Инвестициялар туралы түсінік

 ЖОСПАР

Кіріспе

 

I- Бөлім.  Қаржы инвестицияларының түсінігі

 

1.1. Инвестициялар  туралы түсінік және оның түрлері

 

1.2. Қаржы  инвестиция есебі нарығының пайда болу себептері

 

 

II-Бөлім. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы және қайта бағалануы

 

2.1. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы

 

2.2. Инвестицияның құнын анықтау және түгендеу

 

2.3. Қаржы  инвестицияларын шығару, сату және аудару

 

2.4. Қаржы  инвестицияларын қайта бағалау есебі

 

III- Бөлім. Қаржы инвестицияларының талдануы және аудиті

 

Қорытынды

 

Әдебиеттер  тізімі

 

 

1.Қаржы инвестицияларының түсінігі.

    1. Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері.

 

Инвестициялар деп - өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түріне салып жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерлік табыс немесе процент алу.

Инвестициялардың  көзі болып жаңадан қалыптасқан  құны немесе жаңа табыстың жинақталған  бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны  өзінің табыс есебінен және капиталдар нарығындағы несиелердің есебін жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның қарамағында қалған табыс болып саналады.

Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі  күні қолда бар ақшаны, мүлікті және  басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелділік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық процесс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамудың мағызды факторы болып саналады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша  құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай  сақталған бір бөлігі саналады.

Басқаша айтатын  болсақ, инвестиция көзі – жаңадан  жасалған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер  инвестицияны өзінің таза табысының  есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

Нақты инвестиция дегеніміз - бұл кәсіпорынның негізгі капиталына және материалды - өндірістік қорының өсіміне салынатын қаражаттар.

Қаржылық  инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға, банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Инвестицияның жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияға жіктеледі:

а) қысқа  мерзімдік несие – 1 жылға дейін;    

б) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі 1 жылдан астам.

Қысқа мерзімді – баланста не белгілі күні ғана әрекет ететін нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн  не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау  барысында бағалау сомасы өзіндік  капиталдың өсуіне қатысты болады. арзандатулар сомасы бір ғана сол  инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған кезде оның кеміген сомасы залалға жатады

Қаржы инвестициясында  сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын  мүліктер инвестициясы да жатады.

Жылжымайтын мүліктерге салынатын инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.

Қысқа мерзімді инвестицияны ұзақ мерзімдік категориясына  көшіру мыналармен жүзеге асырылады:

а) ағымдағы сату құнының төмен бағасымен;

б) егер ол бұрын  осы құнмен көрінген болса, ағымдағы құнмен.

Қаржы инвестицияларын сату құны дегеніміз – ол осы бойынша активтер алмастырылатын немесе тәуелсіз тараптар арасындағы міндеттемелері төленетін құн.

Қаржылық  инвестицияларының ағымдағы құны дегеніміз – ол белгілі бір мерзімдегі активтердің қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша құны. 

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында  дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп  жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі мен маңызы өте ерекше. Шетел  капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:

    1. Шетел капиталының біздің елге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдерді көбейтеді;
    2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін арттырады;
    3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технологияны елдің шаруашылық субъектілерінде қолдануды жылдамдатады;
    4. Сырттан келген капитал – елде экспорттың көбеюіне, бәсекелестік қабілетінің жоғарылауына әсерін тигізеді.

Инвестициялық қорлар – жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизім. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорларға салған салымдары бір портфель ретінде басқарылып, әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорциалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:

  - Кәсіби басқару - нарығындағы жұмысқа ұқсас жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ ол акциялармен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді;

- Диверсификация – портфелді басқаруда диверсификация қауіптілікті төндіреді, бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және аз акция санымен бұған экономикалық жолмен қол жеткізе алмайды;

- Шығындарды төмендету – көп санды ұқсас инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады, осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізуге болады;

- Сенімділік – барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақ инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылғандықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс деңгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болуы керек.

Инвестициялық қорлар бағалы қағаздар нарығына оң әсерін тигізеді.Халықтың, институтталынған инвесторлардың, жарналық қорлардың уақытша бос ақша қаражаттары инвестициялық сұранысты көбейтіп, бағалы қағаздардың айналымын ынталандырып, ақырында инвестициялық ресурстарын өндіріске құйылуына мүмкіндік туғызады. Инвестициялық қорлардың қызметі «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қор туралы» Заңмен реттелініп, инвестициялық қорларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп, бағалы қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілерімен реттеледі.Инвестициялық қорлар ашық акционерлік қорлар түрінде құрылады және қаражаттарын болашақта бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығарып,оны ашық орналастырып ақшалай қаражаттарды тарту арқылы ерекше қызметтерді жүзеге асырады.Инвестициялық қорлар бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығара алмайды.Акционерлермен өзара қарым- қатынасына байланысты инвестициялық қорлар төмендегідей болады:

  • өзара инвестициялық қорлар- бұл ашық инвестициялық қорлар, олар өздерінің эмитенттелінген акцияларын заңмен белгіленген бағамен кері сатып алуға міндетті.Олар дамыған елдерде кең тараған, ол соңғы жылдары неғұрлым динамикалық жолмен дамитын қаржылық институттар болып табылады.
  • Инвестициялық компаниялар- бұл жабық инвестициялық қорлар,  акционерлер қорынан өзі эмиссиялаған акцияларды кері сатып алуға міндетті емес.

Инвестициялық қорлар типі қордың жарғысында көрсетілуі керек.Инвестициялық қорларының типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға тіркеледі.Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік қоғам құруға арналған заңдамамен және «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі.Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны басқаруға қатысуға құқығы бар.Бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.Инвестициялық қорлардың акционерлері кез- келген тұлға бола алады.

Жарғылық капиталдың мөлшері өз ара инвестициялық қорлар үшін 50000 есептік көрсеткіштен, инвестициялық көрсеткіштер үшін 30000 есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Инвестициялық қордың құрылтайшылар жиналысында міндетті түрде инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағытын, бағалы қағаздар портфелінің диверсификациялау нормаларын жіне басқа да шектеулердіанықтайтын инвестициялық декларация бекітіледі. өзара қорлардың инвестициялық декларациясында портфелінің бағалы қағаз өтімділігі жөнінде шектеулер жазылады. Өзара қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті мәміле жасалар кезде орын алып отырған бағасы, олардың нарықтық құнының он пайызынан аспайтын мөлшерде төмендеген кезде, он күннен аспайтын мерзімде сатуға болатын бағалы қағаздар енгізілуі мүмкін. Инвестициялық қорлардың қызметі қатаң шектеледі және бақыланады. Инвестициялық қордың ол шектеулері:

  • инвестициялық қордың еншілес кәсіпорындарын құруға және осы қордың аффилирлендірілген тұлғалармен мәміле жасасу;
  • алты айдан артық мерзімге қарыз (заем) қаражаттарын таратуға;
  • инвестициялық қорлардың акциясы бойынша табысты, сонымен қатар портфельдегібағалы қағаздардың өтімділігін шектейтін, инвестициялық қордың жарғысына және Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келетін міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
  • бағалы қағаздардың портфелінде өзара қорлар үшін 10 пайыз және инвестициялық компаниялар үшін 20 пайыздан аспайтын бір элементтің бар болуына;
  • инвестициялық қорлардың, аффилирлендірілген тұлғалардың, өздерінің кастодиалдары мен тіркеушілерінен бағалы қағаздарды алуға;
  • меншік капиталдарды сату және сатып алудың пирамидалық жүйесін құруға;
  • таза активтердің 10 пайызынан артық мөлшерде кепіл зат мәмілесін жасауға және кез-келген кепілдіктер мен басқа да шектеулер беруге.

Портфельді басқару  – бұл инвестициялық қорлардың  инвестициялық делларациясына сәйкес компания басшысының нысаналы қызметі. Компанияның басшысы бағалы қағаздардың ұлттық уәкілеттіоргандарының берген лицензиясы бар және инвестициялық қормен  оны басқару туралы жасалған шарт негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға болуы мүмкін.

1.2.Қаржы инвестиция есебі нарығының пайда болу себептері.

Еліміздің нарықтық экономикалық жолмен даму барысында қаржылық инвестициялардың мағызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарығының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:

  • Валюталық нарық;
  • Құнды қағаздар нарығы;
  • Несие-капитал нарығы (ақша нарығы);
  • Асыл металдар нарығы (алтын нарығы).

Қаржы нарығының ажырамас бөлігінің бірі бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілер, жүздеген сақтандыру компаниялар, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенционалды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздарды шығарушы болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технологияны енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан да ірі капитал салымын талап етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарының, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады. Инвестицияны (бағалы қағаздарды-БҚ) есепке алуды қарастырмас бұрын инвестиция, инвестор, эмитент т.с.с. түсініктерді анықтап алу қажет.

Эмитенттер – бұл іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарды шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар. Сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышы болып табылады.

Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздардың статусы бар ипотекалық куәліктер, коносаменттер және құжаттардың басқа да түрлері болып табылады.

Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және коорперативтік болып үш түрге бөлінеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің ішкі және сыртқы борыштық міндеттемелері. Үкімет Қаржы Министірлігінің атынан бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу мақсатында мемлекеттік борыш шегінде бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады.Ұлттық Банк айналысындағы ақша массасын реттеу мақсатында бағалы қағаздарды эмиссиялайды.

Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің  тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

  • Ұлттық жинау облигациялары.
  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер.
  • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер.

Қазіргі уақытта Қаржы  Министірлігі мемлекеттік ішкі заемның  ұлттық жинақ облигацияларын, айналыс  мерзімі 3, 6, 9, 12 айлық мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 1 жыл және одан жоғары индекстелген қазынашылық міндеттемелерін, айналыс мерзімі 5 жылдық арнайы мемлекеттік валюталық облигацияларын, Ұлттық Банк- қысқа мерзімді валюталық ноталар, айналыс мерзімі 90 күндік қысқа мерзімді ноталар шығарады.

Муниципалдық бағалы қағаздар- бұл жергілікті атқарушы органдардың қарыз міндеттемесі, ол жергілікті бюджеттен және коммуналдық меншіктен кепілдік береді.Муниципалдық бағалық қағаз аймақтық әлеуметтік бағдарламаны орындау мақсатында шығарылады.Ол құрылыс, ауруханалар мен бала-бақшасын және үйлер мен мектептерді, жолдарды жөндеу, керекті мүліктерді сатып алу т.б. үшін пайдаланылады.

Коорпоративтік  бағалы қағаздар- субъектінің заңға сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру немесе шаруашылық қызметін іске асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында шығарылатын бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.

Бағалы қағаздарды  жалпы  мына төменде аталғандай екі топқа  бөлуге болады:

а) ақшалай;

ә) капиталды.

Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субъектілерінің қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.

  Өздерінен алынған табысқа байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвестициялық болып екі топқа бөлінеді.

Қарызды құнды  қағаздар – бойынша эмитент өзі белгіленген уақыт барысында процентімен тиісті қарыздарын өтеуге міндетті. Қарыздық бағалы қарыздарға  облигацияның барлық түрлері, вексельдер, т.б. бағалы қағаздар жатады.

Инвестициялық құнды  қағаздар – иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Құнды қағаздар шығарылу мақсатына  байланысты қорлы және судалық болып екі түрге бөлінеді.

Қорлы құнды қағаз – қор биржасында айнлысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатады.

Судалық құнды  қағаздар – белгілі бір комерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы  ерекшеліктеріне байланысты құнды  қағаздар нарықты жіне нарықты емес болып екіге бөлінеді.

Нарықты құнды  қағаздар – айналыста еркін сатылып немесе сатып алынады.

Нарықты емес құнды  қағаздар – қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.

Атқаратын қызметіне және роліне байланысты құнды  қағаздар:

    • Негізгі (акция, облигация);
    • Көмекші (чектер, векселдер, дипозиттік сертификаттар);
    • Туынды (варанттар, опциондар, фьючерстер, бондар, т.б. ) болып үш топқа бөлінеді.

Акция дегеніміз  – акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субьектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жәй және артықшылығы бар – деп аталатын түрлерге бөлінеді.

Жай акциялар – акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір акция осы субъектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық субъектіге қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жай акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен ғана жүргізіледі.

Артықшылығы бар  акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар шаруашылық субъектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.

Акцияның бір  акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөледі.

Атаулы акциялар дегеніміз – олардың иелері міндетті түрде шаруашылық субъектісінің реестрінде (тіркеу орынында) тіркеуге тиісті акциялар болып табылады. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алынған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағаздарды сатып алған кезде шаруашылық субъектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған (сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісім-шарт жасалуы қажет. Сонан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шаруашылық субъектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияны жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.

Ұсынбалы акциялар – иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субъектісінде  тіркелмейді. Шаруашылық субъектісі, әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шаруашылық субъектілерінің акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.

Облигациялар  дегеніміз – оның иесінің ақша қаражаттарын салғанын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналдықұнын белгілеген процетті төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты шаруашылық субъектісі үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Яғни облигациялар дегеніміз корпорацияның, шаруашылық субъектісінің қарыз міндеттемелерін  растайтын құжат. Ол корпорацияның  активтеріне қарсы жұмсалады. Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда облигация ұсынушының сол шаруашылық субъектілерінің, яғни облигацияны шығарған субъекті мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді. Алайда, бұл жоғарыда аталған акциялар мен облигациялардың бір-бірінен әдеуір айырмашылықтары болып мыналар табылады:

  • Облигациялардың иесі шаруашылық субъектісінің кредиторы болып табылады. Бұл оның, яғни облигацияны ұстанушының шаруашылық субъектісін қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса шаруашылық субъектісі иесінің бірі болып табылады;
  • Облигацияның иесі бұл құнды қағаз бойынша белгілі бір уақыт аралығында пайыз түрінде табыс алып отырады. Бұл пайыздың мөлшері белгіленіп, яғни мөлшерленіп қойылған, сондай-ақ облигациядан алынған табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса есепті жылдың соңында ғана, яғни шаруашылық субъектісінің табыс табуына байланысты дивидент алып отырады;
  • Кез-келген несие берушілер сияқты облигация иесінің де шаруашылық субъектісінде ешқандай дауыстық құқығы жоқ. Олар акционерлер жиналысына қатыса алмайды және шаруашылық субъектісін басқаруға да ешқандай қатысы жоқ болып табылады. Ал акционерлер болса бұл шаруашылық субъектісінде өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығына ие болып табылады.    

Депозиттік сертификаттар  дегеніміз – ірі номиналға ие болып табылатын мерзімдік сертификаттарды білдіреді, олар негізінен шаруашылық субъектілерге арналған. Депозиттік сеттификаттар құнды қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке жинақ кітапшасы емес банктің сенімхатының ролін атқаратын, сертификат берілетін мерзімде банктің салымдарының түрі болып табылады. Сертификаттың өзі атаулы ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.

Сонымен депозиттік сертификат дегеніміз - салымның немесе оның мұрагерлерінің белгіленген мерзім біткен соң депозит сомасы бойынша пайыз түрінде табыс алу құқығын куәландыратын ақша қаражаттарының салымы туралы эмитент банкінің жазбаша куәлігі болып табылады.

Вексель дегеніміз -  оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы болып, вексель құнды қағаздың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді. Жасау үлгісі және қолдануы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай вексель  дегеніміз – төлем мерзімі  келген кезде вексель ұстаушыға  белгіленген сомада ақша төлеуді  вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді.

Аудармалы вексель  дегеніміз – таратта деп аталады, оның жай вексельден ерекшелігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға эмитентке төлеу тұралы жазбаша бұйрығын бере алады.

Айналым процесі  кезінде вексель бір адамнан  екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғанан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы  вексельдің теріс жағында немесе қосымша парағында жазылады.

Вексельдер  өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге бөлінеді.

Коммерциялық  вексельдер - өнім өндіруші шаруашылық субъектілердің ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы шаруашылық субъектіге төлем жасау мерзімінің кешіктірілусебебіне байланысты берілетін коммерциялық несиесі ретінде рәсімделеді.

Қаржылық вексельдер арқылы - әр түрлі банктер арасындағы тауарлы келісім-шарттар емес борышкерлік қатынастар рәсімделеді.

Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да субъектілерге сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық номиналды құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық векселдер иелерінің табысын номиналды және сату бағасының арасындағы айырмашылықты құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзім капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.

Чек дегеніміз  – чек берушінің чек ұстаушыға сол чекте көрсетілген сомадағы ақшаны төлеуі туралы банк мекемесіне берген жазбаша өкімін білдіретін құнды қағаз болып табылады. Чектер негізінен төлем айналысын жеңілдету үшін қолданады. Жалпы чекті ақша орнына төлем ретінде беруге болады. Алайда бұл ақшаның нақты өзі емес, тек сол ақшаны талап ету жөніндегі құнды қағаз болып табылады.

  Туынды бағалы қағаздар – Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп стандартында және Қазақстан Республикасыныңзаңдарында туынды қағаздары туралы ешқандай сөз айтылмаған.

Туынды бағалы қағаздар дегеніміз – екінші деңгейдегі құнды қағаздар болып табылады.Бұл осы аталған жағдайда қор рыногының қатысушысының акциялары мен облигациялары емес оларды сатып алу, сату жөніндегі операциялар жүргізуге құқық беретін құжаттармен жұмыс істеуін білдіреді.

Мұндай құнды  қағаздарға, вараттарды, опцондарды, фьючерстерді жатқызуға болады.

Варанттар дегеніміз  – эмитенттің белгілі кезең ішінде, яғни белгілі бір уақыт аралығында белгіленген баға бойынша акциялар сатып алуына жеңілдік құқығын беретін құнды қағаз болып табылады.

Инвестициялар туралы түсінік