Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау және бағалау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................6
1.1 Инвестициялық жобаның
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау нысандары.....................
1.3 Инвестициялық жобаларды
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»
ҰӘҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА)....................
2.1 «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық
жобаларын талдау және бағалау.......................
2.2 «Алматинский завод СМС» ЖШС инвестициялық жобасын талдау..............46
2.3 Инвестициялық жобалардың басқарылуын және бақылауын талдау.............58
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН
АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………
3.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау……………………..……..68
3.2 Инвестициялық жобалар тәуекелдік және тұрақсыздық жағдайында...........80
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….……96
ҚОСЫМША……………………………………………………………
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Барлық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Елбасымыз Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050″ стратегиялық бағдарламасында жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизмі ұсынылды. Елді түгел қамтитын экономикалық прагматизмді арттыру қажеттілігін атап өтті [1].
Еліміздің экономикадағы өзекті мәселелерінің бірі – инвестициялық жобаларды құру болып табылады. Президенттің Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз» - деп айтылған [2].
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық жобаларды талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Қазақстанның химия өнеркәсіп кешені – ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. Әлемдегі химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемі шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құрайды. Әлемдік өндірістегі қазақстандық өндірістің үлесі – 0,04%, елдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемінде – 1,61%, елдің өңдеуші өнеркәсібінің көлемінде – 4,84%-ды құрайды. 2012 жылдың қорытындылары бойынша сала өнімі экспортының көлемі 101 млрд. теңгені немесе шамамен 0,84 млрд. АҚШ долларын, ал импорт – 92 млрд. теңгені немесе 0,76 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қатаң бәсекелес жағдайында тұрмыстық химия өнеркәсібінің даму тұрақтылығын қамтамасыз ету әрдайым қажетті инвестиция көлемін тарту негізінде ғана болады және инвестициялық жобалардың ішінде экономикалық тұрғыдан тиімдісін ғылымға негізделіп таңдауды қажет етеді.
Инновациялық, ғылыми жоғары технологиялық сферадағы өндірістік инвестициялардың өсуі бәсекеге қабілетті экономиканың дамуына ықпал тигізеді. Тұрмыстық химия өнеркәсіп орындарын ашу, инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асырудағы жұмыстар ішкі нарықтағы бәсекені қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Қазақстан үшін тұрмыстық химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалардың тиімділігін экономикалық бағалау ерекше түрде өзекті мәселе болып табылады.
Тұрмыстық химия өнеркәсіп саласында субъектінің экономикалық қызметіне теріс әсер ететін және оларды басқаруды талап ететін әр түрлі тәуекелдер түрлеріне толы. Осыған байланысты инвестициялық жобалардағы тәуекелді зерттеу мен оларды шешу жолдарын іздеумен бұл жұмыс өзекті болып келеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Инвестициялық жобаларды талдап, бағалау тиімділіктерін зерттеп, даму перспективаларын анықтау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Көздеген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылған:
- Инвестициялық жобалардың теориялық негіздерін зерттеу;
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін қарастыру;
- Кәсіпорын мысалында инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау және арттыру.
Зерттеу обьектісі инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан тұрмыстық химия өнеркәсібі саласы алынды («Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ мысалында).
Зерттеу пәні – экономикалық салаларда қолданылатын талдау, инвестициялар, олардың қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы мәні мен маңызы, экономикалық салада бағалау әдістемесі.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі инвестициялық жобаларды талдау, оларды дамыту мен басқару және қаржыландару мәселелері бойынша экономист-ғалымдардың еңбектері, мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, Статистика жөніндегі Агенттігінің, химия саласындағы компаниялардың, («Алматинский завод СМС» ЖШС)мәліметтері және басқа да есептік ақпараттар пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- инвестициялық жобалардың маңызы мен рөлі сараланып, химия саласындағы компаниялардың жобаларының тәуекел жағдайын шешу жолдары көрсетілді;
- химия өнеркәсібі саласында асырылып жатқан жаңа жобалардың химия саласының қарқынды өсуіне әсері негізделген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс құрылымды түрде мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, үш тарау және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі ашылады, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері анықталады.
Бірінші тарауда талдаудың объективті қажеттілігі мен мазмұнын ашады және кәсіпорындардың инвестициялық жағдайын талдау бойынша отандық және шетелдік авторлардың зерттеу ауқымын ұсынады, кәсіпорындардың инвестициялық жағдайынының қажеттілігін сипаттайды.
Екінші тарауда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі инвестициялық жобаларын талдау мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорыны «Алматинский завод СМС» ЖШС-тің инвестициялық жобасына талдау жасалынды, өтімділік, несиеге қабілеттілік, төлем қабілеттілік топтарының көрсеткіштерінің есебі, кәсіпорынның кірісін талдау, «Алматинский завод СМС» ЖШС-тің қызметінің іскерлік белсенділігі мен тиімділігін талдау, сонымен қатар басқарылуы мен бақылауларын талдау ұсынылады.
Үшінші тарауда «Алматинский завод СМС» ЖШС-тің инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау, тәуелсіздік және тұрақыздық жағдайы қарастырылған.
Қорытынды бөлімде нәтижелер мен ұсыныстар келтіріледі.
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері
Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жобалау мәселелерімен Ресей ғалымдары Канторович Л.В., Хачатуров Т.С., Шапиро В.Д. және басқалары айналысқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялау және инвестициялық жобалау процесі жетік зерттелген. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж. Александр еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты көрсетілген.
Инвестициялық жобалардың түрлері және мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Яғни бұлар құрылыс жобаларынын мүлікті бағалауға дейін жоба сәйкес келмеуі мүмкін [3].
Уақытша фактор – инвестициялық жобаны бағалауда негізгі рольді атқарады. Бұл графикте 3 даму фазаларын атап айтуға болады. Осы кезеңдер жобаның өмір сүру уақытын білдіреді.
Бірінші фаза. Кей жағдайларда толығыменен анықтала алмайды. Бұл кезеңде оның техника-экономикалық жағдайлары талданады, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, жабдықтаушылар таңдалынады, потенциалды инвесторлармен тікелей жұмыс жүргізіледі.
Инвестицияны алдын-алу фазасының соңында инвестициялық жобаның бизнес-жоспары болуы қажет. Жоғарыда аталып кеткендей, көп уақыт пен ақша қаражаттарын талап етеді.
Келесі бөлім инвестииялауды білдіреді немесе жүзеге асыру фазасы. Бұл фазаның басқалардан ерекшелігі – бұл дамуы кезінде алдағы фазалардын едәуір мөлшерде шығындарды талап етеді.
Бұл бөлімде кәсіпорынның тұрақты активтері қалыптасады. Кейбір шығындар (персоналды оқыту, тағы басқа) өнімнің өзіндік құнына енгізілуі мүмкін.
Негізгі құралдың жұмыс істегенінен бастап, үшінші фаза, эксплуатациялық фаза іске қосады. Бұл фазада өнімді өндіру басталуымен және қызмет көрсетулермен сипатталады.
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады.
Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа көзделетін
кәсіпорынның іскерлігін жақсарту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Стратегиялық жобаның қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызамыз. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Қазақстанның тәжірибесінде жоба түсінігі жаңа ұғым емес. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс [4].
Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктеулеріне негізделуі қажет, оны біз кесте 1-ден көре аламыз.
Кесте 1 - Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Жіктелуі |
Түрлері |
|
- Кіші жоба - Мега жоба |
|
- Қысқа - Орта - Ұзақ |
|
- Тәуекелді - Тәуекелсіз |
|
- Мемлекеттік - Біріккен - Шетел инвесторлар |
Ақша ағымының типі бойынша: |
- Жай - Жай емес |
|
- Тәуелсіз - Өзара бірін-бірі жоққа шығару - Орнын толтыру - Өзара әсер ету |
Ескерту 1 - Методы оценки инвестиционных проектов. Финансы и статистика. Ковалёв В.В. | |
Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:
1) Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.
- Жобаның негізгі идеясы.
3) Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.
4) Инвестициялық жобаны
орындау процесіне қажетті
- Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама.
- Жобаның тұрған жері.
- Басқаруды ұйымдастыру.
- Қажетті еңбек ресурстары.
- Жобаның орындалу кестесі.
- Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау [5].
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол цикл келесі кезеңдерге ие:
- Жобаның тұжырымдалуы – бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументтер болуы тиіс. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
- Жобаны дайындау - жобаның бизнес - идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген нақты шешімді қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және тағы басқа – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады.
- Жобаны сараптау - жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік, тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшаның кейбір бөлігін жұмсауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
- Жобаны жүзеге асыру - бұл кезең бизнес - идеяның дамуынан бастап, жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді.
- Нәтижелерді бағалау - бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.
Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген:
- Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте, осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етеді.
- Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану.
- Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді.
- Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
- Экологиялық жүгі бар жобалар. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
- Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және тағы басқаларды қамтиды.
Кәсіпорынның жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.
Жобаның көп түрлiлiгiне қapaмaстaн, оларды талдау әдетте кейбiр жалпы сызбаға сәйкес келедi, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бaғалайтын арнайы бөлiмшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелдi талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қабылданбайды» резолюциясы шарттық сипаттa болатынын атап өткен жөн. Шыңдығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түpi, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруi мүмкiн және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Жобаны алдын - ала әзірлеу және талдау кезеңі: Болашақ инвестициялық жобаның бизнес - идеясын тұжырымдаған соң, бұл идеяны кәсіпорын іс жүзінде іске асыра алады ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның қарасты экономика саласын анализдеу қажет. Мұндай анализ инвестициялық жобаны алдын - ала әзірлеу және анализдеу мазмұнын құрайды. Батыс елдерінің практикасында келесі критерийлерді қолданады:
- саланың кемелділігі;
- кәсіпорынның бәсекеге
Саланың кемелділігін анализдеуді оның дамудың мына төрт жағдайының біреуіне жатқызып қарастырады: эмбриональді, өсуші, кемелдік және қартайған.
Екінші критерийге бойынша, кәсіпорынның қандай салаға жататынына сәйкес сол саладағы бәсекеге қабілеттілігін анықтау қажет. Басқа сөзбен айтсақ, бұл кәсіпорынды заттар мен қызметтер нарығындағы басқа кәсіпорындармен салыстырады. Кәсіпорынның негізі алты жағдайын қолданады: басымдық, күштілігі, қолайлығы, тұрақсыздығы, әлсіздігі, тіршілік етуге қабілетсіздігі. Саланың кәмелеттік және бәсекеге қабілеттілігін салыстырып кәсіпорынның тіршілік циклінің қалыптамасын құруға болады, ол құрылымды сипатты болып тек кәсіпорынның жағдайын белгілеп қана қоймай, сондай-ақ ары қарай дамуының қағидалық ұсыныстарын жасайды.
Жобаны алдын-ала талдау кезеңінің соңғы нәтижесі - көрсетілген критерийлер бойынша нақты кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни, кәсіпорынның қалыптамадағы нақты орнын көрсету.
Алдын - ала талдау кезеңі аса ұзақ болмауы тиіс, ал нәтижелер оның алдындағы кезеңде шығарылады да, сапалы бағаларда негізделеді. Бұл кезең кем дегенде мына екі себептермен қажет:
- стратегиялық инвестормен ары
қарай жұмыс істегенде саланың
кемелдігі және кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігі туралы
мәселелер міндетті түрде
- егер кәсіпорын менеджерлері талдауды қолға алмаса, оны стратегиялық инвестордың өзі жасайды, ал оның нәтижелері қолайлы болмауы мүмкін.
Инвестициялық жобалардың экономика саласындағы кәмілеттік кезеңдерін кесте 2-ден көре аламыз.
Кесте 2 - Экономика саласының кәмелеттігінің кезеңдері
Кәмелеттілік кезеңі | |||
эмбриональді |
өсуші |
кәмелеттік |
қартайған |
Күн энергетикасы |
Видеотаспаларды өндіру |
Кеме жасау (Европа) | |
Көмір өндіру (АҚШ) |
|||
Үй компьютерлері |
Сағат жасау |
||
Велосипед жасау |
|||
Ескерту 1 - Методы оценки инвестиционных проектов. Финансы и статистика. Ковалёв В.В. | |||
Жобалардың сан алуандығына қарамастан, оларды талдау біршама жалпы сызба нұсқа бойынша жасалады, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институциональді орындалуын бақылаутын арнайы бөлімдерден тұрады. Стратегиялық инвестордың пікірі бойынша дұрыс жоба тәуекел анализімен аяқталуы тиіс. Сызба нұсқадағы «Жоба қабылданбайды» қарарының қолданылуы шартты сипатты болып келетіні ескеру қажет. Жоба бастапқы түрінде қабылданбауы тиіс еді. Сондай-ақ жобаның мысалы, оның техникалық орындалмауына байланысты түрі өзгертілуі мүмкін, өзгертілген жобаның анализі басынан қайта басталуы тиісті [6].
- Инвестициялық жобаны талдау нысандары
Жобаның коммерциялық орындалуын бағалау - инвестиция алдындағы зерттеу жүргізуде қорытынды звеносы. Ол барлық өткен этаптардан алынған және талдаудан өткен ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет.
Инвестициялық жобаның коммерциялық қызығушылығында 2 критерий бар:
- қаржылық дербестігі (қаржылық баға);
- тиімділік (экономикалық баға).
Сурет 1.1 - Инвестициялық жобаның коммерциялық бағалануы
Бірінші жағдайда, жобаны іске асыру барысында өтімділік талданады (төлем қабілеттілігі). Екіншіден жобаның сатып алушылық құндылығының сақтап қалуында, салынған қаражаттар және де олардың қайта дамып өсуі. Көріп отырғанымыздай, сурет 1.1-де әрбір критерий бойынша бірнеше әдіс берілген.
Ұстаным бойынша маркетингтік талдаудың негізгі мағынасы екі жәй сұрақтың жауаптарында:
- Жобаның іске асырылуының нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
- Бұдан инвестициялық жобаның шығындарын ақтайтын жеткілікті пайда түсіреміз бе?
Статистика бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың күйзеліске ұшырауының деңгейі 80%. Күйзелістің басты себебі – жеткіліксіз маркетинг.
Маркетингтік талдаудың базалық мәселелері мыналар:
- Жоба қай нарыққа бағытталған? Халықаралық па, әлде ішкі нарыққа ма?
- Жоба халықаралық және ішкі нарықтар арасындағы балансты тепе-теңдікте бола ала ма?
- Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекет саясатының шешімдеріне бағыттас па?
- Егер жоба ішкі нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекеттің ішкі саясатына бағыттас па?
- Егер жоба мемлекеттің саясатымен сыйыспаса, оны қарастыру керек пе?
Жобалар қазіргі нарықта іске асырылатындықтан, жобада оның сипаттамасы көрсетілуі тиіс. Маркетингтік талдау сондай-ақ өзінде тұтынушылар мен бәсекелестердің талдауын қамтуы тиіс. Тұтынушылар талдауы тұтынушылар қажеттіліктер, нарықтың патенциалды сегментін және сатып алу үрдісінің сипаттамасын анықтауы тиіс. Бұл үшін жобаны әзірлеуші нарықты жан - жақты зерттеп, нарықтық құрылым және оған әсер етуші институционалды шектеулер аумағында негізгі бәсекелестерді талдайды. Маркетингтік талдау нәтижесінде маркетингтік жоспар әзірленеді. Онда өнімді әзірлеу, бағалау оны базарға өткізу және пайдалану стратегиялары көрсетіледі. Бұл «маркетингтік қоспа» элементтері бірігіп, өнімнің нарықтағы қолайлы бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етеуі керек. Маркетингтік жоспар кәсіпорындағы басқа өнімдердің болуын, сондай-ақ жұмыстың ұйымдастырушылық, қаржы, өндірістік және қамту аспектілерін ескеруі тиіс. Маркетингтік жоспар аумағында бәсекелестер реакциясын және оның жоспарының ары қарай орындалуына әсерін мүмкіндігінше болжай алу керек [7].
Маркетингтік жоспарға сондай-ақ сұранысты болжау да енеді. Инвестициялық жоспардың әзірленуі бойынша болжаудың анықтығын тексереді және алынған нәтижені қалаған нақтылықпен салыстырады. Шешімді қабылдау үрдісі анықталмағандық жағдайда жүзеге асса да, дұрыс болжау осы анықталмағандықтың дәрежесін төмендете алады.
Инвестициялық жоспардың барлық маркетингтік аспектілерін қарастыру мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі түсінікті бөлімдерін анықтап көрейік. Маркетингтің барлық сұрақтарының толық тұйықталуы келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарық анализі, бәсекелестік орта анализі, өнімнің маркетингтік жоспарын әзірлеу. Алдыңғы бөлімге қолданылатын ақпараттың растығы қажетті шарт екендігін ескеру қажет.
Төменде аталған блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген:
Нарықты зерттеу мақсаты – тұтынушылар сұранысын анықтау, нарық сегменттері мен маркетингтік шешімді қабылдау үрдісін тездету, сапасын жоғарылату үшін сатып алу үрдісін анықтау, сұраныс талдауы кезінде келесі негізгі мәселелер қарастырылуы тиіс:
- Потенциалды сатып алушы кім?
- Өнімді сатып алу себептері?
- Сатып алу қалай жүзеге асырылады?
- Қандай ақпарат қажет және оны қалай жинайды?
Нарықтың құрамын зерттеу бәсекелестер, мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар, жергілікті, ұлттық немесе марка қойылған немесе қойылмаған өнімдерден бастайды. Сондай-ақ нарыққа жаңа қатысушылар (болашақ бәсекелестер), орнын басушы өнім тұрғысынан бәсекелестіктің енуі жатады. Жауапты міндетті түрде талап етуші негізгі сұрақтар:

- Инвестициялық қызмет
- Инвестиция туралы
- Инветиционные риски
- Индивидуализация познавательной деятельности как средство адаптации пятиклассников к многопредметному обучению
- Индивидуальная предпринимательская деятельность. Виды и особенности
- Индивидуальная предпринимательская деятельность в сфере культуры (на примере ИП Ефимова Е.И.)
- Индивидуальное предпринимательство в рыночной экономике
- Инвестициооный проект на основе РУП "Белтелеком" с разработкой программного обеспечения
- Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні
- Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні
- Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелу
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері
- Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері