Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары
Мазмұны
Кіріспе……………………………............ .............................. .............................. ....3
1 Суицид мәселесінің
әдіснамалық, теориялық негіздері..................... ...............5
1.1 Суицид мәселесіне
әдіснамалық талдау .............................. ......................5
1.2 Суицидті әлеуметтік
мәселе ретінде қарастыру..................... .....................7
2 Жастар арасындағы
өзін - өзі өлімге итермелеудің
алдын - алу және олармен әлеуметтік
жұмыс .............................. .............................. .....................10
2.1 Суицидтік
жағдайлардың негізгі себептері..................... .............................. .10
2.2 Жастар арасындағы
суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстар...................... .............................. .............................. .............................. ..14
2.3 Кризистік көмек......................... .............................. .............................. .........23
Қорытынды..................... .............................. .............................. ............................. 25
Қолданылған
әдебиеттер тізімі…………………................. .............................. ...29
Кіріспе
Зерттеу мәселесінің өзектілігі. . Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi оқушылардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Біздің қарастырып отырған мәселеміз, жастар арасындағы өзін-өзі өлтіру мәселесі және олармен әлеуметтік жұмыс. Суицид мәселесі – ол әлеуметтік мәселе болып табылады. Суицидке көбінесе жастар баратын болғандықтан, жастармен кең түрде әлеуметтік жұмыс жүргізуіміз қажет. Ал грек философы Эмпедокл, Диоген Лаэрттің айтуы бойынша психопатологиялық аурудың әсерінен отқа оранған Этна жанартауына құлап өлген. Осы ісімен өзінің - Құдаймын деген лақпырт сөздерді растаймын дегені. Рим империясында жазықты болған адам өз еркімен өмірден кетсе, онда оның отбасы қудаланбаған Өзін-өзі өлтіру (суицид ) - адамның өз - өзіне қол жұмсауы . Зерттеушілер бірінші тарихи формадағы өзін - өзі өлтіру деп, ритуальдық өзін - өзі өлтіруді атаған. Адамның өзіне қол жұмсап, өмірден өз еркімен кетуі адамдарға ғана тән құбылыс болғандықтан, мың жыл бұрынғыдай адамдар өлімді өз еркімен қабылдаған. Бүгінгі күні бұл құбылыс барлық өркениетті елдерде қауіп төндіруде. Бұған түрлі факторлар әсер етеді. Ғалым В.К.Хорошконың айтуынша, баланы өлтіру үшін, оны ауыр жаралап тоқпақтаудың қажеті жоқ, жақсы көрмесең болды, ол да өлімінің бір себебі болуы мүмкін. Көптеген уақыт бойы жастардың өз - өзіне қол жұмсауы туралы тақырып жабық болып, бұл туралы нақты зерттеулер жүргізілмегендіктен, сол кездегі идеология, яғни саясат - жарқын, бақытты мемлекет, ондағы балалар бақытты өмір сүріп, болашақта одан да артық өмір сүреді деген ұғымды сіңіріп келген, ал өз-өзіне қол жұмсау туралы сөз қозғамаған. Жасөспірімдер мен жастардың өзіне-өзі қол жұмсауы баспада айтылмай, жабық күйінде белгісіз болып келген. Сол кездегі бұқара халықта жастардың өз-өзіне қол жұмсауы туралы жаңсақ екі пікір таралған:
- біріншіден, өз-өзіне қол жұмсайтын жастар психикалық ауруға шалдыққаннан, ауру адамдар;
- екіншіден, кәмелетке толу жасы, жастардың психопатологиялық кезеңі, кризистер өз-өзіне қол жұмсау процентін арттырады деп түсінген. Шын мәнісінде жасөспірімдер мен жастардың өз-өзіне қол жұмсауы ересектерден гөрі аздау. Оның 22 - 24 жастан жоғары екендігін айта кету болып табылады.[1]
Жыл сайын әлемде бiр миллионнан астам адам өзiн құрбандыққа шалады десек, оның 280 мыңы қытайлықтар, 51 мыңы орыстар, 30 мыңы америкалықтар, 25 мыңы жапондықтар, 20 мыңы француздардың үлесiнде екен. Жер жаһанда әрбiр 20 секунд сайын бiр адам өз өмiрiне балта шабуда. Шведтiң суицидиологиялық зерттеулер орталығының мәлiметiне сүйенсек, жан басына шаққандағы көрсеткiш бойынша бiрiншi орынды Шри-Ланка (100 000 жасөспiрiмге — 46,55), екiншi орынды Қазақстан иеленген (100 000 жасөспiрiмге — 24,02). Психологтардың сөзiне қарағанда, өз-өзiн өлтiру оқиғалары әйелдерге қарағанда ер адамдар арасында жиi ұшырасады.
Жуырда ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Ж. Сүлейменов белең алып кеткен өз-өзiне қол жұмсау фактiлерiн азайтуға үкiметтiк деңгейде көңiл бөлу қажеттiгiне тоқталды. Сөйтiп, Премьер-министрге арнайы сауал жолдады. Халық қалаулысының айтуынша, жасөспiрiмдер арасындағы суицидтi тоқтатуға психологтардың дәрменi жетпей отыр. Сондықтан, жан күйзелiсiне ұшыраған жастарға көмек көрсету шарасын ширату қажет.
Шетелдiк ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде, өзiне-өзi қол жұмсауды ойлаған адамдар өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой шіркін.
Жеткіншек кезеңде суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жеткіншектер арасында ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жеткіншектердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді.
Қандай қиыншылық жағдайда болмасын адамдардың өз өмірін қиюға немесе басқа адамның өміріне қатер төндіруге құқығы жоқ. Себебі, адам – саналы ғұмырын тек жақсылықта өткізуі керек.
Зерттеу пәні: суицидтің әлеуметтік жағдайы.
Зерттеу объектісі : адамдар арасындағы суицидтік жағдаяттар.
Зерттеу жұмысының мақсаты : суицид жасауға не итермелейтінін немесе қандай себеп екенін түсіндіру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1) Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау.
2) Суицидтік жағдайлардың негізгі себептерін анықтау.
3)Жастардың өмірге деген құлшынысын арттыру.
Зерттеу болжамы:
Зерттеу көздері:
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі:
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу:
Дипломдық жұмысты құрлымы:
І СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау
Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі «өзін-өзін өлтіру» деген мағынаны білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ ғасырда «Самоубийство: Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өз жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді.[2] Өзін-өзі олтіру – философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.), медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктің және құқықтың проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.
Суицид дегеніміз – (ағылшынның feeicide - өзін өлтіру) қатты қажыған, күйзелген кезіндегі өмірдің ең жоғарғы бақыт деген ұғымын жоғалтып, саналы түрде өмірден кетуі. Бұл істі әр жерде түрліше айыптаған, халық бұл істі жақтамаған. Мысалы: мұсылман және христиан дінінің көзқарасы бойынша өз - өзіне қол жұмсау үлкен күнә деп есептелген. Сондықтан да, осы дінді жақтаушылар, қолдаушылар, ұстаушылар өз - өзіне қол жұмсаушыларды ортақ бейітке жерлемей, бөлек жерлеген, бейіттегі өз өлімімен кеткен адамдардың аруағын қорламау үшін осындай шешімге келіп отырған.
Өзін - өзі өлтіру (суицид) - адамның өз - өзіне қол жұмсауы. Археологтар бірінші тарихи формадағы өзін - өзі өлтіру деп, ритуальдық өзін - өзі өлтіруді атаған. Мұны олар ежелгі патшалардың, яғни Шумер мен Аккаданың табытын тапқан археологиялық мәліметтерге сүйене отырып айтқан (біздің эрамызға дейінгі үшінші мыңжылдық, қазіргі Ирак территориясында).
Ежелгі Үндістанда XIX ғасырдың орта шеніне дейін өз өмірінің соңын тосу, ұят деп есептелген. Ежелгі үнділіктер адамның жасы немесе ауру келген кезде өзін өртеуін аса бір мәртебе ретінде таныған.Дәл осындай жағдай, артында қалған әйелдеріне қатысты болған. Оған мысал ретінде, 1817 жылғы жалғыз ғана Бенгал провинциясындағы 716 жесірлердің, ал 1821 жылы бүкіл Үнді территориясындағы 2366 осындай адамдардың өз өмірлерін қиюын айтуға болады. [3]
Дәл осы сияқты жағдайлар қазіргі Батыс және Орталық Еуропада өмір сүрген көптеген халықтарда, яғни әскери адамның қартаюы үлкен ұят болып табылған. Антикалық дүниенің тарихында, тарихтан белгілі атақты, ірі тұлғалардың өзін - өзі өлтіру мысалдары келтірілген. Мысалға: Утихтік Катон (біздің заманымыздан бұрынғы 46жыл) Юлий Цезардың жалғыз билігіне және Рим Республикасының құлауына байланысты, Марк Юний Брут, Филиппадағы шайқастағы жеңілісінен кейінгі Цезарға қастандық жасаушы (біздің заманымыздан бұрынғы 42 ж.), Марк Антоний - Октавиан Августтан азамат соғысында жеңілгеннен соң, ( біздің заманымыздан бұрынғы 30 ж.) өз семселерінен өлген.
Тарих - саясаттан басқа, катастрофалық стресстен де өз өмірін қиғандар туралы баяндайды (қарт рим императоры Гордиан өзінің жалғыз ұлы - мұрагері өлгенін естігеннен кейін өзіне - өзі қол жұмсаған (б.э.д.238 ж.)) . Ал грек философы Эмпедокл - Диоген Лаэрттің айтуы бойынша, психопатологиялық аурудың әсерінен отқа оранған Этна жанартауына құлап өлген. Осы ісімен өзінің - Құдаймын деген лақпырт сөздерді растаймын дегені. Рим империясында жазықты болған адам өз еркімен өмірден кетсе, онда оның отбасы қудаланбағандықтан да, осындай жағдайлар кең етек алған.
Христиан діні қабылданғаннан кейін өзін - өзі өлтірушілерге деген көзқарас өзгерген. Христиан діні бойынша өзін - өзі өлтіру үлкен күнә, жаратушының ісіне қарсылық деп саналған. Өзін - өзі өлтірушіні ортақ бейітке жерлеуге рұқсат етілмеген, ал туыстарын жазғырған. Бұл түсінік халық әдеби фольклоріне де кірген. Өзін - өзі өлтіруші ешқашан тыныштық таппай, вампирлерге, оборотенге, русалка және тағы басқаларға айналған деп есептеген. Басқа діни конфессиялар да (ислам, иуадизм), өзін - өзі өлтірушілерді айыптаған. Әсіресе осы істі жазғырып, алдын алуда ислам діні алда болған. Мұсылман елдерінде (Египет, Иран, Пакистан және т.б.)өзін - өзі өлтіру ең төмен деңгейде болған.
Орта ғасырлық Жапонияда да егер бір адам екінші адамнан жәбірленсе және оған қанмен жуып жауап бермесе, «сэппуку» - деген ғұрыппен өзін - өзі өлтірген. Жәбір көрген самурай, өз жауына қолы жетпесе өз қарнын өзі жарып өлген. Яғни, «харакири» жасаған. Оның көмекшісі бейшараны азаптан құтқару үшін оның басын шапқан. Жапон жазушысы (ақырғы самурай) Юкио Мисима 1970 жылы сәтсіз әскери төңкерістен кейін осылай дүниеден өткен.[4]
Дүние жүзілік денсаулық сақтау қоғамының 1983 жылғы мәліметі бойынша, бес жүз мыңнан астам адам өзін - өзі өлтірген, ал он бес жылдан кейін, 1998 жылы 820 мың адамды құраған. Оның жиырма пайызы жастар болған.
Өз - өзіне қол жұмсау мінез - құлқын ертеден зерттеуде. Бірақ, осы күннің өзінде де неліктен адам өзіне - өзі қол жұмсайтыны туралы дәл түсініктеме жоқ. Қазіргі кездегі келісім бойынша, суицидтік мінез – құлыққа байланысты үш концепция белгілі:
1.Психопатологиялық;
2.Психологиялық;
3.Әлеуметтік.
Психопатологиялық концепция бойынша, барлық өзін - өзі өлтіруші адамдар – есінен ауысқан ауру адамдар. Бұл концепцияны жақтаушылар отанымыздың атақты психиаторлары, Н.Б.Бруханский, В.К.Хорошко, А.А.Прозоров және т.б. Өз - өзіне қол жұмсау ауруларына қарсы әр-түрлі медициналық емдеу жолдары нұсқалған ( іш айдау дәрілері, қан жіберту, суық, ылғал матаға орау және т.б.).
Психологиялық концепцияға сәйкес, суицидке психологиялық факторлар әсер етеді делінген. Зигмунд Фрейд өзін - өзі өлтіруді ажал инстинктімен байланыстырып, ол өзіне қастандық жасау және жеке жағдайда – аутоагрессия деп білеміз деп жазған. Тағы бір түсінік бойынша, өзіне - өзі қол жұмсау махаббат немесе сүйіспеншілдіктен туады деп түсінген. Олардың (өз - өзіне қол жұмсаушы) түсінігі бойынша о дүниеде сүйгенімен, туысқанымен қосылам немесе бұл дүниеде қол жетпеген махаббатыммен түсінушілікке жетем деген ойдан туған.
Ал, әлеуметтік концепцияның негізін салушы француз социологы Эмиль Дюркгейм суицидтік мінез - құлықтың басты себебі ретінде - әлеуметтік факторларды атап көрсеткен.[5]
1.2 Суицид
әлеуметтік мәселе ретінде
Үшінші мыңжылдыққа адамзат үлкен жетістіктермен аяқ басса да, барлық өркениетті елдерде өзін - өзі өлтіру оқиғалары көптеп, жиі кездеседі. Суицид тақырыбы отызыншы жылдарға дейін құпия саналып, кенже дамыған ғылымдардың бірі болып келді . Бұл тақырып адамдарға жаңалық емес, көнеден келе жатқан Ригвде , Авеста қолжазбаларында адамдардың өзін - өзі өлтіруі, өмірден өз еркімен кету себебі толық суреттеледі. Республика бойынша суицид оқиғалары ең көп кездесетін қалалардың бірі – миллионнан астам тұүрғыны бар Алматы қаласы болып табылады. Қалада орналасқан сот – медицина сараптамасы (суд – медэкспертиза) филиалының 1991 –1999 жылдардағы 29 мың медицина сот актісінің сараптайтын болсақ, солардың ішіндегі суицид өлімімен 3038 адам қайтыс болған. Егер психикалық аурулардың өлімі 30% құраса, әлеуметтік – экономикалық жағыдайға байланысты түрлі себептермен қайтыс болғандардың саны 47%- ды құрайды. Адамның өзіне қол жұмсап, өмірден өз еркімен кетуі адамдарға ғана тән құбылыс. Мың жыл бұрынғыдай адамдар өлімлді өз еркімен қабылдайды. Бүгінгі күні бұл құбылыс барлық өркениетті елдерде қауіп төндіріп тұр.
Бұл өлімге баратындардың көпшілігі - 20 - 59 жасқа дейінгі адамдар. Олардың өліміне түрлі факторлар әсер етеді. Ғалым В.К.Хорошконың айтуынша, баланы өлтіру үшін, оны ауыр жаралап тоқпақтаудың қажеті жоқ, жақсы көрмесең болды, ол да өлімінің бір себебі болуы мүмкін.
Алматы қаласы бойынша 1991 – 1999 жылдардағы суицид оқиғаларына байланысты деректерді сараптайтын болсақ, бұрынғыға қарағанда күрт өскен. Егер 1991 жылы ақша айырбастау кезінде және тұтынушылық тауарлар қымбаттағанда қайтыс болғандар 57,1% - ды құраса, 1992 жылы коммуналдық төлемақы көтеріліп, тауарлар бағасы еркіне жіберілгенде 39 адам қайтыс болды. 1993 жылы ұлттық валюта айналымға түсіп, инфляция болған уақытта өзін - өзі өлтірушілердің саны 24%- ға жеткен, ал 1994 жылдан коммуналдық төлем ақы бағасы көтерілгенде суицидтің саны 100000 адамға шаққанда 283 ер адам, 111 әйелге жеткен. 1995 жылы аты шулы “Смағулов И.К.” компаниясы банкротқа ұшырағанда 43 өлім саны тіркелген. Өйткені бұл компанияға зейнеткерлер соңғы ақшасын тапсырып, алданып қалған болатын. Ақшасын ала-алмайтынын сезген қарияларымыз депрессияға ұшыраған. Суицид өлімі көбінесе депрессия саладарынан болатыны ғылыми түрде дәлелденген. 1996 жылдары Алматы қаласында колммуналдық төлемақы тағы жоғарлады, сол кезде 34 адам өлімі тіркелсе, 1997 жылы зейнетақыны ұзақ берілмеу салдарынан 206 ер адам , 292 әйел адам қайтыс болған. Алматы қаласы бойынша 1998 – 1999 жылдары экономикалық .[6]
Әлеуметтік жағыдайда ауыз толтырып айтарлық ешқандай өзгеріс байқалаған жоқ. Жыл өткен сайын жұмыссыздар саны көбейіп, өмірге қажетті тұтынатын заттар қымбаттай түсті. Өмірден түңілген адамдар өмірден өз еркімен кетті. Адаманың өзіне -өзі қол жұмсауы үшін әсер ететін факторлар – алкоголизм, нашақорлық. Күйеуі нашақор немесе ішімдікке салынған отбасының берекесі жоқ. Мұндай отбасында ұрыс төбелестің әсерінен әйелдердің өзін өлімге қиюы көп кездеседі. Өлімге бел буған адамның психикасында дағдарыс, шарасыздық байқалады. Қазіргі Алматыны өткен ғасырдағы Верный болып тұрған кезіндегі көрсеткішпен салыстырсақ, сатистика бойынша сол кездегі көрсеткіш бойынша 1984 жылы 3 адам атылған, 1889 жылы бір адам асылған, бір адам атылған, бір адам уланған, ал 1895 жылы бір адам асылған да , 1900 жылы бір адам асылған,яғни 100 есе төмен. Ол кездегі өмір мен қазіргі өмірді салыстыруға болмайды. Қазір өмір сүру үшін адамға барлық жағыдай жасалған, соған қарамастан өлім саны өсіп тұр . Тіпті бұл өлімдердің көбі тіркелмейді. Мұсылмандар адамды союдан, не оның өлімін зерттеуден бас тартады. Бұл моральдық – этикалық діни нанымға байланысты болу керек. Қазақ тарихын зерттеген ғалым В.Троновтың айтуынша, өзін -өзі қылқындырып өлтірген әйелдің жаназасын шығаруға молда бастартқан . Еліміздің 1886 жылғы тарихи деректері бойынша - қазақтардың арасында өзін - өзі өлтіру фактілері өте сирек кездесетін құбылыс. Бұл халқымыздың моральдық кодексіне байланысты. Ал өркениетті ел қатарына қосылып, салыстырмалы түрде жақсы тұрмыс құрып жатқанда, керісінше өз еркімен өмірден кететіндер саны күрт өсіп отыр. Қазіргі суицид жасайтын адамдардың жасы 40 - 49 немесе 70 - тен жоғарғылар, 1997 жылдын бастап өлімге бел буғандардың саны 30 - 39, 20 - 29 жастағылар. Бірінші орында ер адамдар тұр. Олардың 76,7 пайызы аслып өлгендер. Әйел адамдардың 57,4 пайызы уксус ішіп уланатындар. Оларды мамандықтарына қарай бөлсек, суицид жасағандардың 72,1 % жұмысшы, 20,8 % интелегенция, 4,4% жұмыссыздыр, 2,2% студенттер, 0,5% оқушылар. Бұл Алматы қаласы бойынша жасалған 1997 жылға мәлімет. Өлімге бел буған адамдардың өлімі нарық кезеңіне түсіп тұр. Әсіресе, коммуналдық төлем ақы және күнде тұтынатын тауарлар бағасы көтерілгенде күрт өсуі байқалады. Қарт адамдардың өмірден кетуіне жалғыздық, жазылмайтын аурулар әсер етсе, жастардың өз - өзіне қол жұмсауы нашақорлық пе алкоголизм және жұмыссыздықтан болып тұр. Жастардың көпшілігінің бүгінгі өмірдің қиыншылығына бейімделе алмауы да бір себеп. Әрине, 70 жыл Кеңес Үкіметі кезінде біріміз “Үкімет береді, Үкімет істейді мен” келдік. Енді нарық кезеңінде мал бағуды, жұмыс істеуді ұмытып әлі де қол қусырып Үкіметке қараймыз. Содан әлсіздер ішімдікке салынып нашақор болады, әйелдердің әлсізі жезөкше болады. Яғни шынайы суицидтік тәртіп тегі адам ол өзін - өзі өлтіремін деген тілегі болады. Өзіне керектілерді құпия түрде ұстайды. Ал демонстративті тәртіптегі адамдардың мақсаты өзін - өзі өлтіру емес. Сол арқылы әртүрлі конфликтілерді шешу немесе өзіне қажетті жағдайды тудыру. Кейбір арнайы маманда аффективті тип деп көрсетеді. Ол адам өте қатты қайғырғанда, немесе қайғы-қасірет басына түскенде болады. Жастардың өзін - өзі өлтіруге, сондай-ақ, кейбір мәдениетті шығармалар, туындылар да әсер етеді. Мысалдарды келтіретін болсақ, 1774 жылы Гетенің “Жас Вертердің қайғысы” романы, яғни мұнда жас Вертердің сәтсіз махаббаты туралы жазылған. Осыны оқыған жастар өздеріне қол жұмсаған. Сондай - ақ Голивудтық актриса Мерилин Монроның өлімі суицидтік идеялар туғызып және оншақты жас американдықтар өз - өздеріне қол жұмсаған. Және де 1998 жылы “Иванушки Интернейшнл” тобының мүшесі Игорь Сориннің өз - өзін өлтіруіне байланысты оның өнеріне табынушы жас фонаттар, әсіресе жас қыздар өз - өздеріне қол жұмсаған.[7]
ІІ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗІН ӨЗІ ӨЛІМГЕ ИТЕРМЕЛЕУДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
2.1 Суицидтік жағдайлардың негізгі себептері
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау Министрлігінің, Москвадағы ғылыми зерттеу институтының зерттеулері нәтижесінде өз - өзіне қол жұмсау , өмірден саналы түрде кету деген қорытындыға келген . ( Дюргейм ,1898 ,1912 ).
Суицид жағдайы деп – сыртқы, ішкі психикалық күйзелістің әсерінен өмірден кетуге келген шешімді айтады. ( Амбрумова ,Тихоненко 1978 ,1980 ). Суицидтік ішкі формаға ойлау, күйзеліс әсерінен іштей тыну - содан бір шешімге келуді айтады . Суицидтік шешімге келуге әсер етуші жағдайлар: өмір сүрмейсің, жай өмір сүруге мәжбүрсің, өмір сүрудің қажеті жоқ – деген ойлар келтіреді.
Сыртқы форма 3 түрлі сатыдан тұрады :
1). Тек ойлар. Өз өлімі туралы ойлау, бірақ оны орындамау. ( Егер мен өлсем жақсы болар еді );
2).Суицидтік
ойлар (активті түрі) өлімнің түрі,
уақыты және жері туралы
3).Суицидтік шешімдер, өлім туралы ойға енді шешім, тоқтау не орындау қосылады. Суицидтік ойдан оны орындауға көшуді суицидке дайындық деп атайды.
Дайындық екі түрге бөлінеді:
- Аффекті – толғаныс, өлімді ойлаудан, оны орындауға дейінгі уақыт. Қысқа, бірақ ойлап толғану жоғары дәрежеде ;
- Аффекті - редуциривтік, бұған алдын - ала болжап өлімге дайындалу. Еріксіз өлімге бой ұсыну.
Көптеген ғалымдар, социологтар мен әлеуметтік психологтар, оның ішінде А.Г.Амбрумова мен Б.А.Тихоненко ( 1978) суицид түрін екіге бөледі:
1)Шынайы ( өлімге бой ұсыну ).
2)Демонстративті (шантаж).[8]
Демонстративті түрінің негізгі мақсаты - өлем деп байбалам салып, өз пайдасын келтіру немесе өзіне керекті шешімді шығарып алу. Демонстративті өлім жолын таңдағанда жеке тұлға мынаны ескереді: өмірге қауіпсіз емес жолды (өмірге зиянды емес дәрілерді қабылдап, вена тамырын жай, еппен, аздап кесу және т.б.) немесе жәбірлеушінің көзінше қоқан - лоқы жасап қорқыту, қасында тұрған адамдардың көмегіне сеніп қорқыту. Мысалы: Егер, сендер маған ұялы телефон немесе бейнемагнитафон алып бермесеңдер , онда мен ….
Суицид жасауға, мұндай қадамға баруға не итермелейтінін немесе қандай себеп негіз екенін түсіну өте қиын. Өзіне - өзі қол жұмсап өлген адамдардың туыстары, өлген адамның не себептен өлгенін, қалай болғанын айта бермейді .Олар тек оған әсер еткен, анадағы оқиға ғой немесе ана себеп, мына себеп – деп, өздерінен әрмән итере салады. Бірақ, осы жағдайларға анализдеу ( сараптау) және зерттеулер, осы суицидтің алдын-алу немесе болдырмауға әкеледі деген тұжырымға тіреледі. Суицидтік істерге итермелеуді біз жіктеп айырсақ ( көптен аз ғана мөлшерге дейін) мынандай топқа бөлуге болады ( Амбрумова 1981):
1.Жеке отбасылық конфликттер ( ұрыс-жанжал ):
- туыстар мен ортаның адамға дұрыс қарамауы, теріс көзқарас ;
- қызғану, ерлі - зайыптылардың бір - бірінің көзіне шөп салу, айырылысу;
- қимас досты жоғалту;
- өзіне керекті затты ала алмау немесе бір істі істей алмау;
- өзі жоғары тұтқан адамдарға көңілі қалғанда;
- жалғыздық ;
- бақытсыз махаббат;
- сырттағылардан көңілі толмау ;
- жыныстық қатынасқа бара алмауы.
2. Психикалық денсаулық жағдайлары:
- дені сау адамдардың күйзелуі не шекісуі;
- кембағал болу.
3.Соматикалық аурулар( қатты күйзелу), паталогиялық жағдайлар (психикалық күйзелістен ауру).
4.Өз - өзіне қол жұмсаушының қоғамға қарсы шығуынан болған жағдайлар:
- сот шешімімен келіспеу немесе сот шешімінен қорқу;
- жауап беруден
(жазадан) немесе масқара
- теріс қылығынан қорлану.
5.Мамандық бойынша немесе оқу кезіндегі жағдай:
- жұмыстағы
қиындықтар, жұмысты істей алмау
немесе оқуда оқи алмау,
- өз мамандығы бойынша емес іске итеру немесе оқыту.
6. Тұрмыстық күнделікті қиындықтар .
7.Және басқа жағдайлар мен себептер.
Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеу жолын А.Е.Личко ( 1983,1985) былайша түсіндіреді :
- Жақын адамын жоғалту;
- Шаршау салдарынан;
- Өз қадірін түсінуінен не жоғалтуынан;
- Таксикомания, наркомания және алькоголизмнің әсерінен қорғану механизмін жоғалту. Міне, осыдан өзін - өзі өлтіру эпидемиясының өрлеуін түсіндіруге болады.
Жастардың суицидке баруын тексергенде оның ата - аналарының психопатологиялық тұқым қуалаушылық аурулары бар ма екенін ескерген жөн (ата - анасының ішімдікке салынуы, ми ауруларымен ауырулары, психопатия). Семьясының ажырасып кетуі, ата - аналарының болмауы, отбасындағы күнделікті жанжалдар, соматикалық аурулар, психикалық травманың қайталануы және ауыр психикалық күйзелістер.
Суицидтік қатерді экстроперсоналдық және интроперсоналдық факторларға бөлуге болады:
Экстроперсоналдық факторларға жататындар:
- Психоз және психикалық аурулар;
- Суицид туралы әңгімелер немесе істер, ерте постсуидтік мерзім (үш айға дейін);
- Өтпелі кезең;
- Экстремалдық, былай айтқанда маргиналдық жағдайлар (Түрмеде отыру, жалғыздық және т.б.);
- Отбасында және ортада қадірін жоғалту, әсіресе құрдастары арасында;
- Конфликтік және психотравмалық жағдайлар;
- Ішкіштік және қатты әсер ететін психотроптық дәрілерді қабылдау.
Интроперсоналдық факторға жататын:
1.Мінездің акценттеуі,
әсіресе эпиленнттік және
2.Эмоциалық
жүктемелерге қарсы тұра алмау,
- Біреулермен ара - қатынас жасай алмауы;
- Өзіне - өзі жете баға бермеу немесе өз істеріне көңілі толмау;
- Өмірдегі күнделікті бағалауды жоғалту.
Қазіргі кезде
психологиялық ғылымның дамуы кезеңінде
белгілі психологтар А.Г.
1.Қарсылық, өтірік.
Бұл жағдай өз - өзін артық бағалаушы
адамдарда, агрессивтік,
2. Біреудің қаҺарынан, қорқытуынан – қорқып өмірден кету;
3. “Өз - өзін жазалау” – іштей өзіне - өзі наразы болып өмірден кету. “Мен” деген – ұғым айыптаушы мен айыпталушы болып бөлінгенде;
4. “Қарсыласпау” (капитуляция - өмірден түңілу ( мысалы жақын адамын жоғалту немесе емделмейтін аурумен ауырса);
5. Шақыру, мұның мәнісі сыртқы күштердің шақыруынан;
Өзіне қол жұмсауды сараптаған кезде, сол тұлғаның ерекшелігі, мотиві және жағдайы дегеніміз - көптеген зерттеулер, бақылаулар жынысына, жасына, біліміне, социалдық және отбасылық жағдайына байланысты екенін көрсетеді. Дүниежүзілік тәжірибені зерттеу нәтижесінде өз - өзіне қол жұмсау тұқымында болуынан деп есептеледі. Содан басқа бақылаулар өз-өзіне қол жұмсау жоғары дамыған елдерде көбірек болатынының және оның өсіп келе жатқанын дәлелдеген. Мысалға, Франциядағы 15 - 19 жас аралықтарындағы өз - өзіне қол жұмсау төртінші, АҚШ-та үшінші орында екен. (Бұл жол апаты, кісі өлтіру, және рак ауруынан кейінгі). Статистика жүргізілген елдердің қорытындысы бойынша ақырғы 30 жылда жастар өлімі әжептәуір өсіп, үлкен жастағы адамдар арасында өлім бір қалыпты болған. (К.Хаутен, 1986). Көптеген бақылаулар өз - өзіне қол жұмсау бір белгілі уақыттарда тіркелген. Бұл көктем - жаз және күз - қыс кездерін Э. Дюргейм көрсеткен.[9]Ер адамдар мен әйелдер арасындағы өмірден кету орташа 4:1 (өлген кезде). 4:2 кетем деп талпынған кезде. Мұндай жағдай жасқа да байланысты екен.Балалар, әсіресе 13 - тен төменгі жастағы балаларда сирек кездеседі. Олар әлі толық жетіліп үлгермеген, және өмірден кету деген ойларына келмейді, келсе де қорқады. Өзіне - өзі қол жұмсау 55 аса немесе 20 жасқа дейінгі аралықтағы адамдарда көп кездеседі, ал бүгінгі күні 10 - 12 жас балаларда кездесіп отыр. Дүниежүзілік бақылаулар өз - өзіне қол жұмсау қалаларда жалғыз басты адамдар арасында көп екенін келтірген. КСРО –да ХХ ғасырдың басында өз - өзіне қол жұмсау Европалық елдерден гөрі анағұрлым төмен болған. 80 жылдары жағдай күрт өзгерді. КСРО өзін - өзі өлтіру жағдайынан кейбір Европа елдерін басып озған (100 мың тұрғынның 30 - ы). 1989 жылы өлім азайып 100 мыңнан 19 - на жеткен. А.Е.Личко (1983) бақылаған жас өспірімдер арасында 17 жастағының 32 %, 16 жастағы - 31%, 15 жастағы - 21%, 12-13 жастағылар - 4% өлімге бастарын қиған. Ер балалар, қыздардан көбірек өлімге бас тігеді екен. Ал қыз балалар өзін көрсеткісі келіп, ойнаған болып осы іске барады. Бір рет өз - өзіне қол жұмсағаннан кейін егер ол ісіне біреу кедергі жасап тірі қалса, онда екінші рет ондайға олар бармайды. Бірақ, ондай істі қайталайтындар да бар. Г.Отто (1972) мәлімдеуінше ұлдардың 10%, қыздырдың 3 % өлімге 2 жылдықтың ішінде барады екен. Жас аралығы 10 - 20 жасқа дейін.
КСРО жеріндегі өз - өзіне қол жұмсап өлімге барғандарды тексерген кезде, мынадай жайт анықталған. КСРО –ның барлық республикаларын шартты түрде екіге бөлуге болады. Біріншісі КСРО - ның Европалық жағы: Россия және Грузия. Мұндағы өз-өзіне қол жұмсау ауылдық жерде көп те, қалалық жерде аз. Бұл 70% құрайды. Екіншісі – орта Азия және Закавказье Республикалары. (Грузия кірмейді). Қазақстанда ауылдық жерден гөрі қалалық жерде өз - өзіне қол жұмсау көбірек кездеседі. Орташа, екі есе жоғары. Біріншісін, Европалық деп, екіншісін Азиаттық өмірден кету деп атауға болады. Азиаттық типтегі өзін өзі өлтіруді діни - нәсілдік әдет деп атап, оның ішінде отбасында көп балалылар жағдай тұрмысының нашарлығынан ауылдық жерде жұмыс жоқ болып көпшіліктің қалаға кетіп, ауыл тұрғындарының қартаюынан көруге болады осының бәрін қорыта келе өз - өзіне қол жұмсау ішімдік ішуден деуге болады. Судмедэкспертиза: ер адамдардың 68%, әйел жыныстылардың 31% алкогольдік ішімдіктен кейін болғанын көрсетеді. Өз - өзін өлтіргендердің 12% алкоголиктер есебінде болған, ал 20,2 % өзін - өзі өлтіруге талпынған. Жасы кәмелетке жетпегендер арасында “Вертер эффекті” деп аталған көрініс байқалған. Ол біреудің ісін көріп (өзіне - өзі қол жұмсау) соны қайталау. Мысалға: Нью-Йорк округінің солтүстік жағындығы бай тұрғындар, 12 жасөспірімнің өліміне куә болып, бойлары түршіккен. Ал Техас штатының Клер – Лейк - Сити қаласының тұрғындары екі айда алты жас жігіттің өліміне куә болған. Ал екінші, Техас штатындағы Пиано қаласында бір оқушы өзін - өзі өлтіргеннен кейін, оның ісін 8 оқушы қайталаған.
Осымен біз егер бір адам өз - өзіне қол жұмсаса, онда ол екінші сондайға үйір адамдарға белгі болып, сондай істерге апаратынын көреміз.
Көбінесе, өмірден кетушілер арасында олардың туысы, тегі, аталары арасында сондай өлімнен өлгендері анықталған.
Өз - өзіне қол жұмсау, өмірден кетуді зерттеген кезде Дюргеймнің «Өзін - өзі өлтіру» еңбегіне сүйенген жөн. Еңбектің авторы өлімге бару әлеуметтік фактормен түсіндіре келе, ал психикалық, психопатологиялық, климаттық, уақытқа байланысты екенін көрсетеді.
2.2 Жастар арасындағы
суицидке байланысты
Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі- өзін-өзі өлтіру дегенді білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ-ғасырда «Самоубиство:Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы әмилем Дюркгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тіккелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өзі жасаса, және ол оның нәтежесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді. Өзін-өзі өлтіру- философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.), медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және кұқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен. Өзін-өзі өлтіру қоғамда адам калыпты, жалпыға белгілі жолдармен шеше алмайтын немесе оны шешудің кажеттілігін керек қылмайтын жеке тұлғалар арасына қатысты проблемалардың бар екенін көрсетеді. Өзін-өзі өлтіру- өзін-өзі өлтірген немесе оған барған түлғаның- суициденттің психо- әлеуметтік теріс бейімделумен аяқталатын, шешілмеген жанжалдың салдары. Суицидент үшін жанжалдың шешілмеуі екі жағдаймен байланысты: біріншісі- бүл жанжалды шешудің оған белгілі нұсқалары көбіне шектеулі немесе тіпті де жоқ; екіншісі- жанжалды шешудегі оған белгілі немесе ұсынылған тәсілдері ол үшін тиімсіз немесе колайсыз. Бұл жағдайларда суициденттің ойынша жанжалды шешудің жолы біреу ғана, ол дағдарыстан шығаратын тек өзін-өзі жою, өзін-өзі аластату жолы.[10]

- Казначейская система исполнения бюджета
- Казначейская система контроля за исполнением федерального бюджета в Российской Федерации (на примере Отделения федерального казначейств
- Казначейское исполнение бюджетов в современных условиях
- Казначейська система обслуговування бюджету: ефективність функціонування та механізм управління
- Казначейська система обслуговування бюджету: ефективність функціонування та механізм управління
- Казначейське обслуговування місцевих бюджетів за видатками
- Как приготовить вкусный бренд
- Кадровый потенциал предприятия и основные пути его совершенствования
- Кадровый потенциал таможенных органов
- Кадровый резерв
- Кадры предприятия
- Казақстан республикасының сыртқы саясаты
- Казахская красавица
- Казахстан и ВТО