Инвестициялық қызмет



МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе....................................................................................................................3                                                                                             

1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері.....................................................................................7

1.1 Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.......................................................................................................................7                                                                            

1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері.........15                                                            

1.3 Инвестициялық    жобаларды    тиімді     ұйымдастыру -  инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі...........................................25

2  “Строй Капитал” АҚ экономикалық жағдайын жӘне инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау.........................35

2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы..........35

2.2  “Строй Капитал” АҚ-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау.............43

2.3 “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын бағалау............48

3 кӘсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары......................................................................................54

3.1 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуал және инвестициялық саясаттың жағдайы………………………………......................................................……...54                                                                                               

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру………..............62

Қорытынды.......................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН Әдебиеттер КӨЗДЕРІ.................................................71

 


Кіріспе

    Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қаматамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады.

     Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылдың ақпанындағы халыққа жолдауында айтылғандай «Біз ішкі инвестициялық ресурстарды белсенді түрде дамытуымыз қажет, мұнда мемлекеттік холдингтер, даму институттар және әлеуметтік–кәсіпкерлік корпарациялары үлкен рөл атқаруы керек. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды».

     Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас­тыры­лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жол­дау­ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра­тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.

     Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

     Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести­циялардың нақ­ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндi­рiс­­тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса­руы­нан танылады.Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол- дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады.

     Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде  ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі. Бір жағынан еркін кәсіпкерлік ортаны құру жене тұтынушылардың сұранысын ақтау өз бетінше әрекеттер жасауға әкеліп тірейді, яғни технологиялық жаңалықтарды енізіп, іске қосу керек. Біз ндустриалды-инновация стратегиясын жүзеге асыруды бастадық, бұл экономиканың әртараптануы, яғни болашаққа арналған бағдарлама.

     Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстанда экономикалық реформалардың негізгі бағыты ретінде жоғары экономикалық өсу қарқындарын қамтамасыз етуге және экономика тиімділігін жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындау мен іске асыру болып отыр.

    Инвестициялық жобалар бойынша жеңілдіктер мен преференциялар беру экономика дамуына әсер ететін маңызды мемлекеттік тұтқалардың бірі болып табылады.

     Экономиканы дамытуда ішкі рыноктың тұрақтылығының маңызы зор. Инвесторлар оның дамуына жағдай жасау үшін, өз елімізде сапалы тауарлар шығарып, оны шетелдік тауарлармен бәсекелестік дәрежесіне дейін көтеру керек. Бұл бағытта басты міндет – отандық тауарлардың сапасын жаңартып ғана қоймай, оларды өндіруге кететін шығынды азайтып, бағасын төмендету. Егер отандық тауар өзіне аттас шетелдік тауарларынан арзан болып, сапасы сондай болса, халықтың біріншісін алуға ұмтылатыны белгілі. Тауар сатып алуда, оған жарнама жасауда артықшылық шетелдік емес, отандық тауарға жасалуы керек.

     Соңғы жылдары өңдеуші салалардағы, ауыл шаруышылығындағы ұзақ және қысқа мерзімді сипаттағы инвестициялық жобаларға қаржы ресурстарын бағыттауға және халық тұрмысының әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін, 2/3 бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін, экспортты шикізаттық салалардың даму арқасында, инвестициялық арнаға отандық капиталдың біртіндеп қайтарылу үрдісі байқалады.

     Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның инвестициялық ахуалын талдап, кәсіпорынның инвестициялық жобасын жүзеге асырудың теориялық және әдістемелік негiздерiн зерттеу, инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн талдау және инвестициялық саясатты жетiлдiру жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

-         кәсіпорынның инвестициялық қызметінің теориялық және әдістемелік  тәсілдерін танып-білу.

-         “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.

-         Кәсіпорынның инвестициялық жағдайы мен пайдалану тиімділігін талдау;

-         “Строй Капитал” кәсіпорынының экономикалық қызмет әрекеттеріндегі қазіргі заманға лайық басқаруының даму жолын қарастыру.

      Дипломдық жұмыс объектісі болып “Строй Капитал” АҚ болып табылады.

     Бірінші тарауда инвестицияның теориялық мәселелері қарастырылды. Оның тартымдылығын арттыруға әсер ететін факторлар, инвестициялық    жобаларды    тиімді     ұйымдастыру тартымдылығын арттыруға әсер ететін факторлар қарастырылады.

     Екінші тарауда “Строй Капитал” АҚ –на жалпы сипаттама беріліп, қаржылық–экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорынның инвестициялық жағдайы анықталып, талданады.

     Үшінші тарауда кәсіпорынның инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануына тоқталып, талданды. Сонымен қатар, оның инвестициялық тартымдылығына әсер ететін инновация туралы да сөз болды.


1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері

1.1 Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі

     Инвестиция сөзі латын тілінен шыққан, «Investire» - жұмылдыру деген мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге, өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген. Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы ретінде қолданылды.

     Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, “инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-эконо­ми­ка­лық мәнiн анықтап алу қажет.

    Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.

    Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.

    Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы.

    Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады.

   В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.

Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.

    lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.

     Инвестиция- деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.

    Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.

   Инвестиция объектісі:

1. Мүлік инвестициясы (матриалдық инвестиция). Материалды инвестиция деп – инвестиция              тікелей өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция              - құрал жабдық, материалдарға, құрлысқа)

2. Қаржы инвестициясы – қаржы мүлігін, басқа басқа фирма жұмысына қол сұғу және т.б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу.)

3. Материалы емес инвестиция – материалды емес құндылыққа инвестиция салу. (кадрлар дайындау, жарнама т.б.)

    Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік және тікелей.

    Портфельдік – құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты дивидендтер алу, тағыда сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық береді.

    Портфельдің пайда болуы ол- құнды қағаздар және тағы басқа активтерді сатып алу арқасында пада болды.

    Портфель – бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар  жинтығы, бұл инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит, сертификаттар, және т.б.)

    Тікелей инвестиция              - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске салуы.

    Тікелей инвестиция екі әр түрлі қол пакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға салу, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)

     Екінші компонент – инвестицияны тауар – материалдық қорға салу, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар – материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.

Тікілей инвестиция тағыда; ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

    Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы – қаражатпен қаржыландыру.

    Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция қажет шаруашылық субъекттерді қаржыландыру.   Нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады:

-         ұлғаюға инвестициялар; (экстенсивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс үрдісін ұлғайтады;

-         реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалады;

-         ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал – жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға ауыстыру;

-         инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық үрдістерін модернизациялау.

Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:

-         әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және жаңа өткізу орындарын табу;

 

-         инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау;

Буртто инвестиция: ол нетто – инвестициямен реинвестициядан тұрады.

   Венчурлық капитал инвестициясы бір–бірімен байланысты емес объектілерге салынады, бұл салынған ақшаның тез қайтуы. Бұндай капитал салымдар, өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың конверсиялық құқығы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 

1-сурет-Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс.

 

     Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты.

Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын  кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік.

   Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы  жоғары және басқа фирмалармен тығыз байланыста болады.

Уақыт факторы бойынша:

-         қысқа мерзімдік инвестицияляр

-         орта мерзімдік инвестицияляр

-         ұзақ мерзімдік инвестициялар

Аннуитет – инвестиция, әр – бір уақыт мерзім кезінде жеке бір табыс алып келеді. Ол- қаржыны зейнетақы, сақтандыру қорларға енгізуімен ерекшеленеді. Сақтандыру компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады. Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу мақсатында оларды салады.

Анри Кульман – жанама және тікелей инвестициясы

Франция экономика мектебінің көрікті ғалымы – Анри Кульман инвестицияның класификациясын, проблемасын мүлде басқа аспектте қараған. Ол жанама инвестиция (ақшамен), ал тікелей инвестицияны (ақшасыз) жасауға болады деп ойлаған.

Екінші түрде еңбек өнімін тікелей өндіру құрылымына ауыстыру, капталдың ақшалай форма кезеңіне аттап кету. Бұндай инвестицияның механизімі көбінесе ауыл шаруашылығанда жасалады. Мысалы: фермер ірі – қара малмен өз отарында бұзауларын тек қана амортизацияны жабу үшін ғана емес,  одан көп бұзаулар алу. Олар өз табынының санын ұлғайтуға әсер етеді. Бұл кезде тікелей инвестициялау жүргізіледі.Сондай-ақ бақташыны алсақ олда өзінің барлық гүлдерін, жемістерін өткізбей тек қана 75% сатады, ал 25% тұқымға кетеді, яғни өзінің шаруашылығын ұлғайтады.

    Тікелей инвестиция өте аз қолданылады өйткені өндірісте зауыт өз кірпіштерін өз жеріне тағы зауыт салуға арнамайды және осы қағида кең таралмаған.

    Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.

    Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық тартымдылықты арттыруда бірінші болып, алдағы кезеңдерге арналған даму сипаттары үлкен орын алады. Инвестиция тарту жолымен дамудың алдағы кезеңдердегі көкжиегін нақты талдаулар жасау арқылы болжанған жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ол экономикалық тиімділік деңгейінің қатынастары, өнім өндіру мен оған кететін өндірістік шығындарды дұрыс есептеп, үнемді пайдалану. Кәсіпорындағы инвестициялық тартымдылыққа өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің ұзақтығы тығыз байланысты. Инвестициялық қызметтің ұтымды жолдарының бірі инвестициялық тиімділікті бағалауды өте дұрыс есептеу шарт. Шаруашылық қызметтің негізгі шарттарының бірі болып, өндідістің барлық элементтерін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыру. Шетелдік тәжірибеде инвестициялық тартымдылықты арттыру көбінесе инвестициялық жобаларды ғылыми негіздеп, іс-тәжірибеге лайық, сондай-ақ макродеңгейдегі болатын өзгерістерге барынша төтеп бере алатын жобалар әзірлеумен анықталады.

      Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер” атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды.

Нарық қатынастарын дамытудың қазіргі кезегінде Қазақстанда инвестициялық саясатты құру және жүргізу үшін алғышарттар қалыптасты: кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттеудің нарық құралдарын пайдалану; макроэкономикалық процесстер арқылы басқарудың нарықтық әдістерін әзірлеу және енгізу; қос деңгейлі банк жүйесіне өту; мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оны қаржыландыру көздерін әзірлеу; инновациялық және инвестициялық саланың ролін түсіну және елдің ішкі резервтерінің есебінен инвестициялау көздерінің қажеттілігі. Бірақ, қалыптасқан алғышарттарға қарамастан, экономиканың инновациялық және инвестициялық тартымдылығы қалай ішкі, солай сыртқы инвесторлар үшін әлі төмен. Бұл жағдайдағы, мемлекеттің, аймақтағы өкімет органдарының міндеттері ресурстарды ғылымның және өндірістің басымдырақ салаларына шоғырландырудан және инвесторлар бұл процесстерге қатысу үшін қолайлы инновациялы – инвестициялық ахуал қалыптастырудан тұрады.

Мемлекеттік реттеу тетіктерінің жоқтығы, қаржылы–несиелік саясаттағы жаңсақтықтар нарық жағдайында тұрақтылықты қамтитын кәсіпорындардың инвесторлар үшін тартымдырақтығына алып келді, себебі, өз өніміне сұраныс шектеулері жоқ. Бұл көбінесе, үлкен экспорттық мүмкіншіліктері бар және осыдан шығатын, инвестиция көздерін қалыптастырудағы, артықшылықтары бар мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптері. Осы мұнай мен газ өндірісінің өнеркәсібі инвестиция белсенділігінің деңгейін анықтады. Ол экономиканы ұзақ уақытқа қалыптастырушы фактор болып келеді. Нарық қатынастарына өту жағдайында инвестициялардың өндірістік емес және кен өндіруші өнеркәсіп салаларына қайта бағдарлануы болған. Бұл, өңдеуші өнеркәсібіне капитал салымдарының қысқаруына алып келіп, инвестиция қызметінің сапалы параметрлерінің жақсыруына жағдай жасамады.

Инвестицияның салалық құрылымы біздің толықтай тиімді емес құрылымымызды бекітеді де, түбінде экономика өсіміне жағымсыз әсер етеді. Осы құрылымдық қиғаштықтар консервациясының себептерінің біреуі – аймақ экономикасының дамуындағы артықшылықтарды анықтайтын және шетел инвестицияларын тартуға сараланған тәсілдемені іске асыратын экономикалық саясат шараларының жоқтығы. Шетел инвесторлары салынған капиталға жоғары табыс нормасын басшылыққа ала отырып, салаларды өздері таңдайды. Өкінішке орай біздің мемлекет бұл процесске елеулі әсер етпейді.

Отандық өндірістің құлдырауынан болған ішкі ұсыныстың жеткіліксіздігі, сол ішкі сұраныстың көп бөлігі импорт есебінен өтелуіне алып келеді. Екіншіден инфляцияның жоғары қарқыны, отандық өндіріс тиімділігінің төмендігі және тұрақсыздығы, ел капиталының кемуіне алып келетін, инвестициялауға жағымсыз жағдай жасайды.

Индустриалды–инновациялық дамытудың мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты, жеке меншік секторы мемлекеттің араласуынсыз жүзеге асыра алмайтын тауашаларына, қаржыландыру көздерін және инвестицияны қолдау және тартудың қатысты механизмдерін анықтаудан тұрады. Мемлекет қолдауы мен нарық ынтасының сәйкестігінде ғана мүмкін болатын, инвестиция белсенділігін арттыру арқылы экономикалық дағдарыстан шығуға және өндірісті жандандыруға болады.

 

1.2 Өнеркәсіптік  кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері                                                            

      Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор. Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – кәсiп­орын­ның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табы­лады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық қызмет деп аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Рес­публикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.

     Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iәске асырушы немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.

     Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.

              Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта құрылмына мыналар кiредi:

-         күрделi құрылысы ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;

-         инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интел­лектуады әлеует iске асырылады;

-         қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық және қарыздық мiндеттемелер).

    Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн жалпы барлық экономика деңгейiнде (макродейңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет. Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң сальдосы қарастырылады.

     Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.

     Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар мен жинақтар бiрдей деуге болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек экономика секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық жүйе жағдайында жинақтардың иесi жеке тұлғалары екендiгiнiң принципиалды маңызы жоқ, себебi, бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында мобилизацияланады.

     Қазiргi жағдайда қаржылық қамтамасыз етудiң маңызды көздерiнiң бiрi халықаралық экономикалық байланыстар арқылы келетiн қорлар болып табылады. Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:

-         тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;

-         өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвес­тициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;

-         жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.

-         мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады.

              Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң ми­ни­малды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару меке­ме­лерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвести­ция­лар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты. 

Инвестициялық қызмет