Казақстан республикасының сыртқы саясаты
Ғылыми жоба
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
Мазмұны
КІРІСПЕ ______________________________ _______________________
3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ______________________________ ___________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
______________________________ ________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары
КОРЫТЫНДЫ ______________________________ __________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________
Қазіргі танда
Бүгінде біздің дипломатиямыздың түбегейлі жетістіктері ешқандай дау туғызбайды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің барлық елдеріне танылу үстінде.
Қазақстан
Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету бізді күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиісті етеді. Сондықтан да әлем құрлығындағы мемлекеттермен арадағы сенім мен тең құқылы қарым-қатынасты дамытып, нығайта береміз.
Біздің Азиялық Шығыс
Сонымен қатар,
Тақырыптың өзектілігі:
XX ғасырдың 90-шы жылдары әлем
мемлекеттерінің халықаралық істердегі
Бүгінде әлемдік саясат сахнасында
жаңа дербес тәуелсіз мемлекеттер шықты. Солардың
бірі Қазақстан Республикасы еді. Халықаралық
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталады:
Біріншіден: біздің мемлекеттің тың сипатын танытуы;
Екіншіден: Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігімен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуі;
Үшіншіден: әлемде болып жатқан экономикалық байланыстарға белсене араласуы.
Міне, осындай қалыптасу кезеңін Қазақ елі басынан өткерді, яғни оны қалай жүзеге асырды, қандай жаңа бағыттар мен жолдардан өтті, қазіргі кезеңде оның даму барысы қалай? Жалпы Қазақстанның сыртқы саяси қырлары зерттеуді қажет етеді. Ал бұл тақырып өз кемеліне жетіп, толық зерттелмеген, яғни «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары және экономикалық байланыстары» атты тақырып алдағы уақыттарда өз маңыздылығымен зерттеуді қажет етеді.
Мақсаты мен міндеттері:
- Диплом жұмысының мақсаты қазіргі замандағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары, ТМД, Еуроодақ елдерімен, Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен АҚШ- мен Достық, Ынтымақтастық екі жақты және көп жақты қатынастарын зерттеп, зерделеу және мазмұнын ашу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап өтуге болады:
- Қазақстанның қазіргі кезендегі
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы, экономикадағы басым бағыттарын таныту;
- Қазақстан мен ТМД, АҚШ, Азия
дипломатиялық және экономикалық
байланыстардың қалай өрбуде екенін атап
көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Ғылыми жоба жазу кезінде Қазақстан Реслубликасының сыртқы саясаты және экономикалық байланысы туралы жазылған көптеген деректер мен кітаптар
пайдаланылды. Олардың авторлары: Н.Назарбаев, Қ.Тоқаев, Т. Мансұров, Н.Ермекбаев,Г.Қойшыбаевт.б. Сонымен қатар мерзімді басылымдарда жарияланған деректерді салыстыру негізінде тақырыпқа байланысты материалдар пайдаланылды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапиулла Абдулпаттаевтың Қазақстанның сыртқы саясаты және экономикалық байланыстары жайлы көптеген еңбектерін пайдалану Ғылыми жұмыстың маңызын арттыра түсті.
Елбасы Н.Назарбаевтің «Тарих толқынында » атты енбегінде Қазақстан Республикасының 2002ж 1-қыркүйегінен, 2003ж 31желтоқсанына дейінгі аралықтағы саяси – экономикалық кезеңіне тоқталып өткен.Сонымен қатар « Ғасырлар тоғысында »- атты монографиясында пайдаландым. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бастап, ел өміріндегі саяси-экономикалық, алғашқы қадамдары баяндалған.
Қазақстан Республикасының Сыртқы
Саясат ғылымдарының
докторы Тайыр Мансұровтың «
Қазақстан-Ресей қатынастары
Еуразиялық аса ірі екі мемлекеттің нақты
стратегиялық әріптестігі
Болып өткен оқиғаларды кенінең қамту,екі
жақты деңгейдегі де,
зерттеліп отырған тақырыптқа кешенді көзқарасты аңғартады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
– Қазақстан Республикасының
дипломатиясының қалыптасуы
Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы:
Ғылыми жұмысының материалдарын
Диплом жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспе және үш тараудан тұрады. Бірінші және екінші тараулардың әрқайсысы екі параграфқа, ал үшінші тарау төрт параграфқа бөлінген. Соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Жұмыстың деректік базасы ретінде тақырыпқа байланысты ғылыми зерттеулер мен еңбектер, арнайы кітаптар, ғылыми мақалалар мен мерзімді баспасөз материалдары алынды.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері.
Тоқсаныншы жылдар – қазақ халқының халықаралық істердегі бұрынғы қатынастардың түп – тамырымен қопарыла құлау кезеңі деп айтуға болатындай еді. Жалпы территорияның ішіндегі соғыс, кең ауқымды терроризмнің етек алуына, жаңа «сепаратистік» тажалдардың шектен шығуындағы асқынған тұсы еді. Кеңес Одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болуда.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары
– ақ өзінің сыртқы саясатын тездетіп
қалыптастыру қажет болды, әйтпесе, орасан
нұқсан келуі мүмкін еді.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1992 жылы мамыр айында шыққан «Қазақстаннның егемендік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті /1,28-б./.
Біздің еліміз өзінің геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа факторларды ескере отырып, өзінің көп бағытты демографиясын одан әрі жүзеге асыруда. Мұның негізгі мәні - әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара сенімділік сипатындағы қарым – қатынасын дамытуда.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өзекті міндеттерді жүзеге асырудан басталды. Біздің мемлекетіміздің тың сипатын танытуымыз және Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуі қажет болды. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі аса зор бағалануда.
1988жылдан бастап жалпы мемлекеттік көзқарас түбірімен
өзгеріп кетті. Ең алдымен Одақтас
республикалардың ролі мен
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жариялағаннан кейін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз халықаралық
қатынастардың дербес тұлғасы ретінде
саяси – дипломатиялық тұрғыдан танылуына
тікелей көмек көрсетуде. Қазақстан сыртқы
саясатының доктриналық негіздері әзірленіп,
ұлттық мемлекеттік мүдделерді сыртқы
саяси ведомство икемділікпен мақсатты
түрде жүзеге асыруда. Қазақстанның шетелдегі
дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің
қарекет қимылы жедел ұлғаю үстінде. Қазіргі
таңда Елбасымыздың таңдап, тауып тағайындаған
адамдары ойдағыдай басқару үстінде.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым – қатынасының шарттық – құқықтық базасы жасалып және даму үстінде. Ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз етілуде.
Біздің дәуірімізде бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату көршіліктің қалыптасуына бар күш жігерін жұмсау үстінде болды. Осыған орай сыртқы саяси қызметке басымдық берілуде. Сол кездегі әлеуметтік – саяси жағдайға байланысты, сыртқы саяси қызметке басымдық беріліп, дамыту үстінде болды. Егемендік алған жылдары Сыртқы істер министрлігін құру оңай іс болмағаны бәрімізге белгілі. Біздің сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз жұтаң еді, өйткені, ол Кеңес Одағы кезінде дипломатиядан алыс қызметпен шұғылдануда төменгі деңгейде болды. Еліміздегі сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне дипломатиялық кадрларға байланысты шешілуде. Сондықтан алғашқы кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында және шетелдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар еліміздің сыртқы саяси ведомствосына қызметке шақырылғанын айтуымызға болады.
Республикаға он екі жоғары маманданған демократтар келген, солардың бірі – Қасымжомарт Тоқаев – 1994 жылы қазан айынан бастап еліміздің Сыртқы Істер министрі болды.
1992 жылы 2 шілдеде Республикамыздың
Президенті жарлығымен « Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі
туралы» Ереже қабылданды.
1997 жылы қарашаның 12 – сінде «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай міндеттер жүктелді:
- Қазақстан Республикасының
сыртқы саясатының
-дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы Қазақстан
Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін,
аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қозғауды;
-басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси сауда, экономикалық және өзге де мүдделерін қамтамасыз ету, тағы басқалар айтылды.
Қазақстанның стратегиялық
шабуыл қару – жарағын шектеу мен қысқарту
туралы шартқа, орта және таяу қашықтағы ракеталарды жою туралы
шартқа қатысуы, сондай – ақ 1993 жылы желтоқсанда
ядролық қаруды таратпау туралы шартқа
қосылуы – еліміздің әлемдік қауымдастыққа
тұтасуының жаңа мүмкіндіктерін ашуда.
Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасында көрші мемлекеттермен арадағы өзара қарым – қатынасына айқын басымдылық берілуде.
Ресей Федерациясымен 25 мамыр 1992 жылы «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» шартқа, 28 наурыз 1994 жылы «Интеграция және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы» шартқа, 20 қазан 1995 жылы «Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы» бірлескен декларацияға қол қойылып, оларда мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелерді бейбіт түрде шешу, теңдік және бір – бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, адам құқын жүзеге асыру принциптерін басшылыққа алатындықтарын жариялады.
1994 жылдың қыркүйек айында Алматыда «Евразия кеңістігі:
органдастық мүмкіндіктері және олардың жүзеге асуы» деген
тақырыпта ғылыми – практикалық конференция
өтті. Оған Достастық елдерінің барлығынан
мемлекет, қоғам саяси қайраткерлер, ғалымдар,
бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Конференцияға
қатысушылар өздері қабылдаған қорытынды
құжатта: «Мемлекеттердің Еуразия Одағы
идеясын және басқа органдастық жобаларын
пайдалана отырып, ТМД органдастық мүмкіндіктерін
бекіте түсу жолында қадамдар жасауды»
ұсынды. Онда тәуелсіз мемлекеттердегі
алпыстан астам ұжымдық қатысушылар атынан
Қазақ басшысы Н.Назарбаевтың бастамасын
қолдау қажеттілігі айтылды: «Бүкіл ТМД
бұл қалпында өмір сүре алмайтыны анықталып
отыр. Ынтымақтастықтардың жаңа түрлері,
экономикалық, қорғаныстық, дипломатиялық,
экологиялық жаңа шарттар жасауы қажет»
/3, 99-б./.
Қазақстан Республикасы мен Ресей ұлттық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жеке бастың құқығы мен бостандығын қатаң түрде сақтау, екі ел арасындағы ғылыми, мәдени байланыстарды дамыту атап көрсетілуде. Алдағы уақытта да ұлттық экстремизмнің, сепаратизмнің кез – келген көріністеріне табанды түрде қарсы шығу қажеттілігі аталынуда.
Еліміздің сыртқы саяси ведомствосы алдындағы басты міндеттің бірі – Каспий теңізінің құрлықтық мәртебесі (статусы) туралы конвенцияны жасау болып табылады. Мұны Каспий жағалауына қатысты мемлекеттер, яғни Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Иран белгілеуге тиісті болды. Құқықтық мәртебеге: кеме қатынасы, биологиялық және минералдық ресурстарды пайдалану, экология, теңіз деңгейінің көтерілуін қоса алғанда, жағалау бойындағы мемлекеттер юристикциясының шектеуін де белгілеу мәселелерін зерттеу кірді. Каспийді тек бейбіт мақсаттарда ғана пайдалану: осы теңізді бейбітшілік, тату көршілік, достық пен ынтымақтастық аймағы ретінде сақтау; Каспийге байланысты мәселелердің барлығын бейбіт құралдармен шешу; қоршаған ортаны қорғау және Каспий теңізінің ластануын болдырмау, ресурстарын сақтау, ұдайы өндіріп және оларды тиімді пайдалану; Каспий жағалауы мемлекеттерінің қоршаған ортаға және бір – біріне теңізді пайдалану және оның ресурстарын игеру жөніндегі қызметінің нәтижесінде келтірген зияны үшін жауапкершілігі; Каспий жағалауы мемлекеттерінің сауда кеме қатынастарының еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету енеді.
Бағдарлама бойынша геофизикалық және геологиялық барлық жұмыстарын, көмірсутегі шикізатының кен орнын игеруді қоса алғанда, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы нақты ұсыныстарымен алмасуда.
Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасымен қарым – қатынасқа ерекше маңыз берілуде. Екі ел арасында 1992 жылы 3 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мазмұндамаға, 1992 жылы 26 ақпанда бірлескен мазмұндамаға, 1993 жылы 18 қазанда бірлескен декларацияға, 1995 жылы 11 қыркүйекте бірлескен декларацияға қол қойылды. Соңғы екеуіне Елбасы Назарбаев пен Қытай Халық Республикасы төрағасы Ц.Цзамин қол қойды /4,30-б./.
Екі жақ өздерінің арасындағы тату көршіліктің ұзақ мерзімді және тұрақты қатынастарын, достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау және дамыту екі елдің және халықтардың түпкілікті мүдделеріне жауап беруде, Азиядағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен дамуды сақтау мен нығайтуға қолайлы жағдай жасайды; екі жақты қатынастардың саяси, экономикалық ізгілік және басқа салаларда одан әрі дамуы үшін кең болашақтың мәні зор әлеумет бар деп саналуда.
Екі ел өзара түсіністік пен сенімді нығайтуды, әр түрлі деңгейлерде жан – жақты диалогты қолдауды одан әрі жалғастыратын, жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларының негізінде зиянсыздық, тілектестік, өзара мүдделерді ескеру рухында туындаған проблемаларды шешуді одан әрі жалғастыратынын атап көрсетуде.
Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылы 26 сәуірде қол қойылған келісім ерекше аталып көрсетілді. Екі ел кеңесе отырып, өзара төзімділік пен өзара түсіністік рухында, екі жақ үшін қолайлы болатын әділетті де ұстамды шешімді табу үшін тез арада шекараны белгілеу аталынды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында Қытайдың Ляньюьган теңіз портын Оңтүстік – Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне және кері бағытта жөнелтілетін Қазақстан жүктерін өңдеу және тасымалдауға пайдалану туралы келісімге қол қойылды.
1995 жылы 15 ақпандағы сыртқы саясат мәселелеріне арналған алғашқы мәжілісте еліміздің сыртқы саясатының тактикалық және стратегиялық міндеттері белгіленді. Өткен он алты жылда сыртқы саяси қызметте едәуір алға жылжу болды: инфрақұрылым және шарттық – құқықтық база жасалынуда. Дипломатияны экономикаландыру яғни шетелдік инвестицияны еліміздің экономикасына тарту міндеті бірінші қатарға қойылуда.
Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде сыртқы
1996 жылы 11 қыркүйектегі екінші рет өткен Сыртқы істер Министрлігі кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Назарбаев дипломатиялық қызмет алдындағы міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, сыртқы саясат ведомствосы тек қана сыртқы саясаттың елімізге тиімді жүргізілуіне ғана жауап беріп қоймайды, сонымен қатар, ол – барлық халықаралық акциялардың үйлестіруші рөлін атқаруға тиіс, дүние жүзіндегі саяси және экономикалық жағдайларды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметі зерттелуінде.
1999 жылы қаңтардың 21 күні Елбасы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының бесінші сессиясында жасаған баяндамасында былай деді: «Өткен сайлаудың екі бірдей ұлттық қатері болды. Біріншісі – ұлттар арасында жік жүруі, екіншісі – ұлттың өз ішінен бөлшектенуі. ХХ ғасыр көптеген жас тәуелсіз мемлекеттер егемендік алғаннан кейін кенет өзара соғыс басталғанын... біз тарихтан жақсы білеміз. Тарихтан тағылым алмаған жұрт мұның өтемін өз қолымен төлейді. Біз тәуелсіз де қуатты мемлекетті сақтап қалу тек ұлттық тыныштықты сақтау арқылы ғана мүмкін екенін мойындауға тиіспіз... Егер Қазақстанда ұлтаралық қақтығыс шығып, қан төгілетін болса, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы да, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым да, басқалар да ұзақ уақытқа дейін тоқтата алмайды» /5,31-б./.
1998 жылы қыркүйектің 14 –
і күні Сыртқы істер министрлігі
алқасының үшінші рет өткен
кеңейтілген мәжілісіне Елбасы Назарбаев
қатысты. Осы аталған мәжілісте Сыртқы
Саясат ведомствосының басшысы Қасымжомарт
Тоқаев баяндама жасады. Өткен жылдарда
Қазақстан мен әлемнің бір – бір елінің
арасында қарсыласу болмағандығы аталып
көрсетілді. Елбасы Қазақстан Республикасының
Дипломатиясының бұдан былайғы міндеті
– экономиканың ойысуына, еліміздің шетел
инвестицияларына кең өріс алуға қарай
бағдарлауға тиіс екендігі, бұл ретте
біздің экономикалық жоспарларды әлемге
танытып, көрсете білудің маңызы зор екендігіне
көңіл бөлуде.
Елбасы Қазақстаннның сыртқы саясатты қалыптастыру кезеңінен ойдағыдай өтіп, жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі ретінде бекіп, кемеліне келіп отырғанын атап өтті.
Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен, ең алдымен Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Одақтастық қарым – қатынастың бекем іргетасы қалануда. Сонымен бірге, Украинамен, Белоруспен, Кавказ мемлекеттерімен арадағы өзара қарым – қатынастар ерекше қарқын үстінде.
Еуропадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы да Қазақстанды жақсы тани бастауда. Алматыда осы ұйымның аймақтық кеңесін ашу жөнінде шешім қабылдануда. НАТО мен Қазақстан қатынастарында да дұрыс шешім табылуда.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, сыртқы саясатты жүргізудің Қазақстан мен оның азаматтары үшін пайдасы ұшан – теңіз екенін тағы да атап өтуге тура келеді. Шындығына келгенде, мұның өзі мемлекеттің тәуелсіздігін мәмлегерлік құралдармен қозғап, нығайтуда. Ал бұл халықаралық қатынастың саласындағы отандық мамандардың кәсіби жасағына сеніп тапсырылды. Сайып келгенде, бұл ашық аспан, халықтар мен үкіметтердің бір – бірін терең түсінуі, мемлекет пен Қазақстан бизнесінің экономикалық мүдделерін сақтап қалуы.
Сонымен, Қазақстан дипломатиясы өзінің қалыптасу кезеңін ойдағыдай аяқтап, қазіргі кезде кемеліне келуіне байланысты еліміздің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін айқындауына қызмет етуде.
Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстары мен интеграциялық процесстерді күшейте түсуде.
Үкіметтің саясаты ұлттық мүдделерді сақтауға және қорғауға бағытталуда. Ұлттық қауіпсіздіктің геосаяси, экономикалық, әскери және ақпараттық аспектілерін нығайту жөніндегі шараны қазіргі әлемнің өмір шындығына аса жақын болуда.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру.
Ішкі саяси
Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы стратегияның мынадай құрамдас бөліктері бар:
-Еліміздің барлық азаматтары
үшін мүмкіндіктердің
-Этникалық түсініспеушілік
-Қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылар
-Өтпелі және кейінгі кезеңдердегі
-Ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;
-Адамдар арасындағы қарым – қатынас
пен коммуникациялық
-Әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым – қатынастарды нығайту;
Экономикалық өрлеу.
Экономикалық өрлеу
стратегиясы нарықтық
Қазіргі әлемде реттелмейтін, еркін рыногы бар ел аз. 1993 жылдың соңында Москвада басылып шыққан кітабында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев – «Кейбір экономистер реттелмелі рыноктан нарықтық қатынастар принципінен ауытқушылықты көреді», - деген еді /7,283-б./.
Әйтсе де, «еркін рынок» және «стихиялық рынок» категорияларының арасында айырма бар «Стихиялық пен болжамсыздық тән рынок – дамыған капиталистік елдердің баяғыда өтіп кеткен сатысы» - деп жазды Н.Назарбаев /8, 283-б./.
Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі:
- Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен
өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға;
-Жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға;
-Орталық Үкіметті және түпкілікті өкімет органдарын
парасатты ұйымдастыру мен оңтайландыруға,
олардың рөлін, өкілеттігі мен жауапкершілігін
байсалды ой елегінен өткізуге;
-Заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және заңды орындайтын
азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше, билік
пен заңның бар күшін заңсыз жолмен өмір сүретіндерге қарсы
қолдану керек. -Соңғы үш жылдың ішінде біздің
экономикалық стратегиямыз макроэкономиканы
тұрақтандыру болуда.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін барша жұрт түсінуде, қарқынды экономика болмайынша, мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмайды. Қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.
Әлеуметтік даму стратегиясы.
Әлеуметтік саясаттың
негізгі мақсаты халықтың
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік саясатын мынадай кезеңдермен сипаттауға болады :
І кезең (1991 – 1993 жылдар) әлеуметтік саланы басқарудағы ескі әдіс тәсілдерін жаңа экономикалық және саяси жағдайларға көшіру кезеңі болды.
ІІ кезең (1993 – 1995 жылдар) қоғамдағы дағдарысты процестер мен құбылыстардың өс
уі салдарынан тұрғындардың әлеуметтік қолданудағы дәстүрлі механизмдерінің күйреу процесімен сипатталады.
ІІІ кезең 1995 – 1997 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде мерзімдік әлеуметтік саланы реформалау басталды, ол адам дамуының параметрлеріне басымдылық беру бағытын ұстанды. Реформаның негізгі бағдары – бюджет құжатын үнемдеу арқылы әлеуметтік саланы экономикалық жағынан қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін енгізуде, меншік құқығын зерттеу болды.

- Казахская красавица
- Казахстан и ВТО
- Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары
- Казначейская система исполнения бюджета
- Казначейская система контроля за исполнением федерального бюджета в Российской Федерации (на примере Отделения федерального казначейств
- Казначейское исполнение бюджетов в современных условиях
- Казначейська система обслуговування бюджету: ефективність функціонування та механізм управління
- Кадровый менеджмент на предприятии
- Кадровый менеджмент на предприятии
- Кадровый менеджмент на примере ЗАО "Балаковохлеб"
- Кадровый потенциал предприятия и основные пути его совершенствования
- Кадровый потенциал таможенных органов
- Кадровый резерв
- Кадры предприятия