Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университеті

                     Қаржы   ____кафедрасы

 

                      

 

Қорғауға жіберілді

20___ж.«___»_______

 

Кафедра меңгерушісі ____________    Попп Л.А. __

(қолы)   (аты-жөні, тегі)    

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)      _____

мамандық бойынша

 

050509

 

Қаржы

   

(шифр)

 

(атауы)

Орындаған

     

Омербaевa A. М.

   

(қолы)

 

(аты-жөні, тегі)

Топ

СҚарж-301(2ж)

     

Ғылыми жетекші

«Қаржы» кафедрасының профессоры

     

Жатканбаев Е.Б.

(қызметі,  ғылыми дәрежесі)

 

(қолы)

 

(аты-жөні, тегі)

Нормабақылаушы

     

Ещанова Р.С.

   

(қолы)

 

(аты-жөні, тегі)


 

Павлодар 

2010

 

Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университеті

Омербaевa A. М.

Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару 

(«Қазақстан Халық банкі» АҚ  үлгісінде)

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандық 050509 – Қаржы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар 

2010

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

3

1

Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері

 

6

1.1

Несие қызметі – банк бизнесінің негізі

6

1.2

Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері

10

1.3

Қазіргі жағдайларда Қазақстан  Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау

 

20

2

2007-2008 жж. кезеңіндегі  «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау

 

28

2.1

Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері

28

2.2

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие  портфелін талдау

34

2.3

Несие портфелін қалыптастыру мен  мәселелі несиелерді басқару бойынша  банк саясатын бағалау

 

45

2.4

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары

54

3

Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру

 

61

3.1

Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері

 

61

3.2

Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы

 

73

 

Қорытынды

77

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

81

 

А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы

84

 

Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру

Б қосымшасы Графикалық бөлім

 

85

86


 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында несиенің негізгі нысаны болып банктік несие, яғни коммерциялық банктермен келтірілетін әр түрлі несиелер болып табылады.

Несие (лат. creditum — кредит, қарыз, credere — сену) — бұл банкпен немесе несиелік ұйыммен қарыз алушыға несиелік келісімде қарастырылған мөлшерде және шарттарында ақша беру, ал қарыз алушы алынған соманы қайтаруға және пайыздарды төлеуге міндеттенеді.

Несиенің мәні бір тұлғаның уақытша  бос ақша құралдарының жинақталуында  және оларды басқа тұлғаға ақылы  түрде уақытша пайдалануға беруде анықталады.

Сонымен бірге несие дербес қаржылық категория болып табылады және өзінің ерекше қызметтері бар. Бұл:

- уақытша бос ақша құралдарын жинақтау;

- қайта бөліп тарату қызметі;

- ақша айналымында қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру.

Несиелендіру принциптері – бұл қарыз алушыға несие бергенде негізге алынатын шарттар.

Несиелендірудің мұндай принциптері  болып табылады:

- мерзімділік;

- қайтарымдылық;

- төлемділік.

Банктік несие саласындағы несие  қатынастарының субъектілері болып шаруашылық органдар, халық, мемлекет және банктердің өздері болып табылады.

Несиелік келісімде несие қатынастарының субъектілері әрқашан кредиторлар  мен қарыз алушылар ретінде алға шығады.

Берілген тақырып бүгінгі таңда  өзекті болып табылады, себебі пайда алуға мүдделі банктер берілген жағдайды дұрыс бағалауы қажет, яғни берілген клиенттің төлем қабілеттігі мен тұрақтылығын мұқият талдау қажет.

Несиелендірудің бағыты банктер арасында да, тұтынушылар  арасында да бұрыннан көпшілікке мәлім  болып табылады. Әрине, өйткені екі тарап та ұтыста болады – бұған күнделікті өмірде қол жеткізу қиын. Сатып алушы «ертеңгі ақша – арзанырақ» деп жорамалдап (осы «ертеңгі ақшаның» мөлшерін кейде ескермей), берілген сәтте қалауын сатып алу мүмкіндігіне риза.

Осыған байланысты несиені өтеу бойынша өз міндеттемелерін банк алдында орындамау бойынша қарыз алушымен талаптардың қанағаттандырылмауы туындайды.

Несие беру үшін банк қарыз  алушының бүкіл құжаттамасын мұқият талдауы қажет, барлық оң және теріс  жақтарын зерттеп, дұрыс шешім қабылдауы тиіс.

Егер қарыз алушының құжаттарын талдау мен тексеру кезінде  жалған құжаттарды немесе сенімсіз мәліметтерді келтіру фактісі анықталса, онда несие маманы аталған фактілерді резюмеде баяндап, тұлғаға қарыз  беру жөніндегі мәселені әрі қарай қарастырудан бас тартады.

Тіпті мұқият талдау кезінде  банк қарыз алушымен несиені төлемеуден сақтандырылмаған.

Банктік қызметте көптеген тәуекелдер бар. Банк ісіндегі тәуекел дегенде  банктің өз ресурстарының бөлігін  жоғалту қаупі, табыстарды толық емес көлемде алу немесе белгілі бір қаржы операцияларын жүргізу нәтижесінде қосымша қарастырылмаған шығындарды жүзеге асыру деп түсу жөн.

Сауатты басқару кезінде едәуір табыс әкелетін несие операцияларын  жүзеге асыру банк ісінде ерекше орын алады.

Сондықтан несиелік тәуекел негізгі банк тәуекелі болып табылады, оларды басқару көбінесе банк қызметінің тиімділігін анықтайды.

Несиелік тәуекел – бұл клиенттермен қаржылық міндеттемелердің күтілетіндей немесе келісімде көрсетілгендей толық немесе уақытында орындалмау тәуекелі, нәтижесінде банк үшін қаржылық шығындар болуы мүмкін.

Қарапайым нысанда несиелік тәуекелді  қаржылық мәміле бойынша серіктестің  келісім шарттарын орындауға  қабілетсіз болу және активті ұстаушының қаржы шығындарын тарту тәуекелі ретінде анықтауға болады.

Несиелік тәуекелдермен жұмыс  барысындағы көптеген қиындықтар оның элементтері мен түрлерінің алуан  түрлілігімен, банктің несиелік қызметіне  әсер ететін себептерінің көптігімен, нәтижесінде несиелік тәуекелдердің  жіктелуінің алуан түрлілігімен де себептеледі. Содан басқа осы топта банктің жалпы несиелік қызметіне тән тәуекелдерді бөліп көрсету қажет. Мұндай тәуекелдерге келесілер жатады:

- құрылымдық-процессуалды;

- дербес;

- технологиялық;

- несиелермен заңсыз әрекеттер тәуекелдері.

Тәуекелдердің барлық түрлерін берілген жұмыста толық қарастырамыз.

Көптеген қарыз алушылар жалған кәсіпорын құра отырып, алдамшы  жолмен банктен қарыз алуға тырысады. Несие маманының жұмысын жеңілдету үшін қарыз алушының электронды несиелік досьесі қалыптастырылатын қарыз алушылардың мәліметтер базасы құрылды, бұл банк үшін қолайсыз қарыз алушыны анықтауға мүмкіндік береді.

Қарыз алушының несие  қабілеттігін қате бағалау банкке елеулі шығын әкеледі, бұл кейіннен оның қызметінде байқалады.

Қазіргі уақытта несиелік тәуекел деңгейінің ұлғаюына ел экономикасының барлық дерлік салаларын жанап өткен әлемдік қаржы дағдарысының әсері әрекеттеседі. Бұл, ең алдымен, қарыз алушының төлем қабілеттігінің нашарлауымен байланысты, себебі қаржы дағдарысына байланысты көптеген кәсіпорындар жұмыс күнін қысқартты, еңбекақыны кешіктіре бастады, нәтижесінде мерзімі өткен берешек те ұлғаяды.

Дипломдық жұмыста зерттеу  объектісі – еліміздің 85 жылдық бай тарихы бар ірі коммерциялық банктерінің бірі болып табылатын  тікелей «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады.

Берілген зерттеудің пәні – Қазақстан Республикасында мәселелі несиелендіру кезінде туындайтын экономикалық қатынастар.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты  – Қазақстан Республикасында  мәселелі несиелерді басқарудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарын зерттеу. Банк қызметінің жалпы сипаттамасын қарастыру, коммерциялық банктің мәселелі несиелерін басқару механизмі және Қазақстан Республикасындағы шетелдік тәжірибе жұмыстың маңызды аспектісі болып табылады.

Қойылған мақсат шегінде келесі міндеттерді орындау қажет:

- ҚР-да мәселелі несиелендірудің ерекшеліктерін теориялық қарастыру;

- дербес қарыз алушының несиеге қабілеттігін бағалаудың мәселелерін ескере отырып, жеке банктің негізінде ҚР-да мәселелі несиелендіру мен несиелерді өтеу механизмінің талдауын жүргізу;

- несиелендіру кезінде тәуекелдерді басқарудың ең тиімді әдістерін белгілеу, қазіргі заманғы Қазақстанның банктік жүйесінде осы әдістердің қолданылуы.

Жұмыстың құрылымы:

- кіріспе;

- үш бөлім;

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар.

Жұмысты жазу кезінде  заңнамалық актілер, отандық және шетелдік экономистердің монографиялары, нұсқаулық-әдістемелік  материал мен коммерциялық банк «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық есептілігі қолданылды.

 

 

 

1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері

 

 

1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі

 

Кез келген банктің түзілуі  мен қызметінің экономикалық мәніне негізделсек, несиелендіру – банк бизнесінің дәстүрлі өзегі екені анықталады.

Несие (лат. creditum — несие, қарыз, credere — сену) — бұл несие келісімімен қарастырылған көлем мен шарттарда банктің немесе несиелік ұйымның қарыз алушыға ақша беруі, ал қарыз алушы алынған соманы қайтаруға және пайыздарды төлеуге міндеттенеді.

Кез келген мемлекеттің несиелік жүйесі елеулі дәрежеде жалпы экономиканың түріне байланысты. Орталықтан басқарылатын несие жүйелері нарықтық экономикадағы ұқсас жүйелерден айтарлықтай ерекшеленеді.

Мұны біздің мемлекетіміздің  несие жүйесіндегі қазіргі уақытта жүріп жатқан құрылымдық қарқынды өзгерістер растайды. Кез келген елдің экономикасындағы несие жүйесінің маңыздылығы, әрине, анық. Несие жүйесі арқылы мемлекет жалпы бүкіл экономиканың салалық және аймақтық дамыту саясатын жүзеге асырады.

Республиканың несие жүйесінің қалыптасу үрдісі тарихтан терең бастау алады. Халық шаруашылығының экономикалық дамуының әрбір сатысына несие ісін ұйымдастырудың өз түрі және несие-қаржылық қызмет көрсетуде сәйкес қажеттіліктерге жауап беретін несие жүйесінің өз құрылымы тән.

Қазақстан Республикасында  Ұлттық банкпен және екінші деңгейдегі банктердің желісімен келтірілген  банк жүйесі бар. Яғни, республикада банктер  үшін екі жазықтықта: тігінен және бойлық бойынша банктер арасындағы өзара қатынастардың құрылуына  негізделетін екі деңгейлі жүйе тән. Тігінен – жетекші, басқарушы ретінде орталық банк (Ұлттық банк) пен төмендегі буындар: коммерциялық және арнайы банктер арасындағы бағыну қатынастары. Бойлық бойынша - әр түрлі банктер арасындағы тең құқылы серіктестік қатынастары.

Несие кредитордың ақша капиталының  қозғалыс нысаны болып табылады. Ол кредитор капиталын (меншік немесе депозиттік салымдар түріндегі келтірілген) қарыз  алушының несие капиталына айналуды қамтамасыз етеді.

Несие бойынша қатынастар — бұл капитал көлемін өсіру мақсатында капитал айналымымен байланысты кредитор мен қарыз алушының арасындағы қаржы қатынастары.

Несие мәні бір тұлғаның уақытша  бос ақша құралдарының жинақталуында  және оларды басқа тұлғаға ақылы  түрде уақытша пайдалануға беруде айқындалады.

Несие мәні онық қызметтерінде байқалады. Қаржы бөлігі бола отырып, несие де қаржы орындайтын үш қызметті атқарады:

- ақша қорларын қалыптастыру және қолма-қол ақша құралдарын алу;

- ақша қорлары мен қолда бар ақша құралдарын пайдалану;

- басқару қызметі.

Сонымен бірге несие дербес қаржы санаты болып табылады және өзіне тән қызметтері бар. Бұл:

- уақытша бос ақша құралдарын жинақтау;

- қайта бөлу қызметі;

- ақша айналымында қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру.

Болашақта белгілі бір шараны инвестициялау  үшін белгілі бір кезең бойы ақшаның  біртіндеп жиналуы уақытша бос  ақша құралдарын жинақтау қызметінің мазмұны болып табылады. Несиенің аталған қызметінің негізінде «сақтау  – инвестициялау» схемасы бойынша  ақшаның қозғалысы жатыр.

Біртіндеп жинақталатын ақша құралдары оларды инвестициялау  сәтіне дейін бос болуы мүмкін. Осы бос ақшалар несие капиталының  көзі болып табылады және несиеге  немесе қарызға берілуі мүмкін.

Кәсіпкерліктің бір саласынан  басқа салаларына ақша капиталын қайта құюды жүзеге асыру несиенің қайта бөлу қызметінің мазмұны болып табылады. Қайта құю әрқашан бизнестің төмен пайдалы салаларынан жоғары табысты салаларына жүзеге асырылады.

Ақша айналымында қолма-қол  ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру қызметінің мазмұны төлемдер мен есесп айырысуларды қолма-қол ақшамен (банкоматтар, монеталармен) емес, әр түрлі төлем құралдарымен (банк аударымдарымен, чектермен және т.б.) жүзеге асыру үрдісінде айқындалады. Айналымда ақшаны алмастыру елдің экономикасындағы олардың айналымдылығын жеделдетеді.

Несиенің ең кең таралған жіктелуі келесідей:

а) несиелер нысандары бойынша:

1) коммерциялық;

2) банктік;

3) тұтынушылық;

4) мемлекеттік;

5) ипотекалық;

6) банкаралық;

7) халықаралық;

б) мерзімдері бойынша:

1) қысқа мерзімді;

2) орта мерзімді;

3) ұзақ мерзімді;

в) қамтамасыз ету түрлері бойынша:

1) қамтамасыз етілген;

2) қамтамасыз етілмеген.

Коммерциялық несие сатылған тауарлар үшін немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді бөліп төлеу түрінде  тауар нысанында сатып алушыларға тауар сатушалырымен беріледі.

Коммерциялық несие тауарларды сатуды жылдамдату мақсатында қолданылады  және коммерциялық банк арқылы төленетін  қарыздық міндеттеме – вексель түрінде рәсімделеді.

Коммерциялық несиенің объектісі  ретінде, әдетте, өнеркәсіптік капиталдың айналымына қызмет көрсететін тауар капиталы, өндіріс саласынан тұтыну саласына тауар қозғалысы алға шығады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі – мұнда несие капиталының өнеркәсіптік капиталмен бірігуінде.

Мұндай несиенің басты мақсаты  – тауарларды сату үрдісін жылдамдату, яғни пайда алуды жеделдету. Тауар құны мен вексель сомасына кіретін коммерциялық несие бойынша пайыз, әдетте, банктік несие бойынша пайызға қарағанда төмен екенін атап өту маңызды.

Нарықтық экономиканың қалыптасуымен  және дамуымен бірге коммерциялық несиені пайдалану кеңейіп келеді. Қарыз алушы ретінде алға шығатын кәсіпорындар коммерциялық несиенің субъектілері болып табылады. Бұл осы жағдайда мамандандырылған несие мекемелері (банктер) келісімге тура қатыспайтынын білдіреді. Аалйда тәжірибе жүзінде көптеген жағдайларда коммерциялық несие банктік несиемен шырмалып жатады: кредитор қарыз алушының міндеттемелеріне – вексельге ие бола отырып, банкте оны ескеруі және банк несиесін алуы мүмкін. Бірақ бұл факт коммерциялық несиенің басты белгісін – бір коммерциялық құрылымның басқасына қарызға құралдарды беруін жоймайды.

Банктік несие заңды тұлғаларға (өнеркәсіптік, транспорттық, сауда компанияларына), халыққа, мемлекетке, шетелдік клиенттерге ақшалай қарыз түрінде коммерциялық банктермен және басқа қаржы мекемелерімен (қаржы компанияларымен, жинақтаушы кассалармен) беріледі.

Тұтынушылық несие, әдетте, халықтың тауарлар мен қызметтерді төлемін  бөліп беру арқылы сатып алу үшін сауда компанияларымен, банктермен және арнайы қаржы-несиелік институттармен беріледі.

Тұтынушылық несие ақша нысанында  да, тауар түрінде де берілуі мүмкін: тауар бөлшек саудада несиеге  немесе бөліп төлеу арқылы сатып  алынады. Тұтынушылық мақсатта құралдарды пайдаланумен ақшалай қарыз банктен  алынады. Мұндай несиенің көмегімен  ұзақ уақыт пайдаланудың тауарлары (автокөлік, жиһаз, тұрмыстық техника) сатылады.

Ипотекалық несие – бұл жылжымайтын мүлік кепіліне несие. Ипотекалық несиені жаңа құрылысты несиелендіру кезінде пайдалану айрықша тиімді. Сонымен бірге құрылыс объектісі кепіл заты болып табылады. Кепіл сатылап, объект құрылысының шамасы бойынша рәсімделуі мүмкін. Мұндай жағдайда, сәйкесінше, несие бөлшектеп беріледі.

Несиенің ерекше түрі мемлекеттік  несие болып табылады, мұнда қарыз  алушы (кредитор) ретінде мемлекет немесе биліктің жергілікті органдары алға шығады, ал несие қаржы-несиелік институттар арқылы, ең алдымен Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қарыз түріне ие болады.

Несиенің бұл түрін мемлекеттік  меншік несиеге және мемлекеттік  қарызға бөлу жөн.

Бірінші жағдайда мемлекеттің несиелік институттары (банктер мен басқа несиелік-қаржы институттары) экономиканың әр түрлі секторларын несиелендіреді. Екінші жағдайда мемлекет бюджеттік дефицит пен мемлекеттік қарызды қаржыландыру үшін капиталдар нарығында банктер мен басқа несиелік-қаржы институттарынан ақша құралдарын қарызға алады.

Бір банктерде бос ресурстар  пайда болғанда, ал басқа банктерде  олар жетіспеген кезде банкаралық несие  банктермен бір-біріне беріледі.

Шаруааралық несие қатынастарының субъектілері ретінде бір-біріне құралдарды қарызға беретін әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар алға шығады.

Несиенің бұл түрі коммерциялық несиеге ұқсас. Алайда, негізінен  тауарлық сипат алатын, тауарлар бөліп  төлеу арқылы сатылатын коммерциялық несиеге қарағанда, шаруааралық несие құралдарды қарызға беруді қарастырады. Мұндай несиелерді қаржылық қызмет көрсету тәртібінде өндірістік бағдарламаларды орындау үшін уақытша қаржылай қиындықтар кезінде кәсіпорындар алуы мүмкін.

Халықаралық несие мемлекет пен  халықаралық экономикалық ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастарды қамтиды. Ол халықаралық экономикалық және қаржы-валюталық қатынастар саласында несие капиталының қозғалысын бейнелей отырып, жеке меншік әрі мемлекеттік сипатқа ие.

Несиелендіру қағидалары — бұл қарыз алушыға несие берілетін негізін қалаушы шарттар.

Несиелендірудің мұндай қағидалары:

- мерзімділік;

- қайтарымдылық;

- төлемділік.

Мерзімділік қағидасы несиенің нақты  белгіленген мерзімге берілетінін  білдіреді. Бұл мерзім несиелік келісімде  ескеріледі.

Несиені өтеу мерзімін ескерудің бірнеше тәсілдері бар, атап айтқанда:

- негізгі қарыздың бүкіл сомасын және тіркелген мөлшерлеме бойынша пайыздарды нақты бекітілген уақыт кезеңінде қайтару;

- негізгі қарыз сомасын нақты анықталған уақыт аралықтарында қайтару, әрбір аралық үшін өзінің пайыздық мөлшерлемесі бекітілген, яғни бұл несиенің өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар;

- нақты бекітілген уақыт кезеңінде тек несие бойынша пайыздарды ғана қайтару және несие бойынша негізгі қарыздың бүкіл сомасын несиелік келісім әрекетінің мерзімі аяқталған соң қайтару;

- несие мен пайыздарды қайтарудың уақыты емес, тек қайтарудың шарттары ғана ескеріледі. Мысалы, несиені кредитордың алғашқы талап етуі бойынша қайтару (онкольдық несие), несиені өтеу тәртібі (овердрафт, контокорренттік несие). Несиенің мерзімділігі оның қайтарылуын білдіреді.

Несиенің қайтарымдылық қағидасы несие келісім-шарттының мерзімі  аяқталған соң қарызға алынған  ақша кредиторға толық сомада (негізгі  қарыз) және пайыздарымен қайтарылуы тиіс екендігін білдіреді.

 

 

1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері

 

Мәселелі несиелер деп  несиені төлеу бойынша қарыз  алушының банк талаптарын, соның ішінде банкпен бекітілген сыйақыларды  қанағаттандырмау түсіндіріледі.

2003 жылдың қаңтар айында  Қазақстанның реттеуші органдары тәуекелділік санаттарының санын ұлғайтып, несиелердің нормативтік жіктелуінің ережелеріне өзгерістер енгізді.

Қарыздар келесідей жіктеледі:

-стандартты;

- I санаттағы күмәнді;

- II санаттағы күмәнді;

- III санаттағы күмәнді;

- IV снаттағы күмәнді;

- V санаттағы күмәнді;

- сенімсіз.

Жоғарыда көрсетілген қарыздар 1 суретте келтірілген.

 








 

 




 

 



 

 

 

 

 

1-сурет– Қарыздардың жіктелу схемасы

 

Стандартты қарыздар несие қабілеттілігі жоғары ретінде қарастырылады.

Келесі негіздердің  біреу болған жағдайда несие күмәнді  несие деп танылады:

- негізгі қарызды немесе сыйақыны (мүддені) қайтару бойынша төлемдерді 30 күнге дейін кешіктіру;

- негізгі қарызды немесе сыйақыны (мүддені) қайтару бойынша төлемдерді 30 күннен 60 күнге дейін кешіктіру.

Сенімсіз несие – бұл негізгі қарызды немесе сыйақыны (мүддені) қайтару бойынша төлемді 90 күннен артық кешіктіруі бар несие.

Осылайша, мерзімі өткен  берешектің пайда болуы несиелік тәуекелділіктің әр түрлі санаттарымен себептелуі мүмкін.

2 суретінде несиелік тәуекелділіктің құрылымы келтірілген.

 


 





 

 





 











 

 

2-сурет – Несиелік тәуекелдің құрылымы

 

Несиелік тәуекелділік – бұл  клиенттердің қаржылық міндеттемелерді  күтілгендей немесе келісім-шартта көрсетілгендей толық немесе уақытында орындамау тәуекелділігі, нәтижесінде банк үшін қаржылық шығындар болуы мүмкін.

Қарапайым түрде несиелік тәуекелділікті қаржылық келісім бойынша серіктестің  келісім шарттарды орындауға  қабілетсіз болуы және активтің иегері қаржы шығындарын тарту тәуекелділігі деп анықтауға болады. Несиелік тәуекелдермен жұмыс кезінде көптеген қиындықтар оның элементтері мен түрлерінің алуан түрлілігімен, банктің несиелік қызметіне әсер ететін көптеген себептермен, нәтижесінде несиелік тәуекелдердің жіктелуінің алуан түрлілігімен шартталады.

Сонымен қатар жалпы түрде несиелік тәуекелдің келесі түрлерін ажыратуға  болады:

- теріс пайдалану тәуекелі. «Теріс пайдаланулар» - банктер алдындағы сенімсіз берешектердің ең кең тараған себептерінің бірі. Жетекшілер мен жоғарғы қызметкерлердің «достық» несиелерін тиісті қамтамасыз етусіз және қарыз алушының қаржылық жағдайын зерттеусіз туысқандарға, достарға, іскер серіктестерге беру жөнінде сөз қозғалып отыр;

- ішкі қарыздар бойынша төлемеушілік тәуекелі. Аталған тәуекел қарыз алушының төлем қабілеттілігіне әсер ететін барлық факторларды ескерудің қиындығымен байланысты. Мұндай төлемеушіліктермен күресудің басты құралы – банк несиелерінің портфелін әртатаптандыру;

- шетелдік несиелер бойынша төлемеушілік тәуекелі. Бұл тәуекел басқа елдерден қарыз алушылардың несие бойынша төлемдерді кешіктірумен байланысты.

Талдауды жүзеге асыру деңгейіне  байланысты келесіні ажырату қажет:

- жиынтық (жалпы) несиелік тәуекел;

- жеке несиелік тәуекел.

Жалпы тәуекел (банктің несие портфелінің  деңгейінде) берілген несиелердің бүкіл  жиынтығын олардың сапасы позициясынан банктің бағалауын қарастырады.

Жеке тәуекел (әрбір нақты клиент деңгейінде) жеке несие алушыға тән  тәуекел көлемін сипаттайды.

Жеке тәуекелді талдау коммерциялық, саяси, әлеуметтік және басқа сыртқы тәуекелдердің әсерін ескеретін  есептеулердің көп нұсқалы үлгілерін  түзуді талап етеді.

Пайда болу саласына байланысты банк клиентінің қызметі саласында туындайтын несие алушының несиелік тәуекелі және банктің қызмет етуімен байланысты несие өнімінің тәуекелі ажыратылады.

Несие алушы типі ретіндегі жіктелудің мұндай критерийі несиелік тәуекелді  үш түрге бөлуді қарастырады:

- шетелдік несиелендіруде орын алатын ел тәуекелі;

- ел ішінде кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қызметін қаржыландыру кезінде туындайтын заңды тұлғаларды несиелендіру тәуекелі;

- банктің халықпен несие операцияларын жүзеге асыру кезінде туындайтын жеке тұлғаларды несиелендіру тәуекелі.

Сонымен бірге аталып өткен түрлердің әрқайсысы ұсақ тармақтарға бөлінуі мүмкін. Осылайша, мысалы:

- елдің тәуекелі шетелдік фирмаларды, шетелдік мемлекет үкіметтерін және берілген мемлекеттерде тұратын жеке тұлғаларды несиелендіру тәуекелдерінен тұрады;

- заңды тұлғаларды меншік нысанына, қызмет көрсету кезінде материалдық өндіріс саласына, экономиканың жеке салаларына қатыстығына байланысты несиелендіру тәуекелі жеке тармақтармен келтірілген;

- халықтың қандай да бір жастық тобына, әлеуметтік қабатына қатыстығы бойынша тәуекелдерді жастарды, зейнетақы жасындағы тұлғаларды, сонымен қатар тұрақты табыс деңгейімен белсенді, еңбекке қабілетті жастағы халық бөлігін несиелендіру кезінде туындайтын тәуекелдерге ажырату жөн.

Несиелік тәуекелдің байқалу сипатына қарай төмендегілерді атап өткен жөн:

Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)