Біріккен кәсіпорынның бірігуінің мәні
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызметі туралы шарты. Олардың еліміздің нарықтық жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2009 жылы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Туркия, Германия, АҚШ, Корея сол сияқты өзге де 18 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар қызмет атқарады. Сондықтан осы көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріп, дипломдық жұмысымды «Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті» деп алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты – біріккен кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» заңдылығына, ал аудиторлық тексерудің Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылығына сәйкес дұрыс жүргізілуін, өзге шаруашылық жүргізуші субьектілерден ерекшелігін, елімізде алатын орнын көрсету болып табылады.
Зерттеу нысаны–Қазақстан Республикасындағы шетелдік және біріккен кәсіпорындар болып табылады. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуында алатын орны ерекше болып табылады.Сондықтан осы бірлескен кәсіпорынды негіз еттім.
Зерттеу пәні – нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы бірікен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есебін оңтайлы ұйымдастыру және аудит жүргізу.
Зерттеу болжамы – Қазақстан Республикасында қызмет ететін біріккен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудит жүргізуді болашақта оңтайландыру болып табылады.
Зерттеу міндеттері келесідей :
а) біріккен кәсіпорынның бірігуінің мәнін көрсету;
ә) біріккен кәсіпорынның құрылымын көрсету;
б) біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігін көрсету;
в) біріккен кәсіпорынды аудиторлық тексерудің ерекшелігін көрсету;
Мәселенің зерттелу деңгейі ретінде бақылау, салыстыру, материалдарды теориялық және нақты талдау әдістері, синтетикалық топтастыру, корреляциялық әдіс, түгендеу, бағалау, құжаттау, есеп беру бухгалтерлік есептің басқа да арнайы әдістері сонымен қатар жұмысты жазуда нұсқаулар мен ережелер, мерзімдік басылымдар, бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары, заңнамалық актілер, арнайы оқу құралдары.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, «Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары, Каржылық есептің халықаралық стандарттары,«Қазақстан Республикасындағы бірікен кәсіпорындар қызметі туралы» заңы, өзге де Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері, осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданы Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - есептiк жүйені, сонымен бірге бухгалтерлiк есептің шоттарын жетiлдiру сұрақтарын қарастырған қазақстандық және шетелдiк ғалым-экономистердiң ғылыми еңбектерiн жан-жақты зерттеу жатады. Зерттеу үрдісінде Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық базасы, соның ішінде «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік» туралы Заң, «ҚР аудитоалық қызмет туралы» заңы, ҚР бухгалтерлік есепті реттеу бойынша әртүрлi инструктивтi, әдiстемелiк құжаттар, статистикалық мәліметтер және шоттар жүйесін дамыту мәселелері бойынша халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары және т.б. пайдаланылды.Дипломдық жұмыста зерттеу жүргiзу барысында диалектикалық логика, индукция және дедукция, жүйелiк көзқарас, салыстыру, топтастыру және модельдеу сияқты ғылыми зерттеу әдiстерi қолданылды.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаттарына, қойылған міндеттеріме жету үшін әртүрлі зерттеу әдістері қолданылады. Олар бухгалтерлік есептеу, салықтық есептеу, статистикалық есеп және аудиторлық тексеру әдістері болып табылады. Себебі бұл әдістер түпкі бір мақсатка жеткізеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы біріккен кәсіпордардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп және аудиттің концептуалды алғышарттарын әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналар жатады:
- біріккен кәсіпордардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп және аудиттің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны анықталды;
- біріккен кәсіпордардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және аудит жүргізу әдістерін талдау негізінде қызмет көрсету процесіндегі орны мен мәні дәлелденген;
- зиянды қайтару мақсатындағы бухгалтерлік есеп қызметнің ерекше түрі ретінде, заңды тұлғалардың қызығушылықтарын қорғау жүйесіндегі біріккен кәсіпордардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп және аудиттің экономикалық мазмұны дәлелденген;
- халықаралық жетістіктер және шетелдiк тәжірибені ескере отырып қазақстандық біріккен кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп және аудит жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар жасау.
Практикалық маңыздылығы дипломдағы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды Казақстандағы біріккен кәсіпорындар және оның қызметін жүргізудің қазақстандық және халықаралық тәжірибелерін оқып үйрену негізінде бухгалтерлік есеп және аудит жүйесінің ерекшеліктері туралы түсініктемелерді тереңдетіп жалпылау болып табылады. Біріккен кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін көрсететін дипломның негізгі тұжырымдамалары әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың жұмыс шоттар жоспарын құру және жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Дипломдық жұмыстың материалдары мен теориялық тұжырымдамалары «Бухгалтерлік есептің принциптері», «Қаржылық есеп 1», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Аудит», «Қаржылық бақылау және аудит» пәндерін оқыту кезінде оқу үдерісінде қолданылады, бұл еңгізу туралы анықтамалар мен дәлелденген.
Практикалық базасы ұсыныстарды біріккен кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп және аудитті талдау болып табылады.
Диплом жұмыс құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады және жалпы көлемі 69-бет.
Алғашқы тарауда екі бөлімшеден тұрады. Мұнда бірлескен кәсіпорынның мәні, Қазақстанда алатын орны, құрылымы берліген. Жоғарыда аталған көрсеткіштерге тоқталмай, басқаларын зерттеу мүмкін емес.
Екінші тарауы бухгалтерлік есеп әдістермен зерттелген. Бұл тарауда бірлескен кәсіпорынның есеп ерекшелігі, яғни материалдық емес активтер мен негізгі құралдар, тауар-материалды жинақтар мен инвестиция, міндеттеме, табыстар мен шығыстар, меншікті капитал мен дебиторлық берешектер көрсетілген.
Соңғы тарау бірлескен кәсіпорынның қаржы жағдайын аудиторлық тексеруге арналған. Себебі кез-келген кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін аудитордың қорытынды пікірін қажет етеді. Бухгалтерлік есеп пен аудит тығыз байланыста жүреді, бірінсіз бірі болмайды. Сондықтан бөлімде аудиторлық тексеру кезінде тексерілетін бухгалтерлік есеп құжаттары, нормативтік актілер, тексеру әдістері, міндеттері, салықтық есептеу кезіндегі ерекшеліктері келтірілген.
Жалпы алғанда
дипломдық жоба қазіргі
- БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ БІРІГУ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Біріккен кәсіпорынның бірігуінің мәні
Қазақстан Республикасы
заңдылығын соңғы өзгерістерге
сәйкес Қазақстан
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы ірі өнеркәсіптік және қаржылық топтардың және барлық экономика интеграциясының құрылуына әкеледі. Бұл құбылыс банк секторының дамуында анық көрсетілген. Соңғы жылдары коммерциялық банктердің саны күрт төмендеп кетті және оны құрудың әдістерінің бірі банктерді біріктіру болды. Соған байланысты компанияларды біріктіру есебі қазіргі таңда маңызды болып отыр. Осындай баптарда ҚЕХC-на сәйкес біріктіру де негізгі жағдайлары ашып көрсетілген, ал егжей-тегжейлі сұрақтар ҚЕХC -ға тіркелген қосымшада келтірілген.
22 ҚЕХC -на сәйкес компанияның есебін біріктірудің екі әдісі бар: сатып алу және мүдделерінің бірігуі.
Сатып алу-бұл белгілі бір сатып алушы компания сатушы компанияның таза активтері мен операцияларын басқару мүмкіндігін алу арқылы бірігу.
Мүдделердің бірігуі-бұл бірігіп отырған компаниялар акционерлері жақтарының бірді біреуі сатып алушы ретінде анықталмау үшін қауіп пен пайданы бөлудің ұзақ мерзімді келісіміне қол жеткізу үшін оның біртұтас таза активтер мен операцияларының бақылау жүргізу [2].
22 ҚЕСХ-на сәйкес барлық біріккен компаниялардың біреуі екіншісінен бақылауға мүмкіндік алады, бұл сатып алушы компанияны анықтайды. Бақылауға мүмкіндік алу біріккен компанияның біреуі екіншісінің дауыс беру құқы бар акцияларының жартысын сатып алу болып табылады. Бірақ компанияны басқаруда мұндай акция пакетінің мүмкін еместігі көрсетілмеуі керек. Тіпті біріккен компаниялардың келесі компанияны басқаруға сол компанияны дұрыс құқы бар акцияларының жартысына көбін емденбесе, сатып алушы компанияны анықтай мүмкіндігі болады. Егер біріккен компаниялардың біреуі бірігу нәтижесінде мыналарды емденсе:
А) өзге инвесторлармен келісу арқылы дауыс құқы бар акциялардың жартысын емденсе;
Б) жарғымен келісімге сәйкес өзге компанияны жарғылық және ағымдағы саясатын анықтай алса
В) басқа компанияның басқарудың талдамалы органдарын немесе директорлар кеңесі мүшелерінің көбін тағайындау мен араластыру құқығы болса;
Г) басқа компанияның басқарушылық талдамалы органдарына немесе директорлар кеңесі жиналысында жоғары дауыс алу құқығы болса.
Кейбір жағдайларға сатып алушы компанияны анықтау мүмкіндігі болмайды, сондықтан оның мынадай көрсеткіштері болады:
А) бір компанияның құны басқа компанияның құнынан жоғары болады. Бұл жағдайда үлкен компания сатып алушы болып табылады;
Б) ақша қаражатына дауыс
құқы бар жай акциялары алмастыру
жолымен компания біріге алады. Бұл
жағдайда ақша қаражатын беретін
жақ сатып алушы болып
С) біріктіру барысында болатын компанияны басқару кадрларын іріктеуде бір компанияны басқаруда үстем ету мүмкіндігіне әкеледі. Бұл жағдайда үстем етуші компания сатып алушы болып табылады.
Сатып алу әдісін
қолдану өзге активтерді сатып
алу сияқты компанияны сатып
алуда да дәл есептеуге
Сатып алу әдісін қолдануда сатып алу күнін анықтау маңызды. Сатып алу күні компанияның сатып алушыға таза активтері мен операцияларын бақылауға нақты берген күні мен сатып алу әдісін бастап қолданған күні болып табылады. Сатып алынған компания операцияларының нәтижелері сатып алушының қаржылық есептілігін сатып алынған күннен, яғни сатып алынған компания сатып алушының басқаруына нақты өткен күннен бастап қосылады. Қызмет бойынша сатып алу күні компанияның оның қызметінен табыс табу мақсатында қаржы және ағымдағы саясатын басқару құқын алған күн болып табылады. Сатып алушыға басқару қатысушы жақтардың мүддесін қолдау шарттары қанағаттандырлығаннан кейін ғана жүзеге асады. Бірақ бұл операциялар сатып алушының басқаруына нақты өткенге дейін аяқталынып жабылғанын талап етпейді.
Сатып алушы сатып алынған компанияның қорытындысы туралы пайдасы мен зияндарын сатып алған күннен бастап есептілігіне енгізеді және сатып алуды болатын жағымды және жағымсыз іскерлік репутация көлемін, сатып алынған компанияның активтері мен міндеттемелерінің сәйкестілігін баланста көрсетуі қажет. Сатып алу құны оның бастапқы құны бойынша есептелінеді, ал бастапқы құн төленген ақша қаражаты немесе оның эквиваленттеріне, не өзге компанияның таза активін басқаруды сатып алушыға сатып алушыны алмастырған өзге операцияларға сатып алумен тікелей байланысты кез-келген шығындарды қосқанға тең.
Мысалы: А банкі Б банкінің 94% акциясын сатып алады. А компаниясы 01.02.09 жылы Б компаниясының иесіне 500 000 мың теңге төледі. Сатып алу күнгі меншікті капитал құны 550 000 мың теңге құрады.
Кесте 1.1 Б банкінің таза активін сатып алу күні.
10.02.09 жылы сатып алынған таза активі |
Сомасы мың теңге |
Қолма – қол ақша қаражаты және Ұлттық банктегі құндылықтар |
250 000 |
Кредиттік мекемелерінің берешектері |
110 000 |
Клиент қарыздары, нетто |
600 000 |
Негізгі құралдар, нетто |
120 000 |
өзге де активтер |
120 000 |
Клиенттерге берешек |
550 000 |
өзге де берешектер (кредитор) |
100 000 |
Таза активтер |
550 000 |
Азшылық үлесі |
33 000 |
Теріс азшылық үлес есебінен таза активтер |
517 000 |
Төленген сатып алу құны |
500 000 |
Жағымсыз гудвилл |
17 000 |
Азшылық үлесі = 550 000 мың теңге * 6% =33 000 мың теңге. Сатып алынған күнгі төленген нақты сома мен таза активтің сомасы арасындағы айырма жағымсыз гудвилл болып табылады. Гудвиллдің амортизациясы 20 жылдан аспайды.
Сол сияқты сатып алу керісінше Б банкінің активіне алмастыру үшін А банкі акция шығару арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта акцияға айырбасталған номиналдық құны мен актив құнының арасындағы айырмашылық А банкінің қосымша төленген капиталы ретінде танылады.
Мүдделерінің бірігуі Бөлек компаниясы активі мен міндеттемелері біріккен компанияның активі мен міндеттемелері болып табылады.
Бөлек меншікті капитал мүдденің бірігу әдісі секілді бірігеді. Біріккен компания бөлек компанияның шығарған акциясының номиналдық және белгіленген құнында негізгі капитал мен қосымша капиталды жазады. Бөлек компанияның бөлінбеген табысы немесе жетіспеушілігі бірігіп, біріккен корпорацияның бөлінбеген капиталы ретінде танылады. Номиналдық және бөлінбеген сомада біріккен компаниялардың шығарылатын акцияларының көлемі бөлек біріккен компанияның негізгі капиталы қорытынды сомасынан асуы мүмкін. Артығы бірінші біріккен пәрменді капиталынан кейін біріккен бөлінбеген табыстан ұсталынуы керек.
Бірігу үшін мүдделерінің бірігу әдісін қолданатын компания егер компаниялар есептік кезеңінің басында бірігетін болса, сол қосылу болған кезінде қаржылық есептілігін ұстану керек. Есепті кезеңдегі операциялар нәтижесі бірігудің басынан соңғы күнге дейін біріккен және осы күннен кезең соңына дейін операциялардың біріккен бөлек компаниялардың нәтижелерін қосады.
Кезеңінің басында бөлек компания бухгалтерлік балансы мен өзге қаржылық ақпараттарды сол күні біріккен компанияларымен ұсынылуы керек. Өткен жылы жеке компанияның қаржылық есептілігі мен қаржылық ақпараттары ақпараттар ұсыну үшін біріккен негізде қайта бекітілуі қажет. Қайта бекітілген қаржылық есептілік пен қаржылық ақпараттарды бұрынғы жеке компаниялар біріккендігі туралы қаржылық ақпараттар нақты, анық көрсетілуі қажет.
Кесте 1.2 Компанияның меншікті капиталының бірігуі.
Баланс баптары |
А банкі |
Б банкі |
Біріккен капитал |
Жарғылық капитал |
180 00 |
250 0000 |
400 000 |
Резервтер |
50 000 |
50 0000 |
100 000 |
Бөлінбеген табыс |
100 000 |
20 000 |
120 000 |
300 000 |
320 000 |
620 000 |
Кесте 1.3 Акция үлесінің бөлінуі
Акционерлер |
А банкісінің активінің үлеіс |
Б банкісінің активінің үлесі |
Біріккен меншікті капиталдағы үлес | |||
Мың теңге (1) |
%(2) |
Мың теңге (3) |
%(4) |
Мың теңге (5=1+3) |
%а | |
А акционер |
225 000 |
75 |
0 |
0 |
225 000 |
36,3 |
Б акционер |
40 000 |
13 |
20 000 |
6,25 |
60 000 |
9,7 |
С акционер |
35 000 |
12 |
50 000 |
16,6 |
85 000 |
13,7 |
Д акционер |
0 |
0 |
250 000 |
78,125 |
250 000 |
40,3 |
300 000 |
100 |
320 000 |
100 |
620 000 |
100 | |
Біріккен банктердің акционерлік капиталында және біріккен таза активтерінде акционерлердің үлесі.Әрбір акционерлердің үлесі анықталғаннан кейін олардың үлесі бойынша акционерлерде бар акцияларды жаңа акцияларға алмастырылуы қажет. Бірігу бойынша есеп әдістерін анықтауда негізгі кезеңдерді ескеріп, есептің қай әдісін қолдану керектігін нақты анықтау қажет. Жалпы барлық жағдайда сатып алушыны анықтау мүмкіндігі бар және тиесінше сатып алу әдісін қолдану қажет, тек айрықша жағдайларда ғана мүдделерінің бірігу әдісі қолданады.
Жаңа акционерлік
капитал әрқайсысы 1мың теңге
номиналдық құннын тұратын 400
Кесте 1.4 Біріккен жарғылық капиталғы акционерлер үлесі
Акционер |
Біріккен жарғылық капитал | |
Акция саны |
Үлесі % | |
А акционер Б акционер С акционер Д акционер |
145 200 38 800 54 800 101 200 400 000 |
36,3 9,7 13,7 40,3 100 |
1.2 Біріккен кәсіпорынның құрылымы
Бірлескен кәсіпорын екі немесе одан да көп тараптар экономикалық қызметті, оған бірігіп бақылау жүргізу шартымен жүзеге асыру бойынша келісім-шарт жасалады. Бақылау пайда алу мақсатында экономикалық қызметтің қаржылық және операциялық саясаттарын басқарудың мүмкіндігі. Бірлескен бақылау келісім-шарт бойынша экономикалық қызметте бақылауды бөліп жүргізу. Елеулі ықпал -бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық және операциялық саясаттар бойынша шешімдерді қабылдауға қатысудың мүмкіндігі, алайды мұндай саясатты бақыламайды және бірлесіп бақылаудың қажеті жоқ. Бірлескен қызметтің қатысушысы кәсіпорынға бірігіп бақылау жүргізуді жүзеге асыратын бірлескен кәсіпорындағы тарап. Бірлескен кәсіпорындар инвестор - кәсіпорынға бірлесіп бақылау жүргізуге қатыспайтын бірлескен кәсіпорындағы тарап. Үйлесімді шоғырланған – есеп пен есеп берудің әдісі. Ол былайша бірлесіп бақыланатын субъект үлес алғашқыда бастапқы құн бойынша ескеріледі, содан соң бірлесіп бақыланатын субъектінің таза активтеріндегі сатып алудан кейін болатын қатысу үлесінің өзгерісіне түзетіледі. Пайда мен залал туралы есеп беру бірлесіп бақыланатын субъектінің операциясындағы бірлескен қызметке қатысушының үлесін көрсетеді.
Бірлесіп бақыланатын операцияның формасында ұйымдастырылған бірлескен қызметтің қатысушысы өзінің жеке қаржы есептемесі мен шоғырландырылған қаржы есептемесінде өтелген шығындар және бірлескен қызметпен байланысты тауарларды немесе қызметті өткізудің нәтижесінде алатын табысындағы өзінің үлесін тануы керек [4].
Жеке қаржы есептемені жасау барысында бірлескен қызметтің қатысушысы өзі бақылайтын активтер мен міндеттемелерді, бірлескен қызметтің нәтижесіндегі өтелген шығындар мен табыстар үлесін мойындайды. Сондықтан да шоғырландырылған есепті жасау барысында түзету мен біріктіру бойынша басқа да операциялар қажет болмайды .
Бірлесіп бақыланатын активтеріндегі өз үлесін, қолдағы кез-келген міндеттемелерді, біріккен кәсіпорындағы міндеттемелердегі өз үлесін өткізуден түскен табысты немесе бірлескен кәсіпорын өтеген шығыстардағы өзінің үлесімен бірге бірлескен кәсіпорын өніміндегі өз үлесін пайдалану, бірлескен кәсіпорындағы өзінің үлесіне қатысты өтелген шығыстарды тану керек [5].
Активтерді бірлесіп бақылау формаларында ұйымдастырылған бірлескен кәсіпорын қатысушыларға бөлінген және өтейтін шығыстардың дербес есебін ұйымдастыралды.
Бірлесіп бақыланатын субъектілер – бұл әрбір қатысушының өз үлесін болатын серіктестік, корпорация немесе басқа да кәсіпорын формасында ұйымдастырылған бірлескен кәсіпорын. Бірлесіп бақыланатын субъектілердің қатысушысы бірлесіп бақыланатын субъектілердегі инвестициялардың есебін өзінің есеп тіркемелерінде, инвестицияның есеп шотын қолдана отырып жүргізеді. Бірлесіп бақыланатын субъектілердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, қаржы есептемесін әзірлеуді және ақпараттарды жүйелеуді жеке жүргізеді. Субъектіні бірлесіп бақылау формасындағы бірлескен қызметте қатысушылардың шоғырланған қаржы есептемесін әзерлеуге стандарттармен үйлесімді шоғырландыру әдісі анықталады.
Үйлесімді шоғырландыру әдісі мынаны ұйғарады: қатысушылардың шоғырланған бухгалтерлік балансы бірлесіп бақыланатын субъектілердегі міндеттемелердің тиісті үлесін және бақыланатын активтердің тиісті үлесін қамтиды. Қатысушылардың пайдасы мен залалы туралы шоғырланған есеп бері бірлесіп бақыланатын субъектілердегі кірістер мен шығыстар үлесін қамтиды.
Үйлесімді шоғырландыру әдісін жүзеге асырудың, шоғырландырылған есеп беруде қатысу үлесін көрсетудің екі шешімін тапты. Ол – бірлескен қызметке қатысушылардың кірістері мен шығыстарындағы, міндеттемелеріндегі, активтеріндегі қатысу үлесін жолма-жол жинақтау арқылы немесе активтердегі, міндеттемелердегі және кірістері мен шығыстардағы қатысушының үлесін шоғырландырылған қаржы есептемесінде жекеленген баптар бойынша жеке көрсету жолдары.
Ұйғарымды баламалы нұсқа – (қауымдастырылған кәсіпорындағы инвестициялық есебі» атты 28 халықаралық стандартқа сәйкес үлестік қатысу әдісін қолдану [6].
Кірістер мен шығыстар (пайда мен залал) туралы шоғырландырылған есеп беру. Бас компания мен еншілес компанияның кірістері мен шығыстары туралы есеп беруді шоғырландырудың әдістемесі - ұқсас баптарды жолма – жол жинақтау. Топ ішіндегі есеп айырысу мен топ ішіндегі операциялар бойынша қалдықтар, оның ішінде тауарларды (жұмыс,қызмет) сатудан түскен табыста, шығыстар және дивиденттер шоғырландырылған қаржы есептемесін беруді жасау барысында толық есептен шығарылуы тиіс. Тауар-материалды қорлар мен негізгі құрал-жабдық секілді активтердің баланстық құнына кірген топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген табыс толық есептен шығарылады. Топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген залалда шығынның орны толтырылуы мүмкін болмаған жағдайдан басқа уақытта активтердің баланстық құндарын есептеу барысында шегеріледі.
Төмендегі кестеде бухгалтерлік баланстың баптарын жолма – жол жинақтау бойынша процедуралар келтірілген. Ондағы БТ-бас компания табысы, ЕТ-еншілес компанияның табысы, ЕУТ-топ ішіндегі операция бойынша еншілес компанияның табысы, БУТ – топ ішіндегі операция бойынша бас компанияның табысы, БУӨ-топ ішіндегі операция бойынша бас компанияның сатылған өнімдерінің өзіндік құнын, ЕУӨ-топ ішіндегі операция бойынша еншілес компанияның сатылған өнімдерінің өзіндік құны; БУҚ – топ ішіндегі операция бойынша сатып алынған бас компанияның тауарлы – материалдық қорлары, УӨТ-топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген табыс, ВРПН-топ ішіндегі операция бойынша өткізілмеген табыстың салық тиімділігі; ТД- топ ішіндегі есеп айырысудағы дебиторлық берешек, ЕКИ-еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның тиісті қатысу үлесін білдіретін еншілес компанияның акцияларындағы инвестиция, Г-гудвилл, жағымды іскерлік бедел, БК-бас компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемесі) ЕК-еншілес компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемесі), УК-топ ішіндегі есеп айырысудағы кредиторлық берешек, АҮ-еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшылық үлесі, БК-бас компанияның меншікті капиталы, ЕК-еншілес компанияның меншікті капиталы [7].
Бухгалтерлік балансты шоғырландыру бойынша жұмыс кестесіндегі түзету жазбасы былайша болады:
1. «Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді есептен шығаруды:
1) «Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек» (ТҚ) баланстың бабының дебиті «Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек» (ТД) баланстық бабының кредиті;
2) Еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның тиісті қатысу үлесі мен еншілес компанияның акциясындағы бас компания инвестициясының баластық құндарын есептеп шығаруды;

- Біріккен кәсіпорынның мәні мен құрылымы
- Біртекті емес Коши-Риман жүйесі
- Бісквіт ваговий з повидлом
- Бісквітно-кремові торти
- Благонадежность и лояльность персонала как элемент кадровой безопасности
- Благотворительная деятельность и ее связи с отечественной системой социального обеспечения, социальной защиты и социальной политикой
- Благотворительность в дореволюционной России в конце XIX начале XX веков (на материалах Владимирской губернии)
- Бізнес-план виробничого підприємства ТОВ« Україні »
- Білім базасы
- Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде
- Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары
- Білім беру жүйесіне анықтама. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы
- Біологічні основи інтродукції видів рододендрон в Житомирському Поліссі
- Біологія птахів відкритих просторів