Білім базасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1.Мәліметтер базасы мен банкі.
1.1 Мәліметтерді өңдеу жене оның
құрылымы......................
1.1.1 Информация жене мәліметтер....................
1.1.2 Мәліметтер құрылымы......................
1.1.3. Мәліметтер жиынтығы және файлдар.......................
1.1.4. Қол жеткізу тәсілдері.....................
1.1.5 Мәліметті өңдеудің негізгі есептері......................
1.1.6 Мәліметтердің өзара байланысы мен...........................
информациялық қарым-қатынасы................
1.2.Мәліметтер банкінің
1.3.Ұсталатын мәліметтердің мәліметтер....................
базасындағы қасиеттері....................
1.4.Схемалар және оның бөлшектері....................
1.5 Бағдарлама пакетімен МЕВЖ өзара.........................
әсерлесу схемасы..............
1.6. Мәліметтер банкін қолданушылар..................
1.7.Мәліметтердің база
1.8.Мәліметтерді көрсету
деңгейлері....................
1.9.Мәліметтердің негізгі модельдері....................
1.10. Реляциялық алгебра.......................
1.11. Мәліметтер базасын жобалау.......................
1.11.1.Талаптарды түрге
келтіру және талдау...........
1.11.2.Астарлы жобалау........
1.11.3. Логикалық жобалау.............
1.11.4.Физикалық жобалау.......................
2.Білім базасы................
2.1.Сараптау жүйесінің
2.2. Білім және оларды көрсету.......................
2.3. Сараптау жүйе білімінің
2.4 Білім базасындағы білім құрамы........................
2.5.Сараптау жүйесін құру методологиясы.................
2.6.Сараптау жүйесін
әрекет үлгісі.................
2.7.Диалог жүйешесі - өзара әрекет
үлгісі........................
2.7.1.Диалогтың жалпы
2.7.2.Диалогтың тақырыптық
2.7.3 Диалог қадамының құрылымы......................
2.8. Хабарламалардың талдау және жинақтау жүйешелері .......................
2.9.Басқарушы компоненттердің
2.9.1.Сараптау жүйесіндегі басқарудың
нақты үлгісі ..............................
2.9.2.Басқару механизмі түріндегі стратегия.....................
2.10.Сараптау жүйесінің
2.10.1. Түсіндіру параметрлері..................
2.11.Білімге сусындау......................
2.11.1 .Білімді игеру сатылары.......
2.11.2.Білімді игеру
2.11.3.Білім номеклатурасы....
2.11.4.Білім деңгейі..........
2.11.5.Білімге сусындау құралдары.....................
Әдебиеттер тізімі.............
Мазмұны.......................
БІЛІМ БАЗАСЫ
Есептеу техникасы дамуының қазіргі кезеңі ЭЕМ бағдарламалық қамтамасына жасанды интеллект элементтерінің кіруімен сипатталады. Білім базалары (ББ) осыған байланысты жасалған. Бағдарламалық қамтаманың объектілерінің тек нақты фактілері кіретін мәліметтер базасынан олардың айырмашылығы - ББ-ға концептуалды, түсініктеме мәліметтері кіреді. Олар табиғи тілде жазылады да, одан басқа объектілер сыныбы туралы мәліметтер де кіреді (олардың байланыстары, қасиеттері). ББ жүйесі қолданушылардың сұрақ-талаптарына жауап беру кезінде осы көрсетілген білімдермен манипуляция жасау арқылы жауап бере алады. Білімді тіркеуге және оған жол көрсетуге мүмкіндік беретін (нақты бағдарлама қамтамасы үшін) құралдардың бірі-сараптау жүйелері (СЖ болып табылады. Бұл жасанды интеллектің бір бағыты.
СЖ:
1) есептеу техникасына жолы қиын деп есептедетін ұқсастырылмаған (математикалық моделі жасалмаған) облыстардың кең көлемді есептерін шешуге бағытталған (медицина, геология, химия, экономика және т.б.);
2) бағдарлама жасауды
жетік білмейтін мамандардың жұ
3) адамдар қол жеткізетін нәтижелерге салыстырмалы, ал кейде одан да асып түсетін нәтиже алуға мүмкіндік береді.
