Бударин қорықшасында кездесетін негізгі ағаш және бұта жапырақтары құрамындағы ауыр металдар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы
дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Бударин қорықшасында кездесетін негізгі ағаш және бұта жапырақтары құрамындағы ауыр металдар»
01405 топ студенті Жайлиева Ә.Ө.
Ғылыми жетекші: биология ғылымдарының
докторы, профессор Дарбаева Т.Е.
Мазмұны.
Кіріспе……………………………………………………………
- Әдебиетке шолу…………………………………………………………12
- Бударин қорықшасының физикалық – географиялық жағдайы……..14
- Жер бедері………………………………………………….17
- Геологиялық құрылымы…………………………………..18
- Климаты………………………………………………….…19
- Топырағы…………………………………………………...
20 - Өсімдік жамылғысы ………………………………..…..21
- Орманды зерттеу әдістері …………………………………………..22
- Негізгі ағаштардың және бұталардың сипаттамасы ………………...26
- Қара терек - P. niga L …………………………….…….…26
- Ақ тал- Salix alba L …………………………………..…...30
- АмерикалықШаған-F.americana ………….………..……..34
- Кәдімгі Шегіршін – Ulmus laevis ………………..…….....38
- Шомырт - Prunus spinoza ………………………………..41
- Мойыл - Rubus Caesius L ……………………..………….44
- Негізгі өсімдіктердің жапырақтарындағы ауыр металдар мөлшері...46
- Ауыр металдарды анықтау әдістемесі………………….....49
- Алынған ақпаратты Орал өзенінің жоғарғы
бөлігіндегі негізгі ағаш және бұта түрлері
жапырағындағы ауыр металдар
мөлшерімен салыстыру………………………………………………...
- Қорытынды………………………………………………………
……….60 - Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………....61
Кіріспе
Қазіргі кезде еліміздің көптеген өңірлері газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы, олардың миграция арқылы таралып, қоректік тізбек негізінде жануарлар ағзасына өтуі, келтіретін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуді ерекше талап етеді. Өндіріс орындары бар аумақтардың атмосферасы көп мөлшерде әр түрлі химиялық қосылыстар және ауыр металдар арқылы ластанады.
Ауыр металдардың 80% микро-элементтер. Микроэлементтердің ауыз су мен тағам өнімдерінде жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына, нәтижесінде эндемиялық аурулардың дамуына әкеліп соқтырды. Ал, ауыр металдардың өсімдіктер мен жануарларда артық мөлшерде жинақталуы олардың ағзасында жүретін тіршілік үшін маңызды процестерге қауіп төндіреді. Бұл, ауыр металдардың суда, топырақта қалыпты мөлшерде болу қажеттілігін талап етеді. Себебі, трофикалық тізбек арқылы таралып, биотаға және адам ағзасына түседі де, оларға кері әсер етеді. Өндіріс қалдықтарының қоршаған орта нысандарына түсуін, жинақталуы мен миграциясы, заңдылықтарын зерттеу олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Орман – ағаштар, бұталар, не басқа да өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес. Ол-экологиялық жағынан бір-бірімен байланысты, сол сияқты жануарлар дүниесі мен өздерін қоршаған ортамен де тығыз байланысты жануарлар дүниесі мен өздерін қоршаған ортамен де тығыз байланысты ағаш тектес және шөптесін өсімдіктердің күрделі қауымдастығы.
Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.
Ормандар суық және құрғақ желдің әсерін әлсіретіп, климатты жақсартады. Жер бетіндегі биологиялық активті оттектің 60% ормандар береді. Көлемі орташа бір ағаш 24 сағатта 3 адамның қалыпты жағдайда тыныс алуына қажетті оттегіні тотықсыздандырады. Жаздың 5 айында үлкен қайың ағашы -44кг, емен-28кг көмірқышқыл газын сіңіреді. Ормандар, сол сияқты мұхиттардың фитопланктоны мен шөптесін өсімдіктер атмосферадағы оттектік балансты реттеп тұрады.
Ормандардың су ресурстары мен топырақты қорғауда да рөлі ерекше. Ормандарда ашық жерге қарағанда қардың еруі жай жүретіндіктен, су көздеріндегі судың деңгейі реттеліп, су тасқынын болдырмайды.
Ормандар егіс далаларын құрғақшылықтан сақтап, топырақта ылғалдың сақталуына жағдай жасайды, сол сияқты топырақтың құнарлылығын сақтап, жел, су эрозияларынан қорғайды.
Ағаш тектес бұталар су жағалауларын абразиядан қорғайды. Ағаштардың үлкен тамырлары суды ұстап, батпақтану мен топырақтың екінші реттік тұздануын болдырмайды.
Ормандар мен егіс далаларының жағаларына отырғызылған өсімдіктер қарды тоқтатып, топырақ пен онда егілген күздік дақылдарды үсіп кетуден сақтайды.
Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл оғары өнімділікпен сипатталатын, ағаш, детрит, гумус, түрінде органикалық зат шоғырланған ең қуатты жүйе; үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұндырушы фактор; төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы; бесіншіден , орман шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикі зат көзі болып табылады. Сонымен қатар, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық не экологиялық тәрбие беруде маңызы зор. [1]
1992жылы Рио-де –Жанейродағы
БҰҰ-ның конференциясында “
Дүние жүзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрд./га-дан астам. Жалпы ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар, жолдар, шалғындықтар кірмейді.Таза ормандар шамамен 3млрд\га-ды алып жатыр. Бір адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0,8 гектардан келеді.
Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 32,2%-ға тең (басқа мәліметтер бойынша 25%).
Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы ормандарды жойған. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75% дан қазір 25-30%-ға дейін кеміген. Ормандар аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз болған ормандарды қорғауға көп көңіл бөлінуде.
Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4%.
Дүние жүзінің ормандарында өсімдік массасының (биомасса) 1,65-1,96 триллион м3(құрғақ масса) шоғырланған. Бұған барлық жер үсті (бұталар,діңдер,жапырақтар) және жер асты (тамыр) массасы кіреді. Ағаш діңінің ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сипаттайтын маңызды көрсеткіш ағаштың жылдық өсімі болып табылады.
Ормандардың экологиялық маңызы
Ормандардың экологиялық
қызметін бағалауда олардың
Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына (өнімділігіне)байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі биомассаны түзуге қабілеттілігіне байланысты, ортаға әсер ететін фактор болып табылады.
Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі.
Атмосферадағы көміртегінің артық мөлшерін шығару арқылы парниктік эффект мәселесін шешуде адамдар орман экожүйелерінен үміттенеді.1т (абсолюттік құрғақ салмақ) өсімдік өнімі түзілу үшін 1,5-1,8т көмірқышқыл газы сіңіріліп, 1,1-1,3 т оттегінің бөлініп шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға есептесек,1 га орман жылына 6-7 т көмірқышқыл газын сіңіріп, 5-6 т оттегін бөліп шығарады. Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлшерінің концентрациясы ағаштардың биомассасынан
үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсімдіктерінде жиналған
көміртегінің бүкіл
массасының 92% орман экоүйелерінде
жиналған. Құрлықтың басқа жүйелерінде
көміртегінің тек шамамен
7%, ал мұхиттың өсімдік
Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуы на әсер етеді.
Ормандардың ауа тазартудағы қызметі.
Атмосферадағы көміртегі балансына әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да , физикалық тұндыру арқылы да жүзеге асырылады.
Ормандардың климаттық және метерологиялық қызметі.
Ормандар меторологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Меторологиялық көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын,ижолдарды, тұрғылықты жерлерді қорғауда пайдаланылады.
Орман мен ашық жердегі ауаның температурасы мен ылғалдылығы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ, тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2- 50C төмен болуы мүмкін. Орташа алғанда азда орманда 1-50 C ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.
Ормандар күн радияциясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радияциясын 100% деп алсақ, онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер (қарағай, қайың және т.б.) белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын (шырша, самырсын) орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі.
Орманда ауа мен топырақтың жоғарғы қабатында ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса, шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.
Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне, тығыздығына байланысты.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Орман грунт суларын қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттк ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі мен басқа да агенттермен ластануына әкеледі.
Ормандардың грунт суларын арттырып, беттік ағысты кемітуінің негізгі себебі, ондағы топырақтың су өткізгіштігінің ақсы болуына (жабын қабатымен тамырларымен копсытылған ) және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.
Ормандар күшті экожүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.
Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Ені 30м орман белдеуі арқылы өткен суда аммоний тұздарының мөлшері 5 есе аз,
SO2– 6 еседен астам, фосфор мен калий 10 есе кеміген. Орман экожүйелері
судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді.
Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиетте қалпына келеді.
Антропогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі.
Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғану іс шаралары төмендегідей:
- Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрит пен оның туындыларымен ластанудан болады. Сонымен қатар, азот тотықтары, фтор, хлор, фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зиянды әсер етеді.
- Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын шашынға айналғанда әсер етеді.Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады (жабын ұлпалары, хлорофилл, клеткалық құрылымдарға әсер етеді). Сонымен қатар қышқылдық жауын түрінде, өсімдіктердің әр түрлі боліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтіленуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асты мүшелеріне минералдар мен қосылыстардан(саз) токсиканттардың әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті уландырушылық әсер етеді.
- Ластанға атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың
созылмалы улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдықтың артуына да байланысты.
- Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұхсат етілген концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды. Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.
- Атмосфераның ластануының ормандарға тигізетін зиянды әсерін кеміту үшін орманда –биологиялық іс шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын (экотиптер) анықтау мен пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымды шығару т.б. жатады.
Табиғаттың тұтастығын сақтау мен орман тоғайды антропогендік әсерден сақтау негізгі мақсат – міндеттердің бірі. Бұл тек біздің мемлекетіміздің ғана емес әлемдік проблема болып есептелінеді. Сондықтан да аталған күрделі орманды сақтау, ластанудан қорғау проблемасы осы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтайды. [1]
Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қазақстан жері ұлан – байтақ
болғанымен орманды алқабы жерінің аз
ғана бөлшегін алып жатқаны белгілі.
Орман, ағаш тек қана табиғаттың сұлулығы
үшін ғана қажет емес, оның қоршаған ортаға,
адаммен бүкіл жан – жануарлардың денсаулығына,
ағзасына тигізер пайдасы шексіз. Орманды
алқаптар болмаса жер шөлейт далаға айналу,
құм басу факторларының орын алу қаупі
өте зор, айналып та жатыр.
Қазіргі кезде еліміздің көптеген аймақтарында орманды қорғау, ластануды болдырмау өз деңгейінде жүзеге аса бермейді.
Табиғи қалпы әлі де болса сақталған, ластанудан аман қалған өлке некен-саяқ.
Орман алқабы Қазақстан территориясының тек 4%-ын ғана алып жатыр, ал Батыс Қазақстан облысындағы орман көлемі 0,4%-ды құрайды.
Осы аталған ақпарат Батыс Қазақстан облысындағы орман алқабын зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.
Адам ағзасына ғана емес күллі тірі организімнің тіршілігіне қауіп төндіретін ауыр металдармен өсімдіктердің ластануы әлем халықтарын алаңдатуда.
Батыс Қазақстын жерінде
орналасқан мемлекеттік
Ендеше, Бударин қорықшасындағы ағаш жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдарды зерттеп, олардың мөлшерін анықтау арқылы Жайық өзенінің жоғарғы жайылмасындағы ағаш жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдармен салыстырып сараптама жасау жұмысының өзектілігіне еш күман келтірмейді.
Жұмыстың мақсаты:
Бударин қорықшасындағы ағаш және бұта жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдарды зерттеп, олардың мөлшерін анықтай отырып Жайық өзенінің жоғарғы бөлігіндегі және оның зерттелетін аймақтарындағы ағаш жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдармен салыстыру. Алынған мәліметтерді сараптай отырып
ауыр металдармен ластанудың деңгейін және ластаушы көздерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
- Бударин қорықшасындағы ағаш және бұталар жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдарды зерттеп, олардың мөлшерін анықтау
- Жайық өзенінің жоғарғы бөлігіндегі ағаш жапырақтарының құрамында кездесетін ауыр металдарды анықтау
- Алынған ақпаратты салыстыра отырып зерттеу
- Зерттеу нәтижелерін таразылай отырып аумақтың ауыр металдармен ластану деңгейін, сонымен қатар ластаушы көздерін анықтау
Зерттеу жұмысының нысаны:
Батыс Қазақстан облысының Бударин қорықшасы (сурет 1) және Жайық өзенінің жоғарғы жайылмасының ормандарындағы ағаш және бұталар болып табылады.
1.Әдебиетке шолу
Зерттеу нысанына байланысты қажетті ақпараттар алынған әдебиеттер мыналар:
Физико географиялық жағдайы мына әдебиеттер негізіне сүйенеді:Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. “Экология” оқулық, Алматы: 2002ж, 302-307б. А.Т. Қуатбаев «Экология пәнінен практикум (оқу құралы)», Алматы:2006ж.106бет. “Жайық өңірі”, Алматы “Дастан”-2001ж, 168бет.
Жер бедері туралы
ақпарат алынған әдебиеттер: А.З.Петренко., А.А.Джубанов.,М.М.Фартушина.,
Геологиялық құрылымы туралы ақпарат алынған әдебиеттер:
А.Ғалымов. Батыс Қазақстан облысының географиясы.Алматы “Рауан”,1994ж,25 бет. Сонымен қатар осы аталған әдебиетті Бударин қорықшасының топырақ жамылғысына сипаттама беру барысында қолдандым.
Климаты алынған әдебиет
М.Н.Сдыков., А.А.Бисембаев., С.Ю.Гуцалов., А.А. Джубанов., С.К. Рамазанов. “Ақжайық ауданы”, Орал-Уральск,2008ж, 72 бет
Өсімдік жамылғысын жазу кезінде төменде келтірілген әдебиеттерге сүйендім: Быков Б.А. Растительность и кормовые ресурсы Западного Казахстана. А-А.: Изд-во АН КазССР, 1955. Дарбаева Т., Отаубаева А., Цыганкова Т. “Батыс Қазақстан облысының өсімдік әлемі”.- Орал,2001. 49бет
Өсімдіктерді зерттеп оларға сипаттама беру барысында пайдаланылған әдебиеттер:
СССР флорасы. – Л., 1935-1961. Шенников А.П. Экология растений. М.:Изд.во Советская наука,Москва-1950, с. 209-223. Т.Е.Дарбаева., «Өсімдіктер систематикасы», Орал- 2008ж, 78бет. Арыстанғалиев С. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша -орысша - латынша атаулар сөздігі.2002ж. 285б.
Ауыр металдарды зерттеу әдістерінде аталған әдебиеттердің көмегіне жүгіндім: Г.Л. Бадавамова., Г.С. Минажева., «Аналитикалық химия оқулық », Алматы, 2011ж, 332-369бет. Волобуев В.Р. “Содержание элементов в золе растений” – Изд-во АН ССР, сер.биол., 1968, №5. Фартушина М.М., Дарбаева Т.Е., Петренко Ю.В. Тяжелые металлы пойменных почвах реки Урал Материалы научно-практической конференции, Уральск, 2002, с.175-178. Базилевич Н.И. Обмен минеральных элементов в различных типах степей и лугов на черноземных, каштановых почвах и солонцах. В кн.: Проблемы почвоведения. М.: Изд-во АН СССР, 1962, с. 148-207.
Флораны зерттеуге қолданған оқулықтар негізінен мыналар:Қазақстан флорасы. А.- А., 1956-1966, б. 44-45. Станков С.С., Талиев В.И. СССР Еуропалық бөлімінің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерінің анықтамасы. – М., 1957. СССР флорасы. – Л., 1935-1961.
- Бударин қорықшасының физико географиялық жағдайы.
Қорықшасының территориясы (сурет 2) Ақжайық және Зеленов аудандары аумағында Орал өзені жайылмасында солтүстігінде Скворкино ауылынан бастап оңтүстікке қарай Самал ауылына дейінгі аралықта 80 мың. Га жерді алып жатыр.Бұлан елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта- су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің (сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі.
Қорықша 1976 жылы елік, бұлан, қабан және тағы басқа жануарларды қорғау және санын қалпына келтіру мақсатында құрылды. 1992 жылы қорықшаға мемлекеттік мәртебе беріліп, оның жұмыс жасау мақсаты шектеусіз.
Бударин зоологиялық қаумалы жануарлар мен құстардың сирек түрлері: европалық қара күзен, орман сусарысу тышқандар, аққұйрық суқарақұс, құрды сақтап қалу мен өсіру үшін, қорықты мекендейтін жануарлар әлемінің табиғи ортасын сақтауға, сонымен бірге басқа жануарлар түрлері: қабан, қоян, түлкі, қарсақ, бұлан, елік, борсықты өсіру мен пайдалануға ұйымдастырылды.
Жер бедерінде Е.А.Ағелеуовтың (1982 жылғы) пікірі бойынша солтүстігінде (Орал қаласы мен Бударино ауылы аралығында) кең енді жайылымда жазықты-жалды пішіндер басым болып келсе, ал оңтүстік жартысында (Бударино мен Атамекен ауылдары аралығы) жайылымның ені қысқарады, жер бедері құмды ірі жалды пішінге ие болады.
А.З.Петренко (1998)қорықша территориясында өсімдіктердің басым және жиі кездесетін 80-ге тарта түрін анықтаған, солардың ішінде сирек және жойылып бара жатқан түрлер, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы сирек кездесетін және қорғауды қажет ететін өсімдіктер тізіміне ұсынылған түрлер бар. Олар: дәрілік жалбызтікен, қырықжапырақ (сальвиния), батпақ қырықбуыны, шерменгүл (горечавка), су жаңғағы және басқалары. [3]
Бударин зоологиялық қорықшасы жануарлар дүниесінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. П.В.Дебелоның мәліметі бойынша (2000), мұнда шамамен құстың 120 түрі, балықтың 30 түрі, сүтқоректілердің 20 түрі және 10-ға тарта бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері тіркелген. Тіркелген жануарлар ішінде «Қазақстанның сирек және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдік түрлері кітабына»енген: сүтқоректілерден Европа қара күзені, орман сусары, құстардан сұңқылдақ аққу, балықшы тұйғын және басқалары.
Қорықша территориясы ландшафтық алуан түрлілігімен де ерекшеленеді. Н.М.Молдағұлов (1996) қорықша территориясында екі ландшафт түріне бөледі: 1. Сазды жайылмадағы - шегіршінді – ақ талды – теректі ормандар мен жайылмалы-шымды, кейде сортаңды – тұзды топырақтағы астық тұқымдасты, әр түрлі шөптесінді – астық тұқымдасты шалғынды Рубежен – Бударин ландшафтысы.
2. Тұзданған саздақты
жайылмалы – карбонатты
Сурет 2 - Бударин қорықшасының картасызбасы
2.1 Жер бедері
Жоғарыда айтылғандай Бударин қорығы Шығыс-Еуропа еліне және Солтүстік Прикапия Низменная алқабына жатады. Рубежен– Бударин ландшафтысының жер бедері сазды, ал Бударино - Мерген жайылма жер бедерi сазды және топырағы тұзды корбанатты.
Ландшафтың бірінші көрінісі
Жайылма - шымдыға, сортаңды - сорлы жерлердегі шегiршiн- бұталы - қияқ ормандары және дәндi, түрлі шөпті дәндi шабындықтармен сипатталады. Екiншiсі қияқ - саты және түрлі шөпті - дәндi шабындықтарды қалыптастырады. Орман бөліктерінің түрлерi: арнаның алдындағы, орталық және жол бойындағы.
Арнаның алдындағы бөлігі ашық ірі құмды аллювийлі қиыршық тасты. Сонымен қатар жалды бедерлер кездеседі, ал оның ені 400-ден 500м-ге дейінгі аралықта болады, кейде 1, 5-2км. Өзеннің бүйірлік эрозиясы орын алатын жайылма аймақтары олар ойысты келеді, ал аккумуляция орын алатын жайылма аймақтарында әдетте, жағажайға айналатын жазақтар.

- Будівельних кластерів
- Будова та принцип роботи пляшкомийної машини
- Будова та технічне обслуговування переднього моста ГАЗ-53
- Бузгалтерский учет, анализ и аудит основных средств
- Бурение боковых стволов Туймазинского месторождения
- Бурятизмы в романе Ч.Цыдендамбаева "Доржи, сын Банзара"на русском языке и их тематическое распределение
- Бухгалерская отчетность предприятия
- Бренд и фирменный стиль
- Бренд-маркетинг в сфере услуг на примере компании McDonald's
- Бренд-маркетинг как способ эффективного управления маркетингом на предприятии
- Британская политика умиротворения
- Бронхопневмания
- Бруцеллез сельскохозяйственных животных
- Брянск -лада