Инвестиция туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Инвестиция»
Дипломдық жұмыс
орындаған:
тексерген:
Жоспар
Кіріспе... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... |
3 |
1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі…………... |
5 |
1.1 Инвестиция тартудың
теоиялық негіздері.. ... ... ... .............................. |
5 |
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде
шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі................... |
15 |
2 Қазақстан Республикасының |
24 |
2.1 Қазақстан Республикасының |
24 |
2.2 Мемлекеттің инвестициялық |
42 |
3 Қазақстан экономикасындағы |
50 |
3.1 Шетел инвестициясын
тартуды және оны тиімді |
50 |
3.2 Қазақстанда инвестициялық |
57 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
63 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
66 |
Кіріспе
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.
Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.
Сондықтан мемлекет шетел
инвестицияларын тартудың бағыт
Қазақстан экономикасына
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың басты факторы болатындығын айқындау.
Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.
Зерттеу негізі ретінде елдің экономикасына шетел инвестицияларын тарту кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар алынған.
Зерттеу зерзаты болып Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру жағдайындағы өнеркәсіптердің инвестициялық әрекеті табылады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі
1.1 Инвестицияны тартудың теориялық негіздері
Шетелдік капиталды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор екеніне көз жеткізу үшін, оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция” ұғымының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.
Инвестицияның материалды құндылықтар мен тауарлар өндірісі процесін анықтайтыны жөнінде айтқанда “инвестиция” категориясының экономикалық және құқықтық болатындығын естен шығармау қажет. Мемлекет ретінде тек қана бір тұлға – мемлекеттің бой көрсетуі жағдайында “инвестиция” ұғымы жеткілікті дәрежеде тар болатын. Ол негізінен капиталдық салымдар мақсатында қолданылатын ақша құралдарын ғана қамтыған. 1991 жылға дейін инвестиция ұғымының тапсырыс берушілердің (инвесторлар) негізінен құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған әрекетін сипаттайтын “капиталдық салымдар” терминімен ауыстырылғандығы кездейсоқтық емес. Бүгінде реттеулі нарықтық қатынасқа өту кезеңінде жеке мүліктік қатынастағы сапалық өзгерістерге байланысты инвесторлар ретінде көрінетін топтық тұлғаларға бағытталушылықта “инвестиция” ұғымы жоғарыда көрсетілген стереотиптерден арылды.
Экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар берілген, бірақ әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы құбылысты күрделі және көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең тараған анықтамасы – бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің объектісіне салған мүліктік және интеллектуалды құндылықтарының барлық түрлері. Экономикалық мәнінде инвестиция “өндірістік күшті қалыптастыруда өндіріс процесінде жеке еңбектің тұтынуға қарағанда жоғары құнды қалыптастыруы арқасында болатын жеке еңбек пен қоғамдық еңбекті салу процесі” ретінде анықталады.
Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, “капитал салымдары” термині – ол негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы, Г.И.Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады. М.И.Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады(58).
Бұдан да кең анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде, Кейнс инвестиция болып “белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі” немесе “сол кезең ішінде иелікке алынуда қолданылмаған табыстың бөлігі” табылады деп санайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы “Инвестициялар туралы” 373-ІІ заңы да “инвестиция” ұғымына анықтама береді. Дегенмен, бұл заң Қазақстан Республикасы экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі экономикалық және құқықтық негіздерін анықтайды, шетелдік инвестициялар қауіпсіздігінің мемлекеттік кепілдемелерін, олардың жүзеге асырылуының ұйымдастырушылық формаларын, шетелдік инвесторлармен болатын тартыстардың шешілу тәтібін бекіткен. Қазақстан Республикасының ұлттық заңдылығында инвестиция ұғымы тек осы заңда анықталады.(1)
Бұл заң бойынша, “инвестиция” – табысқа ие болу мақсатындағы кәсіпкерлік әрекет объектісіне салынған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі. Заңда көрсетілген бұл мүліктік құқықтардың тізімі жеткілікті дәрежеде кең, мысалы, лицензияға негізделген немесе өзге формада мемлекеттік органмен ұсынылған әрекеттің жүзеге асырылуына қатысты кез-келген құқықты, сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында инвестицияланған және алынған табысты инвестицияға жатқызады.
Инвестицияларға жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқық, иелік ету құқығы, облигация мен өзге де борыштық міндеттер, акциялар, сонымен бірге комерциялық ұйымдарға қатысудың және инвестициямен байланысты шарт бойынша орындалатын қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етудің өзге де формалары жатқызылады. Бұдан өзге бұл тізімге интеллектуалды әрекеттің нәтижесіне құқылық, оның ішінде авторлық құқық, патенттер, тауарлы белгілер, өндірістік үлгілер, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық, құрылымдық және технологиялық жобалы құжаттамалар қосылған.
Экономикалық әдебиеттердегі жоғарыда көрсетілген анықтамалардағы және Қазақстан Республикасының “Инвестициялар туралы” заңындағы заң саласы бойынша берілген анықтама тұрғысынан қарағанда “инвестиция” ұғымының өзіндік белгісі болып “табыс алу” белгісінің болуы табылады.
Инвестицияны молайту және қорғау туралы Қазақстан Республикасының екі жақты келісіміндегі халықаралық-құқықтық дәрежеде құқықтық реттеудің жүзеге асырылуында “инвестиция” ұғымы:
- жылжымалы мүлік пен жылжымайтын мүлік түріндегі иелік;
- үлесті қатысымға және компаниялардағы қатысудың өзге де формаларына құқығы;
- экономикалық құндылықты немесе инвестициялармен байланысты және экономикалық құндылықтарға ие қызметтерді құруда қолданылатын ақша құралдары бойынша талап ету құқықтары;
- технология, өндірістік үлгілер мен тауар белгілерін ойлап табу сияқты интеллектуалды иеліктерге құқығы;
- өзі жүзеге асырылатын территориядағы елдің заңдылықтарына сәйкес инвестиция деп танылған мүліктік құндылықтар мен өзге де құқықтар.
Жоғарыда көрсетілгендерден Қазақстан Республикасында өзара инвестицияны молайту және қорғау туралы шартты келісімі бойынша “инвестиция” анықтамасында “табыс алу мақсаты” белгісі жоқ.
Халықаралық құқықта “инвестиция” категориясының құқықтық түсінігі тұрақты емес және заңдылықтың алдына қойған талаптарына әрдайым тәуелді болып отыратындығы көрсетілген. Шетелдік инвестицияларға қатысты көп қабатты халықаралық конвенциялар “инвестиция” ұғымы анықтамасына ие емес. Көп қабатты конвенцияларды қалыптастырушылардың мұндай анықтаманы ұлттық заңдылықтың конвенция әрекетінде кездесетін қатынас шеңберін өзі таңдауына кедергі келтірмеу үшін конвенция мәтініне саналы түрде қоспағандығы туралы пікірлер кездеседі. Дегенмен, мұндай анықтамалардың әртүрлі нұсқалары тек ұлттық заңдылықтарда ғана бар емес, өзара инвестицияны молайту және қорғау туралы екі жақты келісімдерде де бар және жоғарыда айтылғандай, бұл екі топ анықтамалар аралығында екі жақты келісімдегі анықтамадағы “табыс алу мақсаты” белгісінің жоқтығынан туған маңызды айырмашылық бар.
“Инвестиция” ұғымына жасалған талдаудан инвестициялардың мүліктік және мүліксіз сипатқа ие екендігін айтуға болады. Кең аспектіде мүліксіз инвестициялар астарында әдеби және шығармашылық туындыларға құқық, ойлап тапқан жаңалыққа құқық, өндірістік үлгілер, интегралды кестелер типологиясын түсіну керек; сонымен бірге өзіндік ерекшелікке ие технологиялық мәліметтер, өндіріс құпиялары, конфиденциалды коммерциялық ақпараттар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар, яғни интеллектуалдық мүлік, иелік ұғымына кіретіндердің барлығы қамтылады. Инвестицияның бұдан өзге категориялары мүліктік инвестицияларға жатқызылады. Олардың өзіндік белгісі болып материалдылық көрінеді: қаржы, материалды құндылықтар, заттық құқықтар.
Сонымен, инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның , яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Инвестиция көзі дегеніміз – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен , өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- институттандырылған
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
- Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
- Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
- Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
- Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
- Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал қалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді-дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.
2006 жылғы қаңтарда қаржы емес
активтерге инвестициялардың
2006 жылғы қаңтарда негізгі
2006 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан (1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды.
Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.
Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.
Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға, негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.
2006 жылы Қазақстан
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.[26;5]
Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.
Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%).
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.[20;11]
1-сурет. 2007 жылғы көрсеткіш бойынша негізгі капиталға жұмсалған ішкі және шетелдік инвестициялардың құрылымы .
Кесте-1
Инвестиция классификациясының өзге негізі ретінде инвестициялау объектісін басқаруда инвестордың қатысуы мен қатыспауын санауға болады.
Сондықтан, инвестиция негіздемесін қоржынды инвестициялар деп аталатын тікелей және жанама инвестицияларға бөлуге болады. Тікелей инвестициялар шетелдік, болмаса отандық болып табылатын жүз пайыз инвесторға тәуелді біріккен кәсіпорындар мен кәсіпорындар құруда жүзеге асырылады. Инвестицициялаудың мұндай формасында инвесторлар кәсіпорынды (компанияны) басқаруға тікелей қатысады.
Тікелей шетелдік инвестициялар (foriegn direct investment) – бір елдің кәсіпорын-резидентінде (тікелей инвестицияларға ие кәсіпорындар) өзге елдің резиденттік қызығушылығына ұзақ мерзімді ие болуы (тікелей инвестор ретінде).
Жоғарыда көрсетілген ХВҚ және БҰҰ-ның ұлттық есебі жүйесінде қабылданған анықтамаларға сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларға инвестордың өз иелігін шетелден бастапқы алуы сияқты инвесторлар мен кәсіпорындар аралығындағы олардың капиталы салынған келесі мәмілелердің барлығы да қатысты. Тікелей инвестиция құрамына мыналар кіреді:
- компаниялардың өз капиталдарын шетелге салуы - қауымдасқан және еншілес компаниялардағы акциялар үлесі мен филиалдар капиталы;
- табысты қайта инвестициялау - девиденд ретінде жіктелмеген және тікелей инвесторға аударылмаған, шетелдік инвестициялармен бірлескен өнеркәсіп табысындағы тікелей инвестордың үлесі;
- тікелей инвесторлар аралығында заемдар мен несиелер формасында капиталдың корпарация ішілік аударымдары, бір жағынан еншілес компаниялармен, қауымдасқан компаниялар және филиалдармен – екінші жағынан.
Дегенмен, кез-келген ел тікелей инвестицияларын өз статистикасында жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкестендіре бермейді. Мысалы, Жапония қайта инвестицияланған табысты тікелей инвестиция ретінде қарастырмайды. Тікелей шетелдік инвестиция белгісі болып олардың негізінде қалыптасатын кәсіпорындар аралығында ұзақ мерзімді іскери байланыстар табылады, инвестор өз құралдары салынған кәсіпорындардың қабылдаған шешімдеріне жеткілікті дәрежеде ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алады.

- Инветиционные риски
- Индивидуализация познавательной деятельности как средство адаптации пятиклассников к многопредметному обучению
- Индивидуальная предпринимательская деятельность. Виды и особенности
- Индивидуальная предпринимательская деятельность в сфере культуры (на примере ИП Ефимова Е.И.)
- Индивидуальное предпринимательство в рыночной экономике
- Индивидуальные работы по "Нормативным актам РБ"
- Индивидуальные трудовые споры
- Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні
- Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелу
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері
- Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері
- Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау
- Инвестициялық қызмет