Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері
Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде. Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемінің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толық қанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтежелерін беруге тиіс»- деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айрықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады.
Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, мұғалімге байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық біліктілігі, адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.
Бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесі дүниедегі алдыңғы қатарлардан бірі болып саналады. Ол кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру процесінің технологиялық бағыттылығымен мықты, оның негізгі мазмұны дайын білімді, дайын ұйғарымдарды меңгеру болып табылады.
Мұғалімді дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі педагогикалық оқу орнында қаланады.
Зерттеудің өзектілігі қоғам жаңаруының динамикалық үрдістері жағдайындағы педагогикалық теория мен тәжірибені дамыту қажеттілігімен анықталып, оған төмендегі жағдайлар себепші болған.
Біріншіден, кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің қалыптасу
Екіншіден, әр түрлі оқу-тәрбиелік
жағдайлардағы педагогикалық
Үшіншіден, мұғалімнің кәсіби жете білушілігі рөлінің, оның кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесі мен жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім алуға және өзін өзі жетілдіруге, өз ісіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарауға деген уәждемелік ұмтылысының өсуі.
Төртіншіден, жаңа педагогикалық түсініктерді енгізу, олардың мәнін анықтау, педагогикада белгілі басқа да түсініктермен қатынасын айқындау арқылы педагогиканың түсініктемелік аппаратын дамыту маңыздылығы.
Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді
кәсіби-педагогикалық іс-
Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының (Р.Ж. Ержанова, К.К. Жампейісова, А.В. Иващенко,А.П.Сейтешев, А.Г.Казмагамбетов, Г.Ж.Меңлібекова, А.А. Қалыбекова Н.Д. Хмель, Б.Г.Сарсенбаева, В.К. Шабельников, Э.И. Шнибекова, Н.Н. Хан, А.Ж.Қайдарова және т.б.) кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерде байланыстырыла отырып, қарастырылғанын көрсетеді. Жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы негізінде жан-жақты дамуының (К.Б. Жарықбаев, Р.К. Толеубекова, Ә.Н. Көшербаева) ең маңызды жақтарын қарастырған.
Бірқатар зерттеулерде мұғалімнің
кәсіби дайындығының заңдылықтары (Ф.Н.
Гоноболин, Н.В. Кузьмина, Л.И. Рувинский,
В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және т.б.);
педагогикалық іс-әрекет мәні, және
құрылымы (С.И. Архангельский, Н.А. Половникова,
Т.С. Полякова және т.б.); жалпы педагогикалық
біліктердің қалыптасу
Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерді сараптау кәсіби-педагогикалық
дайындықтың педагогикалық
Педагогика теориясындағы
мәселенің жай-күйін сараптау оның
зерттеу аумағындағы білімдерді
жүйелеуге және оларды кәсіби-педагогикалық
іс-әрекетке дайындаудың негізін
тану процесін әрдайым байытып отыру
деп қарастыруға мүмкіндік
Жоғарыда айтылғандарға
орай, педагогикалық жоғары оқу орнында
кәсіби-педагогикалық іс-
Сонымен, жоғары оқу орнында бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке даярлау жүйесі мен оның компонеттерінің өзара әркетін, құрылымдық принциптері мен жүзеге асыру жолдарын іздестіру зерттеу проблемасын айқындауда: «Бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері» тақырыбын тандауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі –бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби даярлау жүйесі.
Зерттеу пәні –бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлау үрдісі.
Зерттеудің мақсаты бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлаудың негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыда дамыту және осы даярлық үрдісін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыздандыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. «Кәсіби-педагогикалық
іс-әрекет» ұғымының мәнін
2. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделін жасау.
3. Бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдарын жүзеге асыру
4. Зерттеу барысында алынған тұжырымдардың тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.
Зерттеудің болжамы. Егер бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыруда қолданатын ерекше инновациялық технологиялық тапсырмаларды пайдалануға негіздеу – жүзеге асырылса, бұл олардың кәсіби педагогикалық іс-әрекетке даярлық үрдісінің тиімділігін арттырады, өйткені бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби-іс-әрекетке даярлығы күрделі жүйе болып табылады.
Жетекші идея: бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздерін теориялық және эксперименталдық тұрғыда дамыту болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін, біліктілігі мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: теория мен практиканың бірлігі туралы философиялық идеялар, қоғамдық даму құбылыстарын зерделеудегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны мен ерекшеліктері анықтауға мүмкіндік береді. Аталған әдіснамалық тәсілдемелердің өзара байланысы теория мен тәжірибе арасындағы тығыз байланыстың салдары, бұл зерттеудің негізгі теориялық нәтижелерін айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері; ҚР Үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері ( стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б); педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: Алға қойған міндеттерді шешу үшін және бастапқы жорамалдарды тексеру үшін табиғаты жағынан зерттелініп отырған құбылысқа жақын зерттеу әдістері мен әдістемелердің жиынтығы пайдаланған: педагогикалық білім беру жүйесінің даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін отандық және шет елдік әдебиеттердің әдіснамалық және теориялық сараптамасы; студенттердегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің білігі мен дағдыларының жай-күйі мен дамуын тексеру үшін қолданылатын бақылау, сауалнама, тесттер; анықтау және қалыптастыру эксперименттерінен тұратын эмпирикалық әдістер.
Тәжірибелік-эксперименталды
және теориялық әдістер әр түрлі
педагогикалық
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1. Зерттеудің
теориялық негізі тұрғысында
«Кәсіби-педагогикалық іс-
2.Білім беру жағдайындағы кәзіргі бастауыш мектептің даму тенденциялары анықталды.
3. Кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің қалыптасуының
4. Бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау үрдісінде алынған ғылыми тұжырымдардың тиімділігі тәжірибелі-эксперимент арқылы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәні болашақ мұғалімдердің шығармашылық кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуын қамтамасыз ететін оқу құралдарын, әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық материалдар жасау және оларды енгізумен анықталады. Аталған материалдар тек педагогикалық қана емес, басқа да оқытушылар дайындайтын жоғары оқу орындарында, педагогикалық училищелер мен колледждерде, білім жетілдіру институттарында да қолданыла алады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Алға қойылған міндеттерге сәйкес зерттеу екі негізгі кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2010-2011) қарастырылып отырған проблеманың зерттелу деңгейі анықталды, Отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми- теориялық, әдістемелік еңбектеріне және философия, психология, педагогика ғылымындағы зерттеу проблемасына қатысты іргелі ғылыми зерттеулерді талдау мен жоғары және жалпы білім беретін мектептегі оқыту тәжірибесінің жай-күйі, жетістіктері мен қайшылықтары сараланды, тақырып бойынша ғылыми аппарат құрылды.
Екінші кезеңде (2011-2012) тақырып бойынша тәжірибелік-эксперименттің анықтау және қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет ұғымының мәні анықталды, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті қалыптастыруға методологиялық тұрғыдан келу қарастырылды. Жинақталған материалдар сұрыпталып жүйеге келтірілді, зерттеу нәтижелері өңдеуден өтті, зерттеу жұмысы қорытындыланып, ғылыми ұсыныстар даярланды.
Зерттеу базасы: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері
1.1 Болашақ
мұғалімдерді кәсіби педагогикалық-
іс-әрекеттің қалыптасуы
Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру маңызды болып отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап, баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар өз еңбегінің нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады. Білім беру мекемелерінде негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемелік құралдармен қаруланған, студенттерді түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мұғалімдер қажет. Жоғары мектептегі тұтас оқыту-тәрбиелеу процесінің табысты болуы мұғалімнің жеке басын жетілдірумен байланысты болып отыр.
Ғаламдандыру
күннен күнге өсіп келе жатқан
халықаралық бәсекелестік, қоғамда
болып жатқан өзгерістердің
Қай қоғамда да істің тетігін маман шешеді деген қағида негізінде шындық бар. Яғни, білім сапасын көтерудің бір тетігі осы студенттерге де байланысты.
Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы
Қазақстанның «Білім туралы»
Заңы мен «Қазақстан-2030»
Сондықтан да студенттердің оқу іс-әрекетін құрылымдық талдау жүргізу барысында, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясы қай түрде әзірленді, сол түрінде адамның жалпы іс-әрекет құрамына сүйенеміз. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Марков және басқалардың ойынша, оқу іс-әрекеті өз құрылымында, адамның әр іс-әрекетінің құрылымын қайталайды және жаңғыртады деп айтқан.
Біздің көзқарасымыз бойынша, оқыту процесін нақты-ғылыми зерттеудің әдістемелік негізі түрінде пайдаланып, жүйелілік тұрғыдан қарауға назар аудару қажет. И.В.Блауберг, Э.П.Юдин оқу іс-әрекетін жүйелілік объект ретінде қарастырылатындығы туралы айтады, бірақ жүйені зерттеу оның бар болу шарттарына байланысты бөлінбейді. Оқу іс-әрекеті әп-сәтте қалыптаспайды, ол өз дамуында оларға тән шарттардың бір қатар кезеңдерін өтетіндігін есепке алып, оның қалыптасу бағдарламасы да мақсаттары мен міндеттері бар бірнеше кезеңнен тұруы қажет деп көрсетеді. Зерттелініп жатқан құбылыстың көп аспектілігін есепке алып, студенттің оқу іс-әрекетін қалыптастыру тәжірибесінің жолдарында өзін қисындық және бірізіділік үйлестіру түрінде ұсынғандығы аталып көрсетіледі.
Мәселені шешуге деген
бұндай көзқарас тек қана жұмыстың
әр кезеңінің ерекшеліктерінің есептелуіне
мүмкіндік жасамайды, ол жиналған ғылыми-практикалық
тәжірибені толығымен пайдалануға
қол жеткізеді. В.Марача өзінің мақаласында
«адам капиталы» инновациялық-
С.М.Джакупов және бірқатар авторлар отандық ғылымның барлық оқу теорияларын үш үлкен топқа бөлді. Бірінші топқа оқыту процесіне назар аударатын теориялары кірді. Бұл репродуктивтік оқыту теориясы. Осы бағыт өкілдерінің өз алдына қойған міндеттері, дәстүрлі бағытты жақтаушы міндеттерімен сәйкес келеді. Екінші бағытқа өнімді оқыту теориясы жатады. Мында оқушының оқу процесі мен белсенділігіне екпін жасалынады. Үшінші бағыт жоғарыда атлаған екеуінің синтезін құрайды. Оқыту процесі мен оқу процесін органикалық үйлестіру талапынысы жасалынды.
Содан кейін атақты дидактист Лотар Клинбергтің көзқарасын жоғары бағаланады, бұл «оқыту мен оқудың арасындағы қарым-қатынас дидактикалық қарым-қатынас болып табылады: барлық дидактикалық құбылыстар қалай болғанда да, оқыту мен оқу процестері болып табылатын ерекше әлеуметтік қарым-қатынасқа жатқызуға болады. Оқыту мен оқу процестерінің өзара байланысы дидактикалық процестің негізін қалаушы «жасушасы» болып табылады. Оның ішінде дидактикалық процестің негізгі өзара байланыстары және маңызды қайшылықтары жатыр. Клинбергтің көзқарасы бойынша, «оқыту» және «оқу» санаттары дидактикалық процестің элементарлы, жүйелендіру құрылымын, оның негізгі элементтерінің қатынасын белгілейді.
Мектеп немесе жоғары оқу орында оқыту процесінің жүйелілік талдауын өткізу қажет. Өйткені, қазіргі оқыту теориялары біртұтас жүйе ретінде оның барлық құрамдас бөліктерін процесінде сипаттамайды. Сол себептен біздің жұмысымызға қажетті оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру және дамытудың маңызды мәселелерінің шегін табу мүмкін емес.
Сондықтан
да бүгінгі таңда білім беру
үрдісінде студенттердің
Білім беру институтының
Ғасырлар тоғысында
«Адамның тізгінді басшысы –
ақыл, жетекшісі – қатаң талап,
шолушысы – машық ой, жолдасы
– жасампаз кәсіп, қорғаны
– сабыр, қорғаушысы –
С.М.Джакуповтың ойынша, мектеп немесе жоғары оқу орында оқыту процесінің жүйелілік талдауын өткізу қажет, өйткені, қазіргі оқыту теориялары біртұтас жүйе ретінде оның барлық құрамдас бөліктерін бірыңғай процесінде сипаттамайды. Сол себептен біздің жұмысымызға қажетті оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру және дамытудың маңызды мәселелерінің шегін табу мүмкін емес.
Оқыту процесін талдау барысында С.М.Джакупов бір тұтас жүйенің бес принципін және үш негізгі деңгейін бөлді: жүйелілік талдаудың мета, макро және микро деңгейлері.
«Осы принциптерге сүйене отырып біздің зерттеу объектімізді – жоғары оқу орындағы оқу-тәрбиелік процесті (ОТП) – тұтас динамикалық жүйе ретінде ұсынуға болады. Жоғары оқу орындағы ОТП-і оқу процесінде жүзеге асырылатын, студентке оқыту және тәрбиелік ықпал жасайтын бірыңғай жүйені аламыз».
ОТП қарастыру процесінде мынадай құрамдас бөліктер ажыратылды. Олар «оқыту», «оқушылар», «оқыту мазмұны» кіші жүйелері. Бұдан ары кіші жүйе арасында тура және кері байланыстар бөлінді, олар оқыту әдістері мен құралдары. «Оқыту мазмұны» кіші жүйесі жүйенің құрамдас бөліктерінің арасында аралық орын алды. С.М.Джакупов ОТП жүйесін сұлба ретінде мынадай түрінде ұсынды:
Біз де С.М.Джакуповтың көзқарасын қолдай отырып, мектеп немесе жоғары оқу орындағы оқыту процесінің алдында тұратын көкейкесті мәселелердің бірі - жалпы оқу-тәрбиелік процесінің тиімділігі мәселесі немесе жеке алған оқушыға әр педагогикалық әсер ету тиімділігі - деп санаймыз.
Педагогикалық ықпал жасау тиімділік мәселесін, оны шешетін оқытудың нысандары мен әдістерін алғаш рет дидактиканың негізін қалаушы, чех ғалымы, қоғамдық қайраткер Ян Амос Коменский «Ұлы дидактика» жұмысында әзірледі /10/.
Сонымен, оқытушының арнайы
әлеуметтік-психологиялық
Жиырма бірінші ғасырдың саясаткерін, басшысын, бизнесменін және қарапайым адамды бақылай отырып, олардың әрқайсысына кәсіби компетентті психологтың көмегі қажет екенін аңғаруға болады.
Әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік кұрылымының ерекшелігі ретіндегі студенттік кезеңнің мәселесі Б.Г. Ананьев мектебінде көп қарастырылды. Б.Г. Ананьев, Н.В. Кузьмина, Ю.Н. Кулюткин, А.А. Реан, Е.И. Степанова зерттеулерінде бақылаудың эмпирикалық материалы эксперименттер мен теориялық жалпылаулар осы мәселе бойынша көптеп жиналды. Көптеген зерттеушілердің мәліметтері студенттерді әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық қырынан оқу іс-әрекет субъектісі ретінде сипаттауға болатынын көрсетеді.
Студенттік кезең – бұл ерекше әлеуметтік мәдениет, жоғары білім беру институтымен біріктірілген адамдардың қоғамы. Тарихи жағынан бұл әлеуметтік-кәсіби құрылым бірінші университеттердің пайда болу уақытынан, ХІ-ХІІ ғасырдан басталады. Студенттер бағыттылықпен білімді және кәсіби біліктілікті жүйелі меңгеретін, оқу еңбегімен айналысатын адамдар тобы.
Әлеуметтік топ ретінде ол кәсіби бағыттылықпен, келешек кәсібіне деген қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекет жағдайларын білуді қажет етеді. Зерттеулер нәтижесінде студенттің мамандық туралы түсініктері оның сабаққа деген қатынасының деңгейімен сәйкес келетінін көрсеткен. Өзінің мамандығы туралы неғұрлым аз білсе, соғұрлым сабаққа деген жағымды қатынасы төмен болатыны анықталған.
Әлеуметтік-психологиялық
аспектте студенттер өзге топтармен
салыстырғанда неғұрлым жоғары білімділік
деңгейімен, мәдениетті белсенді пайдалану
және таным мотивациясының жоғарғы
деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар
студенттер - әлеуметтік белсенділіктің
жоғарғы деңгейімен және жеткілікті
түрде интеллектуалды және әлеуметтік
зерделіліктің үйлесімділігімен сипатталатын
әлеуметтік қоғам. Бұл студенттік ерекшеліктің
негізінде әрбір студентке
Б.Г. Ананьев мектебінің
зерттеушілерінен алынған мәліметтер
студенттік кезеңнің – интеллекттің
күрделі құрылымдарының уақыты екендігін
көрсетеді. Жоғары оқу орнындағы
оқу уақытында еңбектік, кәсіби іс-әрекеттің
негізі қалыптасады. Оқу барысында
меңгерілген білім, біліктілік, дағды
оқу іс-әрекетінің пәні ретінде емес,
кәсіби іс-әрекеттің құралына айналады.
Бірақ техникалық жоғарғы оқу
орындарындағы студенттердің
Студенттің мәнді көрсеткіші – оқу іс-әрекетінің түрлері мен түр пішіндерін орындай алу біліктілігі.
Оқытушылардың алдында
жауапкершілігі мол психологиялық-
Студентке әлеуметтік
зерделі тұлғаға қатынас
Практикалық психологтың тұлғалық-кәсіби даму процесінің жүзеге асуы объективті, субъективті, субъективті-объективті жағдайлардың орындалуын талап етеді
Жантанушыларды дайындауда психологиялық-акмеологиялық тұрғы мәселенің негізі бола алады (Б.Г. Ананьев, К.А. Абульханова, А.А. Бодалев, А.А. Дергач, А.С. Гусева, В.Г. Зазыкин, Н.В. Кузьмина, И.Н. Семенов, А.П. Ситников, Е.А. Яблокова).
Жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуы дайындық процесінің ғылыми-әдістемелік, мазмұндық және ұйымдасқан қамтамасыздануы негізінде мүмкін болады.
Жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуының алғышарты болып өзін-өзі танудың дамуы және өзін-өзі жетілдіру тілегінің деңгейі болып табылады. Өзін-өзі тану іс-әрекетін жоғары деңгейде меңгеру өзіндік жетілу мен кәсіби даму әрекетіне белсенді қосылуға мүмкіндік береді. Сол себепті тұлғалық жетілудің жоғарғы деңгейі практикалық психологтің кәсіби дамуының бірінші және екінші деңгейімен байланысты. Өз-өзін тану, өзін-өзі қабылдау және өзіндік жетілдіру деңгейі дайындық процесінде іс-әрекет субъектісі жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби дамуы маңызды болып саналады.
Практикалық психологтерді жүйелі-құрылымдық дайындауда тұлғалық-кәсіби өсуіндегі жағымды өзгерістерді қамтамасыз етеді. Жантанушының кәсіби «Менінің» қалыптасуы мен дамуы кәсіби іс-әрекеттің жүзеге асуына бағытталады.

- Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
- Болезни домашних животных
- Болезни новорожденных
- Болезни сердечно-сосудистой системы у детей
- Борщи
- Борьба с бандитизмом
- Борьба с контрабандой наркотиков
- Блюда из мяса, испанской кухни
- Блюда из рубленной массы
- Блюда из творога
- Блюда из творога
- Блюда русской кухни
- "Бобровка + " ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру
- Богучанская ГЭС