бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің  қатарына  сегізінші етіп, осы  ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.Бүгінгі  күннің  ұрпақ  тәрбиесіне деген  өз талабы, өз ерекшелігі бар.Халқымыз  терең мағыналы дана сөзін «Тауына  қарай аңы, заманына қарай заңы»  деп тауып айтқан.Еңселі ел болып, ана тілін, ата салтын, дәстүрін қатй түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы  және тұжырымдамалар мен бағдарламалар  тәрбие  жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді  талап етуде. Осыған орай елімізде  балабақшадан басқа,мектептерден 4-5жастағы балаларға арналған шағын орталықтар құрылды.

Қазақ  халқы  өзінің қоршаған  дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжей білуді баланың санасына  ойын арқылы жастайынан  сіңіре  білуді көздеген. Ойын  бала табиғатымен егіз.Өйткені, бала отбасымен және қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді.

Қазақ халқы  педагогикасында  саусақ ойыны ұрпақтан ұрпаққа қалған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың  сөйлеуге деген талпынысын ,қабілетін дамытып,  ынтасын арттыра  білген.Саусақ ойынын ойнай отырып, балалр қоршаған ортадағы заттар мен  құбылыстарды, жан жануарларды, құстарды,ағаштарды, бейнелей алады.

Ойын адамның өміртанымның алғашқы  қадамы. Шағын орталықтарда пайдаланатын: Ойын сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары,  дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар,  логикалық ойындар,  ұлттық ойындар баланы жан жақты дамытып, өзін қоршаған  ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым қатынастарымен танысуына көмектеседі.Ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу м әдениетімен дамытуға  арналған, адамгершілік сезімін оятуға,  адамдармен дұрыс қарым қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді.

Шағын орталықта болсын,балабақшада  болсын балалрмен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары болып келеді. Осы орайда  тәрбиешінің  басшылыққа  алатын негізгі ұстанымдары:

Тәрбиші  мен баланың арасындаңғы  педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;

Тәлім тәрбие, ұсынылған ойындарды  меңгерту, оның  бала зердесіне әсер етуі ,қабылдауы, есте сақтауы;

Балалрға берілетін тапсырманың  шектен тыс ауыр болмауы;

Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын  нығайтуға әсер ететінлдей болуы  шарт;

Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс әрекеті  жүйелі,мазмұн сабақтастығын  сақтай отырып, бірнеше компоненттерін құру.

Ойын процесіде  балалардың өздері ойнаушылардың мінезқұлқы мен  өзара қарым қатынастарын анықтайды  және реттейтін ереже  белгілейді.

Ойын арқылы баланың  болашаққа  көзқарасы қалыптасады. Кішіге қамқорлық  көрсету әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдастарымен ойвн барысында бірлесе  шешім қабылдау, үлкенді сыйлау , басқа адамның еңбегін бағалай  білу  дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.

Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, сюжетті ме, әлде драмалық болсын баланың ой өрісін  дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау  қабілеттерін жетілдіреді. Ал сюжетті рөлді ойынның бір жағымды жағы, оны балалардың өзі жасайды және  баланы өз құрбы құрдастарымен дұрыс қарым қатынас жасай білуге бейімдеп, ұжыммен, яғни көпшілікпен санаса білуге дағдыландырады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және   шығармашылық сипатта болады. Сюжетті рөлді ойында  бейнелеу құралы, ойын  әрекеттері  болып табылады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі  әңгіменің мақсаты бір нәрсе жайында сұралып , баланы  оған жауап беруге , белгілі бір әрекетке  түрткі болуға үйрету. Мысалы: «Дүкен» ойынын  ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне , ал «Аурухана»  ойынын  ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне  еліктейді.

 Мен тәрбиеші  ретінде  шағын орталықтағы  балаларға  көбінесе  сюжетті  рөлді ойындарды   ойнатқанда  дұрыс деп  санаймын. Себебі  балалар ойын  барысында  өздеріне  берілген рөлді аса  жауапкершілікпен қабылдап, өздерін   бір уақыт ересектер санатына қосып, ойлау қабілеттрі дамиды. Мысалы: Сабақ барысында төмендегідей сюжетті рөлді ойынды  ойнатуға болады.

Ойынның мақсаты: Балаларды екі үш  қамтитын  бірлесіп  ойнайтын  ойындарға қатысуға  тарту .Өзге  балалардың  ойнайтын рөлін белгілеуге, атауға,  үйрету.Ойында  балаларды мәдени мінез құлық ережелерін , өзара көмек қатынас арқылы дамыту. Заттарды  таңдап алып пайдалана білуге , рөлдерді орындауға, ойынның шартты әрекеттерін жасауға үйрету.

Көрнекі құралдар. Дүкен ойынына арналған ойыншықтар, дәрігерге халат, қаламсап, тындайтын трубка, термометр өлшейтін құралдар, т.б.

Сабақтың барысы. Балалар келген қонақтармен сәлемдескен соң, тәрбиеші баланың назарын  өзіне аударады.

-Балалар, біз қазір сюжетті  рөлді ойын ойнаймыз.Балалар сендер қандай  ойынның түрлерін  білесіңдер?

- Қане кім айтады?

- Сюжетті рөлді ойын.Дүкен, дәрігер.

- Балалар біз осы ойынды ойнамай тұрып, кімдермен таныстық. Қане естеріне түсіріндерші.

Балалар:

- Дәрігер апайдың бөлмесіне бардық, ол кісінің жұмысымен таныстық. Жақсы, өте дұрыс енді кім осы ойындарға байланысты тақпақ біледі.

Сәбилер өздері білетін  тақпақтарын айтты.

Менің анам дәрігер,

Тіс ауырса, іш ауырса.

Анам дәрі береді.

Барлық ана, барлық бала,

Оны жақсы көреді.

 

 

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

ТЕРІП АЛЫП ҚАСТЕРЛП ,

Торғайларға тастаңдар.

- Міне балалар, сендер дәрігер, нан туралы көп тақпақ білесіңдер.

Енді осы ойынды ойнайық. Дүкен ойынына қандай құралдар керек?

Енді өздерің таңдаған мамандықтарың  бойынша ойнауға  кірісіңдер.

 Ойын басталды. Дүкен ойыны.

-  Айдар сен дүкенге не үшін келдің, не алайын деп тұрсың.

- Шәй, нан, кәмпит аламын.

- Апам алып кел деп жіберді.

- Батыр сен қайда бара жатырсың?

- Дүкенге.

- Не үшін?

- Торт сатып аламын. Гүлнәр апайым торт әкел деді.

Дәрігер ойыны.

- Зухра сен ауруханаға не үшін келдің?

- Қуыршағым ауырып қалды.

- Түнде ыстығы көтерілді ме?

- Ия.

- Жақсы шешіндір тыңдайын.

Балалар ұнатқан ойындары туралы әңгімелейді, бос уақыттарында жалғастырып ойнайтындарын айтады.

Сабақ әнмен аяқталады.

Жалпы сәбилеріміздің ойыншықпен ойнап өсетіні белгілі. Ойыншық арқылы айналадағы дүниені  танып біледі. Ер балалар топталып мәшинелерімен ойнағанды жақсы көрсе, ал қыз балалар қуыршақтарын құшақтап жүргенді ұнатады. Жүк мәшинелеріне топырақты үйіп, ұзыннан ұзақ жолдармен жарыса зырғытқан кезде бала бар ойы санасымен басқа бір дүниеге еніп кетеді. Сол ойыншығының көмегімен өзара қарым қатынасқа түсіп, тілін байытады, ой өрісін жетілдіріп, дүниетанымы өседі. Ойынға беріліп кеткен бала өз ойыншығын мінезіне  сәйкес  сөйлетеді , қимылдатады. Бүкіл өнерін салып, бар ынтасымен беріледі. Егер балаңыз мәшинедегі топырағын төкпей шашпай, ұқыптап көздеген орынға жеткізсе, оның тиянақты болғаны. Ешбір маңыз бермей , қалай болса солай ойнап жатқан бала қызығынан екіншісіне тез ауысатын балалар, керісінше тек біреумен ұзақ ойнап жүріп алатындар болады. Демек бақылап отырсақ сәби қолында жаны кіріп, әр түрлі қимыл жасап жатқан ойыншықтар бізге кішкене бөбектеріміздің мінез құлқын тануға , олардың түсініктерін  анықтауға көмектеседі. Яғни  бала ойыншық арқылы өзін көрсетеді. Өкінішке орай ойыншық атаулының қымбат бағасы бәріміздің  жаымызға бататын секілді. Ойыншықтар дүкендерде толып тұрғанның өзінде олардың бағасы маңына жолатпайды. Ойыншықты көріп қуанып,  құнын көріп қорқып кетесің. Егер  баласы бар үйге қонаққа жиналғанда кейде жомарттығымыз оянып «ұят  болар, дұрысын апарайыншы» деп, бағасына қарамай келісті ойыншықты сатып алып жататын кездеріміз аз  болған жоқ. Ал өз баласына келгенде тарлық көрсетіп, «Ойыншықсыз ақ өседі емес пе?» деген пікірлер де кездесіп қалады. Сондықтан әр ата ана баласына анда санда болсын қалаған ойыншығын сатып әперіп отырса, жақсы болар еді. Сол секілді әрбір  шағын орталықтардың сөрелерінде түрлі түсті ойыншықтар жайқалып тұрса, балаларға өте көңілді болатыны сөзсіз.

  Шағын орталықтарда  ойын арқылы баланы дамытуға  арналған тапсырмалар үйелі бағыталып,  ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге  жетуге болады:

- Балалардың ақыл ойы кеңейеді;

- Өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады;

-  Логикалық ойлауы, ой белсенділігінің артуы;

- Өзін өзі бағалай білуі,  өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;

- Интелектуалды ойлау қабілеті дамиды;

- Белгілі бір іс әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.

Сондықтан біз  тәрбиешілер  сабақта болсын, серуен кезінде болсын балалардың іс әрекетін ойын іс әрекетімен ұштастырып отырсақ нұр үстіне нұр  болар еді.

                         Мамандығым мақтанышым.

Мектепке дейінгі  тәрбие жүйесі білім берудің неше түрлі  арналардың күрделі механизмі, оның негізгі арқауы, келелі мәселелерін  шешетін балабаұша болып табылады. Сондыұтан мектепке дейінгі  тірбие  жүйесін қайта құрудың басты  шарты балабақшаға қолайлы жағдай жасау, оларға тәрбие мәселесінде еркіндік беру,мектепке дейінгі  мекемелердің материалдық техникалық базасы, кадр т.б. өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін экономикалық  қуатын арттыру.

Тәриеші балабақшадағы  басты тұлға.

Сондықтан балалар  тобындағы психологиялық ахуал, балалардың өзара жарасымды қарым қатынасы олардың бақшаға келуінің ынталығы, көптеген басқа да жәйттер тәрбиеші жұмысына  байланысты. Ол ата аналармен бірге баланың дұрыс өсіп жетілуін, қалыптасуын белгілі нысанада жүргізетін ықпалды тұлға.

 Мектепке дейінгі  мекеме  жүйесін қаййта  құру  ісіне педагогтардың қатысуына   жағда жасау үшін шығарымпаздығын,  жаңашылдығын, өзін іс жүзінде  көрсете алуын қуаттай  білу  қажет.

«Адамды адам ғана тәрбиелей алады» деген қағида кімге болса да басшы болуы тиіс.

Аталғандармен қатар  тәрбиеші еңбегінің жарасымдығын қамтамасыз ету үшін  нақтылы шаралар  белгілеп, оны іс жүзіне  асыру  қажет. Мектепке дейінгі тәрбие  мүдделеріне сәйкес кадрларды іріктеп  даярлау, олардың жұмыс әдістердің  тиімділігіне берілетін баға шегін  анықтау, экономикалық ынталандыру, психологиялық  педагогикалық, әлеуметтік қызмет көрсету  сияқты жанды мәселелер шешілуі  н,қажет.

