Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА және ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)»
0712 «Экономика» мамандығы күндізгі бөлімнің 4 курс студенті
Ғылыми жетекші:
э.ғ.к. доцент
Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдына қорғауға жіберілді
Экономика кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.д. профессор
Алматы 2005
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНА
ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОР
1.1. Нарық жағдайында
өндірілетін өнім сапасының
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
1.3. Өндірілетін өнім
сапасына әсер ететін
2. Бөлім. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
2.3.Өндірілген өнімнің
бәсекелік көрсеткіштерін талда
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН
ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ
3.1. Өнімнің сапасын
көтерудің ұйымдастырушылық-
3.2. Өнімнің сапасын
көтеруде кәсіпорындардың
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірістері «Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: «Тек шикізатқа ғана бағдарланған елң болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы жүріп барады.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, Дипломдық жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым. Дипломдық жұмыс обьектісі болып «Қызыл Жар» ӨК-і табылады.
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мәні анықталады.
Екінші тарауда ауыл шаруашылығыны өнімдерін өндіру саласында ондаған жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасына баға беріліп, оны арттырудың жолдары қарастырылады. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің бәсекелік көрсеткіштеріне талдау жасалады.
Үшінші тарауда өнімнің сапасын арттыру бағыттары келтірілген. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет етуші кәсіпорындар шаруашылығымен облыс ауқымында танысып, астық егумен айналысатын әр ауданның табиғи-экономикалық жағдайларының қолайлылығына байланысты алынатын дәнді дақылдардың сапасын, түсімділік мөлшерін, бәсеке қабілеттілігін арттырып, астықтың өзіндік құнын төмендетуге, еңбек, жер, су, тыңайтқыш ресурстары мен техникалық құралдарды рационалды пайдаланып, ұсынылған арнайы технологияларды қолдану барысында оң нәтижелерге жететіндігі жөнінде мысалдар келтірілген. Сондай-ақ өндірістің өндірілетін өнімнің сапасын арттыудағы : ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктер; өнімнің сапасын көтерудегі кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіруі; ауыл шаруашылығы өндірісіндегі инновация, маркетинг жүйелерін жақсарту жолдары туралы сөз болады.
Зерттеудің методологиялық
негіздеріне Қазақстан
1. НарыҚтыҚ жаҒдайда ӨнімніҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ теориЯлыҚ мӘселелері
Нарық жағдайында өндірілетін өнімнің сапасының ұғымы, мағынасы
XXІ ғасыр цивилизациялық дамуда сапаның барлық салалары: еңбек сапасы, қызмет және өнім сапасы, қоршаған орта сапасы және т.б. жоғары сапа ғасыры болуы керек. Қазіргі замандағы нарықтық қатнастар жағдайында кәсіпорынның сәтті және бәсекеқабілетті қызметі көбінесе оның өндіретін өнімінің сапасына тәуелді.
«Сапаң - бұл белгіленген және болжанатын сұранысты қанағаттандыра алатын объектінің сипаттамаларының жиынтығы.
«Сапаң түсінігі: құжаттандырылған процедуралар негізінде үрдістерді басқару; тұрақты тұтынушылармен өзара тиімді әріптестік негізінде өткізу нарықтарын жаулап алу; бәсеке қабілетті өнім ұсыну арқылы жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты қызметтің барлық түріне таралады. «Сапаң - бұл өндірілген өнімнің емес тапсырыс берушінің қайтып келуі. Өндірілген өнімнің сапасын анықтайтын факторлар болып тапсырыс берушінің сұранысына икемделу, кәсіпорынның әрқашан оны ескеріп ал іс жүзінде оны риза қылу табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мәселелерді тиімді шешу құралы болып сериясы 9000 (ІSO 9000) стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ендіру табылады.
Бүгінгі таңда жердің барлық түкпірінен Қазақстанға көптеген және әрдайым сапалы емес тауарлар ағылуда, бұл жағдайда тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау және ақпарат қажет. Алматы стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының директоры Есбергенов Базарбай Сейілхановичтің айтуы бойынша, сапа бүгінгі таңда өнімді, жұмысты және қызметті бағалаудың негізгі критериі ол - әр адамның және жалпы қоғамның өмір сүру деңгейін анықтайды. Сапа жоғарғы стандарттың индикаторы секілді, өнім өндіруші өзінің өнімін жарнамалау кезінде оның сапасы жайында сөз қозғайды. Сапа әр кезде әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде өткір мәселе болуда. Елімізде өндірілетін өнімнің көп бөлігі импортталатын тауарлармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан отандық кәсіпорындар көптеген қиындықтарға кездеседі. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, қиындықтардан шығуға негізгі жол ашатын құрал бұл – сапа.
