Белсенді туризм

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

3

   

1

БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1

Белсенді туризмнің даму тарихының  кезеңдері

 

1.2

Белсенді туризм мәні және оның түрлері

 

1.3

Белсенді туризм ерекшеліктері мен  маршруттың жіктелу белгілері

 
     

2

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА  ТАЛДАУ

 

2.1

Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары

 

2.2

ШҚО белсенді туризмінің ресурстары

 

2.3

Аймақтағы белсенді туризмнің дамуына  талдау жүргізу 

 
     

3

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

 

3.1

Аймақтағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары

 

3.2

Белсенді туризм бойынша ұсынылатын маршруттар

 

3.3

Белсенді туризмнің даму болашағы

 
     

ҚОРЫТЫНДЫ

 
     

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 
   

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына  деген сұраныс өсуде. Еліміздің  жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін  туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан  туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай  мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған  қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде  қарастырылмағандықтан, осы саланың  дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде  мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының бірегей  туристік әлеуеті бар. Облыс көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, спорттық (альпинизм, таулы өзендермен жүзу, шаңғы спорты), аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан. Ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас), ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы облыстағы туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады.

Жұмыстың  өзектілігі. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы туристік саланы дамытудағы алғашқы қатарлы туристік аймақтардың бірі болып табылады. Және де бұл аймақтағы белсенді туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен алғы шарттарының жетерлік болуы тартымды туристік аудандардың біріне айналдырып отыр. Сондықтан Алматы облысымен осы өңірде де белсенді туризм түрлерін дамыту өзекті мәселе болып табылып отыр. Дегенмен бұл мақсатты жүзеге асыруда осы күнге дейін кедергілер мен мәселелер жетерлік. Ғылыми түрде де белсенді туризмнің осы аймақта қалайша тарылып, дамып отырғаны жайлы да әдебиет басылып шығарылмаған. Сондықтан берілген диплом жұмысының тақырыбының іске асырылуындағы Қазақстан Республикасын танымал етіп, туристік саласын жоғары қарқында дамытудағы маңызы өте зор.

Жұмыстың  мақсаты: Шығыс Қазақстан облысындағы белсенді туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен әлеуетін зерттеу, осы саланы дамытуға талдау жүргізу.

Жұмыстың  міндеттері. Жоғарыдағы белгіленген мақсатқа сәйкес жұмыста келесідей міндеттер туындады. Бұл міндеттер жұмыстың мақсатын ашуға бағытталған:

  • Белсенді туризмнің теориялық аспектілеріне, оның даму тарихына, жіктелетін түрлеріне, белсенді туризмдегі маршруттардың жіктеліміне толық сипаттама беру;
  • Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресуртарына, оның ішінде табиғи-рекреациялық ресурстары мен әлеуметтік, тарихи-мәдени ресурстарына сипаттама беру;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы белсенді туризм ресуртарына талдау жүргізу;
  • Аймақтағы жалпы туризм саласының дамуына талдау жасау;
  • Белсенді туризмнің дамуына, оны ұсынатын туристік мекемелерге, ұйымдастырылған маршруттарға талдау жұмыстарын жүргізу;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы белсенді туризмді дамытудағы мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын іздестіру;
  • Шығыс Қазақстан аймағындағы ерекше белгілі белсенді туризм бойынша маршруттарға сипаттама беріліп, біренешеуіне тоқталып өту;
  • Аймақтағы белсенді туризмнің дамуының болашағына тоқталу.

Зерттеу пәні. Шығыс Қазақстанның белсенді туризмі

Зерттеу объектісі. Шығыс Қазақстан облысы

Бітіру  жұмысының барысында келесідей зерттеу әдістері қолданылды: салыстырмалы-сипаттамалық, статистикалық және тарихи әдістер, жүйелік талдау.

Зерттеудің  ақпараттық және ғылыми әдістемелік  базасы. Диплом жұмысында Ресей және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды.

Жұмыстың  теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы. Жұмыста белсенді туризм түсінігіне, оның түрлеріне нақты тұжырымдамалар берілді. Жұмыста белсенді туризм түрлерінің сызбасы автормен жасалды, белсенді туризмнің дамуына талдау түрлі диаграммалар негізінде жүргізілді, белсенді туризмнің түрлеріне маршруттар құрастырылды.

Жұмыстың  көлемі мен құрылымы бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, оның ішінде әрқайсысы үш бөлімнен тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі ?? бет. Пайдаланылған әдебиеттер, барлық дерлік әдебиет атаулары және ғаламтор желісінің сайттары.

 

 

 

 

 

 

1 БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Белсенді туризмнің даму кезеңдері

 

 

Туризм қоғамда белгілі бір  орын алатын құбылыс ретінде және термин немесе түсінік ретінде тек XIX ғасырда ғана қалыптаса бастады. Одан кейінгі оның даму тарихы (XX гасыр) өзіндік толығуымен, жетіле, күрделене түсуімен сипатталады. Алайда туризм термин ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде бірден қалыптасқан жоқ. Оның қалыптасуына тікелей болмаса да, жанама түрде әсер еткен тарихи алғы шарттар немесе факторлар болды [1]

Әдебиеттерде туризмнің дамуын сипаттайтын авторлардың түрлі көзқарастарын кезіктіруге болады. Мысалы, В.И. Ганапольский 1987 жылы, туризмді адамдарды тәрбиелеудің басты құралы ретінде пайда болған және дамып отырған қоғамдық қажеттілік деп түсіндірді. Оның дамуын ол үш кезеңге бөледі: топтық жорықтар мен саяхаттардың үйымдастырылуына алғы шарттардың пайда болуы; жорықтарды тәрбиелеу құралы ретінде бекіту; тәбие беру, оқу, сауықтыру және спорттық тапсырмаларды шешуге ықпал ететін қоғамдық-әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің дамуы.

Бірінші кезең ежелгі жорықтарды дәлелдейтін  адамдардың жақсырақ жерлерді іздестіруінен  туындаған деген көзқараста болды. Туризм дамуының екінші кезеңі – тәрбиелеу  құралы ретінде жорықтардың бекітілуі. Үшінші кезең қоғамдық-әлеуметтік құбылыс  ретінде туризмнің дамуымен сиаптталады  – аймақтық одақтар, саяхаттауды  жақсы көретіндердің ассоциациялары ашылады, клуб, секциялар пайда болады, жүйе қалыптасады. Осы кезеңде физикалық  тәрбиедегі әскери-қолданбалы бағыт  пайда болады, оның ішінде ол белсенді туризмде де көрініс табады. Клубтар  жорықтар маршрутын құрастырады, жолдар салады, арнайы туристік классификация  қалыптасады.

1966 жылы Кириллов А.Т., Волкова  Л.А туризмнің дамуын төрт кезеңге  бөледі: бірінші кезең 1841 жылға  дейін – бастапқы кезең, жаңа  және игерілмеген территорияларды  танып, қызығушылық мақсатында  қозғалыс жасау ретінде сипатталады.  Сауданың дамуына байланысты  сапарлар мен саяхат жасауға,  мәдениет дамытуға қажеттілік  туындады. Осы кезеңге демалыспен, емделумен, күшті және денсаулықты  қалыптастырумен қатысты сапарлар  жатады. Физикалық тәрбие мен  спорттық дамуы спорттық жарыстардың,  оларды өткізуге арналған жабдықтардың  дамуына алып келді, осыған  сәйкес спорттық туризм мен  белсенді туризмнің дамуы пайда  болады.

Зерттеушілер екінші кезеңнің 1841 жылдан 1914 жылға созылатынын, туризм саласының  қалыптасу кезеңі болып табылатынын  айтады. Осы кезеңдегі туризмнің  негізін қалаушы ретінде ағылшын  Т.Кукты атайды. ХIХ ғасырдың 40-50 жж. еуропа елдерінде бірінші туристік бюролар ашылады. Ресейдегі бірінші «Әлемнің жан-жағына қоғамдық саяхаттар үшін кәсіпорындары» атты туристік ұйым 1885 жылы пайда болды және туристік кәсіпкерліктің дамуы Ресейліік туристер қоғамдастығын құруға алып келді. 1877 жылы Тбилисиде бірінші Альпілік клуб ашалады.

1914-1945 жж. үшінші кезең туризм  индустриясының өндірістік, транспорттық, саудалық, қызмет көрсету мекемелері мен орналастыру орындары ретінде қалыптасуымен сипатталады.

Төртінші кезең, 1945 жылдан бастап біздің күнімізге дейін – бұл кезеңнің негізгі сипатын ғалымдар жалпылай туризм саласының монополизациясы  ретінде белгілейді. Ғалымдардың  ұсынысы бойынша: туризмнің алдыңғы  тарихы кезеңі саяхаттардың қозғамалары  демалыс, сауда-саттық, қажылық, емдік, спорттық жарыстар және т.б. болып табылатын  антикалық туризмнің дамуын ендіреді; діни туризм, оқу, аристократтық қатынас  мазмұндалатын ортағасырдағы туризм; жаңа заман туризмі өндірістік революцияның дамуымен сипатталатын болады.

1927 жылдардан кейін спорттық-сауықтыру  туризмі монополизацияланды, кәсіби  одақтарға берілді, әлеуметтік  және өзіндік туризмнің дамуына материалдық база қалыптасты [2].

Бірінші Альпілік клуб Кавказ қоғамдастығымен 1877 жылы Тифлисте ашылады. Оның негізгі  мақсаттары болып таудағы саяхаттарды  белгілі ету табылады. 1885 жылы Велосипедист-туристер Қоғамы құрылады, филиалдарымен бірге ашылады, сонымен қатар үлгілік Ресей туристерінің қоғамы (РТҚ) құрылады. РТҚ жетекшілері туризмнің тәрбиелік маңызын көтерді және интеллигенцияның прогрессивті бөлігін біріктірді. 1890 жылы Одессада Крым тау клубы ашылды, Севастополь мен Ялтада филиалдары болды. «Табиғатта сүюшлер тау спорты мен Крым тауларының қоғамы», «Физикалық тәрбие қоғамы», «Табиғатта сүюшілер қоғамы», «Теңіз маңындағы экскурсант» құрылды.

КСРО-дағы спортық-сауықтыру туризмінің дамуын ғалымдар үш кезеңге бөліп  қарастырды

Бірінші кезең, 1918-1935 жылдарға келді, ол туризмнің ұйымдастырушылық құрылымының  пайда болуы және қалыптасуымен  тығыз байанысты.

Екінші кезең – 1936-1968 жж. – туризмнің  кәсіподақтарға кірісуі жүзеге асырылды және туризм индустриясының қалыптасуының  алғы шарттары пайда болды.

Үшінші кезең 1969 жылы бастылып, 1992 жылға дейін созылды. Бұл кезде  әлеуметтік қоғам жағдайларында  туристік-экскурсиялық іс-әрекет дамиды.

Елдегі туризмнің дамуының жаңа тарихы КСРО құлауымен байланысты басталды. 90-жылдардың басындағы туризмге тән сипаттан басқарудың мемлекеттік  жүйесінің қайта ұйымдастырылуын  аңғаруға болады. Спорттық-сауықтыру  туризмінде жаңа түрлері: кеме туризмі, ат туризмі, шектеулі өмір мүмкіншіліктері  бар туризм пайда болды. Бұл туризм түрлері спорттық классификацияға  және т.б. енген болатын.

Елдегі туризмнің орнауының  ерекшелігі демалыс, қарым-қатынас  мақсатындағы саяхаттардың түрі ретінде  классикалық нұсқасының дамуымен қатар, спорттық туризм де пайда болып, қоғамдық (массалық) бағытқа ие болды, 1949 жылы Бірыңғай Бүкілодақтық спортық классификацияға  ендірілді. Бұл өз алдында туризм түрлері бойынша комиссияның  қалыптасуына, ел бойынша туристік маршруттардың құрастырылуына, МКК (Маршруттық квалификациялық комиссия) ашылуына ықпал етті. Туристік жорықтарға топтық қатысу спорттық жорықтардың инструкторлары мен жетекшілерін даярлауды қажет етті. КСРО кезеңінде ерекше назар ең арзан және топтық демалыс ретінде саналған өзіндік туризмге аударылды, сондықтан да айналысатындар санын ұлғайту үшін туристік клубтар ашылып, қалалар мен аудандарда туристік жұмыстарды ұйымдастыру орталықтары жұмыс жасады. Сол уақыттың қоғамдық ұйымдары, туризм белсенділері туризммен және белсенді демалыспен айналысуға жылына 6,8 млн жуық адамды тарта алды, туристік жорықтарды 14250 туристік топтар қатысты, 30 мың туристік секция мен комиссия болды.

Кеңес Одағының құлауымен 90 жылдардың  шегінде көптеген спорттық туризмді басқару құрылымдарының жұмысы тоқтатылды. Дегенмен, спорттық туризмнің белсенділері жинақталған спорттық туризмнің  әлеуетін сақтап қалуға тырысып бақты. Ресейде туристік-спорттық қоғам (1991-1992) ашылды, ол өз кезегінде дәл осы  кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, спорттық-сауықтыру  туризмін дамыту қозғалысын сақтап қалудағы басты міндетін алға қояды. Күрделі  маршруттарды игерумен қатар, туризм сауықтырылуының, рухани даму мен адамның өзін-өзі  жүзеге асыруының тиімді құралдарының біріне айналады.

1995 жылы өткен Ресейдегі спорттық-туристік  съезде жаңа кезеңдегі қозғалыс  спорттық-сауықтыру туризм арқылы ұлттың сауығуына бағытталды [3].

Спорттық-сауықтыру туризмінің дамуының қалыптасқан жүйесімен қатар, белсенді туризм де спорттық-сауықтыру турларын ұйымдастырумен айналысатын туристік фирмалар орын алған коммерциялық туризм саласына еніп отыр. Туристік кәсіпкерліктің осы негізіне жаңа операторлар енеді, белсенді туризм түрлерінің географиясы  мен мамандануы кеңеюде, маманданған  туризмге арналған көрмелер өткізілуде. Ұсынылатын турлардың географиясы  да кең ауқымда дамып отыр. Демалыстың түрлі түрлері бойынша маршруттар ұсыныла бастайды – суда жүзу, жаяу-тау жорықтары, велосипед, ат, треккинг, шаңғы турлары және .т.б.

 

 

    1. Белсенді туризм мәні және оның түрлері

 

 

Белсенді туризм, экстремалды спорт түрлері жеке адамның рухани және физикалық дамуын, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеудің, халықтар мен дәстүрлер арасындағы өзара түсінушілік пен өзара құрметтеудің негізгі тиімді құралы әрі өмірді, тарих, мәдениет, халық дәстүрлерін шынайы танып-білуге негізделген «халықтық дипломатия» формасы; мектеп жасындағы балалардан бастап, жастар, студенттер, зейнеткерлерге дейін халықтың барлық әлеуметтік-демографиялық тобының өзіндік белсенділік формасын таңдаудағы тәуелсіздікпен сипатталатын демалыстың демократиялық түрі болып табылады [4].

Спорттың қолданбалы түрлерімен және спорттық-сауықтыру туризмімен балалар, сонымен бірге, халықтың басқа да топтары – жастар, студенттер, интеллигенция, мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер айналысады.

Балалар мен жастар үшін бұл тек денсаулықты нығайту ғана емес, сонымен қатар, патриоттық сезімге баулып, ерлікке, азаматтылыққа, руханилыққа тәрбиелеу болып табылады. Беріліп отырған белсенділік жастардың нашақорлық, ішімдік, құқықбұзушылыққа қарсы тұратын нәтижелі құралдардың бірі болып келеді десек қателеспеспіз. Халықтың ересек адамдары арасында туризмнің бұл түрі – рекреация мен жанұялық демалыс құралы. Алл зейнеткерлер мен егде адамдар тобына бұл – белсенді жас ұзақтылығының құралы және жиналған тәжірибені жастарға беру, ұрпаққа белсенді ықпал ету.

Спорттың олимпиадалық түріне қарағанда, белсенді туризм және спорттың қолданбалы және экстремалды түрлері халықтың барлық топтарына және барлық жас құрамына жетімді әрі аз шығындалуды ғана қамтамасыз етеді, өйткені дайындық үрдісі мен маршруттардың өзі табиғи ортада өтіп, қымбат тұратын стадиондар, арнайы спорт залдары, қымбат құнды құрал-жабдықтарды қажет етпейді, осының барлығы спорттың басқа түрлері мен фитнестен ерекшелігін айқындайды. Сонымен қоса, осы спорт түрлерімен не белсенді туризммен айналысқанда қауіпсіздік пен қолайлылықтың аз да болса деңгейлілігімен қамтамасыз ету қажет [5].

Дәл осы спорттың қолданбалы және экстремалды спорт түрі және спорттық-сауықтыру  туризмі Қазақстан Республикасының  азаматтарын физикалық және рухани сауығуын аз шығындалумен аз уақыт  мерзімінде қамтамасыз етуде.

Белсенді туристік жорықтарды сипаттап, оның ұйымдастырылуына тоқталмас бұрын  «белсенді туризм» терминін түсіндіріп өту қажет.

Негізінен әр түрлі саяхаттар жасауға  болады. Шетелге баратын туристік сапарлар бар – шетелдік туризм. Осыған қоса өз елінің ішіндегі саяхат бар. Қалалар бойынша поездбен сапар шегу сияқты,  ұшақпен де бір елден екінші елге, бір аймақтан екінші аймаққа саяхат жасауға болады. Бұлардың барлығы белсенді туризм емес, өйткені мұндай саяхат физикалық күш пен интеллектуалдық қабілеттерді қолданусыз жүзеге асырылады.

Ересек квалификацияланған туристерді үнемі спорттылығымен – ұзаққа созылатын  белгілі бір жерден өту күрделілігінен өту саяхаттары тартады. Саяхатшылар  үшін бұдан да таулы жерлер қызықты  болып келеді, мүнда түрлі табиғи нысандар шоғырланады: шыңдар, асулар, мұздықтар, қар, көл және өзендер [6].

Жоғарыда айтылғанды талқылай келе, белсенді туристік саяхаттың мәні саяхатшылардың мақсаттарын, барғысы келетін табиғат  нысандарын өздері таңдап алуында, өздері мақсаттарына сәйкес кедергілерді өтуді  қамтамасыз ететін маршрут құрастыратынында болып келеді.

Қазіргі заманғы белсенді саяхаттар  – кезінде Жерді ашып, зерттеген  ғылыми экспедициялардың моделі болып  табылады. Туристер (әсіресе балалар) де жаңа территориялар ашады және зерттейді.

Белсенді маршруттар негізінен келесідей бағалаулармен айқындалады: саяхаттау аймағы қол жетерлік болу керек (транспорттық жүйе жедел әрі сенімді жетуді қамтамасыз ету керек); маршрут қысқа, қызықты (әр түрлі) және жеткілікті түрде қарапайым болу керек.

Белсенді саяхат адамның табиғатпен тығыз байланысын қамтиды. Ағаштар  от жағу үшін отын береді. Өзенмен қайық не кеме арқылы жүзуге болады, бірақ абай болу керек, өзенде батып кету мүмкін. Жаңбыр туристер үшін үлкен қолайсыздық тудырады, бірақ ол өзенді қоректендіреді, өсімдіктерді суарады. Осындай және осы сынды табиғаттағы құбылыстар адамдарда табиғатқа адамдардың, адамдар табиғатқа тәуелді екенін, табиғат құбылыстарының тығыз байланысын түсінушілігін қалыптастырады, өзін табиғаттың бөлігі ретінде түсінуге мүмкіндік береді.

Саяхаттың белсенділігі мақсат пен  жолдың алдын-ала анықталып, алдын-ала  жариялы (маршрут«бекітілген») болуында. Маршрутты өткерілмеуі оның өзгерісі сәтсіздікті, саяхаттың зая кеткенін, топтың (туристік топтың) жеңілісін  білдіреді. Әрине, бұлардың барлығы  шартты болып келеді, бірақ мұндай шарттар жалпы спортқа тән  сипат.

Белсенді туризмнің маманданушылық ерекшелігі де бар. Жорықтағы шарттылы мақсатқа тырысу абай болуды талап  етеді. Олай болмаса, басқаша шартты мақсат туындауы мүмкін – қалайша  үйге тірі қайтуға болады деген.

Белсенді саяхат – ұзақ (күндер, апталар) – кешенді шара. Ол көп  физикалық (күш, шыдамдылық, техникалық қабылдаулар) және интеллектуалдық (тактикалық тапсырыстар, техникалық қабылдаулар) күштерді талап етеді. Барлығын алдын-ала  болжап алу мүмкін емес. Маршрутта  шытырман оқиғалар күтіп отырады. Нақты  шынайы жағдайда жоспарланған ойды жүзеге асыра білу керек. Әрине, егер кішкене  де болса маршрутта не күтіп тұратынын  болжай алатындай болса, барлығын жа жүзеге асыруға болады [7].

Белсенді туризмге «жабайы туризм»  жақын келеді. Олар да белгілі бір  аймақты көріп, тамашалайды. Дегенмен, оларда өтуге тиісті нақты маршрут  болмайды. Ресми түрде бұл олардың  саяхатты «бекітпейтінімен» анықталады. Белгілі бір жағдайға байланысты «жабайы» туристер саяхаттау уақытында  өз маршруттарын өзгерте алады. Белсенді және «жабайы» туризмнің арасында нақты  бір шектеу жоқ екені байқалады.

Белсенді туризм – бұл физикалық  күш пен демалыстың үйлесімінің  мүмкіншілігі, саяхат пен қызықты  оқиғаларды ұнататын адамдардың іс-әрекеті. Бұл қазіргі заманғы туризмнің  ең белгілі әрі ең қызықтыларының бірі болып келеді.

Белсенді туризм түрлері деген  түсініктің өзі кең ауқымды. Белсенді туризм түрлері өзіне жаяу серуендеулерден  бастап, спорттың шытырман түрлеріне  дейінгі туристік іс-әрекеттердің түрлі  бағыттарын біріктіреді. Бұлар - жорықтар, тау-шаңғы саяхаттары, рафтинг және альпинизм, треккинг және автобустық турлар, экстремалды туризм.

Туризмнің келесі түрлері бір-бірімен үйлесімді болып келеді, бір жағынан олар әр түрлі болып келеді:

  • Жағажайлық туризм;
  • Экскурсиялық туризм;
  • Танымдық туризм;
  • Қонақжайлылық туризм;
  • Өзіндік туризм;
  • Экологиялық туризм.

Қазіргі уақытта туризмнің классикалық  түрлері: жағажай туризмі, экскурсиялық туризм және қонақжайлылық туризммен қатар ең белгілі орынды осы сала - белсенді туризм танылып келеді.

Көптеген адамдар өздерінің  қалаларының қоршауынан шығып, уақытша  болсын оның сұлулығы мен шынайы табиғаттың ғажайыптылығына ауыстыруға талпынады. Ал белсенді туризм біздің уақытымызда жоғары қарқынмен дами отыра, осыған өте маңызды ықпал етеді [8].

Белсенді туризмнің қалыптасқан  белгілі түрлеріне назар ауларайық (Қосымша А):

  • Жер бетіндегі туризм;
  • Тау туризмі;
  • Су туризмі;
  • Экзотикалық туризм.

Туризм түрлерінің классификациясына  тоқталатын болсақ, онда келесідей  жіктеулер көрсетілген.

Жер бетіндегі туризм ішіндегі түрлері:

  • Жаяу туризм немесе треккинг;
  • Спелеотуризм (жабдықталмаған үңгірлерді аралау, саяхат жасау);
  • Спелестология (жасанды пайда болған жер асты құрылымымен саяхат жасау);
  • Велосипед туризмі немесе веложорықтар (1 сурет);
  • Маунтинбайкинг.

 

 

 

 

1 сурет. Велотуризм

 

Тау туризмі өз ішінде келесідей  түрлерге жіктеледі:

  • Альпинизм (қатал техникалық және физикалық дайындықты талап етеді);
  • Тау шаңғылары және сноуборд – қысқы демалысты жақсы өткізудің тәсілдерінің бірі. Туризмнің бұл түрі қандай да бір жас мөлшеріне және дайындық деңгейіне келе береді (сурет).
  • Ски-альпинизм

 

 

2 сурет. Тау-шаңғы туризмі

 

Су туризмінің түрлері:

  • Винсерфинг (кемелік тақтайда суда сырғанау);
  • Дайвинг (аквалангпен немесе онсыз судың астында жүзу);
  • Серфинг (толқынмен кемесіз сырғанау);
  • Су шаңғысы
  • Вейкбординг (катердің артынан жетектелудің бірі);
  • Кайтинг;
  • Байдарка және өзен қайықтарымен жүзу;
  • Каякинг
  • Рафтинг немесе өзенмен жүзу.

 

 

3 сурет. Виндсерфинг

 

Су туризмінің соңғы аталған  екі түрі өте қауіпті әрі шытырманды, өйткені ол гүрілдеп тұрған өзендерде  жасалады.

 

 

4 сурет. Рафтинг

 

Экзотикалық туризм жіктелуі:

  • Ғарыштық туризм;
  • Жайлау туризмі (алғашқы тайпалық өмірдегі кезеңге шому);
  • Солтүстік және Оңтүстік полюстерге туризм және басқа да экстрималды жерлер [9].

Енді әр біреуіне жекелеп тоқталып өтетін болсақ.

Альпинизм – мақсаты тау шыңына шығу болып табылатын белсенді демалыс немесе спорт түрі. Альпинизм мәні болып табиғатта кездесетін кедергілерді (биіктік, жер бедері, ауа райы) өткеру табылады. Альпинизм бойынша жарыстарда сайыс нысаны болып шың биіктігі, өткерілген маршруттың техникалық күрделілігі, оның сипаты және ұзақтылығы табылады [10].

Тау туризмі – (ағылшын тілінен  mountain tourizm) – туризм мен альпинизмнің байланысынан туындаған белсенді туризм түі. Тау туризміндегі маршрут күрделірек болған сайын, екеуінің арасындағы ортақтылық та көп болады. Тау туризмінде де альпинизмде қолданылатын сол техника мен сол құрал-жабдықтар қолданылады.

Ски-альпинизм – альпинизм бір  түрі ретінде, альпинизм мен тау-шаңғы  туризмінің байланысынан туындаған  белсенді демалыс түрі. Қазіргі уақытта  ски-альпинизмнің жеке туризм түрі ретінде саналуға талапты сипаттарының барлығы бар [11].

Спелеотуризм – жер астындағы  үңгірлер бойынша саяхат Треккинг- қатысушылардың арнайы дайындалуынсыз жасалынатын жергілікті жердегі жаяу серуендеулер [12].

Атты туризм – атпен және экипажда саяхат жасау. Атты туризмге маршрутта  кездесетін кедергілері (асу, орман, өзендер) бар саяхаттың спорттық әрі белсенді түрінің бірі.

Көптеген маршруттар ат үстінде  жүрмегендер үшін де ұйымдастырылады. Ат бегі-туристердің тәжірибелілері үшін күрделі маршруттар жасалады.

Велотуризм – қозғалыста басты  әрі жалғыз құралы велосипед болып  табылатын туризм түрі. «Велосипедты туризм» түсінігі көп мәнді болып  келеді, ол белсенді туризмнің түріне де, спорттық туризмнің түрлерінің біріне де жатады.

Белсенді демалыс ретінде велотуризм велосипедпен жалпы туристік және арнайы велотуризмге арналған экскурсиялық сипаттағы  нысандарды өту маршрутынан тұрады. Мұндай веложорықтарының спорттық велотуризмнен  айырмашылығы маршруттың күрделілігінен, мәдени және табиғи көрікті орындарды  тамашалаумен қоса жорықтағы спорттық құрамымен және күрделілік категориясының жорықтарын бөлуден бас тарту  табылады.

Су туризмі – су үстімен өтетін маршрутты өтуден тұратын спорттық туризмнің түрлерінің бірі. Су туризмі категорияға байланысты өзендерде жүзу, әдетте таулы аймақтардағы өзендерден өтеді.

Желкенді туризм – Теңіз немесе үлкен көлдер акваториялары бойымен  желкенді кемелермен саяхат жасау [12].

Сонымен, белсенді туризм түрлері  қте сан алуыан. Ал осы түрлерін белглі бір жіктелімге келтіріп қалыпттастырылмаған. Сондықтан осы күнге дейін  белсенді туризмнің жүйелі түрде  бөлінген жіктелімі жоқ болар.

 

 

    1. Белсенді туризмдегі маршруттарының жіктелу белгілері

 

 

Өтетін кедергілердің қиындық  дәрежесіне қарай, жорықтың ауданына, автономдылығына, жаңалығына, маршруттың ұзақтылығына және белсенді туризмнің  сол не басқа түрлеріне тән  басқа да көрсеткіштеріне қарай  жорықтар демалыс күнгі, категориялы, категориясыз болып жіктеледі. Оған қоса, жорықтар туризм түріне қарай бөлінеді: жаяу, су, тау, шаңғы, велосипед, автомобильдік, мотоциклді, спелео- және кемелік, сонымен қатар олардың аралас түрін қамти алады.

Белсенді жорықтар өзінің күрделігіне  қарай өсуі бойынша үш дейгейге жіктеледі  – I –ден III дейін, және I –ден IV дейін алты категория (1 кесте).

 

1 кесте

Жорық күрделілігіне қойылатын талап*[14]

 

Категориялар

I

II

III

IV

V

VI

Күндер ұзақтығы

6

8

10

13

16

20

Жорықтың созылу қашықтығы, км

           

Жаяу

120

150

190

220

250

300

Шаңғы тебу

130

160

200

220

250

300

Тауға шығу

100

120

140

150

160

160

Су (қайықпен)

150

160

170

180

190

190

Велосипедте

250

400

600

750

900

1000

Мотоциклмен

1000

1500

2000

2500

3000

3000

Жеңіл көлікпен

1500

2000

2500

3000

3500

3500

Спелеожорықтар (үңгір саны)

5

3-4

1-2

1-2

 

1

Белсенді туризм