Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Инвестициялардың
ұғымы және оның жіктелуі.
5-10 бет - Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
- Қаржылық инвестиция
есебі.
19-32 бет
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Қолданылған
әдебиеттер.
Кіріспе
Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде
экономикалық
өрлеу мен нарықтық реформаларды
қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының
жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен
мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға
тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды
кәсіпорындардың немесе компаниялардың
жарғылық қорына не акцияларына салу),
қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ,
сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми
көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық
экономика жағдайында шетелдік инвестицияны
тарту және пайдалану тек қаражаттың
ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың,
басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін
қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол
ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық
инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық
процестердің кеңеюіне, экономиканың
жекеше секторының қалыптасуына серпін
береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік
инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы
елдің шаруашылық қызметінде инвестордың
ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады
және сыртқы борышты қалыптастырмайды.
ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға
тартылған шетелдіік инвестиция көлемі
бойынша көш бастап келеді. Қазақстан
шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында
да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың,
Қыиайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және
басқа елдердің несие желілері ашылды.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы
борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен
бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі
еліміздің халықаралық инвестициялық
беделін көтерді. Қоржындық
инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық
міндеттемелер мен бағалы қағаздарға
салынған қаражат, капиталға қатысуды
және салынған капиталға шаққанда табыс
алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада
капитал қорланымы мен халықтың жинақ
ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар
мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы
жанама түрде өндірісті инвестициялауға
қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық
байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы
байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай
қаражатының қорланымына келетін болсақ,
АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға)
салынған инвестицияның жалпы көлемдегі
үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың
акциялар, облигациялар, басқа да бағалы
қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны
олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды.
Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен
қаржы құралдарының дамымағандығында.
Инвестициялардың есебі
1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
Инвестициялар
деп өнерксіптің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының
және экономиканың басқа да салаларының
кәсіпорындарына капитал
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша:қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар- бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар- бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар,роялитилер, дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәмәлелердің нәтижесі). Сондай-ақ қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық иевестицияның бір түрі болып бағалы(құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді- ақшалай және күрделі (капиталды)болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар ,әдетте қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа ) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олра былайша бөлінеді:
- Бағалы қағазды
ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін,
бірақ олрдың иелерін теңестіруді(
идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды.Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратынг құқығын басқа адмға қарапайым жолымен қолына береді. - Атаулы бағалы қағаздар- белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарды куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапиы жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі.Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
- Ордерлік бағалы қағаз- ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалығын сақтайтындай етіп – индоссаментке жазып береді. Индоссамент озінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалыф қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойнша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері) және корпаративтік(шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылады) ,болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер,т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиямен) ерекшеленеді және олр қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар
Нарықтағы
айналыс ерекшеліктеріне
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді.Бұндай бағалы қағаздардың қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады.Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер,сертификаттар,т.б.) және негізгі бағалы қағаздардың алынуы мен сатылу құқығын куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді(варанттар, опциондар, қаржылық фьючестер, сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптардың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек.Бұл салымдардың тәуекелдігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына сатылатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардыңакциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық(фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байлынысты болады.
Қоржындық(портфелдік) инвестициялаудың
объектілері ретінде әр түрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар,
бағалы қағаздардың шартты
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип – табыс қоржыны.
Қоржының бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсіммен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады.Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитерт-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынныңы бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардыңакциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Қоржындардың
екінші типі дивиденттер мен проценттер
есебіне табыс алу болып
Ақша нарығының қоржындары(портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нөлдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасды және нөлдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдын ала уақыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды көздейді. Ал мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтыратын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі (толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді.Тұрақты қоржындарда бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін сақтайды.
Инвестиция – экономикалық дамудың тұрақты және жоғары қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвестор үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғар залаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатыны ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық – экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым- қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан
Республикасының заңдары
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты – жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу – хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы таурлармен толтыру және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
Қазақстан
Республикасының экономикасын көтеруде
және оны одан әрі дамытуда шетелдік
инвесторлардың ролі зор. Шетелдік инвестицияларға
табыс алу мақсатында кәсіпкерлік
қызметтің объектілеріне
Шетелдік
инвестициялар Қазақстан
Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтерімен шұғылдануына болады.
Шетелдік
инвесторлар өздерінің қызметінен алған
табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға
құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру
үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар
үшін, яғни Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым салынбаған кез келген
қызметпен айналысуына болады.
2.
Бірлесіп бақыланатын
шаруашылық серіктестіктердің,
еншілестердің және
тәуелді серіктестіктердің
инвестициясының есебі
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен астам болса, бірақ оның дауысбберуге құқы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол қаржыладырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.
Егер де инвестордың қатыссу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда оол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 22 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар “ Инвестициялар ” бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 2200 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар .
Бұл бөлімнің шоттары еншілес , тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға бағытталған.
2200-2300
Үлестік қатысу әдісімен
Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да болмайды. Субъектінің инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- үлестік қатысу әдісі;
- құндық әдіс немесе құн әдісі
Үлестік қатысу әдісі- инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза активтерінің өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін(кемуі) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза кірісінде(шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық- шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестерінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен шығындар тең болуы керек.
Егер
де тәуелді серіктестіктердің активтері
қайта бағаланса, онда олардың баланстық
құны да өзгереді. Баланстық құнның
өсуі меншік капиталындағы төленбеген
қосымша капиталда көрініс
Мысал.“Шығыс” ААҚ қоғамы “Темір ” ААҚ-ның 33% және “ Цемент “ ААҚ-ның 28% акциясын сатып алған, сол сатып алғаннан акцияға сәйкес олардың құны:3110мың теңге және 4600 мың теңге құраған.
“Шығыс” ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Темір ” ААҚ 9900 мың теңге зиян шексе, ал “Шығыс” ААҚ 5000 таза тауып, 2000теңге деңгейіде дивиденті жария еткен. Ал келесі жылы “Темір ” ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал “ Цемент “ ААҚ керісінше , 500 мың теңгеге көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша “Темір ” ААҚ 1000 мың “ теңге таза табыс тауып, 200 мың теңгеге дивиденті жария еткен, ал “ Цемент “ ААҚ – 1500 мың теңге деңгейінде зиян шеккен.
Енді осы жасалған операцияларымен байланысты шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.
| Қатар
№
|
Шаруашылық
операцияларының мазмұны
|
Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | ||
| дебет | кредит | ||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
| 1. | Заңды тұлғалардан
қалыптасқан (немесе олардан алынған)
баға бойынша акциялары сатып алынды:
-“Темір ” ААҚ-ның 33%
-“ Цемент “ ААҚ-ның 28% айналыстағы акциясы |
3110000 46000000 |
2210 |
4110 | |
| Жиыны | 7710000 | ||||
| | |||||
| 2. | “Темір ” ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының объектерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы артып, инвестицияның құны өскен. “Шығыс” ААҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99000 теңге құраған (300000*33%) | 99000 |
2210 |
5320 | |
| 3. | Бірінші жылдық нәтижесі
бойынша:- инвестицияның құнының
өсуімен бірге “Шығыс” ААҚ
үлесі де өскен, өйткені “Шығыс”
ААҚ үлесі 1400000 теңге құраған(5000000*28%)
-“Темір
” ААҚ зиян шеккендіктен
“Шығыс” ААҚ инвестициясының
құны да азайған. “Темір ” ААҚ
зиян шеккендіктен
“Шығыс” ААҚ –ны тиесілі 3267000(9900000*33%)
теңге құраған. (Шеккен зиянның үлесі
инвестицияның құнынан асып түскендіктен,
инвестициягың құны нөлдік деңгейге дейін
жеткізіп, ал қалған 58000 теңге сомасы баланстан
тыс шотта есепке алынған(3267000-3110000-99000) -“ Цемент
“ ААҚ-нан “Шығыс”
ААҚ –на тиесілі, дивиденд
сомасына инвестиция құны |
1400000 320900 58000 560000 |
2210 7610 011 1240 |
7610 2210 2210 | |
| 4. | Бірінші жылдың нәтижесі
бойынша “Шығыс” ААҚ өз балансында,
“ Цемент “ ААҚ 5440000 теңге сомасындағы
инвестицияны ғана көрсеткен(4600000+1400000- |
||||
| | |||||
| 5. | “Шығыс” ААҚ-ында
инвестициясының құны азайған, өйткені
“Темір ” ААҚ өзінің кейбір негізгі
құралдарының құнын арзандатқан.
-бұрындары жасалған қайта бағаланған сомасының шегінде - бұрындары артық жасалған сомасының шегінде 36300 теңге (135300-99000) |
99000 36300 |
5320 7450 |
2210 2210 | |
| 6. | “ Цемент “ ААҚ өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, “Шығыс” ААҚ-ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының құны өскен | 140000 |
2210 |
5320 | |
| 1
7. |
2
Екінші жылдың нәтижесі бойынша: -“Темір ” ААҚ
таза табысында“Шығыс” ААҚ -“Темір ” ААҚ-нан “Шығыс” ААҚ-ның алынатын дивиденд сомасына инвестицияның құны азайтылды 660000теңге (200000*33%). -“ Цемент “
ААҚ зиян шеккендіктен ондағы
“Шығыс” ААҚ-ның үлесі |
3 272000 58000 66000 420000 |
4 2210 1240 7610 |
5 7610 011 2210 2210 | |
| 8. | Екінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс” ААҚ балансында 5160000 теңгеге “ Цемент “ ААҚ-ның және 70700 теңге “Темір ” ААҚ-ның инвестициясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол5230700 теңге құрады. | ||||

- Инвестициялар есеби
- Инвестициялар есебі
- Инвестициялар есебі
- Инвестициялар туралы түсінік
- Инвестициялар: түсінігі және олардың жіктелуі
- Инвестициялык жоба
- Инвестициялық бағдарламаның экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері
- Инвестиция и ее экономическая сущность
- Инвестиция и инвестиционная деятельность
- Инвестиция климаты
- Инвестиция қызметі
- Инвестициялар деп
- Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны
- Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері