Информатикада сыныптан тыс жұмыста macromedia flash бағдарламасын оқыту әдістемесі

Информатикада сыныптан тыс жұмыста macromedia flash бағдарламасын  оқыту әдістемесі

 

Кіріспе

 

Информатиканы оқыту әдістемесіндегі  өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетінсыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады.

Информатиканы оқыту әдістемесі компьютерлер мен компьютерлік тех  нология құралдарын пайдалану тәсілдерін үйрену барысында әдістемелік пән  ретінде жетекші орынға ие. Бұл  пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың  шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың  өнімді де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып  табылаады. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми- зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметініің  барлық салаларына информациялық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Бұл жағдайлар болашақ  иннформатика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаты мен  мазмұнын, оқытудың әдістерін терең  меңгеріп, оны сабаққа тиімд қолдана  білу міндетін жүктейді.

Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің  графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге  үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің  мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп қолданысқа ие Macromedia Flash программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда  көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Macromedia Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Macromedia Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол  төмендегі сапаларға ие:

  1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану есебінде;
  2. Интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
  3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
  4. Көпсалалығы – Macromedia Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
  5. Қолайлылық – Macromedia Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Осы мақсатымызға жету үшін, бізге Macromedia Flash технологиясын білу өте маңызды  рөль атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Орта мектепте информатика пәнін оқытудың теориялық  негіздері

    1. Информатика пәнін мектепте оқытудың мақсаты мен міндеті

       Информатика  курсы – бұл информатика мен  есептеуіш техника негіздеріне  арналған жеке оқу пәні. 1984 жылдың  соңында Кеңес Социалистік Республикалар  Одағының Ғылым Академиясының  Сібір бөлімінің Есептеу орталағы (А.П.Ершов) және Кеңес Социалистік  Республикалар Одағы ПҒА оқытудың  мазмұны мен әдістері ғылыми  зерттеу институтының (В.М.Монахов)  бірігуімен және еліміздің түпкір-түпкіріндегі  педагог-информатиктердің тобын  жұмылдыра отырып, жалпы білім  беретін мектепте  «Информатика  және есептеуіш техника негіздері»  деп аталатын жалпы білім берудегі  жаңа пәннің бағдарламасын жасау  жұмысы өріс алды. 1985-жылдың 1-қыркүйегінен  бастап  «Информатика және есептеуіш  техника негіздері» деген атпен  ССРО-ның барлық орта оқу орындарында  9-10 сыныптарда 68 сағаттық бағдарламамен  «информатика және есептеуіш  техника негіздері»  оқулығы негізінде  оқытылды (1-бөлім 9-сынып, 2-бөлім  10-сынып, орыс тілінде сәйкес 1985 және 1986 жылдары басылып шығып,  одақтас республикалар тіліне  аударылды). 1988-жылы Қазақстан Республикасында  бұл курс «Информатика» деп  аталды.

       Жаңа  пәнді оқыту үшін 1985 және 1986 жылдардың  жаз айларында мұғалімдерді жедел  дайындау курстары өткізілді,  олардың қатарында негізінен  физика, математика мұғалімдері  мен білім беруді ұйымдастырушылар  болды. Сол кезде Кеңес Социалистік  Республикалар Одағы Оқу министрлігінің  шешімімен педагогикалық институттардың  физика-математика факультеттерінің  негізінде информатика және есептеуіш  техникасы пәнінде жүйелі түрде  мұғалімдер дайындауды ұйымдастырудың  бірлескен әдістемелік шаралары  қабылданды. 1985 жылдан бастап Қазақстандағы  мұғалімдер дайындайтын Абай  атындағы АлМУ-да «Математика  және информатика», «Физика және  информатика» мамандықтарының оқу  жопарлары жасалып, солар бойынша  орта білім беретін оқу орындары  үшін   «Информатика және есептеуіш  техника негіздері»  пәні бойынша  оқытушылар дайындау жүзеге асырыла  бастады. 1985-1987 жылдары Қазақстанда  Абай атындағы АлМУ-дың «Информатика  және есептеуіш техника негіздері»  кафедрасының меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков  «Информатика және есептеуіш  техника негіздері» курсын оқыту  әдістемесі мен мазмұнын қалыптастыруға  тікелей атсалысты. Ол А.П.Ершов,  М.В.Монаховтың редакциясын басқарумен  дайындалған 2-бөлімнен тұратын  «Информатика және есептеуіш  техника негіздері» деп аталатын  оқушылар үшін оқу құралын  және мұғалімдер үшін әдістемелік  құралының  қазақша аудармасының  арнайы редакторы болды. 

        Жалпы  білім беретін мектепке «Информатика  және есептеуіш техника негіздері»  курсын енгізудің мақсаты компьютерлік  сауаттылықты қалыптастыру болды.  Алғашында төмендегідей міндеттер  қойылды:

  • оқушыларды компьютермен таныстыру, оларға қазіргі қоғамдағы «ақпараттандыру» процестері туралы түсінік беру;
  • әрбір оқушыны ақпараттық технологияны пайдалануға үйрету;
  • ақпараттық саланың болашақ мамандарын дайындау: программалауды, компьютердің құрылымын, электрониканы оқыту;
  • оқушылардың процедуралық ойлауын қалыптастыру;
  • мектепте информатика кабинетін құру, информатика мұғалімі қызметін енгізу, жаңа педагогикалық мәдениеттің дүниеге келуін қамтамасыз ету, мазмұнын жаңарту, ең бастысы – информатика пәніне қатысты басқа оқу пәндерінде жүргізілетін оқу жұмысының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қалыптастыру.

 «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты:

  • есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен әдістерін және есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру;
  • оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі ролімен және есептеуіш техниканың даму болашығымен таныстыру.

      

       Компьютерлік сауаттылық, білімділік, ақпараттық мәдениет

Орта оқу орындарында  информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және ЕТН» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және ЕТН» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактиканың жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынған, алайда жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және ЕТН» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылған. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер темендегідей топтарға бөлінген:

  • ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде бағдарлама, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу әдістері мен тәсілдері, бағдарламалау тілдерінің бірінде бағдарламалау негіздері;
  • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың  практикалық дағдылары;
  • ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі элементтерінің жұмыс істеу принциптері;

• өндірісте  және адамзат іс-әрекетінің басқа  салаларындағы компьютердің ролі және қолданылуы.

Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық (КС) ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті (АлМ) ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің ролі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде  пайда болатындығын көрсетеді. Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу» және ИЕТН курсының алғашқы әдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды». Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік үшін формуламен белгілейміз: алгоритмдік мәдениет – компьютерлік сауаттылық.

Төменде «Информатика және ЕТН» пәнінің алғашқы бағдарламасы, оқушыларға арналған байқау оқу құралдары мен мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар пайда болғаннан соң мамандар мен педагогтардың жиналысында талқыланған «компьютерлік сауаттылық» ұғымына берілген толықтырулар келтірілген.

1. Компьютермен «сұхбаттасу» икемділігі.

2. Компьютер үшін қарапайым бағдарламалар құру.

3. ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік.

4. ЭЕМ-нің мүмкіндігін және қолдану ауқымын, компъютерлендірудің әлеуметтік әсерін елестету.

Мектептегі «Информатика және ЕТН» пәнінің алғашқы бағдарламасының әдістемелік тұжырымдамасы байқау оқу құралын жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның екінші түрі өнделіп жарияланды. Бұл жаңа бағдарлама мектепте информатика саласынан білім беру мазмұны мен мақсатының дамуында ерекше орын алды және тарихқа «Информатика және ЕТН» мектеп пәні бағдарламасының «машиналық» нұсқасы ретінде енді.

«Информатика  және ЕТН» пәнінің алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді. Белгілі «компъютерлік сауаттылық» түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым «оқушылардың ақпараттық мәдениеті» ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған «Информатика және ЕТН» пәні оқушыларда:

  • практикалық іс-әрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын;
  • қойылған есептердің формальды жазылу дағдылары, математикалық модельдеу әдістері туралы қарапайым білім және қойылған есептердің қарапайым  математикалық  модельдерін құру икемділігін;
  • негізгі алгоритмдік құрылымдарды білуі және білімдерін есептердің математикалық модельдері бойынша оларды шешу алгоритмін құру үшін қолдану шеберлігін;
  • ЭЕМ-нің құрылғылары мен жұмыс істеуі туралы түсінік және кұрылған алгоритм бойынша жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерінің бірінде ЭЕМ үшін бағдарлама құрудың қарапайым дағдыларын;
  • практикалық есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижесін сауатты түсіндіріп беру және осы нәтижелерді практикада қолдану шеберлігін қалыптастыруы тиіс.

Бұл талаптардың  төмен дәрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндетті, ал толық қамтылуы оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады .

Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылықтың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді. Сондықтан, «ақпараттық мәдениет» ұғымына енетін барлық жаңа тусініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз мектеп «Информатика және ЕТН» пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз.

Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетейік: компьютерлік сауаттылық компоненті бұрынғы редакцияда ЭЕМ-мен «қарым-қатынас» дағдыларын дамыту болса, ал жаңа жүйеде «қазіргі заманғы ақпаратгық жүйелердің негізгі түрлерін жетік пайдалану» және «осы жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі принциптерді түсіну» дағдыларымен сәйкес келеді. Бұл кезеңде мектептің информатика курсының мазмұнды-әдістемелік саласы ретінде ақпараттық технологиялар бөлімін тұрақтандыру мақсатында жұмыс істейтініміз белгілі. Информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады:

Алгоритмдік мәдениет-компьютерлік сауаттылық –  ақпараттық мәдениет ...

Тізбектің соңындағы  сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті. Мәселен, байланыс арналары мен компьютерлік коммуникацияның бір мезгілде дамуы «ақпараттық мәдениет» ұғының мазмұнына коммуникациялық технология туралы түсінік енгізу, қазіргі ақпараттық қоғамдағы әрбір адамның жалпы мәдениетінің міндетті әлементі болып табылады. Информатиканы мектепте оқытудың мақсатына түзетулер енгізу келешекте қарастырылатын басқа да процесстер мен жағдайларға өз ықпалын тигізеді.

 Жалпы  білім беретін орта мектепте  информатиканы оқытудың

 мақсаттары  мен міндеттері

Информатиканы оқытудың жалпы  мақсаттары информатиканың ғылымдар жүйесіндегі,  қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Мектепке тән  негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық.

Информатиканы оқытудың жалпы  мақсаттары информатиканың ғылымдар жүйесіндегі,  қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Мектепке тән негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық.

Информатиканы оқытуға  қойылатын мақсаттар: сонымен мектепте информатиканы оқытуға төмендегідей төрт мақсат қойылады: білім беру; дамытушылық, тәрбиелік, практикалық.

Мектепте Информатиканы оқытудың білім беру мақсаты: әрбір оқушыға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы білім беру, сонымен бірге түрлендіру процестері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану негізінде - оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы ақпараттық процестердің  мәнін, сонымен қатар ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы ролін ашу.

  Мектептегі Информатиканы оқытудың дамытушылық  мақсаты: оқушыға информатика пәнінен білім бере отырып оны жеке тұлға ретінде дамытуымыз қажет. Жеке тұлғаны қабілеттіліктері бойынша дамытады. Сабақта 1) жеке тұлғаны дамыту (ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту); 2) жалпы қабілеттілікті дамыту (әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану);3) танымдық қызығушылықты дамыту (жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін  пайдалана білу).

Мектептегі Информатиканы  оқытудың тәрбиелік мақсаты: информатиканы жаңа сапалы деңгейде оқып-үйренуде ой еңбегінің мәдениеті және өзінің жұмысын жоспарлай алу, оны ұтымды орындау,  іс-әрекетінің алғашқы жоспарын оның орындалуымен салыстыра білу сияқты жалпы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға негізделген.

Мектептегі Информатиканы  оқытудың практикалық мақсаты: оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейін еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылармен қаруландыру.

Информатиканы  оқытудың практикалық  мақсаты сонымен  қатар оқушыларды компьютерлік техниканы  сауатты пайдалануға және басқа  да ақпараттық, коммуникациялық технологияларды  тұрмыста, күнделікті өмірде пайдалануға  дайындауды да қарастырады.

Информатика курсында орындаушы, яғни компьютер алгоритмді дәл,  әрі нақты орындауы үшін, оқушы  алгоритмді қағаз бетінде  дұрыс, дәл жазып немесе пернетақтадан  қатесіз енгізуі қажет. Мектептің  информатика пәнінде  нақтылыққа, іс-әрекет пен ойлаудың дәлдігіне  ерекше мән беріледі,  себебі ойлаудың, баяндаудың және сипаттаудың дәл  болуы – компьютермен жұмыс істеудің негізгі компоненті болып табылады. Жаңа курсты оқып-үйренуде оқушылардың дәлсіздік, олқылық, босаңсу, шұбалаңқылық және т.б. ерсі көзқарастары бірте-бірте жойылуы мүмкін. Жеке тұлғалық маңызды қасиеттер информатиканы оқып-үйренуде өздігінен қалыптаспайды, сондықтан да мұғалімнің тынымсыз еңбегі қажет болады.

 

Жалпы білім беретін  орта мектептерде информатика негіздерін оқытудың құрылымы

 

Бiрiншi кезең (7-9 сыныптар) – базалық курс. Ол информатика пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi (минимум) жалпыбiлiмдiк дайындық деңгейiн қамтамасыз етедi. Бұл кезең нақты мәселенi шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдiстерiн меңгертуге, сонымен қатар компьютердi үйренуде, одан әрi кәсiптiк бiлiм қызметiнде оны еркiн, әрi тиiмдi қолдана бiлу дағдысын қалыптастыруға бағытталған (3 жыл).

Екiншi кезең (10-11 сыныптар) – информатика пәнi бойынша жоғарғы сыныптарда көлемi мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсiптiк даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгерудi жалғастырады (2 жыл).  

“Информатика” пәнiнiң базалық мазмұны төмендегi материалдар көлемiнде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдiстер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтiк информатика.

10-11 сыныптарда “Информатика”  пәнiн оқытудың мазмұндық желiсi   қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық  бағыттар бойынша қарастырылған.

     Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желi, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары  информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады. 

     Жаратылыстану-математикалық  бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары  теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану-математикалық бағыттарда қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады.  Сонымен қатар, программалау тiлдерi тереңдетiлiп, оқытылады.

       “Информатика” оқу пәнi бойынша  оқушылардың мiндеттi дайындық  деңгейiне қойылатын талаптар мектептiң әр түрлi сатысында берiлетiн оқу мазмұнына сәйкес берiлген. Сатылар негiзгi, жоғарғы (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берiлген мазмұндық желiстер бойынша оқушының мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар анықталған.  

       “Информатика”  оқу пәнi бойынша оқу процесiн  ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісiн оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.

 

Информатика және ЕТ мектеп курсының даму болашағы

Информатика және ЕТ мектеп курсының даму болашағы. “Информатика”  пәнiнiң даму болашағы мына көрiнiстерге байланысты:

  1. пәннiң жалпыбiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
  • оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлiк тәжiрибе әдiстерiн меңгерту;
  • тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау қабiлетiн дамыту.
  1. информатиканың ғылыми пән ретiнде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.

“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары:

  • Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.
  • Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцессорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.

Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Орта мектептегі « Информатика» пәнінің мемлекеттік стандарты

 

1 Жалпы ереже

«Информатика» пәні бойынша  стандарт «ҚР Білім туралы Заңы»  және ҚР жалпы орта білімнің Мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарты бойынша  жасалды. Ол 12 жылдық оқу үлгісіне көшуге байланысты информатика бойынша   білім саласында біріккен мемлекеттік  саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

Информатика құрылымды оқытады  және информацияның жалпы қасиеттері шынайы әлемнің маңызды құрамы сияқты болып табылады. Сонымен қатар  информатика – бұл, компьютерлік желілердің көмегімен ерекшеленіп, информацияларды жіберу, сақтау, өзгерту  және қолданумен байланысты қызметтің  дамыған, ғылымиланған саласы.

Информатика қоршаған ортаны тануда жүйелік-информациялық амалды жүзеге асыратын ғылыми мағлұматтың  табиғат пен қоғамдағы информациялық  процестер жөніндегі маңызды  саласының бірі бола бастады.

 

«Информатика» пәні оқушыда  әлемнің информациялық бейнесі, сонымен қатар қызметтің өзекті тәсілдері жинақталған ғылыми мағлұматтар  жүйесінің құрылымдалуына мүмкіндік  бере отырып, жалпы білім беру қызметін орындайды. Білім саласының тәрбиелік  қызметі оқушыда информациялық  қоғам жағдайында сәйкес қызметтер  мен тәртіптер тәсілдерін құруда, адамгершілік, гуманистік принциптерге негізделген этикалық түсініктердің, көзқарастар мен сенімдердің  жасалуынан тұрады.

Информатика орасан даму күшіне ие. Ол оқушының шығармашылық қабілетін  дамыта отырып, ойлаудың операциялық-алгоритмдік  және мазмұндық –логикалық түрлерінің құрылуына мүмкіндік беретін, негізгі  пәндердің бірі болып табылады.

«Информатика» оқушыда білім, икемділік және дағды жиынтығын  қалыптастыра отырып, компьютерді оқу  құралы ретінде кеңінен пайдалануды  қамтамасыз ететін қызмет ету функциясын атқарады.

Информациялық құрауыштар болашақта  қызметтің қай саласында жұмыс  істеу керек болса да басты  технологиялық дайындық ретінде  санала бастады. Бұл информатиканы  өмір мен қоғам сұраныстарына  жақындататын қазіргі заманғы мектеп жасайтын, мектеп дайындығының аздаған  инновациялық және қажетті пәндерінің бірі етеді. Бұдан басқа, информатика  пәні информатика сабақтарында пәндер мағлұматтарын өңдеу негізінде  әр түрлі мектеп пәндерін біріктіруші  басты тәжірибенің шынайы зертханасы, оқытуды ұйымдастыру түрлері  мен тәсілдерінің жаңашылдығы болып  табылады.

 

«Информатика» пәнін оқыту мақсаттары

  • оқушыға информациялық процестер туралы мағлұматтар негізі және олардың әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін құрылымдаудағы рөлінің түсінікті және берік меңгерілуін қамтамасыз ету;
  • қазіргі заманғы қоғам дамуындағы информациялық технологиялар және компьютерлік техникалардың маңызы және рөлі жөніндегі түсініктерді құрау;
  • оқушыға компьютерді өзінің оқуында, содан кейін кәсіптік қызметінде  саналы және ұтымды пайдалануға дағдыландыру.

Оқушының психололгиялық-жас  шамасы ерекшеліктерінен шыға отырып, «Информатиканың» пәндік саладағы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру  үшін, Мемлекеттік стандарт информатиканы  оқытудың бірнеше кезеңдерін ерекшелеп  көрсетеді: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінде  жүзеге асырылатын бастапқы (пропедевтикалық), базалық және бағыттық (кәсіпалды). 

 

Бастапқы кезеңнің мақсаты  – төменгі сынып оқушыларының ойлау мен көңіл бөлудің неғұрлым маңызды құрамдарын дамыту, оқу іс-әрекетінде информатиканы оқу мен жаңа информациялық  технологияларды қолдануға дайындау.

 

  • жаңа информациялық технологияларды қолдануда психологиялық (тұлғалық-уәждік, зияткерлік, операциялық) дайындықтарды қалыптастыру;
  • жинақтау мүмкіндігі, түйсіну, икемділік, беріктік және дербестік сияқты ойлаудың неғұрлым маңызды құрамдарына жағдай жасау;
  • алғашқы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
  • іс-әрекет құрылымдарын құрастыра білуді және бұл үшін мағлұматтар жасауды қалыптастыру;
  • қабылдау, еске сақтау, шығармашылық елестердің дамуына жағдай жасау;
  • информатикамен тығыз байланысты білім саласында оқушының ой-өрісін кеңейту;
  • компьютермен жұмыс істеу элементтерін үйрету, балада компьютердің мүмкіндіктерін игеруде сенімділік сезімінің дамуына жағдай туғызу;
  • компьютерге және информациялық жүйелерге адамгершілік-жауапкершілік қарым-қатынас жасауға тәрбиелу.

жағдай жасау.

 

 

2 «Информатика»  пәні бойынша жоспарланған оқыту  нәтижелері

 

- ақпараттың түрлері мен  қасиеттерін біледі;

- ақпарат тасығыштардың  міндеттерін ажыратады;

- ақпаратты қорғау құралдарының  міндеттерін біледі;

- ақпараттың берілу тәсілдерін  меңгереді;

- өңдеу ұғымын түсінеді;

- ақпаратты өңдеу іс-әрекетін  жоспарлай алады;

- практикалық есептерді  жоспарлау тәсілдерін меңгереді.

  • мәтіндік, сандық, графиктік, дыбыстық ақпараттарды өңдеу туралы түсінігі болады;
  • ақпараттарды іздеу, сақтау, беру туралы түсінігі болады;
  • компьютерге ақпаратты енгізу тәсілдерін біледі;
  • компьютерден ақпаратты шығарады;
  • компьютерде ақпаратты сақтай алады;
  • бағдарламаны жұмысқа қоса алады;
  • мәтіндік, графиктік редакторлармен жұмыс жасау біледі;
  • калькулятор редакторын пайдалана алады.
Информатикада сыныптан тыс жұмыста macromedia flash бағдарламасын оқыту әдістемесі