Соңғы уақытқа дейін  тәрбиешіге қойылған талаптар балаларды  пәндік  дағдыларға үйрету, ойын, оқу  еңбегіне жаттықтыру жағы басым болды  да тәрбиешінің де, баллардың да  жеке  бастарын қалыптастыру жағы  бірталай жағдайларда назардан тыс  қалып келді.

Баланың жеке  басының  адам болып қалыптасуына көңіл бөлетін  уақыт жетті. Мұндай мақсат баланың жасына,  жеке басының ерекшеліктеріне қарай оның жарасымды өсіп, жетілуін қалыптастыру болып табылады. Осыған орай мұғалімнің міндеті баланың қалыпты дамып,  оның  ұнамсыз жағын тезге салуға ықпал жасауына жағдай туғызу қажет болады.

 Негізгі бағыт  бала бойында дүниетаным қалыптастыру, әлеуметтік және психологиялық  мәдениет тәрбиелеу, құбылысқа  толғана, тебірене білуге үйрету.

 Бұл бағыттырдағы  іс әрекеттерді балабақша мен  әлеуеттің бірлесе атқаратын қарым қатынасына баса  көңіл бөлуіне тиіс. Ата ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да  бірінің жұмысын екіншісі ауыстыра алмайды, сондықтан олардың қарым қатынасы  бірін бірі толықтыру, бір бірімен түсінісу, бір бірінің бағытында құрылуы тиіс. Бала  толық мәнінде адам санаты өсуі үшін үлкендермен тілдесе, толғана, тебірене біліп,  жұмыс үстінде араласып, үлкендерді қадір,құрмет  тұтып, оларға қамқорлық жасай білуі керек. Сондықтан балабақша мен әлеуметтің табиғи жалғасы  болып,  ата аналар мен тәрбиешілердің біртұтас педагогикалық ұжымы құрылуы тиіс. Мектепке  дейінгі мекеме өмір әулет, қалың жұртшылық басқа да әлеуметтік орталардың көз алдында өтетіндей құрылуы керек. Ата аналар өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі, интелектуалдық және қабілетінің қалыптасатынын көріп біліп отырғаны абзал. Осы мақсатқа байланысты мектепке дейінгі мекеме мен ата аналардың қарымқатынасына қолйлы, олардың.жалғасы жоқ.

                                Ойын арқылы балалрдың ой  өрісін және  тілін дамыту.

Қазіргі уақытта педагогика даму үстінде. Педагог тәрбие  және оқыту барысындағы өзінің іс әрекетінің нәтижелерін әрбір баланың қалай  дамып келе жатқандығынан, оның шығармашылық потенциалынан, қабілетінен, қызығушылығынан  байқайды.

 Бұл жағдайда  балалардың айналаны  қоршаған  ортадағы құбылыстарды қабылдауына  зор  септігіін тигізетін және  қатынас құралы болып табылатын  ана тілінің алатын орны ерекше.

 Тілдің дамуы  тек мазмұны ғана емес, сонымен  қатар, образдық, эмоционалдық жақтарын  да меңгеруді қажет етеді.

 Тілді көркемдік  жағынан дамыту үшін баланың тек қарапайым әңгімелескенде ғана емес, басқа да ортада өзге адамдардың арасында да  өз эмоциясын, сезімін,  көзқарасы мен ойын ашық  айта білуіне жағдай жасау керек. Бұған баланы ерте жасынан үйрету керек.

 Көпшілік ортасында  мәнерлеп сөйлей білуге тәрбиелеудің  бірден бір жолы баланы жастаынан   халық алдына шығару. Бұған мектепке  дейінгі жастағы мекемелерде  ойын жаттығулары мен насихаттық  ойындар негізіндегі сабақтар  көп көмегін тигізері сөзсіз. Бұл ьбалалрды қуантып, қызығушылықтарын  арттырады.

 Баланың ең басты  өзіндік іс әрекеті ойын болып  табылады. Көру  қабілеті нашар  бала ойын арқылы өз құрбыларының  арасында өзін ұстау тәжірибесін  жинайды, ережелері мен нормаларын  меңгереді, өз бетінше әрекет  жасауға мүмкіндік туғызады.

 Көру  қабілеті  нашар балаларға қоршаған ортадағы құбылыстарды дұрыс түсініп, оларды айыра білуге жағдай  жасалмаса, қалыпты жағдайдағы балалрға қарағанда, қатынас жасау дағдылары мен әлеуметтік біліктілік деңгейі біршама артта қалуы мүмкін. Балалардың ойын түрлерінің қалыптасуы педагогикалық көмекті қажет етеді.

 Мен өзімнің  тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Мен ойындарды күннің екінші  жартысында өтемін.

 Соған орай ойындарды  өткізу алгоритімін жасадым:

Қыркүйекте -  балаларды бақылап, ата аналармен жұмыс жасап, ( сауалнамалар, бақылау  карталары), әлеумеииік  біліктілік, тіл дамыту, қатынас жасау дағдылары деңгейінің диагностикасын құрастырамын.

Қазан, Қараша, Желтоқсанда - ойындар өткіземін( бір ойын аптасына екі рет өткізіледі) ол ойын балалрдың топтасуына, көру мүмкіндігіне, даму деңгейіне, ата аналар мен мамандардың қатынасуына қарай таңдалады.

Қаңтарда -  даму диагностикасы, жұмыстың қорытындыларын жасаймын.

Ақпан, Наурызда, Сәуірде – дидактикалық ойындарды  өткіземін.

Ал, Мамырда – қорытынды диагностиканы, нәтижелерін талдап, алдағы  жұмыстарды  жоспарлаймын.

Халық даналығында: «Ойнай білмеген, ойлай да  білмейді», «Ойында озған өмірде де  озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектеп алды баланың ойынға  деген құлқы, қарым қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де  өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Халқымыз бала  тілінің дамуына ойын әрекеті елеулі орын алатынын ерте кезден ақ болжап білген. Ойын кезінде баланың ортамен қарым қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, ойын үстінде бала жолдастыққа, көпшілікке, тапқырлыққа, ептілікке, адамгершілікке тәрбиеленеді. Баланың ақыл ой дайындығының компоненттерінің бірі жеткілікті дамыған тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Баланың  тілін жетілдіру үшін алдымен  баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта  білуге  үйрету,  оны әңгімеге  тарта  отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Бұл ретте тәрбиеші балалардың сөйлеспелі сөзінде сөйлем мүшелерін қолдана білуіне, тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсіне  білуге және  оған толық жауап беруге, диолог түрінде сөйлесу,  өзіне таныс ойыншық,  тағам,  киім кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау бақша,  жан жануарлар, өсімдік жемістер, орман тоғай, тау тас, өзен көлдер немесе ай күн жұлдыздар туралы, сондай ақ, адамдар, көрші қоландар, бір ауланың балалары , тіпті, балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайында түсінігі болып,  олар  жайында әңгімелей білуге үйретуге тиіс. Осы арқылы айнала  дүниені , табиғатты бақылата, таныта  отырып, баланың сөздік қорын байыту, ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе сөз қарым қатынас ензінде өздігінен дұрыс айта білуге төселдіру керек. Тәрбиеші айтқан затты немесе ойыншықты тауып әкеліп көрсету, атын атап айту, әлгі заттың атын, іс қимыл әрекетін, сынын ,сапасын санын,түр түсін,  пішінін білдіретін сөздерді үйрену, сондай ақ, сол заттардың кеңістікте орналасқан орнына  қарай орнын , яғни, жоғарыда үстіне деген секілді үстеу сөздердіи қолдана отырып, мекен жайын айта  білу бала үшін аса қажет.Баланың тіліндамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы  ойын шарттарын айта отырып  та, байытуға болады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін?», «Сызықты басып кетпе», «Шарды  ұста», «Қуыршақты киіндіреміз»,  «Көлемі бойынша қой», «Шарбақты құрастар», «Лентаны ора», «Дәл  түсір» деген секілді көптеген ойын түрлерін қолдануға болады.

Баланың бірінші әрекеті ойын ,сондықтан да ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы