Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері



Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................3

Бөлім І. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері.

1.1. Инвестициялардың мәні мен түрлері...................................................................5

1.2. Қаржы инвестициялары......................................................................................11

1.3. Қоржындық инвестициялардың тиімділігі.......................................................14

 

 

Бөлім ІІ. Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрылымдық саясаттың мәселелері мен қазіргі жағдайы.

2.1. Инвестициялық саясаттың проблемалары........................................................16

2.2. Экономиканы дамытуға инвестиция саясатының әсері...................................18

2.3. Инвестицияны жандандыру шаралары..............................................................21

 

Бөлім ІІІ. Қазақстан Республикасының саясаттың стратегиялық дамуы.

3.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың стратегиялық дамуы...........................................................................................................................23

3.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатты жақсартуға мемлекеттің жүргізетін шаралары............................................................................29 

3.3. Дамыған және дамушы елдердің инвестициялық саясаты..............................32

 

Қорытынды..............................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................35

 

 

 

 

 

 

                                       Кіріспе.

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестиция және оның түрлері, Қазақстандағы инвестициялық саясат.». Осы тақырыпты 3 бөлімге бөліп қарастырылды. Олар:

    Бөлім 1  «Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері»  Осы бөлімді 3тақырыпшадан тұрады. Инвестициялардың мәні және түрлері. Қаржы инвестиялары. Қоржындық инвестицияның тиімділігі.

    Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

    Қаржы инвестиялары, яғни кәсіпорындарың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысушылар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

    Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін  инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

    Бөлім 2.  Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрлымдық саясатының мәселері мен қазіргі жағдайы. Инвестициялық саясаттың проблемалары. Экономиканы дамытуға инвестициялық саясаттың әсері.

    Шетелдік капитал өндірісті сектордың дамуына ықпал етпейді, өйткені іс жүзінде толығымен экономиканың өндіріуші секторларына негізінен мұнай өндіріу мен металлургия салаларына жібріледі. Бұдан басқа инвесторлар құрлымын талдау шетелдік инвесторлардың  ақшаның көп бөлігін айналым қаражатына немесе қысқа мерзімді пайдаланудың негізгі қаражатына салынатын көрсетеді.

    Инвестициялық саясаттың әлеуметтік – экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде әдістерді қолдана бастады.

    Бөлім 3. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының стратегиялық дамуы. Инвестициялық саясатның стратегиялық дамуы. Инвестициялық саясатты жақсартудағы мемлекеттің жүргізетін шаралары.

    Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және қоржындық инвесторларды тарту болып келеді. Мемлекеттік және жеке инвесторлардың экономикағы тартылған ағымды көлемі осы заманғы экономканың жылдам өсіп отырған қажеттерін қанағаттандыру үшін жеткілісіз. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі қазіргі кезде ІЖӨ-нің 18 – 19 %-ынан аспайтын мөлшерді құрайды, ал елімізге осы қолда бар деңгейден екі есе асып түсетін инвестициялар көлемі қажет.

    Қазақстан шетелдік инвесторларға күрделі қаржылардың технологиялардың, басқару мен маркетинг саласындағы тәжірибенің маңызды көзі ретінде қарай отырып, дәйексіз және бұлыңғыр саясат нәтижесінде өзінің ұлттық мүдделеріне қысым жасуына жол бермеуге тиіс. Үкіметтің саясаты, ұлттық түдде тұрғысынан қарағандағы құқықтық және әкімшілік шаралар шетел инвестициялардың тарту міндеттеріне және  инвесторлар өз мүдделеріне жауап беретін жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен берге шетел инвесторлары операцияларының Қазақстан экономикасына тигізетін қажеттсіз зардапттарын болдырмауға немесе, ең болмағанда, бәсеңдетуге мүмкіндік беретін тетіктер әзірлеу қажет.

 

 

 

Бөлім І. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері.

              1.1. Инвестициялардың мәні және түрлері.             

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестиялар нақты инвестиялар және қаржы инвестиялары болып бөлінеді. Нақты инвестиялар -  капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрлысқа және т. б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа  да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Инвестиция- алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемілекеттік және жеке, тура және профельді ( қоржынды) болып негізгі материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.

     Инвестор- салым иесі, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам, ұйым немесе мемлекет.

     Инвестициялау (инвестициялық процесс) – бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процес барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақатану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.

    Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:

     капитал салымын қаржыландыру;

     инвестициялау объектілерін анықтау;

     аталынғандардың орындалуын бақылау;

     Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Жобалау класына қарай:

     мегожоба;

     мультижоба;

     моножоба деп бөлінеді.

     Мегожоба- бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарына шектеуден тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады және басқарылады.

     Мысалы:

      халық шаруашылығының құрылымдық реформа жасау;

      нарыққа өту және нарық үлгілерін таңдау;

      сондай-ақ экономиканың жекелеген секторлары мен түрлі өрістерін дамыту бағдарламалары.

Бағдарламалары:

      халықаралық;

      салалық;

      салааралық;

      аймақтық болуы мүмкін.

    Мультижоба- ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберінде жүзеге асырылатын жоба.

    Моножоба- бұл нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:

     техникалық;

     ұйымдық,

     экологиялық;

     әлеуметтік жобалар.

     Жобалар ұзақтығына қарай:

     қысқа мерзімді;

     орта мерзімді;

     ұзақ мерзімді;

    Көлеміне қарай:

     шағын;

     орта;

     ірі болады;

Күрделігіне қарай:

     жай;

     күрделі;

     өте күрделі;

Инвестициялық принцптер:

     салым қаржысын әрбір бірлігіне келетін пайданың артып отыруы;

     инвестициялау тәуекелін азайту;

     шығынды өтеу мерзімін есепке алу.

Инвестициялық шығынның өтелуі- бұл салынған қаржыны қайтару мерзімі. Қаржы салымдарының шығынды өтеу  мерзімі мемлекеттің инвестициялық саясатына тікелей байланысты.

  Инвестициялық саясат- халық шаруашылығын  дамыту мақсатында қабылданған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін экономика өрістерінде капитал салымдарын пайдаланудың негізгі бағыттарын сипаттайтын ұстаным.

Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша   тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестиция одан басқа барлық инвестиция түрлері.  Жанама инвестициялар - қоржындық инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олрдың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған  меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді. Инвестицияның негізгі түрлері . Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестицялық операциялар болып табылады, яғнм жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

      табиғи активтерге инвестициялар;

      ақша активтерге инвестициялар;

      материалдық емес активтерге инвестициялар.

Табиғи активтер - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыт бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтер – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер облигациялар, акциялар, несиелер қарыздар, кепілдіктер т.б.

Матиралдық емес активтер – фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау тапшылық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтер байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

   Тиімділікті артуға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

   Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты - өндіріс орындарын нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

   Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

   Мемлекеттік басқарудың ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың мемлекеттік ұйымдардың экологиялық  стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады,

   Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестициялардың түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген:

 

                  Инвестиция түрлері мен тәуекелшілдік деңгейінің байланысы.

3-түрі

2-түрі

1-түрі

4-түрі

Жаңа өндірістарді салуға инвестициялар

 

 

Өндірісті кеңейтуге инвестициялар

 

 

Тиімділікті арттыруға инвестициялар

 

 

Мемлекеттік ұйымдардың талаптарын орындауға инвестициялар

 

 

Тәуекелшілдіктің жоғарғы деңгейі

Тәуекелшілдіктің төменгі деңгейі

 

 

Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті  инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілі іс - әрекеті жатады.

Инвестициялық іс - әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс - әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілар, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс - әрекеттің объекектілерін қолдаушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар (банкілер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге – инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс - әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заңдармен және де Банкроттық жайы», «Бағалы қағаздар нарығы жайлы», «Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба – капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфералаына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

   инвестициялық ұғымды қалыптастыру;

   инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;

   жобаны техникалық-экономикалық негіздеу;

   жер учаскесін алу немесе жалға алу;

   келісім құжаттарын дайындау;

   құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;

   объектіні қолдау, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

 

 

 

 

 

1.2. Қаржы инвестициялары.

Қаржы инвестиялары, яғни кәсіпорындарың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысушылар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

Капиталды берудің формасымен мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар борыштық және борыштық емес болып бөлінеді. Борыштық бағалы қағаздар – заттай емес активтерге берілген салым реттінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа қарызға бірілген қаражат болып есептелінеді. Қарыз алуға алған қарызды белгілі бір беріленген уақытта қайтаруға міндеттеледі.

Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысуы үшін бағалы қағаздарды – акцияларды сатып алады.

Акция – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын, осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі. Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестициялық жобаларды атқарады. Акциялар эмиссиясы дегеніміз акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу компанияның жарғы капиталын көбейту.

Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты нақтайды.  Қарыздық міндеттемелерге – облигациялар, мемлекеттік заемдар, банкілердің депозиттік және сақтау сертификаты, вексельдер жатады.

Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді. Олар – опциондар, фьючерстік келісімдер.

Опицион – еңбек ұжымыныңның мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құқығын беретін бағалы қағаздар.

Қаржы фьючерс – белегілі бір базистік активті болашақта тіркелген бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісім.

Бағалы қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орына берілетін  бағалы қағаздардың сертификаттары бағалы қағаз болып есептелмейді. Олар бағалы қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамен, қандай сомаға бағалы қағаз сатып алынғаны көрсетіледі.

Сертификаттың бір түріне – жамбо - сертификат немесе нормалдық құны өте жоғары аса ірі сертификат жатады. Мысалы: швейцарлық жамбо – сертификат аса ірі акцияларды (1000 дана) біріктіреді де, сомасы номинал бойынша 100 мың швейцарлық франк болады.

Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1жылдан көп), қысқа мерзімді (1жылдан аз) қаржылық инвестициялар болады. Көрсетілген активтерге қаражат құюшылар – инвесторлар, ал бағалы қағаздар шығарушылар – эмитенттер деп аталады.

Инвестициялардың негізгі мақсаттарына жатаындар:

   салымдардың қауіпсіздігі;

   салымдардың табыстылығы;

   салымдардың өсуі;

   салымдардың өтімділігі;

Инвестициялық жобаларды орындап, есептап, олардың тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асыру нәтижелері салыстыра отырып, талдау нәтижесінде анықтау қажет.

Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі. Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру. Ол үшін  инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады. Негізгі талдау аспектілері:

   Техникалық талдау. Инвестициялық жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау.

   Коммерциялық талдау (маркетингтік). Инвестициялық жобаны іске асырғаннан кейін шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау.

   Институционалдық талдау – жобаны іске асырудың ұйымдық-құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау. Осы ортаны мемлекеттік ұйымдардың талабына сайкелтіру; тағы бір басты жай – фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру.

   Әлеуметтік (әлеуметтік-мәдени) талдау – жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу.

   Қоршаған ортаны талдау – жобаның қоршаған  ортаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы анықтаужәне ондай кері әсерлерді болғызбау әдістерін қалыптастыру.

   Қаржылық талдау;

   Экономикалық талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 3.  Қоржындық инвестицияның тиімділігі.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін  инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

Осы Методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауғада: коммерциялық (қаржылық) тиімділік – қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиімділік – жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

   таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс(ТҚД);

   инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ);

   табыстың ішкі нормасы (ТІН);

   қайтарым уақыты (Т қай).

Осы көрсеткіштермен – пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.

Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржылық шығындармен толтыратын нәтижелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаның инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың инвестициялық, операциялық, қаржылық іс - әрекетті қаралап, есепке алынады. Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып танылады.

      Нақты ақшалардың ағыны - инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс - әрекеттен болған ақша қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма. Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) - инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс - әрекеттен болған ақша қаражатының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаның қабылдаудың қажетті критерийі ретінде нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептелінеді. Ал егер сальдо (қалдығы) – жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат бөлуі, не болмаса қарызға қаражат алуы тиесілі.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.

Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана анықталады.

Инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:

   жалпы инфляция – экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал, қызмет, еңбек т.б.) және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;

   инфляцияның әрекеттес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) - өнім түрлеріжәне өндіріс ресурстары бойынша;

   инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан жоғары болуы.

 

 

 

 

 

Бөлім ІІ.  Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрлымдық саясатының мәселері мен қазіргі жағдайы.

2.1. Инвестициялық саясаттың проблемалары.             

Шетелдік капитал өндірісті сектордың дамуына ықпал етпейді, өйткені іс жүзінде толығымен экономиканың өндіріуші секторларына негізінен мұнай өндіріу мен металлургия салаларына жіберіледі. Бұдан басқа инвесторлар құрлымын талдау шетелдік инвесторлардың  ақшаның көп бөлігін айналым қаражатына немесе қысқа мерзімді пайдаланудың негізгі қаражатына салынатын көрсетеді.

Шетелдік инвесторлардың  келуін ынталандыру саясаты отандық және шетелдік инвесторлардың  теңсіз жағдайға қойылуына айып келеді. 

Капиталдың елден жылысуының жалғасуы Қазақстан экономикасын дамытуға теріс әсер етіп отыр.

Тартылатын  шетелдік капитал көлемін арттыруға кедергі келтіріетін бір қатар факторлар бар, олардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады:

      Қазақстан нарығындағы іскерлік белсенділіктің төмендігі;

      Заңнама мен реттеуші шаралардың көмескілігі;

      Ақша қаражатының төлемсіздік дағдарысымен шиеленіскен төмен өтімділігі;

      Сенімді ақпараттың өткір тапшылығы.Бұдан басқа, мемлекет рөлінің әлсіздігі сыбайлас, жемқорлық пен қызмет бабына теріс пайдаланудың таралуына, келісмшарт талаптарының орындалмауына мүмкіндіктер туғызды, санаткерлік меншік құқығын қорғау қамтамасыз етілмейді.

Негізгі капиталға инвестициялар.

Төмен инвестициялық белсенділік салдарынан экономиканың нақты секторның негізгі капиталы әбден ескерді, іс жүзінде экономиканың барлық салалары техникалық жағынан кері кетуде. Негізгі капиталға инвестицияның қазіргі ІЖӨ - нің 18 – 19 % мөлшеріндегі деңгйі таяу жылдары негізгі капиталды оның табиғи тозуы салдарынан толық шығарып тастауы мүмкін.

Кәсіпорындардың амортизациялық аударымдары негізгі өндірістік құралдарды ұдайы өндіріу функициясын орындамайды және нысаналы пайдаланылмайды. Көптеген кәсіпорындарды шетелдік инвесторлар өндіріс қуаттарының қалдық құнынан едәуір төмен баға бойынша сатып алды. Алайда бұл ретте кәсіпорындардың жаңа меншік иелері салық салынатын пайдадан амортизациялық игерім жүргізу мүмкіндігін басқа кәсіпорындармен бірдей пайдаланады.

Енжар инвестициялық саясат жүргізуді  жалғастыру экономикалық өсудің жоғары қарқынына қатысты болжамдардың орындалуына қатер төндіреді.

Инвестициялық саясатқа мемлекет белсенді түрде араласпаса, экономиканың өндіріуші салаларының басым түсуі одан әрі жалғаса беретін болады. Елдің болашағы оның табиғи ресурстар қорының мөлшеріне тәуелді болып қалады.

Тиісті мемлекеттік бақылау болса капиталдың жылыстау процесі жалғаса беретін болады, қазіргі ішкі инвесторлардың қаржылық мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты қор нарығы шетелдік инвесторлардың ықпалында қалып қоюы мүмкін.

Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері