Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу іс әрекетінде танымдық белсенділігін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ ІС ӘРЕКЕТІНДЕ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Оның маңызды жақтарының бірі - мектепалды даярлық балаларының білім беру іс-әрекетіне қолайлы енуіне, оқу қызметін меңгеруіне, белсенділігі мен сенімділігін қалыптастыруға және шығармашылығын танытуына бағыттау.
Елімізде білім беруді дамыту тұжырымдамасында айқындалған негізгі мақсат-мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Осыған орай, мектепалды даярлық балаларының бойында оқу қызметін меңгерту, белсенділігін қалыптастыру, дамытушы ортада баланы ынталандыру басты бағыт болып саналады.
Белсенділікті педагогикалық, психологиялық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлықтағы балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепалды даярлықтың педагогикалық үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер мектепалды даярлық балаларының белсенділігін қалыптастырудың тиімді құралы дамытушы орта екендігін дәлелдеп отыр.
Мектепке дейінгі балалардың сензитивті кезең ретінде танымдық және шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың тұлғалық негізділігін психологтар Л.С.Рубинштейн, Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б., мектепке дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық, танымдық және эмоциялық-еріктік сипаттамаларында белсенділікті А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Н.Н.Поддьяков, А.П.Усова т.б мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, А.Е.Манкеш, Қ.Меңдаяқова, Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, Ж.Рысбекова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б., мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева , К.М.Метербаева, Шолпан Сапарбайқызы т.б., еңбектерінде зерттелінген.
Мектепке дейінгі
балалардың танымдық
Зерттеу тақырыбымызды «Мектеп жасына дейінг балалардың оқу іс әрекетінде танымдық белсенділігін қалыптастыру» деп таңдап алуымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетнде танымдық белсендігін қалыптастырудың теориялық негізін және әдістемесін анықтау
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің ерекшелігін жүйелеу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінде танымдық белсендлігін қалыптастырудың әдістемесін нақтылау.
Салалық түсіндірме сөздігінде белсенділік – 1) психологиялық, философиялық қағида деп көрсетілген. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. 2) күнделікті іс-әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кезедесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиындықты жеңіп шыға алады.
Философиялық сөздікте белсенділік мәні әлемдегі барлық объектілердің және процестердің қажетті жақтарын көрсететін категория ретінде сипатталған. Мән - терең байланыстардың бірігуі немесе қарым-қатынас және ішкі заттардың бірігуі, материалдық жүйенің негізгі ерекшеліктері мен тенденциясын анықтаушы болып табылады.
Белсенділік ұғымын жан-жақты зерттеуде маңызды жұмыстар жасалған, алайда, белсенділікті оқу іс-әрекетіне қатысты қарастырған кезде оған түрліше пікірлер қалыптасқан. Белсенділік түсінігін көп салаларда қолдану әртүрлі талдауға алып келеді. Философиялық және психологиялық көздерде белсенділік категориясы жеке тұлғаның сапасы ретінде қарастырылады. Философиялық әдебиеттерде белсенділік субъектісі, жеке тұлғаның әлеуметтік сапасы, яғни оның қызметіндегі барлық аймақтарда бірдей жағдайда мақсатқа бағыттаушылықты бастамашылдық пен өзбеттілікті қамтамасыз ететіндігімен анықталады.
Педагогикалық энциклопедияда белсенділік түсінігі қоғам өмірінде адамның іскерлік қарым-қатынасынан көрінетін; яғни қоғамның принциптері мен идеалдары анықталған әлеуметтік топтың ролін орындайды.
Психологиялық
сөздікте белсенділік «
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында көрсетілгендей, «белсенділік» ұғымы әр түрлі салада талдауды талап ететін көп жақты құбылыс екендігі белгіленді.
- биологиялық П.К.Анохин;
- психологиялық Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский ;
- әлеуметтік С.Л.Рубинштейн , А.Н.Леонтьев;
- педагогикалық Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Т.И.Шамов.
Белсенділіктің биологиялық негізі: белсенді бастау адамның бойында күш-қуат жиналуының нәтижесі; ол өзін-өзі ретке келтірумен негізделеді. Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін, оған тән тұқымқуалаушылық қасиеті. Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарттарының аралығында туатын қарама-қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана пайда болмай, сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин). Белсенділік бейне белгісін тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштей жинақталған іс-әрекеттің бір түрі болып табылады. Белсенділіктің негізгі көзі сыртқы орта мен ағзада тұратын және өтетін ішкі процестер болып табылады. Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әрі әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.
Психологиялық тұрғыдан белсенділік С.Л.Рубинштейн көзқарасында жалпы психика жөніндегі детерминисттік түсінік берудің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептердің іс-әрекетінде көрініп, сыртқы шарттардың нәтижесі осы ішкі сапаларға тәуелді келеді. Ішкі мен сыртқының қарым-қатынасы өзбеттіліктің және сыртқы әсерге жауап беру белсенділігінің өсуінде көрінетін күрделі шарттардың артуына сай өзгеріп отырады. Адам тұлғалық мәні көрінгенде және белсенді іс-әрекеттің қарым-қатынас иесі болған жағдайда ғана белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады .
Мектепке дейінгі оқыту әдістемелеріне үлес қосқан ғалымдар Е.Н.Водьвозова, П.Ф.Лесгафт, Е.И.Пехеева, Е.А.Флерина олар қоршаған өмірмен таныстыруда мектепке дейінгі оқытумен тығыз байланыстырды.
1950 ж. теорияның негізгі
байланысты экспериментальді
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жүйелі оқыту практика жұмысына кіріспе (1953) жеке әдіскерлердің зерттеулерінде толғандырды.
1960 ж. музыкалық тәрбие
жөнінен әдіскерлер құралды (Метлов,
Ветлугино), ана тілін оқытуда (Соловьева)
негізгі қимыл-қозғалысын
Педагогикалық психологиялық зерттеулерде жасына байланысты білімді меңгеру мүмкіншілігі мектепке дейінгі дидактиканың қорын байытты (А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов).
Қазақстандық психологтар М.Мұқанов [12], Т.Тәжібаев [11], Ә.Алдамұратов [14], Қ.Жарықбаев [13], Х.Т.Шерьязданова [15], М.П.Оспанбаева [101], З.Қ.Орманова [102] т.б. ғалымдар еңбектеріне талдау жасай отырып, мектепалды даярлықта балалардың ақыл-ой белсенділіктері, баланың оқуға құштарлығы, әртүрлі нәрселерді тез түсінуі, кез-келген нәрсені әп-сәтте қабылдап алатыны, олардың мінезі мен ерік- жігерлерін қалыптастыруда педагогтардың үнемі бақылау, мадақтау мен ынталандыру әдістерін оңтайлы қолданып отыруын, төзімділік, табандылық, шешімділік, т.б. қасиеттердің ойын іс-әрекеті үстінде белсенді дамитыны, әрі жетіле түсетіндігі ғылыми- теориялық және әдістемелік тұрғыда дәлелденгендігіне көз жеткіздік.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда белсенділіктің ақыл-ой белсенділігі, интеллектуалды белсенділік және танымдық белсенділік түрлеріне бөліп қарастыруға болады.
Ақыл-ой белсенділігі қарапайым іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап келген іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі жағдайларда ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы зерттеу іс-әрекетіне бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде, интеллектуалды ынталылық түрінде (Д.Б.Богоявленская) көрінетін тұлғалық белсенділік ретінде көрінуі мүмкін.
Ал Н.С.Лейтестің пікірінше, ақыл-ой белсенділігі әрбір кез-келген дені сау балаға тән, бірақ ол әртүрлі деңгейде болады. Н.С.Лейтес өзінің бақылау нәтижелері бойынша «балалық шақтың әр кезеңі – белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді .
Интеллектуалдық белсенділік өзіндік шарттарға сай ой іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі.Бұл терминнің кең өріс алуы, әрі жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. Оның пікірі бойынша, тұлғалық белсенділік интеллектуалды белсенділіктен (алдымен мотивациялық) көрінетін жүйенің біріккен қасиеті болып табылады .
Түрлі педагогикалық-психологиялық негіздерде субьектінің танымдық іс-әрекеті сипатымен байланысты анықталатын ақыл-ой белсенділігінің мынадай деңгейлері анықталды:
- репродуктивті - ақыл-ой белсенділігінің төменгі шегі; деңгей ақыл-ой талабының болмауымен, оның енжарлығы және селқостығымен сипатталады. Мұнда оқушылар танымдық тапсырмаларды тек қана үлгі бойынша орындайды.
- эвристикалық; деңгей жаңа шешімдер әдісін іздеуге дайындығымен, берілген іс-әрекетті жетілдіруге ұмтылуымен сипатталады.
- креативтілік – ақыл-ой белсенділігінің жоғарғы шегі; деңгей себепті байланыстар мен тәуелділікті анықтауға ұмтылатын мақсат қоюдағы талап қоя білумен сипатталады.
Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендендіру мәселесіне байланысты әрбір еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі және оның құрамды белгілері бөлшектеніп, мазмұны мен көлемі анықталады. Таным белсенділігі мәселесі педагогикалық зерттеудің терең негізі екенін атап өту керек. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді зерделеу барысында танымдық белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар екендігін анықтадық:
- адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н.Ф.Добрынин) ;
- таным субьектісінің, ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубинштейн) ;
- адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев) ;
- білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс; (Н.А.Половникова) ;
- субьектінің қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу іс-әрекетінің көрінуі (Л.П.Аристова) ;
- білім алушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина) .
- таным мақсатына жетудегі адамгершілік-еріктік іс-әрекеттерді жиюға ұмтылуы, білім беру сипатына және мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, іс-әрекет сапасы (Т.И.Шамова).
Бала есейген сайын оның өмірі мен дамуында арнайы іс-әрекет, яғни оқу іс-әрекеті маңызды орын алып, үлкен рөл атқарады. Оқу іс-әрекетінің сипаты қандай? Оқу іс-әрекеті – бұл адамзат жинақтаған ғылым мен мәдениетті меңгеруге тікелей бағытталған іс-әрекет. Бұл пәндер айлалы әрекет етуге болатын текшелер ретінде берілмеген. Олардың бәрі абстрактылы, теорияланған. Ғылым және мәдениет пәндері – бұлар ойша әрекет етуге үйренуді қажет ететін ерекше пәндер.
Оқу іс-әрекеті дайын формада берілмеген. Оқу іс-әрекеті қалыптасқан болу керек. Адамның еңбек ете білуге қажеттілігі сияқты бала оқи білуі қажет. Өйткені бала мектепке келген кезде, оқу іс-әрекеті онда әлі болмайды. Төтенше маңызды мәселе дербес оқи алу болып табылады.
Оқу іс-әрекеті дегеніміз не? Әрбір іс-әрекет оның пәні бойынша сипатталады. Оқу іс-әрекетінің пәні жеке ғылымдарға бөлінген білімдердің жалпыланған тәжірибесі болуы ықтимал. Алайда, бала жағынан қандай пәндер өзгеріске ұшырайды? Білімдерді меңгере отырып, бала оларда ештеңені өзі өзгертпейді. Оқу іс-әрекетінде ең алғаш осы әрекетті іске асырушы субъект баланың өзі өзгереді. Ең алғаш, субъектінің өзі - өзін-өзі өзгертуші ретінде көрінеді. Өйткені, оқу іс-әрекеті баланы өзіне қарай бұратын рефлексияны талап ететін, «кім едім», енді «кім болдым» деген бағалауды талап ететін іс-әрекет. Оқу іс-әрекетінде ең бастысы – адамның өзінің-өзіне бұрылуы: өзі үшін ол әрбір күні, әрбір сағатта өзгерген субъектке айналды ма?
Оқу іс-әрекетінің психологиялық жағы баланың түрлі мазмұндағы және түрлі қиындық деңгейіндегі білімдер мен бұл білімдерді пайдалану тәсілдерін меңгеруі болып табылады. Олардың білімдерді меңгеру процесі берілген фактілер мен құбылыстарды, заңдарды есте сақтауларына келіп тірелмейді. «Меңгеру – демек, өзгелердің тәжірибесінің нәтижесін, өз тәжірибесінің көрсеткіштерімен үйлестіру» (И.М.Сеченов, 1947).
Оқу іс-әрекетін іске асыру қандай формада жүзеге асады?
Оқу іс-әрекеті балаға ол бастан берілмеген, оны құру қажет. Алғашқы кезеңде ол тәрбиеші мен баланың біріккен іс-әрекеті формасында іске асады.
Сәбилік жаста заттық іс-әрекетті меңгерумен ұқсас, алдымен барлығы тәрбиешінің қолында болып, тәрбиеші «баланың қолымен әрекет етеді» деуге болады. Оқу іс-әрекеті бұл да заттық іс-әрекет, бірақ оның пәні – теориялық, идеалдық, сондықтан біріккен іс-әрекет қиындау. Осыны іске асыру үшін объектілерді материалдандыру қажет, материалдандырусыз олармен әрекет етуге болмайды (В.В.Давыдов, Н.Г.Салмина). Оқу іс-әрекетін дамыту процесі – бұл мұғалімнен оқушыға оның жекелеген бөлімшелерін беру.
Іс-әрекет бастапқыда оған қатысушылардың арасында бөліне отырып, алдымен белсенділіктің қалыптасуы үшін негіз болады. Содан соң жаңа психикалық функциялардың өмір сүру формасына айналады. Л.С.Выготский бойынша, жоғары психикалық функциялар біріккен іс-әрекеттен, ұжымдық өзара қатынастан және өзара әрекет формасынан туады. Біріккен іс-әрекет қажетті кезең және даралық іс-әрекеттің ішкі механизмі. Іс-әрекетті бөлудегі және әрекет тәсілінің бір-біріне алмасудағы өзара қатынас индивид белсенділігі дамуының психологиялық негізін құрып, оның қозғаушы күші болып табылады. Бірақ, бұл біріккен іс-әрекет «бала - мұғалім», «бала - бала» қатынасы бөлінген жерде қалай құрылады? Оқу іс-әрекетінің даму барысында балалардың серіктестігі мен өзара әрекеттестігінің қандай маңызы бар?
Тек қана өзімен тең балалардың пікірін бөлісудің арқасында – алдымен өзге балалардың, кейінірек, баланың есеюімен байланысты, ересектердің пікірін бөлісудің арқасында, шынайы логика мен адамгершіліктік эгоизмді (жеке басын күйіттейшілікті) алмастыра алады.
Оқу әрекеті тек білім алумен шектелмейді. Оған ептілік пен дағдылану да керек. Мектеп жасына дейінгі балаларда оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар, баланың оқуға белсенділігі әр сабақтарда әртүрлі.
Оқу ойынға қарағанда
қиын болғандықтан, балалардың кейбіреулерінің
оқуға ықыласы болып жарымайды.
Оларды үгіттеу арқылы оқуға
тарту қиын. Сондықтан оқуға деген
ықыласты тудыру үшін
Бақылау әрекеті. Оқу іс-әрекетінің келесі компоненті – бақылау. Алғашқыда балалардың оқу қызметін мұғалім бақылайды. Біртіндеп, бұған кейде өздері стихиялы түрде үйреніп, кейде мұғалімнің жетекшілігімен өздері бақылай бастайды. Өзін-өзі бақылаусыз оқу әрекетін толық, терең түсіну мүмкін емес, сондықтан бақылауға үйрету – маңызды және күрделі педагогикалық міндет. Жұмыстың соңғы нәтижесін ғана бақылау жеткіліксіз. Баланы операцияның орындалуының толықтығы мен дұрыстығын бақылай білуге де үйрету керек. Баланы өзінің жұмысының барысын бақылауға үйрету - демек, зейін сияқты психикалық функцияның қалыптасуына мүмкіндік жасау деген сөз.
Бағалау – оқу әрекеті құрылымының соңғы компоненті. Бала өз жұмысын бақылап қана қоймай, оны дұрыс бағалай білуге үйренуі керек. Мұнда тапсырманың қаншалықты дұрыс және сапалы орындалғанын бағалап қана қоймай, өз әрекетін бағалау керек – міндетті шешу тәсілін меңгерді ме, қандай операцияларға жаттықпады. Бұл, әрине, бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Өйткені олар мектепке келгенде өзін-өзі бағалаулары жоғары болады.
Атап өтетін жайт, оқу әрекетін қалыптастыру, сауатты оқытуды құрастыруды – ұзақ процес. Мектепке дейінгі кезеңде оқу әрекетінің алғышарттары құралады, олардың жеке элементтері қалыптасады. Кіші топтағы балалардың сабақта өзіндік әрекеттерін мақсат қабілеттілігін қалыптастыру (2 жастан 3 жасқа дейінгі кезең) әр түрлі әрекет тәсілдерін оқытуға үйрету (3 жастан 4 жасқа дейінгі) бағытталғандығы табылады. Педагог балаларға түсіндіргенде тыңдауға үйретеді, тапсырманы орындауға, бір-біріне кедергі келтірмей, сабақтың мазмұнына деген қызығушылығын сүйемелдеу, белсенділігін, талпынысын туғызуға жағдай жасау, осыдан оқу әрекетінің ұзақ дамуы болады.
Ересек топтағы балаларда оқу әрекетінің мынандай элементтері қалыптасады:
- Ендігі мақсат әрекетті анықтау іліктілігі және оның жетістіктердің тәсілдері, нәтижесіне жету;
- өзін-өзі бақылау, алынған нәтижеден салыстырмалы мазмұнымен, үлгісінде байқалады;
- Аралық нәтижені алу процесінде әрекет ізімен жүзеге асыру біліктілігі;
- әрекетті жоспарлау біліктілігі, оның нәтижесіне бағыт көрсету.
А.П.Усованың зерттеуінде баланың оқу әрекетін дамытуға тәрбиешінің тыңдау, тыңдай алу біліктілігін қалыптастыру қажет. Оқыту тапсырмаларын орындауда, оның құрылымдарымен ұласуы тиіс оқу әрекетінде ең басты көрсеткіш Усованың бала бағаға деген қатынасы педагогтың жанынан деп есептеді. Егер бала жағымды және жағымсыз бағаларды оқу тапсырмаларын орындауда реттемесе, онда өзінің білімін шыңдай түсуіне талпыныс (қатені түзету, тәжірибесін толықтыру) бұл оның мүмкіндігін төмендетеді.
Оқу әрекетінің сәтті қалыптасуына байланысты қандай мотивтері оянады? Егер бала оқығысы келмесе, оны үйретудің қажеті жоқ. Балардың сыртқы әрекеті сабақта ұқсас болуы мүмкін, ал ішкі психологиясы ол тіпті әр түрлі сыртқы мотивтері жиі сабақты меңгеруімен байланыссыз. Балаға математика қызық емес, бірақ педагогтың ойынан шығу үшін сабақта тапсырманы орындауға тырысады. Балабақшада бала педагогы жиі ұрыспау үшін мынадай сөздер қолданады: «осылай жасау керек», «осылай айтылған» т.б. Ішкі мотив балалардың танымдық қызығушылығын тіпті балалық кезеңнің өзінде; мазмұны күрделенеді, формасы өзгереді, өсіп келе жатқан адамның әрекеті, есту қабілеті әртүрлі болады.
Танымдық белсенділік – қабылдау және ойлау процесінде жүзеге асырылады. Қабылдаудың (көмегімен) сыртқы орта қасиеттерінің жиынтығы (түс, көлем, форма және тағы басқа). Осы құбылыс мида жүзеге асырылады. Ойлау – ішкі және жасырын түрде болатын құралдар мен құбылыстардың байланысы (себеп, уақыт, мөлшері, т.б.). Ойлау сөйлеудің негізінде жүзеге асырылатын процесс. Мысалы: 4 жастағы Арман терезеге жақындады: «Түнде жаңбыр жауды, сондықтан шалшықтар көп».
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы тұтас және кешенді сипатта болды, ал негізгі идея – іс-әрекет субъектісі ретінде балалардың белсенділігінің қалыптасуы - барлық кезеңдерді байланыстырады.
Мектепалды даярлықта балалардың белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау тестілер көмегімен жүргізілді. Бұл тесттің мақсаты - балалардың көрнекі- ойлау формаларын, салыстыру қабілеттілігін, зейінділігін және жекелей жұмыс жасау даярлығын, анықтауға мүмкіндік берді. Перцептивтік құрастырудың қалыптасу деңгейін анықтау үшін «Коос кубиктері» әдістемесін таңдап алдық.
«Коос кубиктері» әдістемесі.
Мақсаты: көрнекі-бейнелі ойлау формаларын зерттеу. Перцептивтік құрастырудың қалыптасу деңгейін анықтау.
Жүру барысы: Балаға күрделігі өсу ретімен бір-бірлеп сызық суретін көрсетіп, арнайы жақтары түрлі-түсті боялған кубиктер жинағы беріледі. Бала осы суретке қарап, кубиктерді нұсқасы бойынша құрастырады.
Қалыпты орындалу деңгейі: 5 – 6 жастағы балалар тапсырманы көріп салыстыру арқылы төрт кубиктермен орындады.
Коос әдістемесін жүргізу кезінде балаларға фигураның бөлшектерін және кескіндерін сызықпен көрсету, суретті бөліктерге бөліп, әр бөлшекке талдау жасау сияқты көмек көрсетілді.
Нәтижелерді өңдеу: 6 суреттердің әрқайсысын кубиктермен құрастыруға 30 секунд уақыт беріледі.
5 – 6 сурет құрастырылса - жоғары деңгей;
3 – 4 сурет - орташа деңгей;
1 - 2 сурет - төменгі деңгей.
«Коос кубиктері» әдістемесі бойынша зерттеу төмендегіше өткізілді: зерттелушіге күрделігі өсу ретімен бір-бірлеп сызық суретін көрсетіп, арнайы жақтары түрлі-түсті боялған кубиктер жинағы берілді. Зерттелуші осы суретке қарап, кубиктерді нұсқасы бойынша құрастырады. Тапсырманы көріп салыстыру арқылы төрт кубиктермен орындады. Әдістемесін жүргізу кезінде балаға фигураның бөлшектерін және кескіндерін сызықпен көрсету, суретті бөліктерге бөліп, әр бөлшекке талдау жасау сияқты көмек көрсетілді. 6 суреттердің әрқайсысын кубиктермен құрастыруға 30 секунд уақыт берілді. Әдістеме нәтижесін қорытындылай келе жоғары деңгей – 27,2%; орташа деңгей – 33,5%, ал төменгі деңгей – 39,3% құрады.
(Бейнелеу өнері) Сурет. Тақырыбы: Суық және жылы түстер.
Сабақтың мақсаты: Балаларды "суық" және "жылы" түстермен таныстыру. Түстердің реңктерін сезінуді дамыту. Әрбір түстің өзіндік сипаты, ерекшелігі және көңіл күйге де байланысты пайдаланатынын түсіндіру.
Қажетті құралдар: акварель бояу, қылқалам, палитра, қағаз, су, сүлгі, қылқалам қоятын түғырлар, әліппе-дәптер.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға жылы және суық түстерді пайдаланып салынған суреттерді мұқият қарауды ұсынады.
- Балалар, сендер
қалай ойлайсыңдар, суретші осы
суретте жылы және суық бояу
түстерін қалай қолданған? Қысқы
кешті табиғат көрінісін сары қ
Ойын. "Бір түстің көп реңктерін кім көп құрайды?"
Сиқыршы салған суреттерді балалармен бірге қарау, ол туралы әңгімелету, олардың ертегідегі достарына деген жағымды, қайырымдылық сезімдерін ояту. Суреттерді өз еріктерімен бояуды ұсынады, бірақ алдын-ала шарт қойылады: сендердің салған суреттеріңді көрген адамдар олардың ең сүйікті, мейірімді сиқыршы екенін немесе ашулы, мейірімсіз сиқыршы екенін (колдун) бірден білетіндей болсын. Мұндай айырмашылықтарды беру үшін сендерге бояу түстері көмекке келетінін ұмытпаңдар, қандай түспен оны бейнелеуге болатынын ойланыңдар.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балаларға бояу түстерін қалай болса, солай қолдануға болмайтынын, түс арқылы салынатын кейіпкердің мінез-құлқы, сипаты ашылатыны түсіндіріліп, түстерді таңдап пайдалануға бағыт беріледі.
Балалар жұмыстарын талдау.
«Заттарды топта» ойыны
Мақсаты: суреттегі заттарды топтату арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: суреттерге қарап, заттарды топқа бөлу және олардың жалпы атауларын атау.
(Айналамен таныстыру) Тақырыбы: Табиғат сыйы
Мақсаты:Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру: күн мен түннің ұзақтығы, ауаның температурасының өзгеруі, жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі.
Сабаққа дайындық: Кептірілген жемістер, тұқымдар, өсімдіктер, теңіз бақалшақтары, т.б.
Сабақтың барысы: Жақын жердегі саябаққа, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру (бұтақтар, жемістер, тұқымдар, жапырақтар т.б. жинау). Тәрбиеші Т.Молдағалиевтің «Жапырақтар» атты өлеңін балаларға оқып, табиғат құбылыстарымен салыстыра отырып, түсіндіреді. Балаларға табиғи материалдарды: бұталар мен оның жапырақтарын, жемістерін жинауды тапсырады. Саяхат барысында балалардың назарын күзгі жапырақтардың алуан түрлі түстеріне, пішініне, ауаның температурасына, күн мен түннің ұзақтығына аударады. Балалар жинаған табиғи материалдарын жан жақты қарастыра отырып, одан табиғаттың әдемі көріністерінің композициясын жасауды ұсынады.
Жалпы композиция құруда тәрбиеші, балалардың көңілін түстердің, пішіндердің бір бірімен сәйкес келуіне аударады.
Әліппе дәптермен жұмыс: «Сары алтындар» (Т.Ғалиев) өлеңді оқып, табиғатпен байланыстырып түсіндіреді. Тапсырма а) кептірілген түрлі түсті жапырақтардан «Күзгі орман» композициясын жасау, ә) кептірілген дәндерден алқа жасау. Сабақ соңында балалар мынадай дағдыларды меңгеруі керек: өсімдіктерді орынсыз ысырап етпеу, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарау.

- Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы
- Мектепке дейінгі мекемелерде салауатты өмір салтын дамыту
- Мелекеттің кірістері мен шығыстары
- Мелиоративное земледелие
- Мелиорация земель
- Мелиорация рыбоводных прудов (понятие, виды мелиорации, аэрация воды, борьба с водной растительностью и летование прудов
- Мелиорация сельскохозяйственных земель
- Мезолит Сибири
- Мейнфреймы
- Мейоз и его генетическая специфика
- Мейоз и его генетическая сущность
- Мейоз и его генетическая сущность
- Мейоз. Особенности первого и второго деления. Биологическое значение мейоза
- Мексиканцы и их культурва