Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары

Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................................3

  1. Коммерциялық банктер және олардың қызметінің мәні мен  теориялық аспектілері....................................................................................................................5

1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі мен жағдайы..........................7

1.2 Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары..........10

1.3 Коммерциялық банк қызметтерінің принциптері............................................12

II.Қазақстан Республикасында дамыған коммерциялық банктердің нарықтағы орны, қызметтері және бәсекелестік деңгейі..............................................................

2.1 Қазақстан Республикасындағы  банктердің экономикалық жағдайларын  салыстыру...................................................................................................................12

2.2 Қазақстандық банк қызметтерінің  артықшылықтары.....................................18

2.3  Қазақстандағы коммерциялық  банктердің даму стратегиясы  мен бәсекелестік деңгейі..................................................................................................25

III. Банк қызметін кеңейту арқылы коммерциялық банктердің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары.................................................28

3.1 Коммерциялық банктер  бәсекесінің қазіргі заманға сай ерекшеліктері және табысты арттыру  жолдары мен модельдері...........................................................28

3.2 Қазақстандағы банк  қызметтерінің даму перспективалары  мен жаңашыл (инновациялық) технологиялар  енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін  арттыру жолдары......................................................................................................................32

3.3 Жаһандану  жолындағы банк жүйесінің бәсекеге  қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................35

Қорытынды.................................................................................................................39

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

           Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің келешек уақытқа даму жорамалы банк ұйымының  бәсеке және бәсекеге қабілеттілік өзектілігін көрсетеді. Банк бәсекесі  және банктердің бәсекеге қабілеттілігі – бұл табысты  және динамикалық  дамуының банк болудағы ең негізгі мақсаттың, яғни ойға қоңымды тәуелденген максималды пайда табудағы  ең негізгі фактор. Әр банк дамыған банк атануға тырысады. Контрагеттерге  және де клиенттерге өтемді және көп қызықтыратын бағдарламалар дайындау: банк жүйесінің стратегиясының дамуы; жан-жақты да, жаңа өнімдер ұсынысы; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен нормаларды қадағаланып, оның жүзеге асырылуы; банк жарнамасы және банктік қызмет; шұғыл да, тез жұмыс атқарылуы; клиенттермен жұмыс атқарушы менеджердің мамандылығы және т.б. – бұлар банктік бәсекелесті көтерудегі басты міндеттер. Алға қойған мақсаттарымызға бәсекелі экономикамыздың арқасында жетеміз. Алдымен банк бәсекелестігін экономикалық категория ретінде анықтау үшін ең алдымен орынды бәсеке түсінігін тәжірибелі қолдануылуын және банк бәсекесінің зерттеу тәжірибесінде қарау қажет.

          Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін өндіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.

Өзінің  қызметі барысында банк әр түрлі  аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді. Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.

         Бұл курстық жұмыс коммерциялық банктердің атқаратын қызметтерінің мәні мен операцияларын және банк қызметін арттыру арқылы оның бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын арттыру жолдарын қарастырады.

           Осыған байланысты бұл курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі банк қызметтерін, оның аспектілерін, мәнін, комерциялық банктер қызметінің жіктелуін және қазіргі таңда дамыған банктердің қызметтерін талдап, артықшылықтарын көрсету болып табылады. Сонымен қатар банк қызметтерінің қазіргі жағдайы мен перспективаларына талдау жасау.

Курстық жұмысымның міндеттері :

1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі мен жағдайын қарастыру

2 Коммерциялық банк қызметтерін талдау

3 Қазіргі таңдағы ҚР-ғы дамыған банк қызметтеріннің артықшылықтары мен даму стратегиясын көрсету

4 Банк қызметтерін кеңіту арқылы коммерциялық банктердің бәсекеге қабілеттілігін және табыстылығын арттыру жолдарын ұсыну

5 Жаңашыл технологиялар  енгізу арқылы банк қызметтерінің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру  жолдарын қарастыру

          Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

       Бірінші бөлімде ҚР-ң коммерциялық банктері және олардың қызметінің мәні мен теориялық аспектілері  жайлы сөз қозғалады.

       Екінші бөлімінде ҚР-да дамыған коммерциялық банктердің нарықтағы орны мен қызметтері талқыланады.

      Ал, үшінші бөлімінде  банк қызметін кеңіту арқылы коммерциялық банктердің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары қарастырылады.

 

1       ҚР-ң коммерциялық банктері және олардың қызметінің мәні мен теориялық аспектілері

    1. Қазақстандағы коммерциялық банктердің экономикалық рөлі мен жағдайы

 

       Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүддерлерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді[1].

          Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер. Ал қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.       Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр[2].

Коммерциялық  банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1 Жарғылық капиталдың  қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2 Операцияларының  түрлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3 Аумақтық белгісіне  қарай:

  • халықаралық;
  • мемлекетаралық
  • ұлттық;
  • аймақтық;

4 Салалық белгісіне  қарай:

  • өнеркәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауыл шаруашылық банктері;
  • құрылыс банктері;
  • басқа.

5 Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз;
  • көп филиалды.

Қазіргі таңдағы  Қазақстандағы коммерциялық банктердің экономикалық жағдайына талдау жасау  үшін, ең алдымен банк секторыныың  құрылымын қарастырып өтейік.

 

Кесте 1. Банктік  сектордың кұрылымы


Банктік сектордың  кұрылымы

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Екінші деңгейдегі банктер саны

35

34

35

34

33

35

37

38

38

39

ЕДБ-дің филиалдар  саны

426

418

400

368

355

385

418

324

352

379

ЕДБ-дің шетелдегі  өкілдіктерінің саны

2

5

7

9

10

11

17

22

17

14


 

90-жылдың басында  банктердің саны 200-ден асты, әрине  бұл, олардың экстенсивті жағынан  дамуын сипаттаса, 95-жылдың орта  кезінен бастап 2000 жылға дейін  Халықаралық стандартқа өтуі барысында банктеріміздің саны бірден кысқарды, әрине бұл құбылысты, олардың интенсивтік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады.

       Жалпы банктердің 90%-ының бір ірі  қалада болуы банк капиталының  республиканың өзге өңірлерде  дұрыс бөлінбеуіне ықпал етуін көрсетеді. Банктердің тек Алматы қаласында шоғырлануы, оның бұрынғы астана, қазіргі қаржы орталығына айналу себебіне байланысты болып отыр.

Менің  ойымша, банктердің қатарында бүгінгі күні өңірлік банктер жетіспейді, қазіргі  банктердің өңірлерде филиалдарын ұстауы аймақтардың экономикалық жағынан толық қамтамасыз ете алмайтыны сөзсіз, сондықтан ендігі жерде өңірлердің өз банктерінің ашылу мәселесін шешу қажет.

          Халықаралық сарапшылардың бағалауынша 16 млн. халқы бар ел үшін 39 банк көптік жасайды екен. Отандық банктердің сыртқы экономикалық қызметін кеңейтудің бір жолы болып шетелдерде және ТМД елдерінде өкілеттіктері мен еншілес банктерін ашу болып табылады. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің 14 өкілдіктері республикамыздан тысқары жерлерде қызмет етуде.  2009 жылы «АСҚ банкі» АҚ-ның Ресей Федерациясында және «Альянс Банк» АҚ-ның Қырғызстанда еншілес банктері ашылды. Осындай тәсілмен, 2006 жылы Қазақстанның 4 коммерциялық банкінің көрші мемлекеттерде орналасқан 5 еншілес банкі пайда болды[2].

         Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің табыстары мен рентабельділігін төмендегі кестеден (Кесте 2.) көре аласыздар.

 

   Кесте 2. Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі

Көрсеткіштер

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2010

2011

Таза пайда млрд теңге

7,1

7,4

20,6

30,1

34,9

53,1

127,5

266

ROA, %

1,3

0,9

1,8

1,8

1,2

1,8

1,4

2,3

ROE, %

7,3

6,1

12,8

13,5

9,2

14,1

14,6

18,6


 

   Яғни, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің табыстары мен рентабельділіктерінің жыл сайын артып келе жатқандығына қарай отырып, банктердің экономикалық  жағдайы жақсарып келе жатқандығын көруге болады.

 

    1.  Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары

 

      Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне кызмет көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті Банк операциясы - клиенттің үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция) іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды[1].

Коммерциялық  банктер негізінен өз клиенттерінің шарушылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

«Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызметі  туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

- ақылы негізде депозиттерді тарату;

- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық кызмет көрсету;

- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке түлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • заңда керсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттермелерді);

- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

- ақшалай нысанда орындауды қарастыратъш үшінші тұлғалар үшін

кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;

- тауар тасымалын талап ету құқығын, сатып алу және қызмет көрсету, 
 - осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

- банктік   операциялар   бойынша   брокерлік   қызметтерді   көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

- клиенттер  үшін құжаттар мен бағалылықтарын  сақтандыру бойынша қызметтер  (сейфтік бизнес);

- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқысыз (форфейтинг);

- клиенттердің   тапсырмалары   бойынша   сенімдік   операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару); банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; лизингтік операцияларды жүзеге асыру[2].

Ұлттық  банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты кызметтерді көрсету (инкассация).

Осы операцияларды топтай отырып, олармен  атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

  • уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
  • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық   қызметті;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

     Қазіргі  кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге  бұрынғыша салымдар тарту мен  қарыздар беру жатады. Банктер  өз пайдаларының көп бөлігін  осы операциялар бойынша пайыздық  айырмадан алады. Бірақ осы  екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін[2].

    

 

 

     Коммерциялық  банктің операцияларын 3 топқа  бөліп қарастырып, қысқаша кесте  түрінде (Сурет 1.) қарастырып өтеміз.

    Сонымен қатар, несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар[2].

 

 

Сурет 1. Коммерциялық банк операцияларының негізгі құрылымы

  • қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту;
  • қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;
  • басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.



 

Пассивті операциялар (тартылған  қаражаттар)




 

 

 

 

Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру)




 

 

  • банктердің өз шотына және пайдасына жүргізілетін операциялар;
  • клиенттердің шоттарына және олардың қажеттіліктері бойынша жүргізілетін операциялар.



 

 

 

 

  • клиенттердің қажеттіліктері бойынша және комиссиялық бастама негізінде (таза банктік қызмет көрсетулер) жүргізілетін операциялар.



 

Активті-пассивті  операциялар (комиссиялық делдал)




 

 

 

 

     

         

 

 

 

 

 

    Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.

     Трасталық  операциялар. Коммерциялық банктер  өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін  қабылдап, өздерінің жеке және  корпаративті  клиенттері үшін  әр түрлі  қызметтер орындайды.  «Траст» - сенім дегенді білдіреді.  Капитал иесі өз капиталын  басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады[3].

     Сонымен, банк клиенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында, коммерциялық банктер әр түрлі қызметтер атқарады. Соған байланысты банк қызметтерін кеңейту өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Тек сондай жағдайда ғана банк бәсекеге қабілетті бола алады.        

 

1.3  Коммерциялық  банктер қызметінің принциптері

 

         Коммерциялық банк қызметінің алғашқы және негізін қалаушы принципі нақты бар ресурстар шегіндегі жұмыстар болып табылады.

Нақты бар ресурстар  шегіндегі жұмыстар коммерциялық банктің тек қана өз ресурстары мен несиелік салымдарының арасындағы сандық сәйкестігіне ғана емес, сондай-ақ оның ресурстарының жұмылдыру ерекшелігіне банктік активтер сипатының сәйкестігіне қол жеткізуі тиіс екендігін білдіреді. Ең алдымен, ол оның және басқалардың мерзімдеріне қатысты. Сонымен, егер банк басты түрде қысқа мерзімдерге қаражат тартатын болса, ал оларды ұзақ мерзімді несиелерге салатын болса, онда таралуына қауіп төнеді. Банк активтерінде жоғары тәуекелді несиелер санының көп болуы банктен оның ресурстарының жалпы көлемінде өз қаражатының басым көпшілігін ұлғайтуды талап етеді[4]. 

        Коммерциялық банктер қызметі негізделетін екінші маңызды принцип өз қызметінің нәтижелері үшін банктің экономикалық жауапкершілігін білдіретін экономикалық дербестік болып табылады.

Экономикалық  дербестік банктің өз қаражатын  және тартылған ресурстарды еркін  иемденуін, клиенттер мен  салымшыларды еркін таңдауын, банк табыстарын иемденуін  білдіреді. Қолданыстағы заңнама барлық коммерциялық банктерді өз қорлары мен табыстарын  иемденуге экономикалық еркіндік береді. Салықты төлегеннен кейін оның иелігінде қалатын банк табысы акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес бөлінеді. Ол банктің әр түрлі қорларға аудару нормалары мен мөлшерлерін, сондай-ақ акциялар бойынша дивиденттер мөлшерін белгілейді. 

Үшінші принцип  коммерциялық банктің өз клиенттерімен  қарым-қатынасы әдеттегі нарықтық қатынастар сияқты құрылатындығын білдіреді. Несиелер бере отырып, коммерциялық банк, ең алдымен, табыстылықтың нарықтық шарттарынан, тәуекелділік пен таралымынан шығады.  

       Коммерциялық банк жұмысының төртінші принципі оның қызметін реттеу тек қана жанама экономикалық (әкімшілік емес) әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін екендігін білдіреді.  Мемлекет коммерциялық банктер үшін тек қана «ойын ережесін» анықтайды, бірақ оларға бұйрық бере алмайды. 

      Коммерциялық банктердің бірінші міндеті – шаруашылықтағы жинақтарды ынталандыру. Коммерциялық  банктер қаржылық нарықта несиелік айтыстарға түсе отырып, қолда бар шаруашылық жинақтарды барынша жұмылдырып қана  қоймай, сонымен қатар қаражатты жинақтауға ынталандырудың  қажетті тиімділігін қалыптастыруы керек. Қор жинауға және ақша қаражатын ынталандыру коммерциялық банктердің икемді  депозиттік саясаты негізінде қалыптасады. Банк несиешілеріне салымдар бойынша төленетін жоғары проценттерден басқа, банкте жиналған қорларды сақтау орындарының беріктігі жөнінде жоғары  кепілдік қажет. Кепілдікті жасау болып банк мекемелерінің активтерін коммерциялық банктерде сақтандыру қорларын қалыптастыру болып табылады.

          Банктердің екінші міндеті – жекелеген дербес субьектілер арасындағы төлемдерде дәнекер болу. Қор нарығының қалыптасуына байланысты банктердің құнды қағаздармен операцияларда дәнекер болу сияқты да міндеттері  дамуда.

 Банктер  құнды қағаздар нарығында дәнекер  ретінде; инвестициялық кеңесші;  инвестициялық компанияның және  инвестициялық қордың жұмысын  іске асыра алатын инвестициялық  институттар ретінде жұмыс жасауға  құқылы. Қаржылық брокер  ретінде  жұмыс жасауда банктер клиент есебіне және тапсырмасы бойынша комиссия келісімі немесе тапсырысы негізінде құнды  қағаздарды сатып алу-сатуда дәнекер міндеттерін орындайды.

Инвестициялық кеңесші ретінде банк өз клиенттеріне құнды қағаздардың шығуы және айналысы бойынша кеңестік қызмет  көрсетеді. Егер банк өзіне инвестициялық компанияның рөлін алса, ол онда құнды қағаздарды шығаруды және оларды үшінші адамның пайдасына орналастыру бойынша кепілдік беруді ұйымдастырады; құнды қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып алу-сату, оның  ішінде құнды қағаздарды баға кесу жолымен, яғни, өзі сататын немесе сатып алуға міндеттелетін белгілі бір құнды қағаздарға  «сатушы бағасы» және «сатып алушы бағасы» етіп хабарлайды[6].

Банк өз қорын  құнды қағаздарға өз атынан салғанда мұндай орналастырудағы барлық қауіптер, сатып алынған құнды қағаздардың нарықтық бағасының өзгеруінен болған барлық пайда  мен шығындар банк акционерлерінің есебіне енсе, ол инвестициялық қор ретінде жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2      Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің нарықтағы орны мен қызметтері

2.1        Қазақстан Республикасындағы дамыған банктердің экономикалық жағдайларын салыстыру

 

ҚР банк жүйесінің  даму қарқыны соңғы 10 жылда көптеген сарапшыларды ойландырып отыр. Қаржы  секторының өсуі елдегі ЖІӨ өсу деңгейінен алда, жыл сайын 10%-ға қарсы 30-40% көрсеткішіне ие. Тұрғын ел депозиттері іс жүзінде 10 есеге өсті.

Қазіргі таңда  Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 39 банк бар, салыстыру үшін 90-жылдардың  басында 230 банк болған, олардың 16-сы еншілес шетел банкі де, екеуі мамандандырылған мемлекеттік банк болды. Осылайша, қазақстандық коммерциялық банктер саны – 17.

Мемлекеттің экономикалық стратегиясын іске асыру, қаржыны экономиканың нақты секторын дамыту, түрғын ел жағдайын көтеру, тұтынушылық мәдениетті, банк қызметінің жаңа технологияларын дамытуға жұмсау мен қайта бөлуде коммерциялық банктерге көп мүмкіндік береді. Қазақстан банктері соңғы жылдары шағын және орташа бизнес пен жеке нарық салаларына басым көңіл бөлуде. Бұл ірі корпоративті клиенттердің іс жүзінде өспейтіндігімен түсіндіріледі, бұл кезде тұрғын елдің табыс деңгейінің өсуі тауарларға, жылжымайтын мүлікке, қайта көшіру құралдарына деген сұраныстың өсуіне әкеледі, ал мемлекеттің шағын және орташа бизнесті дамыту бойынша саясаты банктің банкпен бірге өсуге қабілеті әлеуетті клиенттері санының өсуіне әкеледі. Яғни коммерциялық банктер осы нарықтарды меңгеру жағына өздерінің бар күш-жігерін салады[9].

Қазақстанда банктің  жеке өнімдер нарығы белсенді дамып  келеді. Мұның алғышарттары қанағаттандырылмаған тұтынушы сұранысы, несие мекемелері арасындағы қатаң бәсекелестік күрес, банк қызметін диверсификациялау қыжеттігі болды. Осылайша, Қазақстан банк жүйесі кейбір көрсеткіштер бойынша ТМД елдеріндегі банк жүйелерінің даму деңгейінен алға шығып, өз дамуында айтарлықтай нәтижелерге жетті.

Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары