Меншiк құқығының формалары мен түрлерi
Меншiк құқығының формалары мен түрлерi
ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк құқығы формалары сәйкес келедi. Өз кезегiнде формалар да түрлерге бөлiнедi. Форма мешлiктiң арналған мақсаты мен әлеуметтiк бағыттылығына қарай оның салалық ерекшелiгін бейнелейдi, ал түр - меншiк формалары iшiндегi субъективтiк айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншiк құқығының субъектісi бола алады. Азаматтық әрекет қабiлетi шектеулi болған немесе, тiптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесiн заң немесе шарт бойынша өкiл қорғайд. Мемлекеттiң меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi сол - оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе мемлекеттiк заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда - мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.
Конститутцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншiк формасы ретiнде жеке (191-бап) және мемлекеттiк (192-бап) меншiктi бөлiп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлiкке қарағанда, топтастыру кезiнде “форма” терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебi “форма” жене “түр” ұғымдары өз мәндерi жағынан көп мағыналы және меншiк құқығына қатысты қолдануға онша келмейдi. Бұл ұстаным дұрыс та шығар, дегенмен, бұл мәселеге қатысты екi көзқараст атап өткен жөн. Бiрiншiсi бойынша меншiк құқығы бiр тұтас және бiртектi. Ол нарқтық экономиканың жалпы ережесiне бағындырылған. Бiрақ мемлекеттiк меншiк құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншiк құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулi ауқымда болады. Яғни, жеке мешнiк түрлiк емес, меншiк ұғымына келетiн тектiк ұғым.
Екiншi көзқараста меншік құқығы тектiк ұғым, ал жеке және мемлекеттiк меншiк құқығы - түрлiк ұғым. Мүлiктің жеке және мемлекеттiк меншiк үшiн заңнамада белгiленген әртүрлi құқықтық режимi оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясың айрықша сипатынан туындайды және субъектісінің ерекшелiгiне байланысты.
Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардығы сияқты мемлекет өкiлдерi қатысатын қатынастарда абстрактілі субъектiлердiң - Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөлiністердiң бар екендiгі ескерiледi. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берiлген тұлғалар - заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесi берiлген мемлекеттiк органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттiк мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлекет немесе әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiс атынан мүдде қорғайтыннын бiлген дұрыс. Қай жағдайда болса да мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық белiнiстiң мемлекеттiк заңды тұлға балансында бекітiлмеген мемлекеттiк мүлiкке тiкелей билiк жасайтынын ескеру керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттiк меншiкке құқықтың мемлекеттiк заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен мекемелер) өздерiнің шаруашылық жүргiзуiндегi немесе оралымды басқаруындағы мүлiкке қатысты жүзеге асырады.
АК-ның 191-бабында жеке меншiктiң екi түрi белгiленген, олар - азаматтар меншiгi және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi. Өз кезегiнде АК-ның 192-бабы мемлекеттiк меншiктiң екi түрiн белгiлейдi, олар - республикалық және коммуналдық меншiктер. Қазақстан Реслубликасына қарағанда Ресей Федератицясында муниципалдық (коммунналдық) меншiк мемлекеттiк болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кiрмейдi.
Мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлiкке деген меншiк құқығы осы мүлiк турған елдiң құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, Қазақстан Реслубликасының аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы туралы заңнама қолданылады.
Меншік құқығы
Меншiк құқығы
дегенiмiз субъектiнiң заң
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады
Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Азамат өлген жағдайда оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді.
Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді.
Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады.
Мүлік иегерінің қалауынсыз, иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АК)
Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.
Жеке тұлғаның:
айырбастау келісім-шарты
сыйға тарту келісім-шарты
өмірінің соңына дейін бағу шартымен мүлікті меншіктен шығару келісім-шарты
тегін беру келісім-шарты
неке келісім-шарты
(заң бойынша) мұра бойынша
жекешелендіру келісім-шарты
заңды күші бар сот актілері
мүшенің пай жарнасы соммасын толық салғаны туралы үй-құрылысты кооперативінің анықтамасы
тегін беру туралы келісім-шарты
реквизиция немесе бұзу барысында өтемақы түрінде мүлікті беру келісім-шарты
соғылған обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті
тіркеу куәлігі
жарғылық капиталынан үлесті бөлі есебіне мүлікті беру туралы заңды тұлғаның шешімі
атқарушы органдардың құқықтық актілері
Заңды тұлғаның:
сатып алу – сату келісім-шарты;
айырбастау келісім-шарты;
тегін беру келісім-шарты;
келісім – шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын мүлікті беру;
реквизиция немесе бұзу барысында өтемақы түрінде мүлікті беру келісім-шарты
бөлінетін баланс немесе беру актісі;
өз күшіне енген сот актілері;
соғылған обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті;
жарғылық капиталына жылжымайтын мүлікті салу туралы шешім (құрылтайшы келісім-шарты, басқосу хаттамасы);
мүлікті заңды тұлға балансына беру туралы шешім;
атқарушы органдарының құқықтық актілері
Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған көшірмесі) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу кезінде, құқықты орнатушы құжаттан басқа жер учаскесіне жеке меншік құқығына актісін беру тиіс.
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы
N 2335 Заңы
1-Тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар
1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;
2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:
1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;
2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.
3. Басқа мемлекеттiк
кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын
еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.
4. (алып тасталды)
5. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi құратын
кәсiпорындар Республикалық
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу
және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен
белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып,
осы Заңмен белгiленедi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11
N 154, 2004.06.11 N 561 Заңдарымен.
2-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты
1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:
1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;
2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.
2. Республикалық
мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың
атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы
органдар бекiтедi.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
1995.12.23 N 2722 заң күшi бар
жарлығымен, 2001.05.04
N 185, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.
3-бап.
Мемлекеттiк кәсiпорындарға
қатысты мемлекеттiк
басқару және мемлекеттiк
меншiк құқығын жүзеге
асыру
1. Республикалық
мемлекеттiк кәсiпорындарға
Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар
және Қазақстан Республикасының Yкiметi
уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк
органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары
(бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органдары)
болып табылады.
2. Коммуналдық
меншiк құқығы субъектiсiнiң
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты
не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган
(бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органы)
коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды
мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
1995.12.23 N 2722 заң күшi бар
жарлығымен, ҚР 1997.07.11
N 154, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.
4-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды құру
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.
2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.
3. Шаруашылық
жүргiзу құқығындағы
Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол
өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның
32-бабында айтылған талаптарға сай келген
жағдайда жол берiледi.
4. Қызметiн Қазақстан
Республикасының аумағында жүзеге асыратын
мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес құру
монополияға қарсы органның алдын ала
келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11
N 154, 2002.05.21 N 323, 2008.12.25
N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
5-бап.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды
тiркеу және
қайта тiркеу
1. Мемлекеттiк
кәсiпорын өзi мемлекеттiк тiркеуден
өткен кезден бастап құрылған
деп саналады және заңды тұлғаның
құқығына ие болады.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу заңды
тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген
тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайда мемлекеттiк кәсiпорын қайта тiркеуге жатқызылады.
6-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысы
1. Жарғы мемлекеттiк
кәсiпорынның құрылтайшы құжаты
болып табылады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын мемлекеттiк
басқару органының ұсынуы бойынша оның
құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi.
2. Мемлекеттiк
кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның
түрi, оның фирмалық атауы,
Ескерту. 6-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21
N 323 Заңымен.
7-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауы
1. Мемлекеттiк кәсiпорынның
фирмалық атауында мүлiк иесi мемлекеттiк
меншiктiң қай түрiне (республикалық немесе
коммуналдық) жататыны және ведомстволық
бағыныстылығы көрсетiлуi керек.
Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның
фирмалық атауында оның қазыналық болып
табылатындығы көрсетiлуi тиiс.
2. Мемлекеттiк
кәсiпорынның Қазақстан
8-бап.
Мемлекеттiк кәсiпорын
қызметiнiң мәнi мен
мақсаты
1. Мемлекеттiк
кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен
мақсатын, мемлекеттiк басқару органының
ұсынуы бойынша, оның
Мемлекеттiк кәсiпорындарға мемлекеттiк
бақылау және қадағалау функцияларын
беруге жол берiлмейдi.
2. Мемлекеттiк кәсiпорынға өз Жарғысында көрсетiлген қызметiнiң нысанасы мен мақсатына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмiлелердi жасауына тыйым салынады.
3. Кәсiпорынның
жарғысында айқындалған,
Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде
жарғыдан тыс iс-әрекет жасауы еңбек мiндеттерiн
бұзған болып табылады және белгiленген
ретпен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту
шараларын қолдануға апарып соғады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 1999.10.04
N 469, 2001.05.04 N 185, 2002.05.21
N 323 Заңымен.
9-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды басқару
1. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының мыналарға:
1) мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға;
2) мемлекеттiк
кәсiпорынның қаржы-шаруашылық
3) уәкiлеттi органға тиiстi есептi ол белгiлеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға; V032250
4) Қазақстан
Республикасының Президентi
5) мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
6) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкiлеттiктерi болады.
2. Заңды тұлға ретiнде кәсiпорынның органы мемлекеттiк басқару органына есеп беретiн кәсiпорынның басшысы болып табылады.
3. Мемлекеттiк басқару
органы кәсiпорынның басшысымен қатынасты
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына
сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресiмдейдi.
Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасында белгiленген талаптардан
басқа, кәсiпорын басшысының таза табыстың
белгiленген бөлiгiн бюджетке уақтылы аудармағаны
және қаржы-шаруашылық есептiлiгi туралы
мәлiметтердi уақтылы табыс етпегенi үшiн
жауапкершiлiгi айқындалады.
4. Кәсiпорын
басшысы меншiк иесiнiң (
5. Кәсiпорын
басшысы жеке дара басшылық
жасау принциптерi бойынша iс-қимыл
жасайды және кәсiпорынның
6. Басшы кәсiпорын
атынан сенiмхатсыз iс-қимыл
7. Басшы өз
құзыретi шегiнде және еңбек заңдарына
сәйкес қызметкердi кәсiпорынға жұмысқа
қабылдайды және онымен еңбек шартын бұзады,
көтермелеу шараларын қолданады және
оларды жазаға тартады.
Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк
басқару органы лауазымға тағайындайтын
немесе лауазымнан босататын кәсiпорын
қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорынның
жарғысында белгiленедi.
8. Басшының орынбасарларын
кәсiпорын басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк
басқару органы қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады.
Басшының орынбасарларының және кәсiпорынның
басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн
басшы белгiлейдi.
Басшының орынбасарлары өздерiнiң құзыретi
шегiнде кәсiпорынның атынан iс-қимыл жасайды,
оны мемлекеттiк органдарға және басқа
кәсiпорындарға танытып бiлдiредi, шаруашылық
операцияларын және сенiмхатсыз шарттар
жасап, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерiне
сенiмхат бере алады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21
N 323, 2004.06.11 N 561, 2006.07.04
N 150, 2007.05.15 N 253 Заңдарымен.
10-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi
1. Кәсiпорынның мүлкiн құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлетiн кәсiпорынның барлық активтерi құрайды.
2. Мемлекеттiк
кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және
оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша,
соның iшiнде кәсiпорын
3. Мемлекеттiк кәсiпорынның
мүлкi:
1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң
2) өз қызметiнiң
нәтижесiнде сатып алынған
3) заңдармен
тыйым салынбаған өзге де
4. Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ оларға тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.
5. Шаруашылық
жүргiзу немесе жедел басқару
құқығындағы мүлiктi алып қою туралы
шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттiк
кәсiпорынға кейiннен мүлiктi баланстан
шығара отырып, оны өзге тұлғаға
бергенге дейiн ұстаудың және сақталуын
қамтамасыз етудiң мерзiмдерiн белгiлеуге
құқылы.
Ескерту. 10-бапқа өзгертулер
енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21
N 323, 2007.02.28 N 235 (қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңдарымен.
11-бап.
Мемлекеттiк меншiк түрi
не ведомстволық
бағыныстылығы ауысқан
кезде кәсiпорынның
мүлiктiк құқықтарының
сақтаулы
Заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорынды республикалық иелiктен коммуналдық иелiкке бергенде немесе керiсiнше iстегенде, не мемлекеттiк басқарудың бiр органының бағынысынан басқа бiр органның бағынысына берген кезде ондай кәсiпорын өзiне тиiстi мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығын (жедел басқару құқығын) сақтап қалады.
12-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын
1. Мемлекеттiк кәсiпорын тұтас алғанда мүлiк кешенi ретiнде жылжымайтын мүлiк болып танылады және мемлекеттiк меншiк құқығының объектiсi болып табылады.
2. Мүлiктiк меншiк ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, оның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқығы, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атауы, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтар енедi.
3. Республикалық
мемлекеттiк кәсiпорын жөнiнде ол бiртұтас
мүлiктiк кешен ретiнде болғанда мәмiлелер
(кепiлге беру, жалдау және басқалары) жасауы
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi
бойынша, ал коммуналдық кәсiпорын жөнiнде
- жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша
жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21
N 323 Заңымен.
13-бап. Мемлекеттiң тапсырысы
1. Мемлекеттiк кәсiпорын
үшiн мемлекеттiң тапсырысын орындау мiндеттi
болып табылады.
Егер бұл шарттар мемлекеттiң тапсырысында
көзделген болса, кәсiпорынның тауарларды
(жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi)
сатып алушы немесе сатушы ретiнде шарттар
жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.
2. Мемлекеттiң
тапсырысы, Қазақстан
3. Мемлекеттiң тапсырысында
қамтылмаған өнiмдердi (жұмыстар атқаруды,
қызметтер көрсетудi) кәсiпорын өз бетiмен
сатады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21.
N 323, 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05
бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
14-бап. Заңсыз келген табыстарды кәсiпорыннан алып қою
Заңдарда тыйым
салынған, оның жарғысында көзделмеген,
қызметтi жүзеге асырудан кәсiпорынға
түскен табыс, сондай-ақ сатылатын тауарлардың
(жұмыстар атқарудың, қызметтер көрсетудiң)
бағасын көтеру нәтижесiнде түскен табыс
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен республикалық немесе
жергiлiктi бюджетке алып қойылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21
N 323 Заңымен.
15-бап.
Мемлекеттiк органдардың
заңсыз iс-әрекеттерiне
кәсiпорынның шағым
жасауы
Кәсiпорын мемлекеттiк органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне, оған қоса ол уәкiлдi органның кәсiпорын пайдасын алып қоюға, мүлiктi қайта бөлуге, мемлекеттiң тапсырысын беруге, кәсiпорын шығаратын тауарларға (жұмыстар атқаруға, қызметтер көрсетуге) баға қоюға байланысты жасаған, сондай-ақ кәсiпорынның құқығы бұзылатын басқадай iс-әрекеттерiне белгiленген тәртiп бойынша сотқа шағым жасауға құқылы.
16-бап.
Мемлекеттiк кәсiпорынды
қайта ұйымдастыру
және тарату
1. Республикалық
мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық кәсiпорын
- жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен
қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Кәсiпорын азаматтық заңдарда көзделген
басқа негiздемелер бойынша да таратылуы
мүмкiн.
Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және таратуды,
егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органның
келiсiмi бойынша мемлекеттiк басқару органы
жүзеге асырады.

- Меншік құқығы
- Меню-раскладки
- Меню текстового процессора MS Word, назначение основных команд
- Мера наказания
- Мера наказания лицам, обвиненным в контрреволюционных преступлениях, преступлениях против личности и имущества в Советском государстве в
- Мера наказания по Салической правде
- Мера пресечения заключения под стражу
- Менталитет и его роль в культуре
- Менталитет и идеология в процессе социальной трансформации общества. Понятие менталитета и его роль в идеологическом процессе
- Менталитет и этикет в России и Америке
- Менталитет и этикет в России и Америке
- Менталитет русского народа
- Менталитет русской культуры
- Ментальность как стержень культуры (на примерах античной, средневековой, культуры Нового времени)