Өнім сапасы – бұл кәсіпорын қызметінің айнасы, осы айнадан қолданылатын техника, технология және басқарушылық деңгейін анық көруге болады. Өнімнің сапасы – маңызды экономикалық категория, сонымен қатар өнімнің өзіндік құны, табыс, рентабельділік және т.б, сияқты экономикалық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Өнімнің сапасын арттыруды түрлі аспектілерде сондай-ақ макро және микро деңгейде қарастыру керек.
Өнімнің сапасын көтеру:
- өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;
- экспорт құрылымын жақсартуға;
- ҒТП-ті және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуі, экспорттың ұлғайтуы, жаңа өткізу нарықтары мен гүлдену. Ал, нарықтық қатнастар жағдайында, әрдайым сапалы өнім өндіру кәсіпорын үшін өте маңызды, ең алдымен ол кәсіпорын имиджінің қалыптасуына септеседі.
Жоғары деңгейлі имидж, бұл – танымалдылық және сенімділік, сатып алушылардың фирмаға, оның тауарына, қызметіне, тауарлық белгісіне, жарнамасына, фирмалық стиль атрибуттарына оң және тұрақты көзқарасының қалыптасуына себеп болады.
Қазіргі таңда біз экономиканың әр саласында, әлемдік және Қазақстандық нарықтарда мықты да танымал көшбасшы орындарын иемденетін көтеген шетелдік фирмаларды көреміз. Олар: Adіdas, Nіke, PHІLІPS, SONY, Nokіa, Coca-Cola және де басқа көптеген фирмалар.
Сонымен кәсіпорында сапа мәселесін шешу – оның сатып алушылар алдындағы жоғары имиджі, сыртқы нарыққа шығу, өнімнің сапасын тұрақты
қылу жоғары деңгейде табыс табуға негіз болады.
Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі мен маңызы үнемі өсіп отырады. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.
Тауардың бәсекелік қабілетін бағалаудың типтік сызбасы
Сыртқы нарықты зерттеу |
1. Сурет
Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі - тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.
- Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;
− сұраныс пен ұсыныс қатнастарына байланысты, бәсекелестер саясатына байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы;
- Өнім сапасы :
− өнімнің техникалық-функционалдық қасиеттері;
− қосымша пайдалылықтың болуы;
− өнімнің танымалдық деңгейі;
- Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
− жарнаманың тиімділігі;
− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Өнімнің сапасы саласындағы атақты американ маманы А.Фейгенбаум өзінің «Өнімнің сапасын бақылауң атты кітабында: қызметтің немесе өнімнің сапасы мағынасын, оның пайдалану кезінде сатып алушының талаптарына толықтай жауап беру жолымен қызметтің немесе өнімнің техникалық, технологиялық және эксплуатациялық мінездемелерінің жалпы жиынтығымен анықтауға болатындығын түсіндіреді. Ары қарай автор қызметтің немесе өнімнің сапасын анықтаушы, басқа емес, ал нақ осы тұтынушы екендігін атап өтеді. Кейбір отандық мамандар өнімнің сапасын ғылыми-техникалық прогресстің айнасы деп те атайды. Өнімнің сапа деңгейі оның сапасының көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Ол үшін осы әр көрсеткіштің сандық мағынасын біле отырып, салыстыру үшін есепті өнім ретінде алынып отырған тауардың сйкес көрсеткіштерімен салыстырылады.
Сапа көрсеткішін анықтаудың негізгі міндеті болып оның сандық мағынасын табу есептеледі. Ол үшін практикада өнімнің спецификасына байланысты келесі әдістер қолданылады:
- Өлшеу әдісі – приборлар
мен құралдардың көмегімен
- Тіркеу әдісі – белгілі бір жәйттер (мәселен: сынақ кезінде теріс нәтиже) немесе заттардың (мәселен: стандартталған, унифицирленген немесе патентпен қорғалған әмбебап) санын есептеу мен тіркеуге негізделген. Тіркеу әдісі арқылы сенімділікті, патентті-құқықты, стандарттау, унификациялау секілді көрсеткіштерді анықтауға болады;
- Есесптеу әдісі - өнімнің сапа
көрсеткіштерін анықтау үшін
арнайы математикалық
- Органолептикалық әдіс –
адамның сезім мүшелерімен:
- Социологиялық әдіс – барлық
тұтынушылар желісі бойынша
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Атап айтқанда: «Сапаң бағдарламасы, «Жеңіл және өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001—2003 жж, арналған бағдарламасың, «Сертификаттау туралың, «Стандарттау туралың, мақсатты-отандық өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылатын «Демпингке қарсы шаралар туралың, «Теріс пиғылды бәсеке туралың, ішкі нарықты, шет мемлекетпен субсидияланатын импорт тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға бағытталған «Субсидиялармен орын толтыру шаралары туралың және Президентіміз бен Үкіметтің тиісті атқарушы органдар мен жергілікті әкішіліктер алдына қойып, орындалуы соңғы 2-5 жыл ішінде көзделген, қысқа және орта мерзімді страгтегиялық даму бағдарламалары, басқа да жекелеген бағдарламалар мен заңдар жатады.
«Сапаң Республикалық бағдарламасының негізгі мақсаттары мен қызметтері келесідей :
− өнімдер мен қызметтер сапасы саласында мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз ету, жетілдіру;
− басқару нысандары мен әдістерін жетілдіру;
− отандық өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыруға бағытталған ҒТП жетістіктерін енгізу;
− өнімдер мен жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сетификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға көшу;
− стандарттау, метрология мен сертификаттау саласында кадрларды дайындау;
− сапаны артыру саласында іс-шаралар ұйымдастыру мен насихаттау.
Ішкі факторларға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар, білікті менеджмент, сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т.б. жатады.
Бәсекелік қабілетті қамтамасыз етуде ХХ-ғасырдың 80-ші жылдары сапаға деген талап шешуші болды. Сатып алушылардың 80%-ы өнімді әлемдік нарықта сатып ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор :
− функционалдық қасиеттер тұтыну затының өз мақсаттық бағытына сәйкес келуін көрсетеді. Олардың негізгі функцияларының, көмекші операциялар мен қосымша операциялардың дәл орындалуын көрсетеді.
Мысалы, кір жуғыш машинаның функционалдық қасиетіне оның кір жууын жатқызамыз. Көмекші функциялар – электронды сағаттарда калькулятордың болуы;
- әлеуметтік арналымы тауардың әр-түрлі халық тобына арналғандығы;
- эргономиялық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі ыңғайлылық пен комфорт, яғни адамға физикалық, психологиялық ауыртпалық түсірмеу. Мысалы, автомобильде басқару жүйелерінің орналасуы және т.б.
- эстетикалық қасиеттер тауардың көңілге аларлықтай ерекшеліктер арқылы қоғамдық құндылыққа ие болуы. Мысалы, сәнді киім, әдемі ыдыс-аяқ және т.б.
Poole computer компаниясының тек түсімен ғана ерекшеленетін жаңа компьютер шығаруы, итальяндық Zanussі фирмасының әр-түсті асхана жихазын шығаруы.
- экологиялық қасиеттері, бұл тауарды қолдану қоршаған ортаға қаншалықты зиян болғандығымен анықталады. Мұнда тек тұтыну заты ғана емес, сақтау, тасымалдау және т.б., үрдістер ескеріледі. Мысалға кір жууға арналған ұнтақтың биологиялық тазалығы, аэрозольді заттардың ауаға әсері және т.б.
- гигиеналық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі адам ағзасына, жұмыс жасау қабілетіне кері әсер етпеу мүмкіндігі. Олар жарықтылық, вентиляция, температура, ылғалдылық деңгейі және т.б.
- тауардың тұтынудағы сенімділігі, яғни тұтыну кезіндегі өзінің негізгі ерекшеліктерін сақтап қалуы. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен, жөндеуге жарамдылығымен т.б.-мен анықталады. Мысалы, матаның сенімділігі жуғанда өз түсін сақтап қалуы.
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында
өнімнің сапасын көтерудің маңызы
Қазақстан 1996 жылы Ұйымға кіру туралы жариялы мәлімдеме жасап БСҰ-ның құрамына тіркеле бастады. Осы жылдың ақпанынан бастап елімізге бақылаушы статусы берілді. Сонымен қатар еліміздің БСҰ-ға кіруі үшін Қазақстанның барлық сауда жөніндегі әріптес мемлекеттермен жұмыс тобы құрылды. бұл топ құрамына: Қазақстан мен, оның сауда ұйымына кіру жағдайын талқылауға ниет білдірген 36 мемлекет (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария, Қытай және т.б.) кірді.
Министрліктердің жариялы құжаттарды дайындауы, келіссөздер жүргізуіне және де басқа принципиальді негіздегі мәселелерді шешуі үшін ведомства аралық комиссия құрылды. Комиссия негізінен кедендік-тарифтік саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу секілді сауалдарды қарастырады.
1996 жылдың шілдесінде Қазақстан сытрқы сауда режимі туралы мемарандумын және басқа да құжаттарды (заңдыпроектілік жұмыстар жоспарын, субсидиялау жөнінен ақпараттар, жекешелендіру, салық салу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттау және сертификаттау, интелектуалдық меншікті қорғау және т.б.) жұмыс тобы мүшелерінің қарауына жіберді. Осы уақыт аралығында Республикадағы сыртқы сауда режимі және заң шығару базасы талқыланған бес отырыс болып өтті.
Қазақстанның БСҰ-на кіруіне қоғамның көзқарасы әртүрлі.
БСҰ-на кірудің позитивті факторлары:
- Қазақстан тауарларына БСҰ-на мүше елдердің нарықтарына шығу мүмкіндігі, яғни өткізу нарықтарының кеңеюі. Қазақстан тауарлары БСҰ-на мүше елдермен тең құқықтылығы, елімізден экспортталатын тауарларға саны мен көлеміне шектеу қойылмауы, антидемпингтік және басқа да дискриминациялық мінездегі салымдардың болмауы;
- Халықаралық стандарттарға сай қолайлы және транспорентті ішкі заң ортасын құру;
- Шетел инвестицияларын, өңдеуші өнеркәсіпке ноу-хау мен жаңа технологияларды тартуда бірігіп қызмет ету;
- Тұтынушыға ұсынылатын тауардың көлемі мен сапасын арттыру;
- Экономикалық өсуді ұзақ мерзімді сауда саттық жоспары негізінде ынталандыру және т.б;
Атап өтетін жайт, позитивті эффект БСҰ-ға кіргеннен бастап емес, ал келешекте байқалады.
БСҰ-на кірудің негативті факторлары:
- Көпжақты келіссөздер негізінде неғұрлым ауқымды өндірушінің позициясы мен көзқарастарының қолдау табуы;
- Саудада кей жағдайларды ескермегенде, көлемдік шектеудің болмауы;
- Тауар мен қызмет сату аясын реттеуде жаңа шаралар енгізудің шектеулілігі;
- Бәсекелестіктің күшеюі және экономиканың неғұрлым сезімтал секторлары жағдайының нашарлауы. Бұл бірінші кезекте ауылшаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті, қызмет саласының жекелеген секторларын қамтиды.
Мемлекетіміздегі
Осыны негізге ала отырып Президентіміз Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер алдына келесі 2006 – 2007 жылдары орындалуға бағытталған мәселелер жиынын қойды:
- Ауыл жылдарында шаурашылықтар үшін аяғына тұрып, бекінуге мүмкіндік берілді, ендігі кезекте Үкімет алдына орта мерзімде орындалатын, басты мақсаты ауылшаруашылығындағы өңдеуші саланы дамыту болып табылатын бағдарлама жасау бекітілді. Мұндағы басты назар қосылған құны жоғары ауылшаруашылық өнімдерінде пайдаланылатын шикізатты терең өңдеу. Бұл үшін осы саланы ынталандыруда кешенді түрде жүргізу қажет, мәселен салықтық ынталандыру. Отандық және шетел инвесторларын тарту, бұдан басқа өндірілетін өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру, жанар-жағар маймен жабдықтау керек. Осы жылы Үкіметпен «агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралың заң қабылдап Парламентке енгізу керектігі белгіленген.
- Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде және өндіруде кластерлік бағытты неғұрлым басымдырақ қолдану керек. Қазақстандағы перспективалы дамып келе жатқан 7 саланың ауылшаруашылығымен тікелей байланыстылары текстильдік және тамақ өнеркәсіптерінің мүмкіндіктерінің жоғарылығын пайдалану.
- Қазагромаркетинг және Мал өнімдері корпорациялары базасында жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін өткізу және ақпараттық-маркетингтік қолдау желісі құрылған. Осы бағытта Үкіметпен және әкімдермен атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту.
- Үкіметке ауылшаруашылық құрылымдарының халықаралық стандарттарға өтуін жеделдетуге бағытталған нақты шаралар жоспарын құрып, бекітуді тапсырамын.
- Ауылшаруашылығындағы тасымалдау инфрақұрылымының жетілменгендігінен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өнімдерін нарықтарға жеткізуде үлкен шығындар шегеді. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнына әсер етпей қоймайды. БСҰ-кірумен байланысты бұл мәселе аса өзекті қарқын алып бара жатыр. Сондықтан фермерлердің нарықтарға және өңдеуші кәсіпорындарға өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету.
- Үкімет пен әкімдерге ауылшаруашылығын несиелеудің тиімді әдістері мен нұсқаларын ойластыру керек, сонымен бірге ауылшаруашылығына қаржылық көмек көрсету қорында кәсіпорындардың қарыздарын қайта құрастыру керек.
- Ауылшаруашылығының өнімділік деңгейі өндірістің техникамен жабдықталуына тәуелді. Тиісті ауылшаруашылық құралмен жабдықталмауы оны дамытуда кедергі болады. Ауылшаруашылық техниканы жаңартудағы кешенді шараларды жергілікті тауар өндірушілермен біріге отырып шешуді Үкіметке тапсырамын. Бұл жерде отандық машина құрастыру мен ауылшаруашылық техниканың лизингін де естен шығармау керек.
- Басымды ретте ауылшаруашылық ғылымын да дамыту керек. Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы және өнімнің сапасын көтеруде, өндірушілердің ескі технологиядан жаңа технологияға бейімделуі, қосымша аграрлық зерттеулердіпайдалану мен даму деңгейіне тәуелді болады.
- Қазіргі таңда ауылшаруашылығында көптеген шаруашылық субьектілері бар. Олардың көлеміне байланысты жаңа техника мен технологияларды алып, оны пайдалану тиімсіз. Ал керісінше көлемді құрылымдар техника мен технологоияларғАл керісінше көлемді құрылымдар техника мен технологоияларға қол жеткізіп қана қоймай оларды тиімді пайдалана біледі. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, келешекте тек ірі және орта шаруашылық субьектілерінің басым болатынын атап айтқым келеді. Сондықтан Үкімет назарына осы мәселені игеріп, зерттеп, шешуді қоямын.
- Ауылдар біздің қайталанбас тарихымыздың, салт-дәстүріміздің және ұлттық мәдениетіміздің сақтаушысы екенін ұмытпағанымыз жөн. Біздің, қазақ халқының мәдениетін, қайталанбастығын баршаға танытатын кез келді. Сондықтан ауылдағы қоғамның инфрақұрылымын, әсіресе жалпылай-мәдени бағытта дамытуға көңіл бөлінуі керек.
Президенттіміздің Үкімет
пен әкімдер алдына қойған осы
тапсырмалары негізінде атқарылатын
шаралар жүйесі әзірленуде. Ал келесі
кезекте Президентіміздің 2003-2015 жылдарға
бағытталған индустриалды-
Бағдарламаның мақсаты болып:
- Қазақстан Республикасының халықаралық тәжірибелерге көшуіне қолайлы жағдай туғызатын, өз құрамына стандарттау, сәйкестікті бағалау, сапаны басқару, аккредитациялауды жетілдіретін техникалық реттеу саласында атқарылатын жұмыстар легіне көшу;
- Әлемдік нарықтарға шығуға қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекеттік бақылау және реттеу;
- Сонымен бірге БСҰ-на мүше болуға қолайлы жағдай жасау табылады.
Негізгі міндеттері болып:
- Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында бірегей мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз ету;
- Техникалық реттеудің халықаралық моделіне көшу;
- Салалардағы стандарттау жұмыстарын жетілдіруге қолайлы жағдай жасау;
- Қазақстанның БСҰ-на мүше болуына қолайлы жағдай жасау;
- Әлемдік нарықтарда, республикада өткен өнімнің сәйкестігін бағалау нәтижелерін мойындауына қолайлы жағдай жасау;
- Отандық өнімдердің сапасы мен бәсекелік қабілетін арттыру;
- Аумақтық, мемлекеттік, халықаралық деңгейлерде біртұтас ақпараттық аймақты біртіндеп құру;
- Мамандардың біліктілігін (квалификациясын) көтеру;
- Халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жандандыру;
Бағдарламаны орындаушылар
Қазақстан Республикасының
Бағдарлама толық орындалған күнде келесі жетістіктерге қол жеткізуге болады. Атап айтқанда:
- мемлекеттік және халықаралық стандарттар негізінде бәсекелік қабілетін және тұтынушылық қасиеттерін арттыру;
- Стандарттарды халықаралық талаптарға теңестіру арқылы саудадағы техникалық кедергілерден құтылу;
- Техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жұмыстарын халықаралық тәжірибеге біртіндеп алмастыру;
- Салаларда стандарттау қызметтерін, жаңа техникалық, оның ішінде халықаралық деңгейдегі комитеттерді құру;
- Жергілікті, ұлттық және халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайту;
- Біртұтас ақпараттық аймақ құру;
Қазіргі кезде елімізде номативті құжаттар қоры құрылған. Мемлекеттік стандарттар қоры (МСҚ) нормативті құжат түрлерінің 39 мың түрін есепке алады, оның ішінде стандарттау жөнінде мемлекеттік нормативтік құжаттар 3 700 ( 700-дей мемлекеттік стандарттар, 3000 астам техникалық көрсетілімдер, шарттар мен ережелер), 20 000 мемлекетаралық стандарттар, 15 000-дай шетелдік стандарттар, 4 000 халықаралық стандарттар. Алдағы кезеңде еліміздегі МСҚ-ын кеңейту көзделіп отыр.
Стандарттау жұмыстарын
жүргізумен байланысты экономиканың әр
саласында 40 стандарттау комитеттері
құрылған. Олардың қызметіне мемлекеттік
стандарттарды құрастыру мен
халықаралық стандарттауға қаты
Біздің республика қол жеткізген ашық экономика және реформалану деңгейі Қазақстанға әлемдік, шаруашылықтық, экономикалық және технологиялық процесстерге тиімді интеграциялануға мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір артықшылықтар әкеледі: ол Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үрдісінің күшеюі; ол БСҰ-на мүше елдермен сауда-саттықта неғұрлым қолайлы жағдайлар режиміне қол жеткізу; келетін инвестиция мөлшерінің өсуі; ол қазақстандық тауарлар мен қызметті экспорттауда әлемдік нарықтарға еркін шығу мүмкіндігі; ол сауда заңдылықтарын әлемдік нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру.
Қазақстан республикасының
Үкіметімен жүргізіліп отырған импорт
алмастыру бағдарламасы бүгінгі
таңда тиімді болғанымен, көбіне-көп
БСҰ-ның талаптарына қайшы келі
БСҰ-на кіруде, Қазақстанда өндірілетін тауарлар мідетті түрде халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Мысалға, дамыған мемлекеттер сауда режимдерінің либерализациясына, олардың өндірген тауарлары мен қызметтері жоғары бәсекелестікке қарсы тұра алған жағдайда ғана барады. Біз өкінішке орай, бүгінгі таңда ол деңгейден алыстамыз. Қолда бардың барлығын пайдалана отырып БСҰ-ның мүшелігіне қабылдануға немесе тек БСҰ-на мүше болу үшін ғана оған кіруге болмайды. Мүше болуға жұмсалған қаржы-қаражат, осы ұйымға қатысудан алынған табыспен жабылып отыруы қажет. БСҰ-на мүше болу, отандық өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бәсекелестігі ішкі нарықта да сыртқы нарықта да аса маңызды мәселе болып қалады.

- Нарықтық ортадағы кәсіпорын
- Нарықтық функциясы неде
- Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
- Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
- Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
- Насилие и беспомощное состояние в ст. 131 УК РФ
- Насилие как составообразующий признак хищения
- Нарушение законодательства об особо охраняемых природных территориях
- Нарушение и исправление звукопроизношения свистящих звуков у детей дошкольного возраста
- Нарушение прав журналиста в доступе к информации
- Нарушение правил дорожного движения и эксплуатации транспортных средств: уголовно-правовая характеристика и проблемы квалификации
- Нарушение словообразования существительных и методы их коррекции у дошкольников с ОНР
- Нарушения в различных системах налогообложения
- Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы