Нарықтық ортадағы кәсіпорын

  1. Тақырып  НАРЫҚТЫҚ ОРТАДАҒЫ КӘСІПОРЫН

ЖОСПАР

  1. Кіріспе. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
  2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
  3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
  4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару

 

1.Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері

         

          Кәсіпорында қоғамға қажетті  өнім шығарылады және қызмет  көрсетіледі. Бұл жерде ресурстарды  үнемдеу, алдыңғы қатарлы техника  мен технологияларды қолдану  сұрақтары шешіледі, шығындар азайтылады, жоспарлар құрылады, маркетинг қолданылады  және менеджмент жүзеге асырылады.

          Бұлардың барлығын іске асыру  үшін терең экономикалық білім  қажет. Бұндай бәсекелсетік күресте  кім нарық талабын жетік анықтаған  болса, кім өндірісті дұрыс  ұйымдастырады және құрады, табыс  табады сол жеңеді.

Бұл міндеттер орындалады, егер кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік негізін жақсы игерген  болсаңыз.

            Кәсіпорын экономикасы – бұл өндіріс факторларының (меншік және жалға алынған), айналым қорларының, дайын өнімнің, кәсіпорын банкінің шотында жатқан ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, материалды емес активтердің, пайда немесе табыстардың жиынтық факторлары.

             Кәсіпорынның қызмет етуі өзінің  даму жолдарын іздеу болып  табылады, яғни кәсіпорын осы  нарықта тұрақты болып қана  қоймай сонымен қатар өз экономикасын  дамытуы керек:

  • өндіріс қорытындысы мен шығындар арасында оңтайлы қатынастары болуы керек;
  • капиталдың жаңа түрлерін іздестіру;
  • өнімді сатып алушыға жеткізудің жаңа тиімді жолдарын іздестіру керек.

       Кәсіпорын  экономикасының оқу пәні үй  шаруашылығы мен кәсіпорындағы  шаруашылық қызмет болып табылады, ол шектеулі ресурстарды қолдану  жайлы шешім қабылдау ретінде  анықталады.

      Курстын міндеттері:

  • Кәсіпорынды нарықтық ортада қарастыру;
  • Кәсіпорынның өндірістік мен өндірістегі құрылымын қарастыру;
  • Кәсіпорынның кадрлар құрылымын, еңбектін мөлшерленуі мен өнімділігін және еңбек ақының төленуін қарастыру;
  • Кәсіпорынның қызметінің жоспарлауын зерделеу;
  • Кәсіпорынның мүлігін анықтау, яғни негізгі және айналым қорларын, айналым қаражатын, оның түрлері мен тиімді пайдалану бағытын қарастыру;
  • Кәсіпорынның  шығыны мен оларды төмендету бағыттарын зерделеу.

 

2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде

       

            Елдің қоғамдық өндірісінің мақсаты - азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру. Оған жету үшін өндіріс жүзеге асырылады. Бұл жағдайда маңызды ролді кәсіпкерлік атқарады, ол адамдардың пайда алу үшін өз ерікті, инициативалық қызметі. Кәсіпкерліктің мақсаты пайданы максималдандыру.

Қоғамдық өндіріс пен  кәсіпкерліктің мақсаттары әр-түрлі, бірақ  мақсаттарына жету құралдары бір  – ол кәсіпорындарда тауар өндіру мен қызмет көрсету. Тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіре отырып кәсіпкер өзінің  және қоғамның мақсатына  жетеді.

          Кәсіпорын - заңды тұлға құқығы бар, өз мүліктік қолдана отырып өнім өндіретін және өткізетін , жұмыстар атқаратын, қызметтер көрсететін - ерікті шаруашылық субъект. Кәсіпорын құрамында басқа заңды тұлғалар болмайды.

Кәсіпорынның сипатталуы:

  • ұйымдастырушылық бірлік;
  • өндіріс құралдарының нақты кешені;
  • дәйектелген мүлік;
  • әкімшілік басқару түріне негізделген;
  • өз атынан шығады;
  • оперативті-шаруашылық және экономикалық өз еріктік.

           Адам санына қарай кіші кәсіпорын  ( 100 адамға дейін), орташа (500 адамға  дейін), ірі кәсіпорындар (500 адамнан  жоғары).

Кіші кәсіпорындар (кіші бизнес) барлық дамыған елдердің экономикасында үлкен роль ойнайды және жұмыс  істейтін халықтың жартысынан көбі жұмыс  істейді.

          Эконмика әр-түрлі меншіктегі  кәсіпорындар қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар, республикалық және комуналдық болып  бөлінеді.

          Жеке кәсіпорындар өзіндік, жанұялық  және ұжымдық меншік болып  болады.

Ұжымдық меншікті кәсіпорындар шаруашылық бірлестіктер, кооперативтер, шаруашылық қоғам, халықтық және арендалық  кәсіпорындар.

Аралас меншікті кәсіпорындар – бірлескен кәсіпорындар.

           Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктін қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының саны отыздан аспауға тиіс. Басқаша  жағдайда — ол бір жыл ішінде акционерлік қоғам етіп қайта  құрылуға, ал бұл мерзім өткеннен кейін. егер оған қатысушылардың саны отызға дейін кемімесе, сот тәртібімен таратылуға тиіс.

              Толық серіктестік те өз мүшелерінің үлестік меншігі негізінде құрылған, алайда серіктестіктің барлық мүшелері іс-әрекеттерінің нәтижелеріне өзінің жеке мүлкімен толық жауап береді. Бұл,негізінен, кәсіпкерліктің серіктесушілік түрі болады.

               Аралас (командитті) серіктестік те қатысушылардың үлестік меншігіне негізделген. Алайда, мұндағы қатысушылар серіктестіктің толық мүшелері және салымшы мүшелері болып бөлінеді. Толық мүшелер фирманың міндеттемелері бойынша толығымен біріккен түрде жауапкершілік артады, салымшы мүшелер  өз салымдары шеңберінде жауап береді. Бұл да серіктес кәсіпорын болуы мүмкін, сонымен қоса ол заңды тұлға болуы тиіс.

               Акционерлік қоғам (корпорация). Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік АҚ деп аталады. АҚ қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді.

               Қатысушылары өздеріне тиесілі  акцияларды басқа акционерлердің  келісімінсіз бөліп бере алатын  акционерлік қоғам ашық акционерлік  қоғам болып табылады. Ашық акционерлік  қоғам өзі шығаратын акцияларға  ашық түрде жазылу жүргізуге  және оларды заңдармен белгіленген  жағдайларда еркін сатуға қүқылы.

               Ашық акционерлік қоғам жалпыға  бірдей мәлімет беру 
үшін жыл сайын жылдық есеп, бухгалтерлік баланс, пайда мен шығындардың есебін жариялап отыруға міндетті.

Акциялары тек өз қүрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген  өзге адамдар арасында таратылатын  акционерлік қоғам жабық акционерлік  қоғам болып табылады. Жабық акционерлік  қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрді 
жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

               Акция дегеніміз АҚ жарғылық  капиталына салымын көрсететін  бағалы қағаз. Акциялар екі  түрлі болады: қарапайым және  артықшылығы бар. Қарапайым акциялар пай ретінде ол қайтарылмайды. Артықшылығы бар акциялар жарғылық капиталдың 10% құрайды және алдын-ала бекітілген мөлшерде дивиденд беріледі. Мүлкін бөлгенде бірінші ретте қатысады, олар АҚ басқаруға және дауыс беруге қатыспайды.

 

  1. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары 

 

       Кәсіпорындардың бірігуі шаруашылық бірлестіктер мен одақтар (ассоциациялар) түрінде болады. Бірлестік келесілер үшін құрылады:

    • бірлестіктер белгілі бір міндеттерді ортақ шешу үшін немесе нақты мақсаттарға жету үшін құрылады;
    • жаңа білім және ноу-хау алу үшін;
    • партнерлардың ресурстары қосылып өздерінің ресурстарын сақтау;
    • жаңа ресурстар алуға мүмкіндік.

 Одаққа кіреетін кәсіпорындар  өздерінің заңды тұлғалығын және  өз еріктігін сақтайды.

      Кәсіпорындарды біріктіру қағидалары:

  • жарғы бойынша кіру мен шығудың еріктілігі;
  • антимонопольдық заңдардың сақталуы;
  • бірігудің ұйымдастыру формаларын таңдау еркіндігі;
  • қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар шартқа сәйкес жасалады.

      Шаруашылық  бірлестіктер өндірістік, ғылыми-техникалық  және әлеуметтік даму мүмкіндіктерін  кеңейту үшін құрылады.

Шаруашылық бірлестіктердің  кейбір түрлерін қарастырайық.

           Шаруашылық ассоциациялар – бір түрлі қызмет атқарау және жалпы қызметті координациялау үшін құрылатын кәсіпорындардың келісілген бірлестігі. Бүл бірлестіктің ең жақсы түрі, өйткені оған кіретін кәсіпорындардың қызметін минималды шектейді. Кәсіпорындар ешкімнің келісімінсіз басқа шаруашылық ассоциацияларға кіре алады және қатысушылардың қызметін бақылай алады, мамандануды тереңдетуге және кооперацияны дамытады, орталықтар, қызметтер, фирмалар құрады.

           Концерн – ірімасштабты өндіріс мүмкіндіктерін қолдану мүмкіндіктері бар монополистік түрдегі әр-түрлі саланың кәсіпорындарының бірігуінің түрі. Концернге кіретін кәсіпорындар өндірістік, ғылыми-техникалық даму, инвестициялық, қаржылық, сыртқы экономикалық қызметінің, коммерциялық қызмет ету қызметтерін өз ерікті орталықтандырады. Концерн құрудың мақсаты болып нақты нарықта пайданың максималды үлесін алу болып табылады. Олар слалық және сала аралық болуы мүмкін. Концерн фирма, орталық, қызмет құра алады.

        Капиталға қатысу жүйесі бойынша екі түрлі концерн бар:

  • Бағыну концерні – аналық және еншілес компания түрінде құрылған концерн.
  • Координация концерні – қарындастық бірлестіктен (сестринских) тұратын концерн, яғни оған кіретін кейбір компаниялар акция айырбасын жүргізеді. Сонымен концерн мүшелері концернмен жүргізетін саясатқа әсер жүргізеді, бірақта олар бір басқарудың астында болады.

            Конгломерант - әр-түрлі саладағы технологиялық бір-бірімен байланысты емес кәсіпорындарды біріктіретін концерннің ерекше түрі.

            Қаржылық-өндірістік топ – басында банк тұратын кәсіпорындардың бірігуі. Банк кәсіпорындарды қаржыландырады және несие үшін пайыз емес кәсіпорын жұмысының тиімділігі өсуіне байланысты дивидент алады.

             Холдингтік бірігу (холдинг-компания) – бір компания басқа компанияларды, олардың акцияларына және ақша капиталдарына ие болу арқылы, немесе бақылаудағы компанияларға директор қою хұқы арқылы басқарады.

             Холдингтің екі түрі бар:

  • Таза холдинг- басқа фирмалардың акционерлік капиталында қатысу арқылы пайда алу. Таза холдингті ірі банктер басқарады;
  • Аралас холдинг – холдингтік компания кәсіпкерлік қызметпен айналысады және ықпал ету ортасын кеңейту мақсатында жаңа тәуелді фирмалар филиалдар ашады. Аралас холдингті өндіріспен байланысты ірі бірлестік басқарады.

             Ірі холдингтер бірнеше АҚ  қаржылық қызметін басқара алады,  ірі концерндерді және банктерді  қоса. Олардың өздерінің активтері  мен меншікті капиталы еншілес  фирмалар капиталынан аз болуы  мүмкін.

              Консорциум – кешендік бағдарламаны, инвестициялық, ғылыми-техникалық, экологиялық үлгілерді, мемлекеттік тапсырыстарды бірігіп жүзеге асыру үшін пай негізінде өз еріктерімен уақытша біріккен кәсіпорындар.

Әлемдік тәжірибеде консорциумдардың келесі түрлері кездеседі, олардың  көбісін қаржылық түрдегі консорциумға жатқызуға болады:

                Банктік консорциум – несиелік, кепілдік немесе басқада банктік операцияларды орындау, жаңа нарыққа шығу немесе қызмет ортасын кеңейту үшін ірі банкпен уақытша ұйымдастырылған банктер тобы.

Консорциум-гарант – несие  алуға кепілдік беретін, жетекші  банк басқаратын банктік топ.

              Кепілдік консорциум - әр-түрлі қызметтегі бірнеше компаниялардың бірігуі. Олар өздері алған тәуекелді бөледі және оның қайтарылуын қанағаттандырады.

             Қол қойылған консорциум – қарызды жүзеге асыруды немесе жаңа бағалы қағаздарды орналастыруы кепіл беретін консорциум.

Қаржылық консорциум –  ірі қаржылық операциялар жүргізу  үшін бірнеше банктердің уақытша  бірлестігі.

             Экспортты консорциум – бірлестікке кіретін компанияларға экспорттық операцияларда көмектесетін бірнеше елде құрылған сыртқы сауда бірлестігі.

             Картель – бір салалық моно өнімдік кәсіпорындардың бірігуі (қағаз, қант, темір, цемент, мұнай) басты мақсаты әр қатысушыға тауар сатуда, өткізу нарығында, шикізат дайындауда және алуда бірдей жағдай жасау. Кәсіпорындар заңды және ұйымдастыруда байланыспаған, келісім шартын орындайтын арнаулы атқарушы орган құра алады.

Әлемдік тәжірибеде картельдің келесі түрлері бар:

               Ақшалай картель – жабдықтаудың және төлемнің шарттарына тең етіп бағаны біріздендіретін картель.

              Калькуляциялық картель – қатысушылары есеп айырысудың бірдей құрылымы мен сипатын туралы келісетін картель.

Кондициялық картель –  тауар өткізу шартын анықтайтын картель.

Контингенттеленген картель - өз қатысушыларына нақты квота  құратын картель.

              Кризистік картель – бәсекелестікті шектеу үшін сатуды уақытша қысқарғанда немесе сұраныс төмендегенде құрылатын картель.

               Патентті картель – қандайда бір техникалық өнертапқышты бірігіп қолдануға бағытталған картель.

Өндірістік картель - әр қатысушы үшін өндіріс көлемін бекітетін  картель.

             Аймақтық картель – сату облысын анықтайтын картель.

Бағалы картель – тауардың сату бағасын бекітетін картель.

              Синдикат – жалпы сату конторасы бойынша өнім сату үшін, арнайы сауда қоғамы немесе серіктестік түрінде ұйымдастырылған бір түрлі өндірістік кәсіпорындардың бірігуі.

              Тресттер. Меншік иелерінің табыстарын арттыру үшін және табыстың ауытқуынан сақтандыру үшін құрылатын бір саланың келісілген өндірістік және сауда қызметі бар кәсіпорындарының бірлестігі.

Ерекшеліктері:

  1. Кәсіпорындардың бірігуінің ең қатаң формасы, өйткені кісіпорындардың шаруашылық қызметінің бүкіл тараптары қосылады;
  2. Кәсіпорындар заң жағынан өзара байланыста болмағанымен дербес емес;
  3. Акциялар сенімді адамдарға беріледі(трастарға);
  4. Қосылатын кәсіпорындар трест меншігіне беріледі, ал олрадың иелері қарапайым акционерлерге айналады.

Мақсаты: өндіріс және айналым шығындарын төмендету.Трест комбинирленген өндірісті ұйымдастыру үшін қолайлы, яғни бір компанияда шикізат өндеудің ізбесіз    сатылара болатын әртүрлі өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарының бірігуі.

          Шаруашылық емес бірлестіктерге- одақтар жатады. Олар салалық немесе басқа бір белгісіне қарай құқықтарын қорғау және сәйкес органдарда мүдделерін қорғау үшін құрылатын кәсіпорындардың шаруашылық  емес бірлестігі.

           Кластер – бұл қызметіне байланысты нақты ортадағы компаниялардың географиялық концентрациялары: тауарлар мен қызметтердің арнаулы жабдықтаушылары, осындай салада жұмыс істейтін фирмалар. 

 

  1. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару.

 

         Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  көптеген факторларға тәуелді  болады, олардың бастысы болып  кәсіпорынды басқару табылады. Сәтсіз  басқару дамып келе жатқан  кәсіпорынды жою мүмкін. Керісінше,  тәжірибелі әрі білікті менеджерлер  ішкі де сыртқы да қиындықтармен  күресе алады. Егер ішкі шаралар  тиімді болмаса, әрі кәсіпорын  төлем қабілетсіз болса, оған  қатысты  келесі антикризистік шаралар қолданылуы мүмкін:

  1. Реабилитациялық процедура
  2. Бәсекелік өндіріс
  3. Жоюдың соттан тыс процедурасы
  4. Міндетті түрде жекешелендіру.

        Реабитациялық процедура тек коммерциялық ұйымдарға қолданылады. Ол қарыздардың, несие берушілердің немесе үшінші бір тұлғалардың өтініші бойынша кәсіпорынның жойылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің шынайы мүмкіндігі болғанда ғана енгізіледі. Төлем қабілетінің қалпына келтірілуінің шынайы мүмкіндігін шарттар, есеп-шоттар, экономикалық негіздемелер куәландырылуы керек.

Реабилитациялық шаралар:

  • Сырттан басқару
  • Санация
  • Қарыздар талаптарының құқықтарынан бой беру
  • Татуластық келісімге келу.

          Бәсекелік өндіріс  фирманың қабілетсіздігі туралы іс қозғалғанда әрі қайта ұйымдастыру жөнінде өтініш болмағанда немесе  төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы соттың ұйғарымы бар болғанда қабылданатын шешім. Бәсекелік өндіріс қарыздарды банкрот деп жариялаған соң пайда болады және кәсіпорынды жойып, оның мүліктерін сатуға мүмкіндік береді. Осы мезеттен бастап қарыз міндеттерін атқару мерзімі келген болып есептеледі, қарыздары бойынша үстеме есептеу тоқтатылады. Сот бәсекелік басқарушыны тағайындайды. Ол қарыздар мүліктерін қорғауына және бақылауына алады, басылым беттерінде қарыздардың банкрот болғанын жариялайды,жұмысшыларды алда болатын жұмыстан босату туралы хабарландырады, несие берушілердің талаптарын  қанағаттандыру үшін банкрот мүлкін сату жоспарын несие берушілердің өздерімен келіседі. Мүлікті инвентаризациялау, бағалау және бәсекелік негізде сату жүргізіледі. Ең алдымен тез арада сатылына алатын мүлік сатылады, олардың бағасы едәуір төмендетілуі мүмкін.

          Жоюдың соттан тыс процедурасы несие берушілердің бақылауында қарыздардың өз еркімен жоюылуы туралы несие берушілермен келісімге келуі арқылы соттан тыс тәртіпте қарыздардың қарызын өтеуін реттеу процедурасы. Шешімді «Банкроттылық туралы» заң талаптарына сай қарыздармен келісе отырып несие берушілер комитеті қабылдайды.

           Жекешелендіру  дегеніміз мемлекеттік меншікті жеке меншікке беру.

Бірінші сатыда жекешелендіру  сауда және қызмет көрсету объекттерін  сатуға шоғырланған болатын, сонымен  қатар мемлекеттік меншікті кәсіпорынның  еңбек ұжымына беруге негізделді.

Екінші сатыда өнеркәсіп  өндірістерін жекешелендірілу жүргізілді.

Жекешелендіру бағыттары:

  • Кішігірім жекешелендіру;
  • Жаппай жекешелендіру;

Жеке жобалар бойынша  жекешелендіру.

 

Қолданылатын  әдебиеттер

 

  1. Экономика предприятия. Под ред. О.Н.Волкова. Учебник, М.: ИНФРА-М, 1997 г
  2. Экономика предприятия. Под.ред. В.П. Грузинова. М.: Банки и биржи, 1998.
  3. Экономика предприятия. Учебник для вузов. Под.ред. А.И. Руденко, Минск,1995.
  4. Экономика предприятия. Учебник для вузов. Под.ред. В.Я. Горфинкеля. М.: 1997.
  5. Экономика предприятия. Учебник. Под ред. О.И. Волков, О.В.Девяткин. М.: ИНФРА-М, 2002, 600 с.

Насырова Г.А. Экономика  предприятия: Учеб. пос. Караганда: Изд-во

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тақырып    Жоспарлаудың түсінігі, түрлері

ЖОСПАР

  1. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
  2. Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау
  3. Кәсіпорын дамуынын ағымдық жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері. Жедел-өндірістік жоспарлау
  4. Өндірістік бағдарлама дайындау
  5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны.

 

    1. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері

 

         Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі  кәсіпорынның дамуының жақынарадағы  және болашақтағы күйін көре  алудың сенімділігіне  байланысты  болады. Кәсіпорында жоспарлау процесі  оның саясатын қалыптастырудан,  қызметінің күтілетін нәтижелерін   нақтылаудан, негізгі  техникалық  зкономикалық көрсеткіштерін есептеуден  тұрады.

          Жоспарлау әдістемесі деп кәсіпорын жоспарын дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің  жиынтығын айтады. Жоспарлау әдістемесін жетілдіру жоспардың дәйектігін жоғарлатуды, прогресивті нормалармен нормативтерді, баланстық есептеулерді қолдануды, көрсеткіштер жүйесін жақсартуды білдіреді.

Жоспарларды дәйектеу прогресивті  нормалармен нормативтер жүйесінің  негізінде жүргізіледі.

           Норма - өнім немесе жұмыс бірлігіне шикізаттың, материалдардың, жанар маймен энергияның, еңбектің және т.б. абсолюттік шығындардың максималдық рұқсат етілетін шамасы.

           Норматив - еңбек қаруларын, еңбек заттарын қолдану дәрежесін,  оларды бөлме, көлем, салмақ бірлігіне шығындау дәрежесіне сипаттайтын салыстырмалы шама.

Нормалар  мен нормативтер келесі топтарға бөлінеді:

  • Тірі еңбек шығындарының нормалары мен нормативтері (бір өнім бірлігіне жұмыс уақыты, уақыт бірлігіне өнім нормасы, қызмет ету нормасы, сан нормативі;
  • Материалдық шығындардың нормалары мен нормативтері;
  • Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері;
  • Өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері (өндіріс циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, шикізат қоры).

Жоспардың көрсеткіштерінің жүйесіне келесі көрсеткіштер кіреді: саңдық (абсолютті өлшегіш – тауар  өнімі, жұмыскерлер саны, еңбек ақы  қоры, пайда т.б.), сапалық (салыстырмалы шама өндіріс тиімділігін және оның факторлары еңбек өнімділігі, қор  қайтару, материал сыйымдылық, рентабельділікті көрсетеді), көлемдік  үлестік. Көрсеткіштерді санау үшін натуралдық және шартты натуралдық, еңбектік, құндық. өлшегіштер қолданылады.

 

    1. Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау

 

        Стратегиялық жоспарлау - кәсіпорын қызметін оның ұзақ мерзімдегі перспективасының негізінде дайындауды білдіреді. Жоспарлау мерзімі кәсіпорын көлеміне байланысты шағын кәсіпорын үшін 3-5 жыл, ірі кәсіпорындарға 20 жыл.

Стратегияның маңызды  элементтері болып:

  • Кәсіпорын дамуының мақсаттарын қалыптастыру;
  • Мақсатқа жетудің ережелері мен әдістерінің жиынтығын дайындау.
  • Мақсатқа жетудегі ережелер мен әдістерді іске асыру үшін ресурстардың бар-жоғын анықтау

           Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары  глобалдық және  локолдық болады. Глобалды мақсат кәсіпорын профильіна  байланысты, яғни кәсіпорын өндірістік  па, делдалма және т.б. кәсіпорынның  глобалдық мақсаты – пайданы  көбейту. Локальды мақсат глобальды мақсатқа бағынады, локальдық мақсатқа жету глобальдық мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек.

            Экономикалық стратегияның глобалды және локалды мақсаты стратегияның ережелері мен әдістерін анықтайды. Олар келесілер:

    • Фирманың экономикалық іс әрекетіне байланысты, яғни сыртқы ортамен қарым-қатынасы, және ол келесі сұрақты шешеді: неменені және қанша өндіру, қалай және қандай қаржымен, кімге қайда сату;
    • Кәсіпорынның ішкі қатынасына байланысты, яғни кәсіпорынның бөлімдерінің деңгейіндегі функционалдық стратегия.

          Экономикалық стратегияда салыстырушы болып келесілер табылады:

а) сыртқы ортада:

    • тауар стратегиясы;
    • баға қалыптастыру стратегиясы;
    • кәсіпорынның ресурстар нарығымен қарым-қатынас стратегиясы;
    • бағалы қағаздар және ақша нарығындағы стратегия;
    • сыртқы эконмикалық стратегия.

б) ішкі ортада:

    • шығындарды азайту стратегиясы;
    • инвестициялық қызмет стратегиясы;
    • кәсіпорын жұмыскерлерінің стратегиясы.
    • Кәсіпорынның функционалдық стратегиясының түсініктері бар, оларға:
    • маркетинг стратегиясы;
    • қаржы стратегиясы;
    • инновация стратегиясы;
    • өндіріс стратегиясы;
    • ұйымдастырушы өзгерістерінің стратегиясы;
    • экологиялық стратегиясы.

             Функционалдық стратегия арнаулы  бөлімдермен, қызметтермен құрылады. Процесс көп сатылы сипатта  болады және келісу координация  кезеңдерін қосады.

 

3. Кәсіпорын дамуынын  ағымдық жоспарының негізгі бөлімдері  мен көрсеткіштері. Жедел-өндірістік  жоспарлау

Нарықтық ортадағы кәсіпорын