Коммерциялық банктердің несиелік саясаты
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасында банктердің атқаратын рөлі өте маңызды қаржылық институт болып табылады. Банктер миллиондаған жеке кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға кредит рәсімдеп қана қоймай,олардың қажетінше көптеген банкттік операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен осы қаржылық иституттың елімізге,еліміздің экономикасына маңыздылығына байланысты банк түсінігін дұрыс түсінуімізге себеп туады. Банк-әртүрлі банкттік операциялар ұсынатын,сонын ішінде, депозиттік, төлем, жинақ операцяларын және кредит рәсімдеуді ұсынатын маңызды қаржылық институт болып табылады.Осы банкттердің көп қызмет түрлерін корсетуіне байланысты оларды «қаржылық әмбебап» деп те аталған.
Нарықтық экономикада жеке банктермен коммерциялық банктердің бәсекелестіктеріне байланысты банктік бизнесте саланы , әлемдік тәжірибелерді зерттеп, білу өте маңызды болып табылады. Коммерциялық банктің қызметін активті турде несие операциялары құрайды. Оның қаншалықты құрайтының мынадан көреміз:
біріншіден, ойдағыдай жузуге асырылуы негізгі табыс көзін алуға әкеледі және ол банктің тұрақтылығын және сенімділігін көтеруге әрекеттенеді, ал несиелендірудегі жол болмаушылық оның банкротқа ұшырауына алып келеді;
екіншіден, ел экономикасын дамыту инвестициясын несиелендіру үшін банк мекемесі меншікті және жұмылдырылған ресурстарды шоғырландыру қажет;
үшіншіден, бұл қызмет өзін ойдағыдай жүзеге асырғанда ғана өзінің барлық қатысушыларына, яғни несие мекелемелеріне, қарыз алушыларға және барлығына пайда әкеледі.
Банк — бұл кәсіпорын ретінде қарастырылады және басқа кәсіпорындар сияқты банктың өзінің басқару аппараты бар. Банктерде де, басқа кәсіпорындар сияқты өздерінің Басқармасы, бухгалтериясы, кассасы, кадрлар бөлімі және тағы сол сияқты бөлімдері болады. Дегенмен банк — бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан және оның тауары ретінде немесе өндіргіш өнімі ретінде, оның ерекше өнімі несие, депозит және басқа да көрсететін қызметтері көрінеді. Сонымен қатар банк ақша несие институты болғандықтан, оның басқару аппараты атқаратын қызметінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Тағы сол сияқты банктің тиімді қызметі банктік менеджменттің сапасына тәуелді, ал ол өз кезегінде қалыптасқан ұйымдастырылу құрылымымен тығыз байланысты болады.
Әлемдік тәжірибеде дәл осы несиелендірумен байланысты банктің
пайдасының едәуір басты бөлігі құрайды.
Осымен қатар, қазіргі уақыттағы несиелендіру процесі тәуекелді активті операциялардың бірі болып саналады және ол қисынсыз жағдайда банкротқа әкеліп соғуы мүмкін.
Несие портфелін тиімді басқару үшін жалпы алғанда банк бойынша, сондай-ақ банктің құрылымды бөлімшелері бойынша оның салалық және сандық сипаттамалары жөнінде талдауы қажет.
Несиелік операциялар коммерциялық банктің әдеттегі негізгі активті қызметі болып табылады. Несиелерді ұсыну банктің негізгі экономикалық операциясы болып табылады. Ол операциялар негізінен жеке меншіктегі фирмалардың, компаниялардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға бағытталған. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қазақстандық банктермен берілетін несиелер негізінен қысқа мерзімді болады, яғни 1 жыл көлемі мерзімінде беріледі.
Коммерциялық банктердің қызметінің нәтижесіне әсер етуші факторлардың көптүрлілігі көпфункционалды және көп мақсатты экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажеттігін анықтайды. Сол себептен, банк қызметінің нәтижелерін сипаттау экономикалық көрсеткіштер жүйесімен жүргізіледі.
Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелері көрсеткіштерін қалыптастыру алгоритмі ҚР Ұлттық банкімен бекітілген қаржылық есеп берудің арнайы формалары қолданылатын және қабылданған бухгалтерлік есеп жүйесімен анықталады. Бірақ біздің республикамыздағы банктік жүйенің қалыптасу процесі әлі аяқталмаған, қаржылық есеп беру флрмалары өзгеруде және олардың мазмұны жетілдірілуде. Бұл жағдай әлемдік банктік бірлестікке отандық банктердің экономикалық интеграциялануы мен есеп берулердің батыстық стандарттарға бағытталуына қажеттілігінен туындап отыр.
Бүгінде қазақстандық коммерциялық банктермен қаржылық есеп берудың екі түрі құрастырылып жатыр, олар мазмұны, белгісі және ұсыну мерзімдері бойынша ажыратылады.
Сонымен банктердің көптеген дамушы елдердің ішінде,сонын ішінде, Қазақстан Республикасының экономикасынының дасмуында басты звено болғандықтан, мен өз өндірістік тәжірибемді банкте,яғни «Банк Центр Кредит » АҚ – Орал қалалық филиалында өтуімді таңдадым.
Негізгі мақсатым:
- Банктік саланы толық түсніп,білу.
- Маңыздылығын анықтау.
- Негізгі міндетім:
- Банктің ұйымдық-құрылымдық басқарушылық деңгейімен таңысу.
- Банктік қағаздармен таңысып, үйрену.
- Банктік операциялармен таңысып, үйрену.
1. «Банк Центр Кредит» АҚ – ның филиалының ұйымдық-құрылымдық және экономикалық жағдайының сипаттамасы
1.1 «Банк Центр Кредит» АҚ ұйымдық сипаттамасы
«Банк ЦентрКредит» АҚ - ғы 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылды және де ол Қазақстандағы ең бірінші коммерциялық банктердің бірі болып табылады.
1988 жылы негізі салынған біздің банк – активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы төртінші банк. Біздің мақсатымыз – шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.
Бүгінгі таңда ЦентрКредит Банкі қаржылық қызметтің толық спектрін ұсынады, қаржылық инжинирингті белсенді зерттеп, оны кеңінен насихаттайды. Біздің банкте ірі коммерциялық компанияларға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға тиісті дәрежеде қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Банктің Қазақстан бойынша кең тараған филиалдық желісі 20 филиалдан, 180 бөлімшеден, 541 банкоматтан және 1 350 pos-терминалдан құралып, клиенттердің барлық қажетті қызмет пен өнімдерге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Үш жергілікті еншілес компаниясы: брокерлік-дилерлік қызмет және активтерді басқару саласында – "BCC Invest" АҚ, лизинг саласында – "Центр Лизинг" ЖШС және зейнетақы қызметі саласында – "Капитал" ЖЗҚ" АҚ, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы еншілес банкі – "Банк БЦК-Мәскеу" ЖШҚ және Қырғызстан мен Украинадағы өкілдіктері бар.
Банктің ұжымы көп ұлтты және 4500-ге жуық адамды қамтиды. Бүгін біз өз жұмысымызда адалдық, кәсібилік, шапшаңдық және қайырымдылық сияқты құндылықтарды жоғары бағалаймыз.
Кукмин Банкі ЦентрКредит Банкінің жарғылық капиталына қосылғаннан кейін 2008 жылдан бастап біздің банк қызмет көрсетудің ғаламдық, сондай-ақ сапалы әрі жаңа деңгейіне қадам басты: алдымыздан тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады. Біз өз клиенттеріміздің бізге артқан сенімін жоғары бағалаймыз және құрмет тұтамыз, өйткені ол экономикалық жандану кезеңінде де, қиыншылық пен ымыраға келу кездерінде де көздеген биік мақсаттарымызға қол жеткізуімізге ықпал етеді.
«Банк Центр Кредит» АҚ – Орал қалалық филиалының ұйымды басқарудың әдістері мен тәсілдері
Филиалыдың менеджменті өз маман иеларінен тұратын ұйымшыл топтан кұралған. Клиенттермен жұмыс жасау ыңғайлы болуы үшін Банкте әр түрлі қызметтерді атқаратын арнайы бөлімдер қарастырылған:
Несиелік бөлім;
Операциялық бөлім;
Валюталық бөлім;
Пластикалық карта бөлімі;
Жинақтау бөлімі;
Касса және т.б.
Әр жұмыскердің пікірін негізге алу ұжымды басқарудағы негізгі бағыт болып келеді.
Жұмыскерлердің көп саны бас банк ұйымдастырған әр түрлі курстар арқылы жетілдіре түсті. Алынған білімдерін өндіріс процесінде қолданып, өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру барысында кеңінен қолдануда.
Тұрғындардың ақша қаражаттарын депозиттерге, салымдарға тарту мақсатында және де Банк қызметтері көлемін өсіру мақсатында 2010 жылы кассалық есеп айырысу бөлімдерін көбейту саясаты жалғастырылды.
Банк басқармасы Банк алдындағы тұрған міндеттерді тиімді шешу – жоғары білікті мамандар және дағдыланған менеджмент негізінде жүзеге асырылады деп есептеледі.
БанкЦентрКредит» АҚ ның ұйымдастырушылық құрылымы.
1 сызба
АКЦИОНЕРЛЕР ЖӘНЕ КАПИТАЛ
2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйібойынша
орналастырылған жай акциялардың
саны 162 456 800 дананы,жай акцияларға
айырбасталатын
артықшылықты акциялардың саны 39 249 255 дананы құрады, жарғылық капитал 69 751 млн теңге сомасында төленді.
ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН АКЦИЯЛАРДЫҢ 5 ЖӘНЕ
ОДАН КӨП ПАЙЫЗЫН ИЕЛЕНЕТІН АКЦИОНЕРЛЕР:
1 сурет
АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДАҒЫ ҮЛЕСІ, %
2013 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАР
БАЙСЕЙIТОВ Б.Р.
37% |
63% |
||
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР | |||
2013 жылғы 1 қаңтарда Банктің меншікті капиталы 137 398 млн теңгені құрады.
1-кесте
МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЛН. ТЕҢГE | ||
жарғылық капитал |
69 751 |
51% |
реттелген борыш |
45 494 |
33% |
мерзімсіз еурооблигациялар |
12 187 |
9% |
резервтер және өткен жылдардағы кіріс |
9 966 |
7% |
«Банк ЦентрКредит» АҚ – ның тарихына із қалдырған ең басты және маңызды жылдарға сипаттама:
1988 жылдың қыркүйегінде
Алматылық Орталықтандырылған кооперотивтік
банк құрылды, ол СССР – дегі
ең алғашқы кооперативтік банктердің
бірі болды.
1991 жылдың тамызында
Банк, өз атын «Қазақстандық Акционерлік
ЦентрКредит» деп қайта тіркелді.
1993 жылдың қарашасында Банк, Қазақстандық Қор Биржасында мүшесі болды.
1994 қыркүйегінде адменистрациялық
агенттік бойынша Шағын және
Орта бизнесті несиелендірудегі
ЕБРР жүйесін қолдануды Қазақстандық
екі банк жүзеге асырды, оның
бірі болып бұл «Банк ЦентрКредит»
болып табылады.
1995 жылдың мамырында
«Chase Manhattan Bank» пен Қазақстан Республикасының
Үкіметтің «Қазақстандық Интернациалдық
Банктің» 100% акция қоржысын сатып
алды.
1996 жылдың маусымында
Банк, Орта Азия мен Қазақстан
бойынша «Western Union» жедел ақша
аудару жүйесінің басшысы болды.Және
осы жылдың қазанында ЕБРР
администрациялық несиелік жүйесі
арқылы, Ақтау қаласындағы теңіз
портын реконструкциялауға 54 милион
АҚШ долларын аударуда, бұл банкке
тіркеуде таңдалды.
1996 жылдың қарашасында «Банк ЦентрКредит» ААҚ – ғы болып қайта тіркелді.
1997 жылдың сәуірінде банк,
«Twinning» программасына Австриялық
«Raiffaisen Investment AG» және Ирландық
«Bank of Irland International Services Ltd» бұлармен
бірге қатысуға бастады.
1997 жылдың мамырында банк
екінші деңгейлі банктердің бірінші
тобына кірді және қазанында
қызмет көрсету жүйесінде банк,
жаңа «Фронт және Бэк – офис»
қызмет көрсету жүйесін енгізді.
1997 жылдың желтоқсанында «Тұрғын үй банк» ЖАҚ - мын жекешелендіру үшін тендрды ұтты.
1998 жылдың сәуірінде банк, «Қазақстандық инвесторлар» альянсы құрамында «Банк ТуранАлем» жекелендіру үшін тендер ұтты.
1998 жылдың шілдесінде банк, «Тұрғын үй банк» ЖАҚ – ғымен бірігу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ – ғы болып қайта тіркелуі аяқталды .
1999 жылдың
сәуірінде «Twinning» программасы
аяқталды.
1999 жылдың
шілдесінде банкке «Thomos BANK WATH»
халықаралық несиелік агенттікпен
бекітілді, олар: – ұзақ мерзімді
заемдар бойынша «В» деңгейін,
бұл деңгей Қазақстанға сай
болып келеді; – қысқа мерзімді
заемдар бойынша LS-3-үшінші интернацианалдық
класс деңгейін, ол қарызды беру
мен сыйақыны төлеуге қызымет
атқара алатынын білдіреді.
1999 жылдың
тамызында банктің акциялары
Қазақстандық Қор Биржасының
«А» деңгейіне ресми түрде
енгізді және осы жылдың қарашасында
банктің «Thomos BANK WATH» халықаралық
несиелік агенствосының деңгейін
растады.
1999 жылдың
желтоқсанында костадианттық қызыметті
жүзеге асыруға лицензиясын алды.
2000 жылдың
ақпанында жеке тұлғалардың салымдарын
міндетті түрде ұжымдық міндетсінуге
(сақтандыруға) деген жүйесіне енді.
Серификат №2.
2000 жылдың мамырында банк, (Participant Member) мүше – қатысушы ретінде Visa International жүйесіне енді, шілдесінде «Thomos BANK WATH» халықаралық несиелік деңгей агенствосымен растады.
2001 жылдың
қыркүйегінде бірінші синдицирияланған
11 миллион АҚШ доллар деңгейінде
заем алды.
2002 жылдың
қыркүйегінде екінші синдицирияланған
15 миллион АҚШ доллар деңгейінде
заем алды.
2002 жылдың
қарашасында халықаралық деңгей
агенствосы «Mody's Investors Service» - пен
«Банк ЦентрКредит » АҚ –
на келесі деңгейлерді енгізді:
BA2 – шетел валютасындағы
банктік депозитті ұзақ мерзімді
деңгейде;
NP – шетел валютасындағы
банктік депозитті қысқа мерзімді
деңгейде;
D – қаржылық тұрақтылықтың деңгейі.
Барлық « тұрақты (стандартный) » деңгейлерін болжау.
2002 жылдың
желтоқсанында «Тез аудару» жүйесінде
«Банк ЦентрКредит» АҚ – ғы
«Қазақстан Республикасындағы ең
тез ақша аударымдары» деген
номинациясында бас жүлде алды.
2003 жылдың
сәуірінде «Fitch» деңгейлі агенствосы
«Банк ЦентрКредит» АҚ – ның
ұзақмерзімді деңгейлерді « В
- » бастап «В +»- ке дейін үлкейтті.
2003 жылдың
мамырында «Банк ЦентрКредит»
АҚ – мы «Серебренная пружина»
жүлдесі мен «Жаңа есім жаңа
үлгі» грамотасымен марапатталды,
сонымен қатар мамырында Шағын
және Орта бизнестерге Банктің
жолдауы. Кәсіпорындардың қаржылық
тазалығын жоғарлатуы, ол ең басты
бұл секторды несиелендірудегі
мақсат болып табылады.
2003 жылдың тамызында «Банк ЦентрКредит» АҚ – ғы өзінің Білім Орталығын ашты, тамызында банк, American Express төлем карточкалары жүйесін таратуға бастады.
2003 жылдың қыркүйегінде Банктің құрылуына 15 жыл болды, мейрамға орай «Надежность, потверджденная годами» изданиясын шығарды.
2003 жылдың
қыркүйегінде банк, « Кәсіпорындардың
қаржылық тазалығын жоғарлатуы
шағын және орта бизнесті несиелендіруге
ең басты факторы болып табылады»,
бұған сонымен қатар мемлекеттік
және қаржылық институтар, ғалымдар және
бизнесмендер де қатысты.
2003 жылдың қазанында ЕБРР (ПКМБ) жүйесі бойынша шағын және орта бизнесті несиелендіруде, 2003 жыл бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ – мы Қазақстандағы ең тез, дннамикалық түрде дамып жатқан банк болып табылды.
2003 жылдың
қазанында синдикатталған шетел
банктен 36 миллион АҚШ доллар көлемінде,
бір жылға және тағы бір жылдық опцион
көлемінде жаңа заем берді.
2003 жылдың
қарашасында Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылығының Министерствасымен
«Фонд гарантирования обязательств
по зерновым рискам » АҚ
–мен Европалық даму және реконструкциялық
банк «Банк ЦентрКредит» бірге агро өнімдерін
несиелендіру проектісін жүзеге асыруға
бастады.
2003 жылдың қарашысында ЕБРР мен бірге келісім – шартқа қол қойылды, онда шағын және орта бизнесті несиелендірудің барлық этаптарына 10 миллион доллар көлемінде заем беруге келісті. Банк жүйесінде несие тәуекел Департаменті, шағын және орта бизнесті несиелендіру Департаменті және Бэк – офистің монетарлық операцияларды басқару Департаменті құрылды. Нарықты зерттеу Европалық Центрі беделді құрылымы «Банк ЦентрКредит» ААҚ – ды « Премия Евромаркет – 2003 » премиясында «Шағын және орта бизнесті несиелендірудегі ең мықты банк» номинациясын алды. Голландтық FMO даму банкісі және германдық DEG даму банкісімен бірге 8 миллион АҚШ доллар көлемінде 5 жылға несиелендіруге келісімге қол қойды
2004 жылдың қаңтарында «Эксклюзив» аналитикалық журналдың зерттеу көрсеткіштеріне байланысты «Банк ЦентрКредит» АҚ – мы Қазақстандық ең жоғары беделді коммерциялық банктердің рейтингі ішінде екінші позициясына ие болды.
2004 жылдың ақпанында «Клуб –500» жарыс ішінде Тараз қаласындағы бөлімшесі, «Western Union» жүйесінде клиенттерге қызымет көрсету сапасы бойынша бесінші орын алды, бұл жарыс әлемнің бес орталықтарында және 500 алда жамып келе жатқан компаниялар арасында өткізілді.
2004 жылдың
наурызында корпоротивтік клиенттерді
қаржыландыру үшін банк, екі синдицираланған
заемды тартты, олардың жалпы
соммасы 24 миллион АҚШ долларын құрады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ғы мемлекеттік
тілді қаржы саласында дамытуға және енгізуге
байланысты конференцияны ұйымдастырды
және өткізді .
2004 жылдың мамырында «Mody's Investors Service» халықаралық рейтингтік агенствосы банктің шетел валютасындағы депозитті «ВаІ» дейін , ал қаржылық тұрақтылықтың болжау рейтингін «Д – »- ке дейін ұзақмерзімді рейтингісіне ұзартты.
2004 жылдың
маусымында халықаралық коммерциялық
банктердің (21) тендерге қатысқандардың
ішінде, Банк үшін ең үлкен, ең
көлемді синдицираланған заемды
тартты, оның жалпы соммасы болып
45 миллион АҚШ долларын құрды.
«Банк Центр Кредит» АҚ экономикалық жағдайы
«Банк Центр Кредит» АҚ заңды тұлға болып табылмайды және филилал туралы ереженің негізінде әрекет етеді, өзінің атымен штамптардың түрлері, мөрі бар. Банктің филиалы өзінің қызметіне байланысты шешімдері қабылдау кезінде жергілікті банктік органына тәуелсіз.
Банктің стратегиясы банктің қызмет көрсету және басқада қаржылық өнімдерді ұсыну саласында жоғары позицияларға жетуге мақсатталған.
2-кесте
«Банк Центр Кредит» АҚ активтерінің құрылымы:
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. | |
|
ЖІӨ, МЛРД.ТГ. |
17008 |
21816 |
27572 |
30073 |
|
АКТИВТЕР МЛРД.ТГ. |
11557 |
12031 |
12818 |
13880 |
|
ЖІӨ-АКТИВТЕР, % |
68,0 |
55,2 |
46,5 |
46,2 |
|
ЖІӨ-НЕСИЕЛЕР, % |
56,7 |
41,6 |
38,0 |
38,8 |
|
ЖІӨ-КАПИТАЛ, % |
5,8 |
6,0 |
4,7 |
6,7 |
|
ЖІӨ-ДЕПОЗИТТЕР, % |
35,3 |
31,3 |
28,3 |
28,4 |
Республикамыздың банк секторыныңжиынтық активтері 2011 жылы 12 817,9 млрд. теңгені құраса, 2012 жылы 8,3%-ға артып, 13 880 млрд теңгені құрады. Алдыңғы 4 жылдағыдай, 2012 жылы да жиынтық активтердің ЖІӨ-ге қатынасының төмендеу үрдісі жалғасуда (46,2%). Өткен жылы экономиканы несиелеудің өсімі13,4%-ды құрады. Екінші деңгейдегі банк-тердің несие портфелі жыл басынан бастап 1 185,1 млрд. теңгеге немесе 11,3%-ға артты. Сала-салаға бөлгенде, банктердің экономиканы несиелеудегі едәуір сомасы сауда (20,1%), құрылыс (14%), өнеркәсіп (12%) және ауыл шаруашылығы (3,2%) салаларына тиесілі. Банктердің жалпы портфеліндегі стандарт қарыздар 615,3 млрд теңгеге артты (23%), күмәнді қарыздар 409,4,1 млрд теңгеге кеміді (-7,5%), үмітсіз қарыздар 979,2 млрд теңгеге артты (42,4%). Уәкілетті органның талабымен қарыздар бойынша қалыптастырылған провизия 642,4 млрд теңгеге (19,1%) артты.
2-сурет
«Банк Центр Кредит» АҚ міндеттемелерінің құрылымы:
ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2012 жылы 360 млрд теңгеге немесе 3,1%-ға артты. Міндеттемелердің құрылымында заңды тұлғалардың салымы 85 млрд теңгеге немесе 1,7%-ға және жеке тұлғалардың салымы 651 млрд теңгеге немесе 23,6%-ға артты. Еншілес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары 1 млрд теңгеге кеміді.
2013 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша коммерциялық банктердің
жиынтық міндеттемелері 3,1%-ға артып, 11875 млрд теңгені құрады, оның ішінде бейрезиденттер алдындағы міндеттемелер 27,8%-ға кеміп, 1 637 млрд теңгені құрады.
2012 жылы шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес Банктің активтері 0,5%-ға артып, 1 087,8 млрд теңге деңгейіне жетті. Қазақстанның банктік жүйесінің жиынтық активтеріндегі ЦентрКредит Банкі актив-
терінің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға төмендеп, 7,7%-ды құрады. Бұл ретте Банк активтерінің мөлшері бойынша 4-ші позициясын сақтап қалды.!( 3-сурет)
3-сурет
Активтер өсімі.
Несие портфелінің құрылымы
Есепті кезең ішінде Банктің несие портфелі 851,9 млрд теңгені құрады, яғни бір жыл ішінде 5,7%-ға артты. 2012 жылы Банктің ірі бизнеске берілген
қарыздары несие портфелінің елеулі үлесін – 41%-ын құрады. Бұл ретте экономиканың ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырудың деңгейі табиғи төмендесе, экономиканың мұнай-газ, сауда және құрылыс сияқты салаларында Банк өз белсенділігін сақтап отыр. Банктің шағын және орта бизнес сегментіндегі қарыздары несие портфелінің 23%-ын құрайды.
Өз кезегінде Банк 2012 жылы бөлшекті несие беру көлемін 7,6%-ға арттырды, Банктің несие портфеліндегі бөлшекті несиелердің үлес салмағы 36%-ды құрады. Қазіргі күні бөлшекті несиелерге деген елеулі сұраныс
байқалып отырғандықтан, Банк 2013 жылы бөлшекті несие портфелін 12%-ға ұлғайта отырып, бөлшекті бизнес сегментін нығайтуды көздеп отыр.
4-сурет
Несие портфелінің құрылымы
Банк Қазақстанда әрекет ететін қысқа мерзімді несиелендіру саудалық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, шағын және орта бизнестерді несиелнедіру сияқты бірнеше бағыттарда жұмыс жасайтын ірі және орта Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындар мен транспорттық компанияларда қызмет көрсетеді. Бұнымен бір мерзімде банк тұтынушылық және ипотекалық несиелендіруді, несиелік карталар бойынша несиелендіруді, сонымен бірге шағын және орта бизнесті несиелендіруді жүзеге асырып, жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банк негізінен жеке секторды несиелендіреді.
Экономикалық салалары бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ ссудалық протфельінің құрылымы 2012 жылы «Банк Центр Кредит» АҚ ссудалық портфельділігі көпшілік үлесті ауылшаруашылығына, саудаға және азық түлік өнеркәсібінен ссудаларды алады. Ауылшаруашылықта ресурстардың үлесі жыл сайын өседі, бұл республикада ауыл жылы болып хабарлауына байланысты ауылшаруашылығының қалыптасуымен байланысты. 2012 жылы банк мұнай газ өнеркәсібін, құрылысты, қонақ үй секторын несиендіру көлемін көтеруді жалғастырды.
3-кестеде көрсетілгендей, 2010 жылы операцияларлық шығындар 7%-ға, 2011жылды 2010 жылмен салыстырғанда 31% ға және 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы қызметкерлердің санының 11776 адамға өсуімен байланысты еңбек ақыға шығындардың есебінен 30%- ға өсті. Сонымен қатар операциялық шығындар негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің өсуімен байланысты амортизациялық аударымдардан өсті. 2012 жылы демеушілікке және қайрымдылық көмек 10%-ға және 2011 жылы 9%- ға төмендеді.
Операциялық шығындар банктің кірістері мен шығындарының құрамында статьялардың тек бір бөлігін құрастырады.
3-кесте
«Банк Центр Кредит» АҚ операциялық шығындары
Шығындардың атауы |
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж | |||||
Млн теңге |
Құрылымы |
Млн теңге |
құрылымы |
Млн теңге |
құрылымы |
Млн теңге |
құрылымы |
Млн теңге |
құрылымы | |
Еңбек ақы бойынша шығындар |
1,120 |
59,6 |
1,320 |
62,5 |
1,427 |
62,6 |
1,773 |
59,4 |
2,225 |
57,8 |
Салықтар және жинақтар |
0,117 |
6,2 |
0,192 |
5,7 |
0,146 |
6,4 |
0,258 |
8,6 |
0,321 |
8,3 |
Амортизация |
0,121 |
6,4 |
0,131 |
6,2 |
0,137 |
6,0 |
0,219 |
7,3 |
0,338 |
8,7 |
Жарнамаларға шығындар |
0,101 |
5,3 |
0,110 |
5,2 |
0,115 |
5,0 |
0,120 |
4,0 |
0,129 |
3,3 |
Жалға беру және күзетке шығындар |
0,064 |
3,4 |
0,070 |
3,3 |
0,077 |
3,3 |
0,077 |
3,3 |
0,118 |
3,9 |
Іс сапар шығындары |
0,037 |
1,9 |
0,043 |
2,0 |
0,046 |
2,0 |
0,051 |
1,7 |
0,076 |
1,9 |
Байланыс қызметтері |
0,069 |
3,6 |
0,071 |
3,3 |
0,080 |
3,5 |
0,092 |
3,0 |
0,234 |
6,0 |
Демеушілік және қайрымдылық көмек |
0,130 |
10,1 |
0,175 |
8,2 |
0,169 |
7,4 |
0,154 |
5,1 |
0,140 |
3,6 |
Басқада шығындар |
0,060 |
3,1 |
0,069 |
3,2 |
0,081 |
3,5 |
0,199 |
6,6 |
0,254 |
6,6 |
Барлығы |
1,879 |
100 |
2,111 |
100 |
2,278 |
100 |
2,984 |
100 |
3,844 |
100 |
4-кесте
«Банк Центр Кредит» АҚ -ның кірістерімен шығындарының көлемі мен құрылымы
Атауы |
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
Пайыздық кірістер |
934591 |
1017659 |
2840646 |
487784 |
5527487 |
Пайыздық шығындар |
899751 |
1201,134 |
(1,608,259) |
(2,298,014) |
3,412010 |
Резервтерді қалыптастыруға дейінгі таза пайыздық кірістер |
831625 |
997256 |
1232387 |
2579770 |
3637521 |
Ссудалар бойынша мүмкін жоғалтуларға резервтер |
189222 |
285349 |
(351,670) |
(1,037,084) |
1799287 |
Таза пайыздық емес шығындар |
455083 |
613534 |
880,717 |
1,542686 |
2386119 |
Операциялық кірістер |
1113403 |
1757349 |
2,217,752 |
3130933 |
4226547 |
Операциялық шығындыр |
1,876122 |
2,110005 |
2,178949 |
2984000 |
3,843958 |
Басқа операциялар бойынша резервтерді қалыптастыруға дейінгі пайда және салық |
154301 |
197541 |
213647 |
813884 |
999375 |
Басқада операциялар бойынша жоғалтуларға резервтер |
18,228 |
24584 |
(32348) |
144,879 |
254931 |
Салық салуға дейінгі пайда |
110124 |
154348 |
190,438 |
666,468 |
829675 |
Пайдаға салық |
_ |
_ |
_ |
(32735) |
_ |
Таза пайда |
109114 |
153328 |
190384 |
645831 |
821754 |
4-кестеде көрсетілгендей, 2012 жылы клиенттерді несиелендіруден алынған табыстарды пайыздық кірістер құрылымында біріктір еді. 2012 жылы оның үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 13%- ға өседі, бұл банктің ссудалық портфельдің өсуіне байланысты. 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 71%-ға жетті. 2012 жылы пайыздық шығындар 2011 жылмен салыстырғанда 48%-ға , 2008 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 42% - ға өсті, бұл пайыздың міндеттемелердің өсуіне және оның құнының төмендеуіне, сонымен қатар бірге мерзімді депозиттердің үлесінің өсуіне негізделді. 2012 жылы таза пайыздық емес кірістер 1931 млн теңге құрады, 2011 жылдан 21%-ға жоғары. 2011 жылы 2010 жылға қатынасы бойынша өсу қарқыны18%- ға жоғарлады. Өсім негізінен көрсетілген қызметтер мен комиссиондық жинақтардан есептік кассалық қызметі валюталық операциялардың анықталған табыстардың өсуінің есебінен жүргізіледі.

- Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау
- Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
- Коммерческая деятельность
- Коммерческая деятельность в розничных торговых предприятиях
- Коммерческая деятельность в розничных торговых предприятиях
- Коммерческая деятельность некоммерческих организаций
- Коммерческая деятельность по закупке сырья и материалов
- Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары
- Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
- Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)
- Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары және олардың дамуы
- Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары
- Коммерциялық банктердің қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру
- Коммерциялық банктердің қызметіндегі стратегиялық басқарудың теоретикалық негіздері