СЖ бойынша зерттеулердің мақсаты - интеллектің кейбір қасиеттері бар және қиын немесе ұқсастыруға мүмкін емес есептерді шешуге мүмкіндік беретін бағдарлама жиынтығын жасау.
Мына қасиеттері бар есептер ұқсастырулары мүмкін емес есептерге жатады:
1) сандық түрде көрсетуге болмайды;
2) есепті шешетін алгоритмі жоқ;
3) мақсатты функциясы жоқ;
4) есептің шешімі жататын кеңістік өте үлкен;
5) мәліметтер мен білімдер әр түрлі мәнді, қате, қарама-қайшы болып келеді;
6) мәліметтер мен білімдер динамикалық мінез танытады (тұрақсыз).
Сараптау жүйесінің мәліметтерд
СЖ қуатының негізгі көзі - білім. СЖ білімін жетілдіре алатын талабы болуы керек. Білім жетілдіретін процесті былай көрсетуге, бөлуге болады:
1) білімді сарапшыдан үйрену;
2) жүйенің жұмысын тиімді қамтамасыз ететін білім ұйымдастыру;
3) жүйеге түсінікті түрде білімді көрсету.
СЖ білім алу мен есеп шешу режимінде жұмыс істейді.
Бірінші режимде СЖ-мен ара қатынас жасау үшін сарапшы қатысады (білім инженері арқылы). Бұл режимде сарапшы жүйені білімге толтырады (ережелерге де). Бұл өз бетінше сараптама саласынан есептерді шешуге мүмкіндік береді. Білім алу режиміне алгоритм жасау, бағдарламалау, жөнге келтіру кезеңдері сәйкес келеді. СЖ-де бағдарламаны бағдарламашы емес, бағдарлама білмейтін сараптама маманы жасайды.
Есеп шешу режимінде
СЖ-мен ара қатынаста
2.1 Сараптау жүйесінің жалпылама схемасы
21-сурет
Білім базасы (1) қайсібір бағдарлама қамтамасыз туралы біліммен толығады. Білім алу режимінде сарапшы жүйеге сараптама саласының өнімдерін (ережелерін) енгізеді. Ережелер пайдаланушыға түсінікті тілде көрсетіледі. Жаңа енгізілген өнімдердің білім алу компоненттері (бөлшектері) арқылы жүзеге асады. Білімнің шындығына көз жеткізу үшін (былайша айтқанда, есепті жөндеу үрдісі бітті деуге болады) сарапшы жүйеге сынақ мысалдарын енгізеді. Жөнге келтіру үрдісі біткен соң, жүйе пайдаланушыға тұтынуға беріледі. Тұтынушы сұрақ -талап 3-блокқа түседі. Ол, біріншіден, кірме мәліметтерді шектелген табиғи тілден жүйенің ішкі тіліне түрлендіріледі; екіншіден, кері есепті де шығарады: жүйенің ішкі тілде берген хабарын табиғи тілде көрсетілген хабарға айналдырады.
Пайдаланушының есептерінің кірме мәліметтері 3-ші блоктан өңдеуден өткеннен соң 4-ші блокқа келіп түседі, яғни жұмыс саласына. 5-ші блок жұмыс саласына келіп түскен кірме мәліметтер, өнімділік ережелер және проблемалық саланың жалпы фактілер негізінде есептің шешімін түзейді.
Егер жүйенің жауабы
пайдаланушыға түсінікті
1) пайдаланушының информациясын ережелер қалай пайдаланады;
2) неліктен берілген ережелер пайдаланылды (пайдаланылмады);
3) қандай қорытындылар жасалды.
Түсініктемелер табиғи тілде беріледі.
2.2. Білім және оларды көрсету
Мұнда бағдарламалық қамтама (БҚ), проблемалық сапа, мәліметтер, білім сияқты негізгі түсініктер беріледі.
Бағдарламалық қамтама - сараптау саласы немесе осы сала туралы білім.
Проблемалық сала - бұған БҚ және осы салада шешілетін есептер кіреді.
Мәліметтер - (алғашқы, аралық, ақырғы) олар консультация кезінде жүзеге асатын информация. Ол жүйеде есеп шығарыла ма, шығарылмай ма, оған қарамастан жүйеде сақталады.
Білімді көрсету кезінде мына есептер шығарылады:
1) көрсететін білімнің құрамын анықтау;
2) білімді ұйымдастыру;
3) көрсетудің моделін анықтау;
4) таңдалған көрсетуді пайдалану.
2.3. Саралтау жүйе білімінің құрамы
СЖ білімінің құрамы мыналарға тәуелді:
1) проблемалық салаға;
2) СЖ құрамына;
3) пайдаланушылардың талаптарына және мақсаттарына;
4) араласу тіліне.
1) БҚ-да шешілетін есептерді (сәйкес білімді қажет ететін) былай жіктеуге болады:
- БҚ талдау есептері;
- ВҚ түрлендіру есептері;
- БҚ анықтау (таңдау) есептері.
Талдау есептеріне БҚ
ағымдық хал-ахуалын анықтай
Түрлендіру есептеріне оны шешу кезінде БҚ бір хал-ахуалы екінші түрге түрленетін есептер, ал анықтау есептеріне сол есептерді шешу кезінде жүйе бір таңдау альтернатива саласынан екіншісіне көшетін есептер жатады. Оның проблемалық саласын келесі параметрлер жинақтарымен сипаттауға болады:
- дәлдік, қателік мәліметтер және білім туралы;
- мәліметтердің және білімнің толықтығы, толық еместігі;
- статикалық немесе динамикалық саласы;
- шешілетін есептің түрі.
2) СЖ-нің жалпылама схемасына сәйкес ол қызмет атқару үшін келесі білім қажет:
- аударушы пайдаланатын есеп шығару кезінде болатын білім (басқарушы білім);
- араласу тілі туралы білім және лингвистикалық процессор пайдаланатын диалог ұйымдастыру тәсілі;
- білім алу (үйрену) бөлшегі пайдаланатын білімді көрсету және түрлендіру тәсілдері;
- түсіндіретін бөлшек
пайдалынатын көтермелеуші құры
3) Білім құрамының
пайдаланушылардың талаптарына
- пайдаланушы есептерді қандай мәліметтермен шешкісі келеді?
- шешімнің қандай дұрыс тәсілдері мен түрлері бар?
- есептің шешімі қандай
- пайдаланушының қолы жететіндей проблемалық саласы туралы білімнің жалпылама, дәлдік дәрежесі қандай?
- пайдаланушы мақсаттары қандай?
4) Араласу туралы білімнің құрамы араласу тіліне де, түсінудің қажетті деңгейіне де байланысты (тәуелді).
2.4. Білім базасындағы білім құрылымы
СЖ сәулетіне байланысты көзқарас пен білімді келесі құрылымдар арқылы көрсетуге болады (22-суретті қараңыз).
Бар білім түсіндіруші және түсіндірмейтін болып екіге бөлінеді. Біріншіге шығарушыны түсіндіре алатын білім кіреді. Қалғаны түсіндірілмейтінге кіреді. Шығарушы олардың мазмұнын және құрылымын білмейді.
Түсіндірілмейтін білім көмекші және көтермелеуші болып бөлінеді. Көмекші білім араласу тілінің лексикасы мен грамматикасы және диалог құрылымы туралы информацияны сақтайды. Көтермелеуші білім жүйені жасау кезінде пайдаланылады (түсініктеме орындалатын кезде де).
Көтермелеуші білім технологиялық және семантикалық болып бөлінеді. Технологиялық көтермелеуші білім құрамына өздері суреттейтін білімнің жасалу уақыты, білім авторы туралы және т.б. мәліметтер кіреді. Семантикалық көтермелеуші білім құрамына осы білімнің мәндік суреттеулері, былайша айтқанда, білімді енгізу себептері, білімнің қажеттілігі туралы информация кіреді.
Түсіндіруші білімді пәндік, басқарушы және көрсетулер туралы білімдерге бөлуге болады. Көрсетулер туралы білім құрамына түсіндіретін білімнің көрсетулерінің құрылымы туралы информация кіреді. Пәндік білімге БҚ туралы мәліметтер мен осы мәліметтерді түрлендіру тәсілдері кіреді (қойылған есепті шешу кезінде).
Суреттегіштерге пәндік білімдер (мысалы, ережелердің анықталу коэффициенті, мәліметтердің де, "маңыздылық" және "қиындық" өлшемі және т.б.) туралы кейбір информация кіреді.
22-сурет
Пәндік білімнің өзін фактілерге және қолданбалы білімдерге бөледі. Фактілер БҚ маңызының және мінездемесінің мүмкіндік мәнін анықтайды. Қолданбалы білімге есепті шешу кезінде БҚ-ға суреттемесін қалай өзгертуге болатыны туралы информация кіреді.
Басқарушы білімді бір түйінге (нүктеге) жинақтаушы және шешуші білімге белуге болады.
Жинақтаушы білім хал-ахуалға байланысты қандай білімді пайдалану керектігін суреттейді.
Шешуші білімге білімді түсіндіру тәсілін таңдауға пайдалану туралы (ағымдық хал-ахуалға тұра келетін) информация кіреді.
2.5. Сараптау жүйесін құру методологиясы
Сараптау жүйелерін жобалаудың әдеттегі бағдарлама нәтижесін жобалаудан көп айырмашылығы бар. СЖ-де орындалатын тапсырмалардың бірқалыпқа келтірілмеуі, СЖ-нің аяқталған теориясының және жобалау методологиясыйың болмауы - жобадау барысында дайындаушылардың мәселе саласындағы білімін арттыру арқылы СЖ принциптері мен құрылу жолдарын жетілдіруді қажет етеді. Келтірілген қиындықтарды ескере отырып, СЖ жобалау барысында "жедел прототип" тұжырымдамасы қолданылады. Бұл тұжырымдаманың мәні - дайындаушылардың бірден түпкі мақсатқа жетуге тырыспайтындығында. Бастапқы сатыда олар СЖ прототипін құрады. Прототип екі қайшылықты мәнді талапты қанағаттандыруы керек: бір жағынан, нақты қосымшаның типтік тапсырмаларын орындауы керек; ал екінші жағынан, тез дайындап басуға қолайлы болуы керек. Бұл талаптарды қанағаттандыру үшін прототип құру барысында жобалау үрдісін тездететін түрлі құралдар қолданылады. Бұл құралдарды жалпы түрде - аспаптар деп атайды.
Прототип білім инженерлерінің әдістері қосымшаға жарамды екенін көрсетуі керек. Табысты болған жағдайда, білім жөніндегі инженердің көмегімен сарапшы мәселе саласындағы прототиптің білімін кеңейтеді. Табысты болмаған жағдайда, жаңа прототип дайындалады немесе дайындаушылар бұл қосымшаға СЖ әдістері жарамсыз деген қорытындыға келеді. Білімді арттыру деңгейі арқылы прототип осы қосымшаның барлық тапсырмаларын ойдағыдай орындай алатындай мүмкіндікке ие болады.
Прототиптің құрылу уақыты мен қиындығы - қолданылатын аспап түрлеріне байланысты. Аспаптардың түрлі тобына мыналарды келтіруге болады:
1) символдық ақпарат
жасауға арналған
2) білім инженерінің тілі, яғни СЖ-н дайындауға арналған тілдер (PROLOG, OPS5);
3) СЖ-н құрастыру, қолдану және жетілдіру үрдісін автоматтандырушы құралдар (RLL,HEARSAY-III);
4) бос СЖ (база), яғни
ешқандай мәселе саласы туралы білімі жоқ СЖ (ЕМҮСІN,
КАЗ).
Келтірілген топтастыру прототип құруда кездесетін қиындықтардың азаю тәртібімен берілді. Бірінші түр аспаптарын қолдану барысындағы бағдарламашы міндеті - едәуір төмен деңгейлі тілде СЖ-нің барлық компоненттерін бағдарламалау. Аспаптардың екінші түрін қолдану - тіл деңгейін біраз көтеруге әкеледі, бұл тиімділігін азайтады. Үшінші түрдің аспаптық құралдары дайындаушыдан СЖ кейбір немесе барлық компоненттерін бағдарламаламай, оларды алдын ала құрастырылған жиынтықтан таңдауды талап етеді. Әдетте бұл түрдің аспалтары: СЖ-н құрастыруды автоматтандырушы құралдар (мысалы, RLL.HEARSAY-III) және білім алу үрдісін автоматтандырушы құралдар (мысалы, TEIRESIAS) болып бөлінеді.
Аспалтың төртінші түрін қолдануда СЖ-н дайындаушы дайын база жүйесін алатындықтан, бағдарлама құру жұмысынан толығымен босатылады. Бұл жолды қолдануда мынадай қиындықтар кездесуі мүмкін: 1) база жүйесінің шығару процедурасына енгізілетін басқару стратегиялары осы жүйемен өзара әрекет етуші сарапшы шешімінің әдістеріне сәйкес келмеуі мүмкін; бұл тиімсіз, кейде қате нәтижелерге әкелуі мүмкін; 2) база жүйесінде қабылданған білімді түсіндіру тілі осы қосымшаға сәйкес келмеуі мүмкін.
СЖ-н дайындау үрдісіне қатысушылардың мамандықтарын атап өтейік; 1) СЖ тапсырмаларын орындайтын мәселе саласындағы сарапшы; 2) СЖ-н дайындайтын маман - білім жөніндегі инженер;
3) аспаптық құралдарды келістіріп, жетілдіретін бағдарламашы. Әдетте СЖ дайындауға аз дегенде төрт адам қатысады (бір сарапшы, екі білім жөніндегі инженер, бір бағдарламашы). Қатысушылардың ішінде білім жөніндегі инженердің болмауы (яғни оларды бағдарламашылар ауыстырса) СЖ-нің дайындау үрдісінің сәтсіз болуына немесе біразға созылуына әкеледі.
СЖ-н дайындау үрдісі келесі кезеңдерден тұрады: теңестіру? концептуалдау, нысаншылдық, орындалу, текст сынағы, тәжірибеде қолдану.
Ал теңестіру кезеңінде мына мәселелер шешіледі: үрдіске қатысушылар мен олардың орны анықталады; ресурстар мен мақсат айқындалады. Осы кезеңде білім көздері (кітаптар мен нұсқаулар) де айқындалады. Мәселенің теңестірілуі - шешілетін мәселенің шартсыз сипатталуын құрастыру болып табылады. Сипаттамада: мәселенің жалпы сипаты, мәселенің өз ішінен туындайтын шағын мәселелер, негізгі ұғымдар мен қатынастар, кіріс мәліметтер мен шешімнің болжам түрі кіреді.
Концептуалдау кезеңінде сарапшы мен білім жөніндегі инженер мәселенің шешілу үрдісін сипаттауға қажетті сипаттамалар, негізгі ұғымдар мен қатынастарды (теңестіру кезеңінде келтірілген) - пайдаланады. Бұл кезеңде мәселенің мына ерекшеліктері айқындалады: түсінікті мәліметтер түрі, шығарылатын мәліметтер, жалпы мәселенің шағын мәселелері, қолданылатын стратегиялар мен ғылыми болжамдар, сала объектілерінің өзара қатынасы, шешім үрдісіне қойылатын шектеу түрлері, шешімді алу және негіздеуде қолданылатын білімнің құрамы. Бұл кезеңде білім жөніндегі инженер білім түсінігі мен шешім әдістеріне жататын кейбір сұрақтарды қарастырады, бірақ мұнда нақты жолдар мен әдістерді таңдау әлі ерте.
Нысаншылдық кезеңде алдыңғы кезеңде енгізілген барлық негізгі ұғымдар мен қатынастар білім жөніндегі инженер ұсынған шартты тілде беріледі. Мұнда ол аспаптық құралдар қарастырылатын мәселені шешу үшін жарамды ма, өзіндік дайындаулар керек пе деген сияқты мәселелерді анықтайды. Бұл кезеңде жүйенің мелімдеме нысанындағы процедуралық білімдерінің берілу жолдары мен құрамы анықталады.
Орындалу кезеңінің міндеті - қажет тапсырмаларды орындайтын СЖ-нің бір немесе бірнеше прототипін жасау болып табылады.
Прототип дайындау - компоненттерді
бағдарламалау мен білім
Текст сынағының кезеңі
барысында білімді түсіндірудің таңдалған жолы мен бүтіндей
жүйеге баға беріледі. Жүйе басынан аяғына
дейін екі немесе
Тәжірибеде қолдану
кезеңінде сараптау жүйесінің соңғы
пайдаланушыға жарамдылығы
2.6. Сараптау жүйесін пайдаланушылардың өзара әрекет үлгісі
Сараптау жүйесімен өзара әрекет ететін пайдаланушылардың бірнеше түрі бар: маман пайдаланушылар, маман емес пайдаланушылар, сарапшылар, пайдаланушы студенттер. Бұл пайдаланушылардың әрқайсысының қатынасқа қоятын өзіндік талаптарымен қоса, оларды мыналар біріктіреді: 1) қатынас жасау тілі - шартты бағдарлама тілі емес, шектеулі табиғи тіл; 2) пайдаланушылардың барлық түрінің эксперт жүйесімен өзара әрекет ету үрдісі бөлектенген екі сөйлемнің ("сауал-жауап") түрінде емес, бастама бір мүшеден екіншісіне көшіп отыратын тармақталған диалог ретінде көрінеді. СЖ пайдаланушылардың қатынас жасау барысында шешілетін міндеттердің күрделілігі мен ерекшелігі СЖ құрылымынан өзара әрекет компоненттерін қажет етеді. Өзара әрекет компоненттерінің (қатынас компоненттерінің) қызметі мәліметтер негізімен табиғи тілде өзара әрекет етуші жүйелердің қызметіне ұқсас. Апайда сараптау жүйесінде пәннің ерекшелігі қолданылатын ұғымдардың құрамына, түсініктеме түрлеріне, лексикасына т.с.с. көптеген шектеулер қояды. Бұл табиғи тілді өңдеу міндетін жеңілдетеді.
Өзара әрекет компоненттерінің негізгі міндеті: 1) «пайдаланушы- сараптау жүйесі» диалогын ұйымдастыру, яғни тапсырманы бірлесе орындау барысында мүшелердің қызметін белгілеу және мүшелердің кезектегі мақсаттарының қызметі ретінде диалог күйі мен тапсырманың орындалу барысын бақылау; 2) диалогтың күнделікті қалпын ескере отырып, жекелеген хабарламалар дайындау, яғни хабарламаның табиғи тілдік түрінен ішкі түсінік түріне жене керісінше өзгеруін іске асыру.
23-суретте диалог жүйешесі жән
Диалогтың жалпы құрылым шеңберінде талқыланатын тақырыптың ерекшелігін айқындайтын бірнеше түрі бар екендігін көрсетуге болады. Диалогтың осы аспектісін ескере отырып, оның тақырыптық құрылымы туралы да айтуға болады. Диалогтың тақырыптық құрылымы тапсырманы орындау сатысында ерекше көзге түседі, апайда ол түсіндіру және білім аду сатыларында да керінуі мүмкін. Диалогтың қарапайым бірлігін диалог қадамы деп атайда. Ондағы бірнеше қадамның бірігуін диалог бірізділігі деп атайды. Диалог қадамы диалогтың бірінші қатысушысының қимылы (қимылдың бастаушысы) мен соған сәйкес екінші қатысушының әсерінен тұрады. Қимыл қашан да қадамның бірінші бөлігін, ал әсер екінші бөлігін құрайды. "Әсер" термит "жауап" терминіне қарағанда қолайлырақ сияқты, себебі "жауап" өзінің түріне қарай жауап емес (сұраққа жауап беру мағынасында), керісінше, сұрақ түрінде келуі де мүмкін. Қимыл хабарларды бастаушының дайындауы мен жеткізуінен, ал әсер хабарды екінші қатысушының дайындауы мен жеткізуінен тұрады.
Диалог қадамының бірізділігін қарастыру барысында кімнен қимыл, ал кімнен әсер шыққанын анықтау үшін мағынасын ескеру керек. Мұның күрделілігі мынада: қатысушылар бастаманы алмастыруы да мүмкін, яғни бірінші қатысушының қимылына жауап ретінде екінші қатысушы әсер емес, қимыл жасауы мүмкін. Мысалы, қойылған сұраққа жауап ретінде қарсы сұрақ қойылады. Бастамалардың ауысуы сөйлеуші қимылына түсінбеушілік, сенбеушілік туған кезде болуы мүмкін.
Диалог қадамын келесі параметрлермен сипаттауға болады: 1) бастаушы жене бастаманың түрі; 2) қимылдың әсерге ықпалының түрі мен тәсілі; 3) қадамның (шағын тапсырмалар) өзіндік түрлері. Диалог қадамының бастаушысы пайдаланушы немесе жүйе болуы мүмкін. Бастама түрін анықтауда пайдаланушы қимылы қашан да белгіленген міндетті таңдау мен нақты тұжырымдаманы белгілеуден тұрады. Жүйе қимылын әдетте сұраныс пен ұсынысқа бөледі. Сұраныс қимылда жүйе пайдаланушыға тапсырманы белгілеуді ұсынады. Тапсырма жүйеде керсетілгендей, еркін немесе шектеулі болуы мүмкін. Ұсыныс қимыл жағдайында жүйе пайдаланушыға көптеген шектеулі тапсырмалардың ішінен өзіне керекті тапсырманы таңдатады.
Әрекет ету компоненттері
23-сурет. Өзара әрекет компоненттерінің үлгісі
Қимылға әсерді әдетте келесі түрде көрсетеді: бұйрықтар (қимыл тапсырмасы), "мәзір" (әсер таңдауына ұсыныс), сауалнама (бірнеше мәннің мағынасын таңдау үшін ұсыныс), табиғи тілдегі өзара әрекет.
Қимыл әсерге былайша ықпал етеді: 1) еркін (шектеусіз) таңдау, яғни әсер түрлеріне шек қоймайды; 2) шектеулі таңдау, яғни қимыл әсер түрлеріне шек қойылады. Әсерге таңдау көптігін көрсету және әсерде сақталуға тиісті нақты қалыпты көрсету арқылы шек қойылуы мүмкін. Қадамның өзіндік түрін анықтауда нақты қадамда талқыланатын тапсырмалардың автоматты (бір мағыналы) ерекшелігі болуы мүмкін, бірақ тапсырма ерекшелігінің бір мағыналы болуы міндетті емес. Мысалы "мәзір" мен синтаксисі дұрыс "бұйрық" жүйедегі тапсырма ерекшелігінің бір мағыналы болуын керек етеді, ал шектеулі табиғи тілдегі пікір бір мағыналы ерекшелікті қамтамасыз ете алмайды.

- Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде
- Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары
- Білім беру жүйесіне анықтама. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы
- Біологічні основи інтродукції видів рододендрон в Житомирському Поліссі
- Біологія птахів відкритих просторів
- Біріккен кәсіпорынның бірігуінің мәні
- Біріккен кәсіпорынның мәні мен құрылымы
- Бириккен улттар уйымы
- Бисквитное тесто
- Бифидобaктерии и их применение в твороге и сметaны ТOO « Кaркулa»Н.В
- Бифштекс рубленый с гарниром картофельное пюре
- Бихроматометриялық Титрлеу
- Бібліотека у навчальних закладах
- Бізнес-план виробничого підприємства ТОВ« Україні »