Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекiлiктердi пайдалану әдiстемесi

 

 

         Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................4-5 І. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері

  1. Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі..............................6-10
    1. Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің 
      түрлері мен рөлі....................................................................................11-13

ІІ. Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктерді пайдалану әдістемесі

  1. Сан ұғымын қалыптастырудағы көрнекіліктер......................................14-24
  2. Арифметикалық амалдар мен олардың қасиеттерін 
    меңгерудегі көрнекі құралдар..................................................................25-50
  3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) 
    математикалық білім технологиясы...................................................51-56
  4. Көрнекілікті пайдалану бойынша математика 
    сабағының үлгісі (2 сынып).....................................................................57-60

Қорытынды.....................................................................................................61-62

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................63-64

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             К і р і с п е

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауында: "Білім  беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет " – деген.  Яғни болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына  ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын  күш тек білімде ғана. Сондыќтан да, қазіргі уақыт талабы – оқушылардың  білім сапасын көтеру, шығармашылық қабілетін, ақыл - ой белсенділігін дамыту.

Оқыту үрдісі деңгейін арттыру арқылы шығармашылықпен  еңбек ететін, жаңа білімдерді өз бетінше игеруге қабілетті және оны мақсатты түрде қолдана білетіндей азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат. Оқыту – оқытушы мен оқушы арасындағы, біріншісінің адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибені, білімді оқушыға беруді, ал екіншісінің оны меңгеруді жүзеге асыратын күрделі де, көпжаќты үрдіс екендігі белгілі.

Пәнаралық байланыс –  педагогика ғылымының негізгі мәселесінің  бірі. Материалдық дүниенің арасындағы өзара тығыз байланыстар арқылы шындықты жете танып білуге, олардың бір-бірімен байланысты қарым - қатнасын түсінуге болады.

Пәнаралық байланыс экономикалық географияның, әрбір өлкенің, ауданның байлыѓы мен өндірістік мүмкіншіліктерін ашатын, оның болашағын көрсететін басқа да табиғаттану ғылымдарының дамуымен байланысты экологиялық негізде қарастырылуы шаруашылықта тиімді. Жоспардағы маңызын анықтауға көмектеседі. Оқу процесінің барысында оқушылар танымдық, практикалық мақсатты бағдарлы іс - әрекеттермен шұғылданады, нәтижесінде оқушыда пәнаралық іскерлік қалыптасады.

Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім-іскерлік дағдыларын, екіншіде жақын меңгеруде пайдалана білу қабілетінен көрінеді.

Пәнаралық байланыс тіл  әдебиет пәнінен меңгерген кітапты пайдалану іскерліктері, география, тарих, математика т.б. пәндерді. Оны үйренуде қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері екінші пәнді терең меңгеруге ықпал етеді.

Әрбір пәнді өткенде, оны басқа пәнмен байланыстыра отырып, өтудің үлкен ерешекліктері бар. Қазіргі сабақта кеңінен өріс алып жүрген. Ана тілі пәнін өткенде, оны математика немесе қазақ тілі пәнімен де байланыстырып өтуге болады. Бұл жағынан оқу мазмұнын бекітсең, екіншіден тәрбие алып шығады.

Мектеп курсындағы математиканың  бастауыш сыныптарды пәнаралық байланыстардың қалыптасуы білімді терең меңгеруге, ғылыми түсініктермен негіздерін пайда болуына оқу - тәрбиелік процестерін кемелденуіне және оның оңды ұйымдастыруына, көзқарастың кеңеюіне әлемдегі заттардың тұтастығын, табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын түсінуге әсерін тигізеді

Педагогика ғылымы әркез  оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай  отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.

Білім беру - аса күрделі  әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық- ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

Қазақстан    Республикасының    Тәуелсіз    егеменді    мемлекет    болып қалыптасуы;

Экономикалық нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі  пішіндерін

 дамыту;

Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр. 1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:

1. Қазақстан Республикасының  азаматтары білім алуға тең құқылы.

2. Әрбір азамат үшін  интеллектуладық дамуы мен психофизиологиялық  және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.

 3. Білімнің зайырлығы.

 4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

 5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

 6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.  

7. Білім беру ұйымдарының  өкілеттігі және оны басқарудың Демократиялық бағытта болуы.

8. Білім беру ізгілікті,  әрі дамыту бағытын ұстану  керек.

9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа  бейімдеу.

11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.

Қазақстан Республикасының білім  беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

       1)      Меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім беру  ұйымдарының;

       2)      Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру

бағдарламалары    мен    білім    берудің    мемлекеттік    жалпы    міндетті

стандарттарының;

            3) Білім беру бағдарламаларының  іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық    құндылықтар   ғылым   мен   практика   жетістіктері   негізінде   жеке   адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Білім беру жүйесінің  басым міндеттері мыналар болып табылады:

- Білім беру бағдарламаларын  меңгеру үшін жағдайлар жасау;

- Жеке адамның шығармашылық, рухани  және дене мүмкіндіктерін дамыту,    адамгершілік    пен    салауатты    өмір    салтының    берік    негіздерін      қалыптастыру;

     -Азаматтық  пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан  Республикасына сүйіспеншілікке,  мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,  озық дәстүрлерін қастерлеуге,  Конституцияға қайшы, қоғамға  қарсы келген кез-келген көріністерге  төзбеуге тәрбиелеу;

- Республиканың қоғамдық саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу  қажеттігін,  жеке  адамның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  саналы көзқарасы қалыптастыру.

- Әлемдік және отандық мәдениеттің  жетістіктеріне бару, қазақ халқы  мен Республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру;

         - Білім беру ұйымдарының еркіндігі,  дербестігін кеңейту, білім беру  ісін басқаруды демократияландыру  және орталықсыздандыру;

      -   Оқытудың  жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;

        Еңбек рыногында  бәсекелесуге қабілетті білікті  жүмысшылар мен мамандар даярлау  және біліктілігін арттыру;

Жұмыстан   босатылған   қызметкерлерді   және   жұмыспен   қамтылмаған  халықты қайта оқыту және қайта даярлау.

         Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы  білімді  дамытудың  негізгі  үрдісі  мамандар даярлау      сапасын      арттыру,      қарқынды      ғылыми-зерттеу      қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткен.

Қазақстан Республикасында  нәтижеге бағытталған білім берудің 2015

жылға дейінгі білім  беруді дамыту тұжырымдамасы шеңберін де орта білім       берудің  мемлекеттік жүйесіне енгізілетін  үлгі ретінде 2003 жылы пайда болды.Бұл  құжатқа сәйкес, бірінші кезеңде  нәтижеге бағытталған білім беру үлгісін жасау   және   сынақтан   өткізу   мәселесі   шешіледі.   Онда   былай   деп   атап көрсетілген.

      Мұндай үлгіні жасау үшін төмендегідей шаралар қабылданады.

1. Күтілетін нәтиже  түрінде білім беру мақсаттарының жүйесін әзірлеу,

     ол үш деңгейден тұруы тиіс:

а) Ұлттық деңгей: оқыту нәтижесінде қоғам қандай адамды және азаматты

 қалыптастырып   шығарғысы   келеді.   Қазақстан   үшін   білім   берудің  ұлттық мақсаттары бірнеше кең көлемдегі базалық біліктер: үш тілдің еуразиялық көп      мәдениеттілік, қатысымдылық, технократтық және т.б болуы мүмкін;

ә) кең көлемдегі білім салаларының деңгейі, мұнда ұлттық мақсаттар

түйінді біліктер түрінде  нақтылануы тиіс;

 б) Білім беру  пәндерінің деңгейі.

2.Сыртқы ағымды және  қорытынды бағалау жүйесін құру. Білім беру сапасын бағалаудың  ұлттық жүйесі білім сапасын кешенді емтихандар арқылы бағалауға, білім алушылар мен білім беру ұйымдарының даму динамикасын қадағалау   үшін   білім   сапасының   мониторингін   жүргізуге,   білім   сапасын тұрақты қадағалаудың кешенді жүйелерін құруға мүмкіндік береді.

3.  Оқыту ұйымдарының қағидаларын, оқушы ролін білім, іскерлік, дағдыны енжар «алушыдан» білім үдерісінің белсенді танушы субъектісіне өзгерту.

Орта білім берудегі күтілетін нәтижелерді және мониторинг мәліметтері негізінде оларға жету жолдарын талдау үдерісіне барша қауымды қатыстыру жүйесін құру.Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.

Дәл қазір адамның  ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне  қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.

Республикада  оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарын енгізіп жатыр. Жаңа оқулықтар:

  1. Көп деңгейлі.
  2. Интеграцияланған.
  3. Дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігімен ерекшеленеді.

Соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Білім беру саласындағы жаңалықтар: 1. Ұйымдастырудағы .    2. Технологиялардағы

  1. Оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі.

          Қазақстан білім беру тұжырымдамасында "Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады"-деген. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге асырылуда.

           

Зерттеу әдісі — жұмысты орындау барысында талдау, жинақтау, әңгімелесу, салыстыру, байқау және эксперимент тәсілдерін пайдалану болды.

Зерттеу объекті — балалардың математика сабағында көрнекіліктің түрлері мен оны пайдалануы.

Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы тиянақты білім беру; олардың ынта-жігерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін арттыру; пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Зерттеу міндеті :

  1. Математиканы оқытуда көрнекілік мәселелерінде әдебиеттерге 
    шолу жасап,  мәселелерді зерттеп,  перспективалық дамыту 
    процесін анықтау.
  2. Балалардың математикалық білімін көрнекі құралдар 
    көмегімен, белгілі жүйе бойынша дамыту жолдарын белгілеу.
  1. Іс-тәжірибе тексерілген эксперименттік педагогикалық 
    жүйенің мазмұнын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекілікті пайдаланудың педагогика-психология негіздері

1.1. Математиканы  оқытудағы көрнекілік принципі

Математиканы  оқыту процесінде көрнекілік принципін жүзеге асырудың өзіндік ерекшелігі бар. Баланың нақты білім қоры, оның ойлау әрекеті негізінде жинақталады. Оқу-көрнекі құралдарын оқушылар пайдалана отырып, алғашқы жалпылау және қарапайым байланыстарды орнатады.

Көрнекілік — бұл қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Нақтылау нормалары: сөз, образ, сурет, сызба, схема т.б. бола алады.

XVII ғасырдың өзінде Ян Амос Коменский оқытудағы көрнекілікке қойылатын талаптарды негіздеді. Оның айтуынша, ақыл-ойға түйсік әсерін тигізбесе, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықтан, оқуда заттарды талдап, тұжырым жасамас бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау керек деген.

Коменскийдің  ойынша, білім түйсікке негізделуі керек. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталатынын дәлелдеді.

Я.А.Коменский  былай деген: "Мұғалім үшін алтын ереже — бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап қаттылығы мен жұмсақтығын, тағы-тағыларын байқасын". Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түйсініп қабылдағаны жақсы ("Ғылыми дидактика" XX —тарау). Бұл жағдайды ол балаларды оқытуда ең бағалы дәреже деп санады. Кейінгі кезеңдерде педагогика классиктері, әдіскерлері оқыту әдістеріне зерттеулер жүргізіп, көрнекілік принципін нақтылай түсті.

Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан, көптеген нәрселер мен құбылыстарға анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкін беретін, ал екінші жағынан ұжымдарды деректендіруте септігін тигізетін түрлерін қолдануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М.Пышкало жазған мақаланың бірінде: "Әр алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығына, түр-түсіне, салмағына және т.с.с қатысын шамалы өмірге анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды "-деп жазған.

Қазақстандағы ұлы ағартушылардың қазақтың алдынғы қатарлы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері орын алады. Соның бірі Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, ғылыми білім алудың қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, қиял, ерік-жігер сияқгы психикалық процестерді дамыту керек - деді.

Ұлы Абай: " Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады " (А.Құнанбаев шығармаларының толық жинағы, 2-том, 43 сөз, Алматы, 1954, 241-бет) — деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады.

Сонымен, көрнекілікті пайдалану, заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе — заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондыктан, көрнекілік оқушылардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.

Бірақ, бүкіл оқу барысын көрнекілікпен ғана шешуге болмайды. Педагогика классиктері байқаудың абстрактілік ойлаумен тығыз байланысты болатындығын ескертті. Олардың ойынша, байқау — ақыл-ой арқылы бағытталуы тиіс. Я.А.Коменский өз сөзінде былай деген: "Е, егер жоғарғы байқаушы ақыл-ой, сыртқы сезімдерді мұқият түрде қадағаламаса, сыртқы сезімдер бос, құрғақ материал болып қалуы мүмкін".

Осы кезде байқау мен сөз сөйлеуді тиімді түрде байланыстыру мәселесін шешуде академик И.П.Павловтың адам санасындағы бірінші және екінші сигналдық системалардың өзара байланысы жөніндегі, яғни бірінші сигнал қоршаған ортадан келетін нақты материалдар, екінші сигнал — сөз сөйлеу.

Екінші  сигнал бірінші сигналсыз болмайды, екеуі бір-бірінен айырылмайды. Адамда сөзбен ойлану дамыған сайын екінші сигнал системасының функциясы өсе береді. Бірақ сөз сөйлеу қоздырғыштары бірінші сигнаддың әрекеттері арқылы бекітілмесе, тек сөйлеу, сөз сөйлеу қайталана берсе, ол адамды ақиқат шындыктан алыстата береді. Сонымен бірге, бірінші сигнал системасы арқылы алынған білім сөз сөйлеу арқылы айтылмаса, ол зат нәрселерді қабылдау, сезіну дәрежесінде ғана қала    береді,    логикалық    дәрежеге     көтерілмей     қалады.

Қорытындыларды ұғыну және меңгеру оқушылардың белсенділігіне ықпал жасайтын әңгімелесу, есеп шығару, тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі. Өз кезінде Я.А.Коменский оқылатын нәрсе заттарды оқушылардың мүмкіндігінше әр салалы сезім мүшелері арқылы қабылдауын талап етті.

Оқушылар көбінесе көзбен көрумен қатар бұлшық етпен сезіну арқылы да қабылдайды. Егер оқушылар тәжірибені көріп қана қоймай өздері жасаса, жинақтаса білімдері нақты болады. Мысалы, мұғалім оқушыларды үшбұрышпен таныстыра отырып сондай формалы фигуралардың негізгі белгілерін (3 бұрышы, 3 төбесі, 3 қабырғасы) көрсететін модельдерін пайдаланады. Мұғалім балалардың қандай нәрселердің формасы үшбұрыш тәріздес екенін естеріне түсіреді. Математиканы оқытуда оқушыларды тікелей қабылдауы мен түсініктері үйлестіріле пайдаланады.

Математика нәрселердің  өзімен айналадағы өмір құбылыстарын ғана емес "нақтылы өмірдің кеңістік формалары мен сандық қатынасын" (Ф.Энгельс) зерттейді. Сондықтан, математиканы оқытқанда дәл осы жақтарын айырып, алуға тырысады; нәрселердің сапалық белгілері болса, еленбей қала береді. Математикалық қатынастар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланады. Мұндай құралдар кейде нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған жағдайларға қарағанда анағұрлым көрнекі болып шығады.

Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде қолданылуы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ аддында қойылатын әр бір танымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлілікке қол жеткізуге болады.

Көрнекіліктің әр түрлі құралдарын комплексті түрде қолдану қажеттілігі, оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланысты. Бұл жай М.Н.Скаткиннің бір жұмысында жан-жақты ашыла берілген.

"Зат  кеңістік пен уақыт аясында  біріккен тітіркендіргіштердің белгілі комплексі ретінде бір сыпыра анализаторларға әсер еткен кезде ми сыңарларының қыртысында нерв клеткаларының тиісті топтарымен уақытша байланыстар пайда болады" — деп жазады М.Н.Скаткин, - мұның өзі организмнің затты тұтас нәрсе ретінде сезінуіне логикалық екпін туғызады. Сонымен бірге көрнекілік құралдарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан құбылыстың әр түрлі жақтарын ашып береріне, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алатын жағдайда ғана пайдалануға тиімді.

Көрнекі құралдарды іріктеу кезінде олардың лирикалық екпінін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет. Бұл арада Ю.К.Бабанскийдің көрнекілікпен шектен тыс айналысу өмір шындығын онсыз әсерлі түрде таныту мүмкін емес, абстрактілі ойлауды тежеуге апарып соғады.

"Көрнекілікті  өте мол қолдану көп жағдайда  оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танытудан басқаға аударады, мұның өзі, әсіресе, ес қабілеті көрнекілік-образды қабылдаудан гөрі, сөздік-логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады" — дейтін пікірмен комплекске болмайды.

Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблемалары Л.В.Занковтың  "Мұғалім  сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ісіндегі ұштастығы" және "Оқыту ісіндегі көрнекілік пен оқушылар белсенділігін көрсету" деген еңбегінде анағұрлым толық талданған.

Л.В.Занковтың  пікірінше, мұғалім сөзімен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:

1-форма: мұғалім сөздің көмегімен оқушылар жүргізетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы білімді алады.

2-форма: мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі объектілерге жасаған бақылаулары негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесіндегі көзге көріне қоймайтын байланыстарды, саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды.

3-форма : объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады, ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәліметтерді қабылдау қызметін аңғарады.

4-форма : оқушылар көрнекі объектіге жасаған бақылауына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алатын жағдай болмағандағы байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекеленген деректерді біріктіреді, жинақтайды.

5-форма : не сөз жәрдемімен немесе көрнекі түрде көрсете отырып мұғалім оқушыларға қолда бар объектілермен жұмыс істегенде орындауға тиісті, іс-әрекеттерге қатысты, сондай-ақ ол іс-әрекеттердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді.

6-форма: педагог сөздің жәрдемімен оқушыларға қолда бар объектілермен, олар жасауға тиісті іс-әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұсқауы қолма-қол көрсетіліп отырады.

                    1.2 Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің

түрлері мен рөлі

Бастауыш кластарда оқу-көрнекі құралдарын математика сабағында қолданудың рөлі өте зор. 1-5 кластарда сандар және оларға амалдар қолдану, ұзындық, масса, уақыт, баға, аудан бірліктері, бөлшек туралы ұғым, арифметикалық амалдардың қасиеттері қарастырылады. Сонымен бірге, балалар алгебралық және геометриялық материалдан ұғым алады.

Оқыту процесінде оқу-көрнекі құралдарының атқаратын міндеті мен орны, оларды пайдалану мақсаты, сабақтың мазмұнына, сабақта шығарылатын дидактикалық есептерге және оқушылардың дайындығына тығыз байланысты болады. Математика сабағында қолданылатын оқу-көрнекі құралдарын 3 топқа бөліп қарауға болады:

1-топқа: сандар ұйымын меңгеруге , есептеуді, сандарға амалдар қолдану және арифметикалық амалдардың қасиеттерін ұғынуға көмектесетін құралдар;

2- топқа: геометриялық материалдарды оқып үйренуге көмектесетін құралдар;

3-топқа: ұзындық масса мен сыйымдылық, уақыт, аудан бірлестіктерін оқып үйренуге көмектесетін құралдар кіреді.

Көрнекілік  бірнеше түрлерге бөлінеді:

Жаратылыс көрнекілігі — оқушыларды өмірде бар объектілермен (өсімдіктермен, хайуанаттар, минералдармен т.б.) класта және мектептен тыс жерлерге (табиғатқа шығып, топ-серуен жасау кезінде және т.б.) таныстыруды көздейді.

Көлемдік көрнекілік — шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар (фото суреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитивтер).

Дыбыстық  көрнекілік — дыбыстық бейнелерді, дыбыстық көріністерді жазу үшін дыбыс құралдарын пайдалану және дыбысты кино жатады.

Символикалық  және графикалақ көрнекілік — абстракты ойлауды дамытуды әсер етеді, өйткені бұл типтегі құрал нақты болмысты шарты қорытылған символикалық түрде көрсетеді (бұған схемалар, чертеждер, диаграммалар жатады). Көрнекі оқу құралдары табиғи және суретті құралдар болып бөлінеді. Математика сабағында пайдаланатын табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, кубиктер, т.с.с. жатады.

Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер-картиналар, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері салынған таблицалар.

Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дүрыс тандап алуынан және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуынан мүмкіндік береді.

Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы кластық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы кластық көрнекі құралдарды бүкіл класс болып пайдаланады (олар демонстрациялық деп атайды). Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланылады. Көбінесе жалпы кластық және жекелік құралдар мазмұны жағынан бірдей және айырмашылығы үлкен — кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың моделдері, кеспе цифрлар, чертеждік инструменттері т.с.с. Жалпы кластық құралдарды да, сондай-ақ жекелік құралдарды да, сабақта пайдалану ыңғайлы болу үшін дүрыс орналастырудың рөлі зор, мысалы, цифрларды жалпы кластық және жекелік кассаларды, фигуралар модельдерін конвертте сақтайды және т.с.с.

Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекiлiктердi пайдалану әдiстемесi