: Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері



әл Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология факультеті

Адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасы

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жұмыс

 

 

 

 

Тақырыбы: Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері

 

 

                                                                                   Орындағандар:

                                                                                             Оразбекова Мерей

                                                                                             Садықов Мақсат

                                                                                             Ғылыми жетекші:

б.ғ.к., доцент Абылайханова Нуржанат Татухановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

Мазмұны

 

Кіріспе ....................................................................................3

Негізгі  бөлім...................................................................................4

І. Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері

  1.1. « Coca- Cola» зауытының тарихы.......................................................4

  1.2. « Coca- Cola» өнімдерінің пайдасы мен зияны.................................6

  1.3. « Fast Food » –тың адам ағзасына әсері.............................................7

ІІ.  Зерттеу жұмыстарының нәтижелері

2.1. Зерттеу әдістері мен обьектілері.........................................................10

          2.2. Алынған нәтижелер..............................................................................14

 

ІІІ. Қорытынды.....................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттардың бәрін биосфера компоненттерінен жерден, судан, өсімдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып, пайдаланатыны баршамызға белгілі. Алайда, адамзат баласы жердің, табиғаттың берген сыйын дайын күйінде пайдалануды қанағат тұтпай, табиғи таза өнімдерді жаңа технологиялар көмегімен өзі өңдеп, игере бастады. «Адамзат баласы қаншама жасампаз болса да, ол соншама өзгертуші де бола алады» демекші өнеркәсіптің техникалық, ғылымның барынша өркендеген заманында бұл өзгерістер мен жаңалықтардың салдарынан еліміздің зауыт фабрикаларының шығаратын жаңа өнімдерінің адам ағзасына әсері біршама ұлғайып келе жатыр.

Осы проблеманың себептері мен салдарының ара жігін ажырату үшін,  Алматы қаласындағы зауыт фабрикаларыдың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсерін салыстырмалы талдау жасау, жаңа деректер жинау арқылы қажетті ақпараттандыру керек.

Жоғарыда айтылған көзқарастарды ұстана отырып, фактілер мен концепцияларды белгілі бір сүзгіден өткізіп табиғаттағы және адам организіміндегі қолайсыз өзгерістердің біліну жылдамдығы мен зардаптық деңгеіне баға беру үшін осы материалдар негіз бола алады.

 

Мақсаты: Алматы қаласындағы зауыт- фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсерлерін зерттеу.

Міндеті: 

1. Алматы қаласындағы « Coca- Cola» зауытының өнімінің адам ағзасына тигізетін әсерін анықтау.

2.  « Coca- Cola» зауытының  шығаратын өнімдерінің пайдасы мен зияны.

3.  « Fast Food »  тағамдарының  зиянды жақтары.

4. Салыстырмалы талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері

 

1.1.           « Coca- Cola» зауытының тарихы

 

Мифсыз бренд – аспанға шашқан ақша, “Кока-кола” осы қағиданы тамаша көрсетуде. Клиенттерге осы салқындататын ішімдік түрлері ғана емес, бәсекелестермен болатын соғыс пен жанжалдар да қызық. Компания тарихының сыры ашылмаған фактілері, жасыру және лезде теріс жорамалданатын, ұқыпты түрде жоққа шығарулар – тамаша жарнамалық әдіс.

1886 жылдың 29-наурызында Атланталық фармацевт Джордж Пембертон кока жапырақтарынан және кола тропикалық ағашының жаңғақтарынан тәтті сироп жасап, ішінде сусыны бар құтмыраны сату үшін дәрханаға алып барады. Сиропты сумен араластырып, сата бастайды, бірақ оншалықты табысты болмайды.Артқы аулада тұрған мыс таздағы сироп . Аңыз бойынша, ішімдіктен кейін бас ауруынан қиналып жүрген келушілердің бірі сусынды газбен араластыруын өтінеді және нәтижесіндегі эффектке қатты көңілі толады. Енді кока-кола мидың жұмыс істеуін ынталандыратын керемет тоник, жүйке бұзылуына, бас ауруына, невралгия мен меланхолияға қарсы арналған дәрі ретінде сатыла бастайды.Пембертон, конфедераттар армиясының бұрынғы офицері, оңтүстіктегілердің жеңілуінен кейін, аштан өліп қалмау үшін күн көріс амалымен бір нәрсе жасауға мәжбүр болды. Оның медициналық білімінің болуы біршама күмәнді еді. Бірақ сол кездері фармацевтика саласында тәртіптің болмауы оған жұмыс істеуге мүмкіндік берді. О’Генридің бір әңгімесі бар еді. Ол әңгімеде екі алаяқтың адамдары аңғал, шағын қала тұрғындарына барлық дерттен емдейтін әртүрлі «сиқырлы» дәрі-дәрмектерді сатқандығы туралы айтылады. Міне, осы жағдай аясында кока-кола пайда болды.Пембертонның өз үйінің сыртқы ауласында мыс тазда сироп қайнатуының мәні қарапайым. Өздерінің әдебі қатал болып келетін оңтүстік адамдары алкогольға қарсы шыға бастады, ал Пембертон шарапқа араластырылған кока жапырақтарынан спиртті тұндырма арқылы жақсы ақша тауып жүретін еді. Ол бұл рецептті француз Марианидан алған болатын. Енді, алкогольдің орнын бір нәрсемен ауыстыру керек болды. Бұл проблеманы кока жапырақтарында болатын кокаин шешті. Ал, кокиан сол кездегі дәрі-дәрмектердің көбісінде болатын еді. Әрине, өте жабайы естіледі, алайда, бір кездері герион да жөтелге қарсы дәрі ретінде дәріханада сатылатын.Сонымен бірге, осының барлығынан тыс, кока-кола морфинизмге қарсы құрал ретінде пайдаланылды, ал, Пембертонның анаша қабылдайдынтармен араласу тәжірибесі бар еді. Ал, сусында кокаин бар екендігін ескеретін болсақ, бұл тамаша ой еді. Тәуелді болудың орнын ауыстыру – релксанттардан ынталандырушыларға өту – ең жақсы «демалыс». Мұндай рецепттер қазргі американдық нашақорлыққа қарсы адуынының аясында өте қызық болып көрінеді.1903 жылы New York Times газетінде кокаин мастығымен қақтығысқа шыққан негрлар туралы мақала шыққан кезде, ынталандырушыларға толығымен тиым салуға көше бастады, және «Кока-кола» өз бағытын тез арада өзгертіп жіберді. Себебі, кока-коланың сатылу орындарын суық допинг нүктелері деп атай бастады. Компания Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі федералды басқармамен не туралы уағдаласқандығы әлі күнге дейін белгісіз. Белгілі болғаны, жаңа кока жапырақтарын «сығылған» жапырақтармен алмастырды, сол себепті ол жерде енді кокаин жоқ болды.

 

Кока-кола формуласын жариялауға әлі күнге дейін тиым салынған. Пембертон өз қолымен жазып кеткен рецепт бар екендігі айталады. Ол ерекше бір сейфта сақтаулы, оған тек компанияның жоғары басшылығы ғана қол жеткізе алады, және бәрі бірге болған жағдайда ғана сейфті аша алады. Бір жағынан, қазіргі заманда түрлі ұйымдардың тағамға және сусындарға деген жіті назары мен қатаң талаптары аясында рецепттің әлі күнге дейін ашылмауы бір түрлі күмәнді. Екінші бір жағынан рецептті біліп алудың түрлі жолдары бар. Атақты 7Х деген ингридиент лимон, апельсин, даршин майынан, жұпар жаңғағынан, ащы апельсин, кориандр және лайм гүлдерінен тұратындығын айтады. Бірақ, құпия әлі күнге дейін бар. Зауыттарды компоненттерді кодты нөмірлермен араластырып, ал, банка сыртында көп нәрсені білдірмейтін «табиғи хошиістендіргіштер» деген атау ғана бар. Бір нәрсені ғана сенімді түрде айтуға болады – қазір оның құрамында кока да, кола да жоқ.

Дегенмен де, “Кока-колы” тарихы – бұл газдалған сусынның өмірбаяны ғана емес, ол – брендты танымал ету, стандарттарды енгізу, жарнамалық шеру және басқару әдістерінің тарихы. Бұған зерттеудің сан мыңдаған парақтары арналған және ол кез-келген қаржыгер үшін қызықты детективтан да қзықты болып табылады.

Газдалған сусындармен күрес  Жаһандануға қарсы адамдардың трансұлтты корпорациялардың саясатымен күресі сол компаниялардың өнімдерін шайтандастыруға да алып келеді. “Кока-Кола” бұл жерде де соттар мен даулар бойынша бірінші орында, тіпті, бұл компания McDonald’s-ты газдалған сусындармен жабдықтайтын жалғыз жабдықтаушы да болып табылады. Еріп кететін полиэтилен мен бұзылатын тістер мен ішкі органдар туралы әгімелер. Үндістанда егін алқаптарына себу үшін пестицидтер ретінде газды сусындарды пайдалануы. Сусынды унитаздар мен автомобиль моторларын тазартатын құрал ретінде қолдану. Қытайда спермицидті құрал ретінде қолдану. Бұл сусынды ішетін адамдардың әлі күнге дейін тірі жүргендігі бір түрлі қызық …

Шындығында, “Кока-Кола” әдетте Олимп ойындарының демеушісі болатын, ал, КСРО-да жағдай мүлдем өзгеше еді, тіпті, “Пепси” 70-ші жылдардың аяғынан бастап батыста кең тараған бренд болып табылатын «Столичная» арағын тарату құқығына ие бола отырып, кеңес нарығында бар болатындығын айтпағанда. Шешімі табылды: идеологиялық қарсыласпен ынтымақтасу арқылы газды сусынның жарқын атына «кір» келтірмеу үшін, Мәскеуде фанта сата бастады Дегенмен де, 90-шы жылдардың басынан бастап “Кока-Кола” бәсекелесін тез басып озды.

“Кока-Кола” барлық жерде бар. Онымен жұлдызжорамал жасайды. Ол армияда да, космоста да бар. Ол тіпті Санта-Клаусты да өз қолына алып алды –1931 жылы американдық Аяз Ата үшін қазір көзіміз үйреніп қалған қызыл-ақ костюмның жобасы жасалды. Ол – Демократиялық партияның бейресми спутнигі (республикалықтар “Пепсиді” таңдайды).

 

 

1.2.           « Coca- Cola» өнімдерінің пайдасы мен зияны.

 

      Зиянды жақтары:

 

«Кока-Кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамелдердiң құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады», - деп жазады газет.Дұрыс тамақтану қозғалысының американдық белсенділері өндіруші-компанияның «Колаға» карамелдер түс береді деп мәлімдеме жасауы – жалған. Шындығында, олардың айтуына қарағанда, ол толығымен жасанды канцерогендердiң қарақошқыл балқымаларынан тұрады.Бұл заттар организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі.Оның ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетик» болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға алады». Мәселен, «Кока-кола», «Пепси» сусындарының денсаулыққа кері әсері бірден анықталған жоқ қой. Жиырма жылдан кейін ғана белгілі болды. Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімдердің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға мүлде тыйым салынып жатыр. Біз де осы бағытта біраз жұмыстарды қолға алудамыз. Нақты айтсам, «Кока-кола» мен «Пепсиді» мектептерде сатуға тыйым салынуда. Жақында осыған байланысты еліміз аймақтарының әкімдіктеріне ұсыныс хат жолданды. Сол сияқты энергетикалық сусындардың құрамын да мүмкіндік болған кезде ғылыми тұрғыда зерттеп, сауда нүктелерінен кез келген уақытта алып тастауға болады. Бірақ дәл қазіргі уақытта бұлай деп үзілді-кесілді кесіп айта алмай отырмын. Себебі қолымда оның қауіптілігі жөнінде қандай да бір дәлел болмаса мәлімет жоқ. Мысалы, «Кока-колаға» келсек, оны сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Оның адамның сүйектерін әлсіретіп, сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі болды. Ал республика халқының энергетикалық сусындарды пайдалана бастағандарына көп бола қоймағандықтан, оның зиянды әсерлері әзірге байқалған жоқ. Дегенмен жақында Швецияда үш адам және бір норвегиялық тұрғын осы сусыннан көз жұмғаны туралы деректер тіркеліпті. Қазір бұл елдер «энергетиктердің» құрамын зерттеуге кірісіп кетті. Енді бізге де бұл өнімдерді толыққанды клиникалық зерттеуден өткізіп, зиянын нақты дәлелдеу қалды. Ол үшін жан-жануарларға болмаса ерікті адамдарға тәжірибе жасау арқылы сынақ жұмыстарын жүргізу керек. Бірақ тағы қайталап айтамын, біз, Қазақ тағамтану академиясының мамандары, бұл мәселені өз бетімізше көтере алмаймыз. Өйткені аталмыш өнімдердің зияны туралы өзіміз бастап айтатын болсақ, оны тексеру үшін қаржыны да өзімізге қарастыру керек болады.

 

      Пайдалы жақтары:

 

 

      Ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның  химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.

      Кока кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазаып шыға келеді.

      Кока кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.

      Кока кола сусынын тамақ дайындауда да қолдауға болады. Өзіңізге ұнаған соуспен араластыруға болады.

      Кока кола дақты жіне иісті  жақсы ктіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.

 

 

1.3.           « Fast Food » –тың адам ағзасына әсері.

Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған, бірақ ақырғы уақытта ғалымдар дабыл соқты, ал қоғамдық ұйымдар зиянды тағамға белсенді қарсы шықты. Мамандардың айтуы бойынша – фаст-фуд әдеттенуді туғызады, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болды. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік – осылар зиянды дағдылардың нәтижесі болып табылады. Салауатты өмір сүруді құру мәселесінің Ұлттық орталығының мамандары бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуге шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Егер, сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен

Соңғы кезде «фаст-фуд» өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқай бермейміз. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Мұндай тағамдарды жасау үшін көбіне май қышқылындағы трансизомерді көбейтетін қатты марга­ринді қолданады. Сондықтан бұл та­­ғам­­дардың құрамында дәрумендер бол­майды, есесіне қоректік қуаты (калориясы) жоғары. Құрамындағы белгілі бір мөлшер сақталмағандықтан, «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып келеді. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады (1-кесте).

 

Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәт­ті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан ко­ланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады

екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді.

Адам организімінне өте зиянды фастфуд тағамдары туралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен  қатар қуырылған түрде фастфуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.Түрлі елдердегі медециналық зерттеулердің нәтижесі фастфуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны   құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты  жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді.Фастфуд өнімдерінен целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне , ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Фастфуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін.

Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ  күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан...» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!

Гастроэнтолог дәрігерлердің есебінше жыл басынан бері асқазан,ішек ауруларымен 120-дан астам адам келіп түскен. Тез тамақтанудың кесірінен  ас қорыту жолдары қиындайды.Фаст фудқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.

 

 

ІІ.  Зерттеу жұмыстарының нәтижелері

2.1. Зерттеу әдісі мен обьектісі.

 

Зерттеу объектісі: Алматыдағы "KFC - Ростикс" фаст фудтар желісі

(ТРК « Maxima»)

 

 

Алматы қаласында қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған KFC - Ростикс" фаст фудтар желісінің төменде келтірілген пунктары бар:

1.      ТРЦ «Мега центр Алматы».

2.      Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында.

3.      ТРК « ADK»

4.      ТРК « Maxima»

5.      ТРК « Прайм - плаза»

6.      ТРК «Silk Way Sity»

7.      ТРК «Silk Way Пассаж»

8.      ТРК «Спутник»

9.      ТРК «Аport Almaty»

10. Алматы әуежайы

11. «Cinema Towers » кинотеатрлар желісінде

12. «Kino Park» кинотеатрлар желісінде

 

 

 

 

Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен?

 

 

Зерттеу әдісі: Сауалнама

 

Семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өте аласыз ба?

Бірінші орында тәт­ті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан ко­ланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады

екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді.

№8 Қалалық емхана, Жумашева М.О.(дәрігер диетолог)

 

 

Жас өспірімдерде фаст фуд тағамдары қандай ауру туғызады?

Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін.

С.Ж.Асфендияров  атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті , доцент Хасенова Гулстан Хасеновна.

Жыл басынан бері асқазан,ішек ауруларымен неше адам шағымданды және ол арруларға фаст фудтың әсері бар ма?

Жыл басынан бері асқазан,ішек ауруларымен 120-дан астам адам келіп түсті. Тез тамақтанудың кесірінен  ас қорыту жолдары қиындайды.Фаст фудқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түсуде.

№2 балалар емханасы, Қодаспаев А.Т.(гастроэнтолог дәрігері)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Алынған нәтижелер

1-кесте. Ростикс KFC тағамдарының калориялығы

 

Тағам атаулары

Тағам массасы,г

Белок

Май

Углевод

Энергетикалық құндылығы

Тауық

159

18,5

12,8

14,1

245,6

Тауық қанаттары

216

16,6

20,7

15,4

314

Тауықтан дайындалған стрипстер

140

22,3

10,3

15,8

245,1

Сэндвичтер

253

9

17,6

21,3

280

Бургерлер

258

12,8

11

22,6

240

Фри картобы

240

22,3

11,8

15,9

259

Чикен попкорн

100

3,8

15,5

30,1

270

 

 

 

 

Сурет1. Ростикс KFC тағамдарының калориялық гистограммасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте. ТРК « Maxima» орталығындағы Ростикс KFC тағамдарының сатылымы

 

Тағам атаулары

1 күнде

(порция)

1 аптада

1 айда

1 жылда

Тауық

850

5950

25500

310250

Тауық қанаттары

720

5040

21600

262800

Тауықтан дайындалған стрипстер

500

3500

15000

182500

Сэндвичтер

490

3430

14700

178850

Бургерлер

677

4739

20310

247105

Фри картобы

1120

7840

33600

408800

Чикен попкорн

250

1750

7500

91250

Кока кола

1862

13034

55860

679630

: Алматы қаласындағы зауыт - фабрикалардың шығаратын өнімдерінің адам ағзасына әсері