Учет и аудит заработной платы в БТА

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе ..............................................................................................................4                                                                                                        

                                                                                                                             

1    ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ                             7

    1. Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу    7
    2. Еңбекақының нысандары мен жүйелері        13
    3. БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы    21

 

  1. БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ     28
    1. БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері      28
    2. БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі      36
    3. Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар        42

 

  1. БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН  ТАЛДАУ ӘДІСІ            48
    1. Еңбекақы қорының  аудиті мен талдауының ақпарат көздері     48

3.2  Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті        56

3.3  Еңбекақыны талдау және маңызы                                                      62

 

ҚОРЫТЫНДЫ            75

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ       79

 

ҚОСЫМШАЛАР            81

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Еңбекақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды  жүзеге асыруға көмектесетін маңызды  экономикалық құрал. Еңбек ақы түсінігі жаңа мазмұнымен толықтырылды және сонымен қатар әртүрлі сыйақылар, қосымша төлемдер және әлеуметтік жеңілдіктер, ақшалай және натуралды түрдегі барлық ақы түрлерін құрап отыр. Еңбек және еңбекақы - дәл және оперативтік мәліметтерді талап ететін жұмыс орнының ең негізгі және күрделі бөлігі, онда жұмысшылар санының өзгерісі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылардың категориялары, өндіріс шығындары көрсетіледі.

Еңбек ақы мәселелері тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан да маңызды болғандықтан, экономикалық теорияда және іс жүзінде ерекше орынға ие. Сол себепті бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде өте өзекті болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында басты міндеттердің бірі - «еңбекақы мен төлемдерді, зейнетақыны толық және уақтылы төлеп тұру» екендігін айтқан [1].

Әрбір жұмысшының еңбек ақысы  оның жеке қосқан үлесімен және кәсіпорын  жұмысының нәтижесімен анықталады. Ол салықтармен реттеледі, жоғарғы  шегі шектелмейді. Ал, барлық ұйымдық  - құқықтық формадағы жұмысшылардың еңбек ақысының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен және жыл сайын «Республикалық бюджет» заңымен анықталады.

Нарықтық экономика жағдайына  көшуге байланысты еңбек ақы жүйесі түгелдей өзгеріске ұщырады. Қазақстан  Республикасының 15.05.07 «Еңбек Кодексі» заңына сәйкес, мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне араласпайды, сонымен қатар, еңбек ақының мөлшерін, формаларын, жүйелерін  анықтамайды, яғни оны ұйымдастырумен айналыспайды [2].

Мемлекет тек халықты  әлеуметтік қорғаумен айналысады. Мысалы, еңбек ақының ең төменгі мөлшерін қояды, еңбек ақының салық салынбайтын мөлшерін бекітеді, Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібін бекітеді.

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруге және жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда  бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі артуда. Кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның  өзін-өзі қаржыландырылуы мен  табыс табуы, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға сондай-ақ ұйымдардың қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.

Бүгінде Қазақстан дамыған  елдердің қолданып жүрген халықаралық  бухгалтерлік есеп стандартын, заңдарын және икемді салық жүйесін толық  пайдалануға талпыныс жасауда. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.

Бұл талаптар Республикамызда  бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды  есеп беру жүйесін реттеуші Ұлттық стандарттар мен Бас шоттар жоспарын жасап бекітілуіне және олардың 1997 жылдың 1 қаңтарынан  бастап басшылыққа алынып, күні бүгінге дейін толықтырылып қолданылып келуіне септігін тигізді.

Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен  қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы  аталған жайдын мәні туралы дер кезінде  және сенімді ақпарат қажет.

Тап осындай ақпараттың басым  көпшілігі бухгалтерлік есептің  еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан  да бухгалтерлік есепті кейде бизнестің қаржылық тілі деп те атайды.

Еңбек және еңбекақының есебі  бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі болып табылады. Еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Яғни, еңбек адам өмірінің ажырамас бөлігі, өйткені адамды адам қылған - еңбек.

Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес республиканың  әрбір азаматы еңбек етуге  құқылы және әрбір адам өз ықыласына, қабілеттілігіне және арнайы дайындығына  қарай мамандығын таңдай алады.

Қызметкердің еңбегін  дұрыс бағалау - еңбек төлемінің негізгі алғышарты болып табылады. Еңбекақы адамдардың өмір сүруінің негізгі көзі. өйткені еңбекақы бүкіл әлемде жұмыс істейтіндердің кіріс көзі. Сонымен қатар еңбекақы мемлекеттің өз азаматтарына деген қатынасын көрсетеді және экономиканы басқарудағы негізгі элемент ретінде қолданылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - еңбектің және оның төлемақысының есебі банктегі бухгалтерлік есеп жүйесінде өте үлкен рөл атқаратындығы. Еңбек, оның саны мен сапасы банктің шаруашылық қызметінде анықталады. Жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу. Жедел басшылық жасау тиісті мәліметтер алу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  банктік сектордағы еңбек және еңбекақының есебі мен талдауын жасау, аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер шешіледі:

  • еңбекақының теориялық аспектілерін қарастыру;
  • еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебін зерттеу;
  • еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдарды қарастыру;
  • еңбекақы есебін жүргізу тәртібін зерттеу;
  • еңбекақы қорын талдау; 
  • еңбекақыға жүргізілген аудитерлік тексеруді зерттеу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі болып «БТА» АҚ қызметкерлерінің еңбекақыларының қалыптасуы мен қозғалысын бухгалтерлік есепте көрсетілуі, еңбекақы қорын талдау мен аудиторлық тексерілуі болып табылады.

Ғылыми жаңалығы банктік  сектор бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары мен еңбекақыны есептеу жүйесі бағдарламасының кеңейтілген түрін енгізу; жұмыс өтілі мен жұмыста өтімді ұсыныс бергеніне сәйкес еңбекақы төлеу; қызметкерлер арасындағы бәсекелестікті арттыру; өнімділікті арттыруға ынталандыру.

Дипломдық жұмысты жазу барысында  мынандай нормативті - құқықтық заң актілері қолданылған:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;

Қазақстан Республикасының  Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңы (2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы);

Салықтар және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы Заңы;

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарттары;

Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен, кіріспе, қорытынды және қосымшалардан  тұрады. Жалпы жұмыс көлемі 78 бет. Жұмыс құрамы 15 кесте, 1 сурет, 6 қосымша, 11 формула, 28 әдебиет көздерінен тұрады.

Бірінші бөлімде еңбекақы есебінің теориялық аспектілері, соның  ішінде: еңбекақының мәні мен маңызы, нысандары мен жүйелері және нормативтік-құқықтық реттеу, БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы қарастырылған.

Екінші бөлім БТА АҚ еңбекақының ұйымдастырылу есебі, оның ерекшеліктері, еңбекақы бойынша ұсталымдар мен шегерімдер, еңбекақы бойынша есеп айырысу есебін зерттеу үшін арналған.

Үшінші бөлімде банктік  сектордағы еңбекақы қорының аудиті мен талдау әдістері: еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері, еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті және еңбекақыны талдау көрсеткіштері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Еңбекақы Есебінің теориялық аспектілері

 

1.1 Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік құқықтық реттеу

 

 

Еңбек туралы есеп беруде көп  салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі  емес қызмет атқаратындар деп екі  топқа бөледі.

Ал өнеркәсіп орындарында  қызмет істеушілер мынадай екі топқа  бөлінеді:

  • кәсіпорынның өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері;
  • кәсіпорынның қызметінде өндіріске жатпайтын бөлімдерінің жұмысшы қызметкерлері.

Атқаратын қызметтеріне қарай  кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары  мен қызметкерлері жұмысшылар мен  әкімшілік басқару қызметкерлері  болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік басқару қызметкерлері  тобына басшылар, мамандар және тағы басқа  да қызметкерлер жатады.

Басшылар қатарына - басшы, директор, бөлім меңгерушілері, тағы басқалар жатады.

Мамандар қатарына - инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.

Басқа да қызметкерлер қатарына - құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.

Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен  олардың жұмыс істеген уақытын  есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы  саны олардың «тізімдегі саны» деп  аталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  тізімдегі саны - кәсіпорындар мен ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  құрамының есебі - кәсіпорындар мен  ұйымдардың мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттары пайдаланылады:

  • жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т - 1;
  • жұмысқа қабылданған тұлға мен кәсіпорын арасындағы келісім - шарт;
  • басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т - 5;
  • демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т - 6;
  • жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т - 8.

Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның  мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады. Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі  Қазақстан Республикасының 15.02.2000 ж. №35 - П «Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі жөнінде оны бекіту нұсқаулығы» туралы әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының  өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы да басқа деректер жазылады.

Жұмысқа алу жайлы өтініш негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты - жөні, ұлты, еңбек өтілі, дүниеге келген күні, айы және жылы, мекен-жайы және тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады [3].

Кәсіпорындардағы әрбір  қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір - еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі, яғни уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күнтізбенің әрбір күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-30 дейін немесе 1-31 дейін (ақпан айында 1-28 дейін немесе 1-29 дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды сандық күнтізбенің күніне бөлу арқылы табады.

Толық ай жұмыс істемеген  ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, жаңадан  іске қосылған ұйымдарда, сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі ( демалыс  және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің  санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  кәсіпорын бойынша бір жылдық орташа саны осы жылдағы барлық айлардағы  олардың тізімінің орташа санының  қосындысын 12 бөлумен анықталады. Егер кәсіпорын толық жыл бойы жұмыс  істемеген болса, онда жұмысшылардың  тізімдік орташа саны жұмыс істеген  айлардағы олардың сандарының қосындысын 12 бөлу арқылы табылады.

Ескере кететін бір  жағдай, жұмысшылар мен қызметкерлердің  кәсіпорын бойынша орташа еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа  да орташа шамаларын анықтау үшін «орташа еңбекақы» және басқа  да орташа шамаларды есептеп шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.

Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір санаттарына (категорияларына) жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:

- жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай - ақ бала асырап алған әйелдер;

- заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар);

- оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған немесе сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, сондай-ақ жоғары және арнаулы оқу орындарына түсуге емтихан тапсыру үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;

- әкімшілікті ұйғарымы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар [4].

Шаруашылық үдерістері (процестері) жабдықтау, өндіру және сату, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, жұмысшы күші екендігі белгілі. Кез-келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселе.

Сонымен қатар еңбек пен  еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар  қажет:

1) Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану;

2) Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану;

3) Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану;

4) Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына  толтырылған алғашқы құжаттар мен  жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу  үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгіленген мерзімде бухгалтерияға  келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы  құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының  дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу  және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі [5].

Халықаралық Еңбек Ұйымының стандарттарына сәйкес еңбекақының  негізгі төрт тобын бөліп көрсетуге болады:

1) Тікелей еңбекақы - мерзімді мөлшерлемемен жұмыс істейтіндердің негізгі мерзімді еңбекақысы, ынталандырушы қосымша төлемдер, мерзімнен тыс, түнгі уақыттағы және демалыс күндердегі жұмысы үшін қосымша төлемдер, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларына қосымша төлемдер, аудандық үстеме ақылар. Сондай-ақ, еңбек өтілі немесе ерекше біліктілігі үшін қосымша төлемдер, жауапкершілігі үшін қосымша төлемдер, тұрмыс құнына өтемақылар және басқа да жүйелі сыйлықақылар жатады. Бұл топтама еңбекақы алатындар үшін, яғни кесімді және мерзімді жұмысшыларға қолданылады.

2) Жұмыс істемейтін уақыт ақысы - жыл сайынғы демалыстар, ақы төленетін мемлекеттік мерекелер және басқа да жұмыс істемейтін уақыт үшін қызметкерлерге тікелей еңбекақы, жұмыс берушімен төленетін төлемдер, мысалы, отбасы мүшелерінің туылуы немесе қайтыс болуымен, некеге тұрумен, кәсіподақ жұмысымен, отбасылық міндеттермен, сайланбалы органдағы жұмысымен және т.с.с. байланысты тікелей төлемдер. Тікелей төлемдерге, сондай - ақ қызметкерлер үшін жұмыс беруші сатып алған жолақы билеттері жатады. Жұмыстан босату бойынша жұмыстан шығардағы берілетін жәрдемақы бұл топқа жатпайды.

3) Сыйақы (сыйлықтар) - маусымдық, жылдық және біржолғы сыйлықақылар, қалыпты ақыдан тыс демалысқа қосымша төлемдер, пайдаға қатысу. Еңбек шартына және орындаған жұмысына сәйкес тұрақты негізде (мысалы, 1 айда бір рет немесе еңбекақы төлемдері кезінде) төленетін сыйлықақыларға жұмыс істемеген уақыты үшін төленетін еңбекақы да жатады. Сыйақы мөлшері жалпы ұйым бойынша белгіленеді.

4) Заттай төлемдер - өнімдер (тауарлар), отын, тегін немесе қаражаттандырылған тұрғын үй түріндегі заттай төлемдер. Қызметкерлерге заттай төлемдер жеке тәртіпте жүргізіледі, әдетте, оларды табыс толықтырады. Оларға қаражаттандырылған немесе тегін медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде осыған ұқсас төлемдер жатпайды.

Халықаралық Еңбек Ұйымының ұсынысы бойынша орташа еңбекақы деңгейі туралы деректер (орташа жылдық немесе орташа айлық) еңбекақының жалпы қорын зерттеумен қамтылған адамдар санына және қарастырылып отырған кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен алынады. Осыған ұқсас, сағаттап, күндік немесе апталық еңбекақы туралы деректер еңбекақы қорын базалық кезеңдегі (нақты жұмыспен өтелген немесе ақы төленген) жұмыс сағаттарының жалпы санына бөлумен анықталады [6].

Еңбекақы мөлшерін анықтаушы элементтердің бірі - өмір сүру минимумы болып табылады. Ол адамның денсаулығын сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш. Адресті бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізудің базасы ретінде, еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеуге, жасына қарай зейнетақы мөлшерін белгілеуге, жұмыссыздарға төленетін төлемақы мөлшері мен білімгерлердің шәкіртақысы мөлшерін белгілеуге қолданылады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері бір айда қарапайым жұмысшыға (мамандығы жоқ) ақшалай төленетін еңбекақы, ол қарапайым жұмысты қалыпты еңбек жағдайында орындалады. Еңбек ақының ең төменгі мөлшері өмір сүру бағаларымен және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігімен анықталады.

Қазақстан Республикасының 2011 жылдың желтоқсанында қабылданған 2012 - 2014 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:

- айлық есептік көрсеткіш  - 1 618 теңге

- еңбекақының ең төменгі мөлшері  - 17439 теңге

- зейнетақының ең төменгі мөлшері  - 17491 теңге

- зейнетақы төлемінің мемлекеттік базалық мөлшері  -  8 720 теңге

- базалық әлеуметтік төлемді есептейтін ең аз күнкөрістік шама -17439 тенге.

Еңбекақы мөлшерінің төмен болуы, мемлекеттің экономикасының дамуына теріс ықпалын тигізеді. Жоғары сапалы, ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдерге сұранысты азайтады. Жұмыс күші арзан болған жағдайда, жаңа техника мен технологияларды қолдану, кадрлардың біліктілігін көтеру, техникалық қайта құру қажеттілігі болмайды. Өнеркәсіптің жеке салаларында жұмысшылардың мамандық біліктілік топтарында еңбекақының дифференциациялануында үлкен айырмашылықтар пайда болды, олар жұмыстың маңызы мен объективті сипаттамаларын толық қамти алмайды.

Еліміздің отын - энергетикалық кешеннің кәсіпорындары шоғырланған аймақтарда еңбекақының жоғары деңгейі қалыптасқан, бұл жағдай өнімнің жоғары бағасымен және кәсіпорындар мен салалардың монопольдық жағдайына байланысты. Ал, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы шоғырланған аймақтарда  жағдай өте нашар. Еңбек ақы өзінің ынталандырушы қызметін атқармайды, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен еңбек ақы мөлшерінің арасындағы байланыстың нашарлағанын көрсетеді. Мониторинг нәтижелері көрсеткеніндей, еңбекақы мөлшерін көтеру төлем қабілеттілігі төмен кәсіпорындарда орын алған. Мысалы, мұнай өңдеу өнеркәсібінде еңбекақы орта есеппен 1.2 есе өскен, ал қаржылық - тұрақты кәсіпорындарда 1.1 есе өссе, экономикалық - қаржылық тұрақсыз кәсіпорындарда 1.4 есе өскен.

Біздің елімізде еңбекақы екі түрлі қызмет атқарады: бір жағынан, жұмысшылардың өмір деңгейін көтеретін табысының басты қайнар көзі болса, екінші жағынан - өндіріс тиімділігін арттырудың материалдық ынталандыруын қамтамасыз ететін басты тұтқа болып табылады.

Қоғамдық өндірістің әртүрлі  фазаларында: өндірісте, бөлуде, айырбаста  және тұтынуда еңбекақының атқаратын қызметтері оның мәнін ашуға көмектеседі (Кесте 1).

Кесте 1 - Еңбекақы жүйесінің атқаратын қызметтері

Қызметтердің атауы

                     Қызметтердің мазмұны

 

   Ұдайы өндірістік

Жұмыс күшінің ұдайы өндірісін  қамтамасыз ету, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне ықпалын тигізетін еңбекақының минималды деңгейін бекіту.

 

   Ынталандыру

Өндірістің дамуына ынтаны арттыру, жұмысшының қосқан еңбек үлесіне  сәйкес еңбекақы деңгейін қою.

 

  Өндірістік - есептік

Өнім бағасының құрылу үдерісінде тірі еңбектің қатысу өлшемін  сипаттайды, оның жиынтық өндіріс  шығындарындағы үлесін көрсетеді.

 

 

   Реттеушілік

Жұмысшының тауарлар мен  қызметтерді, ал жұмыс берушілердің өндіріс құрал – жабдықтарын  сатып алу қабілетін қалыптастырады, яғни тауар ұсынысы мен сұранысы арасындағы пропорцияның қалыптасуына ықпал етеді.

 

   Әлеуметтік

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлем қабілеті бар  сұранысты қалыптастырады. Әлеуметтік  әділеттілік қағидасын жүзеге асыруға  ықпал етеді.

 

   Мотивациялық

Еңбекте шығармашылық пен  моральдық-өнегелі жағдайды дамытады, жұмысшының адамгершілік қасиетін және оның еңбек моралін қалыптастырады.


Ескертпе. Кесте 7 әдебиет көзі негізінде жасалған.

Ұйымдардың еңбекақыға қатысты барлық есеп айырысулары нрмативтік заңнамалар базасы стандарттарына, нормаларға сәйкес реттелуі тиіс. Оған жататындары: ҚР Салық Кодексі, ҚР Еңбек Кодексі, 15 мамыр 2007 жыл №252-III, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» заңы, Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы (2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы); «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР 1998 жылғы 20 қарашадағы №304 - I Заңы, «2010 -2012 жылдарға арналған Республикалы бюджет туралы» ҚР 2009 жылғы 7 желтоқсанындағы №219 - IV Заңы, «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі туралы» ҚР Үкіметінің 29.12.2007 жылғы №1394 Қаулысы.

Салық Кодексі салықты  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі  жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға  байланысты қатынастарды реттейді.

Еңбек Кодексі. ҚР Еңбек туралы кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Кодекстің нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормтаивтік құқықтық актілерден тұрады.

ҚР Үкіметінің 29.12.2007 жылғы  №1394 Қаулысымен бекітілген «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі. Осы орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі Еңбек Кодесіне сәйкес әзірленді және орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

Сонымен, еңбекақы экономикалық категория ретінде, жұмыс күшін ұдайы өндіру және еңбекті ынталандыру қызметтерін аз орындай бастады. Еңбек ақыдағы мұндай жағдай, қоғамның әлеуметтік жіктелуіне және әлеуметтік теңсіздікке алып келеді. Қазіргі уақытта 10 % ең жоғары табысты және ең төменгі табысты топтардың арасындағы айырмашылық 13 есеге жеткен. Бұл жағдайдан шығудың бірден - бір жолы мемлекеттің реттеуші ролін күшейту, еңбекақының негізгі, ұдайы - өндірістік, ынталандыру және реттеуші қызметтерін қалпына келтіру.

 

 

    1. Еңбекақының нысандары мен жүйелері

 

 

Еңбек ақыны дұрыс ұйымдастыру  өндірістік мәселелермен бірдей маңызды іс. Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі міндеті - еңбек ақыны әрбір жұмысшының еңбек үлесімен байланысты етіп, жұмысшының жұмысқа ынтасын арттыру болып табылады. Жұмысшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру:

- кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақысының формалары мен жүйелерін анықтау;

- кәсіпорын жұмысшылары мен мамандарының жеке жетістіктеріне төлемдер төлеу критерийлерін жасау;

Учет и аудит заработной платы в БТА