Комерциялық банктердің активті операциялары

Коммерциялық  банктердің активті операцияларының  жіктелуі

23.11.2011  Oppa4ki  

Активтік операциялар  бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету  мақсатында, иелігінде бар ресурстарды  орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды  білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды. 

Қазақстан Респупликасының  активтік банктік операциялары келесідей  түрлерге бөлінеді:

Несиелік операциялар;

Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;

Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);

Кассалық операциялар 

Делдалдық-комиссиондық операциялар. 

Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін  банктік несиелік операциялары негізінде  алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды. 

Несие – бұл  пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда  - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi. 

Қарыз берушi –  қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi  субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады. 

Қарыз алушы  – бұл несиенi алушы және оны  қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi. 

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң  құрылымының элементiне берiлетiн  объектi де жатады. Беру объектiсi –  бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн. 

Несие түрi –  бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн  бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды. 

Банктiк несие  – бұл банктiк мекемелерден қарыз  алушыларға ақшалай түрде берiлетiн  несиенi бiлдiредi. Банктiк несие –  бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу. 

Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:

Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.

Ипотекалық несие  – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге  берiлетiн несие.

Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты  шегеру, дебеттiк қалдық бойынша  берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң  формасы.

Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге  берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;

Онкольдық несие  – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа мерзiмдi несие;

Банкаралық несие  – банктердiң бiр-бiрiне беретiн  несиесi;

Ломбардтық несие  – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;

Лизингтiк несие  – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн несие;

Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем  қабiлетi жоғары клиенттеге берiлетiн  несие;

Маусымдық несие  – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi. 

Жалпы қорытындылай келе,         банктер  несие беру барысында несиелiк  саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын  ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау шарттары. 

Банктің инвестициялық  операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар  негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін  қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс  әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру. 

Банктің инвестициялық  операция жүргізетін бағалы қағаздары  екі топқа бөлінеді:

Мемлекеттік бағылы қағаздар;

Корпоративтік бағалы қағаздар. 

Бүгінде ҚР-ның  екінші деңгейлі банктері инвестициялық  операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер  бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады. 

Сонымен қатар  бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік  бағалы қағаздарға да  орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады: 

1)    Акциялар; 

2)    Облигациялар; 

3)    Депозиттік  және жинақ сертификаттары; 

4)    Ипотекалық  куәліктер; 

5)    Депозитарлық  қолхаттар. 

Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық  операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі. 

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар  типтес, яғни банкке  табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады. 

Лизинг –  бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру  техникаларды, өндiрiске және сауда  саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты. 

Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады. 

Лизингтiк мәмiлелердiң  бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк  операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл  және қаржылық лизингтер. 

Шұғыл лизинг –  бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң  қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды. 

Қаржы лизинг –  уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық  амортизациялық құнын төлеп шығарумен  немесеөзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады. 

Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей. 

Лизингтiң қарапайым  несиеден келесідей артықшылықтары бар:

Лизинг көмегiмен  кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;

Лизинг 100%-ға дейiн  несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға  қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;

Кәсiпорынға  мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл  жерде ол мүлiк кепiл ретiнде  болады;

Құрал-жабдықтың  лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады. 

Лизинг операцияларының  кемшiлiктерiне келесілер жатады:

Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;

Ұйымдастырудың  күрделiлiгi;

Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ  та ескiрген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында  болатынын ұмытпау қажет. 

Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi суретен көре аламыз: 

Мұндағы сандармен  берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:

лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;

лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату келiсiм шарты;

лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк қорытынды;

жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға өткiзуi;

лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуi;

лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi сақтандыру щаралары;

лизинг алушының лизинг берушiге  тұрақты төлеп  отыратын төлемдерi;

лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық қойылымдар;

лизинг берушiлердiң  мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп  отыратын төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк  жеңiлдiктер мен көмектер. 

Коммерциялық  банктердiң ең көп таралған делдалдық  қызметiнiң бiр түрi – факторинг.        Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады. 

“Фактор” сөзi ағылшын тiлiнен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан алғанда  бұл – делдалдық операция. Факторинг  – жабдықтаушы-клиенттiң жабдықтаған  тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. 

Келiсiмшартқа  сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге  мiндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктiк кепiлдеменiң арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада қаражатты алу болып табылады. 

Факторинг операциясы бүгiнгi таңда, отандық ақша нарығында  дами алмай отыр. Факторингтi енгiзу сынағы, негiзiнен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсiп құрылыс банкiмен жүзеге асырылып, кейiннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтiп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметiнiң банктер үшiн тиiмсiздiгiн айқындап, нәтижесiнде отандық банктерiмiз күнi бүгiнге дейiн бұл операцияға салғырттық танытуда. 

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1.     Факторингтiк компания (банктiк факторинг  бөлiмi) – өздерiнiң клиенттерiнен  шот-фактураны сатып алатын арнайы  мекеме.

2.     Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие берушi)  фактоинг компаниясымен келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме.

3.     Кәсiпорын (қарыз алушы) – тауарды  сатып алушы фирма. 

Фактоинг мәмiлесiн  ұйымдастыруды келесі суреттен көре аламыз. 

Факторингтiң  бiрегей құқықтық негiзiн құру үшiн 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекiтiлген. Халықаралық факторинг туралы  кез-келген келiсiмшарт төменде берiлгендердiң кемiнде екеуiн қамтуға тиiс:

Аванс және несие  беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

Төлем талаптарына  жататын жабдықтаушының  шоттарын бухалтерлiк жағынан өңдеу;

Борышқорлардан  ақшалай қаражат алу;

Жабдықтаушыларды  олардың борышқорларының төлем  қабiлетсiздiгi жағдайынан қорғау. 

Факторингтiк  операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға тиiс.       Факторингтiк операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

Жеке тұлғалардың  қарыздық мiндеттемелерi бойынша;

Бюджеттiк мекемелердiң  қоятын талаптары бойыша;

Банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;

Кәсiпорындардың  филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi бойынша.

Факторинг пен  форфейтинг операциялары өзара ұқсас  болып келедi. Бiрақ форфейтингтiң факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бiр рет жасалатын операцияны бiлдiредi. Сондай-ақ экспортердiң форфейтингтiк қызметi орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзiмi небары 6 айды құрайды. 

Форфейтинг –  бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы компанияның  экспортерға импортердiң төлеуге  тиiстi төлем талабын сатып алуы. 

Форфейтинг мәмiлесiде үш қатысушы болады:

Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге  берушi;

Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым. 

Мұндағы, 1 –  мәмiлеге қатысушылар арсында келiсiмшарт жасалады; 2 – тауарын несиеге бередi; 3 – аудармалы вексельдi (5-7 жылға) жазып бередi; 4 – аудармалы вексельдi қайта сатады; 5 – аудармалы вексельдi есепке алады; 6 – мерзiмi жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша мiндеттемесiн өтейдi. 

Форфейтинг механизмiн  мынадай екi мәмiле түрiнде пайдаланады:

Қаржы мәмiлесiнде  – орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн  тез арада iске асыру мақсатында.

Экспорттық мәмiле бойынша – шетелдiк сатып алушыға  несиеге тауар бергенi үшiн экспортерға  қолма-қол ақшамен түсiм түсуге ықпал ету мақсатында. 

Форфейтинг мәмiлесiнiң  мерзiмi 180 күннен 5 жылға дейiнгi аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл. 

Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының қаулысымен бекiтiлген “ҚР екiншi деңгейдегi банктерге кассалық операцияларды жүргiзу” ережесiне сәйкес жүзеге асырады. 

Осы ережеге  сәйкес, кассалық операция – бұл  құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi. 

Касса жұмысын  ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету  және қолма-қол ақшаны өңдеу үшiн  банктерде мынадай бөлiмшелер болуға тиiс:

кiрiс кассасы;

шығыс кассасы;

кiрiс-шығыс кассалары;

қайта санау  кассасы;

кешкi касса;

сыртқа шығатын  касса. 

Банк кассасына  клиентерден қолма-қол ақшаларды  қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттiк шоттар бойынша  есепке алу мынадай кiрiс кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:

қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

кiрiс кассалыө ордер бойынша. 

Кассадағы қолма-қол  ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша  бетте кассаға өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi. 

Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы  сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi. 

Банк клиентiнiң  ағымдық және корреспонденттiк шотынан  қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

ақшалай чекпен;

шығыс кассалық ордермен. 

Банк клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады. 

Шығыс құжатын  алған бақылаушы-бухгалтер мынадай  жұмыстарды жүогiзуге мiндеттi:

қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты  тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;

құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;

клиентттiң лауазымды  тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру. 

Содансоң барып  кассир қолма-қол ақшаны алушыны  кассаға чектегi номерi бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан кейiн ақшасын бередi. 

Қайта есептеу  кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы кассирдiң қатысумен кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады. 

Инкассаторлардан  қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау барысында мыналарды  тексередi:

келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;

сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен  сәйкестiгiн;

инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы  сөмкенiң номерiмен сай келуiн;

қабылдайтын соманың  құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн. 

Инкассалық сөмкенi қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және бригаданың әрбiр мүшесi қабылдаған сөмкелердi есепке алу журналдарының  екеуiне де қолдарын қояды. Журналдың  екiншi данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына бередi. 

Отандық банк тәжiрибесiнде банктердiң есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлiнедi:

банктiк шоттар ашу;

ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

алдағы уақытта  валюталау күнi қойылуға тиiстi, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

төлемнiң шартын өзгерту немесе қайтару;

валюталық операцияларға  бақылау жасау;

шоттың архивiн  беру;

шоттан қолма-қол  ақша берк;

ұсақ ақшаларды iрiлеп беру;

банктен кеңсеге  дейiн немесе керiсiнше қолма-қол  ақшаларды инкассациялау;

құндылықтарды жеткiзiп беру. 

Коммерциялық  банктердiң тағы да бiр активтi операциясы бұл траст. “Траст” ағылшын тiлiнен аударғанда “сенiм” деген сөздi бiлдiредi. Траст бұл сенiммен басқаруға берiлген мүлiкке деген құқықты анықтайтын және меншiктi иеленудiң ерекше нысаны. 

Траст операциясы – клиенттiң сенiмдi тұлғасы ретiнде оның мүлкiн басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктiң операциялары. 

Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:

Траст құрылтайшысы – сенiмдi меншiк иесiне сенiмхат арқылы басқаруға беретiн, мүлiктiң немесе мүлiктiк құқықтардың меншiк иесi. Траст құрылтайшысы ретiнде кез келген қолында мүлкi бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

Трастыны иемденушi – траст келiсiмшартындағы көрсетiлген жағдайға сәйкес, мүлiктi басұару құқығын  өзiне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлiкке жылжитын және жылжымайтын мүлiктер де жатады.

Бенефициар –  траст келiсiмшартын өзiнiң пайдасына  жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. 

Сонымен, банктiң  траст операциясы – бұл банктiң  өз клиенттерiне көрсететiн әр түрлi қызметi түрiндегi сенiм операцияларын бiлдiредi. 

Траст қызметiне: бiрiншiден, жылжымайтын және жылжитын мүлiктердi басқару; екiншiден, инвестициялық  портфельдi қалыптастыру және оны басқару; үшiншiден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртiншiден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушiлердiң қоятын талаптарын реттеу; бесiншiден, мұраға қалдыруға байланысты мүлiктi басқару қызметтерi жатады. 

Коммерциялық  банктiң траст бөлiмiнiң атқаратын  қызметi үлкен үш топқа бөлiнедi:

Клиенттердiң  мұраға қалған мүлкiн иемдену;

Сенiмхат бойынша  операцияларды жүзеге асыру;

Агенттiк қызметтер. 

Траст операциясын  жасау үшiн ең бастысы, сенiм бiлдiрген банк пен ұйымның арасында жасалатын  келiсiмшарт болуы қажет. Осы келiсiмшарт  негiзiнде мынандай қызметтердi атқарады:

Бағалы қағаздарға деген меншiк құқығын беру;

Пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу;

Мүлiктi кепiлдiктен босату;

Сенiмхатқа сәйкес бiр бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттiк қызметтi жүзеге асыру;

Акционерлiк қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу. 

Банктiң траст  қызметiн көрсетудiң басты шеңберiн  жеке тұлғалар, үкiмет органдары, iскер кәсiпорындар үшiн агенттiк қызметтi атқару құрайды. Банк көрсеткен траст  қызметi үшiн комиссионды сыйақы алады. 

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына сәйкес, “валюта – мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноталар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымбат металдардан жасалған тиындар түрiндегi қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттары. 

Осы заңда “валюталық операцияларға мынандай түсiнiктер берiлген:

Меншiк құқығының  және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуiне байланысты мәмiлелер, срның iшiнде шетел валютасы төлемдерi мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретiнде пайдалануға байланысты мәмiлелер;

Валюталық құндылықтарды  кез келегн тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөңелту, срндай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және әкелу;

Ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншiк  құқығы мен басқа құқықтардың  ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердiң арасындағы мәмiлелер. 

Мұндағы, валюталық  құндылықтарға мыналар жатады:

шетел валютасы;

номиналы шетел  валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

тазартылған құйма  алтын;

ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттыө валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары. 

Валюталық операциялар  ағымдық операциялар және капитал  қозғалысымен байланысты операциялар  бөлiнедi.

Ағымдық операцияларға  жататындар:

Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн  экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

180 күннен аспайтын  мерзiмге несиелер беру және алу;

салымдар, инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша  дивиденттердi, сыйақыларды жәнеөзге де табыстарды алу және аудару;

Комерциялық банктердің активті операциялары