Инвестициялык жоба

       Капитал,  банктің қаржылық жағдайының  ең манызды   көсеткіштерінің бірі екенін білеміз.  Ал капиталдың тұрақты жағдайын,  сәйкес  табыстарсыз қолдау  мүмкін емес.  Банк неғұрлым рентабельді  жұмыс жасаған  сайын, соғұрлым  жыл сайын өзінің капиталын толықтырып  және акционерлеріне  пайда беріп отырады. Акционерлер  банктің одан  ары дамуына  жағдай жасайды.  Ал шығындар  банктің капиталын  азайтып немесе жойып жіберуі  мүмкін.  Өз табыстарын қайтара алмаған  акционерлер  капиталды инвестициялауды тоқтатып, сонын  салдарынан банк банкротқа ұшырайды.

     Сондықтан  банктің  табыстарын  үздіксіз  қашықтықтан бақылау қажет.         Банк өз қызметін жүзеге асыру  барысында көптеген банктік   операцияларды жүргізеді.

     Операцияларды   жүргізуде пайыздық, пайыздық емес  және басқа да шығындары болады.  Банк осы операцияларды  жүргізуге   арналған ғимараттары, құрылғылары   және қызметкерлері болғандықтан  оның әкімшілік шығындары да  болады. Ал осы шығындарды жабу  көзі банктің табысы болып  табылады. Сондықтан да банк өзінің  табысын тиімді болу саясатына  негіздеп, бос шығындарды қысқартып,  табыстың көп бөлігін банктің  дамуына, өсуіне және капиталдануына  жұмсауы керек. Осы  орайда  банктің шығындарын талдау қашықтықтан  талдауда маңызды орын алады.

    Банктің шығындарын  талдауда  қарастыратын негізгі  мәселелер  мыналар:

  • Шығындардың құрылымы;
  • Пайыздық шығындардың көлемі;
  • Пайыздық емес шығындар мен да шығындардың көлемі;
  • Әкімшілік;

          Несиелер бойынша банктің зиянға   ұшырауының    өсуіне  біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау,  батыстың  банкирлеріне   мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.  Дуниежүзілік  банктің мәліметтеріне сәйкес,  несиелер бойынша банктердің  зиян шегуінің  басты себебіне 67% - ішкі  факторлар, ал 33 %-ы сыртқы факторлар  үлесі тиеді.

       Несие  бойынша банктердің зиян шегуіне  себеп болатын  сыртқы  факторлар  қатарында бірінші  орында  компаниялардың  банкроттығының  тұруы  тегін  емес.  Банктің  кез-келген  қарыз  алушысы  мұндай  факторларды  басынан  кешуі  мүмкін.  Сондықтан  да қарыз  алушының  несиелік  қабілетін  талдай  отырып,  банк  қызметкерлері  міндетті  түрде  оның  қаржылық жағдайын  толық  анықтап  білуге  тиіс.

     Банкроттың  басты себептеріне  басқарудағы   жетіспеушілік,  тиімді  басқаратын  ақпараттар  жүйесінің  болмауы,  нарық  жағдайларындағы  өзгерістер  мен   бәсекеге  төселе  алмауы,  өз  мүмкіндіктерінің  шамадан тыс  көбейіп  кетуі,  яғни  ресурстардың  жоқтығына  қарамастан  компанияның  жылдам  кенеюі,  акционерлік  капиталдың  жетіспеушілігі  және  заемдық  қаражаттардың  үлесінің  жоғарылығы  жатады.

     Кез  келген   банктің  қызметінің  табыстылығы   банктің  берген  несиелерінің  сапасына,  яғни  оның  қайтарымдылық   дәрежесіне  тікелей  байланысты.  Несиенің  уақытылы  қайтарылмауы  банктің  зиян  шегуіне  итермелейді.  Сондықтан  да  банктер  несиелік  тәуекелді  басқару  шараларымен   уақытыла  айналысып  отыруға   тиіс.

    Несиелік  тәуекел  -  қарыз  алушының  банктен   алған  несиесі  бойынша   қарызын  немесе  оған  есептелінген  сыйақысын  өз  уақытында   қайтара  алмауына  байланысты  баанктің  зиян  шегуін  сипаттайды

     Несиелердің  қайтарылмауынан  зиян  шегу  - кез келген  банк  қызметінің  қашса құтылмайтын үлесі.  Оларды  толық жою мүмкін  емес  бірақ, ең  төменгі мөлшерге  жеткізуге болады.  Американдық коммерциялық банктерде  проблемалық несиелердің  пайда  болу  себептерін  айқындауға  көмектесетін,  сол  сияқты  олардың  пайда  болуын  болжайтвн  толық  жүйе  жұмыс  жасайды.  Бұл  жүйеге  сәйкес  күмәнді  несиелердің  пайда  болуына  әсер  ететін  банкке  байланысты   емес  факторлар  келтіріледі.  Бірінші  факторларға  несиелік  процеспен  байланысты,  яғни  несиелік  өтінішке,  несиелік  құжаттарға  және т.б. жасалатын  талдауды  қамтитын  барлық  аспектілері  жатады.  Екінші  факторларға  қолайсыз  экономикалық  жағдай  және  төтенше  оқиғалар  жатады.

            Өткен 2009 жылы еліміздің экономикасы, сондай-ақ қаржы секторы əлемдік қаржы дағдарысының аясында қалыптасқан қолайсыз ішкі жəне сыртқы факторларды бастан кешті.

2009 жылғы қаржы секторының  тұрақтылығын айқындаған негізгі факторлар экономикалық өсудің жəне Қазақстандағы ішкі сұранымның бəсеңдеу тəуекелі, сондай-ақ клиенттердің қаржы жүйесіне сенімдерін сақтау маңыздылығы болып табылады. Тек Мемлекет Басшысының сенімді саяси еркіндігі, сол сияқты Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Агенттіктің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасы шегіндегі шұғыл жəне үйлесімді іс-əрекет жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы əлеуметтік–экономикалық жағдайға теріс əсерін жұмсартып,  еліміздің болашақта сапалы экономикалық өрлеуі үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге  мүмкіндік берді. Бірлескен іс-əрекеттер кешені банк секторындағы жүйелі тəуекелдерді  барынша төмендету жəне банк жүйесінің тұрақты жұмысын қамтмасыз ету жəне қоғам  тарапынан сенімділікті арттыру үшін провизияларды барабар деңгейінде сақтау бойынша  2009 жылғы негізгі міндеттерді іске асыруға бағытталды.

Біріншіден, жүйелі тəуекелдерді жою үшін жүйе жасаушы екі «БТƏБанкі»АҚ мен «АльянсБанк» АҚ қаржы институттарына қатысты проактивті шаралар қабылданды. Осы екі  банктің сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау рəсімінің басталуы банктердің барлық  қаржы жүйесі мен ішкі депозиторларына теріс əсерін шектеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ,   қосымша капиталдандыру түріндегі мемлекеттік қолдау «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен   «Казкоммерцбанк» АҚ-ға көрсетілді. Экономиканы кредиттеу мақсатында банктерге    қосымша өтімділік берілді.  

         «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы алдағы үш жылда БТА Банк, Альянс Банк және Темірбанктің акционерлер құрамынан шығатынын жоспарлап отыр.  Бұл үдеріс, аталған банктерге қалай әсер етуі мүмкін және алдағы уақытта мемлекет банк секторын қолдау саясатын жалғастырады ма?

           Қордың жүйеқұраушы банктердің  капиталына кіруі, жағдайдың қиын болуына байланысты амалсыздан болған шара болды. Бұл, уақытылы және дағдарысқа толық ойластырылған жауап болды. Аталған қолдау-көмектің басты бизнес-мақсаты, аталып өткен банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету болды, ал, әлеуметтік мақсаты, салымшылардың мүддесін қорғау болып табылды, салымшылар дегеніміз, еліміздің халқының жартысын құрайды. Басында, қордың жоғарыда аталған банктердің активтеріне кіруі уақытша деп белгіленген болатын. Үш банктің қайта құрылымдау моделі, бүгінгі күні эффективті болып отыр десек, артық айтпағанымыз шығар. Бұл жасалған шаралар, әлемнің қаржы тарихында бірден-бір ерекше құбылыс. Банктердегі жағдай оңалып, қаржылық жағдайлары тұрақты болып, төлем деңгейі жақсы бола бастай берсе, қор банктердің капиталынан шығады. Шығудағы принципиалды сұрақтар, ол – шығу уақыты және шығудың бағасы қандай болмақ. Бұл талқылауды қажет ететін мәселелер. Қордың банк капиталдарынан шығуы, менің ойымша, инвесторлармен депозитарийлерге жақсы, оң дабыл беред

          Мемлекеттің капиталға кіруі, топ-менеджменттің ауысуы – соңғы айлардың осынау оқиғалары активтері мен өз капиталының көлемі жөнінен ел банктерінің алғашқы бес-тігіне еніп отырған Альянс Банктің көптеген клиенттерінде бірсыпыра түйткілді сұрақтар тудырған. Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың 1 ақпанында “Самұрық-Қазына” қоры және Альянс Банкі банктің қаржылық тұрақтылығын және одан әрі капиталдануын қолдау мақсатында депозитіне 24 миллиард теңге орналастыру жөнінде келісім-шартқа қол қойылған болатын. Ал 5 ақпанда Альянс Банкі Дирек¬тор¬лар кеңесінің шешімімен Банк басқармасы төрағасының міндетін атқарушы болып бұрын Стресті активтер қо¬рын басқарған Мақсат Қабашев тағайындалды. Ендеше, осыған орай Альянста тағы қандай өзгерістер мен жаңалық-тар болады деп күтілуде, жаңа стратегия таңдалып алына ма?..–

    Қайта құрылымдаудың мәні мынада: егер оны бірер ауыз сөзбен ғана тұжырымдасақ, бұл — қарыздың бір бөлегін есептен шығару.  Биылғы жылдың ақпан айында альянс банк тап болған күрделі жағдайдан шығудың жалғыз жолы ғана. Сіздер өздеріңіз де білесіздер, жол берілген қаржылық тәртіп бұзушылықтар нәтижесінде Альянс Банк 1,1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде шығынға тап болды, бұл іс жүзінде оның өз капиталы мөлшеріне тең еді. Бұл күрделі кезең туындағанын, бұл ретте Қаржылық қадағалау агенттігінің  банкті консервациялау туралы жариялауына бүкіл негізі бар екендігін жақсы түсінікті. Сондықтан да қалыптасқан жағдайда Альянс Банктің қазіргі менеджменті алдында кредиторлар алдында қарызды қайта құрылымдау туралы жариялаудан басқа жол болған жоқ.

         Қарыз жүктемесін азайту босатылған қаржыны қорды нығайтуға бағыттауға, сөйтіп жағдайды түзеуге мүмкіндік берер еді. Қаржылық қадағалау агенттігі мен «Самұрық-Қазына» қоры назарына банктегі проблемалар туралы ақпаратты жеткіздік және  инвесторлармен келіссөздер жүргізуге мемлекеттік органдардың қолдауына ие болдық. Осы жылғы шілде айында Кредиторлар комитетімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, бұл олардың қайта құрылымдауға принципті түрде келіскендігін білдіретін еді. Әлгінде ғана айтып кеткендей , таяуда Лондонда кредиторлармен түпкі келісімге қол жеткізді. Қайта құрылымдау нәтижесінде кредиторлар алдындағы Альянс Банктің міндеттемелері көлемі қазіргі 4,3 млрд.-тан 1 млрд. АҚШ долларына дейін түсті, бұл кешірім жасаудың экономикалық тиімділігі банк капиталын барабар деңгейге дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.  Қайта құрылымдау және «Самұрық-Қазына» қорының тікелей инвестициясы нәтижесінде Альянс Банктің капиталы 55 млрд. теңге шамасын құрайды деп есептеп отыр, ал бұл қалыпты жұмыс істеу үшін әбден жеткілікті.

       Шілде  айында  «Самұрық-Қазына» қорымен көздемелер туралы келісім-шартқа қол қойды. Бұл құжат бойынша мемлекет Қор арқылы Альянс Банк акцияларының бақылау пакетін алып, оның қорын толықтыруды 129 млрд.-қа жеткізуге ниеттенді. Алайда бұл келісімді аяқтаудың негізгі шарты кредиторлармен келісімге қол жеткізу болып табылады. Қайта құрылымдау туралы мәселе түпкілікті шешілген кезде «Самұрық-Қазына» қоры Альянс Банк капиталының 67%-нің иесі болмақшы.

        Қайта құрылымдау процесін аяқтау үшін Альянс банкке енді барлығы бірер қадам жасау ғана қалды. Қазіргі уақытта банк кредиторлар үшін арнаулы меморандум дайындауда. Бұл құжат банк туралы барлық қажетті мәліметтерді, сондай-ақ қайта құрылымдау жоспарының өзін мазмұндайтын болады. Олардың барлығы таңдауды аяқтаған соң, банк кредиторлар арасында дауыс беру жүргізеді. Бұл дауыс беру нәтижелерін Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сот бекітеді, оның шешімі кез келген мемлекет аумағында орындалуға міндетті болып табылады. Біз барлық осы процестер желтоқсан айының ортасына таман аяқталады деп үміттенеді, сонда ғана Альянс Банкті толық қаржылық сауықтыру туралы батыл айтуға болады.

       Альянс Банктің тағдырында сөзсіз бетбұрыс сәт туды. Нақ осы күні Лондонда Альянс Банк, «Самұрық-Қазына» және 9 халықаралық банк кіретін Кредиторлар комитеті арасында үш жақты келісімге қол қойылды. Бұл келісім биылғы жылдың шілде айында негізі қаланған қайта құрылымдау шарттары тізімін бекітті. Бұл келісімге қол қойылуы біздің кредиторлардың көпшілігінің қайта құрылымдау шарттарымен келіскендігін білдіреді, енді олардың өздері үшін неғұрлым қолайлы болып келетін инвестициялық шешімдерді таңдау мүмкіндігі бар деп есептеуге болады. Шынында да Альянс Банк үшін енді қиын кездер артта қалды, сондықтан да біз қайта құрылымдау процесін табысты аяқтайтындығымызға сенімдіміз.

       Қайта құрылымдалу процесі аяқталғаннан кейін барлық проблемалар сиқырланған сияқты өздігінен жойылып кетеді деп қиялға берілуден аулақ болу керек . Керісінше, банк өмірінде қызу жұмыстардың жаңа кезеңі басталады деп өздеріне-өзі есеп бермек.  Кредиторлардың, мемлекеттік органдардың және өзіміздің болашақ акционерлеріміздің сенімін ақтап қана қоймай, сонымен бірге  клиенттердің сенімін қайтару үшін бар күш-жігерімізді жұмсаулары керек. Көптеген адамдардың жағдайдың шиеленісіп кетуінен қорқып, өз салымдарын қайтып алуға асыққаны жасырын нәрсе емес.

       «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры тікелей инвестициялары мен қарызды қайта құрылымдағаннан кейін банк капиталды барабар деңгейге дейін қалпына келтіреді және рынокта өз қатысуын бірте-бірте кеңейтуді бастайды. Альянс Банкті шағын және орта кәсіпкерлерге қызмет көрсету ұстанымымен әмбебап қаржы институты ретінде дамытуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ банктің негізгі акционері «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры болып табылатындықтан біз ағымдағы жылдағыдай барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуы әбден мүмкін.

      Альянс нарық жағдайында мемлекеттің көмегінсіз кемелденіп шықты. Бұл үлкен артықшылық. Сонымен қатар банктің басты түйткілі де оның осылайша төтенше тез өсуінде болып табылады. Бизнес көлемі тым шапшаң ұлғайды. Осы жағдайда ішкі үдерістер – тәуекелдерді басқару жүйесі, өзара келісімді қарым-қатынастар жүйесі, халықаралық инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі, заңдық бөлім бизнестің өзімен орайласып үлгере алмады. Сол кезде әлемдік қаржы нарығындағы оқиғаларға байланысты өтімділік дағдарысы туды. Сөйтіп, мұндай ахуалға банк әзір болмай шығып, жоғарыда айтылған барлық проблемалар банк қызметіне әсерін тигізді. Осының өзі акционерлерді банк тізгінін ұстауға мемлекетті тартудың анағұрлым дұрыстығы жөніндегі тұжырымға алып келді. Акционерлер болса нақ осы шешімді қабылдады. Әрине, олар үшін бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ бұл әбден таразыланған және бүкіл клиенттер мен жалпы қоғам алдындағы жауапкершілікті сипаттайтын адал шешім болды. Жалпы алғанда, банк қалып үлкен қаржы институтына айналды деп айта аламыз. Ол өзінің өмір сүруге құқығын дәлелдеп берді. Қазірде оның жаңа қаржылық ақиқаттарда өз дамуын жалғас¬тыруына ешқандай кедергілер жоқ.

– Бақылаушылардың пікірінше, Альянстың несиелік саясаты неғұрлым тәуекелді болған. Бүгінгі таңда  несиелендіру портфелі қалай бағаланып  отыр, ендігі жерде несиелеу қай  тұрғыда дамымақ?

– Банктің жалпы несиелендіру портфелі бүгінде 628 миллиард теңге  шамасында. Портфельдің 40 пайызын бөлшек амалдар құрайды. Сонымен бірге  бөлшек несие-лердің 40 пайызға жуығы  валюта түрінде берілген. Теңгелік несие¬лердің валюталық тәуекелге ұшырамайтындығы түсінікті. Ал валюталық несиелер орайында біз қазір қарыз алушылар банкке қарыздарынан одан әрі де құтыла беруінің тетіктерін қарастырып жатырмыз.

Банктің ішкі проблемаларының  бірі несиелендіру портфелінің қарқынды өсуі болғандығымен де келісемін. Әйткенмен, соңғы бір жарым жылда бөлшек несиелердің берілуі іс жүзінде  тоқтатылып тасталды. Соның нәтижесінде  бөлшектеулі портфель азайып, корпоративтік  қоржын ұлғая түсті. Алайда егер біз  бұдан әрі де осы саясатты жалғастырсақ, онда жыл аяғында іс жүзінде бөлшек пайда болмай қалады. Сөйтіп, біз  корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін банкке айналамыз. Бірақ  бұл біздің басты кәсібіміз емес. Қазір біз бөлшек амалдарды қалай  дамыту жөніндегі стратегиямызды айқындауға тиіспіз. Осы ретте әлемдік үлгілерді  пайдаланып, бөлшек амалдар жөніндегі  кеңес¬шілерді тартатын шығармыз деп  ойлаймын. Өмір ақиқаты, жаңа жағдайда болса да, бөлшек амалдарды одан әрі де дамыта бере-тіндігімізде болып отыр. Бұған ешқандай күмәніміз жоқ.

– Банк капиталына кіру туралы шешімді қабылдай отырып, мемлекет алға қойған мін-деттердің бірі шағын және орта бизнесті және ауыл шаруашы¬лығын несиелеу болатын. Бұл салаларды банк мұның алдындағы жылдарда да несиелеп келді. Ендігі жерде, өзгерістерді есепке ала отырып, банк қандай несиелік саясат жүргізбекші?

– Біз “Самұрық-Қазына”  және “Даму” қорларымен шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру үшін банкке 7 жыл мерзімге 18 миллиард теңге мөлшерінде нысаналы несиелер беру жөнінде бас келісім-шартқа қол қойдық. Бұл біздің стратегиямызбен де тікелей байланысты. Бұл қаржы “Даму” қоры жүзеге асыратын, шағын және орта бизнесті қолдайтын тұрақтандыру бағдарламасының үшінші траншы аясында бөлінуде. Займ бизнес үшін несиелік ресурстардың құнын кемітіп, қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ бұрынырақ алынған займдарды қайта қаржыландыру есебінен кәсіпкерлердің қарыздық ауыртпашылығын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біз ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша тағы 15 миллиард теңге алдық. Сондай-ақ банк студенттерді жеңілдікпен несиелендіру жөніндегі бағдарламаның агенті екенін айта кетейін.

Мемлекет бөлген қаржыларды бақылау жайына келсек, Қаржы қадағалау  агенттігі арнайы ко¬миссия құрды. Оған реттестірушінің, құқық қорғау органдарының, “Нұр Отан” ХДП және қаржылық қоғамдастықтың өкілдері кірген. Бақылау тетіктері дәл айқындалған регламент те әзірленді.

– Әркімді толғандыратын  тағы бір сұрақты банктің сыртқы міндеттемелерін орындауға қабілеттілігі жайында қойғымыз келіп отыр. Сыртқы қарыздан құтылу, банктің өтімділігі жөніндегі іс жайы қалай? Меншік иесінің ауысуына байланысты несиешілер займдарды мерзімінен бұрын қайтаруды талап етіп жүрмей ме деген қауіп жоқ па?

– Керісінше, меншік иесінің ауысуы және акционерлер құрамына мемлекеттің кіруі инвесторларға пайдалы болады деп ойлаймын. Өйткені, мемлекет сияқты мүмкіндігі зор акционердің келуіне орай банктің өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігіне несиешілердің сенімділігі әлдеқайда арта түспек.

Қазір біз өзіміздің ковенанттарымызды (эмитенттің белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндеттілігі) мұқият бақылаудамыз. Биылғы жылы біздің төлемдеріміз 595 миллион долларды құрайды. 65 миллион доллар сомадағы бірінші төлем наурызда жүзеге асырылмақшы. Банк өтімділігі орайында ешқан¬ түйткіл болмағандықтан, төлемдер мерзімінде орындалады.

– Қазақстандықтарға қандай кеңес айтасыз: қазіргі жағдайларда қаржылық істерді қалай жүргізген жөн болмақ, төлемдер бойынша дефолтты қалай жібермеуге болады, қайтіп үнемдеуге болады, жинақтаған қаражатын ұлғайту үшін инвестицияны қайда салады?

– Әдетте мұндай ақыл-кеңестер әмбебап әрі жалпыға белгілі. Ең бастысы – үрейге бой алдырмау, сыбыстарға ермеу, банктер мен депозиттер арасында шапқылай бермеу. Банктерге өз ақшаңды дұрыс орналастырған абзал: тіпті, теңге девальвациясына да қарамастан, депозиттегі салымдар үйде сақталған ақшаға қарағанда жақсырақ жұмыс істейді. Өз жинақтауларыңызды әртараптандырып, әртүрлі валюта түрінде сақтаңыздар. Сол жағдайда тәуекел барынша азайып, бірыңғай салымға қарағанда неғұрлым жоғары кіріс қамтамасыз етіледі.

      Қазіргі  замаңғы банк жүйесін құруда  қол жеткізген табыстарға қарамастан, қазіргі танда  қазақстандық  банктер  алдында  бірқатар  ағымдағы маселелер мен проблемалардың  шешімін табу қажет, оларды  ойдағыдай іске асыру банктердің  сенімділігін мен тиімділігін  арттыруға септігін тигізеді.

     Қазақстанда  банк  ісін тиімді дамытудың  маңызды элементі  несиелік ұыймдардың  ішкі  және  сыртқы  бақылау  жүйесін  құру  тәсілдемелерін  жетілдіру болып  табылады.

    Жүргізілетін  зерттеулер  нарық  жағдайнда  бақылаудың  мәні  де  өзгеретін  көрсетті,  ендігі  уақытта ол:

  • Басқарушылық  қызметтің  ажырамас  бөлігі;
  • Басқарушылық шешім  қабылдау  процесінде  ақпараттық  қамтамасыз  етудің  көзі;
  • Басқарушылық  шешімдердің  орындалуы  туралы  қажетті  ақпарат алуға болатын  кері  байланыс механизм ретінде болады;

  Бірқатар  банктерде  тәуекел-менеджмент  жүйесі  мүлдем  құрылмаған  болса, басқаларында  -  осы  функцияның тәелсіздігі  қаматамасыз  етілмеген,  үшіншілерде- жоғары  басшылық  тәуекел  менеджерлердің  туындаған  проблемалар жөніндегі  ескертулеріне  құлақ  аспайды.  Банк  жүйесінің  даму  кезеніңде  басшылық  тәуекелдерді  басқарудың  тиімді жүйесін  құру  үшін  айтарлықтай күш- жігер  салуға  тиіс.

 Тәуекел – менеджмент  банк  қызметінде  ұйымдастырылған   жүйе  болып  табылады. Осы жүйенің мақсаты банк  тәекелдерін барынша қысқарту,  оларды  алдын алу,  қадағалау,  оларды бақылау және  мониторинг  жүргізу,  сондай  -ақ  жоспарланған  пайданы алу және  банктің имиджін нарықтың  тұрақты қаржы    субъектісі  ретінде сақтау  үшін  барынша күш –жігер  салу  болып табылады.

   Тәуекел  - менеджментті  ұымдастыру  үшін  банктердің  қосымша  қаржы  шығыны,  басқару, қадағалау  және  талдау  жүйелерінің  болуын, сонымен  бірге тәуекелге  бас  ұра   алатын  және  банктің  беделі,  оның  қаржылық  жай  күйі  немесе  тіпті  банкроттық  жөнінде  сөз  қозғалған қиын  жағдайда  жеке-дара  дұрыс  шешім  қабылдай  алатын  жоғары  білікті  даярлауды  қажет  етеді.

  Шетелдік  тәжірибиені  зерттеу  банк  жуесінде  тәуекел –менджментті  күшейту  проблемасы  Батыс  Еуропа  елдерінде  өзекті  боып  табылатынын  көрсетті. Осы  елдерде  сыртқы  аудиторлар  жылына  бір  рет  жүзеге  асыратын  сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы  жол  берілген  қателіктерді,  туындайтын  тәуекелдерді  ерте  білу  және  ықтимал  шығындармен  залалдардың  алдын  алу  мақсатында  күн  сайын  жүргізілетін  ішкі  бақылаудың  күшейгені  байқалады.  Тәуекел- менеджмент бастапқы  бақылау  жүесінен  еркешеленетін  ішкі  бақылау  жүйесінің  маңызды  элементі,  сондай-ақ  мәмілелер  мен  операцияларды  күнделікті  бақылау,  тәуекелдерді  басқару,  реттеу  және  бақылау  жүйесі  болып  табылады.

 Коммерциялық  банктерде  тәуекелдерді  басқаруды  тиімді   жүзеге  асыруда банктік тәуекелдерді сыныптаудың маңызы  зор болып табылады.

   Қазақстанның  Ұлттық  банкі  банк  қызметінің  тәуекелін басқару   мен моноторингінде  тәуекелді келесі  түрлерге  бөлуді  ұсынады:

  1. Кредит  тәуекелі
  2. Пайыз  тәуекелі
  3. Өтімділіктің ысырап  болу  тәуекелі
  4. Операциялық  тәуекел
  5. Валюталық  тәуекел
  6. Баға  тәуекелі
  7. Ел тәуекел
  8. Құқықтық  тәуекел
  9. Бедел  тәуекелі

      Банк  қызметінде  кез-келген  операцияны орындағанда   тәуекелдік  болады, өйткені  тәуекелдіксіз  кәсіпкерлікті  елестету  мүмкін  емес.  Банк  операцияларымен   байланысты  тәуекелдіктерді   басқару-іс  жүзінде  банк  қоржынымен, яғни  банктің  кірісін  қамтамасыз  ететін  активтердің  қажетті   жиынымен  байланысты  тәукелдіктерді  басқару  болып  табылады.

      Тәуекел-  менеджмент жүйесі  банктің   ішкі  бақылау  жұмысының   төмендегі  жалпы  және  ерекше  принциптеріне  сәйкес  болуға  тиіс:

  • Тұтастай  ішкі  бақылау  жүйесіне қатысты  және банктің  жұмыс тиімділігіне     ықпал  ететін  принциптер;
  • Басқару жүйесін  ұйымдастыруға қатысты  принциптер:
  • Тәуекел факторларын басқаруға 0атысты принциптер;
  • Ақпаратқа  қатысты  принциптер;
  • Электрондық  ақпараттық  жүйелерге  қатысты  принциптер.

       Қорытындыланған  сапа  көрсеткіштерін  белгілеу  үшін  тәуекел –менеджменттің  ойдағыдай  процесіне  тән   сипаттамалар  анықталады,  олар:  ашықтық, өлшем  дәлдігі,  уақтылы   сапалы  ақпарат,  әртараптандыру, дербестік,  егжей-тегжей  стратегиясы.  Соңғы  жылдары салады  тәуекелдерді  басқарудың  арнайы  механизмдері  әзірленген   болатын.  Жүргізілген   талдау  тәуекелдерді  басқаруды  келесі жүйеге  біріктіру тәсілдемесін  жасауға және  әрбір элемент шектреінде  топтардан тәуекел-менеджмент  құралдарын  жеке  бөліп алуға мүмкіндік береді.

      Қазіргі  заманғы  банктер  тәуекелдерді  басқару  жүйелерін  қалыптастырғанда   бірқатар  қиындықтармен кездеседі.  Осы  проблемаларды   төмендегі саннаттар  түрінде  құрылымдарға  бөлуге  болады:

  1. Ұйымдастыру проблемалары:  банк  акционерлері тарапынан  тәуекел  менеджментінің  маңызын  (пайдалалыққа  баса  назар  аударуын,  шетелдік  тәжірибеге  қарамастан  біздің тарихымызда  сол  немесе  басқа  тәуекелдердің  ықпал ету салдарынан  акционерлер залал шеккен  дағдарыстың болмағанын )  жеткіліксіз түсіну.
  2. Кадр проблемалары:  тәуекелдерді  басқару саласында  білікті  қызметкерлердің    болмауы  тәуекел-менеджменттің  құрылу  тиімділігін  айтарлықтай  төмендетеді, бұл  жүргізілген  мөлшерлік  есептеулердің  нақтылығы  мен   объективтілігіне  әсер  етеді.
  3. Техникалық  проблемалар  нақты  тарихи  және  талдау  деректерінің  болмауы  немесе  олардың  қорытыланбауы.  Біздің  экономика  жағдайына  бейімделген және  бүкіл  банк  жүйесі  щеңберінде  салыстырма  талдау  жасауға  мүмкіндік  беретін  әдістемелердің  болмауы.  

    Қазіргі  уақытта  банктерде  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келетін    тәуекелдерді  басқару  жүйелерінің  болуына  баса  назар  аударылады  Халықаралық  ұйымдардың  ұсыныстарына  сәйкес  банктерде  тәуекелдерді  басқару  енгізу  банк  жүйесінің  тұрақтылығын нығайтуға  және  өсуіне  ықпал  ететін  негізгі  шара болуға  тиіс.

     

 

    

  

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі Қ.Жубанов    атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті.

 

 

 

 

МӘНЖАЗБА

«Банктегі валюталық операция  пәні  бойынша»

 

Тақырыбы: Банкротқа  ұшырау  жағдайындағы          банктерді   қаржыландыру  көздері.

 

 

 

 

 

                     Орындаған: Бугыбаева В.Ж

              Тексерген:  Кенжебаева Г.Д

 

 

 

 

Ақтөбе  2012 ж

 

Бақылау  сұрақтары:

  1. Банкроттың пайда болуының  басты себептері?
  2. Банк тәуекелдеріне нелер жатады?
  3. Банкрот салдарынан ұшыраған  банктерге  мемлекеттік  каржы  бөлу.
  4. Банкротқа  ұшыраған  банктердің  мемлекеттік  қаржыландырудың  себептері?
  5. Банктің  банкротқа  ұшырауына   әсер ететін  факторлар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест сұрақтары

  1. Банктерге қандай факторлар әсер етеді

а. Қолайлы, қолайсыз

б. Сыртқы, ішкі

в. Тиімді, тиімсіз

г. Тікелей, жанама

2. Банктердің зиянға ұшыраудың  негізгі жүйесі

     а. Несие

     б. Инфляция

     в. Төлем  қабілеті

     г. Пайыздық  шығындар

3. Сыртқы факторлар   қаншка пайызды құрайды

     а. 33

     б. 18

     в. 26

     г. 72

  4. Қайта  құрылымдаудың  мәні

     а. Қарыздың  бір бөлігін есептен шығару

     б. Шығындарды  азайту

     в. Төлем  қабілеттілігін арттыру

     г. Ақпараттармен   қамтамасыз етілу

  5. Ішкі факторлар қанша  пайызды құрайды

     а. 67

     б. 18

     в. 26

     г. 33

  6. Альянс  банк  қандай  мөлшерде шығынға тап болды

     а. 9,7 млн тенге

     б. 1,1 млрд АҚШ  доллары

     в. 1,1 млн АҚШ  доллары

     г. 2,1 млн АҚШ  доллары

 

 

  7. Самрұқ Қазына Альянс  банк капиталының қанша пайызда  иесі болды

  а. 64%

  б. 47%

  в. 43%

  г. 67%

8. Самрұқ Қазына Альянс  банк қорын қандай мөлшерде  толықтырды

   а. 118 млрд-қа 

     б. 121 млрд-қа

     в. 129 млрд-қа

     г. 137 млрд-қа

  9. Банкротқа жатпайтын  себептердің бірі

     а. Тиімді  басқаратын ақпараттар жүйесінің  болмауы

     б. Нарық  жағдайларындағы өзгерістер

     в. Инфляцияның  қарқынды дамуы

Инвестициялык